Қосымша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 521/75-IV шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 707 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттары жергілікті бюджет қаражаты
есебінен амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсін:
      1) "Колистиметат" препараты, муковисцидоз ауруын емдеу үшін ингаляция ерітіндісін жасауға арналған 1 млн. бірлік мөлшеріндегі ұнтақ;
      2) "Нилотиниб" препараты, гемабластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған 200 мг мөлшеріндегі капсула;
      3) "Бозентан" препараты, бастапқы өкпе гипертензиясы ауруын емдеуге арналған 125 мг мөлшеріндегі таблетка;
      4) "Леветирацетам" препараты, эпилепсия ауруын емдеуге арналған 250 мг және 500 мг мөлшеріндегі таблеткалар;
      5) "II, VII, IX және X топтарындағы қан ұю факторы" препараты, гемофилия ауруын емдеуге арналған ішкі күре тамырға салатын ерітінді әзірлеу үшін пайдаланылатын 500 бірлік мөлшеріндегі лиофилизденген ұнтақ.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       А.Ким

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Ж.Нұркенов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Астана қаласының Денсаулық
      сақтау басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің (ДСБ) бастығы                  А.Сегізбаев
      2011 жылғы 18 қараша