Ескерту. Күші жойылды - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 07.02.2013 № 35 және ҚР Өңірлік даму министрінің 16.04.2013 № 01-04-03/50нқ бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13, 15-баптарына және "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың тексеру жөніндегі тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі Экономикалық даму
және сауда министрінің
міндетін атқарушы
__________Т. Ермегияев ______________М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 14 сәуірдегі
№ 02-02-18/57 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің м.а.
2011 жылғы 16 мамырдағы № 135
бірлескен бұйрығымен бекітілген
нысан
Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын орындау үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың тексеру парағы
Тексерісті белгілеген уәкілетті немесе
жергілікті атқарушы орган ___________________________________________
Нұсқама _____________________________________________________________
(№, күні)
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе
заңды тұлғаның атауы ____________________________________________
СТН (ЖСН, БСН) ______________________________________________________
Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі (жеке тұлғалар үшін),
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлігі
(заңды тұлғалар үшін) _______________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________
р/с № |
Талаптар |
болуы/болмағаны |
Ескерту |
1. |
Спорт ғимараттарын пайдаланудың сенімділігі бөлігінде, беріктілігіне техникалық тексеру актісінің болуы |
||
2. |
Спорт ғимаратының санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы нормалар мен талаптарға сәйкестігі туралы қорытындының болуы |
||
3. |
1) заңды тұлғалар үшін – "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша жоғары кәсіптік немесе орта кәсіптік білімі бар жаттықтырушы-оқытушылар құрамының болуы; |
||
4. |
Тұрақты білікті медициналық қызметтің болуы |
Лауазымды тұлғалар ___________________________ ____________________
(лауазым) (қолы)
___________________________ ____________________
(лауазым) (қолы)
Жеке немесе заңды тұлға ___________________________ _______________
(Т.А.Ә., лауазым) (қолы)