Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкiмшiсiн, тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7374 тіркелді

Жаңартылған

      Қолданушылап назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы «Банкроттық туралы» Заңының 10-2-бабының 24-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Оңалтушы және конкурстық басқарушылардың, сырттай байқау әкiмшiсiнің, тағайындау және шеттету қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (Н.Д.Үсенова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Мына бұйрықтардың:
      1) «Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5292 болып тіркелген, 2008 жылғы 10 қазанда № 155 (1555) «Заң газеті» газетінде жарияланған);
      2) «Сырттай байқау әкiмшiсiн, оңалтушы басқарушыны тағайындау және шеттету, сондай-ақ конкурстық басқарушыны тағайындау және шеттету, есепке алу және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6220 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 мамырда № № 192-194 (26040) «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 22 мамырда № 128 (26189) «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2012 жылы 30 каңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                            Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң  
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен   
бекiтiлген      

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау
әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы

      Осы Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті аумақтық бөлiмшелерiнің (бұдан әрі – Комитеттің аумақтық бөлімшелері) оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және шеттету тәртiбiн белгiлейдi және оңалту, конкурстық іс жүргізу және сырттай байқау рәсiмдерiне (банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен жинақтаушы зейнетақы қорларының банкроттығын қоспағанда) қолданылады.
      Осы Қағида мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алу өткізу қорытындылары бойынша конкурстық басқарушыларды тағайындаған жағдайларға қолданылмайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінде (бұдан әрі - Комитет) Оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшілерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғалардың арасынан тағайындалады. Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге қалыптастырылады, ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.kz интернет-ресурсында (бұдан әрі – ҚР ҚМ интернет-ресурсы) орналастырылады.
      2. Комитеттің аумақтық бөлімшелері Бірыңғай тізілімде көрсетілген қызметті жүзеге асыру орны бойынша аумақтық қағидатты сақтай отырып, Бірыңғай тізілімінде тіркелген тұлғалардың арасынан тиісінше осы Қағиданың 1-3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша оңалтушы басқарушыларын тағайындау тізілімін, конкурстық басқарушыларды тағайындау тізілімін, сырттай байқау әкімшіліктерін тағайындау тізілімін (бұдан әрі - Тізілім), жасайды және жеке жүргізеді.
      3. Тиісті Тізілімге оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тіркеу және тіркеуден алып тастау туралы әрбір жазбаны енгізген жағдайдан кейін, сондай-ақ әрбір тағайындау және шеттету, босату жағдайлары кезінде өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      Тіркелген күннен кейінгі күні тіркелген тұлға туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына енгізіледі.
      4. Комитеттің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Құжаттама жасау қағидалары) сәйкес Тізілімге енгізілетін мәліметтердің толықтығына, дұрыстығына және уақтылығына, сондай-ақ оның сақталуына және Тізілімнің мұрағатын жүргізуге жауапты қызметкерді тағайындайтын бұйрық шығарады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      5. Конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау Комитеттің аумақтық бөлімшесінде тіркеудің есепке алу нысанында Құжаттамалау ережесіне сәйкес сот актілерін есепке тіркеудің кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау
әкімшісін тағайындау тәртiбi

      6. Конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындауды Комитеттің аумақтық бөлімшесі тиісті Тізілімге сәйкес кезектілік тәртібінде жүзеге асырады.
      Комитеттің аумақтық бөлімшесі кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтушы басқарушы етіп тағайындайды.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      7. Конкурстық басқарушыны сырттай байқау әкімшісі ретінде тағайындалған күн, ол туралы мәліметтер Тізілімнің соңына көшіріледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      8. Оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген адамды Заңның 9-бабының 11-тармағында көзделген негіздемелер бойынша тағайындау мүмкін болмайтын жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшесі оны тағайындауды жүргізбейді, Тізілімге тиісті өзгерістер енгізілмейді.
      9. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымы, борышкер мүлкінің меншік иесін, құрылтайшыларын (қатысушыларын) борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттету туралы сот ұйғарымы, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы күшіне енгеннен кейін, сондай-ақ оңалтушы басқарушыны шеттеткен кезде кредиторлар жиналысы хаттамасын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде, оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау тиісінше осы Қағиданың 4-6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жүргізіледі, оған Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы не оның орнын басатын тұлға қол қояды және мөртаңбамен расталады.
      Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау туралы бұйрық шығарылған күні ҚР ҚМ интернет-ресурсында орналастырылады.
      ҚР ҚМ интернет-ресурсында оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі ретінде тұлғаны тағайындау туралы бұйрық орналастырылған сәттен бастап, тұлға өзінің өкілеттігін орындауға кіріскен болып есептеледі.
      Бұйрық екі данада шығарылады, оның біреуі шығарылған күні оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушы және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелуге өтініште көрсетілген пошталық мекенжай бойынша хабарландыруы бар тапсырыс хатпен жіберіледі, не өтініш берушінің келісімімен электрондық поштаның (E-mail) мекенжайына жіберіледі не бұйрықтың екінші данасына алғаны туралы қол қоюымен қолма-қол тапсырылады.
      Бұйрықтың екінші данасы Комитеттің аумақтық бөлімшесінде сақталады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

3. Сырттай байқау әкімшісін, оңалтушы және конкурстық
басқарушыларды шеттету тәртібі

      10. Комитеттің аумақтық бөлімшелері оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін жүктеген өкілеттіктерін орындаудан мынадай:
      1) кредитордың немесе борышкердiң мүдделерiне залал келтiрген олардың Заңда белгiленген талаптарды бұзушылықтары тексеру нәтижелерi бойынша анықталған;
      2) өз өкiлеттiктерiн орындау: қайтыс болуы; бiр айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздығы; сот тәртiбiмен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабарсыз кеткен деп танылуы не қаза болған деп жариялануы; оларға қатысты соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi салдарынан мүмкiн болмаған;
      3) тiркелу кезiнде олардың дәйексiз мәлiметтердi ұсыну фактiсi анықталған;
      4) өзi тағайындалғаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде кредиторлар комитетiмен келiсiм жасамаған не кредиторлар комитетiмен жасалған келiсiм бұзылған жағдайларда дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетуге тиiс.
      10-1. Сот оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарған сәттен бастап оңалтушы басқарушы борышкердің мүлкі мен істерін басқарудан шеттетіледі.
      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      10-2. Оңалту рәсімі барысында осы Қағиданың 10 және 10-1-тармақтарында көрсетілген жағдайлар анықталған кезде Комитеттің аумақтық бөлімшесі ол туралы кредиторларды хабардар етеді.
      Кредиторлар жиналысы уәкілетті органда тіркелген тұлғалар арасынан оңалтушы басқарушының кандидатурасын үш жұмыс күн ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
      Комитеттің аумақтық бөлімшесі кредиторлармен кандидатура ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде оңалтушы басқарушыны тағайындайды.
      Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      11. Осы Қағиданың 10-тармағының 1-тармақшасында көзделген негiздер бойынша оңалтуды және (немесе) конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан бiр жыл iшiнде бiрнеше рет шеттету және (немесе) осы Ережесінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген негiздердiң бiрi бойынша шеттету оларды барлық борышкерлерге қатысты көзделген өкiлеттiктердi орындаудан бiр мезгiлде шеттетуге әкеп соғады.
      12. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі Комитеттің аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетіледі (босатылады).
      13. Конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілген немесе босатылған жағдайда, олар туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына енгізіледі.
      Оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшілерін шеттету туралы бұйрық қабылданған күні ҚР ҚМ интернет-ресурсында орналастырылады.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      14. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшісі жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттетілген немесе босатылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей (бар болған кезде) борышкердің құрылтайшы, қаржы және оның мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарын, қоса алғанда барлық құжаттарын, барлық мүліктерін (активтерін), сондай-ақ борышкердің мөртаңбасын қайта тағайындалған оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сырттай байқау әкімшісіне немесе борышкердің басшысына борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану, банкрот деп тану, сырттай байқауды енгізу туралы сот актілері жойылған кезде беруге міндетті.
      15. Тиісті қызметті жүзеге асыратын оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшілері туралы мәліметтер осы Қағиданы қолданысқа енгізгенге дейін қандай тәртіпте болса, солай тиісті Тізілімге көшіріледі.
      Оңалту, конкурстық іс жүргізу және сырттай байқау рәсімінде жұмыспен қамтылмаған тұлғалар туралы мәліметтер тиісті Тізілімнің соңына көшіріледі.
      Осы Қағида күшіне енгенге дейін өз іс-әрекетін тоқтатқан тұлғалар туралы мәліметтер тоқтату мерзімі біткеннен кейін сәйкесінше Тізілімне қосылады.

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына   
1-қосымша            

      Ескерту. 1-қосымша жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Нысан

________________ оңалтушы басқарушыны тағайындау тiзiлiмi
(күні)                                         


р/с

Оңалтушы басқарушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Оңалтушы басқарушының салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)

Борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Борышкердің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

Оңалту жоспарын бекіту туралы (борышкер мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы) ұйғарымның/кредиторлар жиналысы хаттамасының күні және нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тізілімді жасаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына    
2-қосымша          

Нысан

_________________ конкурстық басқарушыларды тағайындау тiзiлiмi
(күні)                                                 


р/с

Конкурстық басқарушының аты-жөні

Конкурстық басқарушының ЖСН

Борышкердің атауы/аты-жөні

Борышкердің БСН (ЖСН)

Борышкерді банкрот деп тану туралы шешімнің күні, нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тiзiлiмдi жасаған лауазымды адамның аты-жөні

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына    
3-қосымша         

Нысан

__________________ сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тiзiлiмi
(күні)                                                


р/с

Сырттай байқау әкiмшiсiнiңаты-жөні

Сырттай байқау әкiмшiсiнiң ЖСН

Борышкердің атауы/аты-жөні

БорышкердіңБСН (ЖСН)

Сырттай байқау рәсімін енгізу туралы істі қозғау туралы ұйғарымның күні, нөмірі

Тағайындау туралы бұйрықтың күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тiзiлiмдi жасаған лауазымды адамның аты-жөні

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына     
4-қосымша             

      Ескерту. 4-қосымша жаңа рнедакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.09 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен  кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Нысан

Оңалтушы басқарушыны тағайындау туралы

БҰЙРЫҚ

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және ____________________ оңалту жоспарын бекіту туралы (борышкер        (борышкердің атауы)
мүлкінің меншік иесінің, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкер мүлкі мен істерін басқару құқығының күшін жою туралы) ______________ облысы (қаласы) ____________ сотының 201 ___ жылғы « » _____________ ұйғарымының/кредиторлар жиналысы хаттамасының негізінде,

БҰЙЫРАМЫН:

      1. _________________________________ оңалтушы басқарушысы болып
(борышкердің атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бизнес-сәйкестендіру нөмірі, (жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ тағайындалсын.
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
      2. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы талаптарына сәйкес оңалтушы басқарушының міндеттерін атқару __________________________________________________________ жүктелсін.
      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)толық)

      3. Оңалтушы басқарушысы _______________________________________
                           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)толық)
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ___________________________
                                         (лауазымды тұлғаның (тегі,
_____________________________________________________________________
          аты, әкесінің аты (бар болса) (толық), лауазымы)
жүктелсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті
аумақтық бөлімшесінің басшысы ________________________ ______________
                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)    (қолы)

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау
және шеттету қағидасына     
5-қосымша             

Нысан

Конкурстық басқарушыны тағайындау туралы

БҰЙРЫҚ

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және ______________________ банкрот деп тану туралы _____________________________________________________________
                     (борышкердің атауы)
облысы (қаласы) сотының 201 __ жылғы «___» ______ _______ шешiмiнiң негiзiнде,

БҰЙЫРАМЫН:

1.______________________________________ конкурстық басқарушысы болып    (борышкердiң атауы/аты-жөні, БСН (ЖСН)
______________________________________________________ тағайындалсын.
            (тегі, аты-жөнi толық)
2. _________________________ Қазақстан Республикасы банкроттық туралы
     (тегі, аты-жөнi толық)
заңнамасының талаптарына сәйкес конкурстық басқарушының мiндеттерiн атқару.
3. Конкурстық басқарушы ______________________ Қазақстан Республикасы
                        (тегі, аты-жөнi толық)
банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау _________________________________
                              (лауазымды тұлғаның аты-жөнi, лауазымы)
жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті
аумақтық бөлімшесінің басшысы      __________________ _____________
                                        (аты-жөні)       (қолы)

Оңалтушы және конкурстық басқарушыны,
сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау және
шеттету қағидасына      
6-қосымша            

Нысан

Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау туралы

БҰЙРЫҚ

      «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес және _______________________ қатысты сырттай байқау рәсiмiн енгiзу туралы ________________облысы (қаласы) _______ сотының 201 __ жылғы «___» __________________________________________
                                    (банкроттың атауы)
шешiмiнiң негiзiнде,

БҰЙЫРАМЫН

1._____________________________________ сырттай байқау әкiмшiсi болып
(борышкердiң атауы/аты-жөні, БСН (ЖСН)
______________________________________________________ тағайындалсын.
               (тегі, аты-жөнi толық)
2. _________________________ Қазақстан Республикасы банкроттық туралы
    (тегі, аты-жөнi толық)
заңнамасының талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсiнiң мiндеттерiн атқару.
3. Сырттай байқау әкiмшiсi_____________________Қазақстан Республикасы
                         (тегі, аты-жөнi толық)
банкроттық туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау _________________________________
                              (лауазымды тұлғаның аты-жөнi, лауазымы)
жүктелсiн.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті
аумақтық бөлімшесінің басшысы      __________________ _____________
                                        (аты-жөні)       (қолы)