Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 "Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 966 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 мамырда № 3-1-155 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 968 «Ақтөбе қаласы мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 27 сәуірде № 3-1-132 болып тіркелген, 2010 жылғы 6 мамырдағы № 57-58 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының атауындағы «мүгедектері» сөзі «белгіленген санаттағы тұлғалары» сөзімен ауыстырылсын,
      қаулының кіріспесіндегі:
      «мүгедектерді» сөзі «белгіленген санаттағы тұлғаларды» сөзімен ауыстырылсын;
      «5-2) тармақшасына» саны мен сөзі «5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына» сандары мен сөзіне ауыстырылсын;
      «және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 5 қарашадағы № 326 «Халықты жұмыспен қамтуды көмек көрсету бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес» сөзі алынып тасталсын;
      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «Ақтөбе қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орнының жалпы санынан жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
      мүгедектер үшін 3 % көлемінде;
      бас бостандығынан айыру жерінен босап шыққан тұлғалар және интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін 0,3% көлемінде».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.
      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қала әкімі                                 А.Мұхамбетов