"Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрдің м.а. 2011 жылғы 30 қарашадағы № 705 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7365 тіркелді

Қолданыстағы

      Жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауларды ұйымдастыруды одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 тамыздағы № 523 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7204 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 12 қазандағы № 148, 1964 «Заң» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға автомобильмен тасымалдаушыға рұқсат беру қағидасында:
      5-тармақта:
      6) және 7) тармақшалары алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н. Барменқұлов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   А. Бектұров

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Бәсекелестікті қорғау агенттігі
      төрағасының міндетін атқарушы
      (Монополияға қарсы агенттік)
      Н.Ә. Әбді ____________________
      2011 жылғы 6 желтоқсан