Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 қыркүйекте № 7159 тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) «Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Агенттік Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 тамыздағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6489 болып тіркелген):
      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 17) және 18) тармақшалары алынып тасталсын;
      2) «Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Агенттік Төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 18 тамыздағы № 225 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6491 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 12 қарашадағы № 478-482 (26325), «Егемен Қазақстан» 2010 жылғы 18 қарашадағы № 492 (26335) жарияланған):
      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 15)-18) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Агенттіктің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Агенттіктің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Агенттік құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның
      міндетін атқарушы                             Ж. Жарқынбаев