Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 92 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 мамырда № 3-5-133 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі 1 қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі және әлеуметтік жұмыс орындарының саны 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. «Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңда белгіленген тәртіпте әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
      4. «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 88 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 31 мамырда № 3-5-117 номерімен тіркелген, 2010 жылғы 15 маусымдағы № 32 «Ырғыз» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                 М.ДУАНБЕКОВ

Аудан әкiмдiгiнiң
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 92 қаулысына 1 қосымша

Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын
жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi

      1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлер төмендегi талаптарға сай болуы керек:
      1) жұмыс берушiлердiң салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдiк қабiлеттiлiгi бар болуы;
      2) нысаналы топтар үшiн әдейi арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкiндiгi бар болуы;
      3) әлеуметтiк жұмыс орындарды ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.

      2. Жасалған шарттың негiзiнде жұмыс берушi нысаналы топтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарды құрады.

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 92 қаулысына 2 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын
шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің тізбесі

Рет саны

Шаруа қожалықтары мен
жеке кәсіпкерлердің аталуы

адам саны

1

«Сер-МАҚ» шаруа қожалығы

2

2

«Құмкөл» шаруа қожалығы

3

3

«Мирас» шаруа қожалығы

3

4

«Әл-Фараби» шаруа қожалығы

3

5

Жеке кәсіпкер «Қосаяқов Б»

3

6

Жеке кәсіпкер «Баймурзина А.С»

1


БАРЛЫҒЫ: 15