Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 қарашада № 7297 тіркелді.

Жаңартылған

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi бекітілсін (бұдан әрі - Әдістеме).

      2. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыру кезінде Әдістеме ережелерін басшылыққа алсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль және су көлігі департаменті (Б.А.Жансүгіров) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Камалиев

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
Министрінің
2011 жылғы 13 қазандағы
№ 614 бұйрығымен
бекітілген

Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау
жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 15.05.2015 № 581 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесi (бұдан әрі – Әдістеме) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерiн есептеудің бірыңғай әдiстемелік негізін қамтамасыз етуге арналған.

      2. Әдістеме тұрақты республикаiшiлiк (қалааралық облысаралықтан басқа) автомобиль тасымалдарына (бұдан әрі – тасымалдаушылар) қызмет көрсететін барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      Қалааралық облысаралық жолаушыларды тасымалдау тарифін тасымалдаушылар өздігінен бекітеді.

      3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауға тарифтермен байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы 2000 жылғы 22 ақпандағы № 38 конвенциямен (бұдан әрі – Конвенция), сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттеледі.

2-тарау. Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау тарифтерін белгілеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 05.12.2023 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңы және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылар осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделіне сәйкес қызмет көрсетілетін маршруттар бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға өздерінің есептік тарифтерін есептейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қалалық (ауылдық) маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны бес теңгеге еселік сомаға дейін математикалық дөңгелектеумен орташаланған тарифті негізге ала отырып, осы қаланың (ауылдың) барлық маршруттары үшін "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қырқүйектегі Заңының 13-бабымен айқындалған жолаушылардың жекелеген санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктерді ескере отырып, бірыңғай болып белгіленеді.

      6. Анықталған тарифтер және қала маңындағы (жеке елді мекендерге бағдарлануына байланысты) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік маршруттарға арналған тиісті қозғалыс кестесі бойынша аялдау пункттерінің арасындағы арақашықтық негізінде маршруттардың аялдау пункттерінің арасындағы жолаушылардың жол жүру құны белгіленеді және маршруттар бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 тіркелген) (бұдан әрі - Үлгі шарт) ақпаратқа сәйкес жол жүру құнының кестесі (тарифтік кесте) жасалады.

      7. Тұрақты маршруттарда багажды тасымалдау құны тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құнына багажда тасымалдау құнының еселік коэффициенттерін негізге ала отырып, осы Әдістемеге

      2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

      8. Тұрақты маршруттардағы жолаушылардың жол жүру құны және есептік тариф осы Әдістемеге 1-қосымшаның 2-тарауында және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларының 4-тарауында көзделген тасымалдаушының нақты шығындары оларға тәуелді емес баға факторлары бойынша 10%-дан астам өзгерген кезде, сондай-ақ маршруттың сипаттамаларына (рейс, автобустардың қозғалыс кестесі, маршруттың ұзақтығы, жылжымалы құрамды жаңарту) пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірілген есептеу тәртібімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде түзетіледі.

      Жолаушылардың тұрақты маршруттарда жол жүру құны және есептік тариф Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарына сәйкес жылына кемінде бір рет қайта қаралады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жаңадан ашылған тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру және багажды тасымалдау құны тасымалдаушылармен Үлгі шартқа сәйкес тиісті Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шартын жасасу күніндегі қолданыстағы орташаланған тарифті негізге ала отырып белгіленеді.

  Тұрақты маршруттар бойынша
жолаушылар мен багажды
тасымалдау жөнінде қызмет
көрсетуге тарифтер есептеу
әдістемесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.08.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Есептік тарифтерді белгілеу тәртібі

      1. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтерді қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделі (бұдан әрі – Модель) тұрақты маршруттардың автокөлік құралдарында жол жүру тарифтерін негіздеу бойынша есептеу технологиясының әдістемелік біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылады, бұл есептеулер біріздендірілген мынадай түрдегі экономикалық-математикалық модельдерді қолдану арқылы орындалады:



      формула (1)

      мұнда: Те – осы маршрут үшін есептік тариф;

      Зi – осы Модельдің 2-тарауында белгіленген тәртіппен есептелінетін шығыстардың барлық баптары бойынша (отын, электр энергиясы, жанармай материалдары, автокөлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, автошиналарды ауыстыру және жөндеу, жолақыны төлеу электрондық жүйесі операторының қызметі, автокөлік құралдарының амортизациясы, жүргізушілер мен кондукторлардың еңбек ақысы, үстеме шығыстар, автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері, осы маршрутқа қызмет көрсетуге арналған тасымалдаушының нормативтік (есептік) шығындарының жалпы жылдық немесе жылдың соңына дейін сомасы;

      Qr.нақты – осы Модельдің 3-тарауында белгіленген алдынғы жыл үшін тасымалданған жолаушылардың нақты саны;

      Qr.есеп – осы Модельдің 3-тарауында белгіленген алдыңғы екі ай және 12 айға көбейтілетін бір айдағы орташа саны шығарылады, тасымалданған жолаушылардың нақты санына сүйене отырып, болжамдалған жолаушыларды тасымалдау саны;

      Кр – 1,15 тең осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша тасымалдаушы шығындарына есептік рентабелділігі коэффициенті (15% ретінде қолданылады);

      Тасымалдаушының қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) ескере отырып шеккен шығыстары тарифті есептеу кезінде ҚҚС қоса ескеріледі.

      ҚҚС әлеуметтік маңызы бар маршрутта пайдаланылатын автокөлік құралдарының амортизациясына байланысты тасымалдаушының шығындарына қолданылады.

      ҚҚС айқындау үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ҚҚС жарнасы қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірген есептеу тәртібі

      2. Тұрақты автобус маршрутына қызмет көрсетуге шығындардың баптары бойынша нормативтік пайдалану шығыстарының ірілендірілген есептеулері мынадай тәртіпте орындалады:

      1) осы маршрутқа қызмет көрсетуге пайдаланылатын автокөлік құралдарының жалпы жүрісіне есептелген автомобиль отынына/электр энергиясына/газға/сутегіге жұмсалатын шығыстар есептік тарифтерді жүзеге асыру күніне белгіленген қолданыстағы барлық әдістемелерді және 1 литр бензиннің (дизельді отынның, газдың)/1 киловатт электр энергиясының/1 килограмм сутегінің бөлшек құнын ескере отырып, 100 км-ге жұмсалатын отынның электр энергиясының базалық нормасына сүйене отырып белгілейді (осы бөлшек сауда бағасы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тарифті анықтаудың дұрыстығы расталғанға дейін жарамды):

      Зт=0,01 х Lжалпы х (НТ х ЦТ + НЭ х ЦЭ) х КН,

      формула (2)

      мұнда: Зо – автомобиль отыны/электр энергиясы/газ/сутегі шығындары;

      0,01 – 100 км-ден 1 км-ге отын шығындарын есептеу;

      Lжалпы – формула бойынша есептелген маршрутқа қызмет көрсету кезінде автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісі;

      Жазғы және қысқы кезеңдердегі маршрут кестесінің әртүрлі мәндерімен және (немесе) маршрут толық емес күнтізбелік жыл ішінде жұмыс істейді, содан кейін жанармай құны маршрут кестесіне сәйкес жазғы және қысқы жүрістерді ескере отырып анықталады.

      Шығ. жаз = 0,01 х Lж.ж. х НТ х Цл.т. х КНл.

      формула (3)

      Шығ.қыс = 0,01 х Lж.қ. х НТ х Цз.т. х КН з.

      формула (4)

      Шығ. = отын шығ.ж. + отын шығ.қ.

      формула (5)

      мұнда: отын шығ.жаз, - жазғы автомобиль отынының құны;

      Шығ., - қысқы мотор отынының құны;

      Lж.l - жазда автокөліктердің жылдық жүрісі;

      Lж.c. - қыста автокөліктердің жылдық жүрісі;

      KНж., KНқ. - трассадағы (жазғы, қысқы) көлік құралдарын пайдаланудың нақты жағдайлары үшін базалық мөлшерлемеге үстемеақылардың жиынтық коэффициенті.

      НТ - көліктің 100 километріне литр/киловатт/килограммдағы отын шығынының негізгі нормасы;

      Дизель отынын (бензинді)/газды тұтынудың базалық нормасы мен жинақталған үстеме коэффициенті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына (бұдан әрі – Отын шығынының нормасы) сәйкес анықталады;

      Электрлік автобустар үшін 100 километрге сағатына киловатт электр энергиясын тұтыну нормасы және ол үшін жалпы қосымша ақы коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады.

      Отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін 100 километрге сағатына килограмм сутегі отынын тұтыну нормасы және ол үшін жалпы қосымша ақы коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады

      Цо – дизельдік отынның (бензиннің)/газдың/электр энергиясының/сутегінің бағасы.

      Дизельдік отынның (бензиннің)/газдың/сутегінің бағасы мына формула бойынша анықталады:



      формула (6)

      мұнда: Мзим., Млето – Ккл (коэффициент климаттық) мәнін анықтайтын Отынды шығындау нормаларының 10-шы кесте бойынша кезеңдер шегінде өңір бойынша анықталған бір жылдағы қысқы және жазғы айлар саны.

      Цз.т., Цл.т. - тариф есептеу күніне отынның дара құны (жазғы және қысқы).

      Жазғы кезеңде тарифті есептеу кезінде өткен қысқы кезеңнің соңғы айында басым болған қысқы отынның 1 литрінің/1 килограммның бөлшек сауда бағасы облыс бойынша отын шығынының құнын анықтайтын 10-кестеге сәйкес кезеңдерде айқындалады. Kcl (климаттық коэффициент), негіз ретінде алынады.

      1 кВт электр энергиясының бағасы тарифті есептеу күніндегі электр энергиясының тарифіне сәйкес қолданылады.

      Маршрутқа отынның әртүрлі түрлері бар автокөлік құралдары қызмет көрсететін және/немесе автокөлік құралдары бір отынның бірнеше көздерін пайдаланған кезде, автомобиль жанармайының жалпы құны осы мәндердің одан әрі қосындысымен отынның әрбір түрі үшін жеке анықталады.

      Lжалпы = Др х (n х lра + lо),

      формула (7)

      мұнда: Lжалпы – автокөліктердің жалпы жылдық жүгірісі;

      Др – маршруттың бір жылдағы қызмет көрсету күндерінің саны (жергілікті атқарушы органдар бекіткен маршрут кестесіне сәйкес айқындалады);

      n – маршрут бойынша күндізгі сапарлар саны (демалыс, мереке, жұмыс күндеріне байланысты жылдағы бару жол ының айырмашылығымен, жылдың маусым дылығымен, олардың орташа мәні алынады;

      lра – маршруттағы рейстер айналымының арақашықтығы, км;

      lо – күн сайынғы нөлдік жүріс, км.

      Жұмыс күндері, демалыс және мереке күндеріндегі маршрут сипаттамаларының көрсеткіштерінің әртүрлі мәндері болған жағдайда, автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүгірісі осы мәндердің қосындысымен жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері үшін бөлек анықталады.

      2) майлау материалдарының шығыстары автомобиль отын шығыстарынан 10%-на тең:

      Зжм = Зо х 0,1

      формула (8)

      мұнда: Зжм – майлау материалдарының шығындары;

      Электробустар, отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін майлау материалдарының шығыны Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады.

      3) жөндеу жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар автокөлік құралдары құнынан 10% (пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автокөлік құралдары үшін), 15% (пайдалану мерзімі 3 жылдан 7 жылға дейінгі автокөлік құралдары үшін) және 20% (пайдалану мерзімі 7 жылдан астам автокөлік құралдары үшін) ретінде қабылданады. Бұдан:

      Зжт = Кжт * Ам * Кр * Ц

      формула (9)

      мұнда: Зжт – жөндеу жұмыстарына және техникалық қызмет көрсетуге шығындар;

      Кжт – автокөлік құралдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған шығыстар;

      Ам – кесте бойынша маршрутқа бір күнге автокөлік құралдарының саны;

      Жұмыс күндері, демалыс және мереке күндеріндегі кестеге сәйкес маршруттағы тәуліктік автокөлік құралдары санының әртүрлі мәндерімен олардың орташа мәні алынады.

      Кр – автокөлік құралдары резервінің коэффициенті (маршрутта бекітілген автокөлік құралдарының жалпы санының шығындарды есептеу үшін 1,2-ге тең кесте бойынша маршрутқа жеткізілуге жататын автокөлік құралдарының санына қатынасы;

      Ц – маршрутта тіркелген автокөлік құралдарының орташа құны, теңгемен.

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған жаңа, сондай-ақ лизинг шарты бойынша уақытша иеленудегі және пайдаланудағы автокөлік құралдары үшін бұл сатып алу күнінен бастап үш жылға дейінгі сатып алу құны болады.

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған, сондай-ақ лизинг шарты бойынша уақытша иеленудегі және пайдаланудағы автокөлік құралдарын бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар оларды сатып алған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жүргізеді.

      Лизинг шарты бойынша уақытша иеленудегі және пайдаланудағы автокөлік құралдарын қайта бағалау тасымалдаушының көлік құралдарын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсаған шығындарын өтеу үшін ғана жүргізіледі.

      Қайталама нарықта сатып алынған автокөлік құралдары, сондай-ақ жалға алынған автокөлік құралдары үшін – бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындайтын орташа нарықтық құн.

      Қайталама нарықта сатып алынған автокөлік құралдарына өндіруші немесе ресми дилер болып табылмайтын тұлғадан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған, сондай-ақ лизинг шарты бойынша немесе жалға алынған уақытша иеленудегілерге және пайдаланудағыларға жатпайтын автокөлік құралдары жатады.

      Бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындаған автокөлік құралдарының құны ол анықталған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады;

      Электр-бустар, отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары үшін жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығыстары Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады;

      4) маршруттағы автокөлік құралдарының жылдық жүрісі үшін шиналарды пайдалану шығындары формула бойынша анықталады:



      формула (10)

      мұнда: Зш – автошинаға шығындар;

      Цш – шинаның бір жинағын (шина, түтік, жиек таспасы) есептеу кезінде теңгемен сатып алу бағасы (осы сатып алу бағасы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес тарифті анықтаудың дұрыстығы расталғанға дейін жарамды);

      m – көліктегі дөңгелектер саны (қосалқы доңғалақсыз).

      Lжалпы – маршрутқа қызмет көрсету кезінде автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісі;

      ш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасы Отын шығысының нормасына сәйкес анықталады, км;

      Кш – автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасын түзету коэффициенті отын шығысының нормасына сәйкес анықталады;

      Электр-бустар, отын ретінде сутегіні пайдаланатын автокөлік құралдары автошиналарының жүрісі үшін жұмыс нормаларын түзету коэффициенті Өндіруші зауыттың деректері бойынша анықталады;

      5) маршрутта бекітілген автокөлік құралдары бойынша амортизациялық аударымның жылдық сомасы олардың жалпы жүрісіне есептегенде мынаған тең:

      За = 0,15 * Ам * Кр * Ц

      формула (11)

      мұнда: За – амортизация шығындары;

      0,15 – автокөлік құралдары үшін амортизациялық аударым мөлшерлемесі 15% (жалға алынған автокөлік құралдарына қолданылмайды);

      Кр – автокөлік құралдары резервінің коэффициенті (маршрутта бекітілген автокөлік құралдарының жалпы санының шығындарды есептеу үшін 1,2-ге тең кесте бойынша маршрутқа жеткізілуге жататын автокөлік құралдарының санына қатынасы;

      Ц – маршрутта тіркелген автокөлік құралдарының орташа құны, теңгемен;

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған жаңа, сондай-ақ лизинг шарты бойынша уақытша иеленудегі және пайдаланудағы автокөлік құралдары үшін бұл сатып алу күнінен бастап үш жылға дейінгі сатып алу құны болады.

      Өндірушіден немесе ресми дилерлер арқылы сатып алынған, сондай-ақ лизинг шарты бойынша уақытша иеленудегі және пайдаланудағы автокөлік құралдарын бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, оларды сатып алған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жүргізеді.

      Қайталама нарықта сатып алынған автокөлік құралдары үшін – бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар анықтайтын орташа нарықтық құн.

      Қайталама нарықта сатып алынған автокөлік құралдарына өндіруші немесе ресми дилер болып табылмайтын тұлғадан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алынған, сондай-ақ лизинг шарты бойынша немесе жалға алынған уақытша иеленудегілерге және пайдаланудағыларға жатпайтын автокөлік құралдары жатады.

      Бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар айқындаған автокөлік құралдарының құны ол анықталған күннен бастап үш жыл бойы қолданылады.

      Жалға алынған автокөлік құралдарының амортизациялық аударымдары есептелмейді;

      6) маршрутқа қызмет көрсету бойынша жүргізушілер мен (және) кондукторлардың (автокөлік құралдарының экипаждары) жалақысының жалпы жылдық сомасы мынадай формула бойынша анықталады:

      Зжа = ( Мр * ( Zв * Nв + Zк * Nк ) * Ам * К ) * 1,2

      формула (12)

      мұнда: Зжа – жалақы шығындары;

      Мр – бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілетін айлардың саны (жыл бойы және күнделікті жұмысымен Мр = 12);

      Zв – автокөлік құралы жүргізушісінің орташа айлық жалақысы өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасы бойынша көлік және қоймалау саласындағы бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысының (бұдан әрі – ОАНЖ) деңгейіне қатысты белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бойынша ОАНЖ-дан жоғары ОАНЖ бар өңірде өтінім берудің алдындағы тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы тіркелген осы өңір бойынша ОАНЖ қолданылады.

      Zк – кондуктордың орташа айлық жалақысы жүргізушінің жалақысының 70% деңгейінде белгіленеді;

      Nв/к – маршрутта әр автокөлік құралдарына бекітілген жүргізушілердің (кондукторлардың) нормативтік саны мына формуламен анықталады:

      Nв/к = Тжыл / ЖУБр / Ам

      формула (12-1)

      мұндағы: Тжыл - бір жылдағы жұмыс уақытының жалпы саны, сағат;

      ЖУБр - бір жылға арналған жұмыс уақытының есептік балансы (40 сағат, бес күн), сағат;

      Тжыл = Трейс + Тнөл + Тдқж

      формула (12-2)

      мұндағы: Трейс - рейстегі жұмыс уақыты, сағат;

      Тнөл - нөлдік жүріс уақыты, сағат;

      Тдқж - дайындық-қорытынды жұмыстарға уақыт, сағат;

      Трейс = n * tайн, * Др

      формула (12-3)

      мұндағы: tайн - бір айналым уақыты, сағат;

      Тнөл = Lо / Vнөл * Др

      формула (12-4)

      мұндағы: Vнөл - нөлдік жүгірістегі қозғалыстың орташа жылдамдығы, км / сағ (30 км/сағ);

      Тдқж = tдқ * Ам * Др

      формула (12-5)

      мұндағы: tдқ - күніне 1 автобусқа дайындық-қорытынды уақыт, (20 минут);

      ЖУБр = ЖУБ – ( Кдем * t )

      формула (12-6)

      мұндағы: Кдем - демалыс күндерінің саны, күндер;

      ЖУБ – бір жылға жұмыс уақытының балансы (40 сағат, бес күн), сағат;

      t – тәулігіне жұмыс уақытының ұзақтығы, сағат;

      К - тасымалдаушының деректерімен расталатын қолданыстағы заңнамаға сәйкес мөлшерлемелер бойынша жұмыс беруші жалақыдан төлейтін салықтар мен аударымдарды (әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) ескеретін коэффициент;

      1,2 – еңбекке жарамсыз демалысы, еңбек демалысы, оқу демалысындағы қызметкерлердің есептеулерін ескеретін түзету коэффиценті;

      Жүргізушілерге және (немесе) кондукторларға жалақы төлеу фактісі қызметкерлерге еңбекақы төлеу туралы актінің үзінді көшірмемен расталады;

      7) үстеме шығыстардың нормативті сомасы осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша шығындардың тікелей баптарының жиынтық сомасының пайызын құрайды және мына формула бойынша айқындалады:

      Зү = П * (Зт + Зжм + Зжт + Зш + За + Зжа)

      формула (13)

      мұнда: Зү – үстеме шығыстар шығындары;

      П – үстеме шығыстардың нормативті сомасының пайызы осы Модельге қосымшасына сәйкес үстеме шығыстарды есептеу сомасының расталатын көлеміне қарай 20%-ға дейін құрайды.

      Жергілікті атқарушы органдар субсидия төлеуді жүзеге асырған кезде тасымалдаушы жұмсалған үстеме шығыстарды құжатпен растайды.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.05.2024 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Маршрутқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың жалпы сомасы (Зі) шығыстар баптары бойынша есеп айырысу нәтижелерін жинақтаумен айқындалады:

      Зi = Зт + Зжм + Зжт + Зш + За + Зжа + Зү + Засп + Зэсоп + Здисп

      формула (14)

      мұнда: Засп – автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметін есепке алатын шығындар;

      Зэсоп - жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі операторының қызметтерін ескеретін шығындар (тасымалдаушы осы қызметке ақы төлеген кезде);

      Здисп - диспетчерлеу жүйесі операторының қызметтерін ескеретін шығындар (тасымалдаушы осы қызметке ақы төлеген кезде).

      Засп = 0 үшін қалалық маршруттар үшін, өйткені қалалық маршруттарды тасымалдаушылар автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтерін пайдаланбайды.

      Алынған нәтиже тұрақты маршруттың автокөлік құралында жолаушының жол жүру тарифін есептеудің (1) формуласына ауыстырылады.

      Ескерту. Әдістеме 3-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.05.2024 № 166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Жолаушыларды тасымалдау санын жалпы жылдық және жылдың соңына дейінгі (болжанатын) ірілендірілген есептер тәртібі

      4. Айлар бойынша есептеуден шығатын жолаушыларды тасымалдау санын жалпы жылдық (болжанатын) ірілендірілген есептер мынадай тәртіпте орындалады:

      1) жаңадан ашылған тұрақты маршрут бойынша жолаушылар ағынының болжамды көлемі (саны) екі ай ішінде жолаушыларды нақты тасымалдаған санының нәтижелері бойынша айқындалады және формула бойынша айқындалады:

      Qr.есеп = (Q 2ай/2) х 12;

      формула (15)

      мұнда: Qr.есеп – маршруттағы жолаушылар тасымалының жалпы болжамды жылдық көлемі;

      Q3ай – 2 айдағы нақты тасымалданған жолаушылар саны;

      12 – жылдағы айлар саны;

      2) қолданыстағы маршруттағы бір жылда тасымалданған жолаушылардың болжамды көлемі (саны) аталған маршрут бойынша өткен жылдың тасымалданған жолаушылар көлеміне сүйене отырып анықталады және

      Q r.нақты ретінде пайдаланылады.

      Алынған нәтиже тұрақты маршрут автобусында жолаушылар жүрісіне тарифті есептеу формуласына (1) ұсынылады.

4-тарау. Есептік тарифті анықтау кезінде пайдаланылатын материалдар және ақпарат

      5. Маршрут бойынша бастапқы деректер:

      1) жүрудің бастапқы және соңғы пункті бойынша маршруттың нөмірі мен атауы;

      2) маршруттардағы тікелей (алымындағы) және кері (бөліміндегі) бағыттардағы маршрутаралық пункттердің саны;

      3) маршруттың тікелей және кері бағыттардағы ұзақтығы;

      4) маршруттағы тікелей және кері бағыттардағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығы;

      5) жұмыс күндері, демалыс және мереке күндеріндегі бару саны;

      6) рейстер айналымын орындауға арналған кесте бойынша уақыт;

      7) жолаушылар ағыны (есептеу, болжам бойынша);

      8) маршруттағы жұмыстың басталуын және аяқталуын көрсетумен жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша жұмыс істеу уақыты;

      9) жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша маршруттағы автокөлік құралдарының саны;

      10) маршруттағы жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша автокөлік құралдары қозғалысының аралығы;

      11) маршруттағы жолаушылардың отыруы үшін және жалпы орны бойынша автокөлік құралдарының паспорттық сыйымдылығы (жинақтаушы алаңның сыйымдылығын ескере отырып);

      12) автокөлік құралдарының маркасы (маршруттар тізіліміне сәйкес).

      6. Тасымалдаушы маршрут бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы растаушы құжаттарды пайдаланады:

      1) билеттерді өткізу бойынша есеп;

      2) жолаушыларды тасымалдаудан түсетін қаржылық қаражаттар туралы есеп.

  Тұрақты маршруттар бойынша
жолаушылар мен багажды
тасымалдау жөнінде қызмет
көрсетуге тарифтер есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Тұрақты маршрутта багаж тасымалдау құнының жолаушыларды тасымалдау құнына еселік коэффициенттері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.08.2020 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдаудың тұрақты маршрут түрі

Жолаушыларды тасымалдау құнына багаждың бір орны үшін тарифтің еселігі

Қалалық

1,0

Қала маңылық

0,2

Ауданішілік және ауданаралық (облысішілік қалааралық)

100 километрге дейін

0,2

500 километрге дейін

0,15

500 километрден жоғары

0,10

  Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдау тарифтерін
қалыптастырудың
экономикалық-
математикалық моделіне
қосымша

Үстеме шығыстар

      Ескерту. Әдістеме қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.09.2024 № 304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Өндіріс шығындарына жатқызылатын салықтар мен алымдар (қосылған құн салығы мен корпоративтік табыс салығынан басқа).

      2. Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, сондай-ақ жұмыскерлерді жүргізушілердің және (немесе) кондуктор-бақылаушылардың, жылжымалы құрамға қызмет көрсететін тасымалдаушының өндірістік-техникалық персоналының еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға арналған шығыстар.

      3. Жүргізушілерден, кондукторлардан және автокөлік құралдарына жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүргізетін қызметкерлерден басқа, тасымалдауды ұйымдастыруға тартылған тасымалдаушы қызметкерлерінің жалақысына арналған шығыстар.

      4. Автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өтуге арналған шығыстар.

      5. Тасымалдау процесіне тартылған әкімшілік ғимараттар мен өндірістік-техникалық база объектілері бойынша коммуналдық төлемдерге арналған шығыстар.

      6. Әлеуметтік маңызы бар маршруттарда тасымалдау процесіне тартылған тасымалдаушының әкімшілік ғимараттары мен өндірістік-техникалық базасының объектілері бойынша жалға алу, амортизация (автокөлік құралдарынан басқа), жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және жарықтандыру, күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу шығыстары.

      7. Жүргізушілердің және (немесе) кондуктор-бақылаушылардың, жылжымалы құрамға қызмет көрсететін тасымалдаушының әкімшілік-басқару және өндірістік-техникалық персоналын даярлауға және біліктілігін арттыруға, еңбекті және қауіпсіздік техникасын қорғауға арналған шығыстар.

      8. Әкімшілік ғимараттар мен өндірістік-техникалық база объектілері, жылжымалы құрам бойынша өртке қарсы іс-шараларға арналған шығыстар.

      9. Тасымалдаушының өндірістік-техникалық және әкімшілік-басқару персоналы үшін кеңсе тауарларына арналған шығыстар.

      10. Тасымалдау процесіне байланысты тасымалдаушы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі іссапарларға арналған шығыстары.

      11. Кәсіпорындардың қауіпсіздігін және әкімшілік ғимараттар мен өндірістік-техникалық база объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін күзетті ұстауға арналған шығыстар.

      12. Автоинформаторларды, Бейнебақылау жүйелерін ұстауға арналған шығыстар.

      13. Жабдықтарды, станоктарды, стенділерді, электр қозғалтқыштарды, көтергіштерді, күш және технологиялық жабдықтарды, шығыс материалдарын, қосалқы бөлшектер мен майлау материалдарын ұстауға және жөндеуге арналған шығыстар.

      14. Тез тозатын құралдар мен жабдықтарды жөндеуге және қалпына келтіруге арналған шығыстар.

      15. Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге арналған қосалқы материалдарға (оттегі, ацетилен, кальций карбиді, сүрту материалдары) арналған шығыстар.

      16. Тасымалдау процесіне байланысты технологиялық қажеттіліктер үшін отын мен электр энергиясына арналған шығыстар.

      17. Шаруашылық және техникалық қызмет көрсету автомобильдерін, бензовоздарды, техникалық көмек автомобильдерін, қызметтік автокөлік құралдарын ұстауға арналған шығыстар (техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу үшін отын, майлау және пайдалану материалдары, автомобиль резеңкесін жөндеу, қалпына келтіруге және күрделі жөндеуге амортизация).

      18. Пайдалану, техникалық және өндірістік құжаттама бланкілеріне, жол парақтарына, автобус билеттеріне, түбіртектерге, билеттік құжаттама бланкілеріне, техникалық паспорттарға арналған шығыстар.

      19. Тасымалдау процесіне тартылған әкімшілік ғимараттар мен өндірістік-техникалық база объектілері бойынша қоқыс пен қарды әкетуге арналған шығыстар, шаруашылық мұқтаждарға арналған материалдар.

      20. Отынды, майлау материалдарын тасымалдауға және оларды сақтауға арналған шығыстар.

      21. Кәсіпорынның балансында тұрмайтын орталықтандырылған бухгалтериялар орындайтын жұмыстарға ақы төлеуге арналған шығыстар.

      22. Тасымалдаушының жылжымалы құрамын тасымалдау процесінде туындаған пайдаланылған өнімдер мен өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған шығыстар.

      23. Тасымалдаушының балансындағы және тасымалдау процесіне тартылған автокөлік құралдарын ерікті сақтандыруға арналған шығыстар.

      24. Тасымалдаушының теңгеріміндегі және тасымалдау процесіне тартылған машиналардың, жабдықтардың, жиһаздың, компьютерлік техниканың, аспаптардың және өзге де негізгі құралдардың амортизациясына арналған шығыстар.

      25. Тасымалдаушының теңгеріміндегі және тасымалдау процесіне тартылған машиналарды, жабдықтарды, жиһаздарды, компьютерлік техниканы, құралдарды және өзге де негізгі құралдарды ұстауға және ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар.

      Үстеме шығыстардың есептік сомасы есептік тариф айқындалатын әлеуметтік маңызы бар маршрутқа қызмет көрсетуге ғана қолданылады.