Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 12 шілдеде № 7058 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабы5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Камалиев

Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрінің   
2011 жылғы 13 маусымдағы   
№ 362 бұйрығымен      
бекітілген         

Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптар

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық персонал куәлігі берілетін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 жыл) сәйкес және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын іс-тәжірибесін іске асыру мақсатында әзірленді. (1-қосымша «Авиациялық персоналға куәліктер беру»).
      2. Осы біліктілік талаптар мынадай авиация персоналына қойылатын талаптарды анықтайды:
      әуесқой пилот (ұшақ, тікұшақ);
      коммерциялық пилот (ұшақ, тікұшақ);
      желілік пилот (ұшақ, тікұшақ);
      аса жеңіл авиация пилоты;
      штурман;
      бортрадист;
      бортинженер (бортмеханик);
      борт жолсерік;
      бортоператор;
      авиациялық техниканы техникалық пайдалану және жөндеу жөніндегі маман (инженер/техник/механик);
      ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер;
      әуе қозғалысын қызмет көрсету диспетчері (бұдан әрі - ӘҚҚ диспетчері);
      аса жоғары авиацияның авиациялық техникасын техникалық пайдалану және жөндеу жөніндегі маман (техник/механик).
      3. Әуе кемелері экипажы мүшесінің, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі маманның/азаматтық авиация ӘҚҚ диспетчерінің функцияларын орындауды осы біліктілік талаптарының талаптарын қанағаттандыратын және біліктілік белгілеріне сәйкес қолданыстағы куәлігі бар адам жүзеге асырады. Құжаттар және жазбалар қамтылған, осы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын жеке істері пайдаланушыда және уәкілетті органда сақталады, және авиациялық персонал куәлігінің қолданыс мерзімі аяқталғаннан бастап 5 жыл өткен соң уәкілетті органның мұрағатына тапсырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      4. Осы Біліктілік талаптарымен қолданылатын негізгі түсініктемелер:
      1) адамның мүмкіндіктері – авиациялық қызмет қауіпсіздігі мен тиімділігіне әсер ететін адамның қабілеттері мен оның мүмкіндіктерінің шектері;
      2) әуе кемелерінің түрі – белгіленген негізгі сипаттамаларының негізінде әуе кемелерінің сыныптамасы, мысалы, ұшақ, планер, тікұшақ, еркін аэростат;
      3) бақылаудағы әуе кемесінің командирі - әуе кемесі командирінің бақылауымен куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган үшін қолайлы байқау әдістемесіне сәйкес әуе кемесі командирінің міндеттері мен функцияларын орындайтын екінші пилот;
      4) борттағы электрон жабдығы - әуе кемесінің бортында пайдалануға арналған оның электр бөлігін қоса алғанда кез келген электрондық құндырғы, оның ішінде радио жабдық, ұшуды автоматты басқару жүйесі және аспапты жабдық;
      5) біліктілік белгісі – куәлікте жасалған немесе оған қатысы бар және оның бір бөлігі болып табылатын жазба, онда осы куәлікке қатысы бар ерекше жағдайлар, құқықтар немесе шектеулер көрсетіледі;
      6) дербес ауаға көтерілу – курсант пилот әуе кемесінің бортында жалғыз адам болып табылатын ұшу уақыты;
      7) дирижабль – күш қондырғысымен қозғалысқа келтірілетін ауадан жеңіл ұшу аппараты;
      8) қателерді бақылау – қателерді табу және оларға бақылап өлшеуішінің көмегімен ден қою процесі, қателерді азайтады немесе салдарын жояды және қателердің немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендетеді;
      9) қауіп-қатер – пайдалану персоналы мүшесінің құзыреті саласынан тыс болатын оқиғалар немесе қателер, пайдалану күрделілігін арттырады және оларды қауіпсіздіктің шекті деңгейін ұстап тұру үшін басқару қажет;
      10) қауіп-қатер факторларын бақылау – бақылап өлшеуіш көмегімен қауіп-қатерлерді анықтау және оларға ден қою процесі, олар қауіп-қатерлерді азайтады немесе салдарын жояды және қателердің немесе жағымсыз ахуалдардың ықтималдылығын төмендетеді;
      11) медициналық қорытынды – оның иесінің денсаулығының жағдайы бойынша жарамдылыққа қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
      12) планердің ұшу уақыты – әуелеп ұшу кезінде және ұшу аяқталғаннан кейін ол тоқтаған сәтке дейін планердің қозғалысы басталған сәттен бастап жетекте немесе жетексіз ұшудағы жалпы уақыт;
      13) планер – күш қондырғысымен қозғалысқа келтірілмейтін ауадан ауыр әуе кемесі, оның көтеру күші негізінен ұшудың осы шарттарында қозғалыссыз қалатын үстіңгі қабаттардағы аэродинамикалық жанасу есебінен құралады;
      14) аспаптар бойынша жердегі жаттығу уақыты – куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган бекіткен ұшуды білдірудің жаттығу қондырғысында ұшқыш жерде аспаптар бойынша ұшуды білдіруді пысықтайтын уақыт;
      15) аспаптар бойынша ұшу уақыты (шабуыл) – пилот сыртқы бағдарларды пайдаланусыз тек аспаптар бойынша әуе кемесін басқаратын уақыт;
      16) приборлы уақыт – приборлар бойынша ұшу уақыты немесе аспаптар бойынша жер үстінде жаттығу уақыты;
      17) тікұшақ – ұшуда негізінен шамамен тік қалыпта болатын біліктер айналасында күш қондырғысымен айналатын бір немесе бірнеше көтергіш бұрандалармен ауаның әрекете есебінен ұсталатын ауадан ауыр әуе кемесі;
      18) ұшу шеберлігі – ұшу мақсаттарын орындау үшін білімді, дағдылар мен шеберліктерді пайдалана отырып, үнемі дұрыс шешім қабылдау;
      19) ұшу экипажының мүшесі – авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар, ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiн басқаруға байланысты мiндеттер жүктелген тұлға;
      20) ұшуды білдірудің жаттығу қондырғысы (жаттығу құралы) – қондырғылардың үш түрінің кез келгені, оның көмегімен жерде ұшу шарттары білдіріледі:
      ұшу шарттарын білдіретін жаттығу құралы, ол механикалық, электр, электронды және тағы басқа борттық басқару жүйелерін, ұшу экипажының мүшелері үшін қарапайым ахуалды және әуе кемесінің осы үлгісінің ұшу сипаттамаларын нақты функцияларын білдіруге мүмкіндік беретін әуе кемесінің белгілі бір түрінің экипаж кабинасын нақты іске қосуды қамтамасыз етеді;
      аспаптар бойынша ұшуға негізгі дайындыққа арналған жаттығу орны, ол тиісті аспаптармен жабдықталған және ұшу уақытында аспаптар бойынша әуе кемесінің ұшуына ұқсас жағдайды экипаж кабинасында білдіреді;
      техникалық еліктеуді пысықтауға арналған жаттығу орны, ол экипаж кабинасындағы ахуалды нақты іске қосуды қамтамасыз етеді және аспаптардың көрсеткіштерін, механикалық, электр, электрондық және басқа борт жүйелерінің қарапайым функцияларын, сондай-ақ белгілі бір сыныптағы әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларын көрсетеді.

3. Әуесқой пилотқа (ұшақ, тікұшақ) қойылатын талаптар

      5. Әуесқой пилот куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 17-ден асады;
      2) мынадай салаларда білімін көрсете білу:
      ұшуды орындауға қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңестiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бөлігіндегі;
      ұшу негіздері;
      әуе кемесінің тиісті түріне қолданылатын әуе кемелері конструкциясын жалпы білу;
      күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және оның жұмыс істеу қағидаттары;
      әуе кемелерінің және олардың күш қондырғыларының тиісті түрінің пайдалану шектеулері;
      ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректері;
      жүктеменің және салмақты бөлудің ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерін орындауға әсер етуі;
      пайдалану құжаттамасында берілген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды іс жүзінде қолдану;
      ұшу алды даярлығы және жалпы мақсаттағы авиация үшін шолып ұшу ережелерінің ережелері бойынша ұшуларды орындау кезінде бағыт бойынша ұшуды жоспарлау, ұшу жоспарларын даярлау және толтыру,
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген, әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 7006 нөмірімен тіркелген), орналасқан орын туралы жеткізілімдер тәртібі, үдемелі әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуларды орындау;
      қауіп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкіндіктері;
      авиациялық метеоролиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсіну және қолдану, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктікті өлшеуіштерді орнату тәртібі;
      аэронавигацияның іс жүзіндегі аспектілерін және (ұшақты жүргізу) және жолды есептеудің әдістері, аэронавигациялық карталарды пайдалану;
      пайдалану жағдайындағы қауіп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдістерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды пайдалану;
      қауіпті метеожағдайларды, әуе кемесінен шатасу ізіндегі турбуленттіктен және басқа да ұшу үшін қауіпті құбылыстардан айналып өту мақсатында қабылданатын іс-әрекеттерді қоса алғанда апатты жағдайдағы алдын алудың тиісті шаралары мен іс-әрекеттері;
      тікұшақтар үшін – трансмиссиялар, «құйынды шеңбер» режимі, жер резонансы, бос орындағы кедергіге тап болу, серпінді лақтыру және басқа да қауіпті жағдайлар;
      шолып ұшу ережелері бойынша ұшуларға қолданылатын байланыс пен фразеологияны, байланыс істен шыққан кезде іс-әрекеттер жүргізу;
      3) әуе кемесінің командирі ретінде тиісті ұшулар және маневрлер түрлерін, көрсету, сондай-ақ:
      қауіп-қатерлер мен қателер факторларын танып-білу және бақылау;
      шектелген сипаттамалар шегінде әуе кемесін басқару;
      барлық маневрлерді біртіндеп және дәл орындау;
      дұрыс шешімдер қабылдай білу және ұшуда бақылау мен байқауды білікті жүзеге асыру;
      аэронавигация саласында (ұшақ жүргізу) білімді қолдану;
      ұшудың немесе маневр схемасын табысты орындауды қамтамасыз ету үшін әуе кемесін басқаруды тұрақты жүзеге асыру;
      4) бірінші немесе екінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      6. Әуесқой пилот куәлігінің иесі көрсетілген талаптарды сақтау шартымен куәлікте тиісті біліктілік белгілері болған кезде коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын тиісті түрдегі және үлгідегі әуе кемесі командирінің немесе екінші пилотының функцияларын жүзеге асырады. Әуесқой пилот ұшуларды орындайтын әуе кемесіне жедел қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      7. Түнгі уақытта ұшуларды жүзеге асыру үшін куәлік иесіне көтеріліп ұшуды, қонуды және навигацияны (ұшақты жүргізуді) қоса алғанда түнгі уақытта ұшуларды орындау бойынша нұсқаушы пилотпен қосарлы басқара отырып, тиісті түрдегі әуе кемесінде оқытудан өтуі қажет.
      8. «Ұшақ» әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар жеке пилот куәлігіне үміткер:
      1) жаттығу орнындағы 5 сағаттан астам әуеге көтерілу ескерілетін ұшақтың пилоты ретінде бекітілген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында ұшақта кемінде 40 сағат (бұдан әрі - с) ұшу тәжірибесі бар;
      2) бағыт бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, сұралатын біліктілік белгісіне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемінде 10 с дербес ұшқан, бұл ретте екі түрлі әуеайлақта толық тоқтағанға дейін қондырғысы бар ұзақтығы кемінде 270 км бағыт бойынша бір ұшу;
      3) аспаптар бойынша кемінде 1 с ұшуы бар;
      4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, әуе кемесінің командирі (бұдан әрі - ӘКК) міндеттерін түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда 3 с ұшуы бар.
      Жалпы ұшуға дирижабльден басқа әуе кемелеріндегі, бірақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептелуі мүмкін.
      9. «Тікұшақ» әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар әуесқой пилот куәлігіне үміткер:
      1) жаттығу орнындағы 5 сағаттан астам әуеге көтерілу ескерілетін тікұшақтың пилоты ретінде бекітілген бағдарлама бойынша даярлық курсын өту барысында тікұшақта кемінде 40 с ұшу тәжірибесі бар;
      2) бағыт бойынша 5 с дербес ұшуды қоса алғанда, сұралатын біліктілік белгісіне сәйкес нұсқаушы пилоттың басшылығымен ұшақтарда кемінде 10 с дербес ұшқан, оған екі түрлі пунктте қона отырып, ұзақтығы кемінде 180 км бағыт бойынша кемінде бір ұшу кіреді;
      3) аспаптар бойынша кемінде 1 с ұшудың болуы;
      4) егер түнде функцияларды жүзеге асыру ұйғарылатын болса, ӘКК міндеттерін түнде орындай отырып, бес ұшуды және қонуды қоса алғанда 3 с ұшуы бар. Жалпы ұшуға дирижабльден басқа әуе кемелеріндегі, бірақ жиынтықта 10 с аспайтын ұшудың 10%-ы есептеледі.

4. Коммерциялық пилот куәлігін алушыға қойылатын талаптар

      10. Коммерциялық пилот куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 18-ден аспаған;
      2) мынадай салаларда білімін көрсете білу:
      ұшуды орындауға қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бөлігіндегі;
      ұшу негіздері;
      әуе кемелерінің тиісті түріне қолданылатын әуе кемелерінің конструкцияларын жалпы білу;
      күш қондырғыларының, жүйелер мен аспапты жабдықты пайдалану және олардың жұмыс істеу қағидаттары;
      әуе кемелерінің тиісті түрінің және олардың күш қондырғыларының пайдалану шектеулері;
      ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан немесе соған ұқсас құжаттан пайдалану деректері;
      жүктеменің және салмақты бөлудің ұшу сипаттамаларына, салмақ пен ауырлық орталықтарының (орталық) есептеулерін орындауға әсер етуі;
      пайдалану құжаттамасында берілген ұшу, қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамаларды іс жүзінде қолдану;
      жабдықтың және әуе кемелерінің тиісті түрлерінің жүйелерін пайдалану және жарамдылығын тексеру;
      планерге, әуе кемелерінің тиісті түрлерінің жүйелеріне және күш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету;
      ұшу алды даярлығы және жалпы мақсаттағы авиация үшін шолып ұшу ережелерінің ережелері бойынша ұшуларды орындау кезінде бағыт бойынша ұшуды жоспарлау, ұшу жоспарларын даярлау және толтыру,
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген, әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 7006 нөмірімен тіркелген), орналасқан орын туралы жеткізілімдер тәртібі, үдемелі әуе қозғалысы бар аудандарда ұшуларды орындау;
      қауіп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкіндіктері;
      авиациялық метеоролиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсіну және қолдану, метеорологиялық ақпарат алу және пайдалану тәртібі, биіктікті, қауіпті метеорологиялық жағдайларды, биіктікті өлшеуіштерді орнату тәртібі;
      авиациялық метрология, тиісті аудандардың климатологиясы және оның авиацияға әсері, төмен және жоғары қысым аумақтарын, атмосфералы  ағындардың құрылымдарын араластыру, бағыт бойынша ұшу, көтеріліп ұшу және қону жағдайларына әсер ететін ауа-райының ерекше құбылыстарының туындауы және олардың сипаттамалары;
      мұз басуды тану себептері және салдары, фронтальды аймаққа кіру тәртібі, қауіпті метеожағдайлары бар ауданды айналып өту;
      аэронавигациялық карталарды, аспаптар мен навигациялық құралдарды пайдалануды, тиісті навигациялық жүйелердің, борттық жабдық жұмыстарының қағидаттары мен сипаттамаларын түсіну;
      пайдалану жағдайындағы қауіп-қатерлер мен қателердің факторларын бақылау әдістерін қолдану;
      аэронавигациялық ақпаратты пайдалану, авиациялық кодтар мен қысқартуларды түсіну;
      апатты жағдайдағы сақтық және іс-әрекеттердің тиісті шаралары;
      жүктерді тасымалдаудың, қауіпті жүктерді тасымалдаудың әлеуетті тәуекелдерінің пайдалану ережелері;
      әуе кемесіне отыру және одан шығу кезінде сақтық шараларын қоса алғанда қауіпсіздік мәселелері бойынша жолаушыларды үйрету талаптары мен іс-тәжірибесі;
      тікұшақтар – жүктердің сыртқы аспаға әсер етуі;
      тікұшақтар үшін – трансмиссиялар, «құйынды шеңбер» режимі, жер резонансы, бос орындағы кедергіге тап болу, серпінді лақтыру және басқа да қауіпті жағдайлар, шолып ұшу метеорологиялық жағдайларындағы ұшу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету ережелері;
      байланыс істен шыққан кезде шолып ұшу ережелері бойынша ұшулар кезінде байланыс және фразеология жүргізу;
      3) әуе кемесінің командирі ретінде көрсетілген схемалар мен маневрлердің тиісті түрін орындау қабілетін көрсету, сондай-ақ:
      қауіп-қатерлер мен қателер факторларын танып-білу және бақылау;
      шектелген ұшу-техникалық сипаттамалар шегінде әуе кемесін басқару;
      барлық маневрлерді біртіндеп және дәл орындау;
      дұрыс шешімдер қабылдай білу және ұшуда бақылау мен байқауды білікті жүзеге асыру;
      аэронавигация саласында (ұшақ жүргізу) білімді қолдану;
      ұшудың немесе маневр схемасын табысты орындауды қамтамасыз ету үшін әуе кемесін басқаруды тұрақты жүзеге асыру;
      4) бірінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      11. Коммерциялық пилот куәлігінің иесі көрсетілген талаптарды сақтау шартымен куәлікте тиісті біліктілік белгілері болған кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      тиісті түрдегі әуе кемесінің әуесқой пилот куәлігінің иесі;
      коммерциялық тасымалдауларға байланысты емес ұшулар кезінде тиісті түрдегі ӘКК;
      бір пилотпен ұшуға арнап сертификатталған коммерциялық әуе тасымалдары кезінде тиісті түрдегі ӘКК;
      он пайдалану үшін екінші пилоттың болуы талап етілетін тиісті түрдегі әуе кемесіндегі екінші ұшқыш.
      12. «Ұшақ» әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар коммерциялық пилот куәлігінің иесі ұшақтың пилоты ретінде бекітілген бағдарлама бойынша даярлық курсынан өту барысында ұшақта кемінде 150 с әуеге көтерілуінің болуы, оған жаттығу орындағы 10 с аспайтын әуеге көтерілу есептеледі.
      13. «Тікұшақ» әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар коммерциялық пилот куәлігіне үміткер тікұшақтың пилоты ретінде бекітілген бағдарлама бойынша даярлық курсынан өту барысында ұшақта кемінде 100 с әуеге көтерілуінің болуы, оған жаттығу орындағы 10 с аспайтын әуеге көтерілу есептеледі.

5. Желілік пилотқа қойылатын талаптар

      14. Желілік пилот куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 21-ден асқан;
      2) мынадай салаларда білімді көрсету:
      ұшуды орындауға қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бөлігіндегі;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
      ұшу негіздері;
      электр, гидравликалық жүйелердің, үрлеу жүйесінің және әуе кемесінің басқа жүйелерінің, авто ұшқышты қоса алғанда ұшуды басқару жүйесінің жалпы сипаттамалары мен шектеулері;
      жұмыс қағидаттары, әуе кемелерінің күш қондырғыларын пайдалану және шектеу, атмосфералық жағдайлардың ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан пайдалану деректеріне сәйкес келетін қозғалтқыштар сипаттамасына әсер ету ережелері;
      әуе кемелерінің тиісті түрлерін пайдалану және шектеу, ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан немесе оған барабар құжаттан тиісті пайдалану деректеріне сәйкес атмосфералық жағдайлардың әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларына әсер етуі;
      тиісті әуе кемелері жүйелері жабдығын пайдалану және істен шығуын тексеру;
      пилотаждық аспаптар, компастар; гироскопиялық аспаптар, пайдалану шектеулері мен және прецессияның әсер етуі, түрлі пилотажды аспаптар мен электронды индикаторлар істен шыққан кезде іс-әрекеттер тәртібі;
      планерлерге, жүйелерге және тиісті әуе кемелерінің күш қондырғыларына техникалық қызмет көрсету;
      жүктеменің және салмақты бөлудің ұшу-техникалық сипаттамаларға және әуе кемесін басқару сипаттамаларына, салмақ пен орталықтың есептеудің орындалуына әсер етуі;
      крейсерлік ұшуда басқаруды қоса алғанда ұшу, қону және басқа сипаттамалардың өлшемдерін пайдалану және іс жүзінде қолдану;
      бағыт бойынша ұшуды ұшуалды жоспарлау және жедел жоспарлау, ұшу жоспарларын,
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген, әуе қозғалысына қызмет көрсету және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтар (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 7006 нөмірімен тіркелген), биіктікті өлшеу қондырғысының тәртібін даярлау және беру;
      қауіп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда адамның мүмкіндіктері;
      авиациялық метеоролиялық жиынтықтарды, карталар мен болжамдарды түсіну және қолдану; ұшу алдында және ұшу уақытында метеоролиялық ақпарат алу және пайдалану; биіктікті өлшеу;
      авиациялық метрология, төмен және жоғары қысымды аудандардың, ағындардың құрылымдарын араластыру, көтеріліп ұшу, бағыт бойынша ұшу және қону жағдайларына әсер ететін ауа-райының ерекше құбылыстарының туындауы және олардың сипаттамалары;
      мұз басу себептері, тану және салдары, фронтальды аймаққа кіру тәртібі, қауіпті метеожағдайлары бар ауданды айналып өту;
      ұшақтар үшін – метеожиынтықтарды, карталар мен болжамдарды, ағысты ағындарды түсіну мен пайдалануды қоса алғанда үлкен биіктіктердегі метеорология;
      аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдарды және аймақтық навигация жүйелерді, ұзақтығы үлкен бағыттар бойынша ұшуларға қатысты ерекше навигациялық талаптарды пайдалануды қоса алғанда ұшақты жүргізу;
      әуе кемесін және навигацияны басқару үшін қажет авиациялық электронды және аспапты жабдықтың шектеулерін және пайдалану сенімділігін пайдалану, есепке алу;
      бағыт бойынша ұшып көтерілу, ұшу, қонуға кіруге және қону сатыларында қолданылатын навигациялық жүйелерді пайдалану;
      автономды навигациялық жүйелердің және сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелердің қағидаттары мен сипаттамалары, борттық жабдық жұмыстары;
      пайдалану жағдайында қауіп-қатерлер мен қателер факторларын бақылау әдістерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды түсіну және пайдалану;
      апатты жағдайда, сақтық және іс-әрекеттер шараларын, ұшулардың қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
      жүк тасымалдарын және қауіпті жүктердің тасымалдарын пайдалану ережелері;
      әуе кемесіне отыру және одан шығу кезінде сақтық шараларын қоса алғанда қауіпсіздік мәселелері бойынша жолаушыларды үйрету талаптары мен іс-тәжірибесі;
      тікұшақтар үшін – трансмиссиялар, «құйынды шеңбер» режимі, жер резонансы, бос орындағы кедергіге тап болу, серпінді лақтыру және басқа да қауіпті жағдайлар, шолып қарау метеорологиялық жағдайларында ұшу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыртқы ілінудегі жүктердің басқару сипаттамасына әсері;
      байланыс істен шыққан кезде байланыс және фразеология, іс-қимыл жүргізу ережесі;
      3) бірінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы.
      15. Желілік пилот куәлігіне тиісті біліктілік белгілері болған кезде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      рұқсат етілген түрдегі әуе кемесінің әуесқой пилоты және коммерциялық пилоты куәлігінің иесі;
      коммерциялық әуе тасымалдарында рұқсат етілген түрдегі әуе кемесініңжәне біреуден артық пилоты бар ұшулар үшін сертификатталған кез келген ӘКК.
      16. «Ұшақ» әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар желілік пилот куәлігін алуға үміткер, ұшақ пилоты ретінде кемінде 1 500 с ұшудың болу қажеттілігі, оған жаттығу орнында 100 с аспайтын ұшу есепке алынады.
      17. «Тікұшақ» әуе кемесінің түрі туралы біліктілік белгісі бар желілік пилоты куәлігін алуға үміткер, тікұшақтардың пилоты ретінде кемінде 1000 с ұшуының болуы қажет, оған жаттығу орнында 100 с аспайтын ұшу есепке алынады.

6. Аса жеңіл әуе кемесінің пилотына қойылатын талаптар

      18. Аса жеңіл әуе кемесінің пилоты куәлігінің алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 17 жастан жоғары;
      2) мына салаларда білімін көрсетуі:
      аса жеңіл әуе кемесінің тиісті сыныбының практикалық аэродинамикасы, аса жеңіл әуе кемесінің конструкциясы және оны пайдалану;
      ұшуды орындауға қатысты Қазақстан Республикасының әуе кеңістiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының бөлігіндегі;
      жүйелер мен аспаптық жабдықтар жұмысының қағидаттары;
      пайдаланудағы шектеулер, ұшуда пайдалану жөніндегі басшылықтан тиісті пайдалану деректерін немесе оған баламалы құжатты пайдалану;
      салмағын тиеу және ұшу сипаттамаларына бөлу әсері, салмағы мен центровканы есепке алу;
      ұшу (старттық), қону және басқа да ұшу-техникалық сипаттамалардың параметрлерін пайдалану және практикалық қолдану;
      бағыт бойынша ұшуды ұшу алдындағы жоспарлау және жоспарлау, қарқынды қозғалыс аудандарында ұшуды орындау;
      қауіп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктерін аса жеңіл әуе кемесінің пилотына қолданғанда;
      авиациялық метрология негіздерін, метеорологиялық ақпаратты алу және пайдалану, биіктікті өлшеу қағидаларын қолдану;
      аэронавигацияның практикалық аспектілерін және жолды есептеу әдістерін, аэронавигациялық карталарды пайдалану әдістерін қолдану;
      аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтар мен қысқартуларды пайдалану;
      қауіпті метеожағдайлардан, іздегі турбуленттіліктен және басқа да қауіпті жағдайлардан өту мақсатында қабылданатын іс-әрекетті қоспағанда, авариялық жағдайдағы абайлаушылық және іс-қимыл шараларын сақтау;
      аса жеңіл әуе кемесінің пилотына қолданылатын ұшу негіздері;
      3) ұшу болуы:
      әлеуетті қондырғымен жабдықталған аса жеңіл әуе кемелерінде, - 12 с дербес ұшуды қоса алғанда, аса жеңіл әуе кемесінің пилоты ретінде кемінде 25 с, 5 с – бағыт бойынша, кемінде 30 дербес ұшу мен қонудың, оның ішінде дросселденген (сөндірілген) қозғалтқышпен 6 рет қонудың;
      әлеуетті қондырғысы жоқ аса жеңіл әуе кемелерінде, - 12 с жалпы ұшудың, әрқайсысының ұзақтығы 10 мин. 12 ұшудың, әрқайсысы 30 мин. астам 5 рет ұшудың, қашықтығы кемінде 1,5 км бағыт бойынша 3 ұшудың болуы;
      мына салаларда:
      аса жеңіл әуе кемесін жинау мен тексеруді қоса алғанда, ұшу алдындағы дайындық;
      әуе жылдамдығын тиісті шектеуді, авариялық жағдайдағы іс-қимыл тәртібін және сигналдарды пайдалануды қоса алғанда, старттың пайдаланылатын әдісінде қолданылатын техникалық әдістер мен қағидаларды орындау;
      қозғалыс схемалары бойынша ұшу, соқтығысуды болдырмау үшін қолданылатын әдістер мен шараларды орындау;
      сыртқы көрнекі бағдарлар көмегімен басқару;
      ұшу режимдерінің пайдалану диапазонында ұшуды орындау;
      бастапқы және өршіген құлауды тану және одан алып шығу, қанатын жинау, егер қолқауіпті режимдері;
      қауіпті ұшу режимдеріне шығудың алдын алу;
      қалыпты жағдайда ұшу және қону (жанынан соққан желде, сөндірілген қозғалтқышпен қону кезінде, шектеулі ұшу-қону жолағы);
      көрнекі бағдарлар көмегімен бағыт бойынша ұшуды және жолды есептеу әдістерін орындау;
      авариялық жағдайдағы іс-қимыл тәртібі;
      4) екінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы.
      19. Функцияларды орындау үшін аса жеңіл әуе кемесінің пилоты аса жеңіл әуе кемесінің типі туралы біліктілік белгілерін алуға тиіс:
      1) игерімді басқарумен (дельтаплан, дельталет);
      2) аэродинамикалық басқарумен (автомай, тікұшақ, ұшақ);
      3) аралас басқарумен.
      20. Су бетінде ұшуды орындау үшін аса жеңіл әуе кемесінің пилоты кем дегенде 12 с аса жеңіл әуе кемесінің конфигурация бойынша ұшуы бар.
      21. Авиациялық жұмыстарды орындау үшін аса жеңіл әуе кемесінің пилотына:
      1) кемінде бір жыл ішінде 80 с кем емес жалпы ұшу, оның ішінде кемінде 20 с авиациялық жұмыстарға оқыту кезінде ұшуы және әуеайлақтан тыс алаңнан 50 ұшуды орындауы;
      2) орындалатын жұмыстардың технологиясы, авиациялық жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылатын заттар мен жабдықтардың сипаттамалары туралы білім алуын қамтитын бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі.
      22. «Аса жеңіл әуе кемесінің пилоты – нұсқаушы» біліктілік белгісін алу үшін аса жеңіл әуе кемесінің пилоты куәлігінің иегерінде кемінде 100 с, оның ішінде соңғы 2 жыл ішінде ұшудың болуы қажет:
      1) моторсыз аса жеңіл әуе кемесіне - 40 с;
      2) нұсқаушылық жұмысқа оқытуға - кемінде 25 с.

7. «Нұсқаушы-пилот» біліктілік белгісін алуға қойылатын біліктілік талаптар

      23. Нұсқаушылардың жеті санаты бар:
      1) ӘК (FI(A)) – Нұсқаушы-пилоттың біліктілік белгісі (рейтингі)
      2) ТRI(А) – нұсқаушы біліктілік белгісі (рейтингі) үшін ұшақ үлгісі бойынша біліктілік белгісі (рейтингі);
      3) СRI(A) – ұшақ сыныбы бойынша біліктілік белгісі (рейтингі) үшін нұсқаушы біліктілік белгісі (рейтингі);
      4) аспаптар бойынша ұшу рейтингі үшін нұсқаушы біліктілік белгісі (рейтингі) – ұшақ IRI (A);
      5) пилотажды жаттығу орындары бойынша нұсқаушы – ұшақ (SFI(A));
      6) көп пилотты ӘК экипажы мүшелерінің өзара іс-қимылы жөніндегі нұсқаушы – ұшақ (МССI(A));
      7) кешенді ұшу даярлығы жөніндегі нұсқаушы - ұшақ (SТI);
      24. «Пилот-нұсқаушы» біліктілік белгісін алу үшін нұсқаушыға мынадай біліктілік талаптар қойылады:
      1) кемінде бір куәлігінің болуы, даярлық тақырыбы бойынша рейтингі мен біліктілігі;
      2) ол үшін даярлық жүргізілетін ӘК үлгісі немесе сыныбының пилоты ретінде кемінде 15 сағат тәжірибесінің болуы;
      3) осындай даярлық уақытында ӘК командирі ретінде әрекет ету өкілеттіктері.
      25. «Пилот-нұсқаушы» біліктілік белгісін алу үшін, үміткер қажет:
      1) Куәлікте көрсетілген әуе кемесінің түріне сәйкес келуі қажет, коммерциялық пилот куәлігін алу кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келуі қажет және бекітілген бағдарлама бойынша даярлықтан өтуі және дайындық өтуі керек,
      2) білімдерді игеруі:
      практикалық оқу әдістемесі;
      оқушылар, тыңдаушылар және студенттердің үлгерімін бағалау бойынша, сол пәндер бойынша жердегі даярлық жүзеге асырылатын;
      материалды игеру процесі;
      тиімді оқыту элементтері;
      студенттер, оқушылар және тыңдаушылардың білім деңгейін тексеру және бағалау бойынша, оқыту теориясы;
      даярлық бағдарламасын әзірлеу;
      сабақты жоспарлау;
      аудиториялық оқыту әдістемесі;
      ұшуды оқу құралдарын пайдалану, имитациялау тренажерін қоса алғанда;
      студенттер, оқушылар және тыңдаушылардың қателерін түзеу және талдау жүргізу бойынша;
      ұшу дайындығына қатысты адам мүмкіндіктері, қауіп және қателіктер факторын бақылау принциптерін қоса алғанда;
      әуе кемесі жүйелерінің істен шығуын имитациялаумен байланысты қауіптер;
      3) ол ұшу дайындығын жүргізуге ниеттенген және пилот-нұсқаушының қызметін жүзеге асыру көзделетін салаларда оқыту қабілеті әуе кемелерінің сол үлгісі мен кластарында, ұшу алдындағы нұсқама беру, ұшуды талдау және жердегі дайындықты қоса алғанда оқуға қабілеттілігі;
      4) операцияларды тәжірибелі оқыту әдістерін көрсетуді, курсанттардың ең көп тараған қателіктерін тану және түзеуді қоса алғанда ұшу дайындығын жүргізуді оқыту әдістемесі бойынша курсты өту. Практикада қолдана білу. Ол ұшу дайындығын жүргізуге ниетті ұшу маневрлер және схемаларын орындау әдістемесі.
      26. FCL куәлігіне оқытуға тілек білдіруші, нұсқаушыларға, аспап бойынша ұшуға рұқсат беру және класс деңгейін қоса алғанда:
      1) кемінде коммерциялық авиация пилотының куәлігі (CPL) және біліктілік белгілері бар, ICAO-ға сәйкес берілген, басқа мемлекеттің талаптарына сәйкес, әуе кемесі бойынша оқыту өткізу үшін, осы мемлекетте тіркелген;
      2) рұқсаттың қолданыс мерзімі Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен қарауымен анықталады, бірақ 3 жылдан аспайды;
      3) рұқсаты бар, әрекет ету мерзімі келесі жағдайымен шектеледі:
      оқу қандайда бір нұсқаушылық рейтинг беру үшін жүзеге асырылмайды;
      оқуға жіберілетін, тілді меңгере алатын курсанттар оқытуға өткізіледі;
      алдағы өткізілетін біріңғай АТР курсы тараулары үшін нұсқаушы сәйкес тәжірибе көрсетеді.

8. ӘК (FI) нұсқаушы ұшқышының біліктілік талабы

      27. «Ұшақ» FI(A) біліктілік белгісін алу үшін үміткерге қажет:
      1) пилот-нұсқаушы FI(A) курсын бітіруі;
      2) коммерциялық пилот куәлігі(СРL) бар, немесе, кем дегенде 200 сағат ұшу, соның ішінде 150 сағат ӘКК ретінде, әуесқой-пилот куәлігі РРL(A) бар болса;
      3) курсқа түсерден алдын алдыңғы дайындық ұшуға, поршенді қозғалтқышты бар бір қозғалтқышты әуе кемесінде кем дегенде 30 сағат ұшу, соның ішінде 5 сағат 6 ай ішінде орындаған;
      4) аспаппен ұшуға кем дегенде 10 сағат дайындығы бар, соның ішінде ұшуды еліктейтін FNPT аспабымен жердегі дайындығы 5 сағаттан артық емес (аспаппен ұшу үшін жабдықталған, әуе кемесі үшін);
      5) әуе кемесінің командирі есебінде маршрут бойынша 20 сағаты бар, жиынтығы 540 км (300 теңіз милі) жетеді, процесс кезінде екі бөлек әуе айлақта толық тоқтауымен отырғызылған.
      «Тікұшақ» FI(Н) біліктілік белгісін алу үшін үміткерге қажет:
      1) пилот-нұсқаушы FI(Н) курсын бітіруі;
      2) кем дегенде 200 с тікұшақта ұшуы бар, соның ішінде:
      кем дегенде 100 с тікұшақтың командирі ретінде егер АТРL(Н) немесе СРL (Н) бар болса, немесе кем дегенде 200 с командирі ретінде РРL(Н) бар болса.

10. (TRI) үлгісінің рейтингі бойынша нұсқаушының біліктілік талап - рейтингі

      28. «Ұшақ» TRI(MPA) біліктілік белгісін алу үшін үміткерге қажет:
      1) TRI(А) рейтинг курсын өтуі;
      2) кем дегенде 1500 с көп қозғалтқышта ұшақтың пилоты ретінде ұшуы бар;
      3) кем дегенде 30 бағыттағы ұшуы бар болуы, сонымен бірге қолданыстағы әуе кемесінің түрінде немесе өкілетті органмен келісілген ұқсас әуе кемесінде командир немесе екінші пилоты ретінде ұшуы мен қонуы, алдыңғы өтініште 12 айда істелінген, оның ішінде 15 ұшудан аспайтын ұшу имитаторында орындауы мүмкін.
      29. «Тікұшақ» TRI(Н) біліктілік белгісін алу үшін үміткерге қажет:
      1) TRI(Н) рейтинг курсын өтуі;
      2) бір пилотты бір қозғалтқышты тікұшақтың рейтингіне, кем дегенде 250 с ұшуы болу керек;
      3) бір пилотты көп қозғалтқышты тікұшақтың рейтингіне, кем дегенде 250 с ұшуы болу керек;
      4) көп пилотты тікұшақтардың рейтингіне, кем дегенде 1000 с ұшуы болу керек.

11. (СRI(SPA)) сыныбы бойынша рейтинг нұсқаушысының рейтингтік біліктілік талаптары

      32. «Ұшақ» СRI(MPA) біліктілік белгісін алу үшін үміткерге қажет:
      2) көп қозғалтқышты әуе кемелеріне:
      кем дегенде 500 с әуе кеменің пилоты ретінде ұшуы бар болуы, соның ішінде кем дегенде 30 с әуе кеменің командирі ретінде қолданыстағы әуе кемелердің түрлері бортында ұшуы,
      ұйыммен бекітілген ұшу дайындығы немесе рейтинг бойынша курсы түрлерін өтуі, әуе кемесінің бортында немесе пилотажды тренажерда ұшу дайындығы кем дегенде 5 с ұшуы қоса алғанда, осы мақсатта сәйкестірілген рұқсат иеленуші нұсқаушымен өткізілетін;
      3) бір қозғалтқышты бар әуе кемелеріне керек:
      кем дегенде 500 с әуе кеменің пилоты ретінде ұшуы бар болуы, соның ішінде кем дегенде 30 с әуе кеменің командирі ретінде қолданыстағы әуе кемелердің түрлері немесе класы бортында ұшуы,
      ұйыммен бекітілген ұшу дайындығы немесе рейтинг бойынша курсы түрлерін өтуі, әуе кемесінің бортында немесе пилотажды тренажерда ұшу дайындығы кем дегенде 5 с ұшуы қоса алғанда, осы мақсатта сәйкестірілген рұқсат иеленуші нұсқаушымен өткізілетін.

12. (IRI) сыныбы бойынша рейтинг нұсқаушының рейтингтік біліктілік талаптары

      98. «Ұшақ» IRI(A) біліктілік белгісін алу үшін үміткерге қажет:
      1) IRI(A) рейтинг курсын өтуі;
      2) аспап бойынша ұшуы кем дегенде 800 с ұшуы бар, оның ішінде 400 с ұшу әуе кемесінің бортында;
      3) ұйыммен бекітілген ұшу дайындық бойынша курс өтуі, кем дегенде 10 с әуе кеме бортында ұшу дайындығы, пилотажды тренажерда немесе FNPT-да.
      32. «Тікұшақ» IRI(A) біліктілік белгісін алу үшін үміткерге қажет:
      1) IRI(Н) рейтинг курсын өтуі;
      2) аспап бойынша ұшуы кем дегенде 500 с ұшуы бар, оның ішінде 250 с ұшу тікұшақтың бортында.

15. (SFI) кешенді ұшу даярлығы жөніндегі нұсқаушының біліктілік талаптары

      33. Үміткерге «ұшақ» SFI(A) біліктілік бағасын (бедел көрсеткіштері) алу үшін қажет:
      1) ұшу даярлығы немесе үлгі рейтингі даярлығы туралы ұйымда оқыту курсы шеңберінде белгілі бір үлгі рейтингі үшін имитациялайтын жаттығу орнында бағдарлама орындау;
      2) көп мүшелі ӘК ұшқышы ретінде кемінде 1500 сағат ұшу жұмысы даярлығының болуы;
      3) SFI(A)) бекітілген курстарын жақсы нәтижелермен аяқтау;
      4) осы мақсатта тағайындалған уәкілетті органның бақылауымен және оның талаптарын TRI(A) орындай отырып қолданыстағы үлгідегі ӘК бортында және/немесе пилотажды жаттығу орнында үлгі рейтингісі үшін  RI(A) функцияларына арналған кемінде 3 сағаттық ұшу даярлық курстарында өткізу.
      5) өтінім мерзімінің алдындағы 12 айдың ішінде қолданыстағы үлгідегі ұшулар имитаторында ұшу даярлығын тексеруді табысты өту; және
      6) өтінім мерзімінің алдындағы 12 айдың ішінде уәкілетті органмен келісім бойынша ұшқыштың немесе осыған ұқсас үлгідегі кабинада байқаушы ретінде кемінде 3 бағытты ұшуды орындау немесе өтінім мерзімінің алдындағы 12 айдың ішінде уәкілетті органмен келісім бойынша ұшқыштың немесе осыған ұқсас үлгідегі кабинада байқаушы ретінде білікті экипаж мүшесінің басшылығымен LOFT имитаторында (нақтыға барынша жақындатылған жағдайларда ұшу даярлығы) кемінде 2 дәрісті орындау. Имитацияланған жаттығу орындарындағы мыналарды қамтиды:
      7) әрқайсысының ең төменгі ұзақтығы 2 түрлі әуежай арасында 2 сағат ұшу;
      8) осыған байланысты ұшуалды жоспарлау және тапсырманы орындағаннан кейін ұшуды талдау.
      34. «Тікұшақ» SFI(Н) біліктілік белгісін алу үшін үміткерге мыналар қажет:
      1) SFI(Н) рейтинг курсын өтуі;
      2) тікұшақ пилоты ретінде кем дегенде 1000 с ұшуы болуы.

14. Көп мүшелі ӘК экипажы мүшелерінің өзара іс-қимылы жөніндегі курс өткізуге нұсқаушының біліктілік талаптары MCCI(А)

      5. MCCI(А) рұқсатын алушы кандидатқа мыналар қажет:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы берген кәсіби пилот куәлігінің немесе Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мақұлдаған пилот куәлігінің болуы;
      2) көп мүшелік ӘК пилоты ретінде кемінде 1500 сағат ұшу жұмысы тәжірибесінің болуы;
      3) MCCI(А) бекітілген курсы шеңберінде FNPT II немесе пилотажды жаттығу орнында оқытуды табысты аяқтау;
      4) тиісті FNPT II немесе осы мақсатта уәкілетті орган ТRI(A), SFI(A) немесе MCCI(А) тағайындаған талаптарды орындай отырып және бақылауда пилотажды жаттығу орнында МСС кемінде 3 сағат ұшу даярлағының/нұсқаулықтың барлық МСС курсы шеңберінде жүргізу.

15. Біліктілік талаптары – Нұсқаушыны кешенді ұшу дайындығын жүргізуге жіберу (ұшақ) STI(А)

      36. Кандидат STI(А) рұқсатын алуға:
      1) осының алдындағы 3 жыл бойы тиісті курстардың талаптарына жауап беретін оның нұсқаушылық біліктілігін көрсететін пилот куәлігін немесе Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті емес органның, бірақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті орган мақұлдаған куәлігін иеленуі;
      2) STI(А) функцияларына байланысты бақылаумен және FIE(A) уәкілетті органы осы мақсатта белгілеген талаптарды орындай отырып немесе пилоттық тренажерде немесе FIE(A)-да кемінде 3 сағат ұшу дайындығын өткізуі, немесе егер STI(А) оқытуды тек BITD-де (приборлар бойынша ұшудың оқу стенді) жүргізгісі келсе, ол BITD-де бақылаумен және FIE(A) уәкілетті органы осы мақсатта белгілеген талаптарды орындай отырып кемінде 3 сағат өткізуі қажет;
      3) өтінім алдында 12 ай ішінде болжамды оқытуға сәйкес қолданыстағы сынып немесе типтегі FNPT әуе кемесінде FCL-ге сәйкес ұшу дайындығын тексеруден өтуі немесе тек BITD-де оқытуды жүргізгісі келетін STI(А) үшін өтінім алдында 12 ай ішінде ұшу дайындығын тексеруден өтуі қажет;
      4) STI(А) рейтингін ұзарту үшін ізденуші рұқсат қолданылатын мерзімнің соңғы 12 айы ішінде пилоттық тренажерде немесе FNPT II немесе BITD-да кемінде 3 сағат ұшу дайындығын өткізуі, егер CPL, IR, PPL немесе типі немесе сынып рейтингінің курстарын орындау шеңберінде қолданса, әдетте оқыту үйретілетін пилоттық тренажерде немесе FNPT II FКС тиісті типі немесе сыныбы үшін FCL-да айтылған кәсіптік жарамдылығын тексеруді орындауы немесе тек BITD-да STI(А) оқыту үшін кәсіптік жарамдылығын тексеруді орындауы қажет.
      37. Оқытатын нұсқаушы тип рейтингі үшін:
      1) осы елде тіркелген ӘК бойынша жүргізілетін оқыту үшін басқа елдің талаптарына сай ICAО-ға сәйкес берілген кемінде куәлігінің немесе рейтингінің болуы;
      2) тип бойынша рейтинг нұсқаушысы ретінде (ТRI(A) немесе баламасы) имитациялаушы тренажерлерде 100 сағат ұшу немесе оқып-үйрену;
      3) рұқсаттың қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті органның қалауы бойынша айқындалады, бірақ 3 жылдан аспайды;
      4) рұқсат былайша шектеледі;
      қандай да бір нұсқаушылық рейтинг беру үшін оқыту жүзеге асырылмайды;
      оқыту жүргізілетін тілді тиісті түрде меңгерген курсанттар ғана оқуға жіберіледі;
      МСС үшін оқыту жүргізілмейді.

16. Емтихан алушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      38. Емтихан алушылардың алты негізгі тағайындауы бөлінген:
      1) емтихан алушы – пилот – (FE(A)).
      2) тип бойынша рейтингтің емтихан алушысы –(ТRE(A)).
      3) сынып бойынша рейтингтің емтихан алушысы – (СRE(A)).
      4) приборлар бойынша ұшуға жіберудің емтихан алушысы – (IRE(A)).
      5) кешенді оқыту бойынша емтихан алушы – (SFE(A)).
      6) емтихан алушы – пилот – нұсқаушы – (FIE(A)).
      39. Емтихан алушыларда, егер өзгеше көзделмесе, кемінде кәсіптік машықтарына тестілеу немесе  ұшу дайындығына тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген пилоттардың куәліктері мен рейтингілеріне тең куәліктің және рейтингтің болуы қажет, сондай-ақ осы лицензиялар мен рейтингтер үшін оқыту өкілеттіктерінің болуы қажет.
      40. Емтихан егер өзгеше көзделмесе, алушыларда машықтарына тестілеу немесе ұшу дайындығына тексеру жүргізу кезінде КВС функцияларын орындау үшін жеткілікті біліктілігінің болуы қажет және біліктілікке қойылатын елеулі талаптарға жауап беруі қажет. Білікті емтихан алушылар болмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органының қалауы бойынша емтихан алушыларға/инспекторларға тип/класс/аспаптар бойынша ұшуға рұқсат рейтингілері бойынша жоғарыда аталған талаптарға сәйкес болмаса да рұқсат беріледі.
      41. Емтихан өткізу рұқсатын алуға кандидаттың нұсқау беруді, машықтарына тестілеу жүргізуді, машықтарына тестілеу жүргізілетін ізденушіні бағалауды, ұшуды талқылауды және жазбалар/құжаттама жасауды қоса алғанда, кемінде осы рұқсат талап етілетін тиісті емтихан алушы ретінде машықтарына бір тестілеу жүргізілуі қажет.
      42. Осы бөлікте көрсетілген біліктілік пен тәжірибеге қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда қандай да бір тапсырманы жүзеге асыру үшін емтихан алушылар FE(A), ТRE(A), СRE(A), IRE(A), SFE(A) немесе FIE(A) рөлін орындаумен ғана шектеліп қалмайды.

17. Емтихан алушы – пилотқа (FE) біліктілік талаптары

      43. Емтихан алушы – пилот (FE) (ұшақ) рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      1) бір мүшелі әуе кемесінің FE (белгісін) тиісті деңгейін алу үшін, емтихан алушы бір мүшелі әуе кеменің пилоты ретінде 1000 сағаттан кем емес ұшуды орындау, оның ішінде PPL үшін 250 сағаттан кем емес ұшу дайындығы қажет;
      2) бір мүшелі әуе кемесінің FE (белгісін) тиісті деңгейін алу  үшін, емтихан алушы бірмүшелі әуе кеменің пилоты ретінде 2000 сағаттан кем емес ұшуды орындау, оның ішінде СPL үшін 250 сағаттан кем емес ұшу дайындығы қажет.
      44. Емтихан алушы – пилот (FE) (тікұшақ) рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      1) бірмүшелі әуе кемесінің FE (белгісін) тиісті деңгейін алу үшін, емтихан алушы бірмүшелі әуе кеменің пилоты ретінде 1000 сағаттан кем емес ұшуды орындау, оның ішінде PPL үшін 250 сағаттан кем емес ұшу дайындығы қажет;
      2) бірмүшелі әуе кемесінің FE (белгісін) тиісті деңгейін алу үшін, емтихан алушы бірмүшелі әуе кеменің пилоты ретінде 2000 сағаттан кем емес ұшуды орындау, оның ішінде СPL үшін 250 сағаттан кем емес ұшу дайындығы қажет.

18. ТRE типі бойынша рейтингтің емтихан алушыға біліктік талаптар

      45. Емтихан алушы – пилот ТRE(A) (ұшақ) рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      көпмүшелі әуе кемесінің пилоты ретінде 1500 сағаттан кем емес ұшудың, оның ішінде 500 сағаттан кем емес әуе кемесінің командирі ретінде ТRІ (А) деңгейінің немесе рұқсаты болуы қажет.
      Емтихан алушы – пилот ТRE(Н) (тікұшақ) рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      бірнеше пилоттармен тікұшақтың пилоты ретінде 1500 сағаттан кем емес ұшудың, оның ішінде 500 сағаттан кем емес әуе кемесінің командирі ретінде ТRІ (Н) деңгейінің болуы қажет.
      Бір пилоты көп қозғалтқышы бар тікұшаққа ТRE(Н) алу үшін:
      тікұшақта пилот ретінде 1500 сағаттан кем емес ұшудың, оның ішінде 500 сағаттан кем емес әуе кемесінің командирі ретінде ТRІ (Н) деңгейінің болуы қажет.
      Бір пилоты бір қозғалтқышы бар тікұшаққа ТRE(Н) алу үшін:
      тікұшақта пилот ретінде 750 сағаттан кем емес ұшудың, оның ішінде 500 сағаттан кем емес әуе кемесінің командирі ретінде FІ(Н) немесе ТRІ (Н) деңгейінің болуы қажет.

19. (СRE) класы бойынша деңгейлі емтихан алушыға біліктілік талаптары

      46. СRE (А) емтихан алушы - пилот рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      PPL (A) күәлігінің және 500 сағаттан кем емес әуе кемесінде пилот ретінде ұшуы болуы қажет.

20. (IRE) құралдары бойынша ұшуға деңгейлі емтихан алушыға біліктілік талаптары

      47. Емтихан алушы - пилот IRE (А) «ұшақ» рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      2000 сағаттан кем емес әуе кемесінің пилоты ретінде ұшуы, оның ішінде 450 сағаттан кем емес IFR, оның ішінде 250 сағатын пилот -  нұсқаушы ретінде ұшуы болуы қажет.
      Емтихан алушы - пилот IRE (Н) «тікұшақ» рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      IRI (Н) бойынша деңгейінің болуы қажет;
      2000 сағаттан кем емес тікұшақтың пилоты ретінде ұшуы, оның ішінде 300 сағаттан кем емес құралдар бойынша, оның ішінде 250 сағатын пилот - нұсқаушы ретінде ұшуы болуы қажет.

21. (SFE) кешенді оқыту емтихан алушыға біліктілік талаптары

      48. Емтихан алушы - пилот SFE(А) «ұшақ» рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      ATPL (A) желілік пилоттың куәлігінің болуы, 1500 сағаттан кем емес көпмүшелі әуе кемесінің пилоты ретінде ұшуды орындау және SFI (A) деңгейінің болуы қажет.
      Емтихан алушы - пилот SFE(Н) «тікұшақ» рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      тиісті тікұшақ үлгісіне ІR(H) ATPL(A) желілік пилоттың куәлігінің болуы, 1000 сағаттан кем емес тікұшақ командирі ретінде ұшуды орындау және SFI(Н) деңгейінің болуы қажет.

22. (FIE) пилот - нұсқаушы емтихан алушыға біліктілік талаптары

      49. Емтихан алушы - пилот FІE(А) «ұшақ» рұқсатын алушы кандидата мыналар:
      2000 сағаттан кем емес ұшақ пилоты ретінде ұшуы, оның ішінде 100 сағаттан кем емес FI(А) ізденуші нұсқама үшін ұшуының болуы қажет.
      50. Емтихан алушы - пилот FІE(А) «тікұшақ» рұқсатын алушы кандидатқа мыналар:
      1) FI(H), TRI(H) немесе IRI(H) деңгейінің болуы қажет;
      2) FE(H), TRE(H) немесе IRE(H) рұқсатының болуы қажет;
      3) 200 сағаттан кем емес тікұшақ пилоты ретінде және FI(H), RI(H) немесе IRI(H) деңгейіне дайындау барысында 100 сағаттан кем емес ұшуы болуы қажет.

22. Штурман куәлігінің иегеріне қойылатын талаптар

      51. Штурман куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан жоғары;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мына салаларда білімінің болуы:
      штурман куәлігінің иегеріне қатысты норматитвтік құқықтық актілер, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегі тиісті практика мен қағидалары;
      массаны тиеу және әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсері;
      крейсерлік режимде ұшу қағидаларын қоса алғанда, ұшу-қону және басқа да сипаттамаларды пайдалану;
      ұшу алдындағы дайындық және бағыт бойынша ұшуды орындау, әуе қозғалысын ұйымдастыру мақсаттары үшін ұшу жоспарларын, биіктік өлшеуішті орнату тәртібін дайындау мен ұсыну;
      қауіп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктерін штурмонға қолданғанда;
      авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды; кодтар мен қысқартуларды түсіну мен практикалық қолдану, ұшу алдында және ұшу кезінде метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану, биіктікті өлшеу;
      авиациялық метеорология; авиацияға әсер ететін тиісті аудандардың климатологиясы, төмен және жоғары ұшып шығу, бағыт бойынша ұшу және қону шарттарына әсер ететін ерекше ауа-райы жағдайының фронттарының құрылымы, туындауы мен сипаттамалары;
      жолды есептеу, изобаралық қабат бойынша ұшуды орындау әдістері және астронавигация, аэронавигациялық карталарды, радионавигациялық құралдар мен аймақтық навигация жүйелерін, үлкен қашықтықтағы бағыт бойынша ұшуға қойылатын ерекше навигациялық талаптарды пайдалану қағидалары;
      бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қонуға кіру, радионавигациялық құралдарды тану кезеңдерінде қолданылатын навигациялық жүйелерді пайдалану;
      автономиялық жүйелерді және сыртқы құралдарға бағдарланған жүйелерді пайдалану қағидаттары, сипаттамалары және тәртібі, борттық жабдықтау жұмыстары;
      ұшуда әуе кемесінің орналасқан жерін анықтау, секстанттарды тарировкасы, навигациялық құжаттаманы толтыру мақсатында аспан шамшырақтарының қозғалысын қоса алғанда, аспан саласы, оларды таңдау және тану;
      аэронавигацияда пайдаланылатын өлшем бірліктері мен формулаларды айқындау;
      бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу, аспаптар бойынша қонуға кіру  кезінде аэронавигациялық құжаттаманы, авиациялық кодтарды, қысқартуларды және бақылау карталарын түсіну және пайдалану;
      ұшу негіздері;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      3) түнгі уақыттағы кемінде 30 с ұшуды қоса алғанда, бағыт бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерінде кемінде 200 с ұшудың болуы;
      ұшуда әуе кемесінің орнын анықтай алуы және автономиялық навигациялық жүйелер мен сыртқы құралдарға бағдарланған навигациялық жүйелерді пайдалана отырып, әуе кемесінің навигациясын жүзеге асыру үшін осы ақпаратты қолдана алуы;
      әуе кемесі штурманының міндеттерін орындай алуы, сондай-ақ:
      қауіп-қатер және қате факторларын тани және бақылай алуы;
      дұрыс шешімдер қабылдай алуы және ұшуда байқауды біліктілікпен жүзеге асыра білуі;
      аэронавигация саласындағы білімін қолдана білуі;
      бірыңғай экипаждың барлық міндеттерін орындауы;
      ұшу экипажының басқа мүшелерімен пәрменді түрде сөйлесуді жүзеге асыруы;
      4) бірінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      52. Штурман куәлігінің иегері осы Біліктілік талаптарында көрсетілген талаптардың сақталуы шартымен куәлікте тиісті біліктілік белгілері болған кезде әуе кемесінің кез келген түрінде штурманның функцияларын жүзеге асырады.

23. Бортинженер (бортмеханик) куәлігінің иегеріне қойылатын талаптар

      53. Бортинженер (бортмеханик) куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан жоғары;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мына салаларда білімінің болуы:
      бортинженер (бортмеханик) куәлігінің иегеріне қатысты норматитвтік құқықтық актілер;
      отын, жағармай материалдарын және майлау жүйелерін беруді реттеуді, форсаждық камералар мен бүрку жүйелерін орнатуды, қозғалтқыштарды оталдыру және іске қосу жүйелерінің мақсаты мен қағидаттарын қоса алғанда, әлеуетті қондырғыларды, газ-турбиналық және/немесе поршеньді қозғалтқыштарды қондырудың негізгі қағидаттары, отын сипаттамалары, отын жүйелері;
      әуе кемелерінің жұмыс қағидаттары, олардың әлеуетті қондырғыларын пайдалану мен шектеу қағидалары, атмосфералық жағдайдың қозғалтқыштардың сипаттамаларына әсері;
      басқару органдарының планерлері, дөңгелек шассиінің, тежегіштердің, газға қарсы қондырғылардың, коррозия бойынша ресурстың конструкциялары және материалдардың тозуы, конструкцияның зақымдануы мен ақауларын табу;
      мұз басуға қарсы және су жұқпайтын жүйелер;
      ауа үрлеу және кондиционерлеу жүйелері, оттегі жүйелері;
      гидравликалық және пневматикалық жүйелер;
      электротехника негіздері, тұрақты және ауыспалы ток электр  жүйелері, әуе кемелерінің электр сымы, металдандыру және экрандау жүйелері;
      приборлық жабдық, компастар, автопилоттар, байланыс радио жабдығы, радинавигациялық және радиолокациялық құралдар, ұшуды басқару жүйелерінің, димплейлер мен авиациялық электронды жабдық жұмысының қағидаттары;
      әуе кемелерін шектеу;
      өрт дабылы жүйелері және өртке қарсы жүйелер;
      тиісті әуе кемелері жабдықтары мен жүйелерін пайдалану және тексеру;
      массаны тиеу және әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына және әуе кемесінің басқарылу сипаттамаларына бөлу, масса мен центровканы есепке алу әсері;
      крейсерлік режимде ұшу қағидаларын қоса алғанда, ұшу-қону сипаттамалары туралы деректерді пайдалану және практикалық қолдану;
      қауіп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктерін бортинженерге (бортмеханикке) қолданғанда;
      техникалық қызмет көрсету, ұшу жарамдылығын ұстап тұру қағидалары, дефектациялау, ұшу алдындағы тексеру, отын құю кезінде абайлаушылық шараларын сақтау және орнатылған жабдық пен кабина жүйелерінің сыртқы қоректену көздерін қолдану;
      қалыпты, ерекше және авариялық жағдайдағы іс-қимыл тәртібі;
      жүк тасымалдаудың және қауіпті жүктерді пайдалану қағидалары;
      аэродинамика негіздері;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      3) бортинженердің (бортмеханиктің) бақылауымен 50 с аспайтын ұшудың нақты шарттарын еліктеп көрсететін кешенді тренажерде ұшу қосылған болуы мүмкін әуе кемесінде бортинженер (бортмеханик) ретінде кемінде 100 с ұшудың болуы;
      4) бірінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      54. Бортинженерде кәсіптік жоғары білімінің болуы, ал бортмеханикте – кәсіптік орта арнайы білімінің болуы қажет.

24. Бортрадист куәлігінің иегеріне қойылатын талаптар

      55. Бортрадист куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан жоғары;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мына салаларда білімінің болуы:
      бортрадист куәлігінің иегеріне қатысты қағидалар;
      бортрадистің міндеттемелері бөлігінде азаматтық әуе кемелерін пайдалануды реттейтін қағидалар;
      негізгі метеорологиялық элементтер, жағдайлар және оларға байланысты пайдалану аспектілері;
      ұшу үшін қауіпті метеорологиялық жағдайлар, ерекше ауа-райы жағдайы және оларға байланысты пайдалану аспектілері;
       метеорологиялық кодтар мен болжамдармен практикалық жұмыс;
      радиожабдықтар және оны пайдалану;
      әуе кемелерінің электр жабдықтары және оны пайдалану;
      ұшу ақпаратын жинау құралдарының мақсаты, олармен шешілетін міндеттер, пайдалану қағидалары;
      әуе кемелерінің авариялық-құтқару жарақтарының мақсаты, пайдалану қағидалары;
      байланыс жасау мен фразеология қағидалары;
      телеграф әліппесі; Морзе әліппесінің сигналдарын тыңдап қабылдау;
      кілтпен жұмыс;
      қауіп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктерін бортрадистке қолдану;
      3) бортрадистің бақылауымен 50 с аспайтын ұшудың нақты шарттарын еліктеп көрсететін кешенді тренажерде ұшу қосылған болуы мүмкін әуе кемесінде бортрадист ретінде кемінде 100 с ұшудың болуы;
      4) бірінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы қажет.
      5) Бортрадист куәлігінің иегері Біліктілік талаптарында көрсетілген білімі мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерінің кез келген түрінде бортрадистің функцияларын жүзеге асырады.

25. Бортжолсерігі куәлігінің иегеріне қойылатын талаптар

      56. Бортжолсерігі куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан жоғары;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мына салаларда білімінің болуы:
      бортжолсерігі куәлігінің иегеріне қатысты норматитвтік құқықтық актілер; әуе кемелері жолаушыларына қызмет көрсету практикасы мен қағдалары;
      массаны тиеу және әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсері;
      қауіп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктерін бортжолсерігіне қолдану;
      әуе кемелерінің жабдықтары;
      авариялық жағдайлар және өміршеңдік;
      әуе тасымалдарын ұйымдастыру;
      авиациялық медицина және алғашқы көмек көрсету;
      3) кемінде 30 с көлемінде рейстік жағдайда тренажерде қажетті дайындықтан және тағылымдамадан өтуі;
      4) екінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      57. Бортжолсерігі куәлігінің иегері осы Біліктілік талаптарында көрсетілген білімі мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерінің кез келген түрінде бортжолсерігінің функцияларын жүзеге асырады.

26. Бортоператор куәлігінің иегеріне қойылатын талаптар

      58. Бортоператор куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 18 жастан жоғары;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мына салаларда білімінің болуы:
      куәлік иегеріне қатысты норматитвтік құқықтық актілер; тиісті практикасы мен қағидалары;
      массаны тиеу және әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсері;
      қауіп-қатер және қателер факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктерін бортжолсерігіне қолдану;
      әуе кемелерінің жабдықтары;
      авариялық жағдайлар – қауіпсіздік және өміршеңдік;
      әуе тасымалдарын ұйымдастыру;
      авиациялық жұмыстарды және әуе тасымалдарын ұйымдастыру;
      басқа да арнайы міндеттерді орындау;
      3) кемінде 30 с көлемінде рейстік жағдайда тағылымдамадан, егер қажет болса - тренажерде дайындықтан өтуі;
      4) екінші сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындысының болуы.
      59. Бортоператор куәлігінің иегері осы Біліктілік талаптарында көрсетілген білімі мен дағдысын көрсеткен әуе кемелерінің кез келген түрінде бортоператордың функцияларын жүзеге асырады.

27. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маманға (инженер/техник/механик) қойылатын талаптар

      60. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері 18 жастан жоғары болуы қажет.
      61. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мына салаларда білімінің болуы:
      1) әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сертификаттау және ұстап тұратын процесін реттейтін ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдістері мен рәсімдерін қоса алғанда, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер;
      2) математика негіздері; өлшем бірліктері; физика мен химияның іргелі қағидатары мен теориялық негіздері;
      3) әуе кемелері жүйелерінің конструкциялары мен жұмыс істеуін жобалау қағидаттарын, жинау әдістерін; әлеуетті қондырғыларын және олармен байланысты жүйелерді; механикалық, гидравликалық, электр және электрондық қоректендіру көздерін; аспаптық жабдықтарын және әуе кемелерін индикациялау жүйелерін; әуе кемесін басқару жүйелерін және навигациялық және байланыс жабдықтарының борттық жүйелерін қоса алғанда, материалдардың сипаттамалары және оларды әуе кемелерін жобалау кезінде қолдану;
      4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтауға қажетті жұмыстарды орындау, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі тиісті басымшылықтарда көзделген әдістемелерге сәйкес әуе кемесін күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, конструкциясын, оның компоненттерін және жүйелерін тексеру, ауыстыру, модификациялау және ақауларын жою әдістері мен рәсімдері;
      5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қолданғандағы адамның мүмкіндіктері.
      62. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері «А» біліктілік белгісін алу үшін:
      1) заттың базалық элементтерімен танысуы;
      2) жалпы сөздерді немесе мысалдарды пайдалана отырып, тұтастай алғанда затқа жай сипаттама беруге қабілетті болуы;
      3) үлгі терминдерді пайдалана білуі қажет.
      63. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері «В1» және «В2» біліктілік белгісін алу үшін:
      1) заттың теориялық негіздерін түсінуі;
      2) егер қолдануға келсе, үлгі мысалдарды пайдалана отырып, заттың жалпы сипаттамасын сипаттама бере білуі;
      3) затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды оқи білуі және түсінуі;
      4) нақтыланған рәсімдерді пайдалана отырып, өзінің білімін практикада қолдана білуі қажет.
      «В1» немесе «В2» біліктілік белгісін алу үшін сұрау салынатын қызмет саласындағы білімін көрсетуге жол беріледі.
      64. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері «С» біліктілік белгісін алу үшін:
      1) заттың теориясын және басқа заттармен өзара байланысын білуі;
      2) теориялық негіздер мен мысалдарды пайдалана отырып, затқа егжей-тегжейлі сипаттама бере білуі;
      3) затқа қатысты математикалық формулаларды түсінуі және пайдалана білуі;
      4) затты сипаттайтын мақалаларды, жай сызбаларды және схемаларды оқи алуы, түсіне және дайындай білуі;
      5) пайдалану құжаттамасын қолдана отырып, өз білімін практикада қолдана білуі қажет;
      6) әртүрлі көздер мен өлшемдерден алынған нәтижелерді пайдалана және егер талап етілсе, түзетуші іс-қимылдарды қолдана білуі қажет.
      65. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері берілген құқықтарда көзделген функцияларды өзінің орындау қабілетін көрсетуге тиіс.
      66. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін айқындайтын пайдалану және өзге құжаттама айтылған тілде түсінудің қолайлы деңгейімен оқи білуін көрсетуге тиіс.
      67. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері:
      1) "А" біліктілік белгісі бары әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді, "B1", "B2" немесе "С" белгілері иелерінің бақылауымен лицензияға жазылған жұмыстардың айрықша түрлеріне қойылатын шектеулер шегінде жедел техникалық қызмет көрсетуді және ақауларды жоюды жүргізу жөніндегі функцияларды орындайды;
      2) "А6" біліктілік белгісі бар әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді, жедел техникалық қызмет көрсетуді және ақауларды жоюды, сондай-ақ жүргізілген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргізу жөніндегі функцияларды дербес орындайды;
      3) "А7" біліктілік белгісі бар аса жеңіл әуе кемесіне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстардың барлық түрлерін, сондай-ақ жүргізілген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргізу жөніндегі функцияларды дербес орындайды;
      4) оның планерінің агрегаттарына, әлеуетті қондырғыларына және оның жүйелерінің элементтеріне қызмет көрсету мен ауыстыруды, олардың жарамдылығын тексеру үшін жай тестілеуді талап ететін электр жүйесі блоктарын, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтарын ауыстыруды қоса алғанда, әуе кемесіне қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды, сондай-ақ "А" біліктілік белгісіне сәйкес келетін функцияларды орындайды;
      5) "В2" біліктілік белгісі бар электр жүйелеріне, аспаптық және радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету, сондай-ақ жүргізілген жұмыстар туралы құжаттарға қол қоюды жүргізу жөніндегі функцияларды орындайды;
      6) "С" біліктілік белгісі бар қызмет көрсетілетін әуе кемесіне арналған пайдалану құжаттамасында белгіленген шекте кез келген көрме мен еңбекті қажет ететін әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру жөніндегі функцияларды орындайды, сондай-ақ ұшу жарамдылығын анықтау және тиісті қорытындыға қол қою жөніндегі функцияларды орындайды;
      7) "А1" немесе "В1.1" біліктілік белгісі бар турбиналық қозғалтқышы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды;
      8) "А2" немесе "В1.2" біліктілік белгісі бар поршеньді қозғалтқышы бар ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды;
      9) "A3" немесе "В1.3" біліктілік белгісі бар турбиналық қозғалтқышы бар тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды;
      10) "А4" немесе "В1.4" біліктілік белгісі бар поршеньді қозғалтқышы бар тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды;
      11) "А5" немесе "В1.5" біліктілік белгісі бар дирижабльдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды;
      12) "А6" немесе "В1.6" біліктілік белгісі бар ең жоғары ұшу массасы 5700 кг дейін поршеньді қозғалтқышы бар, коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған ұшақтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі функцияларды орындайды;
      13) "А7" біліктілік белгісі бар аса жеңіл әуе кемелеріне қызмет көрсету жөніндегі функцияларды орындайды.
      68. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегері осы Біліктілік талаптарында көрсетілген функцияларды орындау жөніндегі біліктілік белгілерін алу үшін мынадай тәжірибесі болуы тиіс:
      1) "А" санатындағы "В1.2" және "В1.4" біліктілік белгісін алу үшін:
      орта (толық) білімі болған кезде пайдалануда кемінде үш жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі практикалық жұмыс тәжірибесі болуы; немесе
      орта кәсіптік білімі болған кезде пайдалануда кемінде екі жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі практикалық жұмыс тәжірибесі болуы; немесе
      орта кәсіптік арнайы білімі болған кезде пайдалануда кемінде бір жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі практикалық жұмыс тәжірибесі болуы; немесе
      2) "В2" біліктілік белгісін және "В1.1" және "В1.3" санаттарын алу үшін:
      пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      кәсіптік орта білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      кәсіптік арнайы орта білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
      3) ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесін қоса алғанда, әуе кемелеріне қызмет көрсету құқығымен "С" біліктілік белгісін алу үшін:
      ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесінде "В1.1", "В1.3" немесе "В2" санаттағы біліктілік белгісінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
      ең жоғары ұшу массасы 5700 жоғары әуе кемесінде "В1.2", "В1.4" санаттағы біліктілік белгісінің немесе "В2" біліктілік белгісінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, кемінде бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      жоғары техникалық білімі болған кезде базалық техникалық қызмет көрсетуді (техникалық қызмет көрсетудің ауыр нысандарын) орындау бойынша алты айды қоса алғанда, өндірістік жағдайда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
      4) жеңіл әуе кемелеріне қызмет көрсету құқығымен "С" біліктілік белгісі үшін - "В1" немесе "В2" біліктілік белгісінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі;
      5) "А6", "А7" және "В1.6" біліктілік белгілерін алу үшін:
      орта (толық) білімі немесе кәсіптік орта білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі; немесе
      кәсіптік арнайы орта білімі болған кезде пайдалануда техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша кемінде алты ай практикалық жұмыс тәжірибесі.
      69. "А", "В1" және "В2" біліктілік белгілерін алу үшін тәжірибе әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша практикалық жұмыс барысында алынады.
      70. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік немесе экспериментальдық авиацияда алынған жұмыс тәжірибесі, егер біліктілік деңгейі бойынша осы Біліктілік талаптарына баламалы болса, ескеріледі. Бұл ретте әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі маманда азаматтық авиацияда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша алдағы 12 ай бойы кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесінің болуы.

28. Ұшуға қызмет көрсету жөніндегі қызметкерге/ӘҚҚК диспетчеріне қойылатын талаптар

      71. Ұшуға қызмет көрсету жөніндегі қызметкер/ӘҚҚК диспетчері куәлігін алушы үміткерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) жасы 21 жастан жоғары;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мына салаларда білімінің болуы:
      ұшуға қызмет көрсету жөніндегі қызметкер/ӘҚҚК диспетчері куәлігінің иегері иегеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер, әуе қозғалысына қызмет көрсетудегі тиісті практика мен қағидалары; ұшақтардың әлеуетті қондырғыларының, жүйелер мен приборлық жабдықтардың жұмыс істеу қағидаттары;
      әуе кемелері мен әлеуетті қондырғылардың пайдаланушылық шектеулері;
      әуе кемесінің ең аз жабдығының тізбесі;
      массаны тиеу және әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына бөлу әсері, масса мен центровканы есепке алу;
      ұшуды жедел жоспарлау; отын шығысын және отын бойынша ұшу ұзақтығын есептеу жөнінде; қосалқы әуежайды таңдау рәсімдері, бағыт бойынша крейсерлік ұшуды басқару, үлкейтілген қашықтық;
      әуе қозғалысын ұйымдастыру үшін ұшу жоспарларын дайындау және ұсыну;
      компьютерлердің көмегімен жоспарлау жүйелерінің негізгі қағидаттары;
      адамның мүмкіндіктерін диспетчердің міндеттеріне қолдану;
      авиациялық метеорология; төмен және жоғары қысым салаларының алмасуы; фронттар құрылымдары, бағыт бойынша ұшып шығу, ұшу және қону шарттарына әсер ететін ауа-райының ерекше жағдайларының туындауы мен сипаттамалары;
      авиациялық метеорологиялық шолуларды, карталар мен болжамдарды, кодтар мен қысқартуларды, метеорологиялық ақпаратты алу мен пайдалану қағидаларын қолдану бойынша;
      аэронавигация қағидаттары, аспаптар бойынша ұшуды орындау қағидалары;
      аэронавигациялық құжаттаманы қолдану;
      жай және қауіпті жүктерді тасымалдаудың пайдаланушылық рәсімдері;
      авиациялық оқиғаларға және оқыс оқиғаларға қатысты рәсімдер, авариялық жағдайдағы ұшу қағидалары;
      азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне және әуе кемелеріне қатысты диверсияларға байланысты рәсімдер;
      әуе кемесінің тиісті түріне қатысты ұшу қағидаттары;
      әуе кемелерімен және тиісті жерүсті станцияларымен байланыс ұстау қағидалары;
      3) жұмыс тәжірибесі кемінде бір жылды құрауы шартымен тәжірибенің кез келген қиюласуында мына қызметтердің кез келгенінде:
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемесінің ұшу экипажы мүшесінің, немесе
      коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін ұйымдағы метеорологтың, немесе
      әуе қозғалысын басқару диспетчерінің немесе ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердің немесе коммерциялық әуе тасымалдарына тартылған әуе кемелерінің ұшуын жүргізетін қызметтің техникалық басшысының бір немесе бірнеше (кез келген қиюласу) қызметте функцияларды орындау бойынша кемінде екі жыл тәжірибесінің болуы; немесе
      әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезінде әуе кемелерінің ұшуына қызмет көрсетуде көмек көрсететін қызметкер ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілінің болуы; немесе
      бекітілген бағдарлама бойынша дайындық курсынан өтуі және өтініш беру алдында тікелей кемінде 90 жұмыс күні 6 ай бойы ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің бақылауымен жұмыс істеуі;
      дәл есептемелер жүргізуі және күн сайынғы синоптикалық карталар мен ауа-райы шолулары бойынша ауа-райы талдауын жүргізуі, нақты әуе жолы аудандарында ауа-райы жағдайы туралы нұсқау беруі, тағайындалған әуежайларда және қосалқы әуежайларда әуе тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ауа-райын болжамдауы;
      осы учаскеге арналған ұшудың оңтайлы траекториясын айқындауы және ұшу жоспарларын дайындауы;
      қолайсыз метеорологиялық жағдайларда ұшу кезінде ұшу экипажына жедел бақылау жүргізу және көмек көрсету.
      72. Ұшуға қызмет көрсету жөніндегі қызметкер/ӘҚҚК диспетчері куәлігінің иегері осы Біліктілік талаптарының 5 және 8-тармақтарында көзделген талаптардың сақталуы шартымен өңірде белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін қажетті білімінің болуы шартымен ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің/ұшу диспетчерінің функцияларын жүзеге асырады.

29. ӘҚҚ диспетчеріне қойылатын біліктілік талаптары

      73. Үміткер ӘҚҚ диспетчерінің куәлігін алу үшін мынадай талаптарға сай болуы тиіс:
      1) жасы 21-ден асқан болуы;
      2) бекітілген бағдарлама бойынша дайындығының және осы Біліктілік талаптарының 29-тарауы 75-83-тармақтарында көзделген білімі болуы;
      3) осы Біліктілік талаптарының 29-тарауының 84-тармағында көзделген тәжірибесі мен шеберлігінің болуы;
      4) үшінші сыныптың қолданыстағы медициналық қорытындысының (сертификатының) болуы тиіс.
      74. ӘҚҚ диспетчерінің куәлігі бар адамдар төменде көрсетілген біліктілік белгілерінің (рұқсаттарының) біреуін алғаннан кейін өз функционалдық міндеттерін орындауға жіберіледі:
      1) брифинг диспетчерлік пункті;
      2) рульдеу диспетчерлік пункті (бұдан әрі – РДП);
      3) старттық диспетчерлік пункт (бұдан әрі – СДП);
      4) мұнара диспетчерлік пункті (бұдан әрі – МДП);
      5) шеңбер диспетчерлік пункті (бұдан әрі – ШДП);
      6) жақындау диспетчерлік пункті (бұдан әрі – ЖДП);
      7) жергілікті диспетчерлік пункті (бұдан әрі – ЖДП);
      8) аудандық диспетчерлік пункт (орталық) (бұдан әрі – АДП немесе АДО);
      9) диспетчер – нұсқаушысы;
      10) аға диспетчер;
      11) ұшу басшысы;
      12) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчері;
      13) Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының (бұдан әрі – ӘҚЖБО) ауысым бастығы.
      75. Диспетчердің мынадай білімі болуы тиіс:
      Әуе құқығы бойынша:
      1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережесі:
      жалпы ережелер;
      әуе кеңістігін пайдалану;
      Қазақстан Республикасы авиациясының құрамы;
      әуеайлақтардың сыныптамасы;
      әуе кемелерінің сыныптамасы;
      әуе қозғалысы;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының негізгі ережесі:
      жалпы ережелер;
      Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің құрылымы;
      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібі;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      эшелондау;
      әуе трассаларымен, жергілікті әуе желілерімен және әуе трассаларынан тыс бағыттармен, жергілікті әуе желілерімен ұшу қағидасы;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан ұшып өту. Шекаралық белдеу және онда ұшу ерекшеліктері;
      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау;
      ұшу жоспарларын және әуе кеңістігін пайдалану өтінімдерін, әуе кемелерінің қозғалысы туралы хабарламаларды беру тәртібі;
      әуе кеңістігін пайдалануға уақытша режимдер мен қысқа мерзімді шектеулер қою тәртібін әзірлеу және белгілеу.
      76. Ұшу қағидасы мен әуедегі навигация негіздері:
      1) ұшу қағидасы:
      анықтамаларды білу;
      жалпы ережелер;
      әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету;
      әуе кемелерінің ұшуы (негізгі талаптар, ұшуларды орындау, ерекше жағдайларда ұшу, ұшудағы ерекше жағдайлар);
      іздестіру және құтқару;
      апат және шұғылдық сигналдарының тізбесі;
      апат сигналы мен хабарламасын беру тәртібі;
      азаматтық әуе кемелерін ұстау;
      2) әуедегі навигация негіздері:
      ұшу бағыттары, ұшу бұрыштары, азимут (пеленг, бағыт бұрышы);
      жылдамдықтың навигациялық үшбұрышы және оның элементтері;
      ұшу жылдамдығы;
      ұшу биіктігі мен қауіпсіз ұшу биіктігін есептеу;
      ӘҚҚ-ға байланысты әуедегі навигация міндеттерін шешу.
      77. ӘҚҚ-ға байланысты авиациялық оқиғалар:
      1) себеп салдары, авиациялық оқиғаларды зерттеу қорытындылары бойынша кемшіліктер мен ұсынымдар;
      2) авиациялық оқиғалар туралы жалпы ережелер, анықтамалар, сыныптамалар мен хабарландырулар.
      78. Әуе қозғалысына қызмет көрсету:
      1) ұшуды орындауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің ӘҚҚ-ға қатысты тұстары;
      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету нұсқаулығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 нөмірімен тіркелген):
      анықтамалар мен жалпы ережелер;
      ӘҚҚ қызметі және оның жұмысын ұйымдастыру;
      әуе кеңістігін ұйымдастыру;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      әуе қозғалысын жоспарлау және әуе қозғалысының ағындарын ұйымдастыру;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      ұшу-ақпараттық қызмет көрсету;
      апатты хабарлау қызметі;
      бақылау негізінде қызмет көрсету;
      3) әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің жұмыс технологиясы:
      жалпы ережелер;
      кезекшілікке дайындалу және кезекшілікті қабылдап алу;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетуді беру межелері;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      ерекше жағдайларда ұшу және ұшудағы ерекше жағдайлар кезіндегі әуе қозғалысына қызмет көрсету.
      79. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекітілген, Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6635 нөмірімен тіркелген):
      радиоалмасудың жалпы қағидалары;
      радиохабар тарату кезінде қолданылатын радиоалмасу фразеологиясы;
      авариялық және шұғыл байланыс қағидалары;
      әуе қозғалысына қызмет көрсетудің диспетчерлік пункттері арасында ақпаратпен алмасу.
      80. Авиациялық метеорология:
      авиациялық метеорологияның негізгі теориялық мәселелері;
      авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді регламенттейтін құжаттардың негізгі ережелері;
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 252-ө және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 435 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидасына сәйкес әзірленген. Әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету нұсқаулығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6600 нөмірімен тіркелген);
      метеорологиялық байқаулар мен жиынтықтар;
      әуе кемелерінің бортынан байқау және хабарлау;
      ауа-райы болжамдары;
      қауіпті метеорологиялық жағдайлар мен ауа-райы құбылыстары туралы ескертулер;
      ауа-райының авиациялық карталары;
      әуедегі ӘК экипаждарын метеоақпаратпен қамтамасыз ету.
      81. Қолданылатын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс құралдары:
      1) радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтардың және авиациялық электр байланыс құралдарының тактикалық-техникалық сипаттамалары;
      2) радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтарды орналастыру және олардың жұмыс істеу принципі.
      82. Шет тілі:
      1) радиотелефон байланысында қолданылатын тілде радиобайланыс жүргізе білу;
      2) радиотелефон байланысында қолданылатын тілде сөйлесе алу және оны түсіну;
      3) радиотелефон байланысында қолданылатын тілде шығарылған аэронавигациялық ақпарат құжаттарын қолдана білу.
      83. Адамның әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мүмкіндіктері мен шектеулері:
      1) адам факторының әуе қозғалысына қызмет көрсету кезіндегі ықпалы;
      2) Аэродинамика негіздері, ӘК-нің ұшу-техникалық сипаттамалары:
      ӘК-нің негізгі геометриялық көрсеткіштері;
      ӘК-нің негізгі аэродинамикалық сипаттамалары;
      ӘК қанатын механикаландыру;
      атмосферадағы жағдайлардың ӘК-нің аэродинамикалық сипаттамаларына әсері.
      84. Диспетчер мына салаларда тәжірибелі және білімді болуы тиіс:
      1) жұмыс технологиясына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу  қағидалары мен фразеологиясын білу;
      3) әуедегі және метеорологиялық жағдайды талдай келе, түрлі жағдайларда дұрыс және дер кезінде әрекет ету;
      4) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарын жұмыс барысында дұрыс қолдану;
      5) шектес диспетчерлік пункттермен, ӘК ұшуларын қамтамасыз ететін және бақылайтын қызметтермен және органдармен бірлесіп әрекет ету;
      6) апатқа ұшыраған ӘК-ға көмек көрсету үшін әуеайлақтағы және(немесе) жауапкершілік аймағындағы тиісті қызметтерді дер кезінде ақпараттандыру.
      85. Тиісті біліктілік белгісін (рұқсатын) алар алдында диспетчердің біліміне осы Біліктілік талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      1) брифинг диспетчерлік пунктіне рұқсат алу кезінде:
      әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары;
      әуе кеңістігінің құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, тәртіптемелер және ақпарат көздері;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергілікті жер бедері және жердегі сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының сипатты ерекшеліктері;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және іздестіру-құтқару операцияларындағы іс-әрекеттер жоспары;
      2) РДП, СДП, МДП, ШДП, ЖДП-ға рұқсат алу кезінде:
      әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары және көзбен шолу құралдары;
      әуеайлақ ауданындағы әуе кеңістігінің құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, тәртіптемелер және ақпарат көздері;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергілікті жер бедері және жердегі сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының сипатты ерекшеліктері;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және іздестіру-құтқару операцияларындағы іс-әрекеттер жоспары;
      3) АДП (АДО) немесе ЖДП-ға рұқсат алу кезінде:
      әуеайлақтың бас жоспары және физикалық сипаттамалары;
      әуе кеңістігінің құрылымы;
      қолданылатын қағидалар, тәртіптемелер және ақпарат көздері;
      аэронавигациялық құралдар;
      ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану;
      жергілікті жер бедері және жердегі сипатты бағдарлар;
      әуе қозғалысының және әуе қозғалысы ағынының сипатты ерекшеліктері;
      ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар;
      авариялық жағдайдағы және іздестіру-құтқару операцияларындағы іс-әрекеттер жоспары.
      86. Тиісті біліктілік белгісін (рұқсатын) алар алдында диспетчердің машықтарына (машықтануына) осы Біліктілік талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      Үміткер бекітілген бағдарлама бойынша теориялық дайындық курсынан және ӘҚҚ диспетчерінің (нұсқаушысының) жетекшілігімен машықтанудан жақсы өтті деп саналады, егер ол:
      1) брифинг диспетчерлік пунктінде біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына қызмет көрсетуді 140 с артық жүзеге асырған болса;
      2) РДП біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді 140 с артық жүзеге асырған болса;
      3) СДП біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді 280 с артық жүзеге асырған болса;
      4) ЖДП біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді 280 с артық жүзеге асырған болса;
      5) ШДП, МДП біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді 430 с артық жүзеге асырған болса;
      6) ЖДП біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді 430 с артық жүзеге асырған болса;
      7) ЖДП-дағы тәртіптік бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты ұшудың орындалуын 280 с артық қамтамасыз еткен болса;
      8) АДП-дағы (АДО-дағы) радиолокациялық бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты диспетчерлік қызмет көрсетуді 460 с артық жүзеге асырған болса;
      9) АДП-дағы (АДО-дағы) тәртіптік бақылау диспетчерінің біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты ұшудың орындалуын 280 с артық қамтамасыз еткен болса;
      10) диспетчер-нұсқаушының біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты, бөлімшеде екі немесе үштен артық біліктілік белгісі (рұқсаты) болса, оған қатысты біліктілік белгісі мен үш жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі;
      11) аға диспетчердің біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты, ӘҚҚ-ны бақылауды және ұйымдастыруды 310 с артық жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлімшеде екі немесе үштен артық біліктілік белгісі (рұқсаты) бар болса, оған қатысты біліктілік белгісі мен үш жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі;
      12) ұшу басшысының біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты, әуе қозғалысына қызмет көрсетуді бақылау мен ұйымдастыруды 310 с артық жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлімшеде екі немесе үштен артық біліктілік белгісі (рұқсаты) бар болса, оған қатысты біліктілік белгісі мен алты жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі;
      13) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестіру диспетчеріне қатысты, әуе қозғалысын жоспарлауды, бақылауды және үлестіруді бөлімшеде 300 с бойы қамтамасыз еткен болса, оған қатысты біліктілік белгісі талап етіледі;
      14) ӘҚЖ БО-ның ауысым бастығының біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты, әуе қозғалысын жоспарлауды бақылау мен ұйымдастыруды 300 с артық жүзеге асырған, қамтамасыз еткен болса, бөлімшеде екіден артық біліктілік белгісі (рұқсаты) бар болса, оған қатысты біліктілік белгісі мен бес жылдан кем емес жұмыс өтілі талап етіледі.
      87. Егер диспетчерде басқа санаттағы ӘҚҚ диспетчерінің біліктілік белгісі немесе басқа бөлімше бойынша тура осы біліктілік белгісі бұрыннан болса, талаптар дәрежесі жоғарыда аталған талаптардан 30%-ға дейін азаюы мүмкін.
      88. Тиісті біліктілік белгісін (рұқсатын) алар алдында диспетчердің шеберлігіне осы Біліктілік талаптарының 73-85-тармақтарында аталған ережелерге қосымша мынадай талаптар қойылады:
      Үміткер қауіпсіз, ретке келтірілген және жедел диспетчерлік қызметтің көрсетілуін қамтамасыз ету үшін талап етілетін шешім қабылдау және міндеттерді орындау шеберлігі мен қабілетін берілетін құқықтарға сай деңгейде көрсете білді.
      89. ӘҚҚ диспетчерінің екі біліктілік белгісін (рұқсатын) бірге сұраған жағдайда, куәлік беретін өкілетті орган әрбір біліктілік белгісіне (рұқсатына) қатысты талаптарды анықтайды.
      90. Төменде көрсетілген бір немесе бірнеше біліктілік белгісі (рұқсаты) қойылған ӘҚҚ диспетчері куәлігі иесінің құқықтары:
      1) брифинг диспетчерлік пунктінің немесе әуеайлақ ауданындағы диспетчерлік пункттің (АДО) (РДП, СДП, МДП, ШДП) диспетчерінің біліктілік белгісі – осы куәлік иесі аттестациядан өткен әуеайлақта әуеайлақтық диспетчерлік қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етеді;
      2) ЖДП диспетчерінің біліктілік белгісі – жақындау кезінде (Approach) диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін диспетчерлік органның құзырындағы осы куәлік иесі аттестациядан өткен әуе кеңістігі шегінде немесе осы әуе кеңістігінің бір бөлігі шегінде әуеайлаққа немесе әуеайлақтарға жақындау кезінде диспетчерлік қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етеді;
      3) АДП-дағы (АДО-дағы) радиолокациялық бақылау диспетчерінің біліктілік белгісі – осы куәлік иесі аттестациядан өткен әуе кеңістігі шегінде немесе осы әуе кеңістігінің бір бөлігі шегінде радиолокаторды қолданып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданында диспетчерлік қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етеді;
      4) АДП-дағы (АДО-дағы) тәртіптік бақылау диспетчерінің біліктілік белгісі – осы куәлік иесі аттестациядан өткен әуе кеңістігі шегінде немесе осы әуе кеңістігінің бір бөлігі шегінде стриптерді немесе графикалық бақылауды қолданып, әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданында ұшулардың орындалуын қамтамасыз етеді және/немесе диспетчерлік қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етуді бақылайды.
      91. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері біліктілік белгісінде көзделген функцияларды 6 ай ішінде жүзеге асырмаған жағдайда, біліктілік белгісі күшін жоғалтады.

30. Аса жеңіл авиация әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маманға (техник/механик) қойылатын талаптар

      92. Аса жеңіл авиация әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігіне үміткер 18 жастан жоғары болуы қажет.
      93. Аса жеңіл авиация әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің үміткер бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі және мына салаларда білімінің болуы:
      1) әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сертификаттау және ұстап тұратын процесін реттейтін ұшу жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдістері мен рәсімдерін қоса алғанда, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маман куәлігінің иегеріне қатысты нормативтік құқықтық актілер;
      2) математика негіздері, өлшем бірліктері, физика мен химияның іргелі қағидалары мен теориялық негіздері;
      3) әуе кемелері жүйелерінің конструкциялары мен жұмыс істеуін жобалау қағидаттарын, жинау әдістерін; әлеуетті қондырғыларын және олармен байланысты жүйелерді, механикалық, гидравликалық, электр және электрондық қоректендіру көздерін, аспаптық жабдықтарын және әуе кемелерін индикациялау жүйелерін, әуе кемесін басқару жүйелерін және навигациялық және байланыс жабдықтарының борттық жүйелерін қоса алғанда, материалдардың сипаттамалары және оларды әуе кемелерін жобалау кезінде қолдану;
      4) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтауға қажетті жұмыстарды орындау, аса жеңіл авиация әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі тиісті басымдылықтарда көзделген әдістемелерге сәйкес әуе кемесін күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, конструкциясын, оның компоненттерін және жүйелерін тексеру, ауыстыру, модификациялау және ақауларын жою әдістері мен рәсімдері;
      5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қолданғандағы адамның мүмкіндіктері.
      94. Аса жеңіл авиация әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маманға мыналар қажет:
      1) заттың теориялық негіздерін түсінуі;
      2) егер қолдануға келсе, үлгі мысалдарды пайдалана отырып, заттың жалпы сипаттамасын сипаттама бере білуі;
      3) затты сипаттайтын құжаттарды, сызбаларды және схемаларды оқи білуі және түсінуі;
      4) нақтыланған рәсімдерді пайдалана отырып, өзінің білімін практикада қолдана білуі қажет.
      95. Аса жеңіл авиация әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі маманға тәжірибе болуы:
      орта (толық) білімі болған кезде пайдалануда кемінде бір жыл техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі практикалық жұмыс тәжірибесі болуы; немесе
      орта кәсіптік білімі болған кезде пайдалануда кемінде алты ай техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі практикалық жұмыс тәжірибесі болуы керек.