Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет Cтандартының 11 тармағына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2011 жылғы 28 сәуірдегі № 253/38-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-17-152 болып тіркелген, 2011 жылғы 3 маусымда аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 тармақтың 9 азат жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
«мүгедектерге: кресло-арбалар алу үшін, бір жолғы, елу мың теңге мөлшерінде; сурдо-тифлотехникалық құралдар алу үшін, бір жолғы, жиырма мың теңге мөлшерінде; санаторлық-курорттық жолдамалар алу үшін, бір жолғы, елу мың теңге мөлшерінде;
өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге жетпіс мың теңге мөлшерінде»;
келесі мазмұндағы 1-1. тармағымен толықтырылсын:
«1-1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
барлық санаттар үшін:
осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы;
өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
шот нөмірі көрсетілген алушының банктік шотын растайтын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі,
қосымша:
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагердің тұтқындарына: жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
барлық санаттағы мүгедектерге: мүгедектігі жөнінде анықтаманың көшірмесі, мүгедекті оңалту жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі;
туберкулезбен ауыратындарға: медициналық мекеменің анықтамасы;
аз қамтылған азаматтарға: отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын кірісі туралы анықтамасы;
ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын: оқу орнын растайтын анықтамасы, оқу келісім шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөнінднгі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Целиноград аудандық бөлімшесімен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы және «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мемлекеттік мекемесінің актісі.
Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары қайтарылып беріледі».
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының сессия төрағасы Д.Қамзебаев
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Мәжіренов
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі М.Жүнісов
«Целиноград ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Мұзагельдиев