Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Астрахан ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) Астрахан аудандық бөлімшесінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде, өтініш берусіз мерекелік күндерге арналған біржолғы төлемдер:
9 мамыр – Жеңіс Күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне он мың теңге мөлшерінде;
өзге елдер аймақтарында соғыс әрекеттеріне қатысқандарға екі мың теңге мөлшерінде;
фашистік концлагерлердің бұрынғы тұтқындарына екі мың теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қатысушылардың жесірлеріне екі мың теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысына қатысқан, қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне екі мың теңге мөлшерінде;
1986 жылдан 1989 жылға дейінгі мерзімінде Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқандарға екі мың теңге мөлшерінде.
Мүгедектер Күніне:
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға үш мың теңге мөлшерінде.
2) жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға), болған жағдайдан кейін үш айдан кешіктірмей, отбасы кірісіне қарамастан, өтініші бойынша әлеуметтік көмек:
өрт, су тасқыны, басқа да зілзала апаттың нәтижесінде зардап шеккен отбасыларға (азаматтарға) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті Астрахан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде біржолғы комиссияның шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
ұзақ уақыт емделуде болатын туберкулезбен ауыратындарға жылына бір рет он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
онкологиялық стационар жағдайында арнайы емді өтетін онкологиялық аурулармен ауыратындарға, жылына бір рет, сырқаты туралы кітапшасынан алынған көшірмесі негізінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген азаматтарға біржолғы өтініші бойынша, комиссияның шешімі бойынша жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша, жәрдемақы өтініш иесінің өтінішін, жағдайын дәлдігін немесе оның әлеуметтік және материалдық жағдайын растайтын құжаттың және отбасы мүшелерінің өткен тоқсандағы табыстары туралы мәлімет негізінде;
4) біржолғы көмек:
селолық жерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын, ақысын төлейтін студенттеріне жылына бір рет өтініші бойынша, білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі мен оқу орнынан берілген анықтаманың негізінде, бір жылғы оқу құнының мөлшерінде оқуға төлеуіне;
5) коммуналдық қызмет шығындары үшін әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өтініш берусіз, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызметті өтеуге ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, өтініш берусіз Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының тізімдері негізінде.
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті алу үшін 1 тармақтың 1,5 тармақшасында көрсетілгеннен басқа келесі құжаттарды тапсыру қажет:
еркін түрде жазылған өтініш;
өтініш берушіні куәландыратын құжаттың көшірмесі;
шот нөмірі көрсетілген алушының банктік шотын анықтайтын құжаттың көшірмесі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі;
азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Астрахан аудандық мәслихатының «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-115 тіркелген, 2010 жылғы 5 ақпанда № 7 аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 шешімі;
2) Астрахан аудандық маслихатының «Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-122 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырда № 24 аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) 2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 4С-22-2 шешімі;
3) Астрахан аудандық маслихатының «Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 4С-19-11 «Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-6-140 тіркелген, 2010 жылғы 17 қыркүйекте № 40 аудандық «Маяк» газетінде жарияланған) 2010 жылғы 29 шілдедегі № 4С-24-7 шешімі.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы К.Омарова
Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы В.Собеский
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан ауданының әкімі Р.Әкімов