Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Жайсаңбай селосы тұрғындарының конференциясы хаттамасына сәйкес Жайсаңбай селолық округінің әкіміШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жайсаңбай селолық округінің Жайсаңбай селосының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
Өтебай Қанахин көшесі;
Жұмахмет Шалтақбаев көшесі;
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Ғ.Байтақовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайсаңбай селолық
округінің әкімі: Е.СЕРМАҒАНБЕТОВ