"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 409 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 қыркүйекте № 7181 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымда № 84 (1507) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 127-130 болатын жолдармен толықтырылсын:

      "127. Штрих-Мини-ФР-Ф-КZ (А4 нұсқа)

      128. Штрих-Light-ФР-Ф-КZ (А4 нұсқа)

      129. Штрих-М-ФР-Ф-КZ (А4 нұсқа)

      130. АТРОН 200 Ф КZ (09.09 нұсқа)".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е.Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев