Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы N 439/59-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 670 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 410/54-IV "Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 24 қаңтарда № 666 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 11 "Вечерняя Астана", 2010 жылғы 27-29 қаңтардағы № 10, 11 "Астана ақшамы" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы ережесінде:
      9-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.";
      26-тармақта "он" сөзі "бес" сөзімен ауыстырылсын;
      2-тарау мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:
      "6-бөлім. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
      38-1. Амбулаторлық емделуде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:
      1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8 баптарымен мәртебесі белгіленген соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға";
      2) Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбектері үшін зейнетақы алушыларға ұсынылады.
      38-2. Астана қаласының әкімдігі жыл сайын Әлеуметтік көмек шеңберінде ұсынылатын дәрі-дәрмек құралдарының тізбесін бекітеді.
      38-3. Әкімші Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталіне (бұдан әрі – Клиникалық госпиталь) осы Ереженің 38-1 тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімдерін, сондай-ақ жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәліметтерді жыл сайын 3 қаңтарға дейін ұсынады.
      38-4. Осы Ереженің 38-1 тармағында көрсетілген санаттарға жататын дәрі-дәрмек құралдарына мұқтаж азаматтар Клиникалық госпитальге белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецептті алуға хабарласады.
      38-5. Клиникалық госпиталь Әкімші ұсынған дәрі-дәрмек құралдарының бекітілген тізбесі мен азаматтардың тізімдеріне сәйкес, хабарласуына қарай белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецепттерді беруді жүзеге асырады.
      38-6. Клиникалық госпиталь берген белгіленген үлгідегі ұсынылған жеңілдікті рецепттерге сәйкес дәрі-дәрмек құралдары Жеткізушілердің дәріханалық мекемелерінде жіберіледі.
      38-7. Жеткізушілер ай сайын келесі айдың 5-не дейін жіберілген дәрі-дәрмек құралдарының тізілімдемелері мен берілген жеңілдікті рецепттердің түпнұсқаларын Әкімшіге ұсынады.";
      39-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер;";
      42-тармақта "және дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуге" деген сөздер алынып тасталсын;
      43-тармақтың 1) тармақшасында:
      "5,7" сандары "5" санымен ауыстырылсын;
      "6,7" сандары "6" санымен ауыстырылсын;
      "7,7" сандары "7" санымен ауыстырылсын;
      "8,7" сандары "8" санымен ауыстырылсын;
      43-тармақтың 2) тармақшасында:
      "5,7" сандары "5" санымен ауыстырылсын;
      43-тармақтың 3) тармақшасында:
      "3,1" сандары "2,4" санымен ауыстырылсын;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Соғыс ардагерлеріне, соларға теңестірілген тұлғаларға ақшалай төлемге құқығы бар бірнеше адам бір тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелген жағдайда, төлем осы Ереженің 43-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа тек қана біреуіне жүргізіледі.";
      51-тармақтың үшінші, төртінші, алтыншы, оныншы, он үшінші азатжолдары "Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссияларының мүшелеріне" деген сөздермен;
      52-тармақтың бірінші азатжолы "төлемдер" деген сөзден кейін "Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне" сөздермен толықтырылсын;
      3-бөлімнің 6-тарау атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6-тарау. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер";
      78-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "78. "Астана қаласының Құрметті азаматы" атағы берілген азаматтарға ақшалай төлемдер Астана қаласы мәслихатымен Әкімшіге ұсынылған тізімдердің негізінде ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.";
      79-тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы рет ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты сессиясының
      төрағасы - хатшысы                         В. Редкокашин