Қопа ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа селолық округі әкімінің 2011 жылғы 25 қазандағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 қарашада № 3-4-132 тіркелді

Жаңартылған

     Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «елді мекені» деген сөздер тиісінше «ауылдық», «ауылы» деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылдық округі әкімінің 25.11.2014 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабын 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14- бабы 4 тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қопа ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қопа ауылдық көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      Ебейті селосына:
      1) 1 май
      2) 8 март
      3) Жеңіс
      4) Бостандық
      5) Еңбекші
      6) Желтоқсан
      7) Қазақстан
      8) Бейбітшілік
      9) Тәуелсіздік
      10) Жағалау
      2. Қопа ауылы:
      1) Ақтан
      3. Көптоғай ауылы
      1) Көптоғай
      4. Айрық ауылы
      1) Айрық
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қопа ауылдық округі әкімінің м.а.

Т.Муханов