Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 "Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 7 шілдедегі № С-33/19 шешімі. Ақмола облысы Бурабай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 шілдеде № 1-19-204 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың «Мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек жасау туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № С-25/4 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-178 тіркелген, 2010 жылғы 3 маусымда аудандық «Бурабай» газетінде, 2010 жылғы 3 маусымда аудандық «Луч» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      1 тармақ келесі мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) комиссияның анықтауы бойынша өрт болғанда шығын дәрежесін есепке алумен отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы».
      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      XXХIII сессиясының төрағасы                П.Проскурин

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    В.Н.Балахонцев