"Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 370 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 тамызда № 7119 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.09.25 № 439 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі-Акцизделетін өнімдерді өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті Төрағасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1496 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірушілерге этил спиртін сату ережесінде:
      10-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «10. Жеткізуші этил спиртін сатуды акциздік қосын қызметкерлерінің қатысуымен ғана жүзеге асыруы керек.»;
      11-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «11. Этил спиртін теміржол цистернасымен сату уәкілетті тұлғаның төлқұжаты мен этил спиртін босату туралы Жеткізуші басшысының немесе бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның өкімі жазылған жалпы белгіленген сенімхат акциздік қосынның қызметкеріне көрсетілгеннен кейін жүзеге асырылуы керек.»;
      12-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «12. Акциздік қосынның қызметкері Жеткізуші мен Алушының хабарламаларында көрсетілген мәліметтердің осы Ережелердің 4-тармағына сәйкес Алушы тапсырған мәліметтерге өзара сәйкестігін, сондай-ақ автоцистернаның метрологиялық салыстырып тексеру актісін (этил спиртінің құбырмен тасымалдануынан басқа жағдайларда) тексеруі керек және олар сәйкес келген жағдайда этил спиртін сатуға қатысады.»;
      17-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «17. Этил спирті сақталатын спирт қоймасы резервуарларының қол жететін жерлері күн сайын сағат 17-ден таңғы сағат 10-ға дейін, сондай-ақ сенбі, жексенбі және мереке күндері жабылып, оны акциздік қосынның қызметкері Жеткізуші қызметкерінің қатысуымен пломбалауы керек.»;
      22-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «22. Жеткізуші және Алушы этил спиртін сатуға тыйым салу туралы шешімге байланысты Басқарма және акциздік қосынның әрекетіне Комитетке немесе сот органдарына шағым жасауға құқылы.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б. Жәмішев