Ырғыз селолық округі Ақши селосының көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селолық округінің әкімінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 23 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 мамырда № 3-5-130 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 баптарына және Ырғыз селолық округі Ақши селосы тұрғындарының 2011 жылғы 10 қаңтардағы хаттамасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ырғыз селолық округі Ақши селосының көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін.
      1) Жолболсын Шайқақов көшесі;
      2) Зейнолла Ермағанбетов көшесі;
      3) Астананың 10 жылдығы көшесі;
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз селолық
      округінің әкімі:                      Н.ҚЫЗБЕРГЕНОВ