Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып, Комсомол селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Комсомол селосының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
1) «Жалаңтөс Баһадүр»
2) «Телжан Шонанұлы»
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Комсомол селолық округінің әкімінің орынбасары О.Б.Ертаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Комсомол селолық округінің әкімі М Аяғанұлы