Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2012.07.11 № А-7/2048(ресми жарияланған күннен бастап әрекетке енгізіледі) қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7,9 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкшетау қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайыз мөлшерінде бір жылдан кем емес мерзімге жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М.Батырханов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Көкшетау қаласының
ішкі істер басқармасының
көші-қон полициясы
бөлімінің бастығы Т.К.Асылбеков
«Көкшетау қаласының
білім бөлімі» ММ бастығы Х.Х.Ғазизов
«Қылмыстық-атқару жүйесінің
Комитеті Ақмола облысының
қылмыстық-атқару жүйесінің
департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Т.Н.Жәнібеков