Астық нарығын реттеу және мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнің м.а. 2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/277 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрiнің м.а. 2011 жылғы 16 маусымдағы № 170 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 шілдеде № 7068 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 3 шілдедегі № 15-03/609 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 522 Бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 03.07.2015 № 15-03/609 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 10.07.2015 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрықтағы 1-қосымшаға сәйкес астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны;
      2) осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен соң ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ресми интернет–ресурсына жариялауды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі С.С. Хасеновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы              Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрiнің        Экономикалық даму және
      міндетін атқарушы                   сауда министрiнің міндетін
                                          атқарушы
      ______________ Е. Аман              ____________М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы          
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.    
2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/277    
және Қазақстан Республикасы         
Экономикалық даму және сауда министрінің м.а.
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170    
бірлескен бұйрығына           
1-қосымша                

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2013 № 15-07/124 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 09.04.2013 № 01-04-03/39 НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

нысаны

Астық нарығын реттеу бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы
тексеру парағы

Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                             (№, күні)
Субъектінің атауы ___________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _______________
Субъектінің орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

Астық қабылдау кәсіпорындары

1

Белгіленген нысан бойынша автомобильдер және темір жолдар таразысында жүктерді өлшеудi тiркеу журналын толтыру*



2

Тауарлық-көліктік жүкқұжаттарының болуы



3

Орташа тәулiктiк сынамасы бойынша сапасын айқындай отырып, белгіленген нысан бойынша автомобиль көлігімен қабылданған астыққа жүкқұжаттар тiзiлiмiн жасау*



4

Белгіленген нысан бойынша астықтың зертханалық талдау нәтижелерiн тiркеу журналын толтыру*



5

Белгіленген нысан бойынша астықты тазалау, кептiру актiлерін жасау*



6

Астықтың сандық-сапалық есебінің кітабын жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау



7

Астықтың сандық-сапалық есебiнің нысандарын, журналдарын және кітаптарын сақтаудың белгіленген мерзімдерін сақтау*



8

Астықты тиеп жөнелтуге алынған бұйрықтардың есебі журналын толтыру



9

Белгіленген нысан бойынша астық қолхаттарының тізілімін жасау**



10

Астық қолхаттарын беруге және ресімдеуге, сондай-ақ астық қолхаттарының тізілімін жүргізуге жауапты тұлғаларды анықтайтын ішкі құжаттың болуы



11

Таза және бүлінген, сондай-ақ өтелген астық қолхаттары бланкілерін сақтауға жауапты тұлғаларды анықтайтын ішкі құжаттың болуы



12

Астық қолхаттарының таза бланкілерін тікелей астық қабылдау кәсіпорнында сақтау



13

Астық қолхаттарының бүлінген бланкілерін астық қабылдау кәсіпорнында бес жыл сақтау



14

Өтелген астық қолхаттарын астық қабылдау кәсіпорнында бес жыл сақтау



15

Астықты сақтау кезінде біртекті партиядан алынған орташа сынама бойынша айына бір рет толық техникалық талдау жүргізілгенін растайтын құжаттың болуы



16

Астықты сақтаудың қысқы жағдайына ауыстыру бойынша іс-шараларды уақытында жүргізу



17

Астық қоймалары алаңының (астық қабылдау пунктінің) 10 %-ы көлемінде бос қойма сыйымдылығының, сүрлем-силос үстіндегі транспортердің әрқайсысына ең кемінде бір бос сүрлемнің болуы



18

Астық қоймаларының және оның барлық технологиялық желілерінің жарамды күйі



19

Астықты зиянкестермен залалдануына бақылауды уақытылы жүргізуді растайтын құжатты толтыру



20

Сақтаудағы астықтың температурасын бақылауды уақытылы жүргізуді растайтын құжатты толтыру



21

Астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сақталуын қамтамасыз ету



22

Астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының немесе астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының болуы



23

Астық қоймасында (элеваторға, астық қабылдау пунктіне) меншік құқығын растайтын құжаттың болуы



24

Үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша мүлiктi кепiлге салудың жоқтығын растайтын құжаттардың болуы



25

Астықтың кез келген көлемін (мемлекеттік ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары үшін) тиеп-жөнелтуді астық нарығы саласындағы уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжаттың болуы



26

Технологиялық жабдықтың (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), салыстырып тексерілген таразы жабдығы, тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығының болуы



27

Сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған ақаусыз жабдықтың болуы



28

Астық сапасын айқындауға арналған, өлшеулер жай-күйі бағалаудан өткен және: типін бекіту мақсатында сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген және белгіленген тәртіппен тексерілген зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтығымен, сынама іріктегіштермен, ыдыстармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен), астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхананың болуы (зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады)



29

Тиісті білімі бар техникалық басшылардың бiлiктi құрамының болуы



30

Тиісті білімі бар техникалық мамандардың бiлiктi құрамының болуы



31

Өткізу режимінің болуы



32

Аумақ қоршауының болуы



Астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар

33

Зертхананың аккредиттеу аттестатының болуы



34

Сынама іріктеу актілерінің болуы



35

Астық сынамасын тіркеу журналының болуы



36

Белгіленген нысан бойынша сынамалар хаттамаларын немесе тiгiлген, нөмiрленген және зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiлген сынама нәтижелерін тіркеу журналын толтыру***



37

Белгіленген нысан бойынша астық сапасы паспорттарын ресімдеу***



38

Берілген астық сапасы паспорттарының көшірмелерін сақтаудың белгіленген мерзімдерін сақтау



39

Астық сапасы паспортының әрекет ету мерзімі ішінде жөнелтiлген және сақтаудағы партияларға буып-түйген және мөрлеген астық сынамаларын сақтау



40

Буып-түйген және мөрлеген астық сынамаларын сапа бойынша келіспеушiлiктер кезінде – түсiнiспеушiлiктердi қарауды толық аяқтағанға дейiн сақтау



      Ескертпе:
      * - «Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1676 қаулысы;
      ** - «Астық қолхаттарының берiлуi, айналымы және өтелу қағидаларын, астық қолхаттарының үлгіcіне және астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, Астық қолхаттары бланкілерін шығару, сатып алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1395 қаулысы;
      *** - «Астық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 337 қаулысы;

Тексеруді жүргізді
___________ _______________________________________________ _________
(лауазымы)  (Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған кезде) –        (қолы)
                   (бұдан әрі – Т.А.Ә.)

Мөр орны.

Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда нұсқаманың
нөмірі мен жасалған күні көрсетіледі
20 ____ жылғы «____» ______________(№ _____)

Тексеру нәтижесімен таныстым
(келісемін/келіспеймін) ___________________________ _________________
                                (Т.А.Ә.)                  (қолы)
20____ жылғы «____» _______________

Тексерілген _________________ объектісі тексеру қорытындылары бойынша
           (объектінің атауы)

мынадай объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгіленеді):

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

төмен тәуекел дәрежесі

Органның лауазымды тұлғалары:
_______________________ ______________ ______________________________
      (лауазымы)             (қолы)               (Т.А.Ә.)
_______________________ ______________ ______________________________
      (лауазымы)             (қолы)               (Т.А.Ә.)

Орган басшысы:
_____________________________________________ ______________________
      (Т.А.Ә., лауазымы)                              (қолы)

Қазақстан Республикасы           
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.      
2011 жылғы 19 мамырдағы № 18-03/277     
және Қазақстан Республикасы        
Экономикалық даму және сауда министрінің м.а.
2011 жылғы 16 маусымдағы № 170      
бірлескен бұйрығына            
2-қосымша                 

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.03.2013 № 15-07/124 және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрінің 09.04.2013 № 01-04-03/39 НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.      

нысаны

Мақтаның қауіпсіздігі мен сапасы бойынша жеке кәсіпкерлік
саласындағы тексеру парағы

Органның атауы ______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті ____________________________________
                                               (№, күні)
Субъектінің атауы __________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі _______________
Субъектінің орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________
_____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Қойылатын талаптарға сәйкес келеді

Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсететін мақта өңдеу ұйымдары

1

Мақта қабылдау пунктіне келіп түсетін шитті мақтаға тауарлық-көліктік жүк құжаттарының болуы



2

Белгіленген нысан бойынша мақта шикізатын қабылдау кезіндегі таразы журналын толтыру*



3

Белгіленген нысан бойынша шитті мақтаны талдау карточкаларын және шитті мақтаның ылғалдылығы мен ластануын талдау нәтижелерін тіркеу журналын толтыру*



4

Белгіленген нысан бойынша шитті мақтаны қабылдау туралы түбіртектерді ресімдеу*



5

Бір күндік жиынтық деректер қабылданған шитті мақтаның әрбір партиясы бойынша шитті мақтаны қабылдау туралы түбіртектерден күн сайын шитті мақтаның сандық-сапалық есеп кітабына жазу



6

Шитті мақтаны қабылдау пунктінен мақта тазалау зауытына қабылдауды және жөнелтуді салыстырып тексеру актілерінің болуы



7

Белгіленген нысан бойынша мақта талшығын бумалап өлшеуді ресімдеу*



8

Белгіленген нысан бойынша өндірістен түскен қайта өңдеу өнімдерінің есебі журналын толтыру*



9

Белгіленген нысан бойынша қайта өңдеу және дайын өнімнің түсуі туралы есептерді ресімдеу*



10

Тиеп жөнелтуге алынған шешімдердің есебі журналының болуы



11

Мақтамен жүргізілген операцияларды көрсететін құжаттарды сақтаудың белгіленген мерзімдерін сақтау*



12

Шитті мақта мен оны бастапқы қайта өңдеу өнімдерінің бар болуын түгендеудің жүргізілгенін растайтын түгендеу тізімдемелерінің болуы



13

Белгіленген нысан бойынша мақта қолхаттарының тізілімін толтыру**



14

Мақта тазалау зауытынына меншік құқығын растайтын құжаттың болуы



15

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу шартының болуы



16

Шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдықтың болуы



17

Мақтаның сапасын анықтауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхананың болуы



18

Шиттi мақтаны жинақтауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңның болуы



19

Сынамаларды iрiктеуге және шиттi мақтаның сапасын анықтауға арналған зертханалық жабдықтың болуы



20

Техникалық басшылардың бiлiктi құрамының болуы



21

Техникалық мамандардың бiлiктi құрамының болуы



22

Өткізу режимінің болуы



23

Аумақ қоршауының болуы



Мақта талшығына сараптама жүргізетін және мақта талшығы сапасының паспортын беретін сарапшы ұйымдар

24

Белгіленген талаптарға сәйкес келетін мақта талшығын классерлiк бағалауға арналған меншiк құқығындағы немесе мүлiктiк жалдауындағы үй-жайдың болуы***



25

Мақта талшығының сыртқы түрінің стандартты үлгілерінің бекітілген немесе Қазақстан Республикасында қолдануға жол берілген жиынтығының болуы



26

Автоматтандырылған мақта талшығын сынау жүйесiне функционалды және техникалық қызмет көрсететiн бiлiктi мамандардың болуы



27

Тиiстi арнайы бiлiмi бар мақта жөнiндегi бiлiктi сарапшылардың (классерлердiң) болуы



28

Мақта талшығының сынамаларын бумалап iрiктеп алуды тiркеу журналын толтыру



29

Мақта талшығының сынамаларын қабылдау журналын толтыру



30

Белгіленген нысан бойынша мақта талшығы сапасының паспортын ресімдеу***



31

Мақта талшығының сынамалары сынақтан өткiзгеннен кейiн мақта талшығының иесi партияны тиеп жөнелткенге дейiн сарапшы ұйымның зертханасында сақталуы



Мақта сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалар

32

Зертхананың аккредиттеу аттестатының болуы



33

Сынама іріктеу актілерінің болуы



34

Белгіленген нысан бойынша мақта шитінен іріктеп алынған сынамаларды тіркейтін журналды толтыру****



35

Белгіленген нысан бойынша шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктерді тіркеу журналын толтыру****



36

Белгіленген нысан бойынша шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктерді түсiнiктi етiп және түзетулерсiз ресімдеу****



37

Шитті мақтаның сапасы туралы берілген куәлiктердің көшiрмелерін бiр жыл сақтау



38

Сапа туралы куәлiктiң әрекет ету мерзiмi iшiнде тиеп жөнелтiлген және сақталудағы партияларға шитті мақтаның сынамаларын сақтау



39

Сапа бойынша келiспеушiлiктер болған жағдайда – тиеп жөнелтiлген және сақталудағы партияларға шитті мақтаның сынамаларын сақтау келiспеушiлiктердi қарау толығымен аяқталғанға дейiн сақталады



      Ескертпе:
      * - «Мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 9 маусымдағы № 773 қаулысы;
      ** - «Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1602 қаулысы;
      *** - «Сарапшы ұйымға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және Мақта талшығының сапасына сараптама жүргiзу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысы;
      **** - «Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiк беру қағидаларын, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктiң нысанын (үлгiсiн) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгiсiн) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысы.

Тексеруді жүргізді ___________________ ________________ _____________
                      (лауазымы)           (Т.А.Ә.)         (қолы)

Мөр орны

Талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда нұсқаманың нөмірі мен жасалған күні көрсетіледі
20 ____ жылғы «____» ______________ (№ _____)

Тексеру нәтижесімен таныстым
(келісемін/келіспеймін) __________________________ __________________
                                (Т.А.Ә. )                (қолы)
20____ жылғы «___» _______________

Тексерілген _____________________ объектісі тексерудің қорытындылары
             (объектінің атауы)
бойынша мынадай объектілер санатына ауыстырылады («+» белгісімен белгіленеді):

жоғары тәуекел дәрежесі

орташа тәуекел дәрежесі

төмен тәуекел дәрежесі

Органның лауазымды тұлғалары:
___________________________ ____________ ____________________________
      (лауазымы)                (қолы)               (Т.А.Ә.)
___________________________ ____________ ____________________________
      (лауазымы)                (қолы)               (Т.А.Ә.)

Орган басшысы:
______________________________ ______________________________________