"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, оригинаторға мынадай талаптар белгіленсін:
1) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі жеке жылдық қаржылық есептілікке (бұдан әрі - қаржылық есептілік) сәйкес оның жарғылық капиталынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес кемінде бір жүз жетпіс бір мың есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне балама соманы құрайды;
2) аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес соңғы екі жылдың бір жылында таза пайданың болуы;
3) оригинатор левереджінің көлемі аудиторлық есеппен расталған, соңғы есепті күнгі қаржылық есептілікке сәйкес үш левереджден аспауы тиіс. Осы тармақшаның талабы қаржы ұйымдарына қолданылмайды;
4) "ВВ-" ("Stаndагd & Роог's" және "Ғіtсһ" рейтингілік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) төмен емес немесе "Ва3" ("Мооdу's Іnvestогs Servісе" рейтингілік агенттігінің жіктеуі бойынша) төмен емес рейтингілік бағасының, не жоғарыда көрсетілген рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасының болуы;
5) оригинатор мен ислам арнайы қаржы компаниясы арасындағы активтерді сатып алу-сату шарты жасалған немесе, оригинатор ислам арнайы қаржы компаниясының құрылтайшысы болған жағдайда, ол құрылған айдың алдындағы соңғы үш айда пруденциалдық нормативтерді сақтауы. Осы тармақшаның талабы қаржы ұйымдарына ғана қолданылады.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г.Марченко |