"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ақша төлемі мен аударымы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығару және пайдалану ережесiнде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Ережеде "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) 3-бабында көзделген негiзгi ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
1) авторизация – эмитенттің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға рұқсат беруі. Авторизацияны алу рәсімі төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес белгіленеді;
2) алдын ала төленген төлем карточкасы – ұстаушысына бастапқы ұстаушы алдын ала салған және эмитенттің шоғырландырылған есебінде есептелген ақша сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру және/немесе қолма-қол ақша алу мүмкіндігін беретін төлем карточкасы. Алдын ала төленген төлем карточкасында оның ұстаушысын бірегейлендіруге мүмкіндік беретін деректемелер болмайды;
3) байланыссыз төлем карточкасы – ұстаушысына төлемдерді операция жүргізу сәтінде төлем карточкасының және электрондық терминалдардың немесе өзге қондырғылардың нақты тиюін талап етпейтін, сымсыз байланыс технологиясын пайдалану негізінде байланыссыз тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
4) банкомат – төлем карточкаларын ұстаушыларға қолма-қол ақшаны алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызметін пайдалануға мүмкіндік беретін электронды-механикалық құрылғы;
5) дебеттік карточка – ұстаушыға клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы. Дебеттік карточка ұстаушыға эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік береді;
6) дербес бірегейлендіру нөмірі – төлем карточкасын ұстаушыға берілетін және төлем карточкасын ұстаушыны бірегейлендіруге арналған құпия код;
7) кәсіпкер – өзі жеткізетін тауарларына және/немесе қызметіне төлемді ақша аудару арқылы жасауға арналған төлем карточкаларын қабылдайтын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
8) клиент – эмитентпен төлем карточкасын беру туралы шарт жасаушы және банк шотының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
9) корпоративті төлем карточкасы – заңды тұлғаның уәкілетті өкіліне эмитент пен заңды тұлға – банк шоты иесінің арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде берілетін төлем карточкасы. Корпоративті төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау заңды тұлғаның банк шотындағы ақша сомасы және/немесе аталмыш заңды тұлғаға берілген заем сомасы шегінде жүзеге асырылады. Корпоративті төлем карточкасын ұстаушы заңды тұлғаның – карт-шот иесінің уәкілетті өкілі болып табылады;
10) кредиттік карточка – ұстаушыға эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шартының талаптарына сәйкес эмитент берген заем сомасы шегінде төлем жасауға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
11) процессинг – төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді және басқа да операцияларды жүзеге асырған кезде қалыптасатын ақпаратты жинауға, өңдеуге және беруге байланысты қызмет;
12) процессинг ұйымы – процессингті, сондай-ақ төлем карточкалары жүйесіне қатысушылармен жасалған шарттарда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын төлем карточкалары жүйесіне қатысушы;
13) сауда чегі – төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау фактісін растайтын құжат;
14) слип – кәсіпкердің немесе эквайердің төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау кезінде қағазға шығарылған төлем құжаты;
15) төлемдік емес қосымшалар – төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша беруге және төлем карточкасында орналастырылуы/іске асырылуы мүмкін банктік қызмет көрсетулердің өзге түрлерін көрсетумен байланысты емес қосалқы қосымшалар/функциялар;
16) төлем карточкалары жүйесіне қатысушы – жасалған шарттарға сәйкес төлем карточкаларының белгілі бір жүйесінің төлем карточкасын пайдалана отырып ақы төлеу кезінде жасалған төлем құжатын беру, өңдеу және/немесе орындау бойынша міндеттемелер туындайтын жеке немесе заңды тұлға;
17) төлем карточкаларын шығару – ұстаушыларға төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде не алдын ала төленген төлем карточкаларын беру кезінде мұндай шарт жасамай-ақ төлем карточкаларын беруді көздейтін операция;
18) төлем карточкаларының жүйесі – төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдардың, құжаттаманың және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;
19) төлем карточкасы – электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы, онда карточканы ұстаушыға төлем жасауға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитенті белгілеген әрі соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпарат болады. Төлем карточкасы дебеттік карточка және кредиттік карточка болып бөлінеді;
20) төлем карточкасын беру туралы шарт – эмитент пен жеке немесе заңды тұлға арасында жасалатын шарт, оның негізінде төлем карточкасы беріледі;
21) төлем карточкасын доғару – төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасауға толық немесе уақытша тыйым салу;
22) төлем карточкасын ұстаушы – төлем карточкасын беру туралы шартқа сәйкес төлем карточкасын пайдалануға құқығы бар немесе егер төлем карточкасы алдын-ала төленген болса, оған тікелей иелік етуші жеке тұлға;
23) төлем карточкасының деректемелері – төлем карточкасының ұстаушыға, эмитентке және төлем карточкаларының жүйесіне тиесілігін айқындауға мүмкіндік беретін төлем карточкасындағы және/немесе онда сақталатын ақпарат;
24) эквайер – төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасаған кезде кәсіпкермен жасалған шарт талаптарына және/немесе кәсіпкерде жасалған төлем құжаты талаптарына сәйкес кәсіпкердің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға және/немесе кәсіпкермен жасалған шартта көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк). Сондай-ақ төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақша беретін банк те эквайер болып табылады;
25) эмитент – төлем карточкаларын шығаратын банк;
26) эмитенттің шоғырландырылған шоты – банк эмитент ашқан және алдын-ала төленген төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын операцияларды есепке алуға арналған ішкі шот.";
6-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-2. Алдын ала төленген төлем карточкаларын шығаруды, таратуды және қызмет көрсетуді эмитенттер осы Ереженің талаптарына сәйкес әзірлеген және бекіткен ішкі құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Эмитент алдын ала төленген төлем карточкаларын есепке алу үшін эмитенттің шоғырландырылған шотын ашады.";
6-5-тармақ алып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Төлем құжаттарын электрондық түрде жасауға және ұсынуға төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленген санкцияланбаған төлемдерден қорғау iс-әрекеттерi тәртiбiн сақтаған жағдайда ғана, Төлемдер туралы заңның талаптарына сәйкес рұқсат берiледi.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Төлем құжаттары мемлекеттік тілде және/немесе орыс тiлiнде жасалады. Төлем құжаттарын жасау кезiнде өзге тiлдердi пайдалану мүмкiндiгi төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленедi.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Төлем құжатында төлем карточкалары жүйесіне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленген қосымша деректемелер болуы мүмкiн.";
32-тармақ мынадай реакцияда жазылсын:
"32. Төлем карточкасын ұстаушының қолы қойылмаған слип жасауға телекоммуникация желiлерi бойынша, телефон бойынша немесе мұндай слип жасау мүмкiндiгiн көздейтiн, кәсiпкер мен клиент арасында жасалған шартқа сәйкес өзге тәсілмен берiлген хабар негiзiнде жол берiледi. Бұл ретте егер жоғарыда көрсетілген хабарды кiмнiң бергендiгiн дәйекті анықтау мүмкiн болмаса, мұндай жолмен жасалған төлем үшiн жауапкершілік кәсiпкердiң авторизация алған-алмағандығына қарамастан, кәсiпкерге жүктеледi.";
мынадай мазмұндағы 34-2-тармақпен толықтырылсын:
"34-2. Төлемді байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырған кезде төлем карточкасын ұстаушының 4000 (төрт мың) теңгеден аспайтын сомаға дербес бірегейлендіру нөмірін енгізбей операцияларды жүзеге асыруына жол беріледі.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Төлем құжатын орындау үшiн беру немесе көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, Төлемдер туралы заңның және төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес белгiленедi. Осы Ереженің 36-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алушы-банк төлем құжатын алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей орындайды.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Егер төлем бiр валютамен жасалып, ал банк шоты басқа валютада жүргiзiлетiн болса, банк шотынан ақша алу төлем валютасы шот валютасына айырбасталғаннан кейiн жүзеге асырылады. Төлем валютасын шот валютасына айырбастау төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі.";
43-тармақ алып тасталсын;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Төлем карточкасын ұстаушыға төлемді төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырғаннан кейiн сауда чегi немесе төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жүзеге асырылған жағдайда жасалған төлем құжатының (слиптiң) данасы берiлуi тиiс.
Бұл талап төлемді сауда чегі төлем карточкасын ұстаушының талап етуі бойынша берілетін байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асыруға қойылмайды.";
48-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) төлем заңды бола тұрып, бірақ төлем құжаты эмитентке төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленген талаптар бұзыла отырып берілсе, орындауға қабылданбауы мүмкін.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Төлем карточкасын ұстаушы төлем карточкасын пайдалана отырып сатып алынған тауарлардан немесе қызметтерден бас тартқан жағдайда кәсiпкер төлем карточкасын ұстаушыға ақшаны төлем карточкасын ұстаушының пайдасына қолма-қол төлемді жүзеге асыру арқылы қайтарады. Мұндай төлем жасаудың нысаны мен тәсiлдерi төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгіленеді.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Егер төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда кәсiпкердiң ақшаны төлем карточкасын ұстаушыға қолма-қол төлем жасамай қайтару мүмкiндiгi көзделмесе, ақшаны қайтару қолма-қол ақшаны пайдалана отырып жүргізіледі.";
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"57. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ақша аударылған кезде төлем құжатын орындауға ұсыну мерзiмi төлем жүзеге асырылған төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарда белгiленедi.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Егер төлем жасау кезiнде төлем карточкасы оқшауланбаса, оның қолданылу мерзiмi өтпесе және төлем карточкасын төлем жасау үшiн оны ұстаушысы төлем жүзеге асырылған төлем карточкалары жүйесiне қатысушылар арасында жасалған шарттарға сәйкес пайдаланса, төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған төлем санкцияланған болып табылады. Төлемнiң санкциялығына қойылатын талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған төлем санкцияланбаған болып табылады. Жалған төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған төлемдер де санкцияланбаған төлемдер болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:
"59-1. Төлем байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған кезде эмитент байланыссыз төлем карточкасының ұстаушысымен жасалған шартта көзделген, санкцияланбаған төлемдерден қорғау іс-қимылдарын сақтауды қамтамасыз етеді.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Эмитентке төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы хабарлаудың мерзiмдерi мен әдiстерi, сондай-ақ мұндай хабарламаның күшiне ену мерзiмдерi төлем карточкасын беру туралы шартта белгiленедi.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Егер төлем карточкасын беру туралы шартта төлем карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе санкцияланбай пайдаланылғаны туралы хабарламаның күшіне ену мерзімдері белгіленбесе, онда мұндай хабарлама оны эмитент немесе осындай хабарламаны қабылдауға құқығы бар төлем карточкалары жүйесінің өзге қатысушысы алған сәттен бастап күшіне енеді.";
68-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Үзінді-көшiрмеде эмитент пен клиент арасындағы уағдаластық бойынша белгiленген қосымша ақпарат болуы мүмкiн.".
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
4 және 5-қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 205 қаулысына
1-қосымша
"Қазақстан Республикасының
аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның
қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен
аударымдарын жүзеге асыру ережесіне
4-қосымша
Кассир: |
ТҮБІРТЕК Резидент Ақша жөнелтуші ___________ЖСН (БСН) ____________________________________
БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша): Мөрдің орны (егер мөрі бар болса) |
|||||||||||||||||||||||
№ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі |
Аты-жөні |
Туған күні |
Кезең |
Сома |
|||||||||||||||||||
1. |
||||||||||||||||||||||||
2. |
||||||||||||||||||||||||
3. |
||||||||||||||||||||||||
ЖИЫНТЫҒЫ: _______________________________________________________________________________
|
Кассир: |
ХАБАРЛАМА Резидент Ақша жөнелтуші ____________________ЖСН (БСН) _____________
БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша): Мөрдің орны |
|||||||||||||||||||||||
№ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі |
Аты-жөні |
Туған күні |
Кезең |
Сома |
|||||||||||||||||||
1. |
||||||||||||||||||||||||
2. |
||||||||||||||||||||||||
3. |
||||||||||||||||||||||||
ЖИЫНТЫҒЫ: |
||||||||||||||||||||||||
Ақша жөнелтушінің аты-жөні _______________________________________
|
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 205 қаулысына
2-қосымша
"Қазақстан Республикасының
аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның
қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен
аударымдарын жүзеге асыру ережесіне
5-қосымша
|
ТҮБІРТЕК Резидент Ақша жөнелтуші_________________________________________________________
БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша): Мөрдің орны (егер мөрі бар болса) |
||||||||||||||||||||
№ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі |
Аты-жөні |
Туған күні |
Кезең |
Сома |
||||||||||||||||
1. |
|||||||||||||||||||||
2. |
|||||||||||||||||||||
3. |
|||||||||||||||||||||
ЖИЫНТЫҒЫ: _______________________________________________________________________________
|
|
ТҮБІРТЕК Резидент Ақша жөнелтуші_______________________________________________________________
БАРЛЫҒЫ (сомасы жазбаша): Мөрдің орны (егер мөрі бар болса) |
||||||||||||||||||||
№ |
Жеке сәйкестендіру нөмірі |
Аты-жөні |
Туған күні |
Кезең |
Сома |
||||||||||||||||
1. |
|||||||||||||||||||||
2. |
|||||||||||||||||||||
3. |
|||||||||||||||||||||
ЖИЫНТЫҒЫ: _______________________________________________________________________________
|