Белгілі санаттардағы тұлғалар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 102 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 мамырда № 3-4-114 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-5)5-6) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгілі санаттардағы (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғалар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 0,3 пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Белгілі санаттардағы (бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмаған) тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету және оларды тіркелген мекен- жайына қарай жұмысқа орналастыруға ықпал ету селолық (ауылдық) округ әкімдеріне жүктелсін.
      3. Осы қаулыдан туындайтын іс-шараларды ұйымдастыру «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы Ш.Спановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманғосқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.    

      Аудан әкімі:                                Б. Кемешов