"Мемлекеттік материялдық резервтердің материялдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 29 шілдедегі № 311 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 22 тамызда № 7137 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 95 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.11.2014 № 95 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен
операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6987 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 81 (1897) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізуережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) тендерге қатысуға өтінімді енгізу шарттары және қамтамасыз ету түрлері;»;
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген)берілетін банк кепілдігі түрінде осы Ережемен белгіленген мөлшерде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасынрастайтын төлем құжатының түпнұсқасы.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген) берілетін банк кепілдігі түрінде осы Ережемен белгіленген мөлшердетендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың не уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасынрастайтын төлем құжатының түпнұсқасы.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарынреттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген)берілетін банк кепілдігі түрінде осы Ережемен белгіленген мөлшердетендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың неуәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банктік шотында орналастырылатын кепілдік берілген ақша жарнасынрастайтын төлем құжатының түпнұсқасы.»;
      мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3, 15-4, 15-5, 15-6-тармақтармен толықтырылсын:
      «15-1. Үміткер мынадай жағдайларда:
      1) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етпесе;
      2) егер ол алдында тендер жеңімпазы деп танылған және сатып алу-сату шартының талаптарын тиісті орындамаса тендерге қатысуға жіберілмейді.
      15-2. Үміткер тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді, өзінің:
      1) тендерге қатысуға өтінімін мұндай өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтындығының не өзгертпейтіндігінің және (немесе) толықтырмайтындығының;
      2) оны тендер жеңімпазы деп таныған жағдайда уәкілетті органның ведомствосымен сатып алу-сату шартын жасасатындығының кепілі ретінде енгізеді.
      15-3. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету лот сомасының 3 (үш) пайызы мөлшерінде енгізіледі.
      Банк кепілдігі уәкілетті орган ведомствосы сатып алу-сату шартын тіркегенге дейін қолданылады және егер екінші деңгейдегі банктер тендер өткізілген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішіндежазбаша талап алмаса толық және автоматты түрде күшін жояды.
      15-4. Үміткер тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
      1) уәкілетті орган ведомствосының ведомстволық бағынысты ұйымының банк шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдайды.
      Үміткердің тендерге қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін үшінші тұлғаларда енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға толығымен не бір бөлігінде талап ету құқықтарының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
      Тендерді ұйымдастырушының, осы Ереженің 15-5-тармағында аталғаніс-әрекеттерді қоспағанда, үміткер енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.
      15-5. Тендерді ұйымдастырушы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде қайтармайды:
      1) үміткер тендерге қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін тендерге қатысуға өтінімді кері қайтарып алсане өзгертсе және (немесе) толықтырса;
      2) тендер жеңімпазы деп айқындалған үміткер сатып алу-сату шартын жасасудан жалтарса.
      Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған кезде тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы республикалық бюджеттің кірісіне есептеледі.
      15-6. Тендерді ұйымдастырушы үміткерге ол енгізген тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады:
       1) осы үміткер өзінің тендерге қатысуға өтінімін тендерге қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
      2) тендер қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылғанда;
      3) тендерді ұйымдастырушы тендер өткізуден бас тартқан кезде.»;
      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.»;
      32-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған;».
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіМемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасызетсін.
       3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      В. Божко