Бурабай және Жақсы аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір селоларын басқа қоныстар категориясына көшіру туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № А-5/217 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 4С-33-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 11 шілдеде № 3394 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 311 баптарына сәйкес және Бурабай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы № а-10/478 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 қазандағы № С-28/6 шешімі, Жақсы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № а-2/60 қаулысы мен Жақсы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 4 наурыздағы № С-33-8 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір селолары басқа қоныстар категориясына көшірілсін:
      1) Бурабай ауданы бойынша:
      Абылайхан селолық округінің Мезгілсор селосы Абылайхан селолық округінің Қызылағаш селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік деректерден шығарылсын;
      2) Жақсы ауданы бойынша:
      Запорожье селолық округінің Новочудное селосы Запорожье селолық округінің Лозовое селосының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар категориясына көшірілсін және есептік деректерден шығарылсын.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Дьяченко

      Ақмола облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С.Авдеюк

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ө.Мұсабаев