Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық» деген сөздер тиісінше «ауылдық» деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабын 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4 тармақшасына ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1.
Қопа ауылдық округінің құрамындағы бөліктеріне (қыстақтарға) келесі атаулары берілсін;
1) Қызылсай
2) Шолақсай
3) Байтілеу
4) Ақмола
5) Сарбас
6) № 239 разъезд
7) Егіндісай
8) Қоңырсай – 1
9) Қоңырсай – 2
10) Ақкүб
11) Шибұлақ
12) Ебейті
13) Нүркебай
14) Терекбай
15) Ұшбұлақ
16) Қарлыкемер
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3.
Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қопа ауылдық округінің әкімі м.а. |
Т.Муханов |