"Энергетикалық сараптаманы жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 214 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 313 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 қыркүйекте № 7195 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 04 қарашадағы № 343 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 04.11.2013 № 343 бұйрығымен.

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Энергетикалық сараптаманы жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3089 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2004 жылғы № 41-44, 1035-құжатта жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергетикалық сараптаманы жүргізу ережесінде:
      4-тармақтың бірінші бөлігі алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (А. Тұрлубек) осы бұйрықтың одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Б.М.Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрінің міндетін атқарушы                   Б. Жақсалиев