Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есепті қарау ережесінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Эмитент облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Мемлекеттік тіркелуі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру күніне дейінгі екі жылдан бұрын жүзеге асырылған заңды тұлғалар үшін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелуі эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болып табылады;
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша эмитент левереджінің мөлшері 2-ден аспайды;
3) осы шығарылымның облигациялары және эмитент Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген және сауда-саттықты ұйымдастырушы эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына қатысты, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына белгілеген талаптарға сәйкес келеді (егер эмитенттің және осы шығарылым облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжанған жағдайда);
4) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде қаржы ұйымдарының пруденциалдық нормативтерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының талаптары қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
Осы тармақтың 4) тармақшасының талаптары банктің акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде қолданылмайды. Осы Ереженің мақсаттары үшін банктің реттелген облигациялары ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) сәйкес анықталатын банктің реттелген борышы түсініледі.»;
5-1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) эмитенттің атауы, оның тұрғылықты орны, облигациялардың түрі, облигациялардың саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі өзгерген жағдайда облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) облигациялар саны өзгерген жағдайда облигациялар санын өзгерту жөніндегі шешім қабылданған күннің алдындағы күніне бағалы қағаздарды есепке алу үшін тіркеуші берген эмитенттің жеке шотынан үзінді көшірмесі.»;
төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Заңның 9-бабының 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген облигациялар шығарылымы проспектісіндегі (облигациялық бағдарлама) мәліметтер өзгерген жағдайда осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттардың:
осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан үзінді көшірменің;
эмитент осы шығарылымның барлық облигацияларын сатып алған жағдайда сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан үзінді көшірменің;
облигация ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің (барлық орналастырылған облигациялар бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайда жалғыз ұстаушы шешімінің) және облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізу туралы шешімді қабылдау күніндегі жағдай бойынша облигация ұстаушылар (сот шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда) тізілімінің көшірмелері қосымша беріледі.»;
5-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркейді және эмитенттің атауы, тұрғылықты жері, облигациялар саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі өзгерген жағдайда бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырады;»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, олардың бұрын шығарылған облигациялары қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде және:
1) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыстағы облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша уақтылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болып табылады;
3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде пруденциалдық нормативтерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы;
4) осы шығарылымның облигациялары және эмитент Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген және сауда-саттықты ұйымдастырушы эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына қатысты, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына белгілеген талаптарға сәйкес келеді (егер эмитенттің және осы шығарылым облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжанған жағдайда) деген талаптарды сақтаған кезде облигациялардың келесі шығарылымын жүзеге асырады;
Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтаған кезде, сондай-ақ мынадай:
жаңадан шығарылатын облигациялардың ипотекалық облигациялар болып табылуы;
уәкілетті органға облигациялардың келесі шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі бар болу;
уәкілетті органға облигациялардың келесі шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне банктің осы Ереженің 13-1-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі бар болу талаптарының біреуін сақтаған кезде облигациялардың келесі шығарылымын жүзеге асырады.
Осы тармақтың талаптары банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес жүргізілетін банктің бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуі жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талаптары банктің акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар түріндегі облигацияларының келесі шығарылымына қолданылмайды.»;
1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингілік агенттіктері және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингілік агенттіктері тағайындаған рейтингілердің болуы туралы мәліметтер. Эмитентке қаржылық агенттік мәртебесі берілген жағдайда осы мәртебені берген мемлекеттік органның шешімінің күні, нөмірі көрсетіледі.»;
2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
3-1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-3-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
8-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрышы «және өтеу» деген сөздерден кейін «, облигациялар шығарылымының күшін жою» деген сөздермен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-қосымшадағы «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко