Тәуіп селолық округінің Құйлыс, Қаракөл селоларының көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп селолық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 шілдеде № 3-5-136 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және Құйлыс, Қаракөл селолары тұрғындарының 2011 жылғы 15 маусымдағы жиналыстарының № 4, № 5 хаттамаларына сәйкес Тәуіп селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Тәуіп селолық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
      1) Құйлыс селосының көшелеріне:
      Нұртұяқ Жаманшин көшесі;
      Шаяхмет Асатов көшесі;
      Өтебай Қанахин көшесі;
      Әйтеке би көшесі;
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі;
      Ырғыз көшесі.

      2) Қаракөл селосының көшелеріне:
      Бейбітшілік көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Қаражановаға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тәуіп селолық
     округінің әкімі                       К.ТІЛЕУЖАНОВ