Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн тiркеу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 мамырдағы № 220 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 31 тамызда № 7148 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 210 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4879 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Ә. Жақсыбеков


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      милиция генерал-майоры

      ___________Қ. Қасымов

      2011 жылғы 2 мамыр


      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      милиция генерал-майоры

      __________Н. Әбіқаев

      2011 жылғы 29 шілде

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2011 жылғы 18 мамырдағы
№ 220 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерiн тiркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзiрлендi.

      Қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация әуе кемелерiнің тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) тіркеу тәртiбiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн тiркеу туралы хабарлама (бұдан әрi – Хабарлама) беру тәртiбiн айқындайды Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерi Тiзiлiмде тіркелуге жатады.

      3. Тiзiлiмдi жүргiзудi және Хабарлама берудi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерi бас қолбасшысының басқармасы (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

2. Әуе кемесiн тiркеу (шығару) және Хабарлама беру тәртiбi

      4. Мемлекеттiк санатқа ауыстырылатын әуе кемесiн тiркеу үшiн қарамағына әуе кемесi келiп түскен мемлекеттiк орган (мекеме) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді;

      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының (бұдан әрі – альбом) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актісі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген);

      3) әуе кемесiн қабылдағанын (сатып алғанын) растайтын тиісті құжаттардың көшірмелерін;

      4) әуе кемелерiн әуе кемелерінің тиiстi тiзiлiмінен шығаруды растайтын құжатты (азаматтық әуе кемелерi және шетел мемлекеттерінiң әуе кемелерi үшiн).

      Ұсынылған құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган әуе кемесiн Тiзiлiмге енгiзедi және Хабарлама бередi.

      Мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн Тiзiлiмге енгiзу тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтінім келіп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 28.09.2020 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн қарамағында әуе кемесi бар мемлекеттiк орган (мекеме) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді;

      2) Хабаламаны (түпнұсқасы);

      3) альбомның 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актісі;

      4) шетел мемлекетіне әуе кемесiн беруді (сатуды) немесе мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн азаматтық (эксперименттік) санатына ауыстыруды немесе мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн есептен шығаруды растайтын тиісті құжаттардың көшiрмелерiн.

      Ұсынылған құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығарады.

      Мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтінім келіп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 28.09.2020 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Тізілімге тіркелуге жататын ұшқышсыз ұшу аппараттары мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) орындалатын міндеттердің арналуы мен түрі бойынша:

      жауынгерлік (соққы беретін) – авиациялық зақымдау құралдарымен соққы беру үшін арналған әуе кемесі;

      барлау – инфрақызыл және теледидарлық диапазондарда барлау, қадағалау құралдарымен әуеде барлау жүргізу және қашықтықты лазерлік метрлеу үшін арналған әуе кемесі;

      көп мақсатты – бір уақытта немесе ұшуға арналған тапсырмаға байланысты бірнеше міндетті шешу үшін арналған әуе кемесі;

      2) басқару қағидаты бойынша:

      автономды – оператордың араласуынсыз навигациялық жиынтыққа енгізілген бағдарламаға сәйкес ұшу тапсырмасын орындайтын әуе кемесі;

      қашықтықтан басқару – жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) оператор басқаратын әуе кемесі;

      аралас – ұшуда оператор жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестірумен басқаратын әуе кемесі;

      3) массалық-габариттік сипаттамалары бойынша:

      микро – барынша ұшу массасы 10 килограмнан аз болатын әуе кемесі;

      шағын – барынша ұшу массасы 10 килограмнан 100 килограмға дейінгі әуе кемесі;

      орташа – барынша ұшу массасы 100 килограмнан 1 000 килограмға дейінгі әуе кемесі;

      ауыр – барынша ұшу массасы 1 000 килограмнан асатын әуе кемесі;

      4) ұшуды орындау биіктігі бойынша:

      шекті төмен биіктіктерде – жергілікті жер бедерінен немесе су бетінен 0 метрден 200 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      төмен биіктіктерде – жергілікті жер бедерінен немесе су бетінен 200 метрден 1 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      орташа биіктіктерде – теңіз деңгейінен 1 000 метрден 4 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      үлкен биіктіктерде – теңіз деңгейінен 4 000 метрден 12 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      стратосферада – теңіз деңгейінен 12 000 метрден жоғары.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 28.08.2017 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Хабарлама әуе кемесінің Тiзiлiмде тiркелгенiн растайтын құжат болып табылады. Хабарлама жоғалтылған немесе бүлінген кезде оның көшiрмесi берiледi. Көшiрменi алу үшiн уәкiлеттi органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді ұсыну қажет.

      Әуе кемесіне Хабарламаның көшірмесін беру өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      Хабарламаның көшірмесін беру кезінде уәкiлеттi орган Тiзiлiмдегі Хабарламаның түпнұсқасын жою туралы тиісті жазбаны енгізеді.

      Хабарламаның көшірмесі "көшірме" белгісін және тіркеуші органның мөртаңбасын қоюмен Хабарламаның түпнұсқасының барлық мәтінін қамтуға тиіс.

      7. Әуе кемелерін Тізілімге тіркеуден (Тізілімнен алудан, Хабарлама телнұсқасын беруден) бас тарту үшін негіз осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес құжаттар тізімін толық ұсынбау болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 28.09.2020 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
1-қосымша

      ҮЛГІ

ЕЛТАҢБА
Уәкілетті орган___________________________________________________________________

      Мемлекеттiк авиациясының әуе кемесiн

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация

      әуе кемелерiнің тiзiлiмiне мемлекеттік тiркеу туралы

      ХАБАРЛАМА

      №_____

1. Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң түрi

2. Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң толық зауыттық нөмiрi

3. Шығарылған жылы

4. Мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi *






      5. Пайдаланушы_________________________________________________

      6. Мемлекеттiк авиация әуе кемесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiне тiркелгенi куәландырылады.

      _____________________________ ________ _______________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (Т.А.Ж)

      М.О.

      20 ___ж. "____" __________

      Ескертпе: * Халықаралық аэронавигацияда қолданылатын мемлекеттік авиация әуе кемесі үшін толтырылады.

      (сыртқы жақ бетi) ҮЛГІ

МЕМЛЕКЕТТIК АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСIН БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГI

      Пайдаланушы__________________________________________________________

      Негіздеме ___________________________________________________________ _____________________________ ________ ______________________________ (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (Т.А.Ж)

      М.О.

      20 ______ж. "____" _______

      Пайдаланушы__________________________________________________________

      Негіздеме ___________________________________________________________ _____________________________ ________ ______________________________ (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (Т.А.Ж)

      М.О.

      20 ______ж. "____" _______

      Пайдаланушы__________________________________________________________

      Негіздеме ___________________________________________________________ _____________________________ ________ ______________________________ (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (Т.А.Ж)

      М.О.

      20 ______ж. "____" _______

      Пайдаланушы__________________________________________________________

      Негіздеме ___________________________________________________________ _____________________________ ________ ______________________________ (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (Т.А.Ж)

      М.О.

      20 ______ж. "____" _______

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
2-қосымша

      ҮЛГІ

      Қазақстан Республикасы Қарулы

      Күштері Әуе қорғанысы күштері бас

      қолбасшысының басқармасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы
ӨТІНІМ

      __________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі)

      Зауыттық нөмірі_____________________________________________________

      Шығарылған күні (әскери өкіл қабылдап алған күні) __________________

      ____________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірлері)

      ________________________________ авиациялық қозғалтқыштары орнатылған

      ____________________________________________________________ жататын

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      ________________________________________________________келіп түскен

      _________________________________________________________ негізінде

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне тіркеуді және оған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемесін мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк беруді сұраймын.

      Қосымша мәліметтер:

      1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)_____________________________

      2. Ең ауыр ұшу салмағы, кг ___________________________________

      Қосымшалар:___________________________________________________

      __________________________________________ _______ _________________

      (мемлекеттік органның, мекеменің басшысы) (қолы) (Т.А.Ж)

      М.О.

      20 ____ж. "____" __________

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
3-қосымша

      ҮЛГІ

      Қазақстан Республикасы Қарулы

      Күштері Әуе қорғанысы күштері бас

      қолбасшысының басқармасы

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн шығару туралы
ӨТІНІМ

      ___________________________________________________________ жататын

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      ___________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі)

      Зауыттық нөмірі______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірлері)

      ________________________________ авиациялық қозғалтқыштары орнатылған

      Мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы хабарлама

      № ______ 20 ___жылғы "__"___________ берілген

      мемлекеттік және тіркеу тану белгілері______________________________

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________________________байланысты

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығаруын сұраймын.

      Қосымша мәліметтер:

      1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)_____________________________

      2. Ең ауыр ұшу салмағы, кг____________________________________

      Қосымшалар: __________________________________________________

      __________________________________________ _______ _________________

      (мемлекеттік органның, мекеменің басшысы) (қолы) (Т.А.Ж)

      М.О.

      20 _____ж. "______" _______

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
4-қосымша

      ҮЛГІ

      Қазақстан Республикасы Қарулы

      Күштері Әуе қорғанысы күштері бас

      қолбасшысының басқармасы

Мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы хабарламаның көшірмесін алуға
ӨТІНІМ

      ___________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі)

      әуе кемесінің Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе

      кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы "___"____ № _______

      Хабарламаны ауыстыруды (көшірме беруді) сұраймын.

      Ауыстыру (көшірме беру) себебі _____________________________________

      ____________________________________________________________________

      Куәлікті жоғалтуға, зақымдауға (бүлдіруге) әкеп соқтырған жағдайлар___________________________________________________________

      Әуе кемесі туралы деректер:

      Әуе кемесінің түрі__________________________________________________

      Зауыттық нөмірі ____________________________________________________

      Шығарылған күні (әскери өкілдің қабылдап алған күні) _______________

      Қондырылған қозғалтқыштар __________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірлері)

      Санаты (әуе кемесінің арналуы)______________________________________

      Ең ауыр ұшу салмағы, кг_____________________________________________

      _____________________________________________________________тиесілі

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      негізінде___________________________________________________________

      ________________________________________________________келіп түскен

      Қосымшалар:_________________________________________________________

      __________________________________________ _______ _________________

      (мемлекеттік органның, мекеменің басшысы) (қолы) (Т.А.Ж.)

      М.О.

      20 ____ж. "___" _________