«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-2-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Тұрғын үй шаруашылық департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға С. Нокин
Қазақстан Республикасы
Құрылыс және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық
істері агенттігі Төрағасының
2011 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 479 бұйрығымен
бекітілген
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға
арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) кондоминиум объектісін басқару органының (бұдан әрі – КОБО) шығындарын және үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері төлемнің мөлшерін қалыптастыруға бірыңғай тәсіл белгілеу мақсатында әзірленді.
2. Осы Әдістеме «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының нормаларын негізге ала отырып, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шығындар сметасын есептеген кезде ескерілетін негізгі шығыстардың тізбесін бегілейді.
3. Осы Әдістеме кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ КОБО көрсетуді қамтамасыз ететін коммуналдық қызметтердің тізбесі кондоминиум объектісін басқару шартымен айқындалады деп болжайды.
Ұсынылып отырған Әдістеме ортақ мүлікті күтіп-ұстау жөніндегі сервистік қызмет субъектілері шығыстарының толық тізбесінің болуын болжамайды.
4. Ортақ мүлікті күтіп-ұстау шығыстарын:
1) материалдық шығындарға жұмсалатын шығыстар;
2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар;
3) мамандандырылған ұйымдардың қызметіне жұмсалатын шығыстар;
4) үйдің маңындағы аумақты, жер учаскелерін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар;
5) үйге ортақ есептеу аспаптарын сатып алуға жұмсалатын шығыстар кіреді.
5. Ортақ мүлiктi күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi.
6. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың тізбесі тұрғын үйлердің типіне, қабаттылығына, кіреберістердің санына, конструктивтік ерекшеліктеріне және салынған құрылыстың өзге де жеке ерекшеліктеріне, олардың техникалық жай-күйі мен табиғи тозу дәрежесіне байланысты.
7. Материалдық шығындардың шығыстарына мыналар жатады:
1) техникалық қызмет көрсету материалдарына және ортақ мүлікті ағымдағы жөндеуге, жылыту маусымына дайындауға жұмсалатын шығыстар;
2) ортақ мүлікті санитарлық және техникалық күтіп-ұстаумен айналысатын жұмысшылардың арнайы киіміне және жеке қорғау құралдарына жұмсалатын шығыстар;
3) құралдар және керек-жарақтар жұмсалатын шығыстар;
4) ескерту плакаттары мен тақтайшаларды, кір сабынды, құрылғыларды, қоршауларды қоса алғанда, техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға жұмсалатын шығыстар;
5) ортақ пайдаланылатын орындарды, қоқыс камераларын, қоқыс құбырларын санитарлық күтіп-ұстау үшін сабынмен жуатын және дезинфекциялайтын құралдарға жұмсалатын шығыстар;
6) өртке қарсы жабдықтарды күтіп-ұстауды қоса алғанда, өткен қарсы іс-шараларға, өрт сөндіргіштерді сатып алуға және зарядтауға, арнайы жазбалар, көрсеткіштер жазуға, эвакуациялау жоспарлары мен схемаларын ресімдеуге және т.с.с. жұмсалатын шығыстар.
8. Еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығыстарға мыналар жатады:
1) пайдалану және өзге де персоналдың еңбек ақысына жұмсалатын шығыстар;
2) кондоминиум объектісін техникалық тексеру;
3) жертөлелік үй-жайларды және ортақ пайдаланылатын жерлерді дератизациялауға, дезинфекциялауға, дезинсекциялауға жұмсалатын шығыстар.
10. Үй маңындағы аумақты, жер учаскелерін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға мыналар жатады:
1) тұрғын үйден (тұрған ғимараттан) атмосфералық суды бұруды қамтамасыз ету және су бұру құрылғыларының дұрыс жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар;
2) аумақты жинауға арналған шығыстар (аула сыпырушылардың аударымдары бар жалақысын, керек-жарақтарды және арнайы киімді, көк тайғақпен күрес жөніндегі материалдарды, қоқыс жинағыштар құрылғылар мен қоқыс төгетін жәшіктерді қоса алғанда);
3) қарды, жапырақтарды және қоқыстарды шығару жөніндегі шығыстар;
4) шағын сәулеттік нысандарды және қоршауларды ағымдағы жөндеу және баяу;
5) жасыл екпелерді және газондар төсеу, күту, кесу.
11. Үйге ортақ есептеу аспаптарын сатып алуға жұмсалатын шығыстарға мыналар жасады:
1) есептеу аспаптарының құны;
2) есептеу аспаптарын орнату, тексеру, техникалық қызмет көрсету, жөндеу жөніндегі қызметтер.
2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға
жұмсалатын шығыстардың мөлшерін есептеу
12. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үй қоры адамдардың сенімді және қауіпсіз тұрғын, жеке меншік пен ортақ мүліктің сақталуын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін жарамды күйінде сақталуға тиіс.
13. Кондоминиум объектілері конструкцияларының және инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйі жалпы және ішінара жоспарлы тексеру жүргізген кезде анықталуы тиіс.
14. Күрделі жөндеу жүргізу мерзімдері олардың техникалық жай-күйін бағалау негізінде айқындалады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-2-бабына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау мен кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісуді тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау функциялары бар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй инспекциялары жүзеге асырады.
15. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жиналысында міндетті түрде қарауды және мақұлдауды талап етеді. Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісуді жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының м.а. 2012.08.06 № 390 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
16. Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиумның осы объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін кондоминиумның әрбір объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашады.
17. Тұрғын үйдің әрбір меншік иесінің күрделі жөндеу жүргізуге қажетті құнға қатысу үлесі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі меншік иесінің үлесіне тең есептеледі.
18. Жарналардың мөлшері және жинақтау мерзімдері әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде меншік иелерінің жалпы жиналысында анықталады.
19. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналардың мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
Вш.м. = Ржыл/(Sжалпы*12 ай),
мұнда:
Вш.м.– кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жарналар мөлшері;
Ржыл – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасы;
Sжалпы – тұрғын үйдің жалпы ауданы.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың сомасы мына формула бойынша есептеледі:
Ржыл = Рк-ұстау + Ржер + Рорнату + Рком.қ. + Ркүр.жөн.
мұнда:
Рк-ұстау. – кондоминиум объектісін күтіп-ұстау мен ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығыстар;
Ржер – үй маңындағы аумақты күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар;
Рорнату – коммуналдық қызметтерді тұтынудың үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстар;
Рком.қ. – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердің төлемдеріне жұмсалатын шығыстар;
Ркүр.жөн.– күрделі жөндеу жүргізуге жұмсалатын шығыстар.
20. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға әрбір меншік иесінің ай сайынғы шығындарының мөлшері мына формула бойынша анықталады:
Рм.и. = Вш.м.*Sалаң
мұнда:
Рм.и. – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған меншік иесі төлемдерінің мөлшері;
Sалаң – жеке (бөлек) меншіктегі үй-жайдың алаңы.
21. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің қажеттілігіне жұмсалатын суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылу беру (жылумен жабдықтау) үшін ресурстармен жабдықтайтын ұйымдармен шарттар жөніндегі шығыстар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған жалпы шығыстардың құрамына кіреді.
22. Қызметті жеткізушілер ұсынған суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, электрмен жабдықтау, жылу беру (жылумен жабдықтау) қызметтерінің көлемін анықтау тәртібі есептеу аспаптарының болуына немесе болмауына байланысты болады.
23. Егер көп пәтерлі үйде үйге ортақ есептеу аспаптары орнатылған болса, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қажеттілігі үшін көрсетілген коммуналдық қызметтер былай анықталады:
электр энергиясы бойынша – үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері мен тұтынушылардың белгілі бір топтарының тарифтеріне көбейтілген жеке (пәтерлік) есептеу аспаптарының көрсеткіштері сомасының айырмасы ретінде;
сумен жабдықтау бойынша (шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суық су) – үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері мен тұтынушылардың белгілі бір топтарының тарифтеріне көбейтілген жеке (пәтерлік) есептеу аспаптарының көрсеткіштері сомасының айырмасы ретінде;
су бұру бойынша – сарқынды судың саны тұтынылған шаруашылық-ауыз су мақсатындағы судың санына тең белгіленеді, одан кейін тұтынушылардың белгілі бір топтарының тарифтеріне көбейтіледі;
жылумен жабдықтау және ыстық сумен жабдықтау бойынша – тұтынушылардың белгілі бір санаттары үшін белгіленген тарифтердің меншік иесінің пәтерінде (меншік иесі пәтерінің алаңына сәйкес және тұрып жатқандардың санына есептеу арқылы анықталады) жылу энергиясын тұтыну (жылу беру және ыстық сумен жабдықтау) көлемі мен және үйге ортақ есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жылу энергиясын тұтыну арасындағы айырманың көбейтіндісі ретінде.
24. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына есептеу кейін құралдарының нақты көрсеткіштері бойынша сметаны нақтылай отырып, алдағы жоспарлы кезеңнің кезеңі ішінде тұтынылған коммуналдық қызметтердің құны кіреді.
25. Егер көп пәтерлі үйде үйге ортақ есептеу аспаптары болмаса, ұсынылған коммуналдық қызметтердің құны тұтынушылардың белгілі бір түрі үшін табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган белгілеген тарифтерді, белгіленген тәртіппен бекітілген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерін негізге ала отырып, белгіленеді.
26. Ағымдағы жөндеу ғимаратты тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін кезең-кезең бойынша жүргізіледі.