Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Стандартының 11 тармағына сәйкес Бурабай аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бурабай ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) өрт болғанда, отыз бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір жолғы өтемақы;
2) ауданның табысы аз тұрмысы отбасыларынан және ауылдық (селолық) жерде тұратын көпбалалы отбасыларынан шыққан, колледждерде оқитын студенттерге оқуы үшін бір жолғы жылдық төлем мөлшерінде;
3) туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақтануы үшін бір жолғы 5000 (бес мың) теңге көлемінде;
4) мүгедектер мен мүгедек балаларға Қазақстан Республикасының тиісті медициналық мекемелерінде емделуге немесе тексерілуге бару жолақысы жол жүру билеті негізінде төленеді. 18 жасқа дейінгі балалардың және медициналық мекеменің анықтамасы бар мүгедектердің жолға бір көмекші алуға құқығы бар;
5) Мүгедек балаларға «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы күндізгі мерзімге келу кабинеті және «Щучинск қаласының № 6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесіне баруға мүгедек балаларға қала бойынша жолақысын төлеуге тоқсан сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Бурабай аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімідер негізінде Жеңіс күніне арналған бір жолғы ақшалай төлемдер:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 5000 (бес мың) теңге;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 3000 (үш мың) теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне – 3000 (үш мың) теңге;
«Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталғандарға – 3000 (үш мың) теңге;
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік социалистік республикалар одағының ордендері және медальдерімен марапатталғандарға – 3000 (үш мың) теңге;
7) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Бурабай аудандық бөлімшесімен берілген тізімідері негізінде Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға бір жолғы 5000 (бес мың) теңге;
8) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға подгузник алуға ай сайын 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде;
9) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
2. Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізімін осы шешімнің қосымшасына сәйкес анықталсын.
3. Бурабай аудандық мәслихаттың «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-178 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымдағы «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған),
«Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 29 қазандағы № С-28/2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-185 тіркелген, 2010 жылғы 23 желтоқсандағы «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған),
«Бурабай аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 8 сәуірдегі № С-32/3 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-198 тіркелген, 2011 жылғы 28 сәуірдегі «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған),
«Бурабай аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2011 жылғы 7 шілдедегі № С-33/19 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-204 тіркелген, 2011 жылғы 28 шілдедегі «Бурабай» және «Луч» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XXХХ сессиясының хатшысы Г. Прохорова
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі В. Балахонцев
Бурабай аудандық
мәслихаттың
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ С-40/15 шешіміне
қосымша
Әлеметтік көмек алу үшін қажетті
құжаттар тізімі
1. Өрт болғандағы шығынды төлеу:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) өрт болғаны туралы анықтама.
2.Ауданның тұрмысы төмен отбасыларынан және ауылды жерде тұратын көпбалалы отбасыларынан шыққан, колледждерде оқитын студенттерге оқуы үшін:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) оқу орнынан жылдық төлем мөлшері көрсетілген анықтама;
5) оқу шартының көшірмесі;
6) отбасының табыстарын немесе көпбалалы отбасы мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмесі.
3. Туберкулезбен ауыратындарға амбулаториялық емделу кезінде қосымша тамақтануы үшін:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, кәмелетке толмаған балалар үшін – тууы туралы куәлік және әке-шешесінің (асыраушы, қорғаншы) біреуінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) туберкулез диспансерінде амбулаториялық емделуде екендігі туралы медициналық мекеменің анықтамасы.
4. Мүгедектер мен мүгедек балаларға Қазақстан Республикасының тиісті медициналық мекемелерінде емделуге немесе тексерілуге бару жолақысы:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
5) берілген эпикриздің көшірмесі;
6) жол жіру билеті - автобус пен теміржол көлігіне, бірақ купе вагонының құнынан жоғары емес.
5. «Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы күндізгі мерзімге келу кабинеті және «Щучинск қаласының № 6 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» мемлекеттік мекемесіне баруға мүгедек балаларға қала бойынша жолақысын төлеуге:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тууы туралы куәліктің көшірмесі;
4) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі.
6. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға подгузник алу үшін:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігінің көшірмесі;
5) дәрігерлік-сараптамалық комиссиясының анықтамасы.
7. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке жетпеген тұтқындарына:
1) өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) жеңілдіктер алу санатында екендігін растайтын құжаттың көшірмесі.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі қоса ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары құжаттарды тапсырған күні өтініш берушіге қайтарылады.