"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 18 шешімінің негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алматы ауданының № 23-13 жобалау атауы көшесіне Қасым Аманжоловтың есімі берілсін.
2. Астана қаласы Алматы ауданының әкімі, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі И. Тасмағамбетов
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы А. Ким
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы Е. Оспанов