Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы N 440/59-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 672 болып енгізілді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 22-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2015 № 413/57-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-III "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда № 326 болып тіркелген, 2004 жылғы 22 мамырдағы № 63-64 "Вечерняя Астана", 2004 жылғы 15 мамырдағы № 62-63 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларында:
      10-тарауының атауы келесі редакцияда жазылсын:
      "10. Қала аумағындағы жол төсемдерін, жаяу жүргіншілер жолдарын, гүлзарларды және басқа да объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына және қала аумағын ашуға байланысты жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді, құрылымдарды және коммуникацияларды күтіп ұстау тәртібі";
      125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "125. Жол төсемдерінің, жаяу жүргіншілер жолдарын, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына және қала аумағын ашуға байланысты жұмыстарды (бұдан әрі-Жұмыстар) жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органынан жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуға міндетті.
      Жұмыстар Астана қаласының аумағында құрылыс салу қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізілуі тиіс.
      10-тараудың 125-тармағы келесі мазмұндағы 125-1, 125-2, 125-3, 125-4 және 125-5 тармақтарымен толықтырылсын:
      125-1. Рұқсатты алу үшін өтініш иесіне - рұқсат алушы тұлға (тапсырыс беруші немесе мердігерге, шартпен қарастырылған жағдайда) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша өтінішті толтыру қажет.
      125-2. Қала аумағын ашуға рұқсат осы Қағидалардың 2-қосымша нысанына сәйкес ресімделеді және осы Қағидалардың 1-қосымшасындағы нысан бойынша өтінішті және 2011 жылғы 3 наурыздағы 2011 жылғы № 432/58-IV Астана қаласының аумағында құрылыс салу Қағидаларында (нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 671 болып тіркелді) көрсетілген тиісті құжаттарды ұсынғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде беріледі.
      125-3. Рұқсат алушы инженерлік желілердің қорғау аймағында жұмыс жүргізуге келісу барысында болжанған жұмысты бастағанға дейін үш жұмыс күнінен бұрын, тізілімі сәулет және қала құрылысы органында жобаларды немесе атқарушылық түсіруді келісу барысында анықталған инженерлік коммуникациялардың, ұйымдарының өкілдерін жұмыс орнына шақырады, олармен бірлесіп қолданыстағы желілердің және құрылымдардың нақты орналасқан жерін белгілеу және оларды толық сақтау бойынша шаралар қолданады.
      Инженерлік коммуникациялардың пайдаланушы ұйымдары желілер мен құрылғылар болмаған жағдайда жазбаша ескертуі тиіс.
      Пайдаланушы ұйымның немесе мүдделі тұлғаның өкілі аталған іс-шараларды өткізуді рұқсат алушының рұқсат алуға берілген өтінімінде өзінің қол қоюы арқылы растайды.
      125-4. Қала аумағын ашуға берілген рұқсатта жұмыс жүргізу мерзімі, объективті негіздеме ұсынылу барысында ұзарту мерзімі, жұмыс жүргізу талаптары көрсетіледі.
      125-5. Жұмыс жүргізу учаскесінде абаттандыруды қалпына келтіру рұқсатта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.
      Учаскілерді қабылдау туралы ақпаратты рұқсатты алушы осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген нысанға сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына ұсынады".
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты сессиясының
      төрағасы - хатшысы                         В. Редкокашин

      КЕЛІСІЛДІ

      "Астана қаласының Сәулет және
      қала құрылысы басқармасы" ММ
      (СжҚҚБ) бастығы                            С. Жүнісов

      "Астана қаласының
      Құрылыс басқармасы" ММ
      (ҚБ) бастығы                               В. Лютов

Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 11 наурыздағы 
№ 440/59-IV шешіміне   
1-қосымша        

Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасына қала аумағын ашуға және абаттандыруға байланысты
жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуға арналған
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
                       (рұқсат қағазын алушы)
_______________________________________________________________
мекен-жайы________________________тел._______________________________
СТН_______________есеп шоты_________________банк_____________________
ФАМ__________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

_________________________жұмыс жүргізуге  рұқсат беруіңізді сұраймын.

Жұмыс түрі, көлемі___________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қазылған жапсардың түрі және алаңы___________________________________

Көлік жолдары (ш.м) _________________________________________________

Жаяу жүргіншілер жолы (ш.м)__________________________________________

Көгал алаңы (ш.м)____________________________________________________

Жұмыс учаскесі ___________________________________________ орналасқан
_____________________________________________________________________

      Жұмыс жүргізілгеннен кейін учаскені қалпына келтіруге
кепілдік беріледі.
      «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын
ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты
қамтамасыз ету қағидалары» және «Астана қаласын күтіп-ұстау
және жасыл екпелерді қорғау ережелері» талаптарын сақтамаған
жағдайда, қала шаруашылығына келтірілген зиянның орнын
толтыруға кепілдік беріледі. Астана қаласының Мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан ағымдағы бақылау
жүргізу бойынша рұқсатта көрсетілген талаптарды орындауға
келісемін.
      Жұмыс басталғанға дейін коммуникациялардың өтуін анықтау
бойынша жұмыс жүргізу орнына инженерлік желілер иелері
шақырылды.
Жұмыс жүргізу мерзімі:_______________________________________________
Басталуы_____________________________________________________________
Аяқталуы_____________________________________________________________

Тапсырыс беруші, мердігер туралы мәліметтер:
Мекен-жайы___________________________тел_____________________________
СТН____________________есеп-шот _______ банк ________________________
ФАМ_________________________________
«____»_______________20___ ж.
Жұмыс жүргізу рұқсатты беруді немесе бас тартуды сұраймын (керегін
астын сызу қажет)

  • ұсынылған сенім хатқа сәйкес өкілге беру
  • поштамен жіберу

М.О.                              Басшы________________________

Көшелерді жабуға, қозғалысты  жартылай шектеуге, абаттандырылған
аумақты ашу, инженерлік желілердің өту орны ауданында жұмыс жүргізуге
келісімді келесі  бетінен қараңыз

ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУГЕ КЕЛІСІМ (лауазымды тұлғаның мөрімен бекітіледі):

1. Жұмыс учаскесі Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылау басқармасының бас маманымен тексерілді_________________
_________________________________________ «  » _________ 20       жыл

2. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жол полициясы
басқармасы (көлік жолындағы жұмыстар барысында)_____________________
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________«___»__________20 _____жыл

3. Астана қаласының Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы (көлік жолдарында жұмыс жүргізу барысында)_____________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________«___»______20______жыл

4. Аталған аумақ қарамағындағы пәтер иелерінің кооперативі,
өндірістік кооперативі және заңды және жеке тұлғалар __________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________«___»________20______жыл

5. Инженерлік желілер қарамағындағы кәсіпорындар:
5.1 «Астана-Аймақтық Электр Желілік компаниясы» АҚ______________
__________________________________________ «   »____________20____жыл

5.2. «Астанателеком» ҚТО ___________________ «__»_________20____жыл
__________________________________________________________________
______________________________________________ «__»_________20____жыл
5.3._________________________________________________________________
______________________________________________ «___»________20____жыл
5.4._________________________________________________________________
______________________________________________ «___»________20____жыл
5.5._________________________________________________________________
______________________________________________ «___»________20____жыл

Өтінімді Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының бас маманы берді ______________ «   »_________ 20___жыл

Өтінімді Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының бас маманы қабылдады___________ «___»_________ 20___жыл

Рұқсат қағазы келесі себептермен берілмеді:__________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 11 наурыздағы 
№ 440/59-IV шешіміне   
2-қосымша       

«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасы» ММ

ҚАЛА АУМАҒЫН АШУҒА БЕРІЛГЕН РҰҚСАТ ҚАҒАЗЫ №____

_____________________________________________________________________
                    (рұқсат қағазын алушы)
жұмыс жүргізуге рұқсат етіледі ______________________________________
_____________________________________________________________________
учаскеде
_____________________________________________________________________
__________________________________________ «Құрылыс салу қағидалары»,
«Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және
Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары»,
«Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау тәртіптері» талаптарын
орындаумен және Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген
жоба бойынша жабық тәсілмен (тесумен) немесе траншея қазумен
жүргізіледі.
Жұмыстар мына жағдайларды орындаумен жүргізіледі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Осы рұқсат қағазын және жобаны жұмыс орнында әрқашан ұстау қажет.
Рұқсат қағазда айтылған шарттармен, к е л і с е м і н.
Рұқсат қағазды алушы (өкілі)
Қолы _____________________________ «_____» ________________ 20____ ж.

Рұқсат қағазды алушының мекен-жайы____________________ тел. _________
Жұмыс жүргізуге рұқсат етілді 20 ____ ж. _________________ бастап
                              20 ____ ж. _________________ аралығында
Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының бастығы ________________________________________
Рұқсат қағазды берген ______________________________________________
Рұқсат қағазды ресімдеген___________________________________________
«______» ______________ 20 ____ж.
____________________________________________________________________
                             қию сызығы

Астана қаласы мәслихатының
2011 жылғы 11 наурыздағы 
№ 440/59-IV шешіміне   
3-қосымша       

№ ______ рұқсат қағазына ҚАЙТАРУ ТАЛОНЫ

Жұмысты жүргізу мерзімі
20____ ж. ___________ бастап        20____ ж. ____________ аралығында
Учаске қалпына келтірілді және қабылданды:

(аудан әкімдігінің уәкілетті өкілі: Алматы, Сарыарқа, Есіл (керегін
астын сызыңыз)
_____________________________________________________________________
(Көшенің көлік жүру бөлігіндегі жұмыс барысында – Астана қаласы
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының уәкілетті
өкілі)
Қайтару талоны Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының бас маманымен қабылданды_______________________________
Қолы ___________________ «   » _________    ____________________20 ж.
Қайтару талоны қысқы абаттандыруды уақытша қалпына келтіру арқылы
Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас
маманымен қабылданды_________________________________________________
Қолы ___________________ «   » _________    ___________________20 ж.
Жазба мөрмен расталады. Талон Астана қаласы Мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылау басқармасының рұқсат қағаз беру бөліміне
бақылаудан алу және алынған рұқсат қағазын жабу үшін тапсырылады.
Учаскені қалпына келтіру жылдың суық мерзімінде орындалған жағдайда,
20     ж 1 мамырға дейін бұзылған абаттандыруды толық қалпына
келтіру қажет және аумақ иелерімен учаске қабылданғаннан кейін ғана
қайтару талоны Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының бөліміне тапсырылады.