Әйке селолық округінің көшелеріне атау беру туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 тамыздағы № 14 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 3-2-112 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2-тармағына Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, халқының пікірін ескере отырып, Әйке селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Әйке селолық округінің Әйке селосының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) «Абай»
      2) «Әйке»
      3) «С.Сейфуллин»
      2. Әйке селолық округінің Тереңсай селосының көшелеріне келесі атаулары берілсін:
      1) «Т. Жүргенов»
      2) «Тұрар.Рысқұлов»
      3) «Ы. Алтынсарин»
      4) «Б. Майлин»
      5) «Әбілхайырхан»
      6) «Әліби Жангелдин»
      7) «Ғ. Мұратбаев»
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау село әкімі аппаратының бас маманы Г.З.Туринаға жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйке селолық округі әкімі
      міндетін атқарушы:                     М.С.Алмаганбетов