"Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 503 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қазанда № 7281 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 192 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 04.04.2014 № 192 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Б.Б. Бисенқұлов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;
      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетіне (Б.Б. Бисенқұлов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрінің  
2011 жылғы 26 қыркүйектегі 
№ 503 бұйрығымен    
бекітілген       

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді
қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын
адамдарды тіркеу»
мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

1. Негізгі ұғымдар

      1. Осы «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» қызмет көрсету регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.
      2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Техникалық қызмет департаментінің Автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйесі (бұдан әрі - ААІЖ) автоматтандырылған деректер банкі;
      2) сенімді тұлға - көлік құралын сенімхат бойынша басқаратын жеке тұлға.
      3. Мемлекеттік қызметті ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөліністері (бұдан әрі - ЖП ТЕБ) көрсетеді.
      4. Мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету:
      1) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 18-бабының;
      2) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы, 1-тармағы 18) тармақшасының;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1670 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт);
      4) «Көлік құралдарын сенімхат негізінде пайдаланатын адамдарды тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 504 бұйрығының негізінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) көрсетіледі.
      6. Көлік құралын сенімхат бойынша басқаратын адамды тіркеу және сенімхатта арнайы мөртабанды қою немесе қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ЖП ТЕБ жұмыс кестесі. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі (сейсенбі - жұма сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі сағат 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін). ЖП ТЕБ орналасқан жері туралы ақпарат Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      8. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
      1) Үкіметтің электрондық порталында;
      2) электрондық Үкіметтің порталында;
      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (www.mvd.kz);
      4) ІІМ Жол полициясы комитетінің «Заңнама» бөлімінде (www.zholpolice.kz);
      5) облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) веб-сайттарында, Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылған.
      9. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:
      1) сенімді адам қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1 сағаттан аспайды;
      2) сенімді адам жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызмет көрсетілгенге дейін кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты - 20 минуттан аспайды;
      3) өтініш иесі жүгінген күні жергілікті жерде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең жоғарғы шекті уақыты - 20 минуттан аспайды.
      10. Мыналар:
      көлік құралдары иесінің сенімхаттарды қайтарып алуы;
      өтініш иесінің немесе көлік құралының іздестіруде болуы;
      сенімхаттың әрекет ету мерзімінің өтуі мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттер
(өзара іс-қимылдар) тәртібінің сипаттамасы

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1) өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру;
      2) арнайы есептер бойынша тексеру;
      3) ААІЖ жүйесінде қажетті тіркеу деректерін жинау;
      4) сенімхатқа Теб-тің арнайы мөртаңбасын қою;
      5) сенімхат беру.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды бір адам, ЖП ТЕБ-тің жауапты қызметкері жүзеге асырады.
      13. Өтініш иесін тіркеуді жүзеге асыру үшін өтініш білдірген жағдайда ЖП ТЕБ қызметкері ұсынылған құжаттардың бұйрық талаптарына сәйкестігін тексереді.
      14. Қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
      2) көлік құралын пайдалану құқығына берілген сенімхат;
      3) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат.
      15. ЖП ТЕБ қызметкері бес минуттың ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Одан кейін ЖП ТЕБ қызметкері құжаттарды ЖП ТЕБ операторына жолдайды.
      ЖП ТЕБ операторы құжатты алғаннан кейін:
      1) көлік құралы иесінің және көлік құралдарының ААІЖ жүйесінде көлік құралын іздестіруде болуын тексереді;
      2) көлік құралы иесінің (көлік құралы иесінің өкілі) және көлік құралдарының ААІЖ жүйесінде электрондық есептерінің жұмыс істеуі үшін қажетті тіркеу деректерін жинауды жүзеге асырады.
      Көрсетілген іс-әрекеттер нәтижелері бойынша ЖП ТЕБ операторы құжаттарды ЖП ТЕБ қызметкеріне береді, ол адамды тіркегені туралы мөртаңба қояды және оны көлік құралының иесіне (иенің өкіліне) қайтарады.
      16. Құжатты тапсырғаннан кейін Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін тиісті құжаттарды тапсырғаны туралы тұтынушыға талон беріледі.
      17. Сенімхат пен құжаттар тексерілген адамға жеке басын куәландыратын құжат ұсынғаннан соң ЖП ТЕБ мемлекеттік қызмет көрсетілетін орында беріледі.
      18. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір әкімшілік іс-әрекетті (рәсімдер) орындау мерзімін көрсете отырып, құрылымдық-функционалдық бірлік (бұдан әрі - ҚФБ) әкімшілік іс-әрекеттердің реті және өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.
      19. Осы регламенттің 2-қосымшасында мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіндегі әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба келтірілген.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге  
асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік  
құралдарын сенімхат бойынша      
басқаратын адамдарды тіркеу»     
мемлекеттік қызмет регламентіне    
1-қосымша                

1-кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы

Негізгі процестің әрекеті (жұмыстың барысы, ағымы)

1

Әрекеттің (жұмыс барысы, ағымы) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

ЖПБ

ЖПБ

ЖПБ

3

Әрекеттің (процесс, рәсім, операция) атауы және олардың сипаттамалары

Өтініш иесінің құжаттар пакетін қабылдау және тексеру

ААІЖ жүйесінде қажетті тіркеу деректерін теру

Сенімхат беру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Арнайы есептер бойынша тексеру

Сенімхатқа арнайы мөртабан қояды


5

Орындау мерзімі

20 минут

20 минут

5 минут

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2

3


«Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын 
тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат
бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне           
2-қосымша                

Функционалдық өзара іс-қимыл жасасу сызбасы