Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне - бір жолғы, жиырма мың теңге мөлшерінде;
тыл еңбеккерлеріне - бір жолғы, бес мың теңге мөлшерінде;
барлық топтағы мүгедектерге – бір жолғы, жеті мың теңге мөлшерінде;
туберкулезбен ауыратындарға – бір жолғы, он бес мың теңге мөлшерінде;
аз қамтылған азаматтарға - бір жолғы, он мың теңге мөлшерінде;
ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын, білім беру мекемелерімен келісім-шарт негізінде оқу төлемақысының жылдық мөлшерінде;
жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагердің тұтқындарына коммуналдық қызметтер үшін төлемге - ай сайын, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
мүгедектерге: кресло-арбалар алу үшін, бір жолғы, елу мың теңге мөлшерінде; сурдо-тифлотехникалық құралдар алу үшін, бір жолғы, жиырма мың теңге мөлшерінде; санаторлық-курорттық жолдамалар алу үшін, бір жолғы, елу мың теңге мөлшерінде;
өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге жетпіс мың теңге мөлшерінде.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 300/46-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
1-1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсыру қажет:
барлық санаттар үшін:
осы әлеуметтік көмекке құқығы бар тұлғаның арызы;
өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
шот нөмірі көрсетілген алушының банктік шотын растайтын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі,
қосымша:
Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы концлагердің тұтқындарына: жеңілдік санатына жататындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
барлық санаттағы мүгедектерге: мүгедектігі жөнінде анықтаманың көшірмесі, мүгедекті оңалту жеке бағдарламасы үзіндісінің көшірмесі;
туберкулезбен ауыратындарға: медициналық мекеменің анықтамасы;
аз қамтылған азаматтарға: отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын кірісі туралы анықтамасы;
ауылдық (селолық) жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасындағы колледж студенттерінің күндізгі бөлімінде оқу төлемақысын: оқу орнын растайтын анықтамасы, оқу келісім шартының көшірмесі, «Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөнінднгі орталығы» Республикалық Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Целиноград аудандық бөлімшесімен берілген көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы және «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен берілген аз қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
өрттен және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерге: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мемлекеттік мекемесінің актісі.
Құжаттардың көшірмелері мен түпнұсқалары салыстыру үшін беріледі, өтініш берілген күні түпнұсқалары қайтарылып беріледі.
Ескерту. Шешім 1-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 300/46-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен
2. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 9 маусымдағы № 193/28-4 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-136 тіркелген, 2010 жылғы 23 шілдеде аудандық «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған), «Целиноград аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 маусымдағы № 193/28-4 «Целиноград ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 29 қазандағы № 218/32-4 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-141 тіркелген, 2010 жылғы 10 желтоқсанда «Призыв», «Ұран» газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық
мәслихатының сессия төрағасы,
Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы Б.Мәжіренов
Келісілді
Целиноград ауданының әкімі М.Жүнісов