Қазақстан Республикасындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 625-бабы 4-тармағын және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2014 № 144 және ҚР Өңірлік даму министрінің 31.03.2014 № 96/НҚ (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Қоса берілген Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. «Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 2 ақпандағы № 34 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 26 Бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6046 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 20 ақпанда № 63-65 (25911) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Экономикалық даму және сауда
______________ Б. Жәмішев министрінің м.а. ___________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 468,
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрнің м.а.
2011 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 302 бірлескен
бұйрығымен
бекітілген
Салық заңнамасының, сондай-ақ орындауын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының нормаларын орындау мәселелері жөніндегі жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау өлшемдері
1. Осы Өлшемдер жоспарлы салық тексерулерін жүргізу үшін өңірлер қимасында әрекет ететін салық төлеушілерді іріктеу мақсатында салық төлеушілерді тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.
1-1. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғаларды және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларын қоспағанда) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл ішінде жоспарлы тексерулер жүргізуге жол берілмейді.
Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2012.10.22 № 466 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.10.30 № 297 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бірлескен бұйрығы.
2. Осы Өлшемдер мынадай салық төлеушілерге:
1) коммерциялық емес ұйымдарға;
2) қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға;
3) арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлерге;
4) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар қолданылмайды.
3. Тәуекел өлшемдері бойынша баллдар салық төлеушілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша дифференциациялау үшін пайдаланылатын өлшемдердің барлығы бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін жинақталады.
4. Салық төлеушілерді тәуекелдер дәрежесі бойынша дифференциациялау былайша жүзеге асырылады:
тәуекел дәрежесі жоғары – 100 баллдан (қоса алғанда) және одан да жоғары;
тәуекел дәрежесі орташа – 50 баллдан (қоса алғанда) 100 баллға дейін;
тәуекел дәрежесі елеусіз – 50 баллға дейін.
5. Тәуекелдер дәрежесін бағалау Өлшемдері:
1) осы Өлшемдерге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес салық төлеушінің салықтық жүктемесінің коэффициенті салықтық жүктеме коэффициентінің орташа салалық мәнінен төмен:
25 пайызға аз болса - 5 балл;
25 пайыздан 50 пайызға дейін - 10 балл;
50 пайыздан 75 пайызға дейін - 20 балл;
75 пайыздан артық болса - 50 балл.
Кедендік төлемдерді қоспағанда, салықтық жүктеменің коэффициентін есептеу салықтық жүктеменің коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша анықталады;
2) жалған кәсіпорындармен, әрекет етпейтін салық төлеушілермен және тіркелуін сот заңсыз деп таныған салық төлеушілермен мәмілелерді, сондай-ақ сот кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жүзеге асырылған деп таныған мәмілелерді жүзеге асыру:
егер мәмілелер сомасы 500 мың теңгеге дейін болса – 5 балл;
егер мәмілелер сомасы 500 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін болса – 20 балл;
егер мәмілелер сомасы 10 миллион теңгеден жоғары болса – 60 балл;
3) нөлдік көрсеткіштері бар корпоративтік (жеке) табыс салығы немесе қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін тапсыру кезінде шот-фактуралар жазып беру:
қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген (тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыс), корпоративтік (жеке) табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілген айналым мен жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген сома арасындағы алшақтық 500 мың теңгеге дейін болса - 5 балл;
500 мың теңгеден 10 миллион теңгеге дейін болса – 10 балл;
10 миллион теңгеден артық болса – 50 балл;
4) еңбекақы төлеу қорының жылдық жиынтық табысқа қатынасы:
0,1 %-дан аз болса – 50 балл;
0,1 %-дан 0,5 %-ға дейін болса – 30 балл;
0,5%-дан астам 1 %-ға дейін болса – 10 балл;
5) салық төлеуші активтерінің жылдық жиынтық табысқа қатынасы:
0,1 %-дан аз болса – 50 балл;
0,1 %-дан 0,5 %-ға дейін болса – 30 балл;
0,5%-дан астам 1 %-ға дейін болса – 10 балл.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген өлшемдер жеке кәсіпкерлерге қатысты қолданылмайды.
6) егер басшы және (немесе) құрылтайшы, жеке кәсіпкер әрекет етпейтін салық төлеушілердің және тіркеуін сот заңсыз деп таныған кәсіпорындардың, сондай-ақ жалған кәсіпорындардың және сот олардың тіркелуін заңсыз деп таныған кәсіпорындардың, сондай-ақ сот мәмілелерін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасалған деп таныған салық төлеушілердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы болып табылса:
басшы және (немесе) құрылтайшы, жеке кәсіпкер әрекет етпейтін салық төлеушілердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы болып табылса – 10 балл;
басшы және (немесе) құрылтайшы, жеке кәсіпкер тіркелуі заңсыз деп танылған кәсіпорындардың басшысы және (немесе) құрылтайшысы болып табылса – 20 балл;
басшы және (немесе) құрылтайшы, жеке кәсіпкер сот мәмілелерін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жасалған деп таныған салық төлеушілердің басшысы және (немесе) құрылтайшысы болып табылса – 30 балл;
7) салық органдарында жылына екі рет және одан артық есептен шығару және есепке қою (бiр салық департаментінен есептен шығару және басқа салық департаментіне есепке қою) – 30 балл.
6. Салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы саны былайша бөлінеді:
1) салықтық тексерулер жоспарына енгізілетін салық төлеушілердің жалпы санының кемінде 80 пайызы жоғары дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге;
2) 15 пайызы орташа дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге, немесе жоғары дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге толық іріктеу болмаған жағдайда 15 пайыздан көбі;
3) кемінде 5 пайызы төмен дәрежедегі тәуекелге жатқызылған салық төлеушілерге жатқызылуы тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2012.10.22 № 466 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.10.30 № 297 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бірлескен бұйрығы.
7. Тәуекелдің бір тобының ішінде жоспарлы салықтық тексерулерді жүргізуге салық төлеушілерді іріктеу мынадай принциптер бойынша жүзеге асырылады:
1) жиынтық табысы 1 миллион теңгені және одан да астам құрайды;
2) берілген баллдардың неғұрлым жоғары сомасы;
3) берілген баллдардың сомасы бірдей болған жағдайда, тексеру үшін жылдық жиынтық табысының мөлшері көбірек салық төлеуші іріктеледі;
4) берілген баллдардың сомасы бірдей болған, сондай-ақ жылдық жиынтық табысының мөлшері бірдей болған жағдайда, тексеру жоспарына тексерілмеген салық кезеңі неғұрлым көбірек салық төлеуші енгізіледі.
8. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер салықтық тексерулер жоспарына осы Өлшемдердің 5-тармағында көзделген тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін қолдануына қарамастан енгізіледі.
Мониторингге жататын ірі салық төлеушілерді салықтық тексерулер жүргізу үшін іріктеу салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органдарының құрылымдық бөлімшелерінің штат санына және мұндай тексерулерді жүргізуде тиісті тәжірибесі бар қызметкерлер санына қарай өңірлер қимасында мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
1) тексерумен қамтылмаған салық кезеңі 4 және одан да көп жылды құраса;
2) жекелеген өңірде іріктеу нәтижесінде ірі салық төлеушілердің неғұрлым көп саны тексеруге жататын болған жағдайда, тексеру жүргізу үшін басымдықты жылдық жиынтық табысының мөлшері неғұрлым көбірек ірі салық төлеушілерге беру қажет.
Салық заңнамасының, сондай-ақ
орындауын бақылау салық қызметі
органдарына жүктелген Қазақстан
Республикасының өзге де
заңнамасының нормаларын орындау
мәселелері жөніндегі дара
кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
деңгейін бағалау өлшемдеріне
1-қосымша
Заңды тұлғалар (мониторингке жататын ірі салық төлеушілерді есептемегенде) бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша салықтық жүктеме коэффициенті
№ |
Атауы |
СЖК* орташа салалық мәні, % |
1 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
4,2 |
2 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
15,0 |
3 |
Өңдеу өнеркәсібі |
6,2 |
4 |
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау |
5,2 |
5 |
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуына және таратылуына бақылау жасау |
7,7 |
6 |
Құрылыс |
5,1 |
7 |
Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу |
1,9 |
8 |
Көлік және жинақтау |
6,1 |
9 |
Тұру және тамақтану жөнінде қызмет көрсету |
7,8 |
10 |
Ақпарат және байланыс |
9,1 |
11 |
Қаржы және сақтандыру қызметі |
5,0 |
12 |
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар |
7,1 |
13 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
12,7 |
14 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет |
10,5 |
15 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету |
11,8 |
16 |
Білім беру |
14,5 |
17 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер |
8,6 |
18 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
13,0 |
19 |
Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну |
9,0 |
20 |
Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі |
2,1 |
21 |
Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі |
44,5 |
* - Салықтық жүктеме коэффициенті
Салық заңнамасының, сондай-ақ
орындауын бақылау салық қызметі
органдарына жүктелген Қазақстан
Республикасының өзге де
заңнамасының нормаларын орындау
мәселелері жөніндегі дара
кәсіпкерлік саласындағы тәуекелдер
деңгейін бағалау өлшемдеріне
2-қосымша
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер жөніндегі экономикалық қызмет түрлері бойынша салықтық жүктеме коэффициенті
№ |
Атауы |
СЖК* орташа салалық мәні, % |
1 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
2,6 |
2 |
Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
12,2 |
3 |
Өңдеу өнеркәсібі |
2,5 |
4 |
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау |
3,5 |
5 |
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуына және таратылуына бақылау жасау |
4,1 |
6 |
Құрылыс |
2,4 |
7 |
Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу |
0,9 |
8 |
Көлік және жинақтау |
1 |
9 |
Тұру және тамақтану жөнінде қызмет көрсету |
2,6 |
10 |
Ақпарат және байланыс |
1,8 |
11 |
Қаржы және сақтандыру қызметі |
3,1 |
12 |
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар |
4,3 |
13 |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
4,5 |
14 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет |
2,8 |
15 |
Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету |
9,6 |
16 |
Білім беру |
1 |
17 |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер |
5 |
18 |
Өнер, ойын-сауық және демалыс |
3,5 |
19 |
Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну |
2 |
20 |
Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі |
17,4 |
21 |
Бұрынғы аумақтық ұйымдардың және органдардың қызметі |
3,3 |
* - Салықтық жүктеме коэффициенті