Ырғыз селосының көшесіне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 94 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 желтоқсанда № 3-5-149 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және халқының пікірін ескере отырып, Ырғыз селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ырғыз селолық округінің атаусыз көшесіне - Есболғанов Жақсылық есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз селолық
     округінің әкімі                        Н. ҚЫЗБЕРГЕНОВ