«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті (Т.М.Жантикин):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар Экономикалық даму
министрінің міндетін атқарушы және сауда министрінің
______________ А Рау міндетін атқарушы
__________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар
министрі міндетін атқарушының
2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 323
Қазақстан Республикасы Экономикалық
даму және сауда министрі
міндетін атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 311
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
Атом энергиясы саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің тексеру парағы
Органның атауы:_____________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті:__________________________________
Тексерілетін субъектінің атауы:_____________________________________
Ұйымның мекенжайы:___________________________________________________
№ р/с |
Талаптар |
Сәйкестігі |
Ескерту |
|
иә |
жоқ |
|||
1. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 270 қаулысымен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына және лицензиялау ережесіне сәйкестігі |
|||
2. |
Жүйелер мен жабдықтардың техникалық параметрлерінің, оларды пайдалану жағдайларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі N 683 қаулысымен бекітілген «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі |
|||
3. |
Жүйелер мен жабдықтардың техникалық параметрлерінің, оларды пайдалану жағдайларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі N 684 қаулысымен бекітілген «Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі |
|||
4. |
Жүйелер мен жабдықтардың техникалық параметрлерінің, оларды пайдалану жағдайларының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 768 қаулысымен бекітілген «Ядролық және радиациялық қауіпсіздік» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі |
|||
5. |
Атом энергиясын пайдаланатын объектілер жұмысшыларының жеке дозаларын есепке алуды қамтамасыз ету |
|||
6. |
Радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету |
|||
7. |
Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық жағынан қорғауды қамтамасыз ету |
|||
8. |
Ядролық материалдар мен иондандаушы сәуле шығару көздерін есепке алуды қамтамсыз ету |
|||
9. |
Авариялық әзірлікті қамтамасыз ету |