Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы статиcтикалық есептің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2014.10.08 № 112 (01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғаларды есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тіркелімінде № 2741 тіркелген) 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына:
осы бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғаларды есепке алу туралы Нұсқаулықта:
8-тармақтың бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«8. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықты тапқан мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) ол туралы қаралған істің (материалдың) нәтижелері бойынша 1-қосымшаға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алудың № 1-К нысанды кәртішкесін (әрі қарай – кәртішке), екі данада қояды.»;
Нұсқаулықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А. Дауылбаев
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
___________________ Н. Әбіқаев
2011 жылғы 12 мамыр
Қазақстан Республикасы
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің
(қаржы полициясының) Төрағасы
______________________ Қ. Қожамжаров
2011 жылғы 26 сәуір
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
___________ Р. Түсіпбеков
2011 жылғы ______________
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Жәмішев
2011 жылғы 13 cәуір
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
___________ Ә. Жақсыбеков
2011 жылғы 30 наурыз
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
_________________ В. Божко
2011 жылғы 8 cәуір
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
______________ Қ. Қасымов
2011 жылғы 21 cәуір
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 55 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2003 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 69 бұйрығына 1-қосымша
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған тұлғалар, сотталғандар және сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы туралы есеп
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2014.10.08 № 112 (01.01.2015 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 55 бұйрығына 2-қосымша
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар
жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа
тартылған тұлғалардың есебін жүргізу
туралы Нұсқаулыққа 1-қосымша
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алудың № 1-К нысанды кәртішкесі
(сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы материалды (хаттаманы) қарау нәтижелері бойынша жауаптылығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңымен қаралған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтаған органмен құрылады)
1._______________________________________________________________
(құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы)
1.1 оның ішінде мемлекеттік органның ынтасы бойынша______________
(мемлекеттік органның аталуы)
2. Жасалған: депутатпен (1), судьямен (2), әкіммен (3), мынадай органдардың лауазымды тұлғаларымен: ІІМ (5), ҚР ӘМ Сот актілерін орындау комитеті (б), ӘМ ҚАЖК-нің (7), қаржы полициясының (8), ҰҚК (9), прокуратураның (10), ҚМ КБК (11), салық қызметі органдарының (12), ҚМ әскери қызметкерлерінің (13), ІІМ ІӘ (14), ҰҚК шекара қызметінің (15), Республикалық гвардияның (1б), ТЖМ (17), министрліктер қызметкерлері: әділет (19), қаржы (20), білім және ғылым (21), ауыл шаруашылығы (22), сыртқы істер (23), энергетика және минералды ресурстар (24), денсаулық сақтау (25), индустрия және сауда (2б), қоршаған ортаны қорғау (27), экономика және бюджетті жоспарлау (28), туризм және спорт (29), мәдениет және ақпарат (30), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (31), көлік және коммуникация (32), байланыс және ақпарат министрлігі (38); агенттіктер қызметкерлері: статистика жөніндегі (33), жер ресурстарын реттеу бойынша (34), табиғи монополияларды реттеу жөніндегі (35), мемлекеттік қызмет істері жөніндегі (37), Ұлттық ғарыштық агенттігінің (40); Ұлттық банктің (41), Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (42), әкімдіктер және олардың құрылымдық бөлімдерінің (43), лауазымды тұлға (44), лауазымды тұлғаға теңестірілген тұлға (45), құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері (4б), бәсекелестікті қорғау агенттігі (47), дін істері жөніндегі (48) басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері (18)
__________________________________________________________________
(ведомстволар атауы)
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы материалды (хаттаманы) қараған органның атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының нормалары бойынша құқық бұзушылықты саралау бап______тармақ____тармақша_____
4.1 ҚРЗ бұзу фабуласы_____________________________________________
__________________________________________________________________
5. Материал (хаттама) мәніне қарай қаралған:
5.1. Бұйрық (шешім) № _______ "___" ___________ 20 __ ж.
б. Мынадай жаза шарасы қолданылған: лауазымынан босату (1), лауазымын төмендету (2), қызметтік сәйкестігі толық еместігі туралы ескерту (3) ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған тұлға туралы мәліметтер
7. ТЕГІ | АТЫ | ӘКЕСІНІҢ АТЫ |
8. Туған күні "___" ________ 19 ___ ж. 8.1 Туған жері _____________
9. Тұрғылықты (тіркелген) мекен-жайы ______________________________
9.1. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
10. Жұмыс орны ____________________________________________________
11. Лауазымы ______________________________________________________
12. Кәртішкені толтырған тұлғаның лауазымы, тегі, қолы ____________
___________________________________________________________________
13. Толтырылған күні "___" _____________ 20___ж.
14. Аймақтық басқармада тіркелген күні "___" ____________ 20 ___ ж.
бірыңғай журнал бойынша материалдың (хаттаманың) ______________
15. Аймақтық басқарма қызметкері __________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)
Ескерту: кәртішке ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтерді енгізгені үшін заңдармен белгіленген тәртіпте жауапты болады.