Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 20 маусымда № 7021 тіркелді

Қолданыстағы

      «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңының 14-бабы 2-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Қилыбай Н.И.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Министр                                    Б. Камалиев

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникация 
министрінің       
2011 жылғы 19 мамырдағы 
№ 291 бұйрығымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасының поездардың қозғалысы және темір жол
көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының поездардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 261 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидасымен (бұдан әрі – Техникалық пайдалану қағидалары) және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығымен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен (бұдан әрі – Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық) белгіленген негізгі ережелерге сәйкес:
      1) станциялардағы әр түрлі сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары (бұдан әрі – СОБ) және поездардың қозғалысы кезінде сигнал беру және байланыс құралдары кезінде поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу;
      2) темір жолдарда және құрылыстарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу жағдайында поездарды қабылдау және жөнелту;
      3) станцияларда маневрлер жүргізу;
      4) поездарға ескертулер беру;
      5) поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін регламенттейтін басқа да ережелер.
      2. Әрбір станция мен жол посты поездар қозғалысына басшылық жасау бөлігінде және әрбір поезд бір мезгілде тек бір қызметкердің: станция немесе жол посты – станция бойынша кезекшінің, диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поездық диспетчердің, поезд – жетекші локомотив (моторвагонды поезд), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисінің билігінде болады.
      Әрбір станция мен жол постында поездарды қабылдауда, жөнелту мен өткізуде тек бір қызметкер – станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде – поездық диспетчер ғана иелік етеді.
      Станцияларда жолдың дамуына қарай станция, орталықтандыру посттары немесе парктер бойынша бірнеше кезекші болады, олардың әрқайсысы өзінің жұмыс ауданы шектерінде поездар қозғалысын жеке басқарады немесе белгілі бір операцияларды орындайды. Әрбір станция, орталықтандыру посттары немесе парктер бойынша кезекшінің поездар қозғалысымен байланысты басқару аудандарын және осы қызметкерлердің міндеттерін шектеу станцияның техникалық - өкімдік актісінде (бұдан әрі – станцияның техникалық - өкімдік актісі) көрсетіледі.
      3. Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі барлық өкімдер осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген сөйлесу нысаны бойынша беріледі. Өкім берген қызметкер әрбір ретте өкімнің қысқаша қайталануын тыңдайды және оның дұрыс түсінілгеніне, ал кейіннен оның орындалуының дұрыстығына көз жеткізеді (бақылау аспаптарының көрсеткіштері, орындаушының радиобайланысы, парктік байланысы бойынша немесе жеке баяндамасы бойынша).
      Поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргізу кезіндегі барлық операциялар, Техникалық пайдалану қағидалары, Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық, осы Нұсқаулықты және станцияның техникалық - өкімдік актісі нақты, дәл орындаумен жүргізіледі.
      4. Адамдардың өмірі, темір жол көлігінің материалдық-техникалық құралдары мен құрылыстарының сақталуы үшін қауіп төндіретін экстремалдық жағдайлар туындаған жағдайдағы поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыс Техникалық пайдалану қағидалары, Сигнал беру жөніндегі нұсқаулық, осы Нұсқаулық бойынша анықталады.
      5. Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау аспаптарын басқаруды, бағдаршамдарды ашу мен жабуды:
      станцияда – станция бойынша кезекші немесе оның өкімі бойынша орталықтандырудың станциялық постысының операторы, бағыттамалық постының кезекшісі;
      жол постында – посты бойынша кезекшінің міндетін атқарушы станция бойынша кезекші;
      диспетчерлік орталықтандыру кезінде - поездық диспетчер жүргізеді.
      6. Егер поезд станциядан шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде немесе шығу бағдаршамы жоқ жолдардан жөнелтілсе аралықты иеленуге рұқсатты (егер ол радиобайланыс арқылы берілмесе) жетекші локомотивтің машинисіне станция бойынша кезекші жеке тапсырады немесе поездар қозғалысымен байланысты станциялық қызметкерлердің біреуі арқылы беріледі, ол станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі.
      Машинист берілген рұқсаттың поезд нөміріне және аралыққа сәйкес келетіндігіне көз жеткізеді.
      7. Сигналдың тыйым салушы көрсеткіші кезінде поезды қабылдау немесе жөнелту туралы бұйрықты станция бойынша кезекші машиниске радиобайланыс арқылы береді, мұндай бұйрықтың мәтіні осы Нұсқаулықтың 3839-тармақтарында келтірілген белгіленген нысандарға сәйкес келеді.
      Барлық жағдайларда станция бойынша кезекшінің бұйрығының мәтінін поезд машинисіне радиобайланыс арқылы берер алдында бұйрықтың нөмірі көрсетіледі. Машинист бұйрық мәтінін толық қайталайды, ал станция бойынша кезекші оның сөздерін қабылдаудың дұрыстығын «Дұрыс, орындаңыз» сөздерімен растайды және машинистке бұйрықтың берілу уақытын (сағаты, минуты) көрсетеді.
      8. Кіру, маршруттық немесе шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіштері кезінде поездарды қабылдау немесе жөнелту жағдайларында ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында поезд нөміріне қарсы («Ескертулер» бағанында) мынадай белгі жасалады: «PC» (радиобайланыс бойынша), «ПС» (шақыру сигналы бойынша), «ПР» (жазбаша рұқсат бойынша). «PC» белгісінде бұдан басқа бұйрықтың нөмірі және оны машинистке беру уақыты, сондай-ақ бағдаршамның литері (немесе шығу бағдаршамы жоқ жөнелту жолының нөмірі) көрсетіледі. Мысалы: РС N 1.12 - 00 Ч2». ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында бұйрық мәтінін жазу талап етілмейді.
      Машинистке берілетін бұйрықтарды құжаттамалық тіркеу жүйесімен жабдықталған станцияларда бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіштері кезінде поездарды қабылдау және жөнелту туралы бұйрықтар электронды тасығышта да тіркеледі.
      ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналындағы жоғарыда аталған белгі барлық жағдайларда міндетті.
      9. Кіру, шығу (маршруттық) бағдаршамдарының тыйым салу көрсеткіштері кезінде поезды станцияға қабылдаудың немесе станциядан поездарды жөнелтудің барлық жағдайларында станция бойынша кезекші шақыру сигналының бастырмасын пайдаланар немесе машинистке тыйым салу сигналына өтуге тиісті рұқсат беру алдында басқару аспаптарын бағдаршамның тыйым салушы көрсеткішіне сәйкес келетін жағдайға келтіреді және станцияның техникалық - өкімдік актісіне сәйкес қабылдау жолының бостығына, маршруттағы бағыттамалардың орналасуы мен тұйықталуының дұрыстығына, ал поезды жөнелту кезінде бұдан басқа бірінші бұғат-учаскенің (автоматты бұғаттау кезінде) немесе аралықтың (жартылай автоматты бұғаттау кезінде) бостығына және бұғат-жүйенің қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырып қосылуына көз жеткізеді. Шақыру сигналының бастырмасын келуші немесе жөнелтілуші поездың жетекші локомотиві бағдаршамнан өткенге дейін басып тұру қажет.
      10. Бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде поезды қабылдау немесе жөнелту кезінде оларға өтпенің жабылуы туралы хабарлама «өтпені жабу» бастырмасын басумен жүргізілетін бағыттамалық алқымдарда немесе алыстау учаскелерінде орналасқан өтпелері бар станцияларда станция бойынша кезекші поезды қабылдау немесе жөнелту алдында осы бастырманы басады, ал поезд өтпе арқылы өтіп кеткеннен кейін оны қайтару жағдайында «өтпені ашу». Мұндай станцияларда, бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде поезды қабылдау немесе жөнелтудің кез келген жағдайында машинистке өтпеге жақындағанда ерекше сақтықпен 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен, егер одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүруі қажет. Мұндай станциялардың тізбесі Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен хабарланады.
      Осы Нұсқаулықпен көзделген талаптарды қатысы бар қызметкерлердің күшті білуі мен нақты орындауы – поездар қозғалысы мен маневрлер жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі.
      11. Станция бойынша кезекші поезд келген (қайта оралған), жөнелтілген немесе жүріп өткен соң бұл туралы осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрші станция бойынша кезекшіге және поездық диспетчерге хабарлайды.
      12. Поезда Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесі бекіткен Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында (1996 жылғы 5 сәуірдегі № 15 хаттама) аталған 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдар) бар вагондар болған кезде хабарлау кезінде поездың нөміріне «ВМ» әріптері қосылады (мысалы, 2783ВМ). Поездың нөміріне тиісті әріптер мынадай поездар жөнелтілген және жүріп өткен жағдайларда қосылады: бір машинист қызмет көрсететін жолаушылар «М», ауыр салмақты жүк «Т», ұзын құрамды «Д», салмағы арттырылған «ПВ», ұзындығы арттырылған «ПД», біріктірілген «СП». Габаритті емес жүктері бар поездарды жөнелткен кезде поезд нөміріне «Н» әрпі мен «___» белгісінен кейін Жолтабаны 1520 мм темір жолдарда габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес габаритсіздіктің аймағы мен деңгейін сипаттайтын цифрлы индекс (мысалы, 2785Н-0430) қосылады.
      13. Автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды учаскелерде дұрыс жолмен (қос жолды учаскелерде ешқандай рұқсат хатынсыз поездың өтуіне рұқсат етіледі) жүріп келе жатқан поездың келу уақыты көрші (артта қалған) станцияға берілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында поездың көрші алда орналасқан станцияға келу уақыты көрсетілмейді.
      14. Қозғалысы қарқынды автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды учаскелерде станциядан станцияға поездардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өтуі туралы хабарламалар тек кестеден ауытқумен келе жатқан поездар туралы ғана, ал хабарламаларды поездық диспетчерге тапсыру учаскеде орналасқан станциялардың барлығында емес белгіленеді. Аталған тәртіп адамдарды тасымалдау үшін бейімделген жүк поездарына (бұдан әрі – адамдар поездары) және олардың нөмірлеріне тиісті әріптер немесе цифрлық индекс қосылатын поездарға тарамайды.
      Поездық диспетчерге поездардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өтуі туралы хабарламаларды тапсырудың осындай тәртібі орындалған қозғалыстар кестелерін автоматты жазуға арналған құрылғылармен жабдықталған қос жолды және дара жолды учаскелерде белгіленеді. Мұндай учаскелердің тізбесі мен поездардың келуі, жөнелтілуі және жүріп өтуі туралы хабарламаларды Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді. Әрбір поездың нақты келу, жөнелтілу немесе жүріп өту уақытын станция бойынша кезекші (станция бойынша кезекшінің жанындағы оператор) ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында белгіленеді, бұл ретте тиісті әріптермен немесе индекстермен толықтырылған поездар нөмірлері осы әріптермен және индекстермен журналға да жазылады.
      15. Станция бойынша кезекші жолдардың, бағыттамалық бұрмалардың, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау (одан әрі – СОБ), байланыс құрылғыларының және түйіспелік желілердің ақаулықтарын анықтағанда (жеке немесе басқа қызметкерлердің баяндамалары бойынша) жолдарды, бағыттамалық бұрмаларды, СОБ, байланыс құрылғыларын және түйіспелік желілерді ДУ-46 қарап тексеру журналында (бұдан әрі - ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында) бұл туралы жазба жасайды және тиісті жол, сигнал беру және байланыс дистанцияның құрылғыларға қызмет көрсетуші қызметкерін (жол шеберін, СОБ және байланыс электр механиктерін) және кезекші инженерін (диспетчерін) тиісті жол дистанциясы, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтауды хабардар етеді.
      Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық құрылғылардың барлық ақаулықтары туралы станция бойынша кезекші бұдан басқа поездық диспетчерді хабардар етеді.
      Ақаулықтарды жою туралы тиісті қызметкер ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті белгі қояды, ол оның қолымен және станция бойынша кезекшінің қолымен куәландырылады.
      Поездық радиостанцияда ақаулықтар пайда болған жағдайда локомотивтің (мотор вагонды поездың), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның машинисі бұл туралы поездық диспетчерге немесе станция бойынша кезекшіге жақын бөлек пункттен немесе темір жол өткелінен хабарлайды (машинистің көмекшісі, жолаушылар поезының кондукторы, бастығы (жолаушылар поезының механик-бригадирі) және жолаушылар поезының локомотивіне бір машинист қызмет көрсеткен кезде онда локомотивті ағытпай поездық радиобайланысты айырбастау (жөндеу) жүргізілуі немесе локомотивті ауыстыру немесе қосалқы локомотив талап етілуі тиіс ең жақын станцияға дейін аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілерге берілетін поездық диспетчердің бұйрығы бойынша жүреді.
      16. Аралықтарды немесе аралықтардың жекелеген жолдарын жабу және ашу, сондай-ақ сигнал беру және байланыстың бір құралдарынан екіншісіне өту поездық диспетчердің бұйрығымен жүргізіледі.
      Байланыстың телефондық құралына өтер алдында аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілер басқару аспаптарын аралыққа шығуды қоршаушы шығу бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіштеріне сәйкес келетін жағдайға келтірулері тиіс.
      Сигнал беру және байланыстың негізгі құралдарынан байланыстың телефондық құралдарына өту кезінде дара жолды аралықтарда, ал жолдардың біреуі бойынша екі жақты қозғалысты ұйымдастырған жағдайда қос жолды (көп жолды) аралықтарда да өту поездық диспетчердің бақылауымен поездық диспетчерлік байланыс бойынша жүзеге асырылады. Поездық диспетчерлік байланыс ақаулы болған кезде станциялар бойынша кезекшілер осы Нұсқаулықтың 5759-тармақтарына сәйкес іс-әрекет жасайды.
      17. Станция бойынша кезекші кезекшілікке кірер алдында:
      1) поездарды жөнелту мен маневрлерге қатысты алдағы жұмыс жоспарымен, қолда бар нұсқаулармен және өкімдермен, қабылдау-жөнелту жолдарындағы жылжымалы құрамдардың болуымен және орналасуымен, станцияға жапсарлас аралықтардың (бұғат-учаскелердің) жағдайымен (бостығымен немесе бос еместігімен) танысады;
      2) СОБ және байланыс құрылғыларын басқару аспаптарының ақаусыздығына және оларда тізімдемеге сәйкес пломбалардың болуына, сондай-ақ ол жеке қызмет көрсететін бағыттамалық бұрмалардың ақаусыздығына көз жеткізеді;
      3) құрал-сайманның, сигналдық жабдықтар мен мүкәммалдың жұмыс орнында болуы мен ақаусыздығын тексереді;
      4) ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналындағы, ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналындағы, ДУ-60 нысанындағы ескертулер кітабындағы, ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналындағы, ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналындағы және станция бойынша кезекші жүргізетін поездар қозғалысы мәселелері бойынша басқа кітаптар мен журналдардағы жазбалармен танысады.
      Осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында кезекшілікке кіру жазбалармен ресімделеді.
      18. Станция бойынша кезекші кезекшілікке кіргенде қажетті:
      1) поездарды құрастырушылардың, орталықтандырудың станциялық посттары кезекшілерінің, орталықтандыру постылары операторларының, бағыттамалық посттың кезекшілерінің, сигнал берушілердің және басқа қызметкерлердің жұмысқа келуін тексеру;
      2) солар арқылы олар қызмет көрсететін жұмыс орындарының жағдайларын, әсіресе жылжымалы құрамның станцияның техникалық - өкімдік актісіне сәйкес бекітілуінің дұрыстығын тексеру;
      3) кемшіліктер болған кезде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдау, ал қажет болған кезде бұл туралы станция бастығына хабарлау.
      19. Жекелеген бөлек пункттерде станция қызметкерлерінің кезекші штаты таратылған жағдайда Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы қолда бар СОБ және байланыс құрылғыларының жүйесіне қарай осындай бөлек пункттерде поездарды қабылдаумен, жөнелтумен және маневрлер жүргізумен байланысты операцияларды орындау бойынша жергілікті нұсқаулық әзірленеді.

2. Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыс

1. Автоматтық бұғаттау кезіндегі поездар қозғалысы

§ 1. Жалпы ережелер

      20. Екі жақты қозғалыс үшін автобұғаттаумен жабдықталған дара жолды аралықтарда поездар қозғалысы екі бағытта да жүзеге асырылады.
      Бір жақты да екі жақты да автобұғаттауы бар қос жолды аралықтарда әрбір жол бойынша жұп поездардың қозғалысы бір, тақтардікі – екінші бас жол бойынша жүзеге асырылады, олардың әрқайсысы осы бағыттағы поездар үшін дұрыс болып табылады.
      Екі жақты автобұғаттауы бар қос жолды аралықтарда екі жақты қозғалыс, егер жолдардың әрқайсысы бір бағыттағы поездарды басымдықпен өткізуге мамандандырылмаса әрбір жол бойынша дара жолды қозғалыс ережелері бойынша жүзеге асырылады.
      Осындай және көп жолды аралықтарда әрбір бас жол бойынша қозғалыс кезінде Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін жергілікті нұсқаулық әзірленеді.
      21. Автоматты бұғаттау кезінде:
      1) поездың бұғат-учаскені иеленуге рұқсат болып шығу немесе аралық бағдаршамының рұқсат етуші көрсеткіші қызмет етеді;
      2) созылмалы өрлерде орналасқан өтпелік бағдаршамдарда ерекше жағдай ретінде (кіру бағдаршамдарының алдында орналасқаннан басқа да) әрбір жеке жағдайда темір жол көлігі басшылығының рұқсатымен шартты-рұқсат ету сигналы – Т әрпі түріндегі шағылдырғыш белгісі бар қалқан орнатуға жол беріледі. Бұл сигналдың болуы жүк поезына қызыл бағдаршамға тоқтаусыз өтуге рұқсат ретінде қызмет етеді. Бұл ретте машинист поезды қызыл отты бағдаршамды ерекше сақтықпен сағатына 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен, егер одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүргізеді;
      3) қызыл отты, сондай-ақ түсініксіз көрсеткішті немесе сөніп қалған өтпелік бағдаршам алдында поезд тоқтағаннан кейін, егер машинист алда жатқан бұғат-учаскені поезд иеленгенін көрсе немесе білсе, оған бұғат-учаске босағанға дейін қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады. Егер машинист алда жатқан бұғат-учаскеде поездың бар екені туралы білмесе, онда ол тоқтағаннан кейін автотежегішті босатады және егер осы уақытта бағдаршамда рұқсат ету оты пайда болмаса, поезды мынадай бағдаршамға дейін ерекше сақтықпен 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен, егер одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе, тоқтауға дайындықпен жүргізеді.
      Келесі өтпелік бағдаршам да осындай жағдайда болған жағдайда тоқтағаннан кейінгі поездың қозғалысы осындай тәртіппен жалғасады.
      Тыйым салу көрсеткіші бар өтпелік бағдаршамнан өткеннен кейін локомотивтік бағдаршамда рұқсат ету көрсеткіші пайда болған жағдайда машинист локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштерін басшылыққа алып, алайда келесі бағдаршамға дейін 40 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен жүреді.
      22. Локомотивтік бағдаршамда рұқсат ету оты болған кезде сөніп қалған отты өтпелік бағдаршамдардан локомотивтік бағдаршамның көрсеткішін басшылыққа ала отырып тоқтаусыз өтуге рұқсат етіледі.
      Поездың учаске бойынша қозғалысы кезінде машинист пен оның көмекшісі бағдаршамдардың, ал автоматты локомотивтік сигнал беру болған жағдайда – жолдық та, локомотивтік те бағдаршамдардың көрсеткіштерін қадағалайды және олардың талаптарын қатаң орындайды.
      Жол бағдаршамының сигналы көрінбегенде (үлкен ара қашықтыққа, қисықтың болуына, тұманға байланысты және басқа жағдайларда) машинист пен оның көмекшісі жол бағдаршамына жақындағанға дейін локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштерін басшылыққа алады.
      23. Егер жол және локомотивтік бағдаршамдардың көрсеткіштері бір біріне сәйкес келмесе машинист тек жол бағдаршамдарының көрсеткіштерін ғана басшылыққа алады.
      Қызыл отты немесе түсініксіз көрсеткішті өтпелік бағдаршамдардан өту локомотивтік бағдаршамның көрсеткішіне тәуелді емес.
      Егер автоматты локомотивтік сигнал берудің жол құрылғыларымен жабдықталған аралықтың немесе станцияның жолдары бойынша қозғалыс кезінде локомотивтік бағдаршамда кенеттен ақ от пайда болса машинист поезды келесі бағдаршамға дейін (немесе локомотивтік бағдаршамда рұқсат етуші көрсеткіш пайда болғанға дейін) ерекше сақтықпен және 40 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен жүргізеді.
      24. Автоматты локомотивтік сигнал беру құрылғылары істен шыққан жағдайда машинистке:
      1) ақаусыз радиобайланыс кезінде жолаушылар немесе жүк поезының локомотивін басқару кезінде осы поезды локомотивтік бригаданың ауысу пунктіне дейін жеткізу, онда локомотивтік сигнал беру құрылғысы локомотивті ағытусыз жөнделеді немесе локомотивті ауыстыру жүргізіледі;
      2) қала маңы моторвагонды поездарды негізгі немесе айналым депосы бар станцияға немесе техникалық қызмет көрсету пункті бар станцияға дейін жеткізу қажет.
      25. Жолаушылар поезының локомотивіне бір машинист қызмет көрсеткен кезде қауіпсіздік жүйесі немесе поездық радиобайланыс немесе автоматты локомотивтік сигнал беру ақаулы болған жағдайда машинист поезды ең жақын станцияға дейін жеткізеді және қосалқы локомотив сұратады.
      Поездардың ақаулы автоматты локомотивтік сигнал беру немесе қауіпсіздік жүйесі құрылғыларымен аталған пункттерге дейін жол жүруі учаскенің станциялары бойынша кезекшілеріне берілетін поездық диспетчердің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
      26. Аралықта поездарды біріктіру кезінде бірігуге бара жатқан поездың машинисіне поездық диспетчердің бұйрығы бойынша онымен бірігу болатын поезд тұрған бұғат-учаскеге тоқтаусыз, тоқтап тұрған поездың жанында уақтылы тоқтауды қамтамасыз ететін жылдамдықпен, алайда 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.
      27. Әрбір жолы бойынша бір бағытта автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды (көп жолды) аралықтарда екі жақты қозғалысты ұйымдастыру үшін автоматты локомотивтік сигнал беру қолданылады. Мұндай аралықтарда поездардың дұрыс бағытта жүруі автобұғаттаудың сигналдары бойынша, ал дұрыс емес бағытта – локомотивтік бағдаршамның сигналдары бойынша жүзеге асырылады. Поезды станциядан дұрыс емес жол бойынша жөнелту шығу бағдаршамының көрсеткіші бойынша жүргізіледі.
      Поезды дұрыс емес жолмен локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштері бойынша жүргізу кезінде машинист пен оның көмекшісіне:
      1) локомотивтік бағдаршамның жасыл оты кезінде Ұлттық темір жол компаниясының белгілеген жылдамдықпен жүру;
      2) сары от кезінде 50 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен жүру;
      3) локомотивтік бағдаршамда қызылы бар сары от пайда болған кезде жылдамдықты 20 км/сағатқа дейін төмендету және поезды қарсы бағыттың бірінші жол бағдаршамы алдында тоқтату;
      4) қызылы бар сары от кезінде поезды тоқтатқаннан кейін машинист алда жатқан бұғат-учаскені поезд иеленгенін көрсе немесе білсе бұғат-учаскенің босауын – локомотивтік бағдаршамда сары немесе жасыл оттың пайда болуын тосуы, сонан соң локомотивтік бағдаршамның сигналдары бойынша қозғалысты жалғастыру;
      5) егер машинист алда жатқан бұғат-учаскеде поездың болуы туралы білмесе және тоқтау мен тежегіштерді босату кезінде локомотивтік бағдаршамда сары немесе жасыл от пайда болмаса ол қозғалысты қайта жалғастыруы және поезды келесі бұғат-учаскенің аяғына дейін айрықша сақтықпен 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен, егер одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүргізуі қажет. Егер бұғат-учаске бойынша жол жүру кезінде локомотивтік бағдаршамның қызыл оты қызылы бар сарыға ауысса машинист қозғалысты 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен жалғастырады, ал сары немесе жасыл от пайда болғанда жылдамдықты ұлғайта алады, алайда 40 км/сағаттан артық емес;
      6) бұғат-учаскенің соңында сары немесе жасыл от кезінде осы сигналдарды басшылыққа алып қозғалысты жалғастырады; қызыл от сақталған немесе қызылы бар сары от пайда болған кезде машинист поезды қайта тоқтатуы және одан әрі осы Нұсқаулықтың 27-тармағының 4) және 5) тармақшаларында аталған тәртіпті басшылыққа алады;
      7) локомотивтік бағдаршамда рұқсат етуші сигнал орнына кенеттен қызылы бар сары от, қызыл немесе ақ от пайда болған немесе оттар сөнген кезде машинист жылдамдықта төмендетуге шаралар қабылдайды және поезды бұғат-учаскенің аяғына дейін немесе локомотивтік бағдаршамда рұқсат етуші сигнал пайда болғанға дейін ерекше сақтықпен және егер жолда одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе, дереу тоқтауды қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүргізеді;
      8) локомотивтегі автоматты локомотивтік сигнал беру құрылғылары қатардан шыққан жағдайда поезды қарсы бағыттың ең жақын бағдаршамында тоқтатады, ары қарай кіру бағдаршамына дейін («Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін) 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықта ерекше сақтықпен және егер жолда одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе, дереу тоқтауға дайындықпен жүреді.
      28. Бұғат-учаскенің соңында локомотивтік бағдаршамда қызылы бар жасыл от, қызыл немесе ақ от немесе жанбаған оттар сақталған кезде одан әрі қозғалыс осы Нұсқаулықтың 27-тармағының 4) және 5) тармақшаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Дұрыс емес жолмен жүріп келе жатқан поезды станцияға қабылдау жергілікті жағдайларға қарай қозғалыс бағыты бойынша сол жақта орналасатын арнайы орнатылатын кіру бағдаршамы бойынша жүргізіледі.
      Барлық жағдайларда дұрыс емес жолмен келе жатқан поездың станцияға кіру жылдамдығы кіру бағдаршамының рұқсат ету көрсеткіші кезінде бүйірлік жолда қабылдау үшін белгіленгеннен аспауы тиіс.

§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту

      29. Поезды қабылдау және жөнелту алдында станция бойынша кезекші қабылдау немесе жөнелту маршрутын әзірлейді және кіру (шығу) бағдаршамын ашады.
      Дара жолды аралықтарда, сондай-ақ екі жақты автобұғаттауы бар қос жолды аралықтарда дұрыс емес жолмен немесе дара жолды қозғалыс ережелері бар автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды (көп жолды) аралық жолдарының бір жолымен поезды жөнелту қажеттілігі немесе дұрыс емес жол бойынша локомотивтік бағдаршамның қозғалысы кезінде станция бойынша кезекші бұдан басқа поездық диспетчермен (поездық диспетчерлік байланыстың ақаулығы кезінде көрші станция бойынша кезекшімен) аралықты иелену құқығын алдын ала келіседі.
      Поезд өткен кезде кіру (шығу) бағдаршамы автоматты түрде жабылады. Егер бағдаршамды басқару сигналдық тұтқамен жүзеге асырылса, станция бойынша кезекші оны рұқсат беруші бағдаршамның отын жабуын жүзеге асырады.
      Қос жолды учаскелерде станцияның бас жолдарында дұрыс бағытта орналасқан кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдары автоәрекетке ауыстырылады. Бұл жағдайда бағдаршамдар автоматты режимде жұмыс істейді.
      30. Топтық шығу (маршруттық) бағдаршамдары болған кезде поездарды жөнелту, егер жөнелту жолдары қайталаушы жабдықтармен жабдықталмаса бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші және жасыл түсті цифрмен поезды жөнелтуге рұқсат етілетін жол нөмірін көрсететін маршруттық нұсқағыш бойынша жүргізіледі.
      Егер жөнелту жолында топтық бағдаршамның қайталаушы бағдаршамы болса, онда осы жолдан (топтық бағдаршамнан) поезды жөнелту қайталаушы бағдаршамның көрсеткіші бойынша жүргізіледі.
      Маршруттық нұсқағыштар мен топтық бағдаршамдардың қайталаушы бағдаршамдары ақаулы болған немесе поездың басы қайталаушы бағдаршамдардан ары орналасқан жағдайда ашық шығу топтық бағдаршам кезінде поезды жөнелтуге рұқсат локомотив машинисіне радиобайланыс арқылы осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелетін бұйрықпен беріледі.
      Ашық шығу (маршруттық) топтық бағдаршам бойынша жөнелту сондай-ақ локомотив машинисіне тапсырылатын жасыл түсті бланкте ДУ-54 нысанындағы бланктің 2-тармағын толтырумен рұқсат ету бойынша осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Шығу бағдаршамдары жоқ жолдардан поездарды жөнелтуге негізінен жол берілмейді.
      Ерекше жағдайларда поездарды осындай жолдардан жөнелту осы Нұсқаулықтың 3839-тармақтарында белгіленген тәртіппен шығу бағдаршамының ақаулығы кезіндегідей жүргізіледі.
      Поездың басы шығу бағдаршамынан тыс орналасқан, соның ішінде поезд бағдаршамның өздігінен жабылуы салдарынан оның артына тоқтағаннан кейін, егер локомотив машинисі жабуды қабылдап поезды сигналдан өтіп кеткеннен кейін тоқтатса, станциялардан поездарды жөнелту де осындай тәртіппен жүргізіледі.
      32. Егер поездың жетекші локомотиві рұқсат етуші көрсеткіші бар шығу (маршруттық) сигналдан кейін орналасса, онда машинистке осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелетін радиобайланыс арқылы тіркелетін бұйрық беріледі.
      Бұл жағдайда поезды жөнелту сондай-ақ локомотив машинисіне тапсырылатын жасыл түсті бланкте ДУ-54 нысанындағы бланктің 2-тармағын толтырумен тіркелетін рұқсат ету бойынша да осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
      Жетекші локомотив кері жағынан қайталағыш бастиекпен жабдықталған шығу бағдаршамының артында орналасқан жағдайларда поезды жөнелту қайталау бастиектегіндегі рұқсат ету көрсеткіші бойынша жүргізіледі.
      33. Шығу (маршруттық) бағдаршамын рұқсат ету көрсеткіші кезінде қайталаушы бағдаршамда жасыл от жанбаса, қайталаушы бағдаршам алдында жөнелтуге дайын тұрған жолаушылар поезы локомотивінің машинисіне станция бойынша кезекші (жеке немесе поездық радиобайланыс бойынша немесе жолаушылар қозғалысымен байланысты станциялық қызметкерлердің біреуі арқылы) қайталау бағдаршамын ақаулығы, поезды қозғалысқа келтіру мүмкіндігі, шығу (маршруттық) бағдаршамға дейін жүруі, ал сонан соң оның көрсеткіштерін басшылыққа алуы туралы хабарлайды.
      Қайталау бағдаршамы алдында тұрған жолаушылар поезын шығу (маршруттық) бағдаршамын тыйым салушы көрсеткіші кезінде жөнелткенде машинистке тапсырылатын немесе радиобайланыс бойынша берілетін станциядан жөнелтуге арналған рұқсат сонымен қатар жанбай тұрған қайталау бағдаршамынан өтуге де рұқсат болып табылады.
      Поезд станцияға тоқтамай өткен жағдайда станция бойынша кезекші поезд бірінші (станцияға ең жақын) учаскеге кірген кезде радиобайланыс бойынша қайталау бағдаршамын (маршруттық немесе шығу бағдаршамы алдындағы) ақаулығы туралы ескертеді. Мұндай хабарламаны алған соң машинист қозғалысты локомотивтік және шығу немесе маршруттық бағдаршамның көрсеткіші бойынша жалғастырады.
      34. Бүкіл аралықта итергіш локомотиві бар поезды аралық бойынша жөнелту және қозғалысы автоматты бұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі.
      Итергіш локомотиві бар поезд соңғысы аралықтан кері қайтқанда жөнелту мен жол жүру автоматты бұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі, ал аралықтан жөнелту станциясына қайтару үшін итергіш локомотивтің машинисіне кілт-жезл беріледі.
      35. Шаруашылық поезын жөнелту станциясына қайтарумен аралықта жұмыс істеу үшін (аралық жабылмайтын кезде) жөнелту автоматты бұғаттау сигналдары бойынша (ашық шығу бағдаршамы бойынша) жүргізіледі.
      Поезд кері қарай кілт-жезл бойынша жүреді, ол машинистке поезды аралықтан кері қайтару алдында тапсыруы үшін станциядан жөнелту алдында жұмыстардың басшысына (бас кондукторға) беріледі.
      Кілт-жезл сондай-ақ аралықтардағы қызмет көрсетілмейтін қосымша түйісу посттарынан вагондарды беру және шығару кезінде де қолданылады.
      36. Поездардың дұрыс емес жолы бойынша локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштері бойынша қозғалысының мүмкіндігі үшін құрылғылармен жабдықталған қос жолды аралықтарда поезды кілт-жезлмен жөнелтуге тек дұрыс жол бойынша жол беріледі.
      Екі және одан көп арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам бірлігінен тұратын шаруашылық поездарын кілт-жезлмен жөнелтуге оларды аралықтарда ажыратпайтын жағдайда ғана жол беріледі.
      37. Ерекше жағдайларда кілт-жезл ақаулы болған немесе жоқ кезде аралықтан қайтатын итергіш локомотиві бар шаруашылық поезы тек байланыстың телефондық құралдарына көшкеннен кейін ғана жөнелтіледі.
      Мұндай жағдайларда жетекші локомотивтің машинисіне және итергіш локомотивтің машинисіне осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысанындағы бланк жол жазбалары беріледі.
      Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды аралыққа жөнелту автобұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі, бұл ретте арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам автобұғаттауы бар учаскелерде рельс тізбегін сенімді шунттауды қамтамасыз етеді. Бұл дрезинаның төлқұжатында көрсетіледі.
      Алынып-салынатын жылжымалы бірліктердің (дрезиналар, жөндеу мұнаралары, жол вагоншалары) доңғалақтар жұптарының оқшаулағышы болады.

§ 3. Автобұғаттаудың ақаулықтары кезіндегі темір жол көлігі
қызметкерлерінің іс-қимылы

      38. Дұрыс белгіленген маршрутта және бос (басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша) бірінші бұғат-учаскеде шығу бағдаршамы ашылмаса, поезд қос жолды аралыққа дұрыс жол бойынша жөнелтіледі:
      1) шығу бағдаршамындағы шақыру сигналы бойынша;
      2) жөнелтілетін поездың машинисіне радиобайланыс бойынша осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы бойынша;
      3) жасыл түсті бланкте осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес ДУ-54 нысанындағы бланктің 1-тармағын толтырумен рұқсат бойынша.
      39. Поезд дара жолды аралыққа немесе екі жақты автобұғаттауы бар қос жолды аралықтың дұрыс емес жолы бойынша шығу бағдаршамының тыйым салу көрсеткіші кезінде жөнелтіледі:
      1) поезд машинисіне радиобайланыс бойынша осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес көрсетілген нысан бойынша станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы бойынша;
      2) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес ДУ-54 нысанындағы бланктің 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсат бойынша.
      Поезды дара жолды аралыққа және қос жолды аралықтың дұрыс емес жолы бойынша шақыру сигналы бойынша жөнелтуге тыйым салынады.
      40. Станция бойынша кезекші поезды жөнелту алдында:
      1) осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына нысан бойынша сәйкес аралықтың (жолдың) қарсы поездардан бостығын растайтын поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығын алады. Мұндай бұйрық шығу бағдаршамының тыйым салу көрсеткіші кезінде станциядан бір немесе бірнеше (бірінен соң бірін) бағыттас поездарды жөнелтуге беріледі;
      2) жөнелтілетін поездың бағытында бұғат-жүйе орнатады;
      3) тиісті аралықтың (аралық жолының) аппаратынан кілт-жезлді алады.
      Алынған кілт-жезл аппаратқа жөнелтілген поезд аралықты нақты иеленгеннен кейін (ол алыстаудың бірінші бұғат-учаскесіне енгеннен кейін) қайтарылады.
      41. Бағытты ауыстыру үшін құрылғылармен жабдықталмаған өтпелік бағдаршамдары жоқ аралықтарға шығу бағдаршамының тыйым салу көрсеткіштері кезінде, басқару аппараттарында кілт-жезлдер болмаған кезде поездардың жөнелуін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін жергілікті нұсқаулық бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда поезды осы Нұсқаулықтың 39-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген рұқсаттар бойынша жүргізіледі.
      Автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштері бойынша, дұрыс емес жолға шығу бағдаршамы ашылмаса немесе болмаса дұрыс емес жол бойынша қозғалыспен поезды жөнелту автобұғаттаудың іс-қимылы тоқтатылғаннан кейін жүргізіледі.
      42. Станция бойынша кезекшіге автобұғаттаумен жабдықталған аралыққа арналған шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде бірінші бұғат-учаскенің бостығына көз жеткізбей поезды жөнелтуге тыйым салынады.
      Егер бұрын жөнелтілген поездың бірінші бұғат-учаскені жүріп өтуі үшін қажет уақыт өткен соң басқару аспаптары оның бос еместігін көрсетуді жалғастырса, станция бойынша кезекші бірінші бұғат-учаскенің бостығына оның иелігіндегі басқа құралдармен (бұрын жөнелтілген поездың машинисімен радиобайланыс бойынша сөйлесулер жолымен, сигнал берушілердің, бағыттамалық посты кезекшілерінің, өтпелер бойынша кезекшілердің хабарламалары бойынша көз жеткізеді. Егер 10 минут ішінде станция бойынша кезекші бұрын жөнелтілген поездың орналасқан жерін анықтай алмаса, келесі поезд шығу бағдаршамының тыйым салу көрсеткіші кезінде жөнелтіледі, алайда бұл ретте жетекші локомотивтің машинисі станциядан жөнелтер алдында радиобайланыс бойынша немесе жасыл түсті рұқсат бланкінде белгі қою жолымен бірінші бұғат-учаскенің бостығы туралы мәліметтердің жоқ екендігі туралы ескертіледі.
      Осындай жағдайларда оларда өтпелік бағдаршамдар жоқ, автобұғаттауы бар қысқа аралықтарға поездарды жөнелту тәртібін СОБ құрылғыларының жүйесіне және жұмыс жағдайларына қарай Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін жергілікті нұсқаулық бойынша жүргізіледі және станцияның техникалық-өкімдік акті мен СОБ құрылғыларын пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықтарда көрсетіледі.
      43. Жөнелтілген поездың тыйым салу көрсеткіші бар бағдаршамды (дара жолды да, қос жолды да аралықта) жүріп өтуі станция бойынша кезекші бағдаршаммен қоршалған жол учаскесінің бостығын тексерген соң осы Нұсқаулықтың 38-тармағымен қарастырылған рұқсаттар бойынша жүзеге асырылады.
      44. Шығу бағдаршамындағы шақыру сигналы, осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес 54-ДУ нысанындағы бланктің 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсат немесе радиобайланыс арқылы берілген станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы машинистке жабық кіру бағларшамынан өтуге және бірінші өтпелі бағдаршамға дейін (өтпелі бағдаршамы жоқ аралықтарда – көрші станцияның кіру бағдаршамына дейін) ерекше сақтықпен 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен, егер одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүргізуге, ал одан әрі автоматты бұғаттау сигналдарын басшылыққа алуға құқық береді.
      Маршруттық бағдаршам ақаулы болған кезде аталған рұқсат машинистке осындай тәртіппен шығу (немесе мынадай маршруттық) бағдаршамға дейін жүруге құқық береді.
      45. Автотоқтатқышы бар автоматты локомотивтік сигнал берумен жабдықталған учаскелерде станциядан жоғарыда аталған рұқсаттардың біреуі бойынша жөнелтілген поездың жүруі кезінде машинист, егер бірінші бұғат-учаскенің бостығы туралы мәліметтер болса поезд аралыққа кірген соң және локомотивтік бағдаршамда жасыл, сары немесе қызылы бар сары оттар пайда болғанға дейін бірінші бағдаршамға дейін локомотивтік бағдаршамның сигналдық көрсеткіштерін басшылыққа алып жүре алады.
      Локомотивтік бағдаршамның ақ оты немесе бірінші бұғат-учаскені бостығы туралы мәліметтер болмаған кезде машинист бірінші аралық бағдаршамға дейін 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен, ал одан әрі қарай автоматты бұғаттағыштың сигналдары бойынша жүреді.
      46. Топтық бағдаршамның ақаулығы кезінде поездарды жөнелту осы Нұсқаулықтың 38 және 39-тармақтарымен қарастырылған тәртіппен станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы бойынша немесе осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес ДУ-54 нысанындағы бланктің 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланкте рұқсат ету бойынша жүргізіледі.
      47. Шығу бағдаршамындағы бағыттың маршруттық нұсқағышы (ақ түсті) ақаулы болған кезде поездарды жөнелту ашық шығу бағдаршамы бойынша жүргізіледі, алайда бұл жағдайда станция бойынша кезекші машинистке радиобайланыс бойынша жеке немесе поездар қозғалысымен байланысты станциялық қызметкерлердің біреуі арқылы нұсқағыштың ақаулығы туралы және поездың жүру бағытындағы маршруттың дайындығы туралы хабарлайды.
      48. Бағдаршамдардың қайталағыштары немесе басқару аппаратындағы (таблодағы) жақындау және алыстау учаскелері ақаулы болған кезде поездарды қабылдау мен жөнелту станция бойынша кезекшінің поездық диспетчермен, көрші станциялар бойынша кезекшілермен, локомотивтердің машинистерімен және басқа қызметкерлермен сөйлесулері (телефон немесе радиобайланыс бойынша) негізінде автоматты бұғаттау бойынша жүзеге асырылады. Поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарын дайындау процесінде станция бойынша кезекші станциялық СОБ бақылау құрылғылары ақаулы болған кезде осы Нұсқаулықтың 13-тарауында белгіленген тәртіпті сақтайды.
      49. Егер бақылау аспаптары аралықтың ол нақты бос болған кезде бос еместігін көрсетсе және бұл ретте қозғалыс бағытын өзгерту қажет болса (дара жолдық аралықтарда немесе автобұғаттауы бар қос жолды немесе көп жолды аралықтарда), сондай-ақ негізгі режим бастырмаларының (тұтқаларының) көмегімен бағытты ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қосалқы режим тұтқалары (бастырмалары) бар болған жағдайда мұндай өзгерту осы тұтқалардың көмегімен оның бостығын алдын ала тексергеннен кейін аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілерге осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
      Осындай бұйрық алған соң екі станция бойынша да кезекшілер пломбаны шешеді және қосалқы режим тұтқаларын (бастырмаларын) қозғалыс бағытын өзгерту үшін ауыстырады. Бағытты өзгерткеннен кейін станциялар бойынша кезекшілер басқару пультіндегі бақылау аспаптарының көмегімен өзгерістің болғанына көз жеткізеді және қосалқы тұтқаларды (бастырмаларды) қозғалыстың бағытын алмастыруды болдырмау жағдайына қояды. Пломбаны алу туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазба жасалады.
      Қозғалыс бағытын өзгерткеннен кейін поездарды жөнелту ашық шығу бағдаршамы бойынша, ал тиісті сигнал ашылмаған жағдайларда – осы Нұсқаулықтың 38 және 39-тармақтарымен басшылыққа алынады.
      50. Телефон байланысының барлық белгіленген түрлеріндегі үзілістер және радиобайланыс бойынша сөйлесулер жүргізу мүмкін емес, алайда автобұғаттаудың ақаусыз жұмыс істеуі кезінде (бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша алыстау учаскелерінің бостығы) қос жолды аралықтарда поездардың қозғалысы автобұғаттау сигналдары бойынша тек дұрыс жол бойынша жүргізіледі. Мұндай жағдайларда дара жолды аралықтарда поездарды жөнелту үшін автобұғаттауды тек қана станция, поездарды басым (тақ) бағытта жөнелту жағдайларында байланыс үзілген сәтте осы станциядағы автобұғаттау бағыты поездардың осы бағыттағы қозғалысына сәйкес келген жағдайда қолдана алады.
      Телефон байланысы үзілген сәтте автобұғаттау жұп бағытта орнатылған болса, басым бағыттағы станция бірінші поезды аралықты жұп поездың жүріп өтуі үшін қажетті уақытқа телефон байланысы үзілген сәттен бастап 10 минут қосумен, барлық осы уақыт ішінде бақылау аспаптары аралықтың бос екендігін көрсеткен жағдайда жөнелте алады. Басым бағыт станциясында жеке локомотив болған жағдайда ол бірінші жөнелтіледі. Бірінші поезды (локомотивті, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды) жөнелту үшін станция бойынша кезекші автобұғаттау бағытын таққа ауыстырады, аппараттан кілт-жезлді алады және шығу бағдаршамын ашады. Бірінші поезбен (локомотивпен, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құраммен) жазбаша хабарлама жіберіледі және осы сәттен бастап телефон байланысы қалпына келтірілгенге дейін поездардың қозғалысы осы Нұсқаулықтың дара жолды аралықтарға арналған 6-тармағымен белгіленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      51. Олар кезінде автобұғаттаудың жұмысын тоқтату қажет ақаулықтарға:
      1) локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштеріне қарамастан аралықтағы қатар орналасқан бағдаршамдардың екеуінің және одан артығының өшіп қалған сигналдық оттары;
      2) бұғат-учаске бос болмаған кезде шығу немесе өтпелік бағдаршамда рұқсат ету отының болуы;
      3) бағытты, соның ішінде дара жолды аралықта қосалқы режим тұтқаларының (бастырмаларының) көмегімен немесе екі жақты автобұғаттауы бар қос жолды аралықта поезды дұрыс емес жолмен, сондай-ақ көп жолды аралықта дара жолды қозғалыс ережелері бар екі жақты автобұғаттауы бар жол бойынша жөнелту кезінде ауыстырудың мүмкін еместігі жатады. Автобұғаттауды белгіленген бағытта қолдануға рұқсат етіледі.
      52. Поездық локомотивтің машинисі 51-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған автобұғаттаудың ақаулықтарын анықтаған кезде бұл туралы ең жақын станция бойынша кезекшіге (поездық диспетчерге) және артта келе жатқан поездардың машинистеріне хабарлайды, ал 51-тармақтың 2) тармақшасында аталған ақаулықтар кезінде бұдан басқа, поезды тоқтатады.
      Өтпелік бағдаршамдардың өшіп қалған сигналдық оттары кезінде («А»-тармақшасында аталған ақаулық) аралық бойынша жүріп өтуді машинист Техникалық пайдалану қағидасының талаптарын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады.
      Бұғат-учаске бос болмаған кезде рұқсат ету көрсеткіші бар шығу немесе өтпелік бағдаршам алдында поезды тоқтатқаннан кейін (немесе олардан өткен соң) поезд бұғат-учаскені босатқан соң машинист қозғалысты бастайды: станцияда – станция бойынша кезекші (поезд бойынша кезекші) нұсқауы бойынша, аралықта – 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен ерекше сақтықпен және тоқтауға дайындықпен жүреді, одан әрі бағдаршамның көрсеткіштерін басшылыққа алады.
      53. Станция бойынша кезекші аралықтағы автобұғаттаудың ақаулығы туралы хабарламаны алған соң немесе оның ақаулығын бақылау аспаптары бойынша анықтағанда:
      1) поездарды осы аралыққа (осы жол бойынша) жөнелтуді тоқтатуы, шығу бағдаршамдарын тыйым салушы жағдайға келтіруі;
      2) радиобайланыс бойынша аралықта орналасқан поездардың машинистерін шақыруға және оларды ақаулық туралы ескертуі;
      3) автобұғаттаудың ақаулығы туралы поездық диспетчерге хабарлауы;
      4) ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті жазба жасауға және СОБ электрмеханигіне (сигнал беру және байланыс дистанциясы бойынша кезекшіге) хабарлауы қажет.
      Диспетчердік орталдықтандыруы бар учаскелерде аталған іс-қимылдарды поездық диспетчер орындайды.
      Автобұғаттаудың жұмысы поездық диспетчердің бұйрығымен тоқтатылады және поездардың қозғалысы байланыстың телефондық құралдары бойынша белгіленеді.
      54. Автоматты бұғаттауды қолдану тоқтатылғаннан кейін және телефон байланысына көшкен соң локомотивтердің машинистеріне жол осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысанындағы бланктегі жазбалары беріледі.
      Жол жазбасы осы Нұсқаулықтың 316-тармағында көзделген тәртіппен тыйым салу көрсеткіштері бар шығу бағдаршамынан өтуге рұқсат болып та табылады. Автобұғаттауды пайдалану тоқтатылғаннан кейін тыйым салушы бағдаршамдардан өту осы Нұсқаулықтың 43-тармағымен қарастырылған тәртіппен жүргізіледі.
      55. Автобұғаттауы ақаулы аралықты шектейтін бөлек пункттердің біріне станция бойынша кезекші қызмет көрсетпейтін болса, онда автобұғаттаудың жұмысы тоқтатылған соң осындай бөлек пункттерден бос аралыққа поездарды жөнелту поездың диспетчерде жолдар мен бағыттамалардың жағдайын бақылау болған жағдайда станция бойынша кезекші жұмысқа кіргенге дейін локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін поездық диспетчердің бұйрығы бойынша жүргізіледі.
      Көрсетілген бұйрық ДУ-47 нысанында поездық телефонограммалар журналына жазылады.
      56. Егер поезд бүкіл аралықта жүретін бірнеше жұмыс істейтін локомотивпен немесе итергіш локомотивпен жүрсе, жөнелтуге арналған жазбаша рұқсат тек жетекші локомотивтің машинисіне ғана тапсырылады.
      Қалған локомотивтердің машинистері жетекші локомотив машинисінің сигналдарын басшылыққа алады.

§ 4. Автобұғаттаудың жұмысын тоқтату

      57. Поездар қозғалысы кезінде поездық диспетчерлік байланыс жұмысындағы үзіліс кезінде байланыстың телефондық құралдарына көшумен автобұғаттаудың ақаулығы салдарынан оның жұмысын тоқтату мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) дара жолды аралықтарда:
      Автобұғаттаудың ақаулығын анықтаған станция бойынша кезекші көрші станциямен сөйлесу жолымен және ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысының журналындағы жазбалар бойынша аралықтың бостығына көз жеткізіп, көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша поездық телефонограмма береді.
      Осындай поездық телефонограммалармен көп жолды аралықтардағы станциялар бойынша кезекшілер дара жолды қозғалыс ережелері бойынша қозғалыс кезінде алмасады.
      2) қос жолды аралықтарда:
      Ол үшін осы бағыттың жолы дұрыс болып табылатын станция бойынша кезекші автобұғаттаудың ақаулығын анықтаған соң көрші станция бойынша кезекшіден автоматты бұғаттау бойынша соңғы жөнелтілген поездың келуі туралы хабарлама беруін талап етеді және хабарламаны алған соң осы станцияға осы Нұсқаулықтың 14-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша телефонограмма береді.
      Автобұғаттаудың жұмысы қос жолды аралықтың басқа жолы бойынша да автобұғаттаудың жұмысы тоқтатылған жағдайда телефондық байланысқа көшу осылай ресімделеді.

§ 5. Автобұғаттау бойынша қозғалысты қалпына келтіру

      58. Поездық диспетчерлік байланыстың жұмысы үзілген кезде қозғалысты автоматты бұғаттау бойынша қалпына келтіру келесі тәртіппен жүргізіледі:
      1) дара жолды аралықтарда автобұғаттаудың ақаулығын жойған соң және бұл туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазба болған кезде станция бойынша кезекші көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телефонограмма береді:
      Көрші станция бойынша кезекші де аралықтың бостығын тексеріп, осы Нұсқаулықтың 15-қосымшасына сәйкес нысанда жауап береді.
      Осындай поездық телефонограммалармен көп жолды аралықтардағы станциялар бойынша кезекшілер дара жолды қозғалыс ережелері бойынша қозғалыс кезінде алмасады.
      2) қос жолды аралықтарда ол үшін осы бағыттың жолы дұрыс болып табылатын станция бойынша кезекші ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналындағы автобұғаттау ақаулығының жойылғандығы туралы жазбаның немесе көрші станция бойынша кезекшіден алынған тиісті хабарламаның негізінде, жолда қарсы бағыт поездары болмаған кезде осы Нұсқаулықтың  15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телефонограмма береді.
      59. Егер қос жолды аралық әрбір жол бойынша екі жақты қозғалыс үшін, соның ішінде дұрыс емес бағытта локомотивтік сигналдар бойынша автобұғаттаумен жабдықталмаса, онда поезды дұрыс емес жол бойынша жөнелту алдында осы жол бойынша автобұғаттаудың жұмысы тоқтатылады және қозғалыс машинистерге жол жазбаларын берумен байланыстың телефондық құралдары бойынша белгіленеді.

§ 6. Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде
қолданылатын автоматты локомотивтік сигнал беру
кезіндегі поездардың қозғалысы

      60. Жекелеген учаскелерде сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнал беру қолданылады.
      Сигнал беру мен байланыстың дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған темір жол учаскелерінде поездардың қозғалысы кезінде локомотивтік бағдаршамдардың сигналдары бойынша поездардың екі жақты қозғалысы (соның ішінде қос жолды аралықтың әрбір жолы бойынша) қамтамасыз етіледі.
      Аралықтардағы бұғат-учаскелердің шекаралары болып жарық шағылдырғыштары мен бұғат-учаскелердің нөмірлері бар цифрлы литерлі кестелері бар «Бұғат-учаскенің шекарасы» сигналдық белгілері қызмет етеді.
      Мұндай учаскелерде қозғалысты ұйымдастыру қағидасы автоматты бұғаттау кезіндегі қозғалысқа ұқсас.
      61. Поездың бірінші бұғат-учаскені иеленуіне рұқсат болып локомотивтік бағдаршамда тиісті көрсеткіші болған кезде шығу бағдаршамының рұқсат етуші көрсеткіші, ал келесі бұғат-учаскелерде – локомотивтік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші қызмет етеді.
      62. Поезды аралық бойынша жүргізу тәртібі осы Нұсқаулықтың 27-тармағында белгіленгенге ұқсас.
      Оттары сөнген ескерту (кіру алдындағы) бағдаршамынан локомотивтік бағдаршамның көрсеткіштерін басшылыққа алып тоқтаусыз өтуге рұқсат етіледі.
      63. Станциялар бойынша поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу осы тарауда баяндалған тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл ретте осы тармақта көзделген мынадай қосымша шарттар орындалады:
      1) негізгі режимде дара жолды аралықта және қос жолды аралықтың әрбір жолы бойынша қозғалыс бағытын өзгерту поездық диспетчердің ауызша нұсқауы бойынша, ал қосалқы режимде – поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша екі станция арқылы да кезекшілер жүргізеді;
      2) маршруттық нұсқағыштар немесе шығу топтық бағдаршамдарының қайталағыштары ақаулы болған кезде немесе поездың басы қайталау бағдаршамының артында болған кезде ашық шығу топтық бағдаршамы кезінде поезды жөнелтуге рұқсат локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелетін бұйрықпен радиобайланыс бойынша беріледі;
      3) шығу бағдаршамының тыйым салу көрсеткіштері кезінде поезды жөнелту үшін рұқсат локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелетін бұйрықпен радиобайланыс бойынша беріледі.
      64. Автоматты локомотивтік сигнал беру жұмысын тоқтату қажет ақаулықтар кезінде,оларға мыналар жатады:
      1) қатарынан үш және одан артық бұғат-учаскелердің жалған бос болмауы;
      2) бағытты, соның ішінде дара жолды аралықта немесе қос жолды аралықта қозғалыс бағыты дұрыс емес жолмен белгіленсе қосалқы режим тұтқаларының (бастырмаларының) көмегімен ауыстырудың мүмкін еместігі;
      3) бұғат-учаскеде нақты поезд болған кезде оның бостығын бақылаудың (локомотивтік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші) болуы.
      Аталған жағдайларда, сондай-ақ поезды станциядан жөнелту алдында немесе поезды кодталмаған жолдан жөнелту алдында локомотивтік бағдаршамда кез келген ақаулық анықталған жағдайда автоматты локомотивтік сигнал берудің жұмысы жабылады және поездардың қозғалысы байланыстың телефондық құралдары бойынша орнатылады.
      65. Байланыстың телефондық құралдарына көшу және автоматты локомотивтік сигнал берудің жұмысын қалпына келтіру тәртібі осы Нұсқаулықтың 5459-тармақтарында баяндалған.
      Бұл ретте диспетчерлік бұйрықтар мен поездық телефонограммалар мәтіндерінде «автобұғаттау», деген сөзі «автоматты локомотивтік сигнал беру» деген сөздермен ауыстырылады.
      66. Поездар қозғалысы кезінде сигнал берудің дербес құралы ретінде автоматты локомотивтік сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған учаскелердегі қозғалысты ұйымдастырудың нақты тәртібін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін жергілікті нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады және станцияның техникалық-өкімдік актіде көрсетіледі.

2. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған
учаскелердегі поездар қозғалысы

§ 1. Жалпы ережелер

      67. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде поездар қозғалысы кезінде сигнал беру мен байланыстың негізгі құралы болып автоматты бұғаттау табылады.
      Учаскелердегі барлық станциялық бағдаршамдар мен бағыттамаларды басқаруды тікелей поездық диспетчер жүзеге асырады. Электрлік оқшаулағышпен жабдықталған бағыттамалардың, бағдаршамдардың, станциялық жолдардың, бағыттамалық учаскелердің және аралықтардың жағдайын басқару аппараты аспаптары бойынша поездық диспетчер бақылайды.
      Поездар қозғалысы мен маневрлік жұмысқа қатысты барлық өкімдерді поездық диспетчер телефон немесе радиобайланыс бойынша тікелей машинистке немесе оған бөлек пунктте поездарды қабылдау мен жөнелту немесе маневрлер жүргізу жөніндегі барлық операциялар жүктелген қызметкерге береді.
      68. Осы Нұсқаулықта көзделген қажетті жағдайларда поездық диспетчер станцияларды резервтік басқаруға береді, сонан соң поездарды қабылдау мен жөнелтуді, сондай-ақ сигналдарды ашу мен жабуды станция бастығы немесе оған бұл бөлек пунктте осы операцияларды орындау жүктелген станцияның басқа қызметкері жүргізеді. Станцияны резервтік басқаруға бергенге дейін поездық диспетчер осы қызметкерді іргелес аралықтарда орналасқан поездар туралы хабардар етеді.
      Егер станцияны резервтік басқаруға бергенге дейін поездық диспетчер станциялық жолдарда кернеуді шешумен түйіспе желісінде жұмыстар жүргізуге рұқсат етсе, онда ол бұл туралы кезекшілікке кіретін қызметкерге диспетчерлік бұйрықпен хабарлайды.
      Станцияның жекелеген бағыттамалары мен алқымдарын поездық диспетчер жергілікті басқаруға берілген. Бұл жағдайларда бағыттаманы ауыстыруды станцияның осы ауданында маневрлік жұмысқа басшылықты жүзеге асырушы қызметкер жүргізеді. Егер жергілікті басқаруға беру өзінің сипаты бойынша ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында алдын ала жазуды талап етпейтін СОБ құрылғыларын жөндеумен туындаса, онда жергілікті басқаруға берілген бағыттамаларды олардың жұмысының дұрыстығын тексеру үшін ауыстыруға электрмеханикке рұқсат етіледі.

§ 2. Поездарды қабылдау және жөнелту

      69. Поезды станцияға қабылдар алдында поездық диспетчер бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша қабылдау жолы мен бағыттамалық учаскелердің бостығына көз жеткізіп, қабылдау маршрутын белгілейді. Алдын ала маршруттар беруге мүмкіндік беретін диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде қабылдау маршрутын белгілеу жол және бағыттамалық учаскелер бос болмаған кезде де (жолдар мен бағыттамалық учаскелерді арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам иеленгеннен басқада) жүргізіледі.
      Бағыттамаларды нақты ауыстыру мен кіру бағдаршамын ашу тиісті бақылау аспаптарының көрсеткіштерімен тексеріледі.
      70. Поезды жөнелтер алдында поездық диспетчер орталық аппараттағы бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша бағыттамалық учаскелердің, ал бағытты өзгерткен кезде – аралықтың да бостығына көз жеткізіп жөнелту маршрутын белгілейді.
      Алдын ала маршруттар белгілеуге мүмкіндік беретін диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларымен жабдықталған учаскелерде жөнелту маршрутын белгілеу бағыттамалық учаскелер бос болмаған кезде (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам иеленгеннен басқа) жүргізіле алады.
      Бағыттамаларды нақты ауыстыру мен шығу бағдаршамын ашу тиісті бақылау аспаптардың көрсеткіштерімен тексеріледі.
      71. Егер кіру және шығу бағдаршамын ашқан соң маршрутты өзгерту қажеттігі туындаса, диспетчер тиісті бағдаршамды жауып және бұл туралы машинистке хабарлап жаңа маршрутты дайындауға кіріседі және бағдаршамды екінші рет поездың кіру бағдаршамында немесе жөнелту жолында бөгелгеніне көз жеткізген соң ғана ашады.
      72. Шаруашылық поездарын жұмыспен және келесі станцияға келумен аралыққа, сондай-ақ барлық аралық бойынша жүретін итергіш локомотиві бар поездарды жөнелту автобұғаттаудың сигналдары бойынша әдеттегі тәртіппен жүргізіледі.
      Шаруашылық поезын кері қайтумен немесе жөнелту станциясына қайтатын итергіш локомотиві бар поезды аралыққа жөнелту жұмыстар басшысына (бас кондукторға) немесе итергіш локомотивтің машинисіне аралық бойынша кері жүру құқығына арналған кілт-жезлді берумен автобұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі.
      73. Жұмыстар басшысына немесе итергіш локомотивтің машинисіне кілт-жезлді беру үшін диспетчер станция бастығын немесе станцияны резервтік басқаруға беру кезінде оған осы бөлек пунктте поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі барлық операциялар жүктелген қызметкерді шақырады.
      Кілт-жезл ақаулы болған немесе кілт-жезлмен жабдықталмаған станциялық аппараттар болған кезде шаруашылық поезын немесе жөнелту станциясына қайтатын итергіш локомотиві бар поезды жөнелту үшін автобұғаттауды пайдалану тоқтатылады және поездардың қозғалысы байланыстың телефондық құралдарымен белгіленеді.
      Бұл жағдайларда байланыстың телефондық құралдарына көшкенге дейін оған шаруашылық поезы жөнелтілетін аралықты шектеуші станциялар резервтік басқаруға көшіріледі.
      74. Қалпына келтіру, өрт поездарын және қосалқы локомотивтерді онда қалпына келтіру және басқа осындай жұмыстар жүргізілуі тиіс аралықты шектеуші станцияға жөнелту осы станцияларда станциялар бастықтары немесе оларға поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындау мен аралықты жабу жүктелген қызметкерлер кезекшілікке кірген соң жүзеге асырылады. Бұл жағдайларда машинистерге диагоналы бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланктегі рұқсат беріледі. Қосалқы локомотив аралыққа тиісті қызметкерлер кезекшілікке кіргенге дейін локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 18-қосымшасына сәйкес тікелей берілетін диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жөнелтіледі.

§ 3. Маневрлер жүргізу

      75. Маневрлар кезінде бағыттамаларды бұруды:
      1) поездық диспетчер орталық пульттен радиобайланыс немесе диспетчерлік байланыс бойынша станциялардың алқымдарында орнатылатын телефондар бойынша маршруттың маневрлік орын ауыстырулар үшін дайындығы туралы тиісті қызметкерлерге нұсқаулар берумен;
      2) станция бастығы немесе станцияны резервтік басқаруға тапсыру кезінде поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операциялар жүктелген басқа қызметкер;
      3) поездарды құрастырушы немесе станцияның басқа қызметкері станцияның жекелеген бағыттамаларын жергілікті басқаруға тапсыру кезінде Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Станциялық жолдар бойынша дара локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның орын ауыстырулары кезінде жергілікті басқаруға берілген бағыттамаларды бұруды локомотив бригадасының бір қызметкері (дрезина жүргізушісі) жүргізеді.
      Бағыттамаларды бұрушы қызметкер әрбір бұрудан кейін үшкірлер жағдайының дұрыстығына жергілікті басқару пультіндегі бақылау аспаптары бойынша немесе үшкірлердің жағдайы бойынша көз жеткізеді.
      76. Бағыттамалық оқшауланған учаске босағанға дейін бағыттаманы жергілікті басқару пультінен немесе жергілікті басқару кілтімен, ал бағыттама оқшаулағышы тәуелділікке қосылмаған жерде – бағыттама жылжымалы құрамнан босағанға дейін ауыстыруға тыйым салынады.
      77. Маневрлер аяқталған соң бағыттамалық және маневрлік тұтқалар, сондай-ақ жергілікті басқару кілті қойылады, маневрлердің басшысы жұмыстың аяқталғаны туралы поездық диспетчерге баяндайды, ал соңғысы тиісті бастырмаларды маневрлік қозғалыстарды болдырмау үшін қойылады.
      78. Жергілікті басқару пульттері үнемі құлыптаулы болуы қажет. Жергілікті басқару пультіне пайдалану немесе қарап тексеру үшін қол жеткізу рұқсат етілетін қызметкерлер тізбесін, сондай-ақ пульттердің кілттерін беру мен сақтау тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітеді.

§ 4. Диспетчерлік орталықтандыру құрылғыларының
ақаулығы кезіндегі іс-қимылдары

      79. Егер дұрыс белгіленген маршрут және бос қабылдау жолы (басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша) кезінде кіру бағдаршамы ашылмаса, поезд станцияға оның тыйым салу көрсеткіші кезінде локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша кіргізіледі.
      Станцияға поездық диспетчердің бұйрығы бойынша жүргенде машинист поезды 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен ерекше сақтықпен және одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе тоқтауға дайындықпен жүргізеді.
      Егер станция резервтік басқаруда болса, ақаулы кіру бағдаршамы кезінде поезды қабылдау осы Нұсқаулықтың 325-тармағына сәйкес жүргізіледі.
      80. Шығу бағдаршамының ақаулығы кезінде поезды жөнелту тек қарсы поездардан бос аралықта және жөнелтілетін поезд үшін машинистке берілетін поездық диспетчердің осы Нұсқаулықтың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркелетін бұйрығы бойынша белгіленген қозғалыс бағыты кезінде ғана жүргізіледі.
      Мұндай бұйрық болған кезде машинист станциядан жөнелуге және поезды бірінші бағдаршамға дейін 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен ерекше сақтықпен және одан әрі қозғалысқа кедергі кездессе - тоқтауға дайындықпен, ал одан әрі автобұғаттаудың сигналдары бойынша жүргізеді.
      Автоматты локомотивтік сигнал берумен жабдықталған учаскелерде поезд аралыққа кірген соң машинист осы Нұсқаулықтың 44-тармағында көзделген тәртіппен әрекет жасайды.
      Егер станция резервтік басқаруда тұрса, ақаулы шығу бағдаршамы кезінде поезды жөнелту осы Нұсқаулықтың 3839-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      81. Егер бағыттаманы орталық пульттен ауыстыру мүмкін болмаса, поездық диспетчер бағыттамаларды тазалауды жүргізетін қызметкерді немесе станцияның басқа қызметкерін шақырады және бағыттаманы қарап тексеруді және мүмкіндігінше бағыттаманың бұрылмау себебін жоюды (мысалы, үшкір мен рамалық рельс арасына құлаған бөтен затты алып тастау) талап етеді. Егер тиісті қызметкер сырттай қарап тексерумен бағыттаманы бұрудың мүмкін еместігінің себебін анықтай және оны жоя алмаса, поездық диспетчер тиісті маршруттар бойынша поездарды өткізуді тоқтатады, оны қарап тексеру мен жөндеу үшін электр механикті шақырады және өз бұйрығымен станцияны резервтік басқаруға береді.
      Бағыттаманы жергілікті басқару пультінен немесе резервтік басқару пультінен бұру мүмкін болмаған кезде бағыттама осы Нұсқаулықтың 13-тармағында белгіленген тәртіппен қолмен басқаруға беріледі.
      Кезекші қызметкерлер болмаған бөлек пункттерде бағыттамаларды қарап тексеру, ал қажет жағдайда бұру үшін, өтіп бара жатқан поездардың локомотив бригадалары тартылады.
      82. Бағыттамалық оқшауланған учаскенің ақаулығы кезінде, соңғысы жалған бос еместікті көрсеткенде бағыттамалардың тиісті тобы жергілікті басқару пультінен ауыстырылады немесе станция резервтік басқаруға беріледі.
      83. Табло қабылдау жолының жалған бос еместігін көрсеткенде, поездық диспетчер негізінен зақымдануды түзеткенге дейін бұл жолға поезды қабылдамайды. Қажет жағдайда поезды аталған жолға қабылдау жабық кіру бағдаршамы кезінде поездық диспетчер станция бастығы немесе оған поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындау жүктелген басқа қызметкер арқылы қабылдау жолының бостығын тексерген соң тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады немесе станция резервтік басқаруға беріледі.
      Тасымалдау қызметінің кезекші қызметкерлері қызмет көрсетпейтін бөлек пункттерде поезды қабылдау жолының бостығын тексеру локомотив бригадасына жүктеледі.
      84. Бір немесе бірнеше станцияны кодтық басқарудың ақаулығы кезінде поездық диспетчер бұл станцияларды резервтік басқаруға көшіруі тиіс. Бұл жағдайларда диспетчерге осы станциялардың жолдарының, бұрмалары мен бағдаршамдарының жағдайын бақылайтын аспаптардың көрсеткіштерін басшылыққа алуға тыйым салынады.
      85. Автобұғаттаудың ақаулығы кезінде аралықты шектеуші станциялардағы поездық диспетчердің нұсқауы бойынша кезекшілікке станциялар бастықтары немесе оларға поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындау жүктелген басқа қызметкерлер кіреді.
      Поездық диспетчердің бұйрығымен автобұғаттаудың жұмысы жабылады және поездардың қозғалысы байланыстың телефондық құралдары бойынша белгіленеді. Телефондық байланысқа көшуді ресімдегенге дейін поездық диспетчер станциялар арасындағы аралықтың бостығын белгілейді, ал станцияларды резервтік басқаруға береді.
      Егер автобұғаттауы ақаулы аралықтар онда поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындайтын кезекші қызметкерлер штаты жоқ бөлек пункттермен шектелсе, станцияға тиісті қызметкерлерді шақырғанға дейін жекелеген поездар поездық диспетчерде жолдар мен бағыттамалардың жағдайын бақылау болған кезде осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасында көзделген нысан бойынша локомотив машинисіне тікелей берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша бос аралыққа жөнелтіледі. Мұндай тәртіпті қолдануға рұқсат етілген аралықтар мен поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықтың талаптарында көрінеді.
      86. Автобұғаттауды басқару аспаптары қосалқы режим тұтқаларымен немесе бастырмаларымен жабдықталған дара жолды аралықтарда, егер поездық диспетчер аралық нақты бос болғанда оның бос еместігін көрсетудің салдарынан қозғалыс бағытын өзгертпесе және шығу бағдаршамын ашпаса, онда автобұғаттаудың жұмысын жабуды талап етпейді. Бұл жағдайда поездық диспетчер аралықтың бостығын белгілеген соң шектеуші бөлек пункттерге станциялар бастықтарын немесе оларға поездарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операцияларды орындау жүктелген басқа қызметкерлерді шақырады және оларға автобұғаттаудың бағытын арнайы тұтқалардың (бастырмалардың) көмегімен өзгертуге нұсқау береді. Шақыртылған қызметкерлер пломбаны шешеді және бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша бағытты өзгерту болғанына көз жеткізіп, қосалқы тұтқаларды (бастырмаларды) қалыпты жағдайға орнатады. Бұдан соң поездарды жөнелтуді поездық диспетчер автобұғаттау бойынша жүргізеді.
      Онда қозғалыс бағытын өзгертумен байланысты операцияларды орындау үшін станцияға шақыртылуы мүмкін қызметкерлер штаты жоқ бөлек пункттермен шектелген жекелеген аралықтарда автобұғаттау бойынша қозғалыс бағытын өзгерту үшін қосалқы тұтқалар (бастырмалар) тікелей поездық диспетчердің пультінде орнатылуы мүмкін. Мұндай аралықтардың тізбесі мен қозғалыс бағытын өзгерту жөніндегі операцияларды поездық диспетчердің орындауына Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықта көрсетілген.
      Автобұғаттау бағытын өзгерту мүмкін болмаған кезде оны пайдалану тоқтатылады.
      87. Әрбір учаске (бағыт) үшін нақты жағдайларды ескере отырып, Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен диспетчерлік орталықтандыру кезіндегі поездардың қозғалысын және маневрлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жергілікті нұсқаулықтар әзірленеді.

3. Жартылай автоматты бұғаттау кезіндегі поездар қозғалысы

§ 1. Поездарды қабылдау және жөнелту

      88. Осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес жартылай автоматты бұғаттау кезінде:
      1) поездың аралықты иеленуіне рұқсат болып шығу немесе – өтпелік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші болып табылады;
      2) дара жолды учаскелерде шығу бағдаршамын ашу үшін алдын ала оған поезд жөнелтілетін көрші станция бойынша кезекшіден бұғат-аппарат бойынша келісудің бұғаттау сигналын алу немесе бұғат-жүйені қозғалыстың тиісті бағытына ауыстыру қажет.
      89. Поезды қабылдау алдында станция бойынша кезекші алдын ала қабылдау маршрутын дайындайды және кіру семафорын ашады немесе атқарушы постыға оны ашу туралы өкім береді.
      Келе жатқан поезд кіру бағдаршамынан өткен соң ол автоматты түрде жабылады. Жолдар мен бағыттамалардың электрлі оқшаулағышы жоқ станцияларда поезд кіру бағдаршамынан өткен соң станция бойынша кезекші (орталықтандыру постысының операторы) сигналдық бастырманы (тұтқаны) сигналды жабу жағдайына орнатады.
      Поездың станцияға толық құрамда келуіне көз жеткізген соң станция бойынша кезекші жөнелту станциясына келудің бұғаттау сигналын береді, ал телефон арқылы оны поездың келу уақыты туралы хабардар етеді. Егер поезд итергіш локомотивпен жүрсе, онда станция бойынша кезекші келуі туралы хабарлама мен бұғаттау сигналын жөнелту станциясына итергіш келуіне көз жеткізген соң береді.
      90. Станция бойынша кезекшіге егер ол поездың аралықтан толық құрамда келгеніне алдын ала көз жеткізбесе жөнелту станциясына поездың келуі туралы хабарлама мен келудің бұғаттау сигналын беруге тыйым салынады.
      Станцияға поездың толық құрамда келуіне станция бойынша кезекші поездың соңғы артқы вагонында поездық сигналдың болуы бойынша – жеке немесе бағыттамалық пост кезекшісінің баяндамасы бойынша, ал бағыттамалық пост кезекшілері жоқ бағыттамаларды орталықтандыруы бар станцияларда – поездар қозғалысымен байланысты басқа қызметкерлердің немесе өтпелер бойынша кезекшілердің баяндамалары бойынша көз жеткізеді.
      91. Поездың станцияға толық құрамда келуін автоматты бақылау құрылғылары болған кезде станция бойынша кезекші поезд келген соң осы құрылғылардың бақылау көрсеткіштері бойынша аралықтың бостығына көз жеткізеді.
      Егер станцияға келуші жүк поезының аралықта өздігінен тежелуі немесе тежегіш магистралінің ажырауы сигнал беруімен іске қосылуы салдарынан күтпеген тоқтауы болса, локомотив машинисі басқа станция бойынша кезекшіге мұндай тоқтау туралы радиобайланыс арқылы хабарлайды, ал мұндай хабарламаны аралықтан беру мүмкін болмаған жағдайда – бұл хабарламаны станция бойынша кезекшіге жеке тапсыруы үшін станцияда тоқтайды. Мұндай жағдайларда поездың толық құраммен жүруі үшін бақылау станция қызметкерлеріне де, локомотив бригадасына да жүктеледі.
      92. Егер поезды қабылдаған соң келуді бақылау аспабы іске қосылмаса, станция бойынша кезекші поездың толық құрамда келгеніне көз жеткізіп, бұл туралы поездық диспетчерге баяндайды. Поездық диспетчер аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілермен сөйлесу жолымен оның бостығына көз жеткізіп, бір мезгілде екі станцияға да келудің бұғат-сигналын беруге рұқсат етеді, сонан соң станция бойынша кезекші бұл операцияны қосалқы бастырманың көмегімен, ал электрмеханикалық бұғаттау кезінде – басқыштық тірегіш тұйықтағышын жасанды іске қосу жолымен жүргізеді. Рұқсат осы Нұсқаулықтың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Осындай тәртіп шығу бағдаршамының тыйым салу көрсеткіші кезінде поезды станцияға қабылдаудың басқа жағдайларында да сақталады. Келудің қосалқы бастырмасынан немесе басқыштық тұйықтағыштан пломбаны бұзғаны туралы станция бойынша кезекші ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазба жасайды.
      93. Егер жолды бұғаттау құрылғыларын басқару аппараттары келудің қосалқы бастырмаларын басуды және басқыштық тұйықтағыштың іске қосылуын белгілейтін есептегіштермен жабдықталса, онда аталған бастырмалар пломбаланбайды. Бұл жағдайларда келудің бұғаттау сигналын жасанды беру кезінде станция бойынша кезекші ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында тиісті поездың нөміріне қарсы есептегіштің көрсеткішін жазады.
      Егер жасанды іске қосылу сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау (бұдан әрі – СОБ) құрылғыларының ақаулығымен байланысты болса, онда бұл ақаулық туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазба жасалады.
      94. Поезды жөнелту алдында станция бойынша кезекші маршрутты дайындаған соң шығу семафорын ашады немесе атқарушы постыға оны ашу туралы өкім береді.
      Шығу бағдаршамын ашумен бір мезгілде көрші станцияға автоматты түрде поездың жөнелтілуі туралы бұғаттау сигналы беріледі (атқарушы постыларсыз электрмеханикалық бұғаттау кезінде поездың жөнелтілуі туралы бұғаттау сигналы көрші станцияға жеке, шығу бағдаршамы жабылған соң беріледі).
      Поезд шығу бағдаршамынан өткен соң сигналдық бастырма (тұтқа) сигналды жабу жағдайына қойылады және станция бойынша кезекші телефон арқылы көрші станцияны поездың нақты жөнелтілген уақыты туралы хабардар етеді. Келудің бұғаттау сигналының болуына қарамастан станция бойынша кезекші көрші станциядан телефон арқылы бұрын жөнелтілген поездың келуі туралы хабарлама алған соң ғана шығу бағдаршамын ашады және поезды жөнелтеді.
      Көрші станциядан телефон арқылы бұрын жөнелтілген поездың келуі туралы хабарлама алмаса станция бойынша кезекшіге дара жолды аралықтарда сондай-ақ қарсы бағыттағы поезды қабылдауға келісім берудің бұғаттау сигналын беруге тыйым салынады.
      95. Егер бос аралық және дұрыс қойылған маршрут кезінде шығу бағдаршамы оқшауланған бағыттамалық учаскенің жалған бос болмауы себепті ашылмаса, станция бойынша кезекші осы учаскенің нақты бос екенін тексерген соң поездық диспетчердің келісімімен «Жөнелту маршруттарындағы бағыттамалық оқшауланған учаскелердің бостығын бақылауды ажырату» бастырмасын (ол бар станцияларда) алдын алу басқан соң шығу бағдаршамын ашады.
      96. Егер шығу бағдаршамын ашқан соң поезд қандай да бір себеппен жөнелтілмесе, станция бойынша кезекші шығу бағдаршамын жабады, бұл туралы ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысының журналында жазба жасайды және поездың кідіртілуі туралы көрші бөлек пункті мен поездық диспетчерге хабарлайды.
      97. Кідіртілген немесе сол бағыттағы басқа поезды жабық шығу бағдаршамы кезінде жөнелту осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес ДУ-52 нысанындағы бланктің 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсат бойынша жүргізіледі. Көрші бөлек пункт поездың нақты жөнелтілген уақыты туралы телефон арқылы хабардар етіледі. Атқарушы постыларсыз электрмеханикалық бұғаттау кезінде кідіртілген немесе сол бағыттағы басқа поезды нақты жөнелткен соң көрші бөлек пунктке бұғаттау сигналы беріледі. Келесі поездар бұғаттау бойынша әдеттегі тәртіппен жөнелтіледі.
      98. Осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес ДУ-52 нысанындағы бланктің 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсат осы Нұсқаулықтың 9-тармағының талаптарын сақтау кезінде жетекші локомотивтің машинисіне сондай-ақ бұғаттау ақаусыз жұмыс істеп тұрғанда шығу бағдаршамы өздігінен жабылған (оқшауланған секцияның жалған бос болмауы, бағдаршамдық шамның жанып кетуі немесе шығу бағдаршамының қате жабылуы салдарынан) жағдайларда да беріледі.
      Поездық радиобайланыс құрылғылары сөйлесулерді автоматты тіркеу жүйесімен жабдықталған станцияларда жасыл түсті жазбаша рұқсатты берудің орнына поездық локомотивтің машинисіне осы Нұсқаулықтың 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша радиобайланысы бойынша сөйлесулерді тіркегіште тіркелетін жөнелту туралы бұйрық беріледі.
      Ашық аралық кезінде шығу бағдаршамын қайтадан ашуға мүмкіндік беретін құрылғылары бар станцияларда поездарды жөнелту қайта ашылған шығу бағдаршамы бойынша жөнелтіледі. Станция бойынша кезекші құрылғыларды шығу бағдаршамын қайтадан ашу үшін тек қана поездық диспетчердің келісімімен ғана пайдаланады.
      99. Егер дара жолды аралықты шектеуші станцияда шығу бағдаршамын ашқаннан кейін поезды кідірту және бұл аралыққа көрші станциядан қарсы бағыттағы поезды жөнелту қажеттігі туындаса, шығу бағдаршамы жабылады, жартылай автоматты бұғаттауды пайдалану тоқтатылады және поездар қозғалысы телефон байланысымен орнатылады. Бұл жағдайда қарсы бағытта келе жатқан поездарға аралықты иеленуге арналған жол жазбалары беріледі.
      Жартылай автоматты бұғаттаудың жұмысы аралыққа бұрын кідіртілген немесе осы бағытта жүретін басқа поезды жөнелту кезінде қайта іске қосылады, бұл поезд осы Нұсқаулықтың 98-тармағында көзделген рұқсаттардың бірі бойынша жөнелтіледі.
      100. Топтық шығу бағдаршамдары болған кезде поездарды жөнелту шығу бағдаршамының рұқсат етуші көрсеткіші және ондағы маршруттық нұсқағыштағы поездың жөнелтілуіне рұқсат етілетін жолдың нөміріне сәйкес келетін жасыл түсті цифр бойынша жүргізіледі.
      Топтық бағдаршамдардың маршруттың нұсқағыштарының ақаулығы кезінде станциядан поездарды жөнелту машинистке станция бойынша кезекшінің осы Нұсқаулықтың 30-тармағымен көзделген нысан бойынша тіркелетін бұйрығын берумен немесе локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес ДУ-52 нысанындағы бланктің 2-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсатты тапсырумен ашық шығу топтық бағдаршам кезінде жүргізіледі.
      Шығу бағдаршамында бағыттың маршруттық нұсқағышының (ақ түсті) ақаулығы кезінде поездарды жөнелту осы Нұсқаулықтың 47-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      101. Егер жөнелтуге дайын поездың жетекші локомотиві рұқсат етуші көрсеткіші бар шығу бағдаршамының артында орналасса және машинистке оның көрсеткіші көрінбесе, поезды жөнелту осы Нұсқаулықтың 31-тармағында көзделген нысан бойынша машинистке берілетін станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы немесе осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес ДУ-52 нысанындағы бланктің 2-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсат бойынша жүргізіледі.
      Бұл ретте оқшауланған бағыттамалық учаскенің ақаулығы немесе онда жөнелтілетін поездың басы орналасқан жағдайларда шығу бағдаршамын ашу үшін «Жөнелту маршруттарындағы бағыттамалық оқшауланған учаскелердің бостығын бақылауды ажырату» бастырмасы қолданылады.
      Егер жөнелтілетін поездың басы шығу бағдаршамының артында орналасса және соңғысын ашу мүмкін болмаса, бұғаттаудың жұмысы тоқтатылады; поезды жөнелту машинистке жол жазбасын берумен байланыстың телефондық құралдары бойынша жүргізіледі.
      Жөнелтудің ұйымдастырылған маршруттары жоқ жолдардан поездарды жөнелту де осындай тәртіппен жүргізіледі.
      102. Дара жолды және қос жолды аралықтарда (дұрыс жол бойынша) аралықтан жөнелту станциясына қайтумен поездарды жөнелту жабық шығу бағдаршамы кезінде машинистке жабық шығу бағдаршамынан өтуге және кері қайту құқығына арналған кілт-жезлді берумен жүргізіледі.
      Бұл ретте дара жолды аралықтарда поезды аралыққа кейіннен кері қайтумен жөнелту алдында көрші станциядан бұғат-аппарат бойынша поезды жөнелтуге келісім алынады немесе бұғат-жүйе қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырылады.
      Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның екі және одан артық бірлігін тіркесте, оларды аралықта ажырату көзделген жағдайда кілт-жезл бойынша жөнелтуге тыйым салынады.
      103. Егер поезд баратын жер бірінші (поездың жүрісі бойынша) жол посттынан(бұғатпостысынан) кейін орналасса, онда осы постының станция бойынша кезекшісі алда жатқан аралық бос болған жағдайда машинистке жабық өтпелік бағдаршамнан өтуге және кейіннен қайта оралуға арналған осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес ДУ-52 нысанындағы бланктің 1-тармағы толтырылған жасыл түсті бланктегі рұқсатты береді. Поездың жүру жолында орналасқан басқа бұғатпостылардың кезекшілері де солай жасайды.
      Поезд жөнелту станциясына қайтқан кезде барлық аталған бұғатпостыларды тоқтаусыз жүріп өтеді және станцияға ашық кіру бағдаршамы бойынша немесе кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияға кіруге құқық беретін белгіленген рұқсат бойынша қабылданады.
      Жол постыларының (бұғатпостылардың) кезекшілері барлық жағдайларда аралас бөлек постылары бойынша кезекшілерді поездың нақты жүріп өткені туралы телефон арқылы хабардар етеді.
      Поездың станцияға келуі бойынша кілт-жезл станция бойынша кезекшіге қайтарылады, ол оны аппаратқа салады және телефон арқылы көрші бөлек пункті бойынша кезекшіні поездың оралғаны туралы хабардар етеді.
      104. Кілт-жезлдің ақаулығы кезінде, сондай-ақ бұғат-аппарат кілт-жезлмен жабдықталмаған жағдайларда поездарды кейіннен станцияға қайта оралуымен жөнелту бұғаттаудың жұмысын тоқтатумен телефон байланысы бойынша жүргізіледі.
      Бұл жағдайда поездар шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысанды бланктегі жол жазбасын машинистке берумен жөнелтіледі.
      Егер қос жолды аралықта оған дейін поезд баратын жер алда жатқан бұғатпостыдан кейін орналасса, жөнелту станциясы бұғатпостыға дейін жол жазбасын береді, ал бұғатпост бойынша кезекші пост араларындағы аралық бос болған кезде одан әрі жүруге арналған жол жазбасын береді. Поездың қайтуы осы Нұсқаулықтың 103-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      Поездық жағдайға қарай бұғаттаудың жұмысы не бір мезгілде олар бойынша поезд жүріп өтуі тиіс барлық посты араларындағы аралықтарда тоқтатылады немесе алдымен станцияға іргелес бірінші аралықта, ал сонан соң әрбір келесі бос аралықта тоқтатылады.
      Бұғаттаудың жұмысы поезд аралықтан қайта оралған соң қайта қосылады.
      105. Келесі станцияға дейін баратын итергіш локомотиві бар поезды жөнелту телефон арқылы осы станцияны итергіш локомотиві бар поездың жөнелтілгені туралы хабардар етумен жолдық бұғаттау бойынша жүргізіледі.
      Итергіш локомотиві бар поезды, ол аралықтан жөнелту станциясына қайтарда жөнелту бұғаттау бойынша (ашық шығу бағдаршамы кезінде) жүргізіледі. Итергіш локомотивтің машинисіне кері қарай жүру құқығына арналған кілт-жезл жөнелту станциясында тапсырылады.
      106. Кілт-жезлдің ақаулығы кезінде, сондай-ақ бұғат - аппарат итергіш локомотив үшін кілт-жезлмен жабдықталмаған жағдайларда станцияға қайта оралатын итергіш локомотиві бар поезды жөнелту бұғаттаудың жұмысын тоқтатумен телефон байланысы бойынша жүргізіледі. Жетекші және итергіш локомотивтердің машинистеріне жол жазбалары беріледі.
      Аралықта бұғатпосттылар болған кезде итергіш локомотивтің жөнелту станциясына кері жүруі осы Нұсқаулықтың 103-тармағымен көзделген тәртіппен жүргізіледі. Автобұғаттаудың жұмысы поездың көрші станцияға келуі және итергіш локомотивтің қайтуы туралы хабарлама алынған соң қайта жалғастырылады.
      107. Арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам аралыққа (соның ішінде кері оралумен) поездар сияқты жөнелтіледі.

§ 2. Поездардың жол постылары (бұғатпостылары)
бар аралықтар бойынша жүруі

      108. Көрші бөлек пункттен поездың жөнелтілуі туралы бұғаттау сигналын алғаннан кейін постының кезекшісі алда жатқан аралық бос болған кезде өтпелік бағдаршамды ашады.
      Өтпелік бағдаршамды ашумен бір мезгілде көрші бөлек пунктке автоматты түрде жөнелтудің бұғаттау сигналы беріледі (электрмеханикалық бұғаттау кезінде бұғаттау сигналы өтпелік бағдаршам жабылған соң жеке беріледі).
      Поезд өтпелік бағдаршамнан өткен соң сигналдық бастырманы (тұтқаны) бұғатпосты бойынша кезекші сигналдың жабылуы жағдайына орнатады. Поездың толық құрамда өткеніне көз жеткізген соң пост кезекшісі көрші станцияларға поездың нақты жүріп өткен уақыты туралы хабарлайды, ал артта жатқан бөлек пунктке бұдан басқа жүріп өтудің бұғаттау сигналын береді (Электрмеханикалық бұғаттау кезінде жүріп өтудің бұғаттау сигналы бір мезгілде алда жатқан бөлек пунктке де беріледі).
      109. Егер поезд итергіш локомотивпен жүріп өтсе пост кезекшісі артта жатқан жеке пунктке жүріп өтудің бұғаттау сигналын итергіштің жүріп өткеніне көз жеткізіп қана береді.
      Поезд итергіш локомотивсіз жүріп өткен жағдайларда пост кезекшісі көрші бөлек пункттерді хабардар етеді, алайда бұғаттау сигналын бермейді (электрмеханикалық бұғаттау кезінде аралық бағдаршамды да жаппайды).
      Алда жатқан бұғатпостылардың кезекшілері де осылай әрекет жасайды. Электрмеханикалық бұғаттау кезінде алда жатқан бұғатпостылар бойынша кезекшілер поезды жабық өтпелік бағдаршамдар кезінде машинистке осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес ДУ-52 нысанды бланктің 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсатты бере отырып, бос аралыққа өткізеді.
      Әрбір бұғатпост жүріп өтудің бұғаттау сигналын беруді тек қалып қойған итергіш локомотив бұғатпостыдан өткен соң ғана жүргізеді.
      Өтпелік бағдаршам келе жатқан поездың алдында автоматты түрде жабылатын кезде итергіш локомотив өтпелік бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде көрші пост араларындағы аралыққа жіберіледі.
      110. Автоматты бұғатпостылармен, түйісу жолдарына қызмет көрсететін бұғатпостылармен, жолдық дамуы бар бөлек пункттердің орнына мерзімді ашылатын бұғатпостылармен (соңғысы тәулік бойы емес қолданыстағы) жабдықталған аралықтарда поездардың қозғалысын ұйымдастыру құрылғы жүйесіне байланысты Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықта көрсетілген.

§ 3. Жартылай автоматты автобұғаттаудың
ақаулығы кезіндегі поездар қозғалысы

      111. Олар кезінде жартылай автоматты бұғаттаудың жұмысы тоқтатылатын ақаулықтарға:
      1) шығу немесе өтпелік бағдаршамдарды жабудың мүмкін еместігі;
      2) бос аралық кезінде шығу немесе өтпелік бағдаршамдарды ашудың мүмкін еместігі (соның ішінде шығу бағдаршамдарында оқшаулағыш учаскелердің бостығын бақылауды ажырату үшін қосалқы бастырмаларды қолданумен);
      3) бұғаттау сигналдарының өздігінен алынуы;
      4) бұғаттау сигналдарын берудің немесе алудың мүмкін еместігі;
      5) бұғат-аппаратта пломбаның болмауы (басқыштық тұйықтағыштағы немесе қосалқы бастырмадағы пломбадан басқа) жатады.
      Барлық аталған жағдайларда, сондай-ақ бұғаттау құрылғыларын қайта жабдықтау, орнын ауыстыру, жөндеу, сынау және айырбастау жөніндегі жұмыстар және құрылғылардың жұмысын уақытша тоқтатуды тудыратын басқа жұмыстар кезінде бұғаттау бойынша поездардың қозғалысы тоқтатылады және телефон байланысы бойынша орнатылады.
      112. Электрмеханиктің жартылай автоматты бұғаттау аппаратын (станция бойынша кезекшінің басқару аппаратын) қарап тексеруі кезінде бұғаттаудың жұмысы тоқтатылмайды. Бұл ретте бұғат-аппарат ашық болғанда станция бойынша кезекші мен электрмеханик бұғаттау құрылғылары жұмысының дұрыстығын қадағалайды.
      Жартылай автоматты бұғаттау аппаратурасын қарап тексеру, реттеу және майлау аяқталған соң пломбалау алдында электрмеханик станция бойынша кезекшімен бірлесіп бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша бұғат-аппараттағы көрсеткіштердің аралықтар жағдайына сәйкестігін (ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналындағы жазбалар бойынша және көрші бөлек пункттер бойынша кезекшілермен сөйлесу жолымен) тексереді.
      Бұғат-аппаратты оны қарап тексеру немесе жөндеу үшін ашудың әрбір оқиғасы, сондай-ақ бұл жұмыстың аяқталғаны туралы электрмеханик ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті жазба жасайды.
      113. Телефондық байланысқа көшу, сондай-ақ поездар қозғалысын бұғаттау бойынша қайта жалғастыру станциялар бойынша кезекшілер арқылы аралықтың бостығын алдын ала тексерген соң поездық диспетчердің бұйрығымен жүзеге асырылады.
      Поездардың қозғалысы кезінде диспетчерлік байланыстың ақаулығы кезінде телефондық байланысқа көшу және бұғаттаудың жұмысын қалпына келтіру телефонограммалар мәтінінде ауыстырумен осы Нұсқаулыққа 5758-тармақтарында аталған тәртіппен жүргізіледі.
      114. Бұғаттау жұмысын тоқтатқан және телефондық байланысқа көшкен соң поездардың машинистеріне көрші бөлек пунктке дейін жүру үшін осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысанды бланктегі жол жазбасы беріледі.
      115. Поездардың тыйым салушы көрсеткіштері бар маршруттық бағдаршамда (шығу бағдаршамына дейін) жүруі:
      1) шақыру сигналы бойынша;
      2) жөнелтілетін поездың машинисіне радиобайланыс бойынша берілетін станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы бойынша;
      3) осы Нұсқаулықтың 22-қосымшасына сәйкес ДУ-52 нысанды бланктің 1-тармағын толтырумен жасыл түсті бланктегі рұқсат бойынша (мәтінді қолмен тиісті өзгерту кезінде) жүзеге асырылады.
      116. Қос тартымды немесе бүкіл аралыққа итергіш локомотиві бар поездың жол жүруі кезінде аралықты иелену құқығына рұқсат тек жетекші локомотивтің машинисіне ғана беріледі. Екінші (қос тартым кезінде) және итергіш локомотивтің машинистері сигналдарын немесе радиобайланыс бойынша жетекші локомотив машинисінің хабарламаларын басшылыққа алады.
      117. Бұғаттау телефон байланысының ақаулығы кезінде станция бойынша кезекші басқару аппараттарындағы бақылау аспаптары көрсеткіштерінің өзгерістерін мұқият қадағалайды.
      Бұл жағдайда поездардың қозғалысы туралы хабарлама поездық диспетчер арқылы немесе станция бойынша кезекшінің иелігіндегі байланыстың басқа құралдары арқылы жүзеге асырылады.
      118. Бір бағыттағы қозғалыс үшін жартылай автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды (көп жолды) аралықтарда поездарды дұрыс емес жолмен жөнелту поездық диспетчердің бұйрығы бойынша телефондық байланысқа көшумен дара жолды қозғалыс қағидалары бойынша жүргізіледі.
      119. Жартылай автоматты бұғаттау жүйесіне және қандай да бір учаскедегі нақты жұмыс жағдайларына қарай құрылғыларды пайдалану тәртібі, сондай-ақ поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылының тәртібі қажет жағдайда Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде әзірленетін нұсқаулықтарда белгіленеді.

4. Электр жезлдық жүйе кезіндегі поездар қозғалысы

§ 1. Жалпы ережелер

      120. Қызметі аз учаскелер мен кірме жолдарда поездардың қозғалысы кезінде байланыс құралы ретінде электр жезлдық жүйені және телефонды қолдануға жол беріледі.
      Электр жезлдық жүйе кезінде аралықты поездың иеленуіне рұқсат болып машинистке тапсырылатын осы аралықтың жезлы қызмет етеді.
      121. Электр жезлдық жүйе құрылғысы жезлдық аппараттардан бірден артық жезлды алуға жол бермейді. Бағыттамалық постылардың жайларында орнатылатын жезлдық аппараттар осы станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз аппараттан жезлды алу мүмкіндігіне жол бермейді.
      122. Әрбір жезлдың реттік нөмірі, сериясы және аралықты шектеуші станцияның атауы болады. Әрбір аралыққа жезлдың өз сериясы сәйкес келеді. Бір сериялы жезлдық аппараттарды кемінде үш аралықтан жиіге, ал тораптарға кірулерде – аралықты шектеуші екі станцияда да екіден артық аралықта жезлдық аппараттар орнатуға, онда поездар болмаған кезде сомасында жезлдардың жұп саны болғанда жол беріледі.
      123. Аралықтан станцияға кері қайтушы итергіш локомотиві бар поездарды жөнелту жүргізілетін станциялардың жезлдық аппараттары кілт-жезлы бар аспаптармен толықтырылады.
      Кілт-жезл бар аспаптармен толықтырылған жезлды аппараттың құрылымы аппараттан негізгі жезлды алғанға дейін кілт-жезлды алуға немесе кілт-жезл алынған кезде негізгі жезлды алуға жол бермейді.
      124. Келесі станцияға дейін итергіш локомотиві бар поездарды жөнелту жүргізілетін станциялардың жезлдық аппараттарының бұрамалы жезлдары болады. Әрбір бұрамалы жезл екі бөліктен: «жезлдан» және «билеттен» тұрады. Бұрамалы жезлдары бар жезлдық аппараттар сондай-ақ уақытты шектеумен поездар қозғалысын ұйымдастыруда да қолданылады.
      125. Станция бойынша кезекші келген поездан алынған жезлды сол аралыққа жөнелтілетін поезд арқылы жезлдық аппарат арқылы өткізбестен береді; бұл жағдайда оған поезд жөнелтілетін көрші станция бойынша кезекшіден алдын ала келісім алу қажет. Кілт-жезлдары бар жезлдық аппараттары бар станцияларда жезлды жезлдық аппарат арқылы өткізбей беруге тыйым салынады.
      126. Жезлдармен алмасу негізінен станция бойынша кезекшінің үй-жайында механикалық жезл ауыстырғыштардың көмегімен немесе қолмен жүргізіледі. Жезлдарды қолмен алмасу кезінде жезлдар жезл әпергіштерге салынады. Поездарды тоқтаусыз өткізу кезінде жезлдарды шығу алқымдарында алмасуды жүргізуге тыйым салынады.
      127. Тыйым салынады:
      1) поездарды тоқтаусыз өткізу немесе олардың кесте бойынша 5 минуттан артық емес аялдауы оқиғаларынан басқада поезд жөнелтуге дайын болғаннан ерте жезлды алуға рұқсат сұрауға;
      2) қолданыстағы жезлдарды аппаратқа салынбаған күйінде сақтауға;
      3) жезлдарды көрші аралыққа тасуға.

§ 2. Поездарды қабылдау және өткізу

      128. Поездың келуі алдында станция бойынша кезекші алдын ала оны қабылдау үшін маршрут дайындайды және кіру сигналын ашады. Поездың станцияға келуі бойынша жезл станция бойынша кезекшіге тапсырылады, ол поездың толық құрамда келгеніне көз жеткізіп және жезлдың ол келген аралыққа тиесілігін тексеріп, жезлдың нөмірін ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналына жазады, жезлды жезлдық аппаратқа салады және телефон арқылы жөнелту станциясын поездың келуі туралы хабардар етеді.
      Жезлдық аппараттар бағыттамалық постылар жайларында орналасқан станцияларда келген поездан жезл бағыттамалық постының кезекшісіне тапсырылады, ол поездың толық құрамда келгеніне көз жеткізіп және жезлдың осы аралыққа тиесілігін тексеріп, оны жезлдық аппаратқа салады және оның нөмірін ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналына жазу үшін станция бойынша кезекшіге хабарлайды.
      129. Итергіш локомотиві бар поездың келуі бойынша станция бойынша кезекші поездық локомотивтің машинисінен жезлдың бірінші бөлігін және итергіш локомотивтің машинисінен екінші бөлігін алып, екі бөлігін бұрап қосады, сонан соң жезлды жезлдық аппаратқа салады.
      130. Поезды жөнелту үшін станция бойынша кезекші оған поезд жөнелтілетін станция бойынша кезекшіден телефон арқылы осы Нұсқаулықтың 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келісім сұрайды.
      Станция бойынша кезекші, егер поезды қабылдау үшін кедергі болмаса телефон арқылы осы Нұсқаулықтың 25-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келісім береді және жезлды алуға рұқсат етеді.
      Жөнелту станциясы бойынша кезекші аппараттан жезлды алып, оның нөмірін поездар қозғалысының журналына жазуға және жөнелтілетін поездың машинисіне тапсыруға міндетті.
      Жөнелту станциясы бойынша кезекші аппараттан жезлды алып ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналына оның нөмірін жазады және жөнелтілетін поездың машинисіне тапсырады.
      131. Жезлдық аппараттар бағыттау постыларына шығарылған станцияларда алынған жезлдың нөмірі станция бойынша кезекшіге және бағыттау постысының кезекшілеріне хабарланады.
      Егер станциялар бойынша кезекшілер алдына ала келетін поездың жезлымен қарсы поезды жезлдық аппарат арқылы өткізусіз жөнелту туралы келіссе, онда ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналдарына (екі станцияның да) осы поездың нөміріне қарсы осы Нұсқаулықтың 26-қосымшасына сәйкес белгі қойылады.
      132. Электр жезлдық жүйемен жабдықталған аралыққа поезды шығу бағдаршамы бар жолдан жөнелту кезінде жезл болған жағдайда бұл бағдаршамның тыйым салушы көрсеткішінен қызыл оты сөнулі болғанда айлы-ақ оты бойынша өтуге рұқсат етіледі.
      Егер айлы-ақ отты жағу мүмкін болмаса поезды жөнелту жезл бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда станция бойынша кезекші машинисті (жеке, бағыттамалық постының кезекшісі немесе сигнал беруші арқылы, радиобайланыс арқылы) айлы-ақ отты жағу мүмкін емес және маршруттың поезды жөнелтуге дайын екендігі туралы хабардар етеді.
      Поезды шығу семафоры бар жолдан жөнелту кезінде жезл сонымен қатар шығу семафорының тыйым салушы көрсеткішінен өтіп кетуге арналған құқық та болып табылады.
      133. Егер поезды жөнелту үшін жезлды алған соң, соңғысы қандай да бір себептермен жөнелтілмесе, станция бойынша кезекші жезлды аппаратқа салуға, бұл туралы көрші станция бойынша кезекшіні хабардар етуге және ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында осы Нұсқаулықтың 27-қосымшасына сәйкес белгі қояды.
      134. Поезды кейіннен жөнелту станциясына қайтумен жөнелту кезінде жезл локомотивтің машинисіне беріледі. Көрші станция бойынша кезекші поездың жөнелтілгені де, аралықтан оралғаны туралы да хабардар етіледі.
      135. Бүкіл аралыққа жүретін итергіш локомотиві бар поезды жөнелту кезінде жетекші локомотивтің машинисіне «Билет» жазуы бар жезл, ал итергіштің машинисіне жезлдың «Жезл» жазуы бар екінші бөлігі беріледі.
      Жөнелту станциясы бойынша кезекші жолды сұрату кезінде көрші станция бойынша кезекшіні оған итергіш локомотиві бар поездың бара жатқандығы туралы хабардар етеді.
      Итергіш локомотив барлық аралық бойынша поездың құрамына тіркеліп жүрген жағдайларда жезл тек жетекші локомотивтің машинисіне ғана тапсырылады.
      136. Егер жезлдық аппараттар бұрамалы жезлдармен жабдықталса, онда поезды құрамға тіркелген барлық аралық бойынша жүретін итергіш локомотивсіз жөнелту қажет болғанда жезлдың қолданысы тоқтатылады және поездар қозғалысы телефондық байланыс бойынша жүзеге асырылады.
      137. Аралықтан станцияға қайтушы итергіш локомотиві бар поездарды жөнелту кезінде жетекші локомотивтің машинисіне жезл, ал итергіштің машинисіне – кілт-жезл беріледі.
      Кілт-жезлдар сондай-ақ вагондарды аралықтарға жанасатын кірме жолдарға беруді (алуды) ұйымдастыруда, сондай-ақ жөнелтілген поездың артынан олардың кейіннен станцияға оралуымен шаруашылық поездарының қозғалысы пайдаланылуы мүмкін.
      138. Егер жезлдық аппараттар кілт-жезлдармен жабдықталмаса, онда аралықтан станцияға қайтушы итергіш локомотиві бар поездарды жөнелту қажет болғанда жезлдық жүйенің қолданысы тоқтатылады және поездар қозғалысы телефондық байланыс бойынша жүзеге асырылады.

§ 3. Аралықта түйісулер болған кездегі поездар қозғалысы

      139. Аралықта қосалқы пост қызмет көрсетпейтін түйісулер болған кезде түйісу бағыттамасының жағдайын бақылау жезлмен немесе кілт-жезлмен тұйық жалғанатын түйісу бағыттамасының бақылау құлпы  кілтінің көмегімен жүзеге асырылады.
      140. Локомотивті жөнелту станциясына қайтарумен немесе одан әрі көрші станцияға дейін жүрумен вагондарды қосалқы пост қызмет көрсетпейтін түйісуге беру (алу) қажеттігі кезінде машинистке түйісу бағыттамасының бақылау құлпының кілтімен бірге жезл беріледі. Көрші станция бойынша кезекші вагондарды түйісуге беру (алу) үшін локомотивтің жөнелтілгені туралы және станцияға оралуы туралы да хабардар етіледі.
      141. Аралықта қосалқы пост қызмет көрсететін түйісулер болған кезде бұл пост аралықтың бір станциясымен қосымша жезлдық байланыспен қосылады.
      Қосымша байланыстың аппараттары мен жезлдарының аралық аппараттарымен бірдей сериясы мен жазбалары болады.
      Аралық станцияларын байланыстырушы аппараттар жұбында онда поездар болмаған кезде жезлдардың жұп саны, ал станцияны постымен жалғастырушы аппараттарда – тақ саны болады.
      Қосалқы пост станциялар арасында тікелей жүруші поездар қозғалысына қатыспайды. Түйісу бағыттамалары:
      1) посты бойынша кезекшіде алынған жезлдың болмауы кезінде бағыттамалардың ауыстырылуы;
      2) жезлды бас жол бойынша орнатқанға дейін постыда орналастырылған аппаратқа салу мүмкіндігін болдырмайтын тиісті тәуелділікпен жабдықталады.
      142. Поезды қосалқы пост қызмет көрсететін түйісуге жөнелту кезінде станция бойынша кезекші постымен оған поездың жөнелтілуін келісіп, көрші станциядан, осы станция бойынша кезекшінің келісімімен жезлды алуға сауал беруі тиіс, ол түйісуге жөнелтілетін поездың машинисіне беріледі. Поездың жөнелтілуі туралы телефон арқылы посты және көрші станция бойынша кезекшілерге хабарланады.
      143. Поезд қосалқы жолға келген соң және оны түйісуге әкеткен соң бағыттама орнатылады, посты бойынша кезекші аппаратқа түйісуге келген поездың жезлын салады және екі станция бойынша да кезекшілерге поездың келу уақытын және бас жолдың босағаны туралы хабарлайды. Бұдан соң онымен посты жезлдық байланысымен жалғасқан станция бойынша кезекшіге жезлды қосымша аппараттан негізгісіне ауыстырып салу үшін алуға рұқсат береді.
      144. Поезды постыдан станцияның біріне жөнелту посты жезлдық байланыс бойынша қосылған станция бойынша кезекшінің рұқсатымен алынған жезл бойынша жүргізіледі.
      Осы станция бойынша кезекші көрші станция бойынша кезекшімен жөнелту мүмкіндігі туралы алдын ала келіседі, жезлды алады және оны негізгі аппараттан қосалқыға ауыстырып қояды.
      145. Олар үшін өткізу қабілетін ұлғайту үшін жол постылары ашылатын аралықтар бойынша жезлдық жүйе кезіндегі поездар қозғалысы Ұлттық темір жол компаниясы «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады.

§ 4. Электр жезлдық жүйесінің ақаулығы кезінде поездардың
қозғалысы және жезлдық аппараттарда жезлдардың санын реттеу

      146. Электр жезлдық жүйе:
      1) жезлды аппаратқа салу мүмкін емес немесе аралықтың бос болуы кезінде жезлды алу мүмкін емес;
      2) аралыққа тиесілі жезлдың жоғалуы салдарынан болмауы;
      3) жезл аппаратында немесе индукторда пломбының болмауы;
      4) индуктор тұтқасын кері жаққа айналдыру мүмкін емес (зәкірмен бірге);
      5) жезл аппаратының амперметр бағыттамасы ауытқыған немесе көрші станция ток жібермеген кезде қоңырау соғылған жағдайда ақаулы деп саналады.
      147. Аталған барлық жағдайларда, сондай-ақ жезл аппаратын жөндеу, тасымалдау және айырбастау кезінде электр жезл жүйесін пайдалану тоқтатылады және поездар қозғалысы телефон байланысы бойынша ұйымдастырылады.
      Поездардың қозғалысы кезінде байланыстың басқа түріне ауысу, сондай-ақ байланыстың негізгі түрін қалпына келтіру станция бойынша кезекшінің аралықтың бос болуы мен аппаратта жезлдың болуын алдын ала тексергеннен кейін поездық диспетчердің бұйрығымен жүзеге асырылады.
      Жезлды телефон байланысының ақаулығы, алайда жезл аппаратының ақаусыз әрекеті кезінде поездар қозғалысы электр жезл жүйесі бойынша жүргізіледі, ал келіссөздер поездық диспетчерлік байланыс бойынша жүргізіледі.
      Жезл аппаратын СОБ электрмеханигінің қарап тексеруі кезінде электр жезл жүйесінің әрекетін тоқтату талап етілмейді.
      148. Поездық диспетчерлік байланысының ақаулығы кезінде станция бойынша кезекші жезл жүйесін анықтағанда, бұл туралы ДУ-46 нысанындағы тексеру журналына жазады және көрші станция бойынша кезекшіге осы Нұсқаулықтың 28-қосымшасына сәйкес нысан бойынша поездық телефонограмма жібереді.
      Көрші станция бойынша кезекші хабарламалар және өзінің деректері бойынша жезлдар санын тексереді, егер екі аппаратта да жиынтығы жұп болса осы Нұсқаулықтың 29-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жауап береді.
      149. Электр жезл байланысын түзеткеннен, электрмеханик бұл туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазғаннан кейін, алайда диспетчерлік поездық байланыстың ақаулығы кезінде станция бойынша кезекші көрші станция бойынша кезекшіге осы Нұсқаулықтың 30-қосымшасына сәйкес нысан бойынша поездық телефонограмма жібереді.
      Көрші станция бойынша кезекші аралықтың бос болуына көз жеткізіп, осы Нұсқаулықтың 31-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жауап береді.
      150. Жезл жоғалған кезде, соның ішінде келген немесе жүріп келе жатқан поездан жезл алынбаған жағдайда станция бойынша кезекші ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазба жасайды және поездық диспетчерге баяндайды. Аралықтың бос екенін және оны шектейтін станциялар аппараттарында жезлдың нақты болуын тексеріп, соңғысы телефон байланысына көшу туралы бұйрық береді.
      Электр жезл жүйесінің әрекетін қалпына келтіру үшін станция бойынша кезекші СОБ электрмеханигінен аппараттан тағы бір жезлды алуды талап етеді. Аппараттан алынған жезл электрмеханикте сақталады.
      Электрмеханик және станция бойынша кезекші жезлды алу туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады және поездық диспетчерге хабарлайды, содан кейін электр жезл жүйесі қалпына келтіріледі.
      151. Егер жоғалған жезл табылатын болса, станция бойынша кезекші электрмеханикке хабарлайды, ал жезлды электрмеханик оны жезл аппаратында бұрын алынған жезлмен бірге салмайынша өзінде сақтайды, бұл туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады.
      Егер станциялардың біріндегі аппараттағы жезлдар саны аралықтың екі аппаратындағы да жалпы санының төрттен бірінен аз болса, станция бойынша кезекші электрмеханикті жезлдар санын реттеудің қажеттілігі туралы хабардар етеді.
      152. Электрмеханик аралықты шектейтін көрші станция бойынша кезекшіге келеді, оның қатысуымен жезл аппаратын ашады және жезлдардың жұп санын алады, бұл туралы станция бойынша кезекшімен бірге алынған жезлдардың санын көрсетіп, ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады.
      Электрмеханик алынған жезлдарды жезлдар санын реттеу қажеттілігі туралы хабарлаған станция бойынша кезекшіге жеткізеді. Станция бойынша кезекшінің болуымен жезлдар жезл аппаратына салынады, электрмеханик бұл туралы жезлдардың санын көрсетумен ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады.
      Жезлдарды реттеу туралы СОБ электрмеханигінің жазбасы станция бойынша кезекшінің қолымен расталады.
      153. Жол бұғаттауымен жабдықталған жекелеген дара жолды аралықтарда оны пайдалануды тоқтату мерзімінде электр жезл бойынша поездар қозғалысын орнатуға рұқсат етіледі.
      Мұндай аралықтар Ұлттық темір жол компаниясының нұсқауы бойынша электр жезл байланысымен резервтік ретінде жабдықталады. Негізгі байланыс құралдарынан резервтікке ауысу және керісінше белгіленген тәртіппен - поездық диспетчердің бұйрығымен жүргізіледі.

5. Байланыстың телефон құралдары кезіндегі поездар қозғалысы

§ 1. Жалпы ережелер

      154. Байланыстық телефон құралдары кезінде аралықты поездың иеленуіне рұқсат болып локомотив машинисіне тапсырылатын осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысанды бланктегі жол жазбасы қызмет етеді.
      Станция бойынша кезекші жол жазбасын берер алдында: дара жолды аралықта көрші станциядан поезды қабылдауға келісім туралы поездық телефонограмма – қос жолды аралықта бұрын жөнелтілген поездың осы станцияға келуі туралы поездық телефонограмма алуы тиіс.
      155. Көрші станциялар арасындағы поездық телефонограммалармен станция бойынша жеке кезекшілер немесе олардың көрсеткіші бойынша операторлар алмасады.
      156. Поездар қозғалысы туралы поездық телефонограммалар алмасу поездардың станция аралық байланысы бойынша немесе поездық диспетчерлік байланыс бойынша жүргізілуі тиіс.
      Ерекше жағдайда поездардың станцияаралық байланысы және поездық диспетчерлік байланыстың ақаулығы кезінде поездардың қозғалысы туралы келіссөздер станция бойынша кезекшінің тікелей иелігінде бар көрші станция бойынша кезекшімен тікелей байланыс түрлері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      157. Жол жүру жазбаларының бланкісін станция бойынша кезекшінің өзі немесе оператор толтырады.
      Станция бойынша кезекші немесе орталық посттың операторы ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында тиісті жазбалар болған кезде ғана жол жүру жазбаларының бланкісін толтырады: дара жолды аралықта - көрші станциядан поезды қабылдау келісімі туралы поездық телефонограмма, қос жолды аралықта бұрын жөнелтілген поездың осы станцияға келуі туралы поездық телефонограмма.
      Оператор толтырған жол жүру жазбасының бланкісін, станция бойынша кезекші ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналындағы жазбамен тексереді және станция штемпелімен және өз қолымен растайды.
      158. Жөнелту жолдары станция бойынша кезекші постысынан шалғай, ал қызметтік келіссөздер тіркеушімен белгіленеді парк бойынша кезекші, техникалық-өкімдік актісінде көрсетілетін станция бойынша кезекшінің және парк бойынша кезекшінің арнайы журналында тіркелетін жолдық жазба бланкісін толтырады. Бұл жағдайда жол жүру жазбасының бланкіне парк бойынша кезекші қол қояды және оны машинистке тапсырады.
      159. Тыйым салынады:
      1) аралықта басқа поезд тұрған кезде поезды жөнелту туралы сұрау салуға;
      2) жол жүру жазбасының бланкісін көрші станциядан поезды қабылдау келісімі туралы поездық телефонограмма (дара жолды аралықтарда) немесе бұрын жөнелтілген поездың келуі туралы поездық телефонограмманы (қос жолды аралықтарда) алғанға дейін;
      3) шығу телефонограммаларын олардың ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында жазылған бұрын және станция бойынша кезекшінің қолынсыз жіберуге.
      160. Жол жазбасы машинистке поездан көрші станцияның кіру сигналына, ал поезды дұрыс емес жөнелту кезінде және кіру сигналы болмағанда - «Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін жүру құқығын береді.
      Поездардың тоқтамай жүру жолы кезінде жол жазбасы локомотивке қолмен бергішке салынып және тәртіп бойынша станция бойынша кезекшінің жайы жағынан беріледі.
      161. Шығу сигналы бар жолдан поезды жөнелту кезінде жол жазбасы болғанда жабық сигналға өтуге жазбаша рұқсат беру талап етілмейді.
      Бұл жағдайда поездарды жөнелту осы Нұсқаулықтың 316-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      162. Поездың қос тартқышпен немесе итергіш локомотивпен жүруі кезінде барлық аралықтың бойында жол жазбасы жетекші локомотив машинисіне беріледі.
      Аралықтың бір бөлігінде поездың итергіш локомотивпен жүруі кезінде жол жазбасы итергіштің машинисіне беріледі.

§ 2. ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналын
жүргізу

      163. Телефон байланысы бойынша поездар қозғалысы кезінде әрбір станцияда ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналы жүргізіледі.
      ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналынан әрбір сәтте тиісті аралық (немесе аралық жолы) бос немесе бос еместігі анық көрініп тұруы тиіс.
      164. Дара жолды аралықтарды шектейтін станцияларда бір ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналы жүргізіледі. ДУ-47 нысанындағы журналдың сол жақ беттеріне бір аралыққа қатысты телефонограммалар жазылады, ал оң жақта - басқа аралыққа қатысты телефонограммалар жазылады.
      Дара жолды аралықты шектейтін тұйық станцияларда поездық телефонограммалар бірізділікті тәртіпте беттерді бөлмей жазылады.
      165. Қос жолды аралықтарда шектейтін станцияларда әрбір аралық үшін жеке ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалардың екі журналы жүргізіледі: әрбір журналдың сол жақ бетіне тақ күндері жүретін поездар үшін, ал оң жақта – жұп күндері жүретін поездар үшін телефонограммалар жазылады.
      Қос жолды аралықта дұрыс емес жол бойынша поезды жөнелту кезінде тақ күндері жүретін поездар үшін, ал оң жақта – жұп күндері жүретін поездар үшін телефонограммалар жазылады.
      Егер станцияға үш және одан артық бағыт түйіссе, онда осы бағыттардың әрбір түйісуші аралығы үшін ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалардың жеке журналы жүргізіледі.
      166. Қос жолды аралықтың негізгі жолдарының бірімен жүретін поездар туралы барлық телефонограммалар барлық жағдайда аралықтың аталған бас жолына қатысты журналдың бір бетіне жазылады.
      Барлық поездық телефонограммалар ДУ-47 нысанындағы журналда станция бойынша кезекші немесе оператор жазбаша толтырады.
      Шығу телефонограммаларға станция бойынша кезекшінің өзі қол қояды.
      Оператор кіру телефонограммаларын жазғаннан кейін оны дереу станция бойынша кезекшісінің оқуына және қол қоюына ұсынады.
      167. ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына жазуға кететін уақытты қысқарту үшін, поездық телефонограммалар мәтіні бар арнайы мөртабан қолданылуы мүмкін.
      Шығу поездық телефонограммаларды жүргізуді нөмірлеу тәулік бойынша (бірінші нөмірден бастап), әрбір аралық бойынша жеке Астана уақытымен нөл сағаттан бастап жүргізіледі. Сигнал беру және байланыстың негізгі құралдары әрекетінің үзілістері салдарынан телефон байланысына ауысу кезінде шығу телефонограммаларын нөмірлеу телефон байланысы құралдарына ауысу сәтінде ең бірінші нөмірден бастап жүргізіледі. Бір тәулік ішінде сигнал беру және байланыстың негізгі құралдарының қайталанған үзілістері және телефон байланысына ауысу кезінде бірінші аралық уақытынан бастап шығу телефонограммаларын бірізділікті жүргізу сақталады.
      Кіру телефонограммалары оларды беру станциясында берілген нөмір бойынша ДУ-47 нысанындағы журналға жазылады.
      168. Поездық телефонограммаларда ешқандай түзетулерге, толықтыруларға немесе қолмен түзетулерге жол берілмейді. Дұрыс жазылмаған шығу поездық телефонограммалар кесе-көлденең белгісімен сызылады, сол белгінің астына «Жарамсыз» деген жазу жазылады. Бұл телефонограмма нөмірленбейді және көрші станцияға жіберілмейді.
      169. Станция бойынша кезекші немесе оператор кезекшілікті қабылдау және тапсыру кезінде ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына осы Нұсқаулықтың 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қол қояды.
      170. Сигнал беру және байланыстың негізгі құралдарының әрекеті бұзылған жағдайда телефон байланысына ауысу кезінде және кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы журналға олардың жазбасын қалпына келтіру кезінде осы туралы поезд диспетчерінің бұйрығын алғаннан кейін осы Нұсқаулықтың 33-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
      Кезекшілікке кірген станция бойынша кезекшінің және оператордың аты-жөні көрші станцияға хабарланады, оларды кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы жазбадан төменірек ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына жазады.
      171. Егер телефон байланысына ауысу бір жағы онда станция бойынша кезекшісі жоқ бөлек пунктпен шектелген аралықта жүзеге асса, онда басқа станция бойынша кезекшісі бар станцияның поездық телефонограммалары журналында осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасында көзделген 2-нысаннан басқа поездық телефонограммалар үшін белгіленген нысан бойынша жүзеге асырылатын поездық диспетчер поездардың қозғалысы туралы келіссөздерді тіркейді, ол осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасында көзделген поездық диспетчер бұйрығының мәтінімен бұйрық мәтініндегі «Автобұғаттау» деген сөзді «Бұғаттау» деген сөзбен ауыстыру арқылы ауыстырылады.
      172. Станция бойынша кезекші немесе оператор поездық телефонограммаларды жіберер алдында бір-біріне өзінің лауазымы мен  аты-жөнін хабарлайды.
      Поездық телефонограммаларды қабылдау мен жіберуді ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына кезекшілікке кірер алдында бұрын жазылған аты-жөндердің сәйкестігі кезінде ғана жүргізуге рұқсат етіледі.
      173. ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограмманы жібергеннен кейін телефонограмманы қабылдаған қызметкердің мәтінді сөзбе-сөз қайталауы жолымен тексеру жүргізіледі. Егер мәтінді қайталап беру берілген телефонограммаға сәйкес келсе, онда телефонограмманы жіберген станция бойынша кезекші немесе оператор «Дұрыс» деген сөзбен растайды, содан кейін екі станцияның поездық телефонограммалар журналында телефонограмманы қабылдау және беру уақыты белгіленеді және станция бойынша кезекшінің немесе оператордың қолымен расталады.

§ 3. Дара жолды учаскелердегі поездар қозғалысы кезіндегі
телефонограммалар нысандары

      174. Дара жолды аралықтарда поездарды қабылдау және жөнелту кезінде осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығу телефонограммаларын адрестеумен поездық телефонограммалардың келесі негізгі нысандары қолданылады.
      175. Аралықтан жөнелту станциясына қайтып келетін поездарды және итергіш локомотивтері бар поездарды жөнелту кезінде поездық телефонограммаларды олардың мәтініне енгізілген тиісті өзгерістерді бірізділікті беру сақталуы тиіс:
      1) аралықтан поездың кері қайтып келуі кезінде осы Нұсқаулықтың 35-қосымшасына сәйкес.
      Поездарды жөнелту туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша, ал оның кері қайтып келуі туралы хабарлама – осы Нұсқаулықтың 36-қосымшасына сәйкес 7-нысан бойынша беріледі.
      Поездарды аралыққа қосалқы пост қызмет көрсетпейтін түйіспеге вагондарды беру үшін аралыққа жөнелту де осындай нысандар бойынша жүргізіледі.
      2) итергіш локомотиві бар поездардың қозғалысы кезінде осы Нұсқаулықтың 37-қосымшасына сәйкес нысан бойынша.
      Поездарды жөнелту туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша «итергішпен, __ км-ден кері қайтумен» сөздерін қосу арқылы беріледі. Поездардың келуі туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша, ал итергіштің қайтып келуі туралы хабарлама - осы Нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес 10-нысан бойынша беріледі.
      Поезды көрші станцияға дейін итергіш локомотивпен жөнелту кезінде телефонограммалар «итергіш» деген сөзді қосу арқылы осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 1, 2, 3 және 4-нысандары бойынша жіберіледі.
      176. Станцияларға тоқтамай өтетін поездар туралы телефонограммалармен алмасу әдеттегі тәртіппен осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 1 және 2-нысан бойынша жүргізіледі, ал поездың жүріп өтуі туралы хабарлама (келуі және жөнелтуі) көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес 11-нысан бойынша беріледі.
      177. Поездар айырылысу кезінде станция бойынша кезекші, қарама қарсы бағыттағы поезды жөнелтуге байланысты көрші станция бойынша кезекшіге поездың келгені туралы хабарлайды және осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4 және 1 нысандардың немесе осы Нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес 11-нысанының және осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 1-нысанының мәтіндерін біріктіре отырып қарама қарсы келе жатқан поезды жөнелту туралы сұрау салады.
      178. Аралықта түйісуге қызмет көрсету үшін қосалқы пост ашылған кезде осы посты тағайындалуы бойынша түйісуге немесе түйісуден кері жүретін поездардың қозғалысы туралы келіссөздерге ғана қатысады.
      179. Түйісуге (постқа) поезды жөнелту алдында жөнелту станциясы бойынша кезекші көрші станциялардың бірінен посты бойынша кезекшіден немесе алдыңғы орналасқан станция бойынша кезекшіден осы Нұсқаулықтың 40-қосымшасына сәйкес 12-нысан бойынша жөнелтуге рұқсат сұрайды.
      Алдыңғы орналасқан станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 41-қосымшасына сәйкес 13-нысан бойынша бойынша жөнелту станциясына және постыға жауап береді.
      Бұл рұқсатты алғаннан кейін посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша жөнелту станциясына келісім береді.
      Жөнелту станциясы бойынша кезекші постыға поездың жөнелтілгені туралы осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша посты және көрші станция бойынша кезекшілерді хабардар етеді.
      Поезд түйіспеге келген және түйіспе бағыттамасы орнатылған соң посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша екі станция бойынша да кезекшілерді хабардар етеді.
      180. Поезды түйіспеден көрші станциялардың біріне жөнелту кезінде посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 42-қосымшасына сәйкес 14-нысан бойынша екі станция бойынша да кезекшілерден рұқсат сұрайды.
      Артта орналасқан станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 43-қосымшасына сәйкес 15-нысан бойынша постыға және посты бойынша алдыңғы орналасқан станция бойынша кезекшіге жауап береді.
      Бұл рұқсатты алғаннан кейін алдыңғы орналасқан станция бойынша кезекші посты бойынша кезекшіге осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 2-нысан бойынша поездарды қабылдауға келісім береді. Келісімді алғаннан кейін, посты бойынша кезекші поездарды жөнелтеді, түйіспе бағыттамасын қалыпты жағдайға орнатады, осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша екі станция бойынша да кезекшілерді поездардың жөнелтілгені туралы хабардар етеді.
      Поездың келуі туралы қабылдау станциясы бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша посты бойынша кезекшісіне және көрші станция бойынша кезекшіні хабардар етеді.
      181. Жылжымалы құраммен түйіспеден қайтып келумен бас жолға шығу қажеттілігі кезінде поездық диспетчердің бұйрығымен аралық барлық поездардың қозғалысы үшін жабылады.
      Аралықтың жабылуы туралы поездық диспетчердің бұйрығын бергеннен кейін бас жолға шығу посты бойынша кезекшінің сигналы арқылы жүргізіледі.
      Аралық поездар қозғалысы үшін оны босатқан соң және түйіспе бағыттамасы орнатылған соң ашылады вагондардың түйісу жағынан кету жағдайын болдырмайды.

§ 4. Қос жолды учаскелердегі поездар қозғалысы
кезіндегі телефонограммалар нысандары

      182. Қос жолды аралықта поездарды қабылдау және жөнелту кезінде поездық телефонограммаларды жіберу осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3 және 4 нысандар бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте қабылдау станциясынан осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша алынған хабарлама сол бағыттағы келесі поезды жөнелту құқығын береді. Итергіш локомотивпен поездардың жүруі кезінде осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3 және 4-нысандарға осы Нұсқаулықтың 175-тармағында көзделген мәтіні қосылады.
      183. Станция арқылы поездарды тоқтаусыз жіберу кезінде поездардың келуі және жөнелтуі туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес 11-нысан бойынша көрші станцияларға жіберіледі.
      184. Қос жолды аралықта жол посттарының болуы кезінде жөнелту станциясы бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша поездарды жөнелту туралы посты кезекшісін хабардар етеді.
      Посты кезекшісі келесі посты арасындағы аралықтың поездан бос болуы кезінде кіру сигналын ашады және поезды тоқтаусыз өткізеді, машинистке жүріс барысында жол жазбасын береді.
      Посты бойынша кезекші поезд жүріп өткен соң кіру сигналын жабады және осы Нұсқаулықтың 39-қосымшасына сәйкес 11-нысан бойынша поездың жүріп өткені туралы екі көрші станция бойынша кезекшілерді хабардар етеді.
      185. Егер алдыңғы посты арасындағы аралық бос болмаса, онда келе жатқан поезд аралық босағанға дейін жабық кіру сигналымен постыда кідіріс жасайды. Арттағы орналасқан станцияға постыдан осы поезды жөнелту туралы телефонограмма поезды постыдан жөнелткеннен кейін ғана жіберіледі.
      Поездың келуі туралы келу станциясы бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша посты бойынша кезекшіні хабардар етеді.
      Жол постысындағы кіру сигналының ақаулығы кезінде посты кезекшісі алдыңғы орналасқан аралықтың бос болуы кезінде поезды тікелей кіру сигналының алдында тосып алады және машинистке одан әрі жүру құқығын беретін жол жазбасын тапсырады. Жол жазбасының жоғарғы жағында «Посттағы бағдаршам ақаулы», «Кіру сигналы ақаулы» деген белгі жасалады.
      186. Поездарды кері қайтумен дұрыс жол бойынша жөнелту туралы жөнелту станциясы бойынша кезекші көрші станцияға (жол постысына) осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша ".... км дейін кері қайтумен" деген сөздер қосумен телефонограмма және поездың кері қайтуы туралы көрші станция (жол посты) осы Нұсқаулықтың 36-қосымшасына сәйкес 7-нысан бойынша хабардар етіледі.
      Жөнелтілетін поезд машинисіне мәтініне ".... км дейін кері қайтумен" деген сөздер қосылған жол жазбасы беріледі.
      Жөнелту станциясына қайтып келген поездар жол постыларында аралық болған кезде бұл постыларды тоқтаусыз жүріп өтеді. Қайтып келген поездардың жүрісі туралы посты бойынша кезекші алдыңғы тиісті постыға немесе станцияға осы Нұсқаулықтың 36-қосымшасына сәйкес 7-нысан бойынша хабарлайды.
      187. Станция арасындағы аралықтың бөлек пункті болып табылатын постыға түйіспе болған кезде, түйіспедегі станциядан және түйіспеден станцияға дұрыс жол бойынша поезд Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулық бойынша жөнелтіледі. Поезды жөнелту туралы станция немесе посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша, ал келуі туралы - 4-нысан бойынша телефонограмма жібереді.
      Егер түйіспеге қосалқы посты қызмет көрсетсе, онда ол түйіспеде немесе түйіспеден жүретін поездар қозғалысы туралы келіссөздерде қатысады. Түйіспеге поезды жөнелту туралы көрші станция және посты осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша ".... км постқа" деген сөздер қосумен хабарлайды.
      Түйіспе бағыттамасы қалыпты жағдайға орнатылған соң поездың келуі туралы посты бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 4-нысан бойынша екі станцияның кезекшілерін хабардар етеді. Қосалқы посты қызмет көрсететін түйіспеден поездарды жөнелту көрші станциялардың бірінде осы Нұсқаулықтың 179-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      188. Дұрыс емес жол бойынша реттеу тәртібімен поезд жөнелту кезінде (поездық диспетчердің бұйрығын алғаннан кейін) станциялар арасындағы телефонограммалардың алмасуы мына осы Нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес 16, 17-нысандар бойынша жүргізіледі.
      Поездарды жөнелту туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан, ал келуі туралы хабарлама – 4-нысан бойынша осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес екі жағдайда да «дұрыс емес жолмен..... бойынша» деген сөздер қосумен жіберіледі.
      189. Поезды кері қайтумен дұрыс емес жолмен жөнелту кезінде жөнелту станциясына телефонограммаларға осы Нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес 16 және 17-нысандар бойынша ".....км-ге дейін және кері" деген сөздер, ал осы Нұсқаулықтың 44-қосымшасына сәйкес 17-нысан бойынша "күтемін" деген сөз "жібере аласыз" сөзімен ауыстырылып жіберіледі.
      Машинистке берілетін жол жазбасы бланкісінің жоғарғы жағына: «Дұрыс емес жол бойынша» белгісі қойылады.
      190. Темір жолдың қос жолды учаскесін жабу кезінде жолдардың бірінде жабық емес жол бойынша дара жолды қозғалысты белгілеумен поездарды жөнелту және келу туралы телефонограммалар осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 1, 2, 3, 4-нысандар және дара жолды учаске үшін белгіленген басқа нысандар бойынша жіберіледі. Бұл жағдайда жол жазбасы бланкісінің жоғарғысына «.....жол қозғалыс үшін жабық» деген белгі қойылады.

6. Сигнал беру және байланыстың барлық құралдарының іс-қимылы
үзілуі кезіндегі поездар қозғалысы

      191. Сигнал беру және байланыстың барлық құралдары іс-қимылының үзілуі кезінде поездардың қозғалысы дара жолды учаскелерде жазбаша хабарламалардың көмегімен, ал қос жолды учаскеде - станция арасындағы аралықта поездың жүріп өтуіне жұмсалған уақытты шектеумен жүргізіледі.
      Поездардың қозғалысы жазбаша хабарламалар арқылы немесе аралықта поездың жүріп өтуіне жұмсалған уақытты шектеумен орнату аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілер арасында поездардың қозғалысы туралы сөйлесулерді олардың иелігінде бар байланыстың қандай да бір түрі бойынша жүзеге асыру мүмкін емес жағдайларда белгіленеді.
      192. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары әрекетінің үзілуі кезінде аралықта поездардың иемдену құқығы ретінде станция бойынша кезекшінің машинистке беретін осы Нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес ДУ-56 нысанындағы бланктегі екі жағынан қызыл жолақты ақ түсті бланктегі рұқсаты қызмет етеді.
      Егер бұл ретте көрші станцияға бұрын жөнелтілген поездың келуі туралы мәлімет жоқ болса, машинист аралық бойымен тоқтауға өте мұқият сақтық және әзірлікпен жүріп өтуі тиіс, себебі бұрын жөнелтілген поездың арты қоршалмаған болуы мүмкін.
      193. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуі кезінде:
      1) 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдар), габаритті емес жүктері бар, қосылған, жоғары салмақты және ұзындықты, сонымен қатар бір машинист қызмет көрсететін;
      2) қалпына келтіру, өрт және қосалқы локомотивтерден басқа аралықта жұмыс үшін тоқтаумен;
      3) аралықтағы түйісуге баратын поездарды жөнелтуге тыйым салынады.
      Итергіш локомотивтер көрші станцияға дейін барлық аралық бойымен жүріп өтуі тиіс.

§ 2. Дара жолды аралықтардағы поездар қозғалысы

      194. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуі кезінде байланыс тоқтап қалған станцияларды шектейтін аралықта жазбаша хабарламалар бойынша поездар қозғалысын белгілегенге дейін дара жолды аралықтарда тек басым болып табылатын тақ бағыттағы поездар жөнелтілуі мүмкін. Мынадай ерекше жағдайлардан басқа басым бағытқа қарама қарсы поездардың ешқайсысы жазбаша хабарламалар бойынша қозғалысты белгілеуге дейін аралыққа жөнелтілмейді:
      1) оған байланыстың үзілуіне дейін басым бағыттағы станциядан рұқсат алынған поезд (жартылай автоматты бұғаттау кезіндегі келісім бұғат - сигналы, байланыстың телефон құралдары кезінде поездық телефонограммалар, электр жезлдық жүйе кезінде аралықтан алынған жезл). Бұл ерекшелік екі жақты автобұғаттау бар дара жолды аралықтарға таралмайды;
      2) аралықтан алынған көмек жіберу туралы талап бойынша - қалпына келтіру, өрт поездары немесе қосалқы локомотивтер.
      195. Басым бағыттағы және басымға қарама қарсы бағыттағы станция бойынша кезекші аралықтан көмек көрсету туралы талапты алғаннан кейін осы Нұсқаулықтың 7-тарауының талаптарына сәйкес машинистке қалпына келтіру, өрт поездарды немесе қосалқы локомотивтерді жөнелтуді екі жағынан қызыл жолақты ақ түсті бланкіге рұқсатты тапсыру арқылы ұйымдастырады.
      196. Қос жолды аралықтарда, егер жолдардың бірі байланыс үзілгенге дейін жабық болса, жазбаша хабарлама бойынша қозғалысты белгілегенге дейін алдағы уақытта тек қос жолды қозғалыс кезінде дұрыс жолда жүретін бағыттағы поезд ғана жөнелтілуі мүмкін.
      Басым бағыттағы бірінші поезды жөнелтуге, егер аралық қос жақты автобұғаттаумен жабдықталмаса, көрші станция бойынша кезекшіден рұқсат алу талап етілмейді.
      197. Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған дара жолды аралықта, басым бағыттағы бірінші поезд станциядан тек станция бойынша кезекші аралықтың барлық ұзындығы бойынша бостығын заттай тексеруді көрші станция бойынша кезекшіге поездардың одан әрі қозғалысы туралы жазбаша хабарламаны бір мезгілде жеткізумен қамтамасыз еткен соң ғана жөнелтілуі мүмкін. Аралықтың бос болуын тексеру туралы ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналына жазылады, тексеру тәсілі және тексеру жүргізген қызметкердің аты-жөні көрсетіледі.
      198. Қалпына келтіру поезды (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам), өрт поезды немесе қосалқы локомотивті сигнал беру мен байланыстың барлық құралдарының іс-қимылы, бірақ тек аралыққа тоқтаған поезд машинисінен немесе жол қызметінің қызметкерлерінен талаптарға сай келетін сигнал беру және байланыс, электр жабдықтау жүйесі алынғаннан кейін басым бағытта да қарама қарсы бағытта да тоқтату кезінде аралықта жөнелтуге рұқсат етіледі. Бұл ретте, егер аралық автоматты бұғаттаумен жабдықталған болса, станция бойынша кезекші көмек көрсету туралы талапты алған соң, қалпына келтіру поезы немесе локомотивті жөнелткенге дейін станция мен көмек жіберілетін жер арасында басқа поездардың болмауына көз жеткізуге міндетті.
      199. Станциялар арасында жазбаша хабарламалар жіберу сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуі кезінде аралықта жөнелтілетін ең бірінші поездан басталады.
      Бұл ретте жетекші локомотив машинисіне аралықты иемдену құқығы диагональ бойынша екі қызыл жолағы бар түсі аппақ бланкіде рұқсат беріледі. Бұдан басқа, осы поездың машинисті арқылы көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 46-қосымшасына сәйкес ДУ-55 нысанында түсі ақ арнайы бланкіде осы Нұсқаулықтың 47-қосымшасына сәйкес нысандардың бірі бойынша толтырылған поездар қозғалысының одан әрі тәртібі туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
      200. Егер сигнал беру мен байланыстың барлық құралдарының іс-қимылы үзілуі кезінде байланысы тоқтап қалған станциялар арасында шектелген аралықта жөнелту үшін станцияда тақ поездар болмаса, онда бірінші поезды жөнелтуге құқығы бар станция бойынша кезекші, егер оған осы аралықта көрші станциядан жөнелтуге поездың болуы туралы белгілі болса, осы станцияға осы Нұсқаулықтың 48-қосымшасына сәйкес келесі нысандардың бірі бойынша толтырылған хабарлама жібереді.
      Екі жақты автобұғаттаумен жабдықталмаған аралықта В нысанды жазбаша хабарламаларды жөнелту үшін алынбайтын дрезиналар, дара локомотивтер, сонымен қатар басқа көлік құралдары пайдалануға рұқсат етіледі.
      201. Станция бойынша кезекші А, Б немесе В нысандағы хабарламаларды алғаннан кейін осы Нұсқаулықтың 4748-қосымшаларына сәйкес жазбаша хабарламалар бойынша поездар қозғалысы орнатылды деп саналады.
      202. Бір бағытта жүретін поездарды жөнелту станциялар арасындағы аралықта бұрын жөнелтілген поездардың жүруі үшін 3 минутты қосу арқылы қажетті уақыт аралығында жүргізілуі тиіс.
      Байланыс үзілгенге дейін бөлек пункттер ретінде әрекет еткен жол посттары поездар қозғалысына қатыспайды.
      Егер сигнал беру мен байланыстың барлық орнатылған құралдарының іс-қимылы үзілуіне дейін аралықтағы түйісуде басым бағыттағы поезд жөнелтілсе, ал посты бойынша кезекшінің поездың келуі мен түйісуде оны әкету туралы хабарламасы алынбаса, онда аралық қосалқы постыға дейін поездардың жүру және оны түйісуде жинау үшін 3 минут қосумен қажетті барлық уақытта бос емес деп саналады.
      203. Қосалқы посты бойынша кезекші түйісуде поезд жиналған соң түйісу бағыттамасын орнатады бас жол бойынша және көрші станция бойынша кезекшімен байланысты қалпына келтіргенге дейін жылжымалы құрамның бас жолға шығуына жол бермейді.
      204. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдарының іс-қимылы үзілуі кезінде поездар диагональ бойынша екі қызыл жолақты түсі ақ бланкідегі рұқсаттар бойынша жөнелтіледі.
      Бір бірімен байланысты үзбеу үшін станция бойынша кезекшілер құрылғылардың қалыпты әрекетін қалпына келтіргенге дейін алдын ала сол немесе басқа бағыттағы әрбір поездың жетекші локомотив машинисінен поездарды әрі қарай жөнелту туралы осы Нұсқаулықтың 46-Қосымшасына сәйкес А немесе Б нысандары бойынша жазбаша хабарламалар жібереді.
      Екі станцияда да осы Нұсқаулықтың 47 және 48-қосымшаларына сәйкес А, Б және В нысандары бойынша хабарламалар ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналына жазылады.
      Поездар қозғалысының ауысуы жазбаша хабарламалар арқылы осы Нұсқаулықтың 49-қосымшасына сәйкес ДУ-47 нысанындағы поездық телефонограммалар журналында жазбамен ресімделеді.
      205. Егер сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуіне дейін байланыстың үзілуімен поездарды жөнелтудің басым құқығын алатын станция бойынша кезекшілерге олардың арасында байланыс үзілген станциялармен шектелетін аралыққа басым емес (жұп) бағыттың поездарды жөнелтуге келісім берілсе, онда аралық бұл поезд келгенге дейін немесе көрші станциядан (постыдан) поезд жөнелтілмейді деген хабарлама алынғанға дейін бос емес деп саналады.
      Егер түйісу посттында жұп поезды жөнелтуге келісім берілсе, постыдан поездың келуі мен оны түйісуге әкету туралы хабарлама алынғанға дейін аралық бос емес деп саналады.
      206. Егер сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуіне дейін қосалқы посты бойынша кезекшіге түйіспеден тақ бағыттағы поезды жөнелтуге рұқсат берілсе және посты бойынша кезекшіден осы поезды жөнелту туралы хабарлама алынса, онда байланыс үзілгеннен кейін аралықта басым бағыттағы поезды жөнелтуші станция бойынша кезекшіге постыдан станцияға дейінгі аралықта бұрын жөнелтілген поездардың жүруі үшін 3 минутты қосу арқылы қажетті уақыт аралығынан кейін осы бағыттағы бірінші поезды көрші станцияға жөнелтуге рұқсат етіледі.
      207. Егер түйісу посттан жұп поезды жөнелту туралы хабарлама алынбаса, онда посты бойынша кезекшінің поездарды жөнелту және негізгі жол бойынша түйісі бағыттамасын орнату немесе поездарды жөнелтуді кідірту туралы хабарламаны алғанға дейін аралық бос емес деп саналады.
      Посттан тиісті хабарламаны алғанға дейін аралықта поездарды жөнелтуге және байланыс үзілгенге дейін түйіспеден поезды түйіспеге қайтып келумен жөнелту келісілген жағдайларда тыйым салынады.
      208. Егер байланыстың үзілуімен басым бағыттағы бірінші поезды жөнелту құқығын алатын станция бойынша кезекші поезды жөнелтуге рұқсат ету байланыс үзілгенге дейін алынған болса, онда поезды осы рұқсат етумен жөнелтумен бір уақытта көрші станция бойынша кезекшімен жазбаша байланыс орнатады.
      209. Сигнал беру мен байланыстың тиісті құралдарының іс-қимылы қалпына келтіргеннен кейін осы байланыс түрлері бойынша поездар қозғалысы поезд диспетчерінің бұйрығымен жаңартылады, ол осы Нұсқаулықтың 50-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аралықтың бос екендігін алдын ала тексереді.
      210. Егер сигнал беру және байланыс құралдары диспетчерлік байланысқа қарағанда бұрын қалпына келтірілсе, онда станция бойынша кезекші басым бағыттағы поездарды жөнелту құқығын пайдалана отырып, көрші станцияға осы Нұсқаулықтың 51-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телефонограмма жібереді.
      Көрші станция бойынша кезекші аралықтың бос екендігіне көз жеткізіп, осы Нұсқаулықтың 52-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жауап береді.
      Екі станцияның кезекшілері осы телефонограммалар алмасудан кейін сигнал беру мен байланыстың негізгі құралдары арқылы поездар қозғалысына басшылық жасауға ауысады.

§ 3. Қос жолды аралықтардағы поездар қозғалысы

      211. Сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуі кезінде қос жолды аралықта поездар дұрыс жол бойынша поездардың аралықты жүріп өтуі үшін кесте бойынша тиісті олардың уақытын шектеумен, егер байланыс үзілген сәтте бұғаттау тиісті бағытқа орнатылған болса 3 минут қосумен жөнелтіледі.
      Егер станция бойынша кезекшіге сигнал беру мен байланыстың барлық құралдары іс-қимылы үзілуіне дейін дұрыс емес жолмен көрші станциядан поездарды жөнелтуге келісім берілсе, онда осы поездың станцияға келуінен кейін дұрыс жолмен бірінші поезды жөнелтер алдында станция бойынша кезекші аралықтың қарама қарсы поездардан бос екендігіне көз жеткізеді.
      212. Байланыс үзілгенге дейін станциялар арасында аралықтың бөлек пункттері ретінде әрекет ететін жол постыларының болуы кезінде, бұл постылар байланыс үзілген кезде де іс-қимыл етуші болып қалады.
      Бұл жағдайда поезды жөнелту кезінде станция бойынша кезекші жол постысына дейін бұрын ертерек жөнелтілген поездың келуі үшін кесте бойынша 3 минут қосылған уақытты күтеді және поезға алғашқы кездесетін жол постысына дейін поездың жүруіне рұқсат етеді.
      213. Дұрыс емес жолмен жөнелтуі қажет қалпына келтіру (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамының), өрт поезды немесе қосымша локомотивті жіберу туралы талапты алған соң станция бойынша кезекші осы жолдың поездардан бос екендігіне көз жеткізуге міндетті (станциядан көмек жіберуге қажетті жерлерге дейін).
      214. Сигнал беру және байланыстың тиісті құралдарын қалпына келтірген соң байланыстың осы түрлері бойынша поездардың қозғалысы поездық диспетчердің бұйрығы бойынша, ал диспетчерлік байланыс болмаған кезде - әрбір станцияның ол үшін дұрыс жолы бойынша қайта жалғастырылады.
      215. Осы Нұсқаулықтың 196198200211213-тармақтарында көзделген жағдайда аралықтың бос екендігін анықтау үшін станция бойынша кезекшіге осы Нұсқаулықтың 200-тармағында көзделген кез келген мүмкіндікті (қалалық байланыс, радиобайланыс, автокөлік құралдары, алмалы салмалы автодрезиналар көрші станция бойынша кезекшімен келіссөздер) және дара локомотивтерді пайдалануға рұқсат етіледі.

7. Қалпына келтіру поездарының (дрезиналардың), өрт
поездарының және қосалқы локомотивтердің қозғалысы

§ 1. Жалпы ережелер

      216. Қалпына келтіру поездары (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамның), өрт поездары және қосалқы локомотивтер поезд жолына тоқтаған жетекші локомотив машинисінен (машинист көмекшісінен) алынған көмек көрсету туралы (жазбаша, телефон немесе радиобайланыс бойынша берілген) талаптар негізінде, сонымен қатар жол шаруашылығы, электрмен жабдықтау, сигнал беру мен байланыстың басқарушы қызметкерлерінің талаптары бойынша тағайындалады.
      Қалпына келтіру және өрт поездарын шақыру осы поездар туралы қолданыстағы қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Қалпына келтіру, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды, сонымен қатар қосалқы локомотивтерді тағайындау орнына дейін жөнелту және жүруі поездық диспетчердің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
      217. Аралықта тоқтаған поезд машинисінің (машинист көмекшісінің) көмек көрсеткіші туралы талабын станция бойынша кезекшіге немесе поезд диспетчеріне поездың бас жағы қандай километрде және пикетте екенін хабарлайды, неге байланысты көмек көрсету және оны көрсету уақыты талап етіледі. Ерекше жағдайда телефон және радио байланысы болмаған кезде, станция бойынша кезекшіге немесе поездық диспетчерге жазбаша хабарламаны жеткізу үшін поезд локомотиві пайдаланылуы мүмкін. Локомотивті құрамнан босатуға тек вагондарды жылжудан бекіту үшін вагондар доңғалақтарының астына табандықтар төсеумен және қол тежегіштерін іс-қимылға келтірумен бекіткен соң ғана рұқсат етіледі. Локомотивті құрамнан ағыту алдында қалдырылатын вагондардың автотежегіштерін іс-қимылға келтірілуі (шеткі кранды толық ашумен) тиіс. Жолаушылар поезы локомотивін станцияға жеткізу үшін пайдалануға болмайды.
      Егер тоқтаған поездың құрамы орналасқан жол кескіні жағдайы бойынша вагондарды бекіту үшін құралдар жеткіліксіз болса, локомотивті құрамнан ағытуға тыйым салынады. Қос жолды аралықта қажет болса станция бойынша кезекшіге көмек көрсету туралы жазбаша хабарламаны жеткізу үшін қарама қарсы поездың локомотив бригадасын пайдалануға рұқсат етіледі.
      218. Қалпына келтіру поездарын, өрт поездарын, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды немесе қосалқы локомотивтерді жіберу туралы талапты алған соң станция бойынша кезекші бұл туралы поездық диспетчерге хабарлайды. Телефон немесе радио байланысы бойынша алынған талаптар ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналына жазылады.
      219. Поездық диспетчер көмек көрсету туралы талапты алып, тасымалдау бөлімшесі бойынша кезекшіге бұл туралы хабарлайды. Тасымалдау бөлімшесі бойынша кезекші және поездық диспетчер станцияның шектесетін қай аралығынан көмек көрсетілуі керек және қандай станциядан қажет болса вагондар шығарылатын болатынын бірге анықтайды.
      Поездық радио байланыс болған кезде көмек көрсету туралы белгіленген тәртібін поездық диспетчер (тікелей немесе станция бойынша кезекші арқылы) тоқтаған поездың машинисіне хабарлайды.
      Поездық диспетчер қалпына келтіру поездары, өрт поездары, қосалқы локомотивтердің жылдам қозғалысын қамтамасыз етуді және тиісті мәліметтер болған кезде қалпына келтіру (өрт) поездарының бастықтарын поезды жұмысқа дайындау үшін оқиға болған жер туралы хабардар етеді.
      220. Қалпына келтіру поездары, өрт поездары, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды немесе қосалқы локомотивтер барлық жағдайда осы Нұсқаулықтың 349-тармағында көзделген тәртіппен басқа барлық поездардың қозғалысы үшін жабылатын аралыққа жөнелтіледі. Локомотив машинисіне осы Нұсқаулықтың 53-қосымшасына сәйкес ДУ-64 нысанды бланкіде диагональ бойынша екі қызыл жолақты түсі ақ бланкіде рұқсат етулер беріледі. Онда талаптар негізінде қандай жақтан (басынан немесе соңынан) көмек көрсетілуіне байланысты қалпына келтіру поездары, өрт поездары, қосалқы локомотивтер жүріп баруы тиісті жер (километр) көрсетіледі.
      Егер көмек поездың соңғы жағынан көрсетілсе, көмек көрсету туралы талапта көрсетілген километр поездың ұзындығы ескеріле отырып өзгереді.
      221. Локомотив машинисіне диагональ бойынша екі қызыл жолақты түсі ақ бланкіде рұқсат етулер кедергі болған жерде аралықтағы поездар қозғалысы үшін уақытша посты ашылған жағдайда беріледі. Бұл ретте қалпына келтіру поездары, өрт поездары, қосалқы локомотивтер қозғалысы аралықты шектейтін станциялар бойынша кезекшінің және посты бойынша кезекшінің алдын ала келісімі бойынша жүргізіледі.
      Қосалқы локомотивтерді диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерге жөнелту тәртібі осы Нұсқаулықтың 74-тармағында көзделген.
      222. Диагональ бойынша екі қызыл жолақты түсі ақ бланкіде рұқсат етулерде көрсетілген жерден екі километрден артық көмек көрсету үшін аралықта жөнелтілетін қалпына келтіру (өрт) поездары, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамның немесе қосалқы локомотивтердің машинисті жылдамдықты азайту үшін шара қабылдайды және әрі қарай аса мұқият сақтықпен және кедергі кездескенде тоқтауға әзірлікпен жүреді.
      Көмек көрсету талап етілген поезға дейін жетпей немесе қозғалысты қалпына келтіру бойынша жұмыстарды орындау қажетті жерге дейін (өрт сөндіру, үйіндіні ашу), машинист поезды тоқтатады және әрі қарай қозғалысты қалпына келтіруді басқарушы адамның нұсқауы бойынша әрекет етеді. Тағайындау орнына келу бойынша қосалқы локомотив машинисі өз іс-қимылын тоқтап тұрған поездың машинисімен келіседі.
      223. Қалпына келтіру поездары, өрт поездары, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды немесе қосалқы локомотивтерді аралыққа жөнелту уақытын, сонымен қатар аралықтан қайтып келу уақытын станция бойынша кезекші ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналына белгілейді және аралықты шектейтін көрші станция бойынша кезекшіге және поезд диспетчеріне хабарлайды.
      224. Поездар қозғалысы үшін аралық немесе тиісті жол пайда болған кедергіні жоюға қатысқан жол шаруашылығының аға қызметкерінің хабарламасы негізінде (жазбаша, телефон немесе радио байланыс бойынша берілетін) поездық диспетчердің бұйрығымен ашылады.
      Байланыс желісінің зақымдалуын жою туралы хабарлама қалпына келтіру жұмыстарын басқаратын электрмен жабдықтау дистанциясының хабарламасы негізінде энергия диспетчеріне жіберіледі.
      225. Автобұғаттаумен жабдықталған аралықтарда, егер оның құрылғылары зақымдалған болса, поезд диспетчері автоматты бұғаттау бойынша поездар қозғалысын ашу үшін электрмеханигінен СОБ тиісті хабарламалар алады.
      Егер рельстен жылжымалы құрамның шығып кетуі және қандай бір құрылғының зақымдалуы болмаса, қозғалыс қосалқы локомотив машинисінің немесе жылжымалы құрамды шығару және аралықтың бос болуына көмек көрсетуді басқаратын қызметкердің баяндауынан кейін ашылады.
      Автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда аралықтың тиісті жолы дұрыс жол бойымен тоқтап қалған поездың құрамын шығаруды бастау туралы радио байланысы бойынша қосалқы локомотив машинисінің хабарламасынан кейін ашылады.
      226. Аралықта поездың ағытылуы (ажырауы) кезінде машинист:
      1) аралық бойымен жүріп келе жатқан поезд машинисіне және аралықты шектейтін станция бойынша кезекшіге радио байланысы бойынша болған жайды хабарлайды, олар бұл туралы поездық диспетчерге баяндайды. Радио байланыс болмаған кезде хабарлама байланыстың басқа түрлерімен жіберіледі;
      2) машинист көмекшісі арқылы ағытылып кеткен вагондардың құрамы мен тіркелу аспаптарының жағдайын және поезд құрамын тіркеуге олардың жарамдылығын тексереді. Тіркеу үшін құрамның ағытылып кеткен бөліктерін вагондардың соғылысуы кезінде жылдамдық 3 км/сағаттан аспайтындай аса мұқият сақтықпен кейін шегіндіреді;
      3) зақымдалған тежегіш жеңдерін қосалқы немесе артқы вагоннан және локомотивтің алдыңғы білеуінен алынғандармен айырбастайды.
      227. Поезд құрамының ажырап кеткен бөліктерін қосу операциясы 20 минут ішінде және одан артық уақытта орындалуы мүмкін емес жағдайда локомотив машинисі поездың локомотивінсіз қалған бөлігін тежегіш табандықтарға және қол тежегіштерге бекітілетіндей шара қабылдайды.
      Машинист көмекшісі артқы вагондарға нөмір бойынша ажырап кеткен бөліктерді тіркегеннен кейін және онда поезд сигналының болуына көз жеткізген соң құрамның тұтастығына көз жеткізеді. Қозғалысты қайта бастар алдында қол тежегіштері төмен түсірілуі тиіс, автотежегіштерді қысқаша сыннан өткізеді, вагондардан тежегіш табандықтар алынады.
      228. Аралықта поезд бөліктерін:
      1) тұман, боран және басқа қолайсыз жағдайлар кезінде, яғни сигналдарды ажырату қиын болған кезде;
      2) егер тіркелген бөлігі 0,0025 тік көлбеуде болса және қосқан кезде дүмпуден поезд қозғалысына кері бағытқа қарай шығып кетуі мүмкін болғанда қосуға тыйым салынады.
      Ерекше жағдайда құрамның тіркелген бөлігін қосу үшін осы Нұсқаулықтың 242-тармағында көзделген тәртіппен арттан келе жатқан поездың локомотиві пайдаланылады.
      229. Егер поезды қосу мүмкін болмаған кезде, машинистке Нұсқаулықтың 217-тармағында көзделген тәртіппен, өтінімде поездың ажырап кеткен бөліктері арасындағы бағдарлы қашықтықты қосымша көрсете отырып қалпына келтіру поезын немесе қосалқы локомотивті талап ету қажет.
      Осы Нұсқаулықтың 217-тармағында көзделген ерекше жағдайда станцияға көмек туралы жазбаша талапты жеткізу үшін поезд локомотиві (вагондармен немесе вагондарсыз) пайдаланылады. Мұндай локомотивтің артқы жағы Сигнал беру жөніндегі нұсқаулықтың 107-тармағында көзделген тәртіппен белгіленуі тиіс.
      Аралықта адамдары бар вагондарды және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдар) бар құрамды күзетсіз тастап кетуге тиым салынады.
      230. Көмек көрсету туралы талаппен станцияға келе жатқан локомотив машинисіне:
      автоматты бұғаттаумен жабдықталған аралықтарда жол бағдаршамдарының көрсеткіштерін басшылыққа алу;
      жол посттары бар (бұғат посты), жартылай автоматты бұғаттауы бар аралықтарда жүру жолында бірінші бұғат постқа тоқтау және болған жағдайды поездық диспетчерге хабарлау қажет. Бұғат посты бойынша кезекші мұндай локомотивті өту сигналының рұқсат ету көрсеткіштері бойынша өткізеді, бірақ жүрудің бұғаттау сигналын бермейді. Қалған бұғат посттардың кезекшілері осы Нұсқаулықтың 109-тармағында көзделген тәртіппен әрекет етеді. Электр жезлдық жүйемен жабдықталған аралықтарда, поезд құрамы қалдырылған аралықтың жезлын көмек көрсету туралы талаппен станцияға келген машинист станция бойынша кезекшіге береді. Аралықты босатып, қозғалысты қалпына келтіргенге дейін станция бойынша кезекші жезлды аппаратқа салмай сақтайды.
      231. Аралықтың жабылуы және аралықта тоқтап тұрған поезға көмек көрсету үшін локомотив немесе поезды жөнелту осы Нұсқаулықтың 220-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі. Поездың артынан көмек көрсету кезінде, егер артқы бөліктің қай жерде екені белгісіз болса, қосалқы локомотив (қалпына келтіру поезы) машинисі, диагональ бойынша қызыл жолағы бар түсі ақ бланкідегі рұқсаттан басқа «Аралықта ажырап кеткен вагондардың тұрған орны белгісіз» ескертуі беріледі.
      Көмек көрсететін локомотив машинисі мұндай ескерту кезінде аралықта аса мұқият сақтықпен және кедергі кездессе тоқтай қалатындай жылдамдықпен жүреді.

§ 2. Поездың аралықтан жөнелту станциясына қайтуы

      232. Егер аралықта аялдағаннан кейін поезд әрі қарай қозғала алмаса және поезды жөнелту станциясына қайтару қажет болса машинистің өзі, бас кондуктор немесе локомотив бригадасының қызметкері арқылы бұл туралы станция бойынша кезекшіге немесе поездық диспетчерге хабарлайды (жазбаша, телефон немесе радио байланыс бойынша).
      Мұндай хабарламаны алған соң, поездық диспетчер аралықты (аралықтың тиісті жолын) жабады және поезды жөнелту станциясына қайтару тәртібін белгілейді.
      233. Аралықтан поездың қайтып келуі, негізінен, қосалқы локомотивпен жүргізілуі тиіс.
      Ерекше жағдайда тоқтап қалған поезд станцияның кіру сигналына дейін немесе "Станция шекарасы" деген сигнал белгісіне дейін кері шегіндірілуі мүмкін. Кері шегіндіру поездық диспетчердің бұйрығымен барлық поездар қозғалысы үшін аралықты (немесе жолды) жапқан соң және осы Нұсқаулықтың 54-қосымшасына сәйкес нысан бойынша станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығын тоқтаған поездың машинисіне берген соң жүргізіледі.
      Радио байланысы немесе телефон байланысы болмаған кезде барлық поездар қозғалысы үшін поездық диспетчердің аралықты жабу туралы бұйрығынан кейін поездарды кері шегіндіру диагоналы бойынша қызыл жолағы бар түсі ақ бланкіде рұқсат етуді тоқтаған поезд машинисіне бергеннен (қолмен) кейін жүргізіледі.
      234. Автобұғаттаумен жабдықталған аралықтарда поезды кері шегіндіру немесе диагональ бойынша қызыл жолағы бар түсі ақ бланкіде рұқсат ету туралы бұйрық тоқтаған поезд және кіру сигналы немесе "Станция шекарасы" сигнал белгісі арасындағы жол учаскелері басқа поездардан бос болған кезде ғана тоқтаған поезд машинисіне берілуі мүмкін.
      Егер автобұғаттаумен жабдықталған аралықта жөнелтілген поезд бірінші бұғат учаскені босатпай тоқтаса, онда поездарды кіру сигналына дейін немесе "Станция шекарасы" сигнал белгісіне дейін кері шегіндіру станция бойынша кезекшінің осы Нұсқаулықтың 55-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рұқсаты бойынша аралықты жаппай жүргізілуі мүмкін.
      235. Аралыққа тоқтаған поезды кіру сигналына дейін (немесе "Станция шекарасы" сигнал белгісіне дейін) кері шегіндіру жылдамдығы 5 км/сағаттан артық болмауы тиіс. Аралық бойынша кері шегіндірілетін поездың алдыңғы жағында (өту алаңында немесе вагонның арнайы басқышында) локомотив бригадасының қызметкері, кондуктор немесе машинистің нұсқауы бойынша басқа қызметкер болуы тиіс.
      Аралықтан моторвагонды поездарды, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды және дара локомотивтерді кері шегіндіру жылжымалы құрамды және сигналды көру шегінде аялдауды қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүргізіледі; моторвагонды поезд машинисі басқа басқару кабинасына ауысады (кері шегіндіру жылдамдығы бойынша бас кабина).
      Егер жөнелтілген поездың артқы жағы станция шекарасынан әлі шықпаса, онда мұндай поезды кері шегіндіру қажет болса станция бойынша кезекшінің ауызша нұсқауы бойынша 5 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен маневрлік тәртіппен жүргізіледі. Өту алаңында немесе вагонның арнайы басқышында вагондар қозғалысы бойынша бірінші шегіндірілетін поезда локомотив бригадасының қызметкері, кондуктор немесе станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша басқа қызметкер болады.
      236. Аралықтан станцияға қайтарылатын поездарды қабылдау ашық кіру бағдаршамы бойынша немесе бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      Станцияға кері шегіндірілген поезды қабылдау үшін маршрут дайын кезде осы Нұсқаулықтың 233-тармағында көзделген аралық бойынша кері шегіндіруге рұқсат ету станцияға поездарды қабылдау туралы бұйрықпен біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда кіру бағдаршамының болуына және қабылдау жағдайларына қарай рұқсаттың мәтіні осы Нұсқаулықтың 56-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сөздермен толықтырылады.

§ 3. Аралықта тоқтап тұрған поезға арттан келе жатқан
поезд локомотивінің көмек көрсетуі

      237. Автобұғаттаумен және поезд радио байланысымен жабдықталған учаскелерде жақсы көрінетін жағдайда аралықта тоқтап тұрған поезға көмек көрсету үшін мыналарды пайдалануға болады:
      1) тоқтаған поездың соңынан аралық бойынша жүретін дара локомотив;
      2) тоқтаған поездың соңынан аралық бойынша жүретін жүк поезы құрамынан ағытылған локомотив;
      3) жетекші локомотивті одан ағытпастан артта келе жатқан жүк поезы. Көмек көрсетудің қандай да бір тәсілі қалыптасқан жағдайды жан жақты бағалаудан кейін екі локомотивтің машинисіне берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
      Көмек көрсету үшін адамдарға арналған поездан және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар поездан локомотивті ағытуға тыйым салынады. Мұндай поездарды локомотивті құрамнан ажыратпай көмек көрсету үшін де пайдалануға болмайды.
      238. Егер көмек тоқтаған поездың соңынан аралық бойынша жүріп келе жатқан дара локомотивпен көрсетілсе бұйрық осы Нұсқаулықтың 57-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Арттан келе жатқан поезд құрамынан ағытылатын дара локомотивпен көмек көрсету кезінде бұйрық осы Нұсқаулықтың 58-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Мұндай бұйрықты бергенге дейін поездық диспетчер одан локомотив ағытылуы тиіс поезд құрамы қолайлы бейінде орналасқанына, оны осы Нұсқаулықтың 217-тармағында көзделген тәртіппен бекітуге болатындығына көз жеткізуі керек. Локомотив машинисіне поезд құрамынан вагондарды шегінуден бекітпей ағытуға тыйым салынады.
      239. Көмек көрсету үшін пайдаланылатын локомотив машинистеріне поездық диспетчердің бұйрығын алғаннан кейін бос емес бұғат-учаскеде жүруге және алдыңғы тұрған поездың аялдауын қамтамасыз ететін жылдамдықпен қозғалысты жалғастыруға рұқсат етіледі. Осы поезд құрамына жетпей, машинист тоқтайды, артқы вагонның автотіркемесін қарап тексереді, локомотив автотіркемесін «буфер» жағдайына бекітеді және осыдан кейін ғана құрамға сақтықпен жақындайды. Итеру бірінші поезд машинисі беретін сигнал (нұсқаулық) бойынша басталады, ал әрі қарай екі локомотивтің машинистері радио бойынша бір бірімен байланысты ұстап тұрады және өз әрекеттерін келіседі. Екінші локомотив көмек көрсетіліп болған соң, жетекші локомотивтің сигнал беруімен (нұсқауымен) итеруді тоқтатады. Егер көмек тоқтаған поездың соңынан келе жатқан дара локомотивпен көрсетілсе, онда итеру тоқтаған соң ол автобұғаттау сигналдарын дербес басшылыққа ала отырып қозғалысты жалғастырады.
      240. Арттан келе жатқан поездан ағытылған локомотивпен көмек көрсету кезінде бұл локомотив итеру тоқтаған соң қалдырылған құрамға қайтып келеді, егер бұл локомотив көмек көрсету процесінде поезбен бірге алдыңғы станцияға келетін болса, аралықта қалған құрамға оның қайтып келуі аралықтың бос емес болуына қосымша рұқсат етусіз станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша жүргізіледі. Машинист қалдырылған құрамға жетпей локомотивті тоқтатады және автотіркегіштің тіркеуге дайындығына жеке көз жеткізеді. Құрамға тіркеу үшін локомотивтің одан арғы қозғалысы аса мұқият сақтықпен жүргізіледі.
      Локомотивті тіркеуден және тежегіш ауа магистралін белгіленген қысымға дейін зарядтау автотежегіштердің қысқаша сыннан өткізу арқылы жүргізіледі, сосын локомотив бригадасының қызметкерлері немесе бас кондукторы вагон доңғалақтары астындағы тежегіш табандықтарын алады және қолмен тежегіштер төмен түсіріледі.
      241. Аралықта тоқтаған поезға артта келе жатқан поездың одан жетекші локомотивті ағытусыз көмек көрсеткіші ерекше жағдайларда ғана, Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгілейтін учаскелерде және көмек көрсету үшін пайдаланылатын поездың салмағы мен ұзындығы белгіленген нормалардан аспаған жағдайда ғана жүргізіледі. Көмек көрсетудің мұндай тәсілі рұқсат етілетін учаскелер мен аралықтарды белгілеумен қатар Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы олардың аталған және де басқа операцияларды орындау кезіндегі қызметкерлердің (поездық диспетчерлердің, поездық локомотивтер машинистерінің, станциялар бойынша кезекшілердің) іс-қимылын анықтайды.
      242. Жүк поезд құрамының аралықта ажыратылған бөліктерін қосу үшін көмек көрсету осы Нұсқаулықтың 228-тармағында көзделген жағдайда, тек онда ажырау болған құрам машинисінің өтініші бойынша жүргізіледі. Көмек ажыратылған поездардың соңынан келе жатқан дара локомотивпен немесе соның соңынан келе жатқан жүк поездарымен одан жетекші локомотивті ағытпай көрсетілуі мүмкін.
      Көмек көрсету туралы диспетчердің бұйрығы бұл жағдайда мына осы Нұсқаулықтың 59-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Көмектің дара локомотивпен немесе арттан келе жатқан поездың құрамымен бірге локомотивпен көрсетілуіне қарамастан көмек көрсетуші локомотивтің поездың ажыратылған бөлігінің соңғы вагонымен тіркелуі жүргізілуі тиіс. Одан әрі іс-қимыл бірінші локомотив машинисінің ол осы Нұсқаулықтың 226 және 227-тармағында көзделген талаптарды орындаған соң нұсқауы бойынша жүргізіледі, бұл ретте ағытылған вагондар арасындағы ара қашықтық, құрамның бас және ағытылған бөліктеріндегі вагондар саны, жол бейініне байланысты біріктіру бірінші поездың бас бөлігін шегіндіру немесе ағытылған вагондарды біріккенге дейін бірінші поездың бас бөлігіне жылжыту жолымен жүргізіледі. Ағытылған вагондарды біріктірген соң екінші поезд машинисінің көмекшісі локомотивті соңғы вагоннан ағытады және екі поезд да автобұғаттау сигналдарын басшылыққа алып дербес қозғалысты жалғастырады.
      243. Автобұғаттаумен жабдықталған аралықта дара локомотив немесе алынбалы емес дрезиналар олардың әрі қарай дербес қозғалысы мүмкін емес тоқтауы кезінде оларды аралықтан жақын станцияға дейін әкету осы поездың локомотивін ағытпай-ақ артта келе жатқан поезбен жүргізілуі мүмкін. Бұл сондай-ақ екі локомотив машинисіне және алдыңғы станция бойынша кезекшіге берілетін поездық диспетчердің бұйрығы бойынша да жүзеге асырылады. Бұл жағдайда тоқтап тұрған локомотивті (дрезинаны) артта келе жатқан поездың локомотивімен тіркеу жүзеге асырылады. Жақын станцияға дейін әрі қарай жүру жылдамдығы 25 км/сағаттан аспауы тиіс.
      Мұндай учаскеде жоғарыда көрсетілген іс-қимылдарды қолдану жол жоспары мен бейініне қарай Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықта көзделеді.
      244. Егер автобұғаттаумен жабдықталған аралық бойымен жүріп келе жатқан жүк поезы, тік өрде тоқтап қалса және оның әрі қарай қозғалысы үшін неғұрлым жеңіл кескінге шегіндіру қажет болса, онда бұл поездың артқы жағынан станцияға дейінгі жол учаскесі поездардан бос кезінде арттағы станция бойынша кезекші және локомотив машинисіне берілетін осы Нұсқаулықтың 60-қосымшасына сәйкес поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      245. Моторвагонды поездың аралықта мәжбүрлі тоқтауы кезінде оның әрі қарай қозғалысы мүмкін емес кезде аралықтан бірінші кездесетін станцияға дейін қосарланған құрамды шығару үшін оған келе жатқан моторвагонды поезды тіркеуге рұқсат етіледі. Екі поездың автотежегіші де жалпы магистральға қосылуы тиіс.
      Құрамдарды қосу екі поездың да машинистеріне осы Нұсқаулықтың 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша (осы мақсаттар үшін байланыстың қолдағы құралдарын пайдаланумен) жүзеге асырылады.
      246. Бірінші поездың бас кабинасынан қосылған поезды басқару мүмкін емес кезде поезды басқару және тежеу екінші поездың бас кабинасынан жүргізіледі, бұл жағдайда жүру жылдамдығы 25 км/сағаттан артық болмауы тиіс. Бірінші поездың бас кабинасында машинист болады, ол қозғалысты бақылауы және қажет болса шұғыл тежеумен тоқтау шараларын қабылдайды.
      Екі поезды қосу және қосарланған құраммен жүру кезінде локомотив бригадасының әрекетін жергілікті жағдайға байланысты темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы белгілейді.
      247. Аралықта жолаушылар поезының мәжбүрлі тоқтауы, оның әрі қарай дербес қозғалуы мүмкін емес кезде осы поезға бас жағынан да артқы жағынан да қосалқы локомотивпен, тиісінше жолаушылар поезын алда немесе артта орналасқан станцияға шығарумен көмек көрсетілуі мүмкін. Қосалқы локомотив машинисі жолаушылар поезының алдыңғы қозғалысының бағыты туралы ескертеді, ол өз кезегінде бұл туралы жолаушылар поезының бастығын (механик - бригадирін) және жолсеріктерді ескертеді.

8. Темір жолдары мен құрылыстарында жұмыстар жүргізу
кезіндегі шаруашылық поездарының, арнайы өздігінен
жүретін жылжымалы құрамның қозғалысы

§ 1. Жалпы ережелер

      248. Құрылыстарды және құрылғыларды жөндеу негізінен, поездар қозғалысының кестесін бұзбай қозғалыс қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету кезінде жүргізіледі.
      Поездар қозғалысының кестесінде көлемі бойынша үлкен жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде толаскездер көзделуі тиіс және осы жұмыстарды тудыратын жылдамдықты шектеу ескеріледі. Ұлттық темір жол компаниясы «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулығына сәйкес жолдардың, жасанды құрылыстардың, байланыс желілерінің және СОБ құрылғыларының ағымдағы күтіп ұстауы бойынша жұмыстарды орындау үшін поездар қозғалысы кестесінде ұзақтығы 1.5-2 сағат, осы жұмыстарды кешенді машиналар, арнайы бригадалар, механикаландырылған колонналармен орындау кезінде ұзақтығы 3-4 сағат технологиялық толаскез көзделуі тиіс.
      249. Поездардың қозғалыс кестесінде көзделмеген уақыт кезеңінде орындалатын жолдарды, түйіспе желісін, СОБ және байланыс құрылғыларын және басқа құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу жөніндегі жұмыстар негізінен аралықты жабусыз жүргізілуі тиіс. Егер осы жұмыстарды орындау қозғалыста үзіліс қажеттілігін тудырса, олардың басталуы мен аяқталуының дәл мерзімін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулық бойынша белгілейді.
      250. Қозғалыстар үзілісін тудыратын жұмыс жүргізу уақыты, сондай-ақ оларды жүргізу үшін қозғалыстар кестесінде толаскез көзделген жұмыстарда жұмыстар басшысы поездық диспетчермен тұрақты байланыс (телефон немесе радио бойынша) орнатады.
      Поездар қозғалысының кестесінде толаскез тәуліктің қараңғы уақытында көзделетін учаскеде жұмыстар басшысы жұмыстар жүргізу орындарын жарықтандыруды қамтамасыз етеді.
      251. Бір дара жолды учаскедегі жұмыс өндірісі үшін, ал бір немесе бірнеше жолдардың қос жолды немесе көп жолды учаскесіндегі аралықты жабу, егер ол көрші темір жолдары бар поездар қозғалысының белгіленген өлшемдерінің өзгерістерін тудырмаса Ұлттық темір жол компаниясы рұқсатымен жүргізіледі. Егер мұндай жабу ТМД елдерінің көрші темір жолдарының поездар қозғалысының белгіленген өлшемдеріне өзгерістер тудырса, онда ол басқа темір жол әкімшіліктерімен келісу бойынша Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен рұқсат етілуі мүмкін.
      252. Темір жолдың басқа учаскелері арқылы поездарды өткізу қажеттілігін тудыратын аралықты немесе жолдарды жабуға, ал басқа темір жол әкімшіліктермен келісу бойынша басқа темір жол әкімшіліктерінің темір жолдарына шығуға ерекше жағдайларда Ұлттық темір жол компаниясы рұқсатымен беріледі.
      253. Өзінің сипаты бойынша аралықты жабуды, аралықтың немесе станцияның негізгі жолдарын жабуды талап ететін жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Ұлттық темір жол компаниясы рұқсаты беріледі.
      Егер поездар қозғалысы кестесінде осындай жұмыстар үшін толаскез көзделмеген болса, онда оларды орындау тәртібі және әрбір жеке жағдайда аралықты жабу уақыты (жол, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанциясының директорларымен) Ұлттық темір жол компаниясы алдын ала келісіледі. Тиісті рұқсат болған кезде жұмыстарды бастағанға дейін және содан кейін аралықтарды (жолдарды) ашу мен жабу поездық диспетчердің бұйрығымен ресімделеді.
      254. Ұлттық темір жол компаниясы жұмыстарды жүргізуге арналған рұқсатында аралықты немесе жекелеген жолды жабуға келісілген уақыт, осы жұмыстарды бірыңғай басқаруды жүзеге асыратын адамның тегі көрсетіледі. Жұмыстар басшысының тегі мен лауазымын поездық диспетчер аралықтарды шектейтін станциялар бойынша кезекшілерге хабарлайды.
      Темір жол көлігінің кәсіпорны басшылығының рұқсатында көрсетілген осы жұмыстардың басшысы болмаған кезде аралықта және станцияда осы жұмыстарды жүргізу үшін «толаскез» ұсынуға тыйым салынады.
      255. Аралықты жабар алдында осы жұмыстардың басшысы аралықты шектейтін станция бойынша кезекшіге және поездық диспетчерге әрбір поезд және машина үшін жабық аралықта (немесе бас жолда) алғашқы тоқтайтын километрді және олар жұмыс аяқталған соң оралуы тиісті станцияны көрсетумен жабық аралыққа шаруашылық поездарын, машиналарды және агрегаттарды жөнелтудің реті көрсетілген өтінім береді және ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында жазба жасайды.
      256. Жұмыстардың басталу мерзімінің келуімен аралықты жабумен поездық диспетчер оның немесе қос жолды және көп жолды учаскелерде тиісті жолдың поездардан бостығын белгілейді, сонан соң аралықты немесе бас жолды шектеуші осы Нұсқаулықтың 62-қосымшасына сәйкес станциялар бойынша кезекшілерге және жұмыстардың басшысына жабу туралы бұйрық береді.
      Ерекше жағдайда жұмыс орнында поездық диспетчермен телефон немесе радио байланысы болмаған кезде аралықты немесе жолдарды нақты жабу туралы бұйрықты жұмыстар басшысына жұмыс орнына жақын станция бойынша кезекші береді (телефон бойынша немесе жұмыс орнынан іссапарға жіберумен қолма қол).
      Поездық диспетчердің бұйрығын (жазбаша, телефон немесе радио байланыс) жұмыс басшысы алғанға дейін және белгіленген сигналдармен жұмыс орнын қоршауға дейін жұмысқа кірісуге тыйым салынады.
      257. Шаруашылық поездарын, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның жеке бірліктерін қоса алғанда (бұдан әрі осы Нұсқаулықтың 8-тарауында аралыққа жөнелту кезінде – шаруашылық поезы деп аталады) құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу үшін жабық аралыққа (немесе аралық жолына) жөнелту осы Нұсқаулықтың 53-қосымшасына сәйкес ДУ-64 нысанды бланкісінде диагоналі бойынша қызыл жолағы бар ақ бланкідегі рұқсат бойынша осы Нұсқаулықтың 316-тармағының талаптарын сақтай отырып жүргізіледі. Жұмыстар басшысының өтініміне сәйкес әрбір поездың алғашқы тоқтау орны (километр) көрсетіледі.
      258. Жабық аралықта (жолдарда) бір уақытта бірнеше шаруашылық поездары (дрезиналар) және жол машиналары, соның ішінде әртүрлі ұйымдарға жататын, бірақ осы Нұсқаулықтың 254-тармағына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы рұқсатында көрсетілген бір қызметкердің басшылығымен жұмыс істей алуы мүмкін.
      259. Әрбір шаруашылық поезы локомотивінің машинисі диагоналі бойынша қызыл жолағы бар ақ бланкідегі рұқсатта көрсетілген жерге дейін барады. Бірінші поезд белгіленген жылдамдықпен, ал келесі - 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен жүреді, бұл ретте осы поездар арасындағы ара қашықтық 1 км кем емес болуы тиіс. Егер жөнелту станциясынан жұмыс орнына дейінгі ара қашықтық бағыттас шаруашылық поездары арасындағы 1 км кем емес қашықтықты ұстап тұруға мүмкіндік бермесе, онда әрбір шаруашылық поезына берілетін диагональ бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсаттарда жұмыс басшысының өтінішіне сәйкес бастапқы аялдама километрі мен пикеттері көрсетілуі тиіс.
      260. Әртүрлі бір біріне қарама қарсы бөлек пункттері бар жабық аралықта жөнелтілетін шаруашылық поездары жұмыс басшысының көрсеткіші бойынша тоқтау сигналы қойылуы рұқсатында көрсетілген жерге дейін жүруі тиіс. Қарама қарсы поездардың постылар арасындағы ара қашықтығы 1 км болмауы тиіс.
      Тоқтағаннан кейін шаруашылық поездардың, аралық бойынша машиналар мен агрегаттардың әрі қарай қозғалысы жұмыс басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
      Жабық аралықта шаруашылық поездарын жөнелту кезінде бір біріне қарама қарсы көрші посттарда екі станцияның кезекшілері поездық диспетчердің нұсқауы бойынша жөнелту мақсаты туралы жазудан кейін диагональ бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсатта Нұсқаулықтың 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазба енгізіледі.
      261. Жабық аралықта бір біріне қарама қарсы әртүрлі бөлек пункттерден жөнелтілетін шаруашылық поездары рұқсат етуде көрсетілген жерге дейін жүруі тиіс, жұмыс басшысының нұсқауы бойынша сигнал берушінің қасында күзетілетін қол қызыл сигналы бар ауыспалы тоқтату сигналы белгіленеді. Қарама қарсы поездардың посттар арасында аялдау ара қашықтығы 1 км кем болмауы тиіс. Шаруашылық поезы (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрам) локомотивінің машинисі рұқсат етуде көрсетілген жерде аялдағаннан кейін радиобайланысы бойынша қарама қарсы поездың локомотиві машинисіне және шаруашылық поездарының және соңынан арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамның машинистеріне өзінің орналасқан жерін хабарлайды.
      262. Тоқтағаннан кейін шаруашылық поездарының (арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамның) әрі қарай жүруі, аралық бойынша мұқият сақтықпен 20 км/сағат жылдамдықпен жұмыс басшысының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Жұмыс жүргізу орны басталғанға дейін қарама қарсы поездардың (өзі жүретін жылжымалы құрамының) машинистері әрі қарай келесі жылжулары туралы радио байланыстар бойынша бір-біріне хабарлайды.
      263. Егер жұмыстар автобұғаттаумен жабдықталған аралықта жүргізілсе, онда поезд диспетчерінің келісімі бойынша аралықтың жабылуын күтпей-ақ автобұғаттау сигналы бойынша жұмыс орындарына шаруашылық поездарын, машиналары мен агрегаттарын жөнелтуге рұқсат етеді.
      Әрбір поездың машинисіне жұмыс басшысының өтінішінде көрсетілген жердегі аралықта тоқтау туралы ескерту беріледі.
      Жабылуы тиіс мұндай аралықтарды жөнелту кезінде осы Нұсқаулықтың 53-қосымшасына сәйкес ДУ-64 нысанында диагональ бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланкіде (бланк) рұқсат ету жұмыс басшысына немесе уәкілетті қызметкерге жүктеледі, ол белгіленген жердегі аралықта поездардың тоқтауынан кейін және аралықты жабу туралы поезд диспетчерінің бұйрығын алғаннан кейін локомотив машинисіне береді. Аралық немесе тиісті жол алдында жөнелтілген шаруашылық поездарынан, машиналары мен агрегаттарынан босатқаннан кейін поезд диспетчерінің бұйрығымен жөндеу жұмыстары үшін жабылады.
      264. Автоматты бұғаттаумен жабдықталмаған жол кескіні мен қолайлы жоспары бар аралықтарда үлкен уақыт аралығында, бұрын жөнелтілген жүк поездары артынан поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша аралықтың жабылуын күтпей-ақ, бірақ оны жөнелткеннен кейін кемінде 5 минут өткен соң жұмыс орындарына шаруашылық поездарын, машиналары мен агрегаттарын жөнелтуге рұқсат етіледі. Рұқсат аралықты шектеуші станцияларға және жұмыс басшысына осы Нұсқаулықтың 64-қосымшасына сәйкес нысан бойынша поезд диспетчерінің тіркелетін бұйрығы беріледі.
      265. Бұл жағдайда әрбір шаруашылық поезы немесе машинасы диагональ бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі рұқсат бойынша жөнелтіледі. Рұқсатта басшысының өтініміне сәйкес аралықта әрбір поездың бастапқы тоқтау орны (километр) көрсетіледі. Бірінші шаруашылық поезының машинисіне де осы Нұсқаулықтың 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ескерту беріледі.
      Аралық бойынша шаруашылық поездарының жүруі кезінде осы Нұсқаулықтың 259-тармағында көзделген тәртіп сақталуы тиіс.
      266. Аралықтағы бір уақыттағы жөндеу жұмыстары үшін бір поезда станциядан жөнелтілетін шаруашылық поездары, аралықта өзі жүретін арнайы жылжымалы құрам ажыратылуы немесе жұмыс басшысының нұсқауы бойынша қосылуы мүмкін.
      Мұндай поездарда арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды орналастыру және құрау жол жұмыстарын жүргізу кезіндегі поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жұмыс басшысы анықтайды.
      Аралықтағы олардың жұмысы үшін бір-бірімен қосылған бірнеше шаруашылық поездарын станциядан жөнелту кезінде басшының және әрбір поезд машинисінің нұсқауы бойынша әрбір шаруашылық поезына жеке нөмірді меншіктейтін осы Нұсқаулықтың 53-қосымшасына сәйкес ДУ-64 нысанды бланкте диагональ бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланкіде жеке рұқсат берілуі мүмкін.
      267. Шаруашылық поезын, өзі жүретін арнайы жылжымалы құрамды аралықта жұмыстарды жүргізу үшін станция шегінде жұмыс басшысы немесе ол уәкілеттік берген қызметкер ілесіп жүруі тиіс.
      Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалының нұсқауы бойынша шаруашылық поездарына қажетті жағдайда бас кондукторлар тағайындалады.
      268. Поездар қозғалысының белгіленген үзілісі аяқталатын уақытта жұмыс жүргізуі үшін соңғысы толықтай аяқталуы тиіс, поездар қозғалысының қамтамасыз ететін құрылыстар мен құрылғылар қалыпқа келтірілуі тиіс, тоқтату сигналдары, егер қажет болса жылдамдықты азайту сигналдары және тиісті сигнал белгілері алынады.
      269. Аралықтан шаруашылық поездарын және агрегаттарды жөнелту алдын ала поездық диспетчердің келісімімен жұмыс басшысының нұсқауы бойынша жүргізіледі.
      Аралықтан шаруашылық поездарының белгіленген тәртіпте кері оралуы туралы поезд диспетчері аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілерді хабардар етеді.
      Шаруашылық поездарының, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамының жұмысы біткені бойынша жұмыс басшысы өзі жеке немесе бағынысындағы қызметкерлері арқылы жолды немесе учаскенің барлық бойында басқа жөнделетін құрылғыларды қарауды, қозғалысқа кедергі жасайтын кемшіліктерді жоюды қамтамасыз етеді, сонымен қатар жүктер белгіленген габарит шегінен тыс еместігін тексереді.
      270. Егер автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда шаруашылық поездары, машиналары мен агрегаттары жұмыс біткен соң станцияға дұрыс жолмен жөнелтілсе, онда олардың қозғалысы осы Нұсқаулықтың 53-қосымшасына сәйкес ДУ-64 нысанды бланкте диагональ бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті бланкіде рұқсат етудің машинисте болғанына қарамастан белгіленген жылдамдықпен автобұғаттау сигналдары бойынша жүргізіледі.
      Қалған жағдайда аралықта жұмыстан кейін қайтып келетін шаруашылық поездарының, машиналардың, агрегаттардың жүру жылдамдығы (біріншіден басқа) 20 км/сағаттан артық болмауы, ал олардың арасындағы ара қашықтық 1 км кем болмауы тиіс.
      271. Аралықты (жолды) жабу жол дистанциясының бастығынан немесе оған уәкілетті қызметкердің (лауазымы жол шеберінен төмен емес), жол жұмыстары немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың біткені туралы, аралықта шаруашылық поездарының, өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрамның (немесе қос жолды аралықта дұрыс жол бойынша оларды жөнелту туралы) болмауы туралы, сонымен қатар ұйымдардың қайсысы жұмысты орындағанына қарамастан поездардың қауіпсіз қозғалысы үшін басқа кедергілер туралы хабарламасын (жазбаша, телефон бойынша немесе радио байланысы бойынша) алғаннан кейін поездық диспетчердің бұйрығымен жүргізіледі. Хабарлама поездық диспетчерге тікелей беріледі немесе жақын станциядағы кезекші арқылы беріледі. Телефон бойынша немесе радио байланысы бойынша алынған хабарды поездық диспетчер ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналына жазады.
      Қолданыстағы СОБ және байланыс немесе электрмен жабдықтау құрылғыларын қалпына келтіру (егер олардың жұмыстары бұзылса) СОБ бас электрмеханигінен және байланыс немесе энергия диспетчерінен алынған хабарламаға сәйкес жүргізіледі.
      272. Автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды аралықта поездық диспетчер жөндеу және құрылыс жұмыстары біткені, поездар қозғалысына кедергі жоқ, автобұғаттаудың жарамды әрекеті және дұрыс жол бойымен жұмыс орнынан шаруашылық поездарын жөнелту туралы хабарлама алған соң барлық шаруашылық поездарының (арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның) келуін күтпей-ақ автобұғаттау бойынша поездар қозғалысы үшін көрші станциядағы аралықты ашуға рұқсат етіледі.
      273. Шаруашылық поездарының, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның аралықтан станцияның сол жолына немесе жылжымалы құрамнан бос емес басқа жолдың еркін учаскесіне енгізуге рұқсат етіледі. Бұл ретте аралықтан қайтып келетін поездар осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген тәртіпте кіру бағдаршамының тыйым салынған көрсеткіші кезінде жолдың бос учаскесіне енгізіледі.
      Станцияға поездың кіруі кезінде машинист мұқият болуы тиіс және, егер әрі қарайғы қозғалыс үшін кедергі кездесіп қалса, тоқтауға дайын болуы тиіс.
      274. Өткізу қабілетін (қосылған поездарды өткізу, уақытты шектеумен поездар қозғалысы, автобұғаттаудың уақытша құрылғыларын қолдану, уақытша посттарды ашу) ең үздік пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру есебінен жолдардың біріндегі жөндеу жұмыстары үшін қос жолды және көп жолды аралықтарда қалған жолдар бойынша поездар қозғалысын Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді.
      Сипаты бойынша аралықты жабу талап етілмейтін жолдарды, құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу бойынша жұмыстар негізінен поездар арасындағы үзілістерде орындалады. Осындай жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен нұсқаулықтардың жергілікті нұсқаулығында белгіленеді.
      275. Құрылыстар мен құрылғыларды жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілмейтін аралықтарға (аралық жолдары) шаруашылық поездарын (дрезиналарды) жөнелту аралықты (жолдарды) жабуды талап етпейді, поездық диспетчердің ауызша нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
      Көрсетілген поездар сигнал беру және байланыстың тиісті құралдары үшін көзделген рұқсаттар бойынша жөнелтіледі.
      Жұмыс басшысына және машинистке станцияға поездың келгені (қайтып келгені) туралы ескерту беріледі. Аралықты ескертуде көрсетілген уақыттан астам ұстап тұруға тыйым салынады.
      Аралықтан шаруашылық поезы шыққанға дейін жұмыс басшысы поездардың қозғалысы үшін кедергілердің жоқ екеніне көз жеткізеді.
      276. Қос жолды немесе көп жолды аралықтағы жолдардың бірінде өзі жүретін арнайы жылжымалы құрамның, сонымен қатар қабылдау-жөнелту немесе станцияның бас жолдарындағы жұмысы кезінде Жол жұмыстарын жүргізу кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді және жағдайда көрші жол сигналдармен қоршалады. Осы жол бойынша жүріп келе жатқан поездарға жұмыстар басшысының өтініміне сәйкес ескертулер беріледі
      277. Вагон үлгілі қар тазалағыштың немесе жол төсегіш балластер жоңғысының, көтергіш кранның, шағылтас тазалағыш және басқа машиналардың қос жолды немесе көп жолды учаскелердегі, сондай-ақ станцияның қабылдау-жөнелту және бас жолдарындағы жұмысы кезінде көрші жолмен өтетін поездардың машинистеріне осы Нұсқаулықтың 66-қосымшасына сәйкес мазмұндағы ескертулер беріледі.
      Бұл ескертулер поездық диспетчердің нұсқауы бойынша станция бойынша кезекшіге беріледі.
      Станция жолдарындағы жұмыстар Сигнал беру жөніндегі нұсқаулықтың 50 мен 51-тармақтарының талаптарын сақтаумен жүргізіледі.
      278. Станция бойынша кезекші ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналындағы жұмыс басшысының жазбасымен танысып, посттар бойынша кезекшілерге, сигнал берушілерге, бағыттама посттарының кезекшілеріне нұсқау береді, солар арқылы станцияда жұмыс істейтін локомотив машинистеріне жолдардың немесе жол учаскелерінің өткізе алмайтындығы туралы, жұмыстар жүргізіліп жатқан жолдарды тексеру кезінде жылдамдықты қысқарту немесе ерекше мұқияттылық туралы, поездарды келесі өткізу және маневрлік қозғалыстары туралы станция жолдарында болатын қызметкерлердің парк байланысы бойынша хабардар етеді.
      Осындай жұмыстар жүргізілетін жолдарда поездарды қабылдау кезінде машинистерге қажет жағдайда жылдамдықты азайту немесе басқа сақтық шараларын қолдану туралы ескерту беріледі.
      ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында байланыс желісінде жұмыс жүргізу жағдайында барлық поездар немесе тек электрлік жылжымалы құрамның қозғалыстары үшін қандай жолдар, бағыттамасы немесе байланыс желілерінің секциялары жабылатыны көрсетілуі тиіс.

9. Поездарды қабылдау және жөнелту

§ 1. Жалпы талаптар

      279. Станцияның техникалық құралдарын пайдалану тәртібі станцияның техникалық - өкімдік актісінде белгіленеді, станциялар бойынша поездарды қауіпсіз және кедергісіз қабылдау, жөнелту және жүруі, станция ішілік маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды сақтау регламенттеледі.
      Станцияның техникалық-өкімдік актісінің талаптары барлық қызметтердің қызметкерлері үшін міндеті болып табылады.
      280. Қабылдау немесе жөнелту үшін маршрут дер кезінде даярлануы тиіс, кіру (шығу) бағдаршамы ашық, қабылданатын (жөнелтілетін) поезд машинисі сигналдың ашық жағдайын дер кезінде қабылдауы тиіс және станцияға кірер алдында поездың белгіленген жылдамдығын азайтуға немесе станциядан жөнелту кезінде поезды кідіртуге рұқсат етілмейді.
      281. Әрбір поезды қабылдау және жөнелту алдында станция бойынша кезекші жолға және қабылдау (жөнелту) маршрутына шығуы бар және маневрлерді, сондай-ақ олардан поездың жүру маршрутына жылжымалы құрамның шығу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайтын жолдарда бағыттаманы күзет жағдайына орнату арқылы тоқтатады.
      282. Станция бойынша кезекшіге сигналды ашуға немесе маневрлерді нақты тоқтатуға көз жеткізуге дейін поездарды қабылдау немесе жөнелту бойынша басқаша рұқсат етуге тыйым салынады.
      Маневрлерді тоқтату, станция бойынша кезекшілерге өкімдер беру және оларды орындау станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.
      Станцияның сұрыптау-жөнелту паркінде маневрлерді жүргізу Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді және станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.
      283. Бағыттама және сигналдарды орталықтандырумен жабдықталған станцияларда поездарды қабылдау және жөнелту маршруттары бойынша барлық операциялар станция бойынша кезекшінің жеке өзімен немесе оның нұсқауы бойынша орталықтандыру посттарындағы оператор орындайды. Атқарушы посттары бар орталықтанған бағыттамаларды басқару кезінде поездарды қабылдау немесе жөнелту маршруттарын даярлау туралы барлық өкімдер станция бойынша кезекші орталықтандыру постысы операторына береді және басқару аппаратындағы тиісті әрекеттердің өкімін растайды. Берілген өкімдерді орындау ұзақтығының дұрыстығын орталық аппаратты басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша бақылауға алынады.
      Поездарды қабылдау, жөнелту, өткізу поездары маршруттарын әзірлеу кезінде бағыттамаларды және сигналдарды орталықтандыру құрылғыларын пайдалану, сонымен қатар станциялар бойынша кезекшілер және посты операторларының іс-қимылдары СОБ құрылғыларын пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықта және станцияның техникалық-өкімдік актісімен белгіленеді. Осы құжаттарда орталықтандырылған және орталықтандырылмаған бағыттамалар ретінде станциялардағы қызметкерлердің іс-қимыл тәртібі белгіленеді.
      284. Орталықтандырылмаған бағыттамасы бар станцияларда поездарды қабылдау немесе жөнелту маршрутын дайындау туралы өкімдерді станция бойынша кезекші маршрутты дайындауға қатысатын бағыттама постылардың барлық аға кезекшілеріне бір уақытта келіссөздердің берілген регламентін сақтай отырып береді. Егер бағыттама постыларының аға кезекшілерінің кезекшілігі белгіленбесе, маршрутты әзірлеу туралы өкімді бағыттама постыларының тікелей кезекшілері береді.
      Поездарды қабылдау және жөнелту бойынша маршруттарды әзірлеуде қабылдау жолының қарама қарсы соңында кіру (шығу) алқымында орналасқан бағыттама постылары орналасуы тиіс, сонымен қатар басқа постылар, солар арқылы поездарды қабылдау немесе жөнелту маршрутына жылжымалы құрамның жөнелтілуі мүмкін.
      285. Бағыттама посттарды немесе атқарушы посттарды әзірлеу туралы өкімдер орталықтандыру станциясы кезекші тиісті сигналдың дер кезінде ашылуын қамтамасыз ететін уақыт ішінде барлық қажетті операциялардың аяқталу мүмкіндігі есебінен беріледі.
      286. Станция бойынша кезекші маршрутты әзірлеу дұрыстығын басқару аппараты аспаптарының көрсеткіштері бойынша тексереді.
      Мұндай аспаптары жоқ станцияларда станция бойынша кезекші бағыттама постыларының аға кезекшілері немесе бағыттама постылардың кезекшілерінің баяндамалары бойынша маршрутты әзірлеу дұрыстығын тексереді.
      287. Егер станциядағы жекелеген бағыттамалар бағыттама посттан елеулі ара қашықтықта орналасқан болса, онда олардың жағдайын және жарамдылығын тексеру әрбір қабылданатын және жөнелтілетін поезд алдында емес, кезекшілікті қабылдағанда және кезекшілік уақыты ішінде мерзім сайын, техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.
      Бұдан басқа, мұндай бағыттамалардың жағдайы мен жарамдылығы, егер маршрутты әзірлеу алдында маневрлік жылжулар, тексеру мен жөндеулер үшін ауыстырылған жағдайда міндетті түрде тексерілуі тиіс. Мұндай бағыттамалар бақылау құлыптарымен жабдықталған болуы тиіс, олардың кілттері басқару аппаратында болуы тиіс, ал кілт тәуелдігі болмаған кезде – станция бойынша кезекшіде болуы тиіс.
      Мұндай тәртіпті қолдануға рұқсат еткен станция тізбесін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітеді.
      Мұндай бағыттамалардың жағдайын тексеру тәртібі станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі.
      288. Поездарды қабылдау немесе жөнелту үшін маршрут дайындығы туралы баяндаудан кейін бағыттама посттары кезекшілері, сигналистері және станция бойынша кезекшісі маршруты дайын поезд поезд станциядан келмейінше немесе станциядан жөнелтілмейінше басқа қызметкерлерге беруге тыйым салынады. Поездардың келуіне дейін немесе жөнелтуі бойынша кезекшілік ауысымы қажет болғанда қайтадан жұмысына кірісетін қызметкер кезекшілікті тапсыратын қызметкердің осы операцияны орындауына сілтеме жасамай-ақ маршрутты орнату дұрыстығына өзі көз жеткізеді.
      289. Жолаушылар поезы тұрған жолаушылар ғимараты мен жолдар арасында орналасқан жолдардағы жүк поездарын тоқтатуға негізінен жол берілмейді. Ерекше жағдайда жүк поездары жолаушылар ғимараты мен жолаушылар поезының арасында тұрақтаған жағдайда жүк поезы тарқатылуы тиіс, және жолаушыларға арнап (егер өтпеде көпір немесе тоннель болмаса) жасалуы тиіс. Бұл ретте құрама бригада жоқ станцияларда Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы жергілікті нұсқаулықты бекітеді, осы операцияларды орындау үшін тартылуы мүмкін қызметкерлер тізімін көрсете отырып жүзеге асырады.
      Егер поезды, маневрлік құраманы немесе жолаушылар поезы мен жолаушылар ғимараты арасында орналасқан жолдар бойынша локомотивті өткізу қажет болса, станция және вокзал бойынша кезекшілер жолаушыларды отырғызу және түсіру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.
      Жолаушылар поезы тұрған жолаушылар ғимараты мен жолдар арасында орналасқан жолдар бойынша поездар мен маневрлік құраманы өткізу станцияның техникалық - өкімдік актісінде көзделуі тиіс.
      290. Жолдарды қабылдау-жөнелту электрлік оқшаулағышы жоқ аралық станциялар бойынша кезекшілер жолаушылар және почта-багаж поездарын қабылдау алдында поезд диспетчеріне қандай жолда поезд қабылдануы тиіс екенін баяндайды.
      291. Поезды жолда қабылдау немесе жолдан жөнелту бұл үшін станцияның Мұндай бағыттамалардың жағдайын тексеру тәртібі станцияның техникалық - өкімдік актісінде көзделмеген, тек ерекше жағдайда поезд диспетчерінің рұқсаты бойынша жол берілуі мүмкін. Мұндай жолдарда жолаушылар, почта-багаж, жүк жолаушылар және адамдар поездарын қабылдауға рұқсат етер алдында поезд диспетчері өз әрекеттерін тасымалдау бөлімшесі бойынша кезекшімен келіседі. Бұл жағдайда жолаушылар, почта-багаж, жүк жолаушылар және адамдар поездарын қабылдау және жөнелту маршрутында оларды орнату дұрыстығын, маршрутта бағыттама жағдайын оған бақылауға мүмкіндік беретін басқару аппаратының станциясы бойынша кезекші болмаған кезде станция бастығы немесе оның орынбасары, станция, посты немесе парк бойынша кезекшілер тексереді.
      292. Станцияның техникалық - өкімдік актісінде көзделмеген жолдағы жолаушылар поезын қабылдау туралы, сонымен қатар кесте бойынша тоқтауы станциядағы жолаушылар поезының кідіруі туралы станция бойынша кезекші радио байланыс бойынша локомотив машинисін хабардар етеді.
      Бір машинист қызмет көрсететін жолаушылар поезын қабылдау және жөнелту алдында станция бойынша кезекші, диспетчерлік орталықтанумен жабдықталған учаскелерде - поезд диспетчері маршруттың дайын екендігі, сигналдың ашық немесе қажет жағдайда поезды мәжбүрлі кідірту туралы машинисті хабардар етеді. Станциялар тізімі, станция бойынша кезекші жергілікті жағдайға және поездар қозғалысының өлшемдеріне байланысты мұндай хабарламаны поезд машинисіне дер кезінде бере алмайды, бұл реттегі поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалының жергілікті нұсқаулығымен белгіленеді.
      293. Орталықтанған бағыттамасы бар станцияларда станция бойынша кезекші қажет жағдайда электр тартқышы бар поездарды қабылдау немесе жөнелту үшін нұсқалық маршруттарды пайдалану қажеттілігі кезінде осындай поездың жүру маршруты бойынша байланыс желісінің бар екеніне көз жеткізеді.

§ 2. Поездарды қабылдау

      294. Станцияда поездарды қабылдау станцияның техникалық - өкімдік актісінде тағайындалған еркін жолдарда, тек ашық кіру сигналы кезінде, ал жолаушылар поезы автоматты локомотив сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған жолдарда жүргізілуі тиіс. Осы құрылғылармен жабдықталмаған жолдарда қабылдау кезінде жолаушылар поезының қауіпсіздігін қамтамасыз ету Ұлттық темір жол компаниясының бұйрығымен белгілейді.
      Станция бойынша кезекші поездарды дер кезінде қабылдау үшін еркін жолдардың бар екендігін қамтамасыз етеді. Жабық кіру сигналында поездарды кідірту қажеттілігі үшін станция бойынша кезекші жауапты болмайды.
      Поездарды қауіпсіз қабылдауды қамтамасыз ету үшін станция бойынша кезекші:
      1) поездарды жылжымалы құрамнан бос жолдарда станцияның техникалық-өкімдік актісімен белгіленген мамандануға сәйкес қабылдайды;
      2) келетін поездардан жолдардың бос болмайтын бірізділігін ертерек жоспарлауға және осыған сәйкес әрбір поезды қабылдау үшін жолды әзірлейді;
      3) жолдарды қабылдау-жөнелту жағдайының (бостығы немесе бос еместігі) есебін жүргізеді (басқару аспаптарының көрсеткіштері бойынша орындалған қозғалыс кестесінде және басқа тәсілдермен).
      295. Орталықтандырылмаған бағыттамасы бар станцияларда станция бойынша кезекші, бағыттама постыларының аға кезекшілері, бағыттама посттарының кезекшілері поездарды қабылдау алдында маршруттарды дайындаудың келесі тәртібін сақтайды:
      1) поездарды қабылдау үшін басқа бос жолы бола отырып, станция бойынша кезекші қабылдау маршрутына енетін барлық бағыттама постыларының аға кезекшілерін шақырады (немесе бағыттама постыларының кезекшілерін, егер аға кезекшілердің кезекшісі белгіленбесе), оларға маршрутты дайындау туралы өкім береді.
      Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша бағыттама посттары кезекшілерінің бірі телефонмен қалғандарына осы өкімді қайталайды, ал олар қабылдағанда «Дұрыс» деген сөзбен растайды. Өкім барлығына дұрыс түсінікті екеніне көз жеткізіп, станция бойынша кезекші оны «Орындаңдар» деген сөзбен растайды;
      2) маршрутты дайындау туралы өкімді алып, бағыттама постылардың аға кезекшілері өз ауданының бағыттама постыларының кезекшілері орындау үшін береді және соңғылары оны дұрыс түсінгеніне көз жеткізеді.
      Бұдан соң маршрутты дайындауға қатысатын қызметкерлердің барлығы берілген өкімді орындауға кіріседі.
      296. Егер маршрутты дайындауға қатысатын посты ауданында поездарды келесі қабылдау бағыттамалары және жолдарға шығатын маневрлік жұмыс жүргізілсе, онда ол дереу тоқтатылуы тиіс, маневр құрамы жол шегінде белгіленген, оның болуы қабылданатын поездың жүруіне кедергі жасамайды, станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 281 және 282-тармақтарына сәйкес көз жеткізеді.
      297. Станцияның қарама қарсы жағында маневрді жүргізу кезінде тиісті бағыттама постының кезекшісі қабылдау жолында маневр құрамының шығу мүмкіндігін жоққа шығаратын немесе оларды қабылдайтын жағдайға қояды және оларды бекітеді.
      Маршрутты дайындай отырып, бағыттама посттарының кезекшілері станцияда белгіленген қабылдау жолдарының бос екенін тексереді, бағыттаманы талап етілген жағдайға бұрады, түйісу жағдайын тексереді, маршрутқа енетін әрбір бағыттамадағы рамалы рельске үшкірлердің жату тығыздығын тексереді және оларды салмаға бекітеді және бақылау бағыттамасының құлпына бекітеді.
      298. Бағыттама посттарының аға кезекшілері жұмысты басқаратын аудандарда соңғысы жеке:
      1) өз ауданының бағыттама посттарының кезекшілерімен маршрутты дайындау дұрыстығын тексереді, жолдардың бос болуының тексерілгеніне көз жеткізеді және бекітілген бағыттамалардан кілтті алады;
      2) маршрутты дайындаумен байланысты барлық операциялар аяқталған соң олардың орындалу дұрыстығына мұқият көз жеткізгеннен кейін маршрутты дайындау туралы тапсырма алған бағыттама постысының әрбір аға кезекшісі (немесе бағыттама постының) маршруттың дайындығы және жолдардың бостығы туралы баяндау үшін станция бойынша кезекшіні шақырады.
      Маршруттың дайындығы туралы хабарламаны станция бойынша кезекші телефонмен барлық бағыттама посттарының кезекшілерінен бір уақытта қабылдайды, ең соңғысына маршрутты дайындауға тапсырма беріледі. Соңғылары кезек кезекпен маршруттың дайын екені туралы баяндайды.
      299. Берілген маршрутта бағыттама жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін басқару аппараты бар станцияларда станция бойынша кезекші:
      1) маршрутты дайындау туралы өкімдердің орындалуының дұрыстығына аспаптардың көрсеткіштері бойынша да көз жеткізеді;
      2) маршруттың дұрыс дайындалғанына көз жеткізе отырып жол бос, ал маневрлер осы Нұсқаулықтың 281 және 282-тармақтарына сәйкес тоқтатылғанына көз жеткізіп, станция бойынша кезекші кіру бағдаршамын ашады немесе бағыттама посттарының кезекшісіне егер сигналмен басқару осы постыда болса оны ашу туралы өкім береді;
      3) бағыттама посттарының кезекшілері дайын маршрутты күзетеді және аралас жолдар бойынша өтпелердің болуын мұқият тексереді. Бағыттама посттарының кезекшілері белгіленген сигналдармен станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген жерлерде поездарды қарсы алады;
      4) поезд жүрген кезде бағыттама посттарының кезекшілері вагондардың жағдайына, ашық жылжымалы құрамдағы жүктер жағдайының дұрыстығына, көзделген сигналдардың габаритінің болуына назар аударады. Барлық ескертулер туралы бағыттама посттының аға кезекшісіне немесе станция бойынша кезекшіге хабарлайды, ал қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адамдар өміріне қауіп төнген жағдайда поезды тоқтату шараларын қабылдайды.
      300. Қабылдау жолын шектейтін бағыттама енетін бағыттама постының кезекшісі поездың толық құрамда келгеніне артқы сигналының болуы бойынша көз жеткізеді, оның шекті бағандар шекарасында орналасуын тексереді және бұл туралы станция бойынша кезекшіге баяндайды.
      Поезд келгеннен кейін (жүріп өткен соң) бағыттама постының кезекшісі ерекше өкімді күтпей-ақ, бағыттамаларды вагондарды жылжымалы құрам тұрған бос емес жолға кетіп қалу жағдайынан сақтайды, ал жол бос болмаған жағдайда – бос жол бағытына бұрады.
      Поездарды қабылдау үшін маршруттарды дайындау, сонымен қатар бағыттама постының бір кезекшісі екі постыға қызмет көрсететін станцияға келуші поездарды қабылдау станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.
      301. Егер кіру бағдаршамы ашық болса, станция бойынша кезекші қабылдау маршрутының өзгергені туралы нұсқау бермейді.
      Ерекше жағдайда маршрут өзгерісі қажет болған кезде басқа бос жолға поездарды қабылдау үшін станция бойынша кезекші кіру бағдаршамын жабады, машинисті ескертеді, берілген маршрутты ауыстырады және тек содан кейін ғана маршрутты дайындауға жаңа тапсырма береді.
      302. Егер станцияға бірнеше поездарды бірізділікті қабылдау қажет болса, станция бойынша кезекші маршруттың дайын екені туралы хабарлама алғаннан кейін олардың ішіндегі біреуі үшін бағыттама постыларының кезекшілеріне келесі поезд үшін маршрутты келесі дайындау туралы нұсқаулық береді. Бұл жағдайда бірінші поезд толық құрамда келгеннен кейін және кіру бағдаршамын жапқаннан кейін екінші поезды қабылдау маршруты дайындалады. Бірінші поезд маршрутына енбейтін бағыттамалар орнатылуы және алдын ала бекітілуі мүмкін. Станция бойынша кезекшіге екінші поезд маршрутының дайын екені туралы станция бойынша кезекшіге хабарлама бірінші поездың келгені туралы хабарламамен бір уақытта беріледі.
      303. Поездарды қабылдау алдында жолдардың бос екендігін тексеру станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді. Тексеру тәсілдері мынадай болуы мүмкін:
      1) қабылдау-жөнелту жолдары электрлік оқшаулаумен жабдықталған станцияларда басқару аппаратының бақылау аспаптары бойынша;
      2) жолдардың белгілі бір бөлігінің бос екендігін тексеру станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген қызметкерінің (бір немесе екі, аудандағы олардың жұмысына байланысты) жолдарды тексеру жақсы көрінетін жерлерге дейін көрсетілген өтпе жолға баруымен жүргізіледі;
      3) тәуліктің қараңғы уақытында және күндіз нашар көрінген кезде – қабылдау жолының бойында станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген ашық өтпе бойынша;
      4) станцияға тоқтамай өтетін поездардың артқы сигналдары бойынша (барлық жолдар жақсы көрінген кезінде).
      304. Қажет жағдайларда станция бойынша кезекшінің өкімі бойынша бір немесе бірнеше қабылдау жолдарының бос екендігін тексеру поездарды қабылдау үшін дайындаудан кейін алынатын екі жақтан тасымалданатын қызыл сигналдары бар әрбір тексерілген жолды дер кезінде қоршаумен жүргізілуі мүмкін.
      Техникалық құрылғылардың, жұмыс жағдайына және жолдардың орналасуына байланысты тексерудің басқа да тәсілдері де болуы мүмкін, бірақ бұл ретте бос емес жолда поезды қабылдау мүмкіндігін жоққа шығарады.
      305. Егер станцияға қабылдау жолының пайдалы ұзындығы шекарасында орнатылмайтын поезд келетін болса, онда станция бойынша кезекші радио байланысы арқылы осы поездың машинисіне сөнген қызыл жарық кезінде осы бағдаршамның бағанында ай-ақ жарық бойымен қабылдау жолының шығу (маршруттық) бағдаршамынан тоқтаусыз жүруіне (тоқтау сигналын немесе командасын алғанға дейін) рұқсат етеді.
      Мұндай рұқсат алмаған кезде келген поездың машинисі шығу (маршруттық) бағдаршамының ай-ақ жарығы болған кезде қабылдау жолында шығу (маршруттық) бағдаршамынан өтіп кетпей тоқтайды.
      Мұндай поезды шегіндіру қажеттілігі кезінде оны шығу бағдаршамының рұқсат етілген көрсеткіші бойынша сигнал бойынша немесе шегіндіру үшін маршрутты алдын-ала дайындаудан кейін станция бойынша кезекшінің көрсеткіші бойынша радиобайланысы арқылы машинистке хабарланады.
      306. 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері бар және габаритті емес жүктері бар поезд станциясының техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген жолдарда қабылдануы тиіс.
      1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері бар және габаритті емес жүктері бар поезды қабылдау және жөнелту кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары Темір жолдар бойымен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында, Темір жолдарда габаритті емес және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықта, осы Нұсқаулықтың 16-тарауында белгіленеді.

§ 3. Поездарды жөнелту

      307. Станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтанумен жабдықталған учаскелерде поездық диспетчердің поезды жөнелту үшін маршрут дайын екеніне, бағыттамалар бекітілгеніне, жөнелту маршрутындағы бағыттамаларда маневрлер тоқтатылғанына, техникалық қызмет көрсетуге және құрамды коммерциялық тексеру аяқталғанына көз жеткізбей отырып, шығу бағдаршамын ашпайды немесе аралықтың бос болмауына байланысты басқа рұқсат бермейді. Поездарды олардың құрастыру станциясынан, поезд құрамасына вагондарды тіркеу немесе ағыту жүргізілетін станция немесе поездың артқы жағын белгілейтін сигналды дискілерді айырбастау көзделген станциядан жөнелту кезінде станция бойынша кезекші шығу бағдаршамын ашар алдында немесе локомотив, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисіне аралықты иеленуге рұқсат берер алдында станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен соңғы вагонда поезд сигналының бар екендігіне көз жеткізеді.
      308. Локомотивті жолаушылар поезына берген кезде немесе локомотив бригадасының ауысымы кезінде депо бойынша кезекші (бригадалардың айналым пункті) станция бойынша кезекшіге локомотив нөмірін, машинистің тегін және оның жұмысқа келу уақытын көрсетумен локомотивке бір машинистің қызмет көрсететіндігі туралы хабарлайды.
      Станция бойынша кезекші бұл деректерді ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналына жазады және оларды поездық диспетчерге хабарлайды.
      Бұл хабарламаны алған поезд диспетчері өз учаскесінің станцияларына тіркелетін бұйрықты береді және осы Нұсқаулықтың 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүру маршруты бойынша көрші учаскенің поездық диспетчеріне хабарлайды.
      Станцияның техникалық-өкімдік актісінде осындай поездарды қабылдау және өткізу жолдары көрсетіледі.
      309. Орталықтандырылмаған бағыттамалары бар станцияда поездарды жөнелту кезінде станция бойынша кезекші, бағыттама посттарының аға кезекшілері, бағыттама посттарының кезекшілері маршрутты дайындаудың келесі тәртібін сақтайды.
      Жөнелту маршрутына енетін станция бойынша кезекші бағыттама посттарының барлық аға кезекшілерін (немесе аға кезекшілердің кезегі белгіленбесе, бағыттама посттарының кезекшілері) шақырады және маршрутты дайындау туралы өкім береді.
      Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша бағыттама посттарының кезекшілерінің бірі телефонмен қалғандарына осы өкімді қайталайды, ал олар қабылдағанда «Дұрыс» деген сөзбен растайды. Өкім барлығына дұрыс түсінікті екеніне көз жеткізіп, станция бойынша кезекші оны «Орындаңдар» деген сөзбен растайды.
      310. Маршрутты дайындау туралы өкімді алып, бағыттама посттардың аға кезекшілері өз ауданының бағыттама посттарының кезекшілері орындау үшін береді және соңғылары оны дұрыс түсінгеніне көз жеткізеді.
      Жөнелту маршрутын дайындаумен байланысты барлық операциялар және станция бойынша кезекшінің маршруттың дайын екені туралы хабарламасы қабылдау маршрутына арналған тәртіппен жүргізіледі.
      311. Жөнелту маршрутының дайын екеніне көз жеткізген станция бойынша кезекші аралық бос болғанда және қажет жағдайда көрші станция бойынша кезекшінің келісімі бойынша шығу бағдаршамын ашады немесе машинистке аралықтың бос емес болуына байланысты басқа рұқсат береді (радиобайланысы бойынша бұйрық, жазбаша рұқсат немесе жезл).
      Бағыттама посттарының кезекшілері поездарды қабылдау кезіндегі тәртіпте жөнелтуді бақылай отырып, станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделген жерде белгіленген сигналдары бар поездарды шығарып салады. Маршруттың соңғы бағыттамасы енетін бағыттама постысының кезекшісі поезды шығарып салып және соңғы вагонда сигналдың болуына көз жеткізіп, станция бойынша кезекшіге поезды толық құрамда жөнелткені туралы хабарлайды.
      Поездарды жөнелткеннен кейін бағыттамаларды вагондарды жылжымалы құрам тұрған бос емес, ал жол бос болмаған жағдайда - бос жол бағытына қойылады.
      312. Поезды жөнелту үшін кіру бағдаршамы ашық болғаннан кейін станция бойынша кезекшінің маршрутының өзгергені туралы нұсқаулық беруге және басқа поезды жөнелту үшін маршрутты дайындауға құқығы жоқ.
      Ерекше жағдайларда бұл кіру бағдаршамын жауып, оған шығу сигналы ашылған поезд локомотивінің машинисіне ескерте отырып және берілген маршрутты ауыстырғаннан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
      313. Егер станциядан бірнеше бағыттас поездарды бірізділікті жөнелту кезінде станция бойынша кезекші маршруттың дайын екені туралы хабарлама алғаннан кейін олардың ішіндегі біреуі үшін бағыттама посттарының кезекшілеріне келесі поезд үшін маршрутты келесі дайындау туралы нұсқаулық береді. Бұл жағдайда бірінші поезд толық құрамда жөнелткеннен кейін екінші поезды жөнелту маршруты дайындалады. Бірінші поезд маршрутына енбейтін бағыттамалар орнатылуы және дер кезінде бекітілуі мүмкін. Станция бойынша кезекшіге екінші поезд маршрутының дайын екені туралы станция бойынша кезекшіге хабарлама бірінші поезды жөнелту туралы хабарлама бір уақытта беріледі.
      314. Поездар тоғысқан кезде станция бойынша кезекші поезды қабылдау үшін маршруттың дайын екендігі туралы хабарлама алған соң бағыттама постысының кезекшісіне қарама қарсы келе жатқан поезды жөнелту маршрутын келісуге (поезд келген соң) дайындау туралы бағыттама постыларының кезекшілеріне нұсқаулық береді. Бұл жағдайда поезд толық құрамда келген соң қарсы келе жатқан поезды жөнелту маршруты дайындалады. Келетін поезд маршрутына енбейтін бағыттамалар орнатылуы және дер кезінде бекітілуі мүмкін. Станция бойынша кезекші маршруттың дайын болуы туралы хабарламасы поездың келгені туралы хабарламамен бір уақытта беріледі.
      315. Тек поездарды қабылдау кезінде бағыттама жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін маршруттық-бақылау құрылғылары бар станцияларда бұл құрылғылар мүмкіндігінше жөнелту маршрутында бағыттама жағдайы үшін пайдаланылуы тиіс. Бұл жағдайда станция бойынша кезекші бағыттама постына жөнелту маршрутын дайындау және бағыттама постыларының кезекшілерінің оны орындауы туралы өкім бергеннен кейін осы жолда поездарды қабылдау үшін маршрутты тұтқалар және блок-көзілдіріктер бойынша дайын маршрутта бағыттамаларды орнату дұрыстығын тексереді.
      Маршрутты-бақылау құрылғылар дұрыс емес жол бойымен жүріп келе жатқан поездарды қабылдау кезінде бағыттамаларды орнату дұрыстығын бақылау үшін мүмкіндігінше пайдаланылуы тиіс (кері маршрутты бұғаттаумен).
      316. Станция жолдарынан, сондай-ақ шығу бағдаршамы жоқ жолдардан поездарды жөнелту кезінде шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде жетекші локомотив машинисіне тыйым салады, ал аралықтың бос екендігіне жазбаша рұқсат алу кезінде, поезды радио байланысы бойынша берілетін станция бойынша кезекшінің нұсқауынсыз немесе станция бойынша кезекшінің немесе оның нұсқауы бойынша посты, парк бойынша кезекшінің берілген жөнелту сигналымен, орталықтандыру постысы операторымен, бағыттама постының кезекшілерімен немесе бас кондуктормен (поезд құрамасымен) қозғалысқа келтіріледі. Жөнелту сигналын беру станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.
      317. Станция бойынша кезекшіге шақыру сигналын ашуға, машинистке радиобайланысы бойынша тіркелетін бұйрықты беруге немесе жөнелту маршрутының дайын екеніне көз жеткізбей, поезды жөнелту туралы жазбаша рұқсат беруге тыйым салынады.
      Машиниске жазбаша рұқсатты бергеннен кейін станция бойынша кезекші (станция қызметкері) оған радиобайланысы бойынша жөнелту туралы нұсқаулықты береді (жөнелту сигналын береді).
      Шығу бағдаршамында шақыру сигналын ашқаннан кейін немесе радио байланысы бойынша тіркелетін бұйрықты беру кезінде станция бойынша кезекшіге қосымша нұсқаулық немесе машиниске жөнелту сигналын беру талап етілмейді.
      318. Жол жазбасы бойынша немесе диагональ бойынша бір немесе екі қызыл жолағы бар ақ түсті бланкідегі (тиісінше осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес ДУ-50 нысаны, осы Нұсқаулықтың 53-қосымшасына сәйкес ДУ-64 нысаны, осы Нұсқаулықтың 45-қосымшасына сәйкес ДУ-56 нысаны) рұқсатпен поездарды жөнелту кезінде жөнелту маршрутын тұйықтау үшін станция бойынша кезекші рұқсат етуші көрсетуге кіру бағдаршамын аша алады. Бұл жағдайда шығу бағдаршамын ашар алдында станция бойынша кезекші радиобайланысы бойынша немесе басқа тәсілдер бойынша машинисте аралықты иелену құқығына жазбаша рұқсаты бар екеніне көз жеткізеді.
      319. Орталықтандырылмаған бағыттамасы бар станция арқылы поезды тоқтаусыз өткізу кезінде станция бойынша кезекші және бағыттама посттың кезекшілері поездарды қабылдау және жөнелту үшін олардың маршруттың дайын екені туралы және хабарламаның тәртібін сақтайды.
      Бұл жағдайда маршруттың дайын екені туралы өкімді беру және оның дайындығы туралы баяндама кезінде телефондарда поездың жүру маршрутына енетін барлық бағыттама посттарының аға кезекшілері (немесе аға кезекшілер белгіленбесе, кезекшілер) болады.
      320. Шағын қашықтығы бар сол бір маршрут бойынша бірнеше поездар станция арқылы бағыттас жүру кезінде қарқынды қозғалысы бар учаскелерде бірінші поезд үшін жүру маршрутының дайын екені туралы хабарлама алған соң, осы маршрутқа енетін бекітілген бағыттамаларды аудару және сақтауға тыйым салу туралы нұсқау береді.
      Бұл жағдайда бірінші поезд өткен соң бағыттама постыларының кезекшілеріне жүру маршрутына енетін бағыттамаларды аударуға тыйым салынады. Әрбір келесі поезға кіру және шығу бағдаршамдарын ашу туралы станция бойынша кезекші бағыттама постылардың кезекшілерін хабардар етеді, ал соңғылары поезды қарсы алады және шығарып салады.
      Қабылдау жолының бос екендігіне станция бойынша кезекші жеке өзі немесе бағыттама посттары (кіру және шығу) бойынша кезекшілердің баяндамалары бойынша көз жеткізеді, артқы сигналы бар толық құрамда поездардың келуі және жөнелтуі туралы оған хабарлайды.
      321. Автоматты бұғаттаумен жабдықталған учаскелерде кіру, шығу, маршрутты бағдаршамдарын аудару кезінде станция арқылы поездардың тоқтаусыз өтуі үшін автоматты әрекетіне рұқсат ету міндетті болып табылады. Автоматты әрекеттегі кіру, маршрутты, шығу сигналдары туралы станция бойынша кезекші орталықтандыру атқару посттарының операторларын, сигнал берушілерді және бағыттама посттарының кезекшілерін хабардар етеді. Бұл жағдайда көрсетілген қызметкерлер станция бойынша кезекшінің ерекше өкімін күтпей-ақ әрбір поезды белгіленген жерде қарсы алады және шығарып салады, барлық байқалған бұзылуларды баяндайды, ал қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адамдар өміріне қауіп төнген жағдайда поезды тоқтатуға шаралар қабылдайды.
      322. Вагондар қалатын жолдан поезды жөнелтер алдындағы барлық жағдайларда поезд құрамы мен осы вагондар арасында 5 м кем емес ара қашықтықта үзіліс жасалуы тиіс. Орнында қалатын вагондар олардың жылжуының алдын алумен сенімді бекітілуі тиіс.
      Осы операцияларды орындау тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.

§ 4. Поездарды кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі
кезінде станцияға қабылдау

      323. Кіру бағдаршамының негізгі жарығы сөнген немесе тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға поездарды қабылдауға жол берілмейді. Кіру бағдаршамының негізгі жарығы сөнген немесе тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияға поездар қабылдау шақыру сигналы бойынша, станция бойынша кезекшінің арнайы рұқсаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін және тек ерекше жағдайларда және тәртіпке сәйкес осы Нұсқаулық бойынша көзделеді.
      Станцияға шақыру сигналы бойынша немесе станция бойынша кезекшінің арнайы рұқсат етуі бойынша қабылдау кезінде поездардың жүру жылдамдығы 20 км/сағаттан аспауы тиіс, бұл ретте машинист поезды мұқият сақтықпен және егер әрі қарай қозғалыс үшін кедергі кездесіп қалса, тоқтауға дайындықпен жүргізеді.
      324. Кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде станцияда поездарды қабылдауға мына жағдайда жол беріледі:
      1) кіру бағдаршамын ақаулығы салдарынан ашу мүмкін болмағанда;
      2) егер поезды қабылдау станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделмеген және кіру бағдаршамын ашу мүмкін емес жолда жүргізілсе;
      3) станцияда орналасқан депоға баратын итергіш локомотивтерді, деподан поезд құрамымен баратын локомотивтерді белгілі жол учаскелерінде қабылдау;
      4) қалпына келтіру және өрт поездарын, қосалқы локомотивтерді, вагонсыз локомотивтерді, қар тазалағыштарды, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды, сонымен қатар шаруашылық поездарын және жол машиналарын жолаушылар поезы тұрған жолдан басқа станция жолдарының бос учаскелерінде қабылдау (аралықты жабумен жұмыс жүргізу кезінде).
      325. Кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияда поездарды қабылдау:
      1) машинистке радиобайланысы бойынша берілетін станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы бойынша;
      2) кіру бағдаршамында белгіленген арнайы телефон бойынша станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы бойынша;
      3) шақыру сигналы бойынша;
      4) станция бойынша кезекшінің жазбаша рұқсаты бойынша;
      5) поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығы бойынша (диспетчерлік орталықтандыру кезінде);
      6) кіру сигналының бағанында орнатылған арнайы маневрлік сигнал бойынша жүргізіледі.
      326. Сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 325-тармағына сәйкес, кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезіндегі (немесе осындай бағдаршам болмайды) дұрыс жол бойымен жүріп келе жатқан поезды станцияда қабылдайды. Бұл рұқсат етулер кіру (маршруттық) бағдаршамын күрт жапқан кезде машинист тыйым салуды қабылдап, поезды кіру бағдаршамы жанғанда қабылдайды.
      Аталған рұқсат етулердің кез келгені машинистке станция бойынша кезекшінің қабылдау маршрутының дайын екеніне көз жеткізген соң ғана берілуі мүмкін.
      Кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияға поездарды қабылдау туралы машинистке берілетін бұйрықтар осы Нұсқаулықтың 8-тармағының талаптарына сәйкес тіркелуі тиіс.
      Кіру (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде және дұрыс емес жолдар бойынша станцияға поездарды қабылдау кезінде қызметкерлердің әрекеті станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.
      327. Кіру (маршруттық) бағдаршамы жанбаған кезде маршруттық нұсқағыш (парк немесе қабылдау жолы) поезд станцияда кіру (маршруттық) бағдаршамының рұқсат етуші көрсеткіші бойынша жарамсыз маршруттық нұсқағыштың өтуге қосымша рұқсат етуін машинистке бермей-ақ қабылдайды. Бұл жағдайда машинист станцияға кірер алдында ерекше қырағылық танытуы тиіс.
      Станцияда маршруттық нұсқағыштың ақаулы жағдайында кіру (маршруттық) бағдаршамының өтуі айнымалы және тұрақты ток электр тартқышының түйісуі, сондай-ақ станцияда табандарының ені әртүрлі жолдардың бірігуі Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін нұсқаулықтарда белгіленеді.
      328. Кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде поездарды қабылдау туралы радиобайланысы бойынша станция бойынша кезекшінің тіркелетін бұйрығы осы Нұсқаулықтың 68-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі:
      Поездың дұрыс емес жол бойымен жүруі және осы жол бойында кіру бағдаршамы болмаған кезінде тіркелетін бұйрық осы Нұсқаулықтың 69-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі:
      Машинист бұйрықты қайталап және станция бойынша кезекшіден бұйрықты дұрыс түсінгені туралы растаманы алған соң станцияға поезды кіргізеді.
      Машиниске кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияға поездың кіруі туралы станция бойынша кезекшінің бұйрығы, егер бұл рұқсат кіру бағдаршамында орнатылған арнайы телефон бойынша берілсе ("Станция шекарасы" сигнал белгісі) осындай нысандар бойынша беріледі. Бұл телефонды тек локомотив бригадалары ғана пайдалана алады. Негізінен, радиобайланысы бойынша бұйрық станцияға поезд келер алдында машинистке алдын ала беріледі. Машинистке бұйрық арнайы телефон бойынша поезд тоқтағаннан кейін кіру бағдаршамы ("Станция шекарасы" сигнал белгісі) алдында беріледі.
      329. Диспетчерлік орталықтануы бар учаскелерде кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияда поездарды қабылдау осы Нұсқаулықтың 79-тармағында көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.
      330. Кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияда поездарды қабылдау станция бойынша кезекшінің жазбаша рұқсат етуі бойынша ерекше жағдайда ғана жүзеге асырылады, осы мақсат үшін осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген рұқсаттардың басқа нысандары пайдаланыла алмайды. Жазбаша рұқсат осы Нұсқаулықтың 70-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.
      Рұқсат станция штемпелімен және станция бойынша кезекшінің қолымен рұқсатты толтырудың күні, айы, уақыты (сағаты) көрсетіліп бекітіледі.
      Келген поездың машинисіне жазбаша рұқсатты беру үшін бағыттама посттарының кезекшілері, сигнал берушілер, орталықтану посттарының операторлары, құрама бригаданың қызметкерлері және станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделген тәртіппен басқа қызметкерлер тартылуы мүмкін.
      331. Машинистке жазбаша рұқсат беруге тағайындалған қызметкерлер поезды кіру (маршруттық) бағдаршамы алдында, ал дұрыс емес жол бойынша (осы жолда кіру бағдаршамы болмаған кезде) - "Станция шекарасы" сигнал белгісінде тосып алады, келе жатқан поезд бағытын көрсетеді: күндіз – жайылған қызыл ту, ал түнде – қол сигналы фонарының қызыл жарығы. Поезд тоқтағаннан кейін машиниске жазбаша рұқсат беріледі.
      332. Станция жолдарында бос учаскелерде қалпына келтіру және өрт поездарын, вагондары жоқ қосалқы локомотивтерді, қар тазалағыштарды және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды, сондай-ақ шаруашылық поездарын қабылдау (жабық аралықтағы жұмыс жүргізу кезінде) (жолаушылар поезы тұрған жолдан басқа адамдар және разрядты жүгі бар поездар) қажетті жағдайда осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген рұқсаттар бойынша кіру сигналының тыйым салушы көрсеткіші кезінде ғана рұқсат етіледі, бұл ретте локомотив машинистері (арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері) станцияда қабылдау туралы рұқсаттарды бір уақытта берумен (соның ішінде кіру бағдаршамында шақыру шамын жағар алдында) қай жерге тоқтауы қажеттігі туралы ескертулері тиіс.
      Бұл жағдайда станцияда кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде локомотив машинистері (арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның жүргізушілері) хабарламада көрсетілген жерге тоқтайды, әрі қарай станция бойынша кезекшінің, орталықтану посты операторы, бағыттама посттың кезекшісі немесе сигнал беруші сигналдарымен немесе нұсқауларын басшылыққа алады.
      333. Әзірленетін станциялық жолдардың белгілі бір учаскесіне итергіш локомотивтерді, станцияда орналасқан депоға бара жатқан немесе көрші станцияда орналасқан деподан поездар құрамына бара жатқан локомотивтерді қабылдау тәртібі олардың станция шекарасынан белгілі бір орынға – маневрлік бағдаршамға немесе «Итергіш локомотивтің аялдамасы», «Поезд құрамына бара жатқан локомотивтің аялдамасы», «Депоға бара жатқан локомотивтің (мотор-вагонды поездың) аялдамасы» деген жазуы бар арнайы нұсқағышқа дейін жүруін, сондай-ақ бұл локомотивтердің станциялық жолдар бойынша одан әрі жүру тәртібі көзделуі тиіс.
      Станцияға бұл локомотивтердің кіруі үшін рұқсат ету осы Нұсқаулықтың 325-тармағында көзделген кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде станцияда поезд қабылдау үшін рұқсат ету мүмкін.
      Белгіленген тәртіп станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі және депоға келетін локомотив (мотор вагонды поездар) және итергіш машинистеріне жарияланады.

10. Поездық диспетчердің жұмысы

      334. Учаскедегі поездар қозғалысын тек бір қызметкер – поездық диспетчер, яғни олардың қызмет көрсету учаскесі бойынша поездар қозғалысы кестесінің орындалуына жауап береді.
      Поездық диспетчердің бұйрықтарын аталған учаскеде поездар қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлер сөзсіз орындауы тиіс.
      Поездық диспетчерден басқаларға учаскеде поездар қозғалысы бойынша оперативтік нұсқаулар беруге тыйым салынады.
      335. Поездық диспетчер:
      1) қозғалыстың берілген өлшемдерін қамтамасыз ету, поездар қозғалысын жеделдету, олардың станцияда өңдеу уақытын қысқарту үшін техникалық құралдарды барынша пайдаланады, вагон паркін, локомотивтерді және өткізу қабілетін неғұрлым тиімді пайдаланады;
      2) станция жұмысын бақылауға және поездар құрамасы жоспары және қозғалысының кестесіне сәйкес поездарды құрастыру және жөнелту бойынша тапсырмаларды орындау шараларын қабылдайды;
      3) станция бойынша кезекшілерге, ал қажет болса поезд локомотивтерінің машинистеріне поездар қозғалысы бойынша нұсқауларды дер кезінде береді;
      4) аралықтар бойынша поездар қозғалысын бақылауды жүзеге асырады, дер кезінде қабылдайды, станциялардан поездарды жөнелту және өткізу, әсіресе локомотивті бір машинист қызмет көрсеткенде, СОБ және байланыс құрылғыларының жұмысы бұзылғанда, поездар озуы мен тоғысуы кезінде: жолаушылар, почта-багаж, жүк-жолаушылар, адамдар, жоғары салмақ және ұзындықта, ұзын құрамалы, ауыр салмақты, 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері және габаритті емес жүктері бар поездар және басқа поездар қозғалысының кестесін орындайды, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, локомотив бригадасының үздіксіз жұмысының белгіленген уақытын бұзуға жол бермейді.
      336. Диспетчерлік орталықтанумен жабдықталған учаскелерде, сондай-ақ қызметі аз учаскелерде, станция бойынша кезекшілер кезекшілігі жойылған станцияларда, бір машинист қызмет көрсететін поездар қозғалысының тәртібі, сонымен қатар осындай учаскелердің тізімін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді.
      Диспетчерлік орталықтанумен жабдықталмаған учаскелерде, поездардың аса қарқынды және қарқынды қозғалысы, бір машинистпен поездың жүруіне станция бойынша кезекші ғана рұқсат береді.
      337. Поездық диспетчер кезекшілікке кірісер алдында поезд жағдайымен танысады, станция бойынша барлық кезекшілердің кезекшілікке шығуын тексереді, оларға дәл уақытты тексеру үшін хабарлайды, станциядағы жағдаймен, учаскедегі қолданыстағы ескертулермен танысады, жағдайға байланысты станцияға келесі жұмыс бойынша, соның ішінде қозғалыс қауіпсіздігі бойынша қажетті нұсқаулар береді.
      338. Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталмаған учаскелерде поездық диспетчер кезекшілікке кірісер алдында станция бастығы немесе поездарды қабылдау және жөнелту бойынша операцияларды орындау жүктелген басқа қызметкерлер арқылы техникалық құралдардың жарамдылығын тексеруге және станция учаскесіндегі жағдаймен танысады.
      339. Орындалған қозғалыстар кестесін (поездографамма) автоматты жазуға арналған құрылғылармен жабдықталмаған учаскелерде поездық диспетчер учаскеде орналасқан станциядан әрбір поездың келуі, жөнелтуі немесе жүру уақыты туралы хабарлайды. Мұндай хабарламаны алғанда, поездардың белгіленген нөмірленуі мен индекстеуін станцияларда қатаң сақтауына, әсіресе 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері және габаритті емес жүктері бар, ауыр салмақты және ұзын құрамалы, жоғары салмақты және ұзындықты поездарға ерекше назар аударады.
      340. Қарқынды қозғалысы бар учаскелерде, сонымен қатар орындалған қозғалыстар кестесін (поездографамма) автоматты жазуға арналған құрылғылармен жабдықталған учаскелерде хабарламаны беру тәртібін осы Нұсқаулықтың 14-тармағына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгіленеді.
      341. Поездық диспетчер орындалған қозғалыс кестесін жүргізеді, онда поездар қозғалысы туралы деректер, сонымен қатар жұмыстың барлық бұзулары және олардың себептері белгіленеді.
      Орындалған қозғалыс кестесінде:
      1) поездар және поезд локомотивтерінің нөмірі, машинистердің тегі, поездың салмағы және шартты ұзындығы, ерекше өткізу шартын талап ететін поездар. Поезд нөмірі, тиісті әріптер және индекстермен толықтырылған, осы әріптермен және кестелермен орындалған қозғалыс кестесінде белгіленеді;
      2) станция учаскелері бойынша поездардың келуі, жөнелту және жүру уақыты;
      3) локомотивтерді пайдалану деректері;
      4) белгіленген тәулік мерзімі бойынша станцияның поезд және жүк жұмысы туралы деректері;
      5) аралық станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарының жекелеген вагондардан немесе құрамалардан бос болмауы, вагондарды бекіту үшін стационарлық құрылғылар немесе тежегіш тежегіштер санын көрсетеді;
      6) учаске және аралықтардан станцияның негізгі және қабылдау-жөнелту жолдарында байланыс желісінің кернеуін алу;
      7) жылдамдықты азайтуды талап ететін қолданыстағы ескертулер;
      8) дұрыс емес жол бойынша поездар қозғалысы;
      9) қозғалысқа қызмет ететін аралықтарды, жолдарды және басқа құрылғыларды жабу көрсетіледі.
      Поездардың қарқынды қозғалысы бар жекеленген учаскелерде поезд диспетчері үшін поездар қозғалысына және жүк жұмысына қатысты қажет деректерді жазу үшін автоматтандырылған жұмыс орындарының аспаптары және аппаратурасын пайдаланылуы мүмкін, сонымен қатар диспетчерге көмекке операторлар немесе тасымалдау бөлімшесінің басқа қызметкерлері тағайындалуы мүмкін.
      342. Учаскедегі поездар қозғалысы бойынша барлық өкімдерді поездық диспетчер станция бойынша кезекшілерге немесе қажетті жағдайда ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналына тіркелетін (жазылатын) бұйрықтармен поездар қозғалысымен байланысты басқа қызметкерлерге береді.
      Байланыстың диспетчерлік құралдары бойынша поездық диспетчердің барлық келіссөздері келіссөздер тіркеушісімен бекітіледі.
      343. ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында міндетті тіркеуге келесі бұйрықтар жатады:
      1) аралықтарды ашу және жабу немесе аралықтардың кейбір жолдарын жабу (соның ішінде кернеудің алынуымен байланысты электр поездар қозғалысы үшін);
      2) қос жолды қозғалыстан дара жолды қозғалысқа өту және қос жолды қозғалысты қалпына келтіру туралы;
      3) поездар қозғалысы кезінде сигнал беру және байланыстың бір құралдарынан басқа құралдарға ауысуы туралы;
      4) екі жақты автобұғаттаумен жабдықталмаған дұрыс емес жол бойынша поездарды жөнелту туралы;
      5) уақытты шектеумен поездарды жөнелту туралы (осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көзделмеген жағдайда және ретте);
      6) 1 кластық (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері мен габаритсіз жүктері бар поездарды жөнелту туралы;
      7) жолдарда және осы операциялар үшін станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделмеген жолдарда жолаушылар, почта-багаж, жүк жолаушылар және адамдар поездарын қабылдау және жөнелту туралы;
      8) кестеде көзделмеген поездарды тағайындау және олардың жүру тәртібі, поездарды алу туралы, учаске бойымен дара локомотивтерді өткізу туралы бұйрықтар, алмалы-салмалы типті дрезиналар және шаруашылық поездарын өткізу туралы бұйрықтар тіркелмейді;
      9) автоматты локомотивті сигнал беру жарамсыз кездегі поездар қозғалысы туралы;
      10) кешігіп келетін жолаушылар поездарының жүру тәртібі туралы;
      11) бір машинист қызмет көрсететін локомотиві бар жолаушылар поезын жөнелту туралы;
      12) осы Нұсқаулықтың 3940-тармақтарында көзделген оқиғалар.
      Учаскедегі поездар қозғалысына байланысты басқа бұйрықтарды тіркеу диспетчердің қарауы бойынша жүргізіледі.
      344. ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында поезд локомотивтері машинистеріне арналған барлық тіркелетін бұйрықтар, сонымен қатар аталған поезд диспетчеріне арналған, көрші учаскенің поезд диспетчерінің барлық бұйрықтары жазылуы тиіс. Диспетчерлік бұйрықтар бұйрықтарды басып шығарумен дербес компьютерлерді пайдалана отырып, тіркеледі.
      Диспетчерлік бұйрықтарды жазуға кететін уақытты қысқарту үшін Ұлттық темір жол компаниясының рұқсаты бойынша барынша жиі берілетін бұйрықтар мәтіндеріне салынған арнайы штамптар қолданылуы мүмкін.
      ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында поездық диспетчердің кезекшілікті қабылдауы және тапсыруы тіркеледі.
      345. Тіркелетін диспетчерлік бұйрықтарды станция бойынша кезекшілер немесе операторлар ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналына жазып отырады.
      Диспетчерлік бұйрықты жазып, станция бойынша кезекші немесе оператор диспетчерге сөзбе сөз оның мазмұнын қайталайды, өзінің тегін атайды. Бұйрықты дұрыс қабылдағанына көз жеткізіп, диспетчер оны "Орындаңдар" деген сөзбен растайды.
      Бұйрықты қабылдаған адамның тегін және бұйрықты тексеру уақыты поездық диспетчердің және станцияның журналында белгіленеді. Осы сәттен бастап бұйрық күшіне енеді.
      346. Егер поездық диспетчердің бұйрығын оператор қабылдап және жазса, онда соңғысы станция бойынша кезекшіге оқып танысу үшін хабарлайды.
      Машинистке арналған бұйрықты поезд диспетчері немесе станция бойынша кезекші береді.
      Диспетчер немесе станция бойынша кезекші берілген бұйрықты машинистің дұрыс түсінгеніне көз жеткізеді. Машинистің тегі және бұйрықты беру уақыты поездық диспетчердің немесе станцияның журналында тиісінше белгіленеді.
      347. Диспетчерлік бұйрық бірнеше станцияларға жолданса, бұйрық мәтінін беру, оны тексеру үшін поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша станция бойынша кезекшілердің бірі осы уақыт ішінде бұйрықтың дұрыс жазылғанын тексереді.
      348. Қос жолды немесе көп жолды аралықтарда бір немесе бірнеше бас жолдарды немесе дара жолды аралықты жабуды поездық диспетчер мына негізде жүзеге асырады:
      1) Ұлттық темір жол компаниясы өкімі жоспарда көзделген жөндеу-жол немесе құрылыс жұмыстарын, сонымен қатар байланыс желісіндегі жөндеу жұмыстарын жүргізген жағдайда;
      2) поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін құрылыстар мен құрылғылар, аралық жолдардың көрінбейтін ақаулықтары кезінде жолда тоқтаған поезд машинисінен алынған талаптар немесе жол дистанциясы, сигнал беру және байланыс, электрмен қамтамасыз ету қызметкерлерінің талаптары.
      Поездық диспетчер алынған талаптарды ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналына келу уақытын және кімнен келгені туралы көрсетіп, жазады.
      Барлық жазбаша талаптар, хабарламалар, телеграммалар және телефонограммалар ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында сақталады.
      349. Поездық диспетчер аралықты (жолдарды) жабу туралы бұйрықты аралықтарды шектеуші станцияларға және егер олар болса, жол постыларына осы Нұсқаулықтың 71-қосымшасына сәйкес келесі бір (үлгі) нысандарда береді.
      Қос жолды және көп жолды аралықтарда, яғни жолдардың бірі жабық болғанда, қалған жол бойымен дұрыс бағытта жөнелтілетін поездар үшін, екі жақты автобұғаттау кезінде екі бағытта, сигнал беру және байланыстың қолданыстағы құралдары сақталады. Қалған жол бойымен поездарды дұрыс емес бағытпен жөнелту (егер екі жақты автобұғаттау болмаса) кезінде осы жол бойындағы сигнал берудің және байланыстың қолданыстағы құралдары жабылады, поездар қозғалысы осы Нұсқаулықтың 72-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бұйрықты беру байланыстың телефон құралдары бойынша белгіленеді.
      350. Поездың тоқтауына байланысты қалған жол бойымен телефон байланысы бойынша поездар қозғалысын орнату туралы бұйрық жолды жабу туралы бұйрықпен бірігуі мүмкін.
      Егер жабылатын аралықпен шектесетін станциялардың бірі көрші тасымалдау бөлімшесінің поездық диспетчерінің өкімінде болса, онда жабу туралы бұйрық поездық диспетчермен келісіледі және оған көшірмесі беріледі.
      Аралықты немесе жеке жолдарды жабу туралы бұйрық берер алдында поездық диспетчер аралықты шектейтін станция бойынша кезекшіні жеке өзін шақырып алады және оған жабу туралы, жұмыс басшысының тегі мен лауазымын, қалған жолдармен поездар өткізу тәртібін және басқа қажетті деректерді хабарлайды.
      351. Поездық диспетчер осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен аралықты босату және жұмыстың аяқталғаны, пайда болған кедергілерді жою туралы хабарлама алғаннан кейін аралықты немесе жолды ашады.
      Поездық диспетчер алынған хабарламаны ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналына келу уақытын және кімнен келгені туралы көрсетіп, жазады. Жұмыстың біткені және поездар қозғалысының мүмкіндіктері туралы жазбаша хабарлама немесе телефонограмма диспетчерлік өкімдер журналында сақталады.
      Поездық диспетчер аралықты немесе жолдарды ашу туралы бұйрықты аралықтарды шектеуші станцияларға және егер олар болса, жол постыларына осы Нұсқаулықтың 73-қосымшасына сәйкес нысанда береді.
      352. Егер әрбір жолы бұғаттау бойынша екі жақты қозғалысқа арналған құрылғылармен жабдықталмаған қос жолды аралықта (соның ішінде локомотив бағдаршамының көрсетулері бойынша), поездық диспетчер реттеу тәртібінде поезды дұрыс емес жолмен жөнелтеді, онда аралықты шектейтін станциядағы осы жолдардың және жол постарының бос екенін тексеруден кейін, осы Нұсқаулықтың 74-қосымшасына сәйкес нысанда бұйрық береді.
      Жолаушылар поезын дұрыс емес жолмен жөнелту туралы мұндай бұйрық бермес бұрын ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында осы Нұсқаулықтың 75-қосымшасына сәйкес Ұлттық темір жол компаниясы - «Тасымалдау процессі дирекциясы» филиалының аға диспетчерінің бұйрығы жазылуы тиіс.
      Дұрыс емес жолмен бірінен соң бірі екі және одан артық поездарды өткізу жағдайында бұйрық мәтіні соған сәйкес өзгереді, бұл ретте аралықта жол посттары болған жағдайда дұрыс емес жолмен жүретін поездарды шектеу үшін пайдаланылуы мүмкін, поезд диспетчерінің бұйрығында көрсетіледі.
      Дұрыс емес жолмен поездарды өткізу туралы бұйрықты алған соң, станция бойынша кезекшілер осы Нұсқаулықтың 189-тармағында көзделген нысандар бойынша диспетчердің бақылауымен телефонограммалар алмасады.
      353. Жол постылары бойынша кезекшілер (қос жолды салмалары бар дара жолды аралықтағы жанасу постылары мен торапалдылық постылардан басқа) дұрыс емес жолмен поездар қозғалысы туралы келіссөздерге қатыспайды, бірақ поездарды жөнелту туралы олар телефон бойынша хабарласады, оның жүру уақытын поездар қозғалысы журналына осы Нұсқаулықтың 76-қосымшасына сәйкес нысанда белгілейді.
      Оларда алынбалы жылжымалы құрам бірліктерін бір жақты қоршау қолданылатын бір жақты жол бұғаттамасы бар қос жолды электрлендірілген учаскелерде дұрыс емес жолмен реттелуі поездарды жөнелтуді энергия диспетчерімен алдын ала келіседі. Мұндай учаскелердің тізбесі Ұлттық темір жол компаниясының бұйрығымен белгілейді.
      Екі жақты бұғаттаумен, сондай-ақ локомотивтік бағдаршамдар сигналдары бойынша дұрыс емес жол бойынша поездардың қозғалысын қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталған қос жолды аралықта поезды дұрыс емес жолмен жөнелту поездық диспетчердің ауызша нұсқауымен және бұғаттауды қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырып қойған соң жүзеге асырылады.
      354. Тек дұрыс жолмен жүріп келе жатқан поездар үшін автоматты құрылғылармен жабдықталған өтпелері бар аралықтардың, сондай-ақ ұстағыш тұйықтары бар аралықтардың тізбесі осындай аралықтарда поездарды дұрыс емес жолмен жөнелту кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды көрсетумен Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалының бұйрығымен белгіленеді, бұл ретте бұйрықта өтпелер бойынша кезекшілерді әрбір жөнелтілген поезд туралы алдын ала хабардар етілуі көзделеді. Бұйрықпен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның, поездық локомотивтерінің машинистері таныстырылады.
      Реттеу тәртібімен дұрыс емес жол бойынша жөнелтілетін поездардың машинистері кезекші қызметкер қызмет көрсететін бір жақты автоматты құрылғылармен жабдықталған өтпелерден 40 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен, ал кезекші қызметкер қызмет көрсетпейтіндерден – 25 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен өтуді қамтамасыз етеді. Өтпе бойынша жүріп өткен соң жетекші локомотивтің машинисі жылдамдықты осы аралық үшін белгіленгенге дейін арттыруға құқылы.
      355. Станциядан дұрыс емес жол бойынша поездың келгені туралы хабарлама алған соң поездық диспетчер аралықта поездың қозғалысын осы Нұсқаулықтың 77-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бұйрық берумен қалпына келтіреді.
      Станциядан поезды аралықта қозғалыс кестесінде көзделмеген аялдаумен (адамдарды отырғызу және түсіру, жүктерді тиеу және түсіру), кейіннен көрші станцияға келумен немесе жөнелту станциясына қайта оралумен жөнелту қажеттілігі кезінде поездық диспетчер поездық жағдайға сәйкес аралықты шектеуші станцияларға поездың жөнелту уақыты мен оның аралықты иелену ұзақтығын көрсете отырып, рұқсат береді.
      356. Локомотивтер машинистеріне, сондай-ақ адамдарды отырғызу мен түсіруге басшылық жасаушы қызметкерлерге мұндай поездарды жөнелту кезінде тиісті ескертулер беріледі. Аралықта тоқтағаннан кейін осы поездардың машинистері қозғалысты аталған қызметкерлер көрсеткен сигналдар бойынша қайта бастайды.
      357. Поездық диспетчер немесе оның нұсқауы бойынша станция бойынша кезекшілер аралыққа келесі бағыттас поездарды жөнелту кезінде осы поездардың машинистерін радиобайланыстың көмегімен километр мен пикетті көрсете отырып поездың кестеден тыс тоқтау орны туралы хабардар етеді.
      Шаруашылық поездарын, арнайы өзі жүретін жылжымалы құрамды аралықты (жолды) жабуға жөнелту осы Нұсқаулықтың 8-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
      358. Поездардың қозғалысы кезінде қандай да бір аралықтағы (жолдағы) сигнал беру және байланыс құралдарының ақаулығы туралы хабарламаны алған соң поездық диспетчер оны ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналына жазады және станциялар бойынша кезекшілер арқылы аралықтың (жолдың) бостығын тексеріп қозғалысты байланыстың телефондық құралдары бойынша орнату туралы осы Нұсқаулықтың 78-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бұйрық береді.
      359. Аралықтарда жол постылары болған кезде байланыстың бір түрінен екіншісіне көшу туралы поездық диспетчердің бұйрығы сондай-ақ посты кезекшілеріне де беріледі, бұл ретте жағдайға байланысты байланыстың басқа түріне өту барлық станцияаралық аралықта немесе әрбір бос постаралық аралықта жеке жүргізілуі мүмкін.
      360. Сигнал беру және байланыс құралдары жұмысының қалпына келтірілгені туралы хабарлама алған соң поездық диспетчер оны ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналына жазады және станциялар бойынша кезекшілер арқылы аралықтың (жолдың) бостығын тексеріп аралықты шектеуші станцияларға осы Нұсқаулықтың 79-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бұйрық береді.
      Көрсетілген уақыттан бастап станциялар поездық диспетчердің бұйрығында көзделген байланыстың түріне көшеді.
      Бір бағыттағы қозғалыс үшін автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда автобұғаттаудың жұмысын қалпына келтіру туралы бұйрық аралықты дұрыс жолмен жөнелтілген поездардан босатқанға дейін берілуі мүмкін.
      361. Жұмысты тәулік бойы істемейтін бөлек пункттерді немесе қосалқы постыларды ашу немесе жабу Ұлттық темір жол компаниясы бекітеді және аралықты шектеуші станцияларға берілетін поездық диспетчердің осы Нұсқаулықтың 80-қосымшасына сәйкес нысандағы бұйрығымен ресімделеді.
      362. Электрлі тартымды учаскелерде поездық диспетчер энергия диспетчерімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеуі және электрмен жабдықтау құрылғыларының орнықты жұмысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
      Түйіспе желісі зақымданған, тартымдық қосалқы станциялар ажыратылған немесе олардың қуаты төмендеген кезде энергия диспетчерімен бірлесіп учаскелер бойынша поездарды өткізудің неғұрлым тиімді тәртібін белгілейді.
      Көктайғақ пайда болатын кезеңде энергия диспетчерінің өтінімі бойынша түйіспе желісіндегі мұзды жоғарғы кернеулі токпен еріту үшін толаскездер береді.
      363. Поездық диспетчерлік байланыстың ақаулығы кезінде поездар қозғалысы поездық диспетчердің қатысуынсыз жүргізіледі. Поездар қозғалысы туралы байланыс станциялар бойынша кезекшілер арасында тікелей орнатылады.
      Поездық диспетчерлік байланыстың ақаулығы кезінде поездық диспетчер мен станциялар бойынша кезекшілер ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында тиісті жазбалар жасайды.
      Поездық диспетчерлік байланыстың қалпына келтірілуі туралы поездық диспетчер барлық станцияларды циркулярлық бұйрықпен хабардар етеді.
      364. Станцияларда тасымалдау қызметі қызметкерлерінің штаты көзделмеген қызметі аз учаскелердегі поездық диспетчерлердің жұмыс тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін жергілікті нұсқаулықтарда белгіленеді.

11. Станциялардағы маневрлік жұмыс

§ 1. Жалпы ережелер

      365. Маневрлік жұмыс станция жұмысының технологиялық процесіне сәйкес және келесі көздейтін жоспар бойынша жүргізілуі тиіс:
      1) поездарды уақтылы құрастыру және жөнелту;
      2) вагондарды жүк операцияларына уақтылы беру және оларды жүк операциялары аяқталған соң алу;
      3) вагондарды қайта өңдеуге арналған уақыттың ең аз шығынын;
      4) барлық маневрлік құралдар мен техникалық құрылғыларды тиімді пайдалану;
      5) поездарды станцияға үздіксіз қабылдау;
      6) қозғалыс қауіпсіздігін, маневрлермен байланысты қызметкерлердің қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын.
      366. Станцияларда жолдық дамуға, маневрлік жұмыстың сипаты мен көлеміне қарай жолдар маневрлік аудандарға бөлінеді. Маневрлік аудандардың шекаралары және олардың әрқайсысындағы жұмыс тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрінеді.
      Әрбір маневрлік ауданда негізінен бір маневрлік локомотив жұмыс істейді. Жекелеген аудандарда екі және одан артық локомотивтердің жұмыс істеуінің қажеттілігі кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін олардың жұмыс тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.
      Маневрлік жұмысқа бөлінетін локомотивтер ақаусыз болуы, ақаусыз жұмыс істейтін радиостанциялары, орнатылған сигналдары мен мүкәммалдары болуы тиіс.
      367. Орталықтандырылмаған бағыттамаларды маневрлік орын ауыстырулар кезінде ауыстыруды бағыттамалық постының кезекшілері маневрлерге басшылық жасаушы адамның өкімі бойынша жүргізеді. Электрлі орталықтандырылуы бар станцияларда маневрлік орын ауыстырулар кезінде бағыттамаларды ауыстыруды станция бойынша кезекші немесе орталықтандыру постысының операторы жүзеге асырады. Бағыттамаларды орталықтан жергілікті басқаруға берген жағдайда, сондай-ақ бағыттамалық постының кезекшісі қызмет көрсетпейтін орталықтандырылмаған бағыттамаларды маневрлер жүргізу кезінде бағыттамаларды құрастыру немесе локомотив бригадалары қызметкерлерінің, кондукторлардың, парктер бойынша кезекшілердің, станциялар бойынша кезекшілердің, станция бастығының, жүк және багажды қабылдаушы-тапсырушылардың, локомотив, вагон деполары қызметкерлерінің ауыстыруына рұқсат етіледі.
      Аталған қызметкерлердің маневрлер кезінде бағыттамаларды ауыстыруына рұқсат берілетін станциялардың тізбесін, бағыттамалардың нөмірлері мен оларды ауыстыру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекітетін жергілікті нұсқаулықта бекітіледі және станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі.
      368. Орталықтандырылған бағыттаманы ауыстыру алдында оған қызмет көрсетуші қызметкер (жеке немесе басқа қызметкердің баяндауы бойынша) оны жылжымалы құрамның иеленбегендігіне, сондай-ақ аралас жолдар бойынша өткелдердің бар екендігіне көз жеткізеді. Электрлі орталықтандыру кезінде бағыттамалы бұрманың жылжымалы құрамнан бостығы басқару аппаратындағы бақылау аспаптарының көрсеткіштері бойынша белгіленеді. Бұл аспаптар ақаулы немесе уақытша ажыратылған немесе бағыттамаларды маневрлік құдықтардан ауыстырған кезде бағыттамалық бұрманың жылжымалы құрамнан бостығын тексеру тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.
      Орталықтандырылмаған бағыттамалар (онда маневрлік жұмыс үнемі сериялық итерулермен жүзеге асырылатын сұрыптау жолдарында орналасқаннан және топсалы-иінді тұйықтандырғыштармен жабдықталған бағыттамалардан басқа) маневрлер кезінде салмаға құлыпталуы тиіс.
      369. Маневрлік жұмыс кезінде нұсқауларды берудің негізгі құралы радиобайланыс, ал қажетті жағдайларда – екі жақты парктік байланыс құрылғысы болуы тиіс.
      Маневрлік жұмыс кезінде сигналдарды қолдық сигнал аспаптарымен беруге рұқсат етіледі.
      Поездарды құрастырушы алып жүретін ақаусыз радиостанциямен қамтамасыз етіледі. Станцияларда бар радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс құрылғылары маневрлік жұмысты ұйымдастыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы тиіс.
      370. Радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс арқылы берілетін нұсқаулар мен хабарламалар қысқа және түсінікті болуы тиіс; нұсқау берген оны маневрлік локомотивтің машинисі мен басқа қызметкерлердің дұрыс түсінгеніне (нұсқауды қысқаша қайталауды тыңдап, тиісті дыбыстық сигнал алып және басқалар) көз жеткізеді.
      Радиобайланыс және екіжақты парктік байланыс арқылы берілетін неғұрлым типтік нұсқаулар мен хабарламалар үшін қажет жағдайда сөйлесулер жүргізудің үлгілік регламенті белгіленеді.
      371. Радиобайланыс қондырғыларын пайдалану және екіжақты парктік байланыс құралдарын пайдалану тәртібі мен осы құрылғыларды пайдалану құқығы берілген қызметкерлерді көрсетумен, оларда әрбір маневрлік ауданда пайдалану тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісімен анықталады.
      Станцияларда радиобайланысты пайдалану және екіжақты парктік байланысты пайдалану тәртібі Уәкілетті органның арнайы нұсқаулығында белгіленген.
      372. Станция бойынша кезекші маневрлік маршруттарды маневрлік жұмыс жоспарына сәйкес дайындайды.
      Маневрлік маршрут негізінен қозғалыс бағытын өзгертусіз маневрлік құрамның барлық жүру жолына дайындалады. Мұндай маршрутты дайындау мүмкін емес кезде станция бойынша кезекші машинисті (маневрлер басшысын) маршруттың бір бөлігінің қай жолға немесе қай бағдаршамға дейін дайындалғаны туралы ескертеді.
      Дайын маршрут кезінде тыйым салушы көрсеткіші немесе оты сөнген маневрлік бағдаршамнан өтуге станция (пост) бойынша кезекші маневрлік локомотивтің машинисіне жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс бойынша немесе маневрлер басшысы арқылы беретін оның нұсқауы бойынша рұқсат етіледі.
      373. Құрамдарды парктен паркке жалғастырушы жолдар бойынша немесе тартымдық жолдар арқылы орнын ауыстыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі мен шарттар станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді, бұл ретте маневрлік құрамдардың вагондарымен алға жүруі кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуы тиіс.
      Жекелеген жағдайларда жергілікті жағдайларға қарай (парктер ретімен орналасқан, маневрлік локомотивтер оларды вагоннан машинистің кабинасынан ағыту үшін құрылғылармен жабдықталғанда және басқада) құрамдарды парктен паркке орнын ауыстыру құрастырушы бригада қызметкерлерінің ілесуінсіз жүргізілуі мүмкін.
      374. Жекелеген санаттардың жүктері бар вагондар Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-I бұйрығымен бекітілген Жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау ережесіне (бұдан әрі - Жүктерді тасымалдау ережесі), сондай-ақ Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесіне осы Нұсқаулықтың 81 қосымшасына сәйкес маневрлер жүргізу кезінде қатты отынмен жұмыс істеуші паровоздан, қауіпсіз жүктері бар вагондардан немесе бос вагондардан ықтырмалары болуы тиіс.
      375. Поездардағы және маневрлер кезіндегі ықтырма нормалары арнайы штемпель салумен тасымалдау құжаттарында көрсетіледі, онда ықтырма вагондарының минималды саны цифрлармен көрсетіледі, мысалы 3/0-0-3-1, мұндағы:
      1) бірінші цифр – поездардағы локомотивтен санағандағы паналандыру вагондарының саны (алымы – қатты отынды паровоздан, бөлімі – мұнаймен жылытылатын паровоздан, электровоздан немесе тепловоздан);
      2) екінші цифр – поездардағы итергіш локомотивтен;
      3) үшінші цифр – поездардағы адамдар бар вагондардан;
      4) төртінші цифр – маневрлер кезіндегі қатты отынды паровоздан;
      5) "0" (нөл) белгісі паналау талап етілмейтіндігін білдіреді.
      376. Адамдары бар вагондар, соның ішінде жолсеріктер, жүктерге ілесіп жүру үшін бөлінген арнайы қызметкерлер, қарауылдар, күзет нарядтары бар вагондар, сондай-ақ жануарлар бар вагондар поезға 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктері бар вагондардың алдына да, артына да қойылуы, алайда тасымалдау құжаттарында оларға «Улы» және «Паналау» штемпельдері (бір мезгілде екі штемпельде) бар қауіпті жүктер тиелген вагондардың алдына қойылады.
      377. Тез тұтанғыш сұйықтары бар вагондар құрастыру станциясында поезға жарылғыш материалдар бар вагондардан кейін (вагон басынан санағанда) қойылуы тиіс.
      378. Вагон және локомотив деполарының жөндеу жолдарында маневрлік орын ауыстырулар тиісті қызметтің жауапты қызметкерінің қадағалауымен және жеке нұсқауларымен жүргізілуі тиіс.
      379. Олармен техникалық немесе жүк операциялары жүргізілетін вагондар бар жолдарда итергішпен маневрлерге жол берілмейді.
      Ауа-райының қолайсыз жағдайларында (қатты жел, тұман, боран), сондай-ақ жарықтандырылмаған жолдарда маневрлік жұмыс ерекше қырағылықпен, ал қажетті жағдайларда - төмендетілген жылдамдықпен жүргізілуі тиіс.
      380. Станцияның жолдарында шаруашылық поездары мен жол машиналарының жұмысы тиісті қызметтің (жол, сигнал беру және байланыс) жауапты қызметкерінің басшылығымен жүргізіледі.
      Аталған поездар мен машиналардың бір жолдан екіншісіне немесе станцияның басқа ауданына орын ауыстырулары маневрлерге басшылық етуші адамның немесе станция бойынша кезекшінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
      Қажетті жағдайларда мұндай поездар мен жол машиналарының орын ауыстыруларына басшылық жасау үшін станция бастығының нұсқауы бойынша станцияның тиісті қызметкерлері тағайындалуы мүмкін.
      381. Станцияларда тежегіш жеңдерін ағыту мен жалғауды вагондарға техникалық қызмет көрсету пункттерінің қызметкерлері немесе жергілікті жағдайларға қарай технологиялық процеспен немесе станцияның техникалық-өкімдік актісімен белгіленген басқа қызметкерлер жүргізеді.
      Маневрлер жүргізу кезінде тежегіш жеңдерін ағыту мен жалғауды құрастырушы бригадалар немесе кондукторлар жүргізеді.
      Поездық локомотивті құрамнан ағыту және құрамға тіркеу кезінде тежегіш жеңдерін ағыту мен жалғауды локомотив бригадасы жүргізеді, ал локомотивке бір машинист қызмет көрсеткіші кезінде бұл операциялардың орындалуын вагондарды қарап тексеруші жүргізеді.
      382. Жекелеген вагондардың орнын қолмен ауыстыруға ерекше жағдайларда және көлденең жолдарда ғана жол беріледі. Станцияның бас, қабылдау-жөнелту және сұрыптау жолдарында вагондардың орнын қолмен ауыстыруға тыйым салынады.
      Вагондардың орнын қолмен ауыстыруға тек тиісті желілік бөлімшенің басшысы бөлген жауапты адамның тікелей басшылығымен және тиелген бір немесе екіден артық емес бос вагон санында ғана болады.
      383. Вагондардың орнын қолмен ауыстыру кезінде:
      1) олардың орнын 3 км/сағаттан артық жылдамдықпен ауыстыруға, бұл ретте вагондар міндетті түрде тіркелген болуы тиіс;
      2) оларды бас және қабылдау-жөнелту жолдары бағытында шекті бағаншадан тыс шығаруға;
      3) тежегіш табандықтары болмаса орын ауыстыруды бастауға;
      4) тежеу үшін доңғалақтар астына шпалдар, тастар, сүймендер және басқа заттар салуға жол берілмейді.
      Адамдар және қауіпті жүктері бар вагондарды қолмен жылжытуға тыйым салынады.
      Вагондардың кабестандармен қозғалуы, электр шпильдермен және басқа да механикалық құралдармен орын ауыстыруының тәртібі жергілікті жағдайларға қарай Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен арнайы нұсқаулықтармен белгіленеді.

§ 2. Маневрлік жұмысты басқару

      384. Станциялық жолдарда маневрлер тек бір қызметкердің - станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде – поездық диспетчердің нұсқауы бойынша ғана жүргізілуі тиіс. Маневрлерге басшылық ету бойынша міндеттерді бөлісу станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі.
      385. Маневрлер жүргізуші локомотивтің қозғалысына бір қызметкер – маневрлердің дұрыс орындалуы үшін жауапты маневрлер басшысы (поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор) басшылық етеді.
      Сұрыптау дөңестерінде маневрлік локомотивтің қозғалысына дөңес бойынша дөңес кезекшісі басшылық етеді.
      Аралық станцияларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың басшылығымен жүргізіледі. Құрастыру бригадасы немесе бас кондуктор қызмет көрсетпейтін локомотивтің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның маневрлік орын ауыстыруларына осы ауданда маневрлер жүргізуге басшылық ету құқығы бар қызметкер немесе оның нұсқауы бойынша сигнал беруші (бағыттау постысының кезекшісі) басшылық етеді. Бұл жағдайларда маневрлік орын ауыстыруларға басшылық ету үшін сондай-ақ станциялар бастықтары, олардың орынбасарлары белгілейтін тәртіппен тартылуы мүмкін.
      386. Маневрлік жұмысты құрастырушы немесе құрастыру бригадасы (құрастырушы және оның көмекшісі), сондай-ақ бас кондуктор немесе кондукторлық бригада жүргізеді. Жергілікті жағдайларға қарай маневрлерді жүргізу үшін құрастыру бригадасын немесе бір құрастырушыны тағайындауды Ұлттық темір жол компаниясы – «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді.
      Маневрмен айналысушы қызметкерлерді орналастыруды маневрлердің басшысы жүргізеді (станция бойынша кезекшісі, маневрлік диспетчері, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшісі).
      Маневрлік локомотивке бір машинистің қызмет көрсеткіші локомотив үлгісіне және жергілікті жағдайға қарай Ұлттық темір жол компаниясының рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін.
      387. Поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор маневрлік жұмысқа тапсырманы маневрлерге басшылық жасаушы бір адамнан ғана алады.
      Маневрлік жұмысқа арналған тапсырманы маневрдің басшысы әрбір қатысты қызметкерге жеткізуі тиіс.
      Егер маневрлер жүргізу процесінде көзделген жұмыс жоспарын өзгерту қажеттігі пайда болса, онда осы өзгерістердің сипатымен маневрге қатысушы барлық қызметкерлер алдын ала таныстырылады.
      388. Маневрлік локомотивтің (вагондармен немесе вагондарсыз) бір маневрлік ауданнан екіншісіне орын ауыстыруына оның ауданына орын ауыстыру болатын тиісті посты (парк) бойынша кезекшімен немесе осы ауданда жұмыс істеуші поездарды құрастырушымен алдын ала келісу бойынша тек станция бойынша кезекшінің (дөңес бойынша кезекшінің) немесе маневрлік диспетчердің рұқсаты бойынша ғана жол беріледі.

§ 3. Маневрлер жүргізу кезінде қызметкерлерге қойылатын
талаптар

      389. Маневрлер басшысы:
      1) маневрлік жұмысқа арналған тапсырманы нақты және уақтылы орындайды;
      2) маневрлерге қатысушы қызметкерлерді алда болатын маневрлік жұмыстың жоспарымен және орындау тәсілдерімен таныстыру негізінде олардың дұрыс орналастырылуы мен іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз етеді;
      3) поездарды Техникалық пайдалану қағидасына және Ұлттық темір жол компаниясының тиісті нұсқаулықтары мен нұсқауларының талаптарына дәл сәйкестікпен құрастырады;
      4) маневрлік жұмысты қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлермен айналысушы қызметкерлердің жеке қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сақталуы қамтамасыз етілетіндей ұйымдастырады. Адамдары, габаритті емес және 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш заттары) бар вагондармен маневрлер ерекше сақтықпен жүргізіледі.
      Кезекшілікке кірген кезде құрастырушы (бас кондуктор) өзінің ауданындағы жолдарда жылжымалы құрамның болуы мен орналасуымен танысады, оның бекітілуінің сенімділігін тексереді, аудан үшін белгіленген бекіту құралдарының бар екендігіне көз жеткізеді. Тексеру нәтижелері туралы станция бойынша кезекшіге баяндайды.
      390. Маневрлік жұмыс басталар алдында маневрлердің басшысы:
      1) маневрлерге қатысушы барлық қызметкерлердің, соның ішінде локомотив бригадасының толық құрамда өз орындарында орналасқандығына көз жеткізеді;
      2) маневрлерге қатысушы машинист пен станцияның қызметкерлерін алда болатын маневрлер жоспары мен оның орындалу тәртібімен таныстырады;
      3) вагондардың орын ауыстыруы үшін кедергілердің жоқтығын (мысалы, доңғалақтар астарындағы табандықтар) тексереді.
      391. Бағыттамалық пост кезекшісіне немесе орталықтандыру постысының операторына қандай да бір жолда маневрлік маршрутты дайындау туралы тапсырманы маневрлер басшысы станцияның техникалық жарақтандырылуына қарай станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген радиобайланыс, екіжақты парктік байланыс, локомотивтің ысқырығы, қол ысқырығы немесе басқа құралдар арқылы бере алады.
      392. Жұмыс процесінде маневрлер басшысы:
      1) сигналдарды және маневрлік орын ауыстыруларға қатысты нұсқауларды нақты және уақтылы береді;
      2) маневрлік орын ауыстырулар үшін бағыттамалардың уақтылы дайындалуын, орталықтандыру постылары операторларының, бағыттамалық постылар кезекшілерінің және локомотив машинисінің сигналдарды уақтылы және дұрыс берулерін қадағалайды;
      3) одан маневр жасаушы құрамның сигналдары мен оның орын ауыстыру маршрутының ең жақсы көрілуі қамтамасыз етілетін жерде орналасады; локомотив машинисімен радиобайланыс болмаған жағдайда (ақаулығына немесе локомотив маневрлік радиобайланыспен жабдықталмаған болса) ол жерден қолмен беретін сигналдарды машинистің немесе оның көмекшісінің көруі қамтамасыз етілетін жерде орналасады;
      4) станциялық жолдар бойынша вагондармен алға қозғалған кезде негізінен қозғалыс бойынша бірінші арнайы баспалдақта (өту алаңында, тамбурда) болады, ал мүмкін емес кезде – жол аралығымен немесе жолдың шетімен шегіндірілетін вагондардың алдында жүреді, маневрлік бағдаршамдардың көрсеткіштерін, берілетін сигналдарды, маршрут бойынша бағыттамалардың жағдайын, жолда кедергілер мен адамдардың болмауын қадағалайды; қажет жағдайда – маневрлік құрамды тоқтатуға шаралар қабылдайды. Қажетті жағдайларда, радиобайланыс болмаған кезде сигналдар беру үшін орталықтандыру постыларының операторларын, бағыттамалық постылар кезекшілерін және станцияның басқа қызметкерлерін тартады;
      5) үлкен құрамдармен жолдың қисық учаскелерінде немесе көрініс нашар жағдайларда (тұман, боран, қар жауу) маневрлер жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды – машинистке сигналдар мен радиобайланыс немесе екі жақты парктік байланыс бойынша нұсқауларды жиі береді;
      6) жылжымалы құрамның қиылған бағыттама бойынша оны қарап тексеру мен жөндегенге дейін өткізілуіне жол бермейді;
      7) құрамға келмес бұрын қоршау сигналдарының жоқтығына көз жеткізеді;
      8) вагондардың аялдауының болжамды уақытына қарамастан осы вагондардың бекітілусіз немесе станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген нормадан кем бекітілумен қалдырылуына жол бермейді;
      9) барлық вагондардың өзара және локомотивпен біріктірілгендігіне көз жеткізбей маневрлік құрамдардың орын ауыстыруына (локомотивпен алдында немесе вагондармен алдында) жол бермейді;
      10) итергішпен маневрлер кезінде ағытпалардың кері бағытта қозғалуының немесе вагондардың жолдың қарама-қарсы шетіндегі шекті бағаншалардан тыс шығуының мүмкіндігін болдырмайтын шараларды уақтылы қабылдайды;
      11) егер итергішпен маневрлер кезінде немесе құрамдарды дөңеске жылжыту кезінде ағыту тұтқалары жұмыс шарттары бойынша «буферге» жағдайына қойылады, және ағытпа құрамнан бөлінгеннен кейін тұтқаларды дұрыс қосылу мен вагондарды тіркеуді қамтамасыз ететін жағдайға келтіреді;
      12) маневрлік локомотив (жалғыз немесе вагондармен) вагондар тұрған қандай да бір жолға осы вагондарды ағыту немесе тіркеу үшін кірген кезде, сондай-ақ тұрған вагондарды ағыту үшін қысқан кезде вагондардың маневрлік локомотив жағына қарама-қарсы жағында сенімді бекітілгендігіне көз жеткізбей, осы операциялардың орындалуына жол бермейді;
      13) егер қандай да бір жолда тұрған, соның ішінде белгіленген норма бойынша бекітілген вагондар тобына вагондар қосымша тіркелсе, оның нәтижесінде бұрын орнатылған табандықтардың орналасуының дұрыстығы бұзылған жоқ па, сондай-ақ осы табандықтар ұлғайған вагондар санына жеткілікті екендігін тексереді;
      14) жүктерді тиеу және түсіру орындарында маневрлік құрамның қозғалысының алдында қозғалыс үшін кедергілердің жоқтығына көз жеткізеді;
      15) тиеу мен түсіру аяқталмаған вагондар мен маневрлерді тек тиеу-түсіру операцияларына басшылық етуші қызметкермен келісілген соң ғана жүргізеді;
      16) маневрлер жүргізу кезінде құрастыру және кондукторлық бригадалардың қызметкерлеріне тізбесі еңбекті қорғау жөніндегі жергілікті нұсқаулықта белгіленетін габаритсіз және қауіпті жерлерде вагонның арнайы баспалдақтарында тұруға жол берілмейді.
      393. Маневрлердің басшысы жұмысты жылжымалы құрамның жолдың қарама-қарсы шетінде орналасқан шекті бағандардан (оқшаулағыш түйіспелер немесе бағдаршамдардан) тыс шығуына жол бермейтіндей ұйымдастырады.
      Маневрлер басшысының парктің (жолдың) қарама-қарсы шетіндегі аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз етуші қызметкерлермен іс-қимылды келісу тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.
      394. Станция бойынша кезекші, маневрлік диспетчер немесе дөңес бойынша кезекші адамдары бар немесе 1-класты жүк (жарылғыш заттар), сондай-ақ тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» және «Дөңестен абайлап түсірілсін» штемпельдері бар басқа класты жүк тиелген вагондармен маневрлер жүргізу қажеттігі кезінде бұл туралы поездарды құрастырушыны, ал соңғысы - өзінің көмекшісі мен маневрлік локомотивтің машинисін хабардар етеді.
      395. Жөндеу бригадалары (жол, СОБ) жұмыстарының орындарында, өтпелерді қиып өтумен, жолаушылар платформаларының жанында, жүк қоймаларының, жүк аудандарының, отын қоймаларының, вагон және локомотив деполарының, зауыттар, шеберханалар және аймақтарындағы жолдарда маневрлер жүргізу кезінде құрастыру және локомотив бригадалары ерекше қырағылық көрсетуге, құрам жолдың жанындағы немесе платформаларда тұрған адамдарға жақындаған кезде дыбыстық сигналдарды уақтылы беруге, сондай-ақ тиеуде, түсіруде, жол, вагондарды жөндеуде және басқа операцияларда жұмыс істеп жатқан адамдарды құрамның қозғалысы туралы ескертеді.
      396. Маневрлер жүргізу кезінде локомотив бригадасы:
      1) маневрлік жұмысқа арналған тапсырманы дәл және уақтылы орындайды;
      2) берілетін сигналдарды мұқият қадағалайды, орын ауыстырулар туралы сигналдар мен нұсқауларды дәл және уақтылы орындайды;
      3) жолда тұрған адамдарды, бағыттамалардың жағдайын және жылжымалы құрамның орналасуын мұқият қадағалайды;
      4) маневрлер жүргізу қауіпсіздігі мен жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз етеді.
      397. Маневрлер жүргізуші арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам локомотивінің машинисіне маневрлер басшысының жеке, радиобайланыс, екіжақты парктік радиобайланыс құрылғылары немесе қол сигналдық аспаптарымен берілетін сигналдар бойынша нұсқауларын алусыз арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамды, локомотивті қозғалысқа келтіруге тыйым салынады. Машинист маневрлер басшысының нұсқаулары мен сигналдарынан басқа орталықтандырылған маневрлік маршруттардың бағыттамаларына шығарда маневрлік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткішінің барлығына көз жеткізеді, ал орталықтандырылмаған бағыттамаларға шығарда бағыттамалық постының кезекшісінен (жеке, радиобайланыс, екі жақты парктік радиобайланыс құрылғылары бойынша) бағыттамалардың маневрлік орын ауыстырулар үшін дайындығы туралы сигнал немесе хабарлама алады. Маневрлік бағдаршамдар болмаған кезде орталықтандырылған бағыттамаларға шығар алдында машинист станция бойынша кезекшіден бағыттамалардың маневрлік орын ауыстырулар үшін дайындығы туралы немесе хабарлама (жеке, радиобайланыс, екі жақты парктік радиобайланыс құрылғылары бойынша немесе маневрлер басшысы арқылы берілген) алуы тиіс.
      Бағыттамалар мен сигналдарды электрлік орталықтандыруы бар станцияларда бағыттамаларды орталықтандырылғаннан жергілікті басқаруға берген жағдайларда бағыттамаларға шығуға осы бағыттамаларды ауыстыру жүктелген қызметкердің нұсқауы немесе сигналы бойынша рұқсат етіледі.
      398. Құрама поездармен жұмыс істейтін локомотив бригадалары, сондай-ақ маневрлік жұмыстар жүргізу үшін бөлінген кондукторлар мен құрастыру бригадалары техникалық - өкімдік актісінде көрсетілген станциядағы маневрлік жұмыс тәртібімен танысады. Техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген маневрлік жұмыс шарттарымен міндетті таныстыруды локомотив және құрастыру бригадаларын, кондукторларды Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді.
      Маневрлер жүргізуші локомотивтің машинисіне онда вагондар қалатын жолдан шығу үшін локомотивті қозғалысқа келтіруге осы Нұсқаулықтың 415416 тармақтарында белгіленген ережелерді орындаумен маневрлер басшысынан радиобайланыс, екі жақты парктік радиобайланыс құрылғылары бойынша, маневрлерге қатысушы басқа қызметкер арқылы немесе жеке олардың бекітілуі туралы хабарлама алмай рұқсат етілмейді.
      399. Вагондармен алға қозғалу кезінде маневрлер басшысы машинистке бағыттамаға шығуға болатын қозғалыс туралы сигналды тек бағыттамалық пост кезекшісінен маневрлік орын ауыстырулар үшін бағыттамалардың дайындығы туралы сигналды (хабарламаны) алған соң немесе маневрлік бағдаршамның ашық жағдайда тұрғандығына көз жеткізіп қана береді.
      400. Жалғыз локомотивтің машинисі станция жолдары бойынша жүру кезінде маневрлік бағдаршамдардың көрсеткіштерін, станциялар бойынша кезекшілердің, орталықтандыру постылары кезекшілерінің, бағыттамалық постылар кезекшілерінің локомотив машинисіне тікелей берілетін сигналдарды немесе хабарламаларды басшылыққа алады.
      401. Берілген сигналдарды немесе радиобайланыс немесе екі жақты парктік байланыстың құрылғылары бойынша берілетін нұсқауларды машинист локомотивтің ысқырығымен немесе берілген нұсқауды қысқаша қайталаумен растайды.
      Егер машинист сигналды немесе нұсқауды қабылдаудың дұрыстығына сенімді болмаса немесе маневрлік жұмыс жоспарын білмесе ол тоқтайды және жағдайды анықтайды.
      Жолаушылар поезы жөнелтілетін жолдан (поездың артынан) ол осы жолды толық босатқанға дейін локомотивтер мен маневрлік құрамдардың жүруі туралы сигналдар мен нұсқаулар беруге тыйым салынады. Жолаушылар поезы иеленген осы жолда тұрған локомотивтердің машинистеріне жөнелтілген жолаушылар поезының артынан жолдың толық босағаны туралы хабарлама алғанға дейін қозғалуға тыйым салынады.
      402. Бағыттамалық постылар кезекшілері, орталықтандыру постыларының операторлары маневрлер жүргізу кезінде:
      1) маневрлер басшысы көрсеткен маршрут бойынша бағыттамаларды дұрыс және уақтылы ауыстырады;
      2) бағыттаманы ауыстырғаннан кейін бағыттау постысының кезекшісі оны салмаға бекітуі (осы Нұсқаулықтың 367-тармағында көзделген жағдайлардан басқада) және үшкірдің рамалық рельске тығыз түйісуіне көз жеткізеді;
      3) маневрлік құрамның орын ауыстыруы туралы сигнал берердің немесе хабарлама берердің алдында маневрлік маршруттағы бағыттамалар жағдайының дұрыстығын тексереді;
      4) машинистке және құрастырушыға сигналдар мен хабарламаларды нақты және уақтылы береді;
      5) маневрлік құрамның орын ауыстыруларын, берілетін нұсқаулар мен сигналдарды мұқият қадағалайды, осы нұсқаулар мен сигналдардың талаптарын уақтылы орындайды.

§ 4. Вагондарды бекіту

      403. Жылжымалы құрам станциялық жолдарда шекті бағандармен белгіленген шекараларда орналастырылуы тиіс.
      Станциялық жолдарда локомотивсіз тұрған поездардың, вагондардың құрамдары мен арнайы жылжымалы құрам жылжып кетуден тежегіш табандықтарымен, вагондарды бекітуге арналған станциялық құрылғылармен, қол тежегіштерімен және Уәкілетті орган белгілеген басқа бекіту құралдарымен сенімді бекітілуі тиіс.
      Вагондарды станциялық жолдарда бекіту осы Нұсқаулыққа 82-қосымшада келтірілген нормалар мен қағидаларға сәйкес жүргізілуі тиіс.
      404. Вагондар мен құрамдарды бекіту жергілікті жағдайларға қарай станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі, онда әрбір жолда поездардың вагондары мен құрамдары қалай бекітілетіндігі, бұл операцияларды, сондай-ақ вагондардың астынан бекіту құралдарын алуды және қол тежегішін босатуды кім орындауы мен аталған операциялардың орындалуы туралы кімге баяндауы тиістігі белгіленуі тиіс.
      405. Станциялық жолдарда қалдырылатын поездардың құрамдары, топтары немесе жекелеген вагондары станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделген нормалар бойынша локомотивті ағытқанға дейін барлық жағдайларда тежегіш табандықтарымен бекітілуі тиіс. 0,0025-тен аспайтын еңістері бар жолдарда жолаушылар поездарының локомотивтерін ауыстыру кезінде құрамды бекіту үшін автотежегішті 15 минуттан артық емес ішінде пайдалануға рұқсат етіледі. Аталған уақыт ішінде локомотивтерді ағыту мүмкін емес жағдайда құрам белгіленген норма бойынша тежегіш табандықтарымен бекітілуі тиіс.
      406. Станцияға келуші поездар локомотивтерінің машинистеріне локомотивті оның бекітілуі туралы хабарлама алмай құрамнан ағытуға тыйым салынады. Мұндай хабарлама машинистке станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен беріледі. Локомотивті поездан ағытар алдында машинист барлық жағдайларда құрамды автоматты тежегіштермен тежейді.
      407. Станцияға ұзақ (24 сағаттан артық) аялдау үшін (мысалы берілуді вагон жөндеу зауытының тосуда резервке) келген вагондар поездардың жүру маршруттарынан оқшауланған, 0,0025-тен аспайтын еңістігі бар жолдарға қойылуы тиіс. Мұндай вагондарды бекіту вагондар доңғалақтарын тежегіш табандықтарына еркін жылжытумен жүргізілуі тиіс. Бекітудің дұрыстығы мен сенімділігін станция бастығы, оның орынбасары немесе станция бойынша кезекші тексереді.
      408. Жүк поездарын аралық станцияларда локомотивсіз уақытша қалдыру кезінде оларды бекіту станцияның техникалық-өкімдік актісінде тиісті жолдар үшін көзделген нормалар бойынша вагондар доңғалақтарын тежегіш табандықтарына еркін жылжытумен жүзеге асырылады. Мұндай поездар құрамдары бекітілуінің дұрыстығы мен сенімділігін станция бастығы немесе оның орынбасары тексерулері тиіс, олар поездық диспетчердің нұсқауы бойынша алдын ала станцияға шақыртылады және оған жүргізілген бекітудің дұрыстығын тексеру туралы баяндайды. Аталған басшыларды шақыру мүмкін болмаған кезде бекітудің дұрыстығы мен сенімділігін станция бойынша кезекші жеке тексереді, ол бұл туралы поездық диспетчерге баяндайды.
      409. Поездардың құрамдарын 0,0025-тен артық еңістігі бар, вагондардың поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына және іргелес аралыққа шығып кетуін болдырмайтын құрылғылармен жабдықталмаған станцияларда немесе жекелеген станциялық жолдарда локомотивтерсіз қалдыруға жол берілмейді.
      Мұндай станциялар мен станциялық жолдардың тізбесі Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықта белгіленеді.
      410. Жылжымалы құрамның аралыққа шығу қаупі туындайтын еңістерде орналасқан станциялық жолдарда маневрлер локомотивті еңіс жағына қоюмен, вагондардың автотежегіштерін қосумен және сынаумен жүргізіледі. Локомотивті еңіс жағына қою мүмкін емес кезде мұндай жолдарда маневрлер шегіндіру жолымен жүргізілуі тиіс, ал вагондардың автотежегіштері қосылуы және сыналуы тиіс. Осындай жолдары бар станцияларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маневрлер жүргізу осы Нұсқаулықта белгіленеді және станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.
      Еңістерде орналасқан жолдарда маневрлер жасау кезінде барлық жағдайларда маневрлік құрамдардан ағытылған вагондардың қақтығысу, сондай-ақ вагондардың поездардың жүру маршруттарына немесе басқа маневрлік аудандарға шығып кету мүмкіндігін болдырмайтын қауіпсіздік шаралары (бағыттамаларды оқшаулағыш жағдайға қою, жекелеген ағытпалар астына табандықтар төсеу) сақталуы тиіс.
      Маневрлер кезінде жылжымалы құрамның жүріп кету қаупі туындайтын еңістерде орналасқан аудандар мен жолдардың тізбесі, сондай-ақ осы аудандарда маневрлер кезінде сақталуы тиіс қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар станциялардың техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі.
      411. Аралық станцияда локомотивсіз қалдырылатын поездың құрамы жолаушылардың өтуін қамтамасыз ету үшін ағытылатын және ажыратылатын жағдайларда бұл құрамның әрбір бөлігі құрамның ағытылған бөлігі тұратын жол бөлігінің нақты бейініне сәйкес келетін нормаға сәйкес тежегіш табандықтарымен бекітілуі тиіс.
      412. Кірме және жалғама жолдардың шектесу аудандарында жылжымалы құрамның станцияға немесе аралыққа өздігінен жүріп кетуінің алдын алу үшін станциялар бойынша кезекшілер, құрастыру бригадалары, бағыттамалық постылар кезекшілері шектесуге кірген (шыққан) соң сақтандыру тұйықтарының бағыттамаларын (соның ішінде орталықтандырылған) және күзет, лақтырғыш табандықтарды немесе бағыттамаларды вагондардың станциялық жолдарға кетіп қалмау жағдайында орнатады.
      413. Күтілетін қатты жел туралы хабарламаны алған кезде немесе мұндай хабарлама берілмесе де осында жел пайда болғанда станциялардың қызметкерлері, әркім өз постысында жылжымалы құрамның жүріп кетуінен бекітудің сенімділігін тексереді және осы Нұсқаулықтың 82-қосымшасының 9-тармағына сәйкес қосымша тежегіш табандықтарын төсейді.
      414. Жылжымалы құрамның аралыққа жүріп кету қаупі туындаған кезде станцияның қызметкерлері оны тоқтату үшін олардың иелігіндегі барлық құралдарды пайдаланады. Жылжымалы құрам аралыққа жүріп кеткен кезде станция бойынша кезекші қарсы поездарды кідірту үшін оның иелігіндегі барлық құралдарды пайдалана отырып, бұл туралы аралықта орналасқан поездардың машинистеріне, поездық диспетчерге, жол постыларының кезекшілеріне, көрші станциялар кезекшілеріне, өтпелер бойынша кезекшілерге бұл туралы хабарлайды және жүріп кеткен жылжымалы құрамды тоқтату үшін шаралар қабылдайды.
      415. Жылжымалы құрамды станциялық жолдарға бекіту жөніндегі операцияларды орындау кезінде қызметкерлердің өзара бақылауын қамтамасыз ететін келесі негізгі ережелер сақталуы тиіс:
      1) бас және қабылдау-жөнелту жолдарында бекітуді станция бойынша кезекші, ал жекелеген маневрлік аудандарда-маневрлік диспетчер басқарады және бақылайды;
      2) станция бойынша кезекші локомотивті ағытуға тек құрамның бекітілуінің дұрыстығына осы операцияны орындаушының баяндамасы бойынша немесе жеке көз жеткізген соң ғана рұқсат бере алады;
      3) поездық локомотивтің машинисіне локомотивті құрамнан радиобайланысы, парктік байланысы бойынша, бекітуді жүргізген станцияның қызметкері арқылы немесе жеке өзі берген станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз ағытуға тыйым салынады;
      4) құрам астынан тежегіш табандықтарын алуға тек осы операцияны орындаушыға радиобайланысы бойынша, парктік байланысы бойынша, станцияның басқа қызметкері арқылы немесе жеке өзі беретін станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша ғана рұқсат етіледі;
      5) станция бойынша кезекші тежегіш табандықтарын алу туралы нұсқауды машинистің радиобайланысы бойынша немесе станцияның қызметкері арқылы баяндамасы бойынша локомотивтің құрамға нақты тіркелгендігіне көз жеткізген соң ғана береді.
      416. Станциялық жолдарда маневрлік жұмыс жөніндегі операцияларды орындау кезінде қызметкерлердің өзара бақылауын қамтамасыз ететін келесі негізгі қағидалар сақталуы тиіс:
      1) маневрлер жүргізу кезінде жылжымалы құрамның бекітілуі үшін жауапты маневрлердің басшысы болып табылады;
      2) маневрлер басшысы барлық жағдайларда локомотивті (жалғыз немесе вагондармен) ағыту алдында машинистке жолда қалдырылатын вагондардың санын, сондай-ақ тежегіш табандықтарының санын және олардың қай жағынан төселгендігін көрсетумен олардың бекітілгені туралы хабарлайды.
      Маневрлерді қабылдау-жөнелту жолдарында жүргізу кезінде маневрлер басшысы осындай хабарламаны онда вагондар (немесе басқа жылжымалы құрам) қалатын жолдан шығуға рұқсат сұраған кезде станция бойынша кезекшіге (маневрлік диспетчерге) береді, ал локомотив машинисі – бұл хабарламаны жекелеген маневрлер ауданында радиобайланысы бойынша станция бойынша кезекшіге қайталайды.
      417. Станция бойынша кезекші (маневрлік диспетчер) машинист және маневрлер басшысы берген хабарламалардың станцияның техникалық-өкімдік актісінде нақты жол үшін белгіленген вагондарды бекіту нормаларына сәйкестігіне көз жеткізеді және локомотивтің (маневрлік құрамның) осы жолдан (осы маневрлік ауданнан) шығуына рұқсат береді.
      Жылжымалы құрамды бекіту жөніндегі оларды орындаушы және баяндаушы нақты қызметкерлерді көрсетумен станцияның техникалық-өкімдік актісіне қоса тіркеледі.

§ 5. Маневрлер кезіндегі жылдамдықтар

      418. Маневрлер:
      1) 60 км/сағат – бос жолдар бойынша жалғыз локомотивтер және вагондары артына тіркелген, қосылған және сынақтан өткен автотежегіштері бар локомотивтердің жүруі кезінде;
      2) 40 км/сағат – артына тіркелген вагондары бар локомотивтің қозғалысы кезінде, сондай-ақ жалғыз арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның бас жолдар бойынша жүруі кезінде;
      3) 25 км/сағат – вагондары алдындағы, сондай-ақ қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының бос жолдар бойынша қозғалысы кезінде;
      4) 15 км/сағат – адамдары, сондай-ақ 4, 5 және 6-дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздік жүктері бар вагондармен қозғалыс кезінде;
      5) 5 км/сағат вагондардың ағытпаларының басқа ағытпаға келуі кезінде – итерумен және дөңес астылық парктегі маневрлер кезінде;
      6) 3 км/сағат – локомотивтің (вагондармен немесе оларсыз) вагондарға келуі кезінде артық емес жылдамдықпен жүргізіледі.
      419. Жылжымалы құрамның вагондық таразылар бойынша орын ауыстыруының жылдамдығы таразылардың құрылымына қарай станцияның техникалық - өкімдік актісінде белгіленеді.
      Маневрлік құрамдардың және жалғыз локомотивтердің 60, 40 және 25 км/сағат жылдамдықтармен қозғалысы машинист жолдың бастығы туралы ескертілген жағдайларда ғана жүргізілуі мүмкін. Егер машинист жолдың бастығы туралы хабардар етілмесе ерекше қырағылықпен және одан әрі қозғалыс үшін кедергілер пайда болған кезде уақтылы тоқтауды қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүреді.

§ 6. Сұрыптау дөңестері мен тартымдық жолдардағы маневрлер

      420. Вагондарды сұрыптау үшін дөңестері бар станцияларда маневрлер Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілуі тиіс, оларда сондай-ақ құрамдарды тарату процесін автоматтандыру құрылғыларын пайдалану тәртібі де көрсетіледі.
      Сұрыптау дөңестерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықтарда сондай-ақ вагондардың сұрыптау жолдарынан сұрыптау дөңесіне қарама-қарсы алқымға жүріп кету мүмкіндігін болдырмайтын (қоршаушы тежегіш табандықтарын төсеу, ағытпаларды парктің тереңінде тежеу, сұрыптау дөңесі мен сұрыптау паркі қызметкерлерінің арасындағы келісушіліктер және басқа шаралар) шаралар да көзделуі тиіс.
      421. Вагондарды сұрыптау дөңесінен тарату алдында дөңес бойынша кезекші:
      1) жолдың дөңес жағынан бостығының деңгейін және оларда өтпелердің болуын тексереді;
      2) алда болатын тарату жоспарымен, ағытпалардың орналасу ретімен, әрбір ағытпадағы вагондар санымен, ағытпалардың жүрістік сапаларымен, тарату кезінде айрықша абайлаушылықты талап ететін вагондардың болуымен, ұзын базалық (ішкі доңғалақтар жұптарының осьтері арасында 11,3 м-ден артық қашықтығы бар) және басқа деректермен танысады;
      3) осы станцияда белгіленген алда болатын таратудың тәртібімен вагондарды сұрыптауға қатысатын басқа қызметкерлердің (басқару және атқару постыларының операторларын, поездарды құрастырушыларды, вагондардың қозғалыс жылдамдықтарын реттеушілерді) таныстыруларын қамтамасыз етеді;
      4) сұрыптау жұмысын автоматтандыру құрылғыларын қосады.
      422. Дөңес бойынша кезекші, басқару және атқару постыларының операторлары, поездарды құрастырушылар, вагондардың жылдамдықтарын реттеушілер тарату процесінде вагондарды жылжыту жылдамдығын және тежеу деңгейін сұрыптау жолдарының толықтығына, бағыттама аймағында және дөңес астылық жолдарда өту жағдайларына, ағытпалар шамасына, ағытпаларды сұрыптау паркінің жолдары бойынша тағайындау кезектілігіне қарай реттейді.
      Тарату процесінде дөңес бойынша кезекші, басқару және атқару постылары ағытпалардың қозғалысын бақылаулары, олардың сұрыптау паркінің жолдары бойынша жүрулерінің дұрыстығын тексереді, сұрыптау жұмысын автоматтандыру құрылғыларының жұмысын бақылайды және қалыптасқан жағдайға қарай қажет жағдайда олардың жұмысын түзетеді.
      423. Сұрыптау жолдарында 1-класты (жарылғыш материалдармен) қауіпті жүктері бар вагондар мен сығымдалған газдары бар цистерналар орналасқан кезде маневрлік диспетчерлер мен сұрыптау дөңестері бойынша кезекшілер мұндай вагондар орналасқан жолдардың дәл есебін жүргізеді.
      Тасымалдау құжаттарында «Дөңестен жіберілмесін» штемпелі бар жарылғыш материалдары (жарылғыш материалдармен) бар вагондар, сығымдалған газдары бар цистерналар мен сығымдалған газдың бос цистерналары сұрыптау жолдарына қойылғаннан кейін дөңес, жартылай дөңес немесе тартымдық жол жағынан дереу қоршалатын вагондар мен сұрыптау құрылғысынан бірінші орналасқан тежегіш табандыққа дейінгі ара-қашықтық 50 метрден кем болмайтындай бір бірінен 25 метрден кейін екі рельске де төселетін екі күзеттік тежегіш табандықпен қоршалуы тиіс. Осы жолдарға жіберілетін кейінгі ағытпалар кемінде 10 вагоннан тұратын топ жинақталғанға дейін күзеттік тежегіш табандықтар орналасқан жердің алдына тоқтайды.
      424. Итерумен маневрлер кезінде вагондарды босатудың немесе оларды осындай жолдарға бағыттаудың режимі, егер қоршалатын вагондар олармен алдын ала біріктірілген осындай вагондар тобымен қалқаланған болса ғана қалпына келтіріле алады. Тасымалдау құжаттарында «Дөңестен жіберілмесін» штемпелі бар қоршалатын вагондардан дөңес немесе тартым жағынан парктік тежегіш орнының соңына дейінгі ара - қашықтық 50 метрден кем болса, онда келесі ағытпалар бұл жолдарға тек шегіндірудің көмегімен ғана бағытталуы тиіс.
      425. Тарату процесінде дөңес бойынша кезекші, басқару постысының операторы немесе дөңестік құрастырушы екі жақты парктік байланыстың немесе байланыстың басқа түрлерінің көмегімен атқарушы постылардың операторларын, вагондардың жылдамдығын реттеушілерді, бағыттамалық постылар кезекшілерін ерекше сақтықты талап ететін (1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдармен), жолсеріктері, жануарлары бар вагондар) ағытпалар туралы үнемі хабардар етеді.
      426. Таратуға қатысушы барлық қызметкерлер мұндай ағытпаларды дөңестен түсіру кезінде, сондай-ақ ерекше сақтықты талап ететін жүктері бар вагондар орналасқан жолда кез келген ағытпаларды тарату кезінде ерекше қырағы болулары, таратудың қауіпсіздігі мен вагондардың сақталуын қамтамасыз етулері тиіс. Жылжыту жылдамдығын, сондай-ақ баяулатқыштардағы тежеу күшін ағытпалар арасында қажетті қашықтықтар құруды және осы вагондардың басқа вагондармен соқтығысуларының белгіленген жылдамдықтарын сөзсіз сақтауды ескере отырып реттеу қажет. Таратылатын құрамда Темір жолдар бойынша жүктерді тасымалдау ережелерінде және Темір жолдар бойынша ерекше сақтықты талап ететін қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінде аталған жекелеген санаттағы жүктері бар вагондардың барлығы туралы қызметкерлерді хабардар ету Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы жергілікті нұсқаулықтарында белгіленеді.
      427. Маневрлер жасауға және дөңестен түсіруге тыйым салынады:
      1) жүктерге ілесуші жолсеріктері (командалары) бар вагондардан басқа адамдары бар вагондарды;
      2) тасымалдау қағидаларында және Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларында аталған жекелеген санаттағы жүктері бар вагондарды;
      3) 4, 5, 6-дәрежелі бүйірлік және төменгі габаритсіздік жүктері және 3-дәрежелі үстіңгі габаритсіздік жүктері бар платформалар мен үсті ашық вагондарды, жүк тиелген транспортерлерді;
      4) жұмыс істемейтін жағдайдағы локомотивтерді, моторвагонды жылжымалы құрамды, рефрижераторлық поездардың құрамдарын, жолаушылар вагондарын, темір жолмен жүретін крандарды;
      5) «Дөңестен түсірілмесін» трафареттері бар вагондар мен арнайы жылжымалы құрамды итеруге.
      Аталған жылжымалы құрам сұрыптау дөңесі арқылы тек маневрлік локомотивпен ғана өткізілуі мүмкін.
      428. Сұрыптау дөңесі арқылы өткізуге тыйым салынады:
      12 және одан артық осьтері бар жүк тиелген және бос транспортерлерді, жүк көтергіштігі 120 тонна тіркемелі үлгідегі жүк тиелген транспортерлер тіркемеде бір немесе екі аралық платформалары болған кезде, сондай-ақ «Дөңес арқылы өткізілмесін» трафареті бар жылжымалы құрамды.
      429. Дөңестік бағдаршамдардың әртүрлі көрсеткіштері кезінде сұрыптау дөңестерінде вагондарды таратудың жылдамдығы, сондай-ақ жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларды дөңестердің техникалық жарақтандырылуы мен жергілікті жағдайларға қарай Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді.
      430. Дөңесалдылық паркте вагондар ағытпасының екінші ағытпаға жақындау жылдамдығы 5 км/сағаттан аспауы тиіс. Егер вагондарға арналған тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» штемпелі болса немесе вагондар мен арнайы жылжымалы құрамдарда «Дөңес арқылы өткізілмесін» трафареті бар болса, онда олармен маневрлер дөңесастылық парк жағынан паналау нормаларын сақтаумен, ерекше сақтықпен, итерусіз және кенеттен тоқтаусыз локомотивті шегіндірумен немесе «шешумен» жүргізілуі тиіс.
      Мұндай вагондар мен арнайы жылжымалы құрамды біріктірудің жылдамдығы 3 км/сағаттан аспауы тиіс. Оларды сұрыптау дөңесі арқылы өткізу тек локомотивпен жүргізілуі тиіс.
      431. Сұрыптау дөңестерінен 12 және 5 вагонды рефрижераторлық секцияларды, сондай-ақ машиналық салқындатқышы бар автономды вагондарды тарату кезінде олардың дөңесастылық парктің жолдарында тұрған вагондармен соқтығысуына, сондай-ақ олармен кейіннен ағытуларға жол берілмейді. Аталған вагондарды тарату дөңестік бағдаршамның сары оты кезінде жүргізілуі тиіс.
      432. Жүктерге немесе жануарларға ілесіп жүретін жолсеріктері (командалары) бар вагондарды дөңестен тарату алдында, сондай-ақ осындай вагондармен маневрлерді итерумен жүргізу алдында поездарды құрастырушы жолсеріктер мен командаларды алда болатын маневрлер туралы ескертіледі.
      433. Әрбір вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеуші тарату процесінде қандай да бір сұрыптау жолында вагондардың болуын қадағалайды және ол толған кезде бұл туралы алдын ала аға реттеушіге, дөңес бойынша кезекшіге немесе дөңестік құрастырушыға хабарлайды.
      434. Дәл және апатсыз жұмысты қамтамасыз ету үшін вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілер:
      1) құрамды таратудың басталуына дейін олар қызмет көрсететін жолдарда болады;
      2) дөңес бойынша кезекші беретін хабарламалар мен командаларды, поездарды құрастырушы немесе локомотив машинисі беретін сигналдарды мұқият қадағалайды;
      3) жолдардың сыйымдылығын және ағытпалардың дөңесастылық жолдарда тұрған вагондарға келуін неғұрлым толық қамтамасыз ете отырып вагондарды есеппен тежейді. Дөңестен үлкен ағытпаларды тарату кезінде доңғалақтар жұптарының астына табандықтөсегіштің немесе арнайы ашаның көмегімен қосымша тежегіш табандықтары төселеді;
      4) локомотивтің вагондарды жалғауы үшін жолға шығуы кезінде құрастырушының немесе дөңес бойынша нұсқауы бойынша вагондардың астынан тежегіш табандықтарын алады;
      5) көрші жолдарға қызмет көрсетуші вагондар қозғалысының жылдамдықтарын реттеушілерге олардың жұмыс аудандарында ағытпалардың қарқынды жүрулері кезінде көмектеседі.
      435. Вагондарды станциялық жолдарда тежеу кезінде тежегіш табандықтарын:
      1) тікелей рельс түйіспесінің алдында (1 м және одан кем) және рельс түйіспесінде (егер ол дәнекерленбесе);
      2) бағыттамалық бұрма айқаспасының алдында;
      3) оған үшкір жататын бағыттамалық бұрманың рамалық рельсіне;
      4) қисықтың сыртқы рельсіне төсеуге тыйым салынады.
      Ақаулы тежегіш табандықтарын (жарылған бастиек, сырылған және майысқан өкше) пайдалануға тыйым салынады.
      Тежегіш табандықтары боялған (олар неғұрлым көрінетіндей түске), белгіленген таңбасы болуы және жол аралықтарындағы арнайы тумбочкаларда және сөрелерде сақталуы тиіс.
      436. Станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен сұрыптау паркінің қарама-қарсы шетіндегі дөңес бойынша кезекшімен (құрастырушымен) және құрастырушымен немесе басқа қызметкермен алдын ала келісусіз вагондарды сұрыптау паркінде (дөңес жағынан немесе сұрыптау паркі жолдарының қарама-қарсы жағынан) шегіндіруге немесе біріктіруге тыйым салынады.
      Шегіндіру алдында құрастырушы вагондардың астында тежегіш табандықтарының жоқтығына, вагондардың автоағытқыштарының ағыту тұтқаларының жұмыс жағдайына көз жеткізеді.
      437. Тартымдық жолдардағы маневрлер негізінен итерулермен (сериялы, жалғыз) жүргізіледі.
      Маневрлерді сериялық итерулермен жүргізу кезінде осы әдіс маневрлік жұмысты ұйымдастыру кезінде негізгі болып табылатын аудан үшін станциялардың техникалық-өкімдік актілерінде: ағытпаларды тежеу тәртібі, техникалық құралдардың (байланыс, табандықсалғыштар, табандықлақтырғыштар) болуы мен қолдану тәртібі және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа шарттары көрсетілуі тиіс.
      438. Құрамды итеру үшін құрастырушы ағытпаның жүру сипаттарын және салмағын, сұрыптау жолдарының бостығы мен атмосфералық жағдайларды орталықтандыру постыларының операторлары, бағыттамалық постылардың кезекшілері және вагондар қозғалыстарының жылдамдықтарын реттеушілердің бағыттаманы ауыстыру мен тежегіш табандықтарын төсеуі үшін жеткілікті уақыттары болатындығын және вагондардың соқтығысу жылдамдықтары белгіленгеннен аспайтындығын ескере отырып екпінді реттейді.
      439. Маневрлерді жүргізу бұзылған кезде (артта келе жатқан ағытпаның алда келе жатқанды қуып жетуі, ағытпаның бағыттамалық алқымда тоқтауы) дөңестік постылардың операторлары, вагондар қозғалысының жылдамдықтарын реттеушілер және маневрлерге қатысушы басқа қызметкерлер сұрыптау дөңесі бойынша кезекшіні, сұрыптау құрастырушысын хабардар етеді, тоқтау командасын (сигналын) береді және кезекті қозғалыстағы ағытпаны кідірту үшін шаралар қабылдайды.

§ 7. Бас және қабылдау-жөнелту жолдарындағы маневрлер

      440. Бас жолдарда немесе олардың қиылысында, сондай-ақ шығу бағыттамаларынан тыс шығумен маневрлерге әрбір жағдайда оларда маневрлер жүргізілетін жолдар мен бағыттамаларға кіруді қоршауға тиісті кіру бағдаршамдары жабық кезде тек станция бойынша кезекшінің рұқсаты бойынша ғана жол берілуі мүмкін.
      Станцияның қабылдау-жөнелту парктерінде маневрлер станция бойынша кезекші құрастырушыға (бас кондукторға) маневрлік жұмысқа арналған тапсырма беруі кезінде көрсеткен жолдарда (бағыттамаларда) ғана жүргізілуі мүмкін.
      441. Дара жолды және қос жолды учаскелердің дұрыс емес жолы бойынша поездық диспетчердің және көрші станция бойынша кезекшінің келісімінсіз және машинистке берілетін белгіленген рұқсатсыз құрамның станция шекарасынан аралыққа шығуымен маневрлерге тыйым салынады.
      Құрамның қос жолды учаскелердің дұрыс жолы бойынша станция шекарасынан тыс шығуымен маневрлерге поездық диспетчердің келісімімен станция бойынша кезекшінің ауызша рұқсаты бойынша жол беріледі.
      442. Маневр жасаушы құрамның дара жолды аралықта станция шекарасынан тысқары шығуына рұқсат болып:
      1) автоматты бұғаттау кезінде – маневрлік локомотивтің машинисіне тиісті шығу бағдаршамы ашылған соң берілетін кілт-жезл қызмет етеді.
      Маневрлік құрамның ашық шығу бағдаршамы және кілт-жезл бойынша станция шекарасынан тыс шығуынан кейін машинисте кілт-жезл болған кезде аралыққа қайта кіру шығу бағдаршамын ашусыз жүзеге асырылады.
      Жол бағдаршамдарымен байланыстырылған арнайы маневрлік бағдаршамдары бар автоматты бұғаттаумен жабдықталған станцияларда маневр жасаушы құрамның станцияның шекарасынан тыс шығуы осы маневрлік бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші кезінде жүргізіледі.
      443. Станция шекарасынан тыс шығумен маневрлер үшін кілт-жезл немесе арнайы маневрлік бағдаршам болмаған кезде маневрлік локомотивтің машинисіне жол жазбасы беріледі;
      1) жартылай автоматты бұғаттау кезінде – осы аралықтың кілт-жезлы, ал ол болмаған кезде – жол жазбасы;
      2) электр жезлды жүйе кезінде - осы аралықтың жезлы немесе кілт-жезлы;
      3) телефон байланысы кезінде - жол жазбасы.
      444. Барлық жағдайларда машиниске жол жазбасын берумен маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс дара жолды аралыққа шығуы поездар қозғалысы кезінде сигнал беру мен байланыстың негізгі құралдарын жабусыз аралықты шектеуші екі станцияға да бір мезгілде берілетін поездық диспетчердің рұқсаты бойынша ғана жүзеге асырыла алады.
      Мұндай рұқсаттарды алған соң станциялар бойынша кезекшілер осы Нұсқаулықтың 83-қосымшасына сәйкес нысан бойынша телефонограммалар алмасады.
      445. Соңғы телефонограмманың келуі машиниске осы Нұсқаулықтың 8-қосымшада ескерілген ДУ-50 нысанындағы бланкідегі жол жазбасын беруге негіз болып табылады, оның жоғарғы жағында қолмен станция «шекарасынан шығумен орындалатын маневрлер» деген белгі жасалды.
      Аталған нысандар бойынша телефонограммалармен алмасу поездық диспетчердің бақылауымен поездық диспетчерлік байланысы бойынша жүзеге асырылады.
      446. Аралықты қарсы бағыттағы поезд иеленген кезде маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс шығуы туралы сауал жасауға және рұқсат беруге тыйым салынады.
      Маневрлер жүргізу станциясынан жөнелтілген поездың аралық бойынша жүруі сәтінде келісім берілген кезде аралық келесі станциядан поездың келуі туралы хабарлама алынған және осы станцияға осы Нұсқаулықтың 84-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маневрлердің аяқталғаны туралы хабарлама бергенге дейін бос емес болып саналады.
      Маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс шығуы туралы барлық сөйлесулер поездық телефонограммалардың журналындағы ДУ-47 нысанындағы жазбалармен ресімделеді.
      447. Маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс қос жолды аралықтың екі жақты жол бұғаттауымен жабдықталмаған дұрыс емес жолы бойынша шығуының қажеттілігі кезінде аралықтың осы жолы бойынша бұғаттаудың жұмысы белгіленген тәртіппен жабылады. Бұғаттау жабылған соң маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс шығуы локомотив машинисіне жол жазбасын берумен жүзеге асырылады, ол осы Нұсқаулықтың 444-тармағымен көзделген тәртіппен ресімделеді, бұл ретте жол жазбасының жоғары жағында жасалатын белгіге «дұрыс емес жол бойынша» сөздері қосылады.
      Екі жақты автоматты бұғаттау кезінде бұғат-жүйені қозғалыстың тиісті бағытына ауыстырып қосқаннан кейін маневрлік құрамның дұрыс емес жол бойынша станция шекарасынан тыс шығуы дара жолды аралықтар үшін көзделген ережелер бойынша жүргізілуі мүмкін.
      448. Негізінен қабылдау-жөнелту жолдарын жеке вагондардың немесе вагондар топтарының иеленуіне тыйым салынады. Қабылдау-жөнелту жолдарын жылжымалы құрамның уақытша иеленуіне тек станция бойынша кезекшінің рұқсаты бойынша ғана жол берілуі мүмкін.
      Аралық станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарын жеке вагондардың немесе вагондар топтарының уақытша иеленуіне станция бойынша кезекші тек поездық диспетчердің рұқсаты бойынша ғана жол бере алады.
      Ұстаушы тұйықтарды кез-келген жылжымалы құрамның, ал сақтандырушы тұйықтарды - адамдары бар жолаушылар және жүк поездарының, қауіпті жүктері бар жүк поездарының иеленуіне тыйым салынады.

§ 8. Бағыттау посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін
станциялардың аудандарындағы маневрлік жұмыс

      449. Маневрлік локомотивтің жүк аудандарының, көмір қоймаларының, вагон немесе локомотив деполарының жолдарына шығу қажеттілігі кезінде станция бойынша кезекші немесе поездарды құрастырушы вагондарды беру немесе шығару мүмкіндігін алдын ала осы аудандағы жұмыстар басшысымен келіседі.
      Келісу тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.
      450. Поездарды құрастырушы маневрлік құрамның бағыттамалар посттарының кезекшілері қызмет көрсетпейтін ауданның жолдарына кіруі алдында жолдар мен бағыттамалардың жағдайын ерекше мұқият тексереді және орын ауыстыру үшін кедергілердің жоқтығына көз жеткізеді.
      Мұндай аудандарда бағыттамаларды ауыстыруды поездарды құрастырушы немесе станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген басқа қызметкер жүзеге асырады.
      451. Маневрлік локомотивтердің немесе құрамдардың бағыттамалық постылар кезекшілері қызмет көрсетпейтін аудандардан станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз станциялық жолдарға шығуына тыйым салынады.
      Маневрлік локомотивтердің мұндай аудандардан шығу тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді.

12. Ескертулер беру тәртібі

§ 1. Жалпы ережелер

      452. Поездардың жүруі кезінде локомотив бригадаларының ерекше қырағылығын қамтамасыз ету және оларды жұмыстардың жүргізілуі туралы ескерту қажет жағдайларда поезға жазбаша ескертулер беріледі.
      Ескертулер:
      1) жолдың, түйіспе желісі құрылғыларының, өтпелік сигнал беруінің, жасанды және басқа құрылыстардың ақаулығы кезінде, сондай-ақ жылдымдықты азайту немесе жолда тоқтауды талап ететін жол және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде;
      2) қолданысқа сигнал беру және байланыстың жаңа құралдарын енгізу кезінде, сондай-ақ бағдаршамдардың жаңаларын қосу, қолданыстағыларының орнын ауыстыру немесе жою және бағдаршамды жабық жағдайға келтіру мүмкін емес ақаулығы кезінде;
      3) автоматты локомотивтік сигнал беруінің жол құрылғыларының ақаулығы кезінде;
      4) поездарды тиеу габаритінен тыс шығатын жүктермен жөнелту кезінде, бұл поездың жүруі кезінде жылдамдықты төмендету немесе ерекше жағдайларда сақтау қажет кезде;
      5) қос жолды аралықта қар тазалағыш, балластер, жол төсегіш, көтеру краны, шағылтас тазалағыштар және басқа машиналардың жұмысы кезінде;
      6) поезға осы учаске үшін белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрамды қойған кезде;
      7) алынып-салынатын жылжымалы бірліктердің нашар көріну жағдайындағы жұмысы кезінде, сондай-ақ жол вагоншаларында ауыр жүктерді тасымалдаған кезде;
      8) жолда поездың жылдамдығын азайту немесе тоқтату талап етілетін барлық жағдайларда, сондай-ақ локомотив бригадаларын поездың жүруінің ерекше жағдайлары туралы ескерту қажет жағдайларда беріледі.
      453. Барлық ескертулер үш түрге бөлінеді:
      1) тиісті басшы жұмыстарды жүргізу жағдайлары бойынша олардың аяқталуының дәл мерзімін анықтай алмағанда белгіленген сәттен күшін жойғанға дейін;
      2) ескертулерді беруге арналған өтінімде көрсетілетін, жұмыстар басшысы белгілейтін белгілі мерзімде қолданылатын;
      3) жекелеген поездар үшін, оларды өткізудің ерекше жағдайларын сақтау қажеттілігі кезінде (мысалы, поезда кестемен көзделмеген аялдамалар тағайындау кезінде белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жүк немесе жылжымалы құрам болған кезде) белгіленетін.
      454. Алда болатын көзделген жұмыстарды жүргізумен байланысты ескертулер беру туралы өтінімдерді:
      1) жол шеберлері, түйіспе желісі аудандарының бастықтары мен электрмеханиктері, сигнал беру және байланыс дистанцияларының электрмеханиктері – жұмыстар жүргізу уақытына, алайда 12 сағаттан артық емеске;
      2) жол, сигнал беру және байланыс дистанциялары, электрмен жабдықтау дистанцияларының бастықтары - 5 тәулікке дейінгі мерзімге береді.
      455. Өте ұзақ мерзімге арналған ескертулер Ұлттық темір жол компаниясының бұйрығымен белгіленеді, бұл ретте ескертулерді белгілеу туралы бұйрықта тиісті қызметкерлерге қажетті жұмыстарды орындаған соң ескертулердің күшін жою құқығы беріледі.
      Жолды жол өлшегіш және ақаутапқыш вагондармен тексеру кезінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін жерлерді анықтаған кезде ескертулерді беруге арналған өтінімдерді осы вагондардың бастықтары немесе олардың орынбасарлары берулері мүмкін.
      456. Жол шеберлері, түйіспе желісі аудандарының бастықтары мен электрмеханиктері, сигнал беру және байланыс дистанцияларының электрмеханиктері ескертулер беру туралы өтінімдерді:
      алынып-салынатын жылжымалы бірліктердің нашар көріну жағдайындағы жұмысы кезінде, қос жолды және көп жолды аралықтарда жол аралығында материалдар түсіру жүргізіліп жатқан немесе онымен поездар жүріп жатқан жолдан бір жол кейін көрші жолда тұрған поездан жүк тиеу немесе түсіру жүргізіліп жатқан кезде жол вагоншаларында ауыр жүктерді тасымалдаған кезде береді.
      Жол шеберлері, бұдан басқа жол бригадирі басшылық жасау құқығы бар алда болатын көзделген жұмыстарға байланысты ескертулер беру туралы өтінімдер береді.
      457. Ескертулерді беруге арналған өтінімдер ескертулер беру жөніндегі станциялар, оған ескерту белгіленетін аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілердің атына, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде сондай-ақ, поездық диспетчерге жазбаша, жеделхатпен немесе телефонограммамен беріледі. Аталған станциялардың біріне берілген жазбаша өтінім оған қойған адам, басқа белгіленген мекенжайларға жеделхатпен немесе телефонограммамен расталуы тиіс.
      Егер ескертулерді беру туралы өтінімді жол дистанциясының бастығы немесе басқа аға агент берсе, онда оның көшірмесі жұмыстар басшысына жіберіледі.
      458. Көзделген ескертулерді беруге арналған өтінімдері бар жеделхаттар (телефонограммалар) ескертулерді беру станциясы бойынша кезекші оларды ескертулердің қолданысы бастағанға дейін 3 сағаттан кеш емес, ал поездар 3 сағаттан артық тоқтаусыз жүретін бағыттарда - Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалы жергілікті нұсқаулықта белгіленген уақыттан кеш емес алатындай есеппен беріледі.
      Өтінімдердің, жеделхаттардың немесе телефонограммалардың белгіленген мекенжайлар бойынша уақтылы жеткізуін қамтамасыз ететін ескертулер белгілеу немесе күшін жою туралы өтінімдер, жеделхаттар немесе телефонограммалар тапсыру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгілейді.
      459. Өтінімді орындау үшін қабылдау туралы растама болып:
      1) жеделхатты (телефонограмманы) белгіленген мекенжайларға тапсыру немесе оны беру кезінде телефонограмма мәтінінде бекітілген оны белгіленген мекенжайларға беру уақытымен, осы телефонограмманы қабылдаған қызметкердің лауазымы мен тегін көрсете отырып қабылдағаны туралы телеграф қызметкерінің (телеграф жоқ станция бойынша кезекшінің) қолы бар жеделхаттың (қабылдау уақытын көрсетумен телефонограмманың) көшірмесі;
      2) ескертулер беру станциясы бойынша кезекшінің жазбаша өтінімді алғаны туралы қолхаты немесе осы станция бойынша кезекшінің ескертулер кітабындағы өтінімді жасаған қызметкердің жазбасы астындағы қолхаты табылады.
      Ескерту беруге немесе күшін жоюға арналған өтінім жеке жеделхатпен (телефонограммамен) ресімделуі және ескертулерді беру жөніндегі станция бойынша кезекшіге тек жазбаша түрде жеткізілуі тиіс.
      460. Жұмыстар басшысына поездық диспетчер немесе станция бойынша кезекші арқылы поездарға ескертулер берілетіндігіне көз жеткізбей жұмысқа кірісуге, ал жұмыстардың қауіпсіздігі үшін жауаптыға жұмыстардың басталуы туралы рұқсат беруге тыйым салынады.
      461. Ескертулер беру туралы өтінімдерде:
      1) ескертудің қолданысы орнының дәл белгіленуі (аралық, километр және жол нөмірі);
      2) поездар қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
      3) ескертудің басталуы мен қолданыс мерзімі көрсетіледі.
      462. Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін және тоқтау сигналдарымен (ақаулы рельстерді, салмаларды, бағыттамалық үшкірлерді, теңестіру аспаптарының элементтерін, бұрыштамаларды бір-бірден ауыстыру, ісінулердегі жолдарды түзету) немесе жылдамдықты төмендету, «Ток қабылдағышты босату» сигналдарымен қоршауды талап ететін жолдар мен құрылыстардың анықталған ақаулықтарын жою жөніндегі көзделмеген жұмыстарды орындау үшін ескертулер беруге арналған өтінімдерді жол шебері (ол болмаған кезде – жол бригадирі), түйіспе желісі ауданы қызметкерлерінің талабы бойынша энергия диспетчері немесе электрмен жабдықтау дистанциясының электрмеханигі, СОБ электрмеханигі кейіннен бұл туралы жол дистанциясының директорына немесе тиісінше электрмен жабдықтау дистанциясының, түйіспе желісі ауданының немесе сигнал беру және байланыс дистанциясының директорына хабарлаумен береді.
      Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін күтпеген жағдайлар туындаған кезде ескертулер беру туралы өтінімдер аралықты шектеуші станциялар бойынша (немесе осы станциялардың біреуі бойынша) кезекшілерге тікелей беріледі.
      463. Аралықты шектеуші станция бойынша кезекші көрші станция бойынша кезекшіден алынған өтінім немесе хабарлама негізінде бірінші кезекте, қауіпті жер бағытында жүріп бара жатқан аралықта орналасқан поездардың машинистеріне радиобайланыс бойынша километр мен одан өту кезіндегі қауіпсіздік шараларын хабарлайды, олардың хабарламаны дұрыс түсінгендігіне көз жеткізеді және бұл туралы поездық диспетчерге хабарлайды. Жақындауда немесе станцияда осы бағыттың поезы болған кезде – бұл туралы радиобайланысы бойынша машинисті хабардар ете отырып, оны шығу (маршруттық) бағдаршамда тоқтатады.
      464. Поездық диспетчер станция бойынша кезекшіден хабарлама алып, аралықты шектеуші станцияларға және ескертулер беру станцияларына поездарға арналған ескертулерді беру тәртібі туралы тіркелетін бұйрық береді.
      Поездық диспетчерлік байланыс үзілген жағдайда аралықты шектеуші станция бойынша кезекші поездық диспетчерлік байланыс қалпына келтірілгенге дейін қауіпті жер бағытына жөнелтілетін барлық поездарға ескертулер береді, ал сонан кейін поездық диспетчердің нұсқауларына сәйкес іс-қимыл жасайды.
      Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде күтпеген ескертулер беру туралы өтінімдер поездық диспетчерге беріледі, ол поездарға ескертулердің берілуін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды.
      465. Жекелеген учаскелерде жүріп келе жатқан поездардың машинистеріне күтпеген жерден пайда болған ескертулер туралы хабарламаларды жазбаша ескерту беру үшін поезды тоқтатпастан радиобайланысы бойынша беру тәртібі көзделген. Мұндай хабарламаларды машинистке станция бойынша кезекші, ал диспетчерлік орталықтандырылуы бар учаскелерде - поездық диспетчер поезд аралықты шектеуші станцияға жақындағанда, шығу сигналы ашылғанға дейін, хабарламаны ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотивтер қозғалысы журналында немесе ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында тіркеумен береді.
      466. Күтпеген, поездар қозғалысы үшін қауіпті жол, түйіспе желісі және басқа құралғылардың ақаулықтарын жою жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ осымен байланысты дрезиналардың, жол вагоншаларының, электр станциялар мен басқа алынып-салынбалы бірліктердің орын ауыстырулары ақаулықты анықтау бойынша тиісінше жұмыс орнын қоршағаннан кейін, жүзеге асырылады. Ескерту орнату қажеттігі кезінде оларды беру туралы өтінім белгіленген тәртіппен ресімделеді.
      467. Ескертулер туралы барлық өтінімдер мен жеделхаттарды (соның ішінде поездық диспетчердің бұйрығымен берілгендер де) станциялар (парктер) бойынша кезекшілер немесе операторлар ескертулердің арнайы кітабына жазады және нөмірлейді.
      1) ескертулер кітаптарын жүргізу мен поездарға ескертулер беру тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленеді;
      2) онда ескерту орнатылған аралықты шектеуші станция бойынша кезекші өтінімді қабылдау туралы поездық диспетчерге баяндайды;
      3) ескертулерді нөмірлеу ай сайын бірінші нөмірден бастап әрбір айдың бірінші күнінің нөл сағатынан бастап жүргізіледі;
      4) әр айдың бірінші күні барлық қолданыстағы ескертулер кітапқа қайта жазылады;
      5) кітаптағы барлық белгілер станция (парк) бойынша кезекшінің қолымен расталуы тиіс.
      Станцияларда ескертулерді жазу үшін кітаптар негізінен әрбір іргелес бағыт үшін жеке жүргізіледі.
      Станция бастығы немесе оның орынбасары ескертулер кітабын жүйелі тексереді.
      468. Ескертулерді беру поездардың құрастырылу станцияларында және оларда поездың техникалық қажеттіліктері үшін аялдамасы бар станцияларда жүргізіледі. Қала маңындағы поездар үшін ескертулерді беруді осы поездар басында жөнелтілетін станциялар жүргізе алады.
      Станциялардың тізбесі мен ескертулерді беру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясының - «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді. Осы станцияларға, соның ішінде көрші жолдарда орналасқан аралас учаскелерге жұмыстар басшылары (жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуі үшін жауаптылар) ескертулердің орнатылғаны туралы жеделхаттар жіберуі тиіс.
      469. Жекелеген поездардың жүруінің ерекше жағдайлары туралы ескертулер поездардың құрастырылу станцияларында немесе белгіленген жылдамдықпен жүре алмайтын жылжымалы құрамды поездарға тіркеу станцияларында беріледі. Локомотивтер мен локомотив бригадаларының ауысу станцияларында жүрудің ерекше жағдайларын сақтау қажеттігін туғызатын жылжымалы құрам немесе жүк бар поездардың учаскеге ескертусіз жөнелтілу мүмкіндігін болдырмайтын мұндай ескертулерді беру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді және станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.
      470. Ескерту осы Нұсқаулықтың 85-қосымшасына сәйкес ДУ-61 нысанды бланкте диагоналі бойынша сары жолағы бар ақ түсті арнайы бланкіде жазылады және станция (посты, парк) бойынша кезекші жеке өзі немесе оның тапсырмасы бойынша станциялық технологиялық орталықтың операторы немесе басқа қызметкері, бағыттау постысының кезекшісі, сигнал беруші немесе басқа қызметкер локомотивтің (моторвагонды поездың) машинисіне немесе оның көмекшісіне қол қойғызып тапсырады. Егер ескерту машинистің көмекшісіне тапсырылса, онда ол оны машинистке береді, ал машинист өз кезегінде көмекшіден ескертудің берілген-берілмегенін тексереді.
      Ескертулер дербес компьютерлерді және телетайп аппараттарын пайдаланумен сары жолағы жоқ ақ қағазда басылуы мүмкін. Бұл ретте оларды жөнелтілетін поездар локомотивтерінің машинистеріне тапсырудың қолданыстағы тәртібі сақталады.
      471. Ескертулер бланкілері алдын ала (поездың нөмірінен басқасы) толтырылады және станция (парк, посты) бойынша кезекші қол қояды.
      Ескертулер бланклерін көшірме астында толтыру кезінде әрбір данасының нақты және айқын ескерту мәтінінің жазбасы болуы тиіс.
      Ескертулер бланклерінде жөнелтілетін поездың нөмірі машинистке немесе оның көмекшісіне берудің алдында толтырылады.
      Поезд қосарланған тартыммен жүрген кезде ескерту жетекші локомотивтің машинисіне беріледі, ол екінші локомотивтің машинисін ескертудің бар екендігі туралы хабардар етеді. Поезд итергіш локомотивпен жүрген кезде ескерту итергіштің машинисіне беріледі.
      472. Қала маңындағы, шығарушы және берілме поездарға, сондай-ақ итергіш локомотивтерге ескертулер беру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгіленеді. Бұл ретте оларды әрбір поезға емес, белгілі бір кезеңге (бригадалар ауысымы арасында) беруге болады.
      Оған ескерту берілген бірінші поездың нөмірін оларды беру станциялары бойынша кезекшілер поездық диспетчерге хабарлайды, ал соңғысы бұл туралы орындалған қозғалыс кестесіне белгі жасайды.
      473. Онда ескерту орнатылған аралықты шектеуші станция бойынша кезекші оның қолданыс мерзімі келердің алдында поездық диспетчерден жақындаған поездарға ол берілгендігін нақтылайды.
      Оларға ескерту берілмеген поездар оны беру үшін тоқтатылуы тиіс немесе ескертудің бар екені туралы машинистке радиобайланыс бойынша осы Нұсқаулықтың 463-тармағына сәйкес темір жол көлігінің кәсіпорындары үшін көзделген тәртіппен хабарлануы тиіс.
      474. Қос жолды аралықтарда поезды дұрыс емес жолмен жөнелту кезінде станция бойынша кезекші поездық диспетчер арқылы осы жолда ескерту қолданыла ма екендігін тексеруге, ал егер қолданылса оны жөнелтілетін поездың машинисіне тапсыруға міндетті.
      Көп жолды аралықтарда поезды қандай да бір жолмен жөнелту кезінде ескертулер беру тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгілейді.
      475. Күшін жойғанға дейін орнатылатын ескертулер поездарға күшін жою туралы хабарлама алғанға дейін беріледі.
      Белгілі мерзімге орнатылатын ескертулер поездарға тек осы мерзім ішінде ғана беріледі. Мұндай ескертулердің күшін жою туралы өтінімдер берілмейді, ал оларды поездарға беру, егер жұмыстар басшысынан ескертулердің қолданыс мерзімін ұзарту қажеттігі туралы хабарлама алынбаса, тоқтатылады.
      Жұмыстардың басшысы қандай да бір себептермен ескертуді тудырған жұмыстарды өтінімде көрсетілген мерзімде аяқтай алмаса, ол осы мерзім аяқталғанға дейін қойылған жылдамдықты азайтудың алып жүретін сигналдарына сигнал берушілерді жібереді және аралықты шектеуші станциялар бойынша кезекшілерді жұмыстардың аяқталуының жаңа мерзімін көрсетіп, ескертулердің қолданыс мерзімін ұзарту туралы хабардар етеді.
      Мұндай өтінімді алған станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 463-тармағына сәйкес іс-қимыл жасайды.
      476. Күшін жойғанға дейін орнатылған ескертудің күшін жоюға тек оны орнатқан қызметкердің немесе оның тікелей бастығының ғана құқығы бар.
      Ескертуді орнатқан лауазымды тұлғалар оларға бағынысты желілік бөлімшелердің басшыларына тиісті жұмыстар орындалған соң орнатылған ескертулердің күшін жоюды немесе ескертумен белгіленген поездар қозғалысының жылдамдығын арттыруды орындауды тапсыра алады. Мұндай тапсырма туралы ескертуді беруге арналған өтінімде көрсетілуі тиіс.
      Жол өлшегіш және ақаутапқыш вагондар бастықтарының өтінімдері бойынша берілген ескертулердің күшін жоюды жол дистанциясының директоры немесе оның орынбасары жүргізеді.
      477. Күшін жойғанға дейін орнатылған ескертулер оларды тудырған себептерді жою бойынша ескертулерді тағайындау кезіндегі мекенжайларға жеделхат (телефонограмма) берумен күшін жояды.
      Ескертулердің күшін жоюды мәлімдеген адамның оларды берген станцияда жазбаша немесе ескертулер кітабындағы жазбамен, күшін жою айын, күнін және уақытын көрсетумен және кейіннен осы жазбаны белгіленген мекенжайларға жеделхатпен (телефонограммамен) растаумен жүргізілуі мүмкін.
      478. Ескертудің күшін жою туралы хабарламаны станция бойынша кезекші ескертулер кітабына бар жазбаларға қарсы, күшін жою кімнен және қашан (сағаты, минуты, күні) түскенін көрсете отырып енгізеді. Күшін жойған ескертулер, сондай-ақ қолданыс мерзімі аяқталған ескертулер сызылып тасталады.
      Аралықта поездар қозғалысының жылдамдығын төмендетумен байланысты ескертулердің күшін жою, сондай-ақ олар белгілі бір мерзімге орнатылған болса, осындай ескертулердің мерзімінен бұрын аяқталғаны туралы хабарламаны алған соң станция бойынша кезекші бұл туралы поездық диспетчерді хабардар етеді.
      479. Локомотивтердің (моторвагонды поездар мен арнайы өздігінен жүретін құрам) машинистері учаске бойынша жүру кезінде берілген ескертулерді басшылыққа алады және жолдарда орнатылған алып жүретін сигналдарды мұқият қадағалайды.
      Поездың жұмыс орнына ескертуде көрсетілген кезеңде жүруі кезінде ескертумен белгіленген жылдамдық қоршау сигналдарының болғанына қарамастан сақталуы тиіс.
      Қоршау сигналдары болмаған жағдайда машинист осы бұзушылықты жоюға шаралар қабылдау үшін бұл туралы поездық диспетчерге немесе аралықты шектеуші станция бойынша кезекшіге хабарлайды.
      480. Жұмыстар орнынан ескертуде көрсетілген мерзімнен бұрын немесе кешірек өткен кезде немесе жолдарда жылдамдықты төмендету немесе тоқтау сигналдары болмаған кезде поездың жүру жылдамдығы төмендетілмейді.
      Жұмыстардың ескертуде көрсетілген мерзімнен бұрын аяқталуы немесе ескертумен белгіленген жылдамдықты арттыру туралы хабарлама локомотив машинисіне радиобайланысы бойынша поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығымен берілуі мүмкін.
      481. Кез келген тұлғадан аралықта олар байқаған жолдың, түйіспе желісінің, құрылыстардың немесе құрылғылардың ақаулығы туралы мәлімдемелер алған кезде станция бойынша кезекші оны ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады және поездық диспетчерді, көрші станция бойынша кезекшіні және құрылғыларға қызмет көрсетуші қызметкерді (жол шеберін, СОБ электрмеханигін, түйіспе желісінің электрмеханигін және басқаларды) хабардар етеді.
      482. Егер мұндай ақаулықты аралық бойынша жүріп келе жатқан локомотивтің (моторвагонды поездың, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның) машинисі анықтаса, онда ол жылдамдықты төмендетуге, ал қажет жағдайда поезды тоқтатуға, бұл туралы поездық радиобайланысы бойынша оның артынан келе жатқан поездардың машинистеріне, жақын станция бойынша кезекшіге немесе поездық диспетчерге, ақаулықтың сипатын және ол анықталған орынды (километрді) көрсетіп, хабарлайды.
      483. Егер станция бойынша кезекші алған мәлімдеме (машинистен немесе басқа адамнан) поездардың қозғалысы үшін кедергілер бар екенін куәландырса, онда ол аталған мәлімдемені аралық бойынша келе жатқан поездардың машинистерін беруге шаралар қабылдайды, ал мәлімдеменің сипаты поездар қозғалысының мүмкін еместігі туралы куәландырса – оларға кедергіні жойғанға дейін ары қарай қозғалуға тыйым салады. Станция бойынша кезекші аралықты (жолды) жабу туралы бұйрықты күтпестен көрші станция бойынша кезекшіге аралыққа жөнелтуге тыйым салу туралы нұсқаулықты береді. Аралықта орналасқан поездар локомотивтерінің машинистері алынған хабарламаға қарай қауіпті орынды ерекше қырағылықпен, қажеттілігі кезінде төмендетілген жылдамдықпен және тоқтауға дайындықпен жүріп өтеді немесе поезды тоқтатады және қозғалысты тек кедергінің жойылғаны туралы хабарлама алған соң ғана қайта бастайды.
      484. Одан қозғалыс үшін кедергінің бар екендігі туралы хабарлама алынған бірінші поезд аралыққа жол мастерінің немесе ол болмаған кезде - жол бригадирінің, ал түйіспе желісінің зақымданулары кезінде - түйіспе желісі электрмонтерінің ілесуімен жөнелтілуі мүмкін.
      Жол мастері немесе жол бригадирі аралықта және белгілі орында болған кезде поездың машинисіне тоқтау және қауіпті жерге поезға ілесіп бару үшін осы қызметкерлерді отырғызу үшін тоқтау туралы ескерту беріледі.
      485. Ескертуде онда ақаулық анықталған километрдің алдындағы километр шегінде тоқтау туралы және одан әрі поезға ілесіп жүрген немесе қауіпті жер ауданында орналасқан қызметкердің нұсқауы бойынша жүру туралы көрсетіледі.
      Поезға ілесіп жүрген қызметкер келесі поездардың өтуін белгілейді, ал қажеттілігі кезінде поездарға ескертулер беру туралы өтінім береді.
      486. Темір жол көлігі кәсіпорындарының ескертулер беру туралы бұйрықтары тиісті бөлімшелердің бастықтарына жіберіледі және оларға ескертулер орнатылатын учаскелерге қызмет көрсетумен байланысты поездық диспетчерлерге, машинист-нұсқаушыларға, поездық машинистерге, станциялар бойынша кезекшілерге, жол шеберлері мен жол бригадирлеріне қол қойғызып хабарланады.
      Бұл бұйрықтар станциялар бойынша кезекшілер мен локомотив деполары бойынша кезекшілер жайларында ілінеді, сондай-ақ ескертулер кітаптарына желімделеді, ал олардан үзінділер поездық локомотивтер машинистеріне беріледі.
      487. Локомотивтік деполардың директорлары бұйрықты алумен үш тәулік мерзімде ескертулерді беру станцияларының бастықтарын локомотив бригадаларының темір жол көлігі кәсіпорындарының бұйрықтарымен танысқандығы туралы хабардар етеді, сонан кейін поездарға арналған жазбаша ескертулерді беру тоқтатылады.
      488. Локомотив бригадалары жолда ескертулер мен сигналдардың болуына қарамастан нөсер жауындар кезінде Ұлттық темір жол компаниясының арнайы бұйрығында көрсетілген қауіпті жерлер бойынша өту кезінде ерекше қырағылық танытады және қажеттілігі кезінде жылдамдықты төмендетеді.

§ 2. Ескертулер бланкілерін толтыруға түсіндірмелер

      489. 1-бағанда поездың жүрісі бойынша реттік тәртіппен оларда ескертулер орнатылған километрлер (пикеттер) немесе станциялар (жол нөмірі, бағыттама нөмірі) жазылады.
      2-бағанда ескертулердің қолданыс уақыты белгіленеді. Егер ескертудің қолданысы белгілі бір мерзіммен шектелсе, онда тиісті километрге қарсы қолданыс сағаттары қойылады, мысалы «8-16», ол ескертудің 8-ден 16 сағатқа дейінгі кезеңдегі қолданыс мерзімін көрсетеді. Күшін жойғанға дейін орнатылған ескертулер үшін бланкіде тиісті километрге қарсы «К жой.дейін» (Күшін жойғанға дейін) жазылуы тиіс.
      3-бағанда тиісті километрге, пикетке, жол нөміріне, бағыттама нөміріне қарсы ескертумен белгіленетін осы километрлер, пикеттер, станциялар жолдары, бағыттамалары бойынша поездардың жүру жылдамдығы жазылады.
      4-бағанда қызыл сигналдар орнату көзделген тиісті километрлер, пикеттер қарсы қызыл сигнал болмаған кезде поездардың жүру тәртібі туралы белгі қойылады. Егер қызыл сигнал жоқ кезде поезға белгіленген жылдамдықпен жүру рұқсат етілсе, онда «Белгіл.» сөзімен белгі жасалады, егер қызыл сигнал болмаған кезде поезд төмендетілген жылдамдықпен жүруі тиіс болса, онда осы жылдамдықтың цифры, мысалы «25» қойылады.
      Егер ескерту қандай да бір аралықпен байланысты болмаса, онда ол бланкінің таза жиегінде, олар бойынша тоқтау немесе жылдамдықты шектеу, мысалы «Максималды жылдамдық 50 км/сағат» талап етілетін километрлерден төмен жазылады.
      5-бағанда поездың учаске бойынша жүруінің басқа ерекше шарттары белгіленеді.
      Егер бланкі дербес компьютерде немесе телетайп аппаратында басылса, онда сары жолақ жағылмайды.

13. Станциялардағы СОБ құрылғыларының қалыпты жұмысы
бұзылған жағдайларда поездарды қабылдау мен жөнелту
және маневрлер жүргізу

       490. СОБ бақылау аспаптарының көрсеткішінен қандай да бір ауытқулар пайда болған кезде станция бойынша кезекші ең алдымен мыналардың салдары болып табылмай ма екендігін тексереді:
      1) вагондардың жылжуы, жылжымалы бірліктердің өздігінен шығып кетуі, бағыттаманың қиылуы, жылжымалы құрамның рельстен шығуы;
      2) оның қате іс-қимылдары немесе басқа қызметкерлердің іс-қимылдары.
      491. Бұл ретте қосымша:
      поездың болжамды жүру маршруты бойынша қабылдау жолы мен оқшауланған учаскелері расында да бос па;
      2) барлық бағыттамалардың, соның ішінде маршрутқа енетін күзеттіктердің де жағдайын бақылау бар ма және олар дұрыс орнатылған ба;
      3) талап етілетін маршрутқа енетін жол мен бағыттамалар басқа маршруттарда тұйықталған болып қалмай ма;
      4) аппараттан кілт-жезл алынбаған ба және ол аппаратқа дұрыс орнатылған ба;
      5) құрылғылар жұмысында пайда болған бұзушылықтар сипатына қарай станция шектерінде орналасқан өтпедегі қоршау бағдаршамы немесе поездар құрамдарын орталықтандырылған қоршау сигналдары қосылып қалмаған ба;
      6) дайындалған маршрут поездың жүру бағытына және бұғаттаудың орнатылған бағытына сәйкес келе ме;
      7) СОБ құрылғыларын пайдалану кезінде қандай да бір басқа қателер жіберілген жоқ па екендігін тексеру қажет.
      492. Станция бойынша кезекші СОБ құрылғыларында ақаулықтар бар екенін анықтаған соң ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналына жазады және бұл туралы электрмеханикке (сигнал беру және байланыс дистанциясының кезекші инженеріне) және қажет жағдайда басқа қатысты қызметтердің қызметкерлеріне хабарлайды. Егер бағдаршамдар автоқолданыста тұрса - автоқолданысты ажыратады.
      Ақаулықтарды жойғанға, белгіленген тәртіппен құрылғылар жұмысын және СОБ электрмеханигі мен қатысты қызметтердің қызметкерлері ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті жазбаларын тексергенге дейін станция бойынша кезекшіге поездық жағдайға қарамастан ақаулы құрылғыларды пайдалануға (ақаулық құрылғылардың бақылау аспаптарының көрсеткіштерін басшылыққа алып кіру, шығу, маршруттық және маневрлік бағдаршамдарды ашуға, бағыттамаларды бұруға, жылжымалы құрамды өткізуге), соның ішінде осы жазбаларға дейін оқшауланған секциялардың бостығын немесе бос еместігін бақылау, қалпына келтірілсе де тыйым салынады.
      493. Егер СОБ құрылғыларының ақаулығы шақыру сигналынан пломбаны алумен байланысты болса, онда ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналында жүргізілетін жазбада шақыру сигналынан пломбаның алынғаны туралы да көрсетіледі, мысалы:
      "5-9 СП учаскесі жалған бос еместікті көрсетеді. "Н." шақыру сигналынан пломба алынды» «ДСП...».
      ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналында тиісті жазбаны станция бойынша кезекші СОБ құрылғыларының ақаулығы салдарынан поездарды қабылдау немесе жөнелту пломбаланбайтын бастырмалары бар шақыру сигналдары бойынша (есептегіштер болған кезде) жүзеге асырылған кезде де жасайды, бұл ретте журналда құрылғылардың ақаулығы және жұмысының қалпына келтірілген туралы жазбаларда есептегіштің көрсеткіштері көрсетіледі.
      494. Ақаулық сипатына қарай станция бойынша кезекші электрмеханиктің келуін тоспай жолдар мен бағыттамаларды сырттай қараумен СОБ құрылғыларының жұмысының бұзылу себептерін анықтау үшін оның иелігінде бар құралдарды пайдалануы тиіс. Мысалы:
      1) жолдың немесе бағыттамалық оқшауланған учаскенің жалған бос еместігі пайда болғанда – рельс тізбегі бөтен затпен тұйықталмаған ба;
      2) егер бағыттама басқару пультінен ауыстырылмаса – үшкір мен рамалық рельс арасына бір зат түспеді ме екендігін тексереді.
      Егер сырттай қарап тексеруден кейін құрылғылардың жұмысының бұзылу себебі анықталса және жойылса станция бойынша кезекшіге құрылғыларды пайдалануды жалғастыруға рұқсат етіледі.
      Құрылғылардың жұмысының бұзылу себептері мен олардың жойылуы туралы станция бойынша кезекші ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналының соңғы бағанында жазба жасайды.
      495. Егер сырттай қарап тексерумен СОБ құрылғыларының жұмысының бұзылу себебі анықталмаса және жойылмаса, онда электрмеханик келгенге дейін станция бойынша кезекші мұндай жағдайлар үшін станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделген тәртіппен жолдардың, бағыттамалардың бостығын тексеру мен маршруттың дайындалуын қамтамасыз ете отырып, поездарды қабылдау мен жөнелтуді және маневрлік орын ауыстырулар жүргізеді.
      496. Бағыттамалық оқшауланған учаскелердің жалған бос еместігі кезінде тиісті бағыттамалар қосалқы бастырманың көмегімен ауыстырылады, одан пломбаның алынғаны туралы станция бойынша кезекші ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазба жасайды. Мұндай бағыттаманы әрбір ауыстыру алдында станция бойынша кезекші оның жылжымалы құрамнан бос екендігіне, сондай-ақ аралас жолдар бойынша өткелдің бар екендігіне көз жеткізеді. Оған жалған бос емес учаскелер кіретін маршруттар бойынша поездарды қабылдау мен жөнелту және маневрлік орын ауыстырулар осы Нұсқаулықтың 95-тармағында баяндалғаннан басқа жағдайларда бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіштері кезінде жүргізіледі.
      Қабылдау жолы жалған бос емес кезде станция бойынша кезекші жеке немесе тиісті қызметкерлер арқылы оның жылжымалы құрамнан бостығына көз жеткізеді. Мұндай жолдарға поездарды қабылдау кіру (маршруттық) бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде жүргізілуі тиіс.
      497. Егер станция бойынша кезекші станциялық жол, бағыттамалы немесе бағыттамасыз учаске немесе алыстаудың бірінші бұғат-учаскесі нақты бос емес кезде басқару аппаратындағы бақылау аспаптары олардың бостығын (жалған) көрсететіндігін анықтаса, ол:
      1) бұл туралы ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазба жасайды және СОБ электрмеханигін шақырады;
      2) егер бағдаршамдар автоқимылда болса – автоқимылдан алады және оларды жеке басқаруға көшіреді.
      498. Ақаулықты жойғанға дейін станция бойынша кезекшіге:
      1) ол оқшауланған учаскенің жылжымалы құрамның бостығына жеке немесе станцияның басқа қызметкерлері арқылы көз жеткізген соң ғана поездарды қабылдау, жөнелту, маневрлік орын ауыстырулар үшін маршруттар белгілеуге, ал алыстаудың бірінші бұғат-учаскесінің жалған бостығын анықтаған жағдайда станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың42-тармағында белгіленген тәртіппен іс-қимыл жасауға;
      2) поездарды қабылдау мен жөнелтуді және маневрлік орын ауыстыруларды станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіштері кезінде жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
      СОБ электрмеханигі келуі бойынша ақаулықты жояды, ал мүмкін емес кезде – сигналдарды пайдалануды сақтаусыз учаскені ажыратады.
      499. Орталықтандырылған бағыттаманың жағдайын бақылау болмаған кезде оның ақаусыздығы мен маршрутта орнатылуының дұрыстығы орнында (станция бойынша кезекші жеке немесе станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген басқа қызметкер) тексеріледі. Бұдан басқа, мұндай бағыттама салмаға және аспалы құлыпқа жабылуы, ал оның электржетегінде бұғат-жанасу ажыратылуы тиіс. Құлыпталған бағыттаманың кілті станция бойынша кезекшіде немесе станцияның техникалық-өкімдік актісіне сәйкес басқа қызметкерде сақталады.
      Мұндай бағыттама бойынша поездар қозғалысы ақаулықты жойғанға немесе сигналдарды пайдалануды сақтаумен бағыттаманы ажыратқанға дейін бағдаршамның тыйым салушы көрсеткіші кезінде жүргізіледі. Оларға бағыттама басқару пультінде бақыланатын жағдайда кіретін маршруттар бойынша поездар тиісті бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсеткіштері кезінде өткізілуі мүмкін.
      500. Өтіп жатқан поезд (маневрлік құрам) астындағы орталықтандырылған бағыттаманың жағдайын басқару пультінде бақылауды жоғалтқан жағдайда станция бойынша кезекші (орталықтандыру постысының операторы) осы бағыттама бойынша қозғалып келе жатқан поезды (маневрлік құрамды) тоқтатуға шаралар қабылдайды.
      Егер бағыттама басқару пультінен ауыстырылмаса, онда сырттай қарап тексеруден кейін электрмеханик келгенге дейін станция бойынша кезекші поездық диспетчердің рұқсатымен бағыттаманы қолмен басқаруға (курбельге) көшіре алады. Бағыттаманы курбельмен ауыстыруды станция бойынша кезекші, орталықтандыру постысының операторы, сигнал беруші немесе станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген тасымалдау қызметінің басқа қызметкері жүзеге асырады. Бұл қызметкерлердің баяндамалары бойынша станция бойынша кезекші бағыттаманың тиісті маршрутта орнатылуының дұрыстығына көз жеткізеді.
      501. Бағыттаманы курбельмен ауыстырған соң оның жағдайын бақылаудан алу үшін пультте бағыттаманың ауыстырылуына сәйкес операцияларды: бағыттамалық тұтқаны бұруды (тиісті жағдай бастырмасын бұруды) орындау қажет; егер оған бағыттама кіретін оқшауланған учаске бос еместікті көрсетсе, онда бағыттаманың бостығын және аралас жолдар бойынша өткелдердің барлығын тексерген соң қосымша пломбадан алу және бағыттаманы қосалқы ауыстыру бастырмасын (қажет жағдайда маршрутты жасанды бөлу бастырмасын да) басу қажет.
      502. Егер бұл ретте бағыттаманы курбельмен ауыстырған соң басқару пультінде оның жағдайын бақылау сақталса, онда поездарды қабылдау мен жөнелту және маневрлік орын ауыстырулар тиісті бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсеткіштері кезінде жүзеге асырылады.
      Басқару пультінде бағыттаманың жағдайын бақылау болмаған кезде поездарды қабылдау мен жөнелту және маневрлік орын ауыстырулар осы Нұсқаулықтың 499500-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады.
      503. Егер ашық кіру (маршруттық) бағдаршамның рұқсат етуші көрсеткіші өздігінен тыйым салушыға өзгерсе станция бойынша кезекші басқару аспаптарының көрсетулері бойынша бағыттамалардың орнатылуының дұрыстығына, оқшауланған учаскелер мен қабылдау жолының бостығына қосымша көз жеткізуі, сонан соң кіру (маршруттық) бағдаршамын қайтадан ашады. Егер бағдаршам ашылса, онда оны одан әрі де пайдалануға рұқсат етіледі. Сигналдың өздігінен қайта жабылу оқиғасы туралы станция бойынша кезекші ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазба жасайды және электрмеханикке хабарлайды. Станция бойынша кезекші поезды автобұғаттаумен жабдықталған аралыққа жөнелту кезінде шығу бағдаршамы өздігінен қайта жабылған кезде де осылай жасайды, бұл ретте бағдаршамды екінші рет ашпас бұрын бірінші бұғат-учаскенің бағыттас поездардан бостығын, ал дара жолды аралықтар мен екі жақты автобұғаттаумен жабдықталған қос жолды аралықтарда бұдан басқа аралықтың (жолдың) қарсы поездардан бостығын тексеру қажет.
      504. Егер бағыттамалардың дұрыс жағдайы, оқшауланған учаскелердің және қабылдау жолының бостығы (бақылау аспаптарының көрсеткіштерімен тексерілетін) кезінде кіру (маршруттық) бағдаршам өздігінен жабылған соң екінші рет ашылмаса, онда поездар ақаулықты анықтағанға және жойғанға дейін маршрутты осы Нұсқаулықпен және станцияның техникалық-өкімдік актісінде көзделген тәртіппен маршрутты тексерумен осы бағдаршамның тыйым салуын көрсеткен кезінде қабылдануы тиіс. Станция бойынша кезекші шығу (маршруттық) бағдаршамы екінші рет қайта жабылған кезде де (бақылау аспаптарының көрсеткіштеріне қарамастан) осылай жасауы тиіс. Шығу (маршруттық) бағдаршамы өздігінен жабылған және екінші рет ашу мүмкін болмаған кезде автобұғаттауы бар аралықтағы станция бойынша кезекші осы Нұсқаулықтың 3839 және 43-тармақтарының, ал жартылай автоматты бұғаттау кезінде – 95 және 96-тармақтарының талаптарын басшылыққа алады.
      505. Кілттік тәуелділікпен жабдықталған бағыттамадағы бақылау құлпының ақаулығы кезінде СОБ электрмеханигі (монтері) оны жөндеу үшін шешіп алады.
      Оған бағыттама енетін маршрут бойынша поездарды қабылдау мен жөнелту, сондай-ақ маневрлік орын ауыстырулар бағдаршамдардың тыйым салуын немесе рұқсат етуін көрсеткен кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
      506. Поездар мен маневрлік құрамдардың сигналдарды пайдалануды сақтаусыз қозғалысы кезінде бағыттама салмаға және аспалы құлыпқа бекітіледі. Бұл ретте бақылаулық бағыттау құлпының кілтін СОБ электрмеханигі (монтері) өзіне қалдырады, ал сигналдарды пайдалануды сақтаумен қозғалыс кезінде – оны бағыттамалық посты кезекшісіне (станция бойынша кезекшіге) тапсырады.
      Поездарды қабылдау, жөнелту маршруттарында және маневрлік маршруттарда сигналдарды пайдалануды сақтау кезінде бағыттаманы тиісті жағдайға орнатқаннан кейін ол үлгілік қапсырмамен бекітіледі, салмаға және аспалы құлыпқа бекітіледі, оның кілті бағыттамалық пост кезекшісінде (станция бойынша кезекшіде) болады. Бағыттамалық пост кезекшісінің станция бойынша кезекшіге маршруттың дайындығы туралы баяндамасынан кейін бақылау құлпының кілті станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша (немесе ол жеке) маршрутты тұйықтау үшін атқарушы аппаратқа салынады.
      507. Электрлік орталықтандырумен жабдықталған станцияларда шақыру сигналы бойынша немесе бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіштері кезінде тиісті рұқсаттар бойынша поезды қабылдау немесе жөнелту алдында станция бойынша кезекші шақыру сигналының бастырмасын басар немесе поезды қабылдауға немесе жөнелтуге рұқсат берер алдында:
      1) бағыттамалық тұтқаларды (бастырмаларды) маршруттағы бағыттамалардың жағдайына сәйкес келетін жағдайға қояды және бақылау аспаптары бойынша маршруттың орнатылуының дұрыстығына көз жеткізеді.
      Маршрутқа және күзеттікке кіретін барлық бағыттамалық тұтқаларға (бастырмаларға) қызыл қалпақшалар кигізіледі.
      Жағдайлары таблода бақыланбайтын бағыттамалардың орнатылуы мен бекітілуінің дұрыстығын тексеру осы Нұсқаулықтың 499-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Тәуелділік жәшігі бар электрлік орталықтандыру кезінде маршруттағы бағыттамалар бұдан басқа маршруттық-сигналдық тұтқаны бұраумен бекітіледі.
      508. Маршрутты орнату және бағыттамалардың жағдайын тексеруден соң поездың жүру маршруты бойынша жолдың бостығы тексерілуі (станция бойынша кезекші жеке немесе оның нұсқауы бойынша станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген басқа қызметкер), сондай-ақ маршрутқа кіретін оқшауланған бағыттамалық учаскелердің және аралас габаритсіз учаскелердің бостығы тексерілуі тиіс:
      1) маневрлік маршруттар болған кезде поезды қабылдаудың немесе жөнелтудің тиісті маршрутын маневрлік бағдаршамдарды ашумен маневрлік маршруттардан алады. Бұл ретте жеке басқарудың бағыттамалық тұтқаларын (бастырмаларын) (маршруттық орталықтандыру кезінде) маршруттағы бағыттамалардың жағдайына сәйкес келетін жағдайға қоюға оларға қызыл қалпақшалар кигізеді. Жүрудің маршруты бойынша жолдың бостығы басқару пультіндегі ақ жарқырайтын жолақ бойынша, ол болмаған кезде осы Нұсқаулықтың 507-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тәртіппен тексеріледі.
      Бұл жағдайда маневрлік бағдаршам жанынан өтіп бара жатқан поездардың машинистері шақыру сигналдарының көрсеткіштерін немесе тыйым салушы көрсеткіштері бар кіру, маршруттық немесе шығу бағдаршамдардан өтуге құқық беретін тиісті рұқсатты ғана басшылыққа алады.
      509. Поездың жүру маршруты бойынша маневрлік бағдаршамды ашу мүмкін болмаған кезде маршрутты дайындау осы Нұсқаулықтың 507-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тәртіппен орындалады. Бұл ретте бағыттамалар «бағыттамаларды тұйықтандыру» арнайы бастырмаларымен (олар басқару пультінде болған кезде) тұйықталады. Маршрутты дайындаудың осындай тәртібі маневрлік маршруттары жоқ учаскелерге де тарайды:
      1) кодтық басқаруы бар электрлі орталықтандырумен жабдықталған станцияларда олардың ақаулығы кезінде бағыттамаларды маршрутқа сәйкес келетін жағдайға ауыстыру тұтқаларға қызыл қалпақшалар кигізумен резервтік (жергілікті) пульттағы бақылау аспаптары бойынша, ал жолдың бостығы – станция бойынша кезекшімен немесе соның нұсқауы бойынша басқа қызметкермен тексеріледі. Кодтық басқару ауданына жататын орталық посты таблосының бір бөлігін пайдалануға тыйым салынады;
      2) маневрлік бағдаршамдарды ашу мүмкін емес кезде (ақаулығы немесе ажыратылуына байланысты) маневрлік маршруттарды дайындау осы Нұсқаулықтың 507-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.
      510. Құрылғылардың жұмысының бұзылуы туралы хабарлама алған соң электрмеханик ақаулық құрылғыны орталықтандырылудан (тәуелділіктен) ажырату қажет пе екендігін анықтауға және бұл туралы ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазба жасайды.
      Электрмеханиктерге:
      1) арнайы нұсқаулықтарда қарастырылған жағдайлардан басқада станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз және ДУ - 46 нысанындағы қарап тексеру журналындағы жазбасыз станцияларда СОБ құрылғыларының ақаулықтарын жоюға кірісуге;
      2) жөндеу немесе ақаулықты жою аяқталған соң жұмысы уақытша тоқтатылған құрылғыларды станция бойынша кезекшімен немесе орталықтандыру постысының операторымен бірлесіп іске қосуға тыйым салынады.
      511. Орталықтандырылған бағыттамаларды, оқшауланған учаскелерді, бақылаулық бағыттамалық құлыптарды және басқа құрылғыларды сигналдарды пайдалануды сақтаумен ажыратуды СОБ электрмеханигі (кілттік тәуелділік кезінде монтер де) мына мерзімге:
      1) 8 сағатқа дейін – станция бастығының, ал диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде – поездық диспетчердің рұқсатымен және сигнал беру және байланыс дистанциясының аға электрмеханигінің немесе кезекші инженерінің рұқсатымен;
      2) 8 сағаттан артық (5 тәулікке дейін) – Ұлттық темір жол компаниясы - «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалының рұқсатымен;
      3) 5 тәуліктен артық - Ұлттық темір жол компаниясы рұқсатымен жүргізеді.
      Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелерде ақаулықтарды жою үшін бағыттамаларды немесе оқшауланған учаскелерді ажырату барлық жағдайларда тек станцияны резервтік басқаруға берген соң ғана жүргізіледі.
      512. СОБ құрылғыларын ажыратумен байланысты жоспарлы жұмыстар Ұлттық темір жол компаниясы - «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалы бекіткен ай сайынғы кестелерге сәйкес, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуші жауапты қызметкерді тағайындаумен жүргізіледі.
      Станция бойынша кезекшіге көмек көрсету және сигналдарды пайдалануды сақтаумен бағыттамаларды (оқшауланған учаскелерді) ажырату кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі оның іс-қимылына бақылау жасау үшін станцияда станция бастығы немесе оны ауыстырушы тұлға қатысады. Сигналдарды пайдалануды сақтаумен аталған құрылғыларды ажырату кезінде маршруттағы ажыратылған құрылғылардың жағдайы мен тұйықталуын тексеру ерекше, станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен жүргізілуі тиіс. Мұндай тексеруден кейін бірінші поезды жөнелту немесе қабылдау кіру, шығу немесе маршруттық бағдаршамдардың тыйым салушы көрсеткіші кезінде жүргізіледі. Келесі поездарды жөнелту немесе қабылдау осы бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте поезды қабылдау және өткізу маршрутын осы Нұсқаулықтың 508-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бағыттас маневрлік маршруттармен тұйықтауға рұқсат етіледі.
      Келесі поездарды қабылдау және жөнелту осы бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.
      513. Егер қабылдау немесе жөнелту маршрутына сигналдарды пайдалануды сақтаумен ажыратылған бағыттама кірсе, станция бойынша поезды өткізу үшін бір мезгілде кіру (маршруттық) және шығу бағдаршамдарын ашуға тыйым салынады. Бұл жағдайда поезды тоқтаусыз өткізу үшін шығу бағдаршамын ашу поездың басы кіру (маршруттық) бағдаршамнан өткен соң ғана жүзеге асырылуы тиіс. Ажыратылған бағыттаманы маршрутты өзгерту немесе бекітпені шешумен реттеу жұмыстарын жүргізу үшін ауыстыру қажеттілігі кезінде станция бойынша кезекші үшкірлерден (үшкірден) бекітпені және айқаспаның бұрмалы (жылжымалы) өзекшесін шешу туралы өкім берер алдында басқару аппаратында оған осы бағыттама кіретін маршруттар бойынша сигналдардың ашылу мүмкіндігін болдырмайтын іс-қимылды жүргізеді. Ауыстыру немесе бекітпені шешумен реттеу жұмыстарын жүргізу кезінде бағыттама бойынша қозғалысқа тыйым салынады.
      514. Бағыттаманы ауыстыру және онда реттеу жұмыстары аяқталған соң үшкірлер (үшкір) және айқаспаның бұрмалы (жылжымалы) өзекшесі бекітіледі және белгіленген тәртіппен талап етілетін жағдайда құлыпталады, ол туралы жауапты қызметкер станция бойынша кезекшіге баяндайды.
      Күзеттік, соның ішінде қосарланған бағыттамаларға (ауыспаларға) ерекше назар аударылуы тиіс. Бұл бағыттамалар маршруттардың қайшылануын болдырмайтын жағдайда орнатылуы тиіс.
      Станция қызметкерінен баяндама алған соң немесе барлық аталған іс-қимылдардың дұрыс орындалуына көз жеткізген соң станция бойынша кезекші басқару пультіндегі тұтқаны (бастырманы) бағыттаманың нақты жағдайына сәйкестікке келтіреді және поездарды бағдаршамдардың рұқсат етуші көрсеткіштері бойынша өткізуді жалғастырады.
      515. Орталықтандырылған бағыттамаларды, оқшауланған учаскелерді, бақылаулық құлыптарды және басқа құрылғыларды сигналдарды пайдалануды сақтаусыз ажырату кезінде поездарды қабылдау мен жөнелту кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының тыйым салушы көрсеткіштері кезінде жүргізіледі, бұл ретте маршруттағы жолдың бостығын, әрбір бағыттаманың жағдайы мен тұйықталуын тексеру осы Нұсқаулықпен және станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      516. Бағыттаманы немесе оқшауланған учаскені әрбір ажыратқан сайын электрмеханик станция бойынша кезекшімен бірлесіп бақылау аспаптары бойынша ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында өзі туралы жазба жасалған құралдың өзі ажыратылғанын тексереді.
      Бағыттаманы немесе оқшауланған учаскені ажырату алдында станция бойынша кезекші немесе оның нұсқауы бойынша орталықтандыру постысының операторы ажыратылатын бағыттаманың немесе ажыратылатын оқшауланған учаскеге кіретін бағыттамалардың бағыттамалық тұтқаларына (бастырмаларына) қызыл қалпақшалар кигізеді.
      517. Орталықтандырылған бағыттама ажыратылар алдында келесі тәртіппен бекітілуі және құлыпталуы тиіс:
      1) сигналдарды пайдалануды сақтаумен (үшкірлерді ажыратусыз) –салымға және аспалы құлыпқа;
      2) сигналдарды пайдалануды сақтаусыз, егер үшкір электржетектен ағытылса – үлгілік қапсырмаға, салымға және аспалы құлыпқа;
      3) сигналдарды пайдалануды сақтаусыз, егер үшкір электржетектен ағытылмаса – салымға және аспалы құлыпқа.
      Айқаспаның жылжымалы өзекшесі арнайы құрылғымен бекітіледі және аспалы құлыппен құлыпталады.
      518. Бағыттаманы жөндеу немесе ақаулығы кезінде, үшкірлер арасындағы механикалық байланыс бұзылғанда (үшкірлердің ажырауы) оның үшкірлері белгілі бір жағдайда Жол жұмыстарын жүргізу кезінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес бекітіледі. Бұдан басқа, қысылған үшкір салмаға және аспалы құлыпқа құлыпталады.
      Сигналдарды пайдалануды сақтаусыз қосарланған бағыттамаларды ажырату кезінде онда жөндеу жұмыстары жүргізілетін бағыттама салмаға және аспалы құлыпқа құлыпталады.
      Құлыпталған бағыттаманың (қосарланған бағыттамалардың) кілті (кілттері) ажыратудың барлық кезеңінде станция бойынша кезекшіде, бағыттамаларға қызмет көрсету үшін бөлінген қызметкерде немесе қозғалыс қауіпсіздігін сақтау үшін жауапты басшыда сақталуы (сақталулары) тиіс.
      519. Бағыттаманы бекітуді жол қызметінің қызметкері ДУ-46 нысанындағы қарап тексеру журналында жазумен немесе тиісті телефонограмма берумен жүргізеді. Бағыттама үшкірлері (айқаспаның жылжымалы өзекшесінің) бекітілуінің сенімділігі үшін жол қызметінің қызметкері жауапты болады. Бағыттаманы салмаға және аспалы құлыпқа құлыптауды тасымалдау қызметінің қызметкері жүргізеді, ол оның станция бойынша кезекшінің нұсқауына сәйкес маршруттағы жағдайының дұрыстығы және аспалы құлыппен құлыпталуының сенімділігі үшін жауапты болады. Жұмыстардың аяқталуы бойынша бағыттамадан бекітпені шешкенге дейін станция бойынша кезекші СОБ электрмеханигімен бірлесіп бағыттама (жылжымалы өзекше) жағдайының бағыттамалық тұтқа жағдайына (тиісті бастырманың басылуына) және басқару пультіндегі бақылауға сәйкестігін тексереді және көз жеткізеді.
      520. Бұл тарауда станциялардағы СОБ құрылғыларының жұмысы бұзылған кездегі поездарды қабылдау мен жөнелтуге және маневрлер жүргізуге қатысты негізгі ережелер ғана баяндалған. СОБ құрылғыларын, олардың ақаулығы, тексеріп қарау және жөндеу кезіндегі ажырату мен қосудың жан-жақты тәртібі СОБ құрылғыларын күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта келтірілген.

14. Уақытты шектеумен поездар қозғалысы

§ 1. Жалпы ережелер

      521. Поездардың уақыттары шектеулі (ізінше) қозғалысын Ұлттық темір жол компаниясының, ерекше жағдайларда қозғалыс көлемдері күрт ұлғайған кезде – Уәкілетті органның рұқсатымен белгіленеді.
      522. Поездарды уақытты шектеумен жөнелту тек жекелеген, тежегіш жолынан кем емес қашықтықта көрінуді қамтамасыз ететін жол жоспары мен бейіні бар, автобұғаттаумен жабдықталмаған өткізу қабілетін шектеуші аралықтарда, сондай-ақ автобұғаттаумен жабдықталған аралықтарда, бұғаттау құрылғылары ұзақ уақыт зақымданған жағдайларда, поездар қозғалысын байланыстың телефондық құралдары арқылы орнатқаннан кейін ғана қолданылуы мүмкін.
      523. Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен оларда уақытты шектеумен поездарды жөнелтуге, артынан жіберілетін поездар қозғалысының максималды жылдамдықтары және жөнелтілетін поездар арасындағы уақыттың минималды аралықтары рұқсат етілетін аралықтар белгіленуі мүмкін.
      524. Вагондарды аралыққа жанасатын кірме жолдарға берген жағдайда, сондай-ақ жөнелтілген поездың артынан шаруашылық поездарының кейіннен жөнелту станциясына қайта оралуымен қозғалысы кезіндегі уақытты шектеумен қозғалыс тәртібін темір жол көлігі кәсіпорнының басшылығы Уәкілетті органның рұқсатынсыз белгілейді.
      525. Уақытты шектеумен поездар қозғалысы тиісті аралықты шектеуші станцияларға берілетін поездық диспетчердің тіркелетін бұйрығымен белгіленеді.
      526. Уақытты шектеумен жөнелту кезінде бірінші поездың машинисі аралықта белгіленген жылдамдықпен жүреді. Екінші поездың машинисі поезды бұл жағдайлар үшін Ұлттық темір жол компаниясы белгіленгеннен артық емес жылдамдықпен, ерекше қырағылықпен және одан әрі қозғалыс үшін кедергілер пайда болған кезде тоқтауға дайындықпен жүргізеді.
      527. Уақытты шектеумен (артынан) поездардың жөнелтілуіне:
      1) жолаушылар, почта-багаж, жүк-жолаушылар және адамдар, сондай-ақ құрамында 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдар) бар вагондар және сығымдалған газы бар цистерналар бар поездарды. Осы поездардан кейін артынан басқа поездарды жөнелтуге жол берілмейді;
      2) вагондарымен алға қозғалыс кезінде;
      3) егер алда бара жатқан поезға аралықта тоқтау көзделсе;
      4) тұман, боран және сигналдардың көрінуін нашарлататын басқа қолайсыз жағдайларда тыйым салынады.
      528. Уақытты шектеумен поездарды жөнелту дара жолды, сондай-ақ қос жолды аралықтарда тек байланыстың телефондық құралдары кезінде дара жолды қозғалыс қағидалары бойынша немесе электр жезлды жүйе бойынша ғана жүргізіледі. Оларда уақытты шектеумен поездар қозғалысы жол берілетін аралықтардың жезлдық аппараттарының бұрап алынатын жезлдары болуы тиіс.
      529. Поездық диспетчердің байланыстың телефондық құралдары бойынша қозғалыстың орнатылғандығы және уақытты шектеумен поездардың жөнелтілгені туралы бұйрығын алған соң бұл поездардың дара жолды және қос жолды аралықтардағы қозғалысы туралы телефонограммалар осы Нұсқаулықтың 86-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша беріледі.
      Әрбір поездың жөнелтілгені және келгені туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасымен көзделген 3 және 4-нысандар бойынша беріледі.
      530. Егер байланыстың телефондық құралдары кезінде бірінші поездың артынан аралықтағы жұмыстан кейін жөнелту станциясына қайта оралатын поезд жөнелтілсе телефонограммалар осы Нұсқаулықтың 87-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.
      Әрбір поездың жөнелтілгені туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 34-қосымшасына сәйкес 3-нысан бойынша артынан жөнелтілетін поезға қатысты «___ км-не дейін қайта оралумен» сөздерін қосумен беріледі.
      Бірінші поездың келуі туралы телефонограмма осы Нұсқаулықтың34-қосымшасында көзделген 4-нысан бойынша, ал екінші поездың қайта оралуы туралы – телефонограмма 7-нысан бойынша осы Нұсқаулықтың 36- қосымшасында көзделген.
      531. Бірінші де, екінші де поездардың машинистеріне осы Нұсқаулықтың 154-тармағымен көзделген тәртіппен жол жазбалары, бланктің үстінде:
      1) бірінші поезд үшін - "Артынан – бірінші поезд", екінші поезд үшін - "Артынан – екінші поезд" белгісін қоюмен беріледі. Мұндай белгілер болған кезде локомотивтердің машинистері аралық бойынша осы Нұсқаулықтың 523-тармағына сәйкес шығарылатын Ұлттық темір жол компаниясының бұйрығында белгіленген жылдамдықпен жүреді.
      532. Электр жезлдық жүйемен жабдықталған аралықтарда поездық диспетчердің бұйрығы бойынша уақытты шектеумен поезды жөнелткен кезде станция бойынша кезекші қабылдау станциясының келісімін алып және жезлды аппараттан алып «Билет» жазуы бар жезлдың бөлігін бірінші жөнелтілетін машинистке, «Жезл» жазуы бар жезлдың екінші бөлігін артынын жүретін поездың машинисіне береді. Бірінші де, екінші де поездың жөнелтілгені туралы станция бойынша кезекші көрші станция бойынша кезекшіні хабардар етеді.
      Егер екінші поездың жөнелтілуі қандай да бір себеппен болмай қалса, онда жезлдық жүйенің қолданысы тоқтатылады, ал поездар қозғалысы телефон байланысы бойынша орнатылады. Бұл жағдайда жезлдың бөліктерінің бірі бірінші жөнелтілетін поезбен көрші станцияға жіберіледі, онда екінші бөлігіне бұралады, сонан соң жезл аппаратқа салынады және жезлдық жүйенің қолданысы қалпына келтіріледі.
      533. Электр жезлды жүйе кезінде уақытты шектеумен поезды жөнелту кезінде, екінші поезд аралықтан жөнелту станциясына қайта оралғанда бірінші поезға жезл, ал екіншісіне – кілт-жезл беріледі. Көрші станция бойынша кезекші бірінші де, екінші де поездың жөнелтілгені, сондай-ақ екінші поездың аралықтан қайта оралуы туралы хабардар етіледі. Бұл жағдайда екі поездың да машинистеріне: бірінші поезға – оның соңынан аралықтан қайта оралумен екінші поездың жөнелтілгені туралы, ал екіншісіне – уақытты шектеумен жөнелту және аралықтан қайта оралу уақыты туралы ескертулер беріледі.

15. Семафорларды қолдану тәртібі

§ 1. Жалпы ережелер

      534. Кіру, шығу, аралық және паналандыру семафорларын тұрақты сигналдар ретінде қолдануға тек автоматты бұғаттандырумен жабдықталмаған учаскелерде және бағыттамаларды электрлік орталықтандыруы жоқ станцияларда ғана жол беріледі.
      Семафорларды орнату орындарын Техникалық пайдалану қағидаларында тұрақты сигналдар үшін көзделген жалпы талаптардың негізінде анықтайды.
      535. Семафор діңгектен және оның жоғарғы бөлігінде бекітілген қанаттан тұрады, ол діңгекке қатысты көлденең немесе 135о бұрышпен жоғары көтерілген жағдайда болуы мүмкін. Қанаттың көлденең жағдайы семафордың тыйым салушы, көтерілген қанат – рұқсат етуші жағдайына сәйкес келеді. Түнде семафор қанатының жағдайы (көлденең немесе көтерілген) тиісті сигналдық оттармен көрсетіледі.
      536. Қажетті жағдайларда қос қанатты семафорлар қолданылуы мүмкін. Семафордың екінші қанаты діңгек бойымен орналасады.
      537. Бір қанатты семафорлармен:
      1) күндіз діңгекке 135о бұрышпен жоғары көтерілген қанатымен, ал түнде бір жасыл отпен – «Жол бос».
      Поезды бас жолға станцияда тоқтауға дайындығымен қабылдау кезінде кіру семафорлары, сондай-ақ шығу және аралық семафорлары мен паналандыру семафорлары осылай сигнал береді;
      2) күндіз семафор қанатының көлденең жағдайымен, ал түнде қызыл отпен – «Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады» сигналдары беріледі.
      538. Қос қанатты семафорлармен:
      кірулермен - күндіз діңгекке 135о бұрышпен жоғары көтерілген қос қанатымен және түнде жасыл оттарымен – «Поезға станцияға бүйір жолға станцияда тоқтауға дайындықпен өтуге рұқсат етіледі»;
      шығулармен - күндіз діңгекке 135о бұрышпен жоғары көтерілген қос қанатымен және түнде жасыл оттарымен - "Поезға тармаққа жөнелуге рұқсат етіледі" сигналдары беріледі.
      539. Станция жағынан кіру семафоры қанаттарының жағдайын бақылау үшін түнде бақылаулық оттар қызмет етеді. Семафордың жабық жағдайы кезінде онда станция жағынан қанаттар саны бойынша бақылаулық мөлдір-ақ оттар, ал ашық кезде – ашық қанаттар санына сәйкес жасыл оттар болуы тиіс. Шығу және аралық семафорлардың, негізінен бақылаулық оттары болмайды. Егер семафорды басқару пункті қозғалыс бағыты бойынша онан кейін орналасса, семафорда жабық жағдайдың бақылаулық мөлдір-ақ оттары болуы тиіс. Бұл семафорлардың ашық жағдайының бақылаулық оттары болмайды.
      540. Кіру және аралық семафорлар мен паналандыру семафорларының көрсеткіштері күндіз және түнде жақындап келе жатқан локомотивтің кабинасынан осы жер үшін толық қызметтік тежеу және максималды іске асырылатын жылдамдық кезінде анықталған, алайда 1000 метрден кем емес тежеу жолынан кем емес қашықтықта айқын ажыратылуы тиіс.
      Бас жолдардың шығу семафорларының сигналдары: бас жолдардың – 400 метрден кем емес, бүйірліктер – 200 метрден кем емес қашықтықта айқын ажыратылатын болуы тиіс.
      541. Іске қосылмаған семафорлар жабық жағдайға келтірілуі және екі тақтайшамен бейтараптандырылуы тиіс.
      Жұмыс істемейтін семафорлардың сигналдық оттары жағылмайды.
      Іске қосылмаған семафорлардың алдарында тұрған хабарлау қалқандары да екі тақтайшамен бейтараптандырылуы немесе алынуы тиіс.
      Шығу және аралық семафорлар алдына қара жолақтары бар және онда шағылдырғыштары бар ақ түске боялған хабарлау қалқандары орнатылады.
      Семафорлық тартым үзілген кезде семафордың қанаты автоматты түрде тыйым салушы (көлденең) жағдайға келуі тиіс.
      Семафорлардағы сигналдық аспаптарды жарықтандыру жүйесін Ұлттық темір жол компаниясы бұйрығымен белгіленеді.

16. 1-класты қауіпті жүктер (жарылғыш материалдар) тиелген
вагондары бар поездармен маневрлік жұмысты пайдалану,
оларды қалыптастыру және өткізу

§ 1. Жалпы ережелер

      542. Жарылғыш материалдар тиелген вагондармен поездық және маневрлік жұмысты ұйымдастыру үшін тасымалдау құжаттарында бар ақпарат пайдаланылады.
      Жарылғыш материалдар бар вагондарға арналған тасымалдау құжаттарында «Жүк атауы» бағанында бұл жүктің атауы немесе оның шартты нөмірі көрсетіледі.
      Жарылғыш материалдар бар вагондарға арналған тасымалдау құжаттарына штемпельдер қояды, соның ішінде:
      1) шартты нөмірлері 119, 126, 137, 141, 179, 182 жарылғыш материалдар тасымалдау кезінде – қызыл түсті «Айрықша қауіпті, ВМ №......», «Паналандыру» штемпелі, сондай-ақ «Дөңестен жіберілмесін» штемпелі қойылады. «Айрықша қауіпті, ВМ №......» штемпелінің негізінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасының 2-бағанына сәйкес паналандыру нормасы белгіленеді;
      2) қалған жарылғыш материалдарды тасымалдау кезінде - қызыл түсті «ВМ», «Паналандыру» штемпелі, сондай-ақ Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында бұл талап болған кезде «Дөңестен жіберілмесін» штемпелі қойылады.
      Бұдан басқа, қосымша: "Секция. Ағытылмасын"; "Улы"; "Маманның ілесуімен"; "Пештік жылытумен"; "Т.Ж. күзеті." және басқа штемпельдер қойылуы мүмкін.
      "ВМ" штемпелі тасымалданатын жүктің қолмен жазылған шартты нөмірімен толықтырылуы, ал «Паналандыру» штемпелі соның негізінде паналандыру нормасы белгіленетін "3.6.6-тармағы бойынша, схема А" немесе "3.6.6-тармағы бойынша, схема Б", белгісімен (осы Нұсқаулыққа 88-қосымшаның тиісінше 2 және 3-бағандары) толықтырылуы тиіс.
      543. ГУ-38 вагон парағында "Паналандыру коды" бағанында жарылғыш материалдар бар вагондар үшін 115, 119, 121, 136, 128, 130, 134, 137, 141, 143, 148, 154, 155, 156, 167, 168, 176, 179, 182, 199 шартты нөмірлерімен 9 коды көрсетіледі, қалған жарылғыш материалдармен 3 коды көрсетіледі.
      Бұл ретте 9 коды бар жарылғыш материалдар тиелген вагондар үшін «Габаритсіздік, жануарлар, ДБ, НГ» бағанында 7 коды көрсетіледі (вагондар дөңестен таратуға жатпайды).
      544. Барлық сұрыптау және учаскелік станцияларда, вагондарды тиеу, түсіру, қайта тиеу, бір жолтабанынан екіншісіне ауыстыру станцияларында, сондай-ақ қажет жағдайларда басқа станцияларда да станциялардың техникалық-өкімдік актілерінде қосымша ретінде жарылғыш материалдар тиелген вагондармен жұмыс тәртібі туралы Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесінің» филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулық әзірленеді.
      Жарылғыш материалдар тиелген вагондармен жұмыс тәртібі туралы жергілікті нұсқаулық Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасында баяндалған талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      Жарылғыш материалдар тиелген вагондары бар поездар және жарылғыш материалдар бар жекелеген вагондар туралы мәліметтерді мұндай поездар мен вагондарға қызмет көрсетуге қатыспайтын адамдарға беруге тыйым салынады.
      Темір жол станцияларының парктік байланысын жарылғыш материалдар бар вагондармен жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлау үшін пайдалануға тек басқа байланыс құралдары болмағанда ғана жол беріледі.
      545. Жарылғыш материалдар бар вагондар, сұрыптау парктерінің жолдарында жинақталуда тұрған вагондардан басқалары, поездардан тысқары станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетілген, олардың тұруы неғұрлым қауіпсіз ерекше жолдарда орналастырылуы тиіс. Мұндай вагондар тіркелген, жүріп кетуден сенімді бекітілген және тоқтаудың алып жүретін сигналдарымен қоршалған болуы тиіс. Мұндай вагондардың тұру жолдарына апаратын бағыттамалар бұл жолдарға бару мүмкіндігін болдырмайтын жағдайға орнатылады және құлыпталады. Бұл бағыттамаларды құлыптау және кілттерін сақтау тәртібі станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.
      Күзет нарядтары немесе жүк жөнелтушінің (жүк алушының) мамандары бар вагондар олар ілесіп келе жатқан жарылғыш материалдар бар вагондар тұрған жолға немесе аралас жолға 50 метрден артық емес қашықтыққа қойылады. Жарылғыш материалдар тиелген вагондарды бекіту станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен және нормалар бойынша жүргізіледі.
      546. Жарылғыш материалдар бар вагондар поездарда және маневрлер кезінде, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың кірме жолдарына беру (алу) кезінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасында көзделген нормаларға сәйкес паналауы болуы тиіс.
      Оларда жарылғыш материалдар бар вагондары жүріп келе жатқан поездарға жабу ретінде бос вагондар немесе қауіпсіз жүктер тиелген вагондар қойылуы тиіс.
      Бос вагондар жүктердің қалдықтары мен қоқыстан тазартылған, есіктері мен люктері жабық болуы тиіс. Бос цистерналар жүктің қалдықтарынан тазартылған, люктерінің қақпақтары жабылған болуы тиіс. Паналату ретінде арнайы цистерналарды, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға мамандандырылған цистерналарды пайдалануға жол берілмейді. Бос және жүк тиелген платформалар (соның ішінде осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасының 10-тармағында көрсетілгендер де), сондай-ақ транспортерлер жарылғыш материалдар бар вагонға тікелей тіркелетін бірінші вагоннан басқаға паналату ретінде қойылады.
      547. Вагондарды жарылғыш материалдар тиеуге беру алдында станция бойынша кезекші (маневрлік диспетчер) немесе маневрлерді басқаратын басқа қызметкер станцияның техникалық-өкімдік актісінде белгіленген тәртіппен ВУ-14 нысанды журнал бойынша вагондардың тексеріп қаралғандығына және Темір жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасының талаптарына сәйкес техникалық тұрғыдан жарылғыш материалдар тасымалдауға жарамды деп танылғандығына көз жеткізеді.
      548. Жарылғыш материалдар бар вагондарды түсіруге қабылдайтын немесе жөнелтуші кірме жолдарға қызмет көрсету жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарда мұндай вагондарды беру және алу маршруттары, маневрлік құрамдардың олармен орын ауыстыру жылдамдығы, өтпелер арқылы жүру тәртібі мен маршрутты күзету, сондай-ақ жергілікті жағдайларға қарай қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті басқа шаралар анықталуы тиіс. Жарылғыш материалдар бар вагондарды арсеналдардың, базалар мен қоймалардың кірме жолдарына беру, алу негізінен тепловоздар жүргізеді.

§ 2. Поездарды құрастыру

      549. 1-класты (жарылғыш материалдар) қауіпті жүктер жүк поездарында жалғыз вагондармен, вагондар топтарымен барлық жағдайларда поездар қозғалысының кестесімен, сондай-ақ олардың жүру жолдарындағы учаскелердегі қабылдау-жөнелту жолдарының сыйымдылығынан аспайтын маршруттармен көзделген салмағы және ұзындығы бойынша нормалар шектерінде құрастырылған тиісті паналатумен тасымалданады. Жарылғыш материалдар бар вагондарды:
      1) жолаушылар және почта-багаж (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, басқа мемлекеттік әскерилендірілген ұйымдардың табельдік қаруы мен оған оқ-дәрілерді, әскери қарауылдар мен командаларды және әскерилендірілген темір жол күзетінің нарядтарын тасымалдаудан басқа);
      2) адамдар, сондай-ақ құрамында (әскери эшелондардан басқа) адамдары бар жекелеген вагондар (эшелонның жеке құрамы тиелген вагондардан басқа);
      3) біріктірілген;
      4) жоғарғы үшінші, төменгі үшінші және артық дәрежелі, бүйірлік төртінші және артық дәрежелі габаритсіз жүктермен;
      5) поездар қозғалысының кестесімен белгіленген ұзындықтан артық поездарға қоюға тыйым салынады.
      550. Бұдан басқа осы Нұсқаулықтың 543-тармағында көрсетілген шартты нөмірлермен жарылғыш материалдар бар вагондарды өзінің құрамында:
      1) сығымдалған және сұйытылған газдары бар (2-класс);
      2) тез тұтанғыш сұйықтар (3-класс);
      3) тез тұтанғыш қатты заттар, өздігінен тұтанғыш заттар және сумен, сондай-ақ ауаның дымқылымен өзара әрекеттесу кезінде тұтанғыш газдар бөлетін заттар (4-класс);
      4) қышқылданушы заттар және органикалық пероксидтер (5-класс);
      5) улы заттар (6.1-ішкі класс) бар вагондар бар жүк поездарына қоюға тыйым салынады.
      551. Сұрыптау және учаскелік станциялар арасында жарылғыш материалдар бар вагондар барлық жүк поездарымен құрастыру жоспарына сәйкес жүре алады. Мұндай вагондар аралық станциялардан ең жақын учаскелік немесе сұрыптау станцияларына және кері бағытта құрама, шығару поездарымен немесе диспетчерлік локомотивпен, ал торап станциялары мен торап алдылық станциялар арасында – тапсырушы және шығарушы поездармен жүре алады.
      552. Құрамына жарылғыш материалдар бар вагондар енгізілген құрама поездарға құрастыру және кондукторлық бригадалардың қызметкерлері, бас кондуктордың міндеттерін атқарушы машинистің көмекшісі қызмет көрсетеді.
      Жарылғыш материалдар бар вагондарды, егер құрастыру жоспары бойынша бұл вагондарды неғұрлым алысқа баратын поездар қарастырылса, жақынға тағайындалған поездарға қоюға жол берілмейді.
      Аға диспетчер, станциялық және маневрлік диспетчерлер поездық жұмысты жоспарлау кезінде станцияға келген жарылғыш материалдар бар вагондарды поездардың аз санымен бірінші кезекте жөнелту мүмкіндігін арнайы қарастырады.
      553. Жарылғыш материалдар бар жүктерге әскерилендірілген темір жол күзетінің ілесіп жүруі үшін осы вагондардан 5 вагоннан алыс емес вагондарда тежегіш алаңшасы бар вагон немесе арнайы бөлінген бос жабық вагон қойылуы тиіс.
      Егер әскерилендірілген темір жол күзеті күзететін вагондар тобы поездың бас бөлігінде электровоздан немесе тепловоздан 5 вагон кейіннен алыс еместе орналасса, тежегіш алаңшасы бар вагондар болмаған кезде әскерилендірілген күзет атқыштарының поезд локомотивінде, оларды алдын ала машинистің локомотивте жүру тәртібі туралы нұсқамасымен жүруіне рұқсат етіледі.
      554. Оларда жарылғыш материалдар бар әскери көліктер жүретін поездар құрамдарына аталған көлікке жатпайтын жарылғыш материалдар бар вагондар қойылуы мүмкін.
      Жарылғыш материалдар бар вагондарға жүк жөнелтушінің (жүк алушының) мамандары немесе әскери қарауылдары, сондай-ақ әскерилендірілген темір жол күзетінің нарядтары ілесіп жүрген кезде олар күзететін вагондар поезға бір топпен қойылады. Бұл вагондар осы Нұсқаулыққа сәйкес поезға бір бірінен вагондардың осы тобына жатпайтын қауіпсіз жүктері бар немесе бос вагондармен жабумен қосылған жағдайда мұндай паналату минималды нормалардан артық болмауы осы Нұсқаулықтың 88-қосымшасына сәйкес болуы тиіс.
      Вагондарды арнайы секция (схема) құрамына енетін жарылғыш материалдар бар вагондар мен ілесіп жүру вагондары арасына қою талап етілмейді.
      555. Әскери эшелондарда осы эшелонға тиесілі жарылғыш материалдар және басқа қауіпті жүктерді олардың арасына бір вагоннан кем емес паналату қоюмен бірлесіп тасымалдауға жол беріледі.
      Атыс жиынтығымен жабдықталған танктер, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар, артиллериялық тартымдар және жабық бронетранспортерлер бар платформалар мен үсті ашық вагондар әскери эшелонның құрамында жабылусыз жүруі мүмкін.

§ 3. Жарылғыш материалдар бар поездардың жүруі

      556. Құрамында жарылғыш материалдар бар вагондары бар поездар учаскелер бойынша жүруі кезінде поездық диспетчердің, станциялар бойынша кезекшілердің тұрақты бақылауында болуы тиіс, олар бұл поездардың кедергісіз және қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асырады.
      Уәкілетті орган құрамында жарылғыш материалдар бар вагондар бар транзиттік поездарды айналмалары бар ірі темір жол станцияларынан айналып өткізу тәртібін белгілейді.
      Құрамында жарылғыш материалдар бар вагондары бар поездардың болатын жөнелтілуі туралы поезды құрастыру станциясы бойынша кезекші алдын ала поездық диспетчерге хабарлайды.
      557. "ВМ" әріптері бар поездың нөмірі поездар қозғалысының журналына, орындалған қозғалыс кестесіне, локомотив машинисіне берілетін жазбаша рұқсаттар мен ескертулерге, анықтама қағаздарында және поездарды қабылдаумен және жөнелтумен байланысты басқа құжаттарға қойылады.
      558. Жарылғыш материалдар бар поездың келуі күтілетін туралы станция бойынша кезекші жарылғыш материалдар тиелген вагондармен жұмыс тәртібі туралы жергілікті нұсқаулыққа сәйкес техникалық қызмет көрсету пункттерінің, әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкерлерін және поезды қабылдау мен жарылғыш материалдар бар вагондарды өңдеуді жүзеге асыратын қызметкерлерді хабардар етеді.
      559. Жарылғыш материалдар бар поездарды аралық станцияларда локомотивсіз қалдыруға рұқсат етілмейді.
      Ерекше жағдайларда (апаттық ахуал пайда болған кезде) жарылғыш материалдар бар поезд құрамы Ұлттық темір жол компаниясы – «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалының жазбаша бұйрығы бойынша аралық станцияларда локомотивсіз уақытша қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте Ұлттық темір жол компаниясы - «Жол бөлімшесі» филиалының басшылары мен қызметкерлері уақытша қалдырылған жарылғыш материалдар бар құрамды тағайындалуы бойынша жөнелтуді жеделдету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Поезда жарылғыш материалдар бар вагондар болған кезде оны аралық станцияда локомотивсіз уақытша қалдыру мүмкіндігі жүктің тиесілігіне қарай:
      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне темір жол учаскесінің және станциясының әскери комендантымен;
      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (ҚР ІІМ), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, сондай-ақ басқа Уәкілетті органдарға, ведомстволарға, ұйымдарға ҚР ІІМ ішкі әскерінің күзететін қарауылдарымен, ҚР ІІМ арнайы тасымалдар бөлімімен келісілуі тиіс.
      Поезда әскерилендірілген темір жол күзеті күзететін жарылғыш материалдар бар вагондар болған кезде поездық диспетчер бұл туралы учаскесінде станция орналасқан ең жақын әскерилендірілген күзет бөлімшесінің (қарауылының) бастығын хабардар етеді.
      560. Әскерилендірілген темір жол күзеті ілесіп жүретін жарылғыш материалдар бар жекелеген вагондардың, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам секциясының (схемасының) құрамына кіретін вагондардың, әскери көліктер мен эшелондардың жүру жолында анықталған техникалық және коммерциялық ақаулықтарды жою техникалық және коммерциялық ақаулықтардың сипатына, жұмыс жағдайлары мен көлеміне қарай кейіннен осы мақсаттар үшін жеке бөлінген жолдарға берумен ағытып та, құрамнан ағытпай да жүргізілуі мүмкін.
      561. Станцияларда жарылғыш материалдар бар жекелеген вагондарды әскерилендірілген темір жол күзеті күзететін вагондар тобынан техникалық және коммерциялық ақаулықтар бойынша ағытуға тек ағытылатын вагондарды күзету қамтамасыз етілсе ғана жол беріледі. Керісінше жағдайда әскерилендірілген темір жол күзетінің наряды күзететін вагондар тобының барлығы ағытылады. Станция бастығы әскерилендірілген күзеттің қосымша нарядын шақырады және ол келген соң ағытылған топтың ақаусыз вагондарын тағайындалуы бойынша жөнелтеді.
      562. Әскери көліктен, сондай-ақ әскери қарауылдың немесе жүк жөнелтушінің (жүк алушының) ілесуімен келе жатқан вагондар топтарынан вагондарды ағытуға тыйым салынады. Ақаулықты жою және жүктерді ақаусыз вагондарға қайта тиеу үшін барлық көлік (вагондар тобы) кідіртіледі, ол туралы станция бойынша кезекші (станция бастығы) Ұлттық темір жол компаниясы - «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалының аға диспетчеріне хабарлайды, ол көліктің кідіртілуі туралы белгіленген тәртіппен темір жол учаскесі мен станцияның әскери комендантын және Қазақстан Республикасының ІІМ арнайы тасымалдар бөлімін хабардар етеді. Жөндеу немесе қайта тиеу аяқталған соң вагондар кідіртілген көліктің (вагондар тобының) құрамына енгізілуі және тағайындалуы бойынша жөнелтілуі тиіс.
      563. Жарылғыш материалдар тасымалдау үшін арнайы жылжымалы құрам секциясының, сондай-ақ арнайы құрастырылған схемалар құрамына кіретін вагондарды ағытып жөндеу қажеттілігі кезінде мұндай вагондар жүкке ілесіп жүретін маманның, қарауыл бастығының келісімімен және қадағалауымен ғана секциядан (сызбадан) ағытылуы және жөндеу жолдарына берілуі мүмкін.
      Бұл жағдайда онда ағытып жөндеуді талап етілетін вагон анықталған секцияның (сызбаның) барлық құрамы кідіртіледі. Жөнделген вагондар секцияның (сызбаның) тиісті орнына енгізілуі тиіс. Егер секцияның (сызбаның) бос вагоны техникалық ақаулыққа байланысты тағайындалу станциясына бара алмайтын болса, жүкке ілесіп жүруші мамандардың немесе қарауыл бастығының өтінімі бойынша ол секциядан (сызбадан) ағытылуы және тасымалдау құжатын тиісінше ресімдеумен жаңа тағайындалу бойынша жөнелтілуі мүмкін.
      564. Барлық аталған жағдайларда әскери көліктердің, арнайы жылжымалы құрам секциясының (сызбаның), әскерилендірілген темір жол күзетінің, әскери қарауылдың немесе жүк жөнелтуші (жүк алушының) мамандарының ілесуімен келе жатқан жарылғыш материалдар бар вагондар топтарының кідіртілген вагондары осы Нұсқаулықтың 560564-тармағының талаптарына сәйкес станцияның техникалық-өкімдік актісінде жарылғыш материалдар бар вагондардың тұруы үшін көзделген жолдарға орналастырылады.
      Жарылғыш материалдар бар поездар мен вагондарға техникалық қызмет көрсету және коммерциялық тексеріп қарау тәртібі жарылғыш материалдар тиелген вагондармен жұмыс тәртібі туралы жергілікті нұсқаулықпен белгіленеді.

§ 4. Апаттық жағдайлардағы іс-қимылдар

      565. Поездар қозғалысымен байланысты қызметкер темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік қағидалары және олармен апаттық жағдайларды жою тәртібін білуі және нақты орындаулары қажет.
      Жарылғыш материалдар бар поезға қатер төндіруші қауіптер (букстердің жануы, осьтің сынуы, жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуі, вагонның немесе жүктің жануы) жағдайында локомотив және кондуктор бригадалары, жүктерді күзету мен ілесуді жүзеге асырушы тұлғалар, станциялар бойынша кезекшілер, сондай-ақ поездарды қабылдаумен, жөнелтумен, өткізумен және қызмет көрсетумен байланысты басқа қызметкерлер оны тоқтатуға және қауіпті жоюға қатысты олардың қолындағы барлық шараларды қабылдайды.
      Жылжымалы құрамның және оның жүріс бөліктерінің жағдайын бақылау аспаптарымен анықталған ақаулықтары бар вагондармен поездың жүруіне тыйым салынады.
      566. Аралықта болған осы Нұсқаулықтың 565-тармағында көрсетілген жағдайларда локомотивтің машинисі немесе ол поезға ілесіп жүрсе, бас кондуктор бұл туралы поездың диспетчерге немесе ең жақын станция бойынша кезекшіге шаралар қабылдау үшін хабарлайды. Бұл ретте, апат (жылжымалы құрамның рельстен шығып кетуі), өрт жағдайында – олардың жағдайлары, поездың құрамында жарылғыш материалдар және басқа қауіпті жүктер бар вагондардың болуы мен орналасуы туралы хабарлайды, апаттық карточкалардың нөмірлерін (жол тізімдемесінің сыртқы жағында көрсетілген) немесе апаттық карточкалардың мазмұнын (олар тасымалдау құжаттарына қоса тіркелген жағдайда) тапсырады.
      567. Электрлендірілген учаскелерде поездық диспетчер бұл хабарламаны алған соң, қажеттілігі кезінде энергия диспетчеріне түйіспе желісінен кернеуді ағыту туралы нұсқау береді. Локомотив машинисі немесе бас кондуктор поездық диспетчердің әмірлерін, лауазымдық нұсқаулықтың, апаттық карточкалардың талаптарын, жарылғыш материалдарға және басқа қауіпті жүктерге ілесіп бара жатқан мамандардың нұсқауларын басшылыққа алып қалыптасқан ахуалға қарай апаттық жағдай мен оның салдарларын жою бойынша мүмкін шараларды жүзеге асырады.
      Станция бойынша кезекші поезд машинисінен апат туралы хабарлама алған соң оның мазмұнын поездық диспетчерге толық береді және оның нұсқауларына сәйкес іс-қимыл жасайды.
      568. Қозғалыстағы жарылғыш материалдар бар поезда қандай да бір жүктің немесе жылжымалы құрамның жануы анықталған кезде поезд тоқтатылуы тиіс. Поезды тоқтату орны адамдардың зақымдануы мен қоршаған ортаның ластануы, тоннельдердің, көпірлердің, тұрғын үй және станциялық ғимараттардың, қоймалардың, жолдарда тұрған жылжымалы құрамның зақымдану қатері тудыратын неғұрлым аз салдарларды ескере отырып таңдалады.
      569. Поезды тоқтатқаннан кейін локомотив бригадасы жарылғыш материалдарға ілесіп баратын немесе күзетуші адамдармен бірлесіп жанып жатқан вагондарды ағытады және белгіленген тәртіппен құрамның қалған бөлігін алдын ала бекітумен оларды басқа жылжымалы құрамнан әкетуді жүргізуге және осы жүктің ерекшеліктерін ескере отырып өрт көмегі келгенге дейін локомотивтерде және моторвагонды жылжымалы құрамда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықпен көзделген талаптарға сәйкес өртті жоюға қатысты мүмкін шараларды қабылдайды.
      570. Жарылғыш материалдармен апаттық жағдай станция шегінде пайда болған кезде станция бойынша кезекші болған оқиға туралы поездық диспетчерге және станция бастығына хабарлайды және поездарды одан әрі өткізу, маневрлер жүргізу мүмкіндігі мен жағдайын белгілейді және қажет кезде поездар қозғалысы мен маневрлерді тоқтатуға шаралар қабылдайды.
      Жарылғыш материалдар тиелмеген вагонда немесе жанында орналасқан ғимаратта, құрылыста, ғимаратта өрт пайда болған жағдайда жарылғыш материалдар бар вагондар өрт аймағынан қауіпсіз, алайда 100 метрден кем емес қашықтыққа әкетілуі тиіс.
      571. Мұндай поездармен және вагондармен болған барлық оқиғалар туралы поездық диспетчер Ұлттық темір жол компаниясы - «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалының аға диспетчеріне хабарлайды және онымен бірлесіп апаттық жағдайдың салдарларын жылдам тоқтату үшін дереу шаралар қабылдайды. Аға диспетчер болған оқиға туралы Ұлттық темір жол компаниясы - «Тасымалдау процессінің дирекциясы» филиалына хабарлайды.
      572. Қауіпсіздік немесе жарылғыш материалдармен болған апаттық жағдайлар салдарларын жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру жөніндегі басқа іс-қимылдар қалыптасқан ахуалға қарай Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік қағидалары және олармен апаттық жағдайларды жою тәртібіне және Темір жолдар бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасына сәйкес жүргізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының темір жол 
көлігіндегі поездар қозғалысы және 
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 1-қосымша      

Маршруттардың дайындалғаны туралы сөйлесулер
регламенттерінің үлгі тізбесі

      1. Поездарды қабылдау мен жөнелту үшін маршруттарды дайындау туралы өкім, сондай-ақ осы өкімдердің орындалғаны туралы баяндаулар нақты және түсінікті болуы тиіс. Станциялар бойынша кезекшілер мен бағыттамалық постылар кезекшілері сөйлесулер регламенттерін үлгі тізбеге сәйкес сақтаулары тиіс.
      Осы тізбемен көзделмеген жағдайларда станциялар бойынша кезекшілер мен бағыттамалық постылар кезекшілері поездарды қабылдау мен жөнелту үшін маршруттардың дайындалғаны туралы сөйлесулерді де нақты және түсінікті жүргізулері тиіс.
      Поездарды қабылдау мен жөнелту үшін маршруттарды дайындаумен байланысты кез келген өкімді бергенге дейін, сондай-ақ осындай өкімнің орындалғаны туралы баяндауды алғанға дейін станция бойынша кезекші оны осыған құқығы бар тұлғалар тыңдап және оған баяндап тұрғандығын көз жеткізуі тиіс. Бұған құқығы жоқ тұлғалардың аталған өкімдерді беруіне немесе олардың орындалғаны туралы баяндамаларды алуына тыйым салынады.

Маршруттардың дайындалғаны туралы сөйлесулер
регламенттерінің үлгі тізбесі

Сөйлесулердің мазмұны

Сөйлесулердің нысаны

станция бойынша кезекші

бағыттамалық постылар кезекшілері

1

2

3

Станция бойынша кезекшінің маршрутты дайындау туралы өкімі:
а) поезды қабылдау үшін

«Берекеден N... поезды 3-жолға қабылдау үшін маршрут дайындаңыз». Өкім маршрутты дайындауға қатысатын барлық бағыттама постыларына бір мезгілде беріледі.

«3-посты. Берекеден N... поезды 3-жолға қабылдау үшін маршрут дайындаңыз».
Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша бағыттама постысы кезекшілерінің біреуі қайталайды. Қалғандарының барлығы «N... посты – дұрыс» сөздерімен растайды.


Егер поезд итергіш локомотивпен жүрсе, онда станция бойынша кезекші және өкімді қайталаушы бағыттамалық посты кезекшісі «итергішпен» сөзін қосады.

б) поезды жөнелту үшін

« N... поезға 1-жолдан Ақөзекке жөнелту үшін маршрут дайындаңыздар» Өкім маршрутты дайындауға қатысатын барлық бағыттама постыларына бір мезгілде беріледі.

«2-посты. N... поезға 1-жолдан Ақөзекке жөнелту үшін маршрут дайындаңыздар» Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша бағыттама постысы кезекшілерінің біреуі қайталайды. Қалғандарының барлығы «N... посты – дұрыс» сөздерімен растайды

Егер поезд итергіш локомотивпен жүрсе, онда станция бойынша кезекші және өкімді қайталаушы бағыттамалық посты кезекшісі «итергішпен» сөзін қосады.

в) поезды өткізу үшін

«N... поезға Берекеден Ақөзекке 2-жол бойынша қабылдау және жөнелту маршрутын дайындаңыздар»
Өкім маршрутты дайындауға қатысатын барлық бағыттама постыларына бір мезгілде беріледі.

«1-посты. N... поезға Берекеден Ақөзекке 2-жол бойынша қабылдау және жөнелту маршрутын дайындаңыздар» «2-посты. N... поезға Берекеден Ақөзекке 2-жол бойынша қабылдау және жөнелту маршрутын дайындаңыздар» Станция бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша бағыттама постысы (кіру және шығу) кезекшілерінің біреуі қайталайды. Қалғандарының барлығы «дұрыс» сөзімен растайды

Бағыттамалық постылар кезекшілерінің станция бойынша кезекшіге баяндамалары:
а) қабылдау маршрутының дайындығы туралы
б) жөнелту маршрутының дайындығы туралы
в) маршруттың поезды өткізуге дайындығы туралы

Станция бойынша кезекшібаяндаманы маршрутты дайындауға қатысушы барлық бағыттамалық посты кезекшілерінің телефонға қатысуымен тыңдайды
Станция бойынша кезекші баяндаманы маршрутты дайындауға қатысушы барлық бағыттамалық посты кезекшілерінің телефонға қатысуымен тыңдайды
Станция бойынша кезекші баяндаманы қабылдау және жөнелту маршрутын дайындауға қатысушы барлық бағыттамалық пост кезекшілерінің телефонға қатысуымен тыңдайды.

«3-посты. Берекеден келетін N... поезға 3-жолда қабылдау маршруты дайын, жол бос». Маршрутты дайындауға қатысушы барлық бағыттамалық посты кезекшілері баяндайды
«2-посты. N...поезға Ақөзекке 1-жолдан жөнелту маршруты дайын». Маршрутты дайындауға қатысушы барлық бағыттамалық пост кезекшілері баяндайды
«1-посты. Берекеден келетін N... поезға 2-жолда қабылдау маршруты дайын, жол бос».
«2-посты. N...поезға Ақөзекке 2-жолдан жөнелту маршруты дайын, жол бос». Тікелей өткізу маршрутын дайындауға қатысушы барлық бағыттамалық посты кезекшілері баяндайды
«5-посты. N... поезд Берекеден 3-жолға толық келді. Өткелдер бар».
Егер поезд итергіш локомотивпен келсе, онда «итергішпен» сөзін қосады

г) поездың келуі туралы
д) поездың жөнелтілуі туралы


«2-посты N... поезд 1-жолдан Ақөзекке толық жөнелтілді».
Егер поезды жөнелту итергіш локомотивпен жүргізілсе, онда «итергішпен» сөзін қосады

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі     
нұсқаулыққа 2-қосымша      

Нысан

Поездардың жөнелтілуі және келуі туралы
телефонограмма

      Поездың жөнелтілуі (жүріп өтуі) туралы мынадай нысан бойынша хабарланады:
      «№... поезд... сағат... минутта жөнелтілді (жүріп өтті)».

      Поездың келуі (қайта оралуы) туралы мынадай нысан бойынша хабарланады:
      «№... поезд... сағат... минутта келді (қайта оралды)».
      Егер поезд итергіш локомотивпен жол жүрсе жөнелтілуі мен келуі туралы хабарлама «итергішпен» сөзімен толықтырылады.

Қазақстан Республикасының темір жол 
көлігіндегі поездар қозғалысы және  
маневрлік жұмыс жөніндегі     
нұсқаулыққа 3-қосымша        

Нысан

Поездар қозғалысының журналындағы станция бойынша
кезекшінің жазбасы

20... ж "__"..... сағ... мин.
Кезекшілікті қабылдады ДСП.......... (қолы).
20... ж "__".....сағ... мин.
Кезекшілікті тапсырды ДСП........... (қолы).

      Кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы мәтін алдында есептегіштердің көрсеткіштері (келуді бақылау құрылғыларының, шақыру сигналдарының немесе маршрутты жасанды бөлудің жасанды іске қосылуын есептегіштер болған жағдайда), сондай-ақ станция бойынша кезекшінің постысындағы қатаң есепке алу мүкәммалдарының қолда болуы көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының темір 
жол көлігіндегі поездар қозғалысы
және маневрлік жұмыс жөніндегі 
нұсқаулыққа 4-қосымша     

Поездарды станциядан поездар қозғалысы кезіндегі түрлі
сигнал беру және байланыс құралдарының көмегімен жөнелтуге
рұқсат етулердің тізбесі

Поездар жөнелтілетін жағдайлар

Машинистке аралықты басып тұруға рұқсат етудің белгісі

Шығу сигналын ашуға немесе аралықты басып тұруға рұқсат берудің негіздемесі

1

2

3

А. Автоматтық бұғаттау – дара жолды телім

Поездарды дербес шығу бағдаршамдары бар жолдардан жөнелту

Шығу бағдаршамдарының рұқсат етуді көрсетуі

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша), поезд диспетчерінің келісімі (поездық диспетчерлік байланыс ақауланған жағдайда – іргелес станция кезекшісінің келісімі).

Поездарды жөнелту жолының маршруттық нұсқағыштармен жабдықталған топтық бағдаршамдары бойынша жөнелту

Шығу бағдаршамының маршруттық нұсқағышында жөнелту жолы нөмірінің цифрасымен (жасыл түсті) рұқсат етуді көрсетуі

Тура сол

Поездарды жөнелту жолында топтық бағдаршамның рұқсат ету белгісін қайталағыштар болған жағдайда маршруттық нұсқағыштарсыз топтық бағдаршамдар бойынша жөнелту

Қайталағыш бағдаршамдағы жасыл шам (топтық бағдаршамның рұқсат етуді көрсетуімен бір мезгілде жанады)

--/--/--/--

Поездарды жөнелту жолындағы маршруттық нұсқағыштар ақауланған кезде топтық бағдаршамдар бойынша немесе топтық бағдаршамдардың қайталағыштары ақауланған кезде маршруттық нұсқағыштарсыз топтық бағдаршамдар бойынша жөнелту

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген поезды тиісті жолдан жөнелту туралы бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның II-тармағын толтырумен рұқсаты (рұқсаттың екі түрі де машинистке топтық бағдаршам рұқсат етуді көрсетіп тұрған кезде берілуі мүмкін)

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша), поезд диспетчерінің келісімі (поездық диспетчерлік байланыс ақауланған жағдайда – іргелес станция кезекшісінің келісімі).

Поезды шығу бағдаршамы жоқ жолдан жөнелту

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген поезды тиісті жолдан жөнелту туралы бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның I- тармағын толтырумен рұқсаты

Бір немесе одан көп бұғат-телімдердің бос болуы, поезд диспетчерінің поезды станциядан шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде жөнелту туралы және аралықтың қарсы бағыттағы поездардан бос болғаны туралы тіркелетін бұйрығы, автобұғаттауды тиісті бағытқа ауыстырып қосу, басқару аппаратынан аралықтың бұздыған кілтін алу.

Басы шығу бағдаршамын қалқалап тұрған поезды жөнелту және аталмыш бағдаршамды рұқсат етуге ашу мүмкін болмаса

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген поезды тиісті жолдан жөнелту туралы бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның I- тармағын толтырумен рұқсаты, бағдаршамның басының арғы жағындағы рұқсат ету көрсетуі (ол болған жағдайда және машиниске көрінетін болса)

Бір немесе одан да көп бұғат-телімдердің бос болуы, поезд диспетчерінің поезды станциядан шығу бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде жөнелту туралы және аралықтың қарсы бағыттағы поездардан бос болғаны туралы тіркелетін бұйрығы, автобұғаттауды тиісті бағытқа ауыстырып қосу, басқару аппаратынан аралықтың бұздыған-кілтін алу

Поезды ашық тұрған шығу бағдаршамы бойынша, машинистке оның көрсетулері көрінбей тұрған кезде жөнелту

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның II-тармағын толтырумен рұқсаты

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша) поезд диспетчерінің келісімі (поездық диспетчерлік байланыс ақауланған жағдайда – іргелес станция кезекшісінің келісімі)

Поезды бүкіл аралық бойынша жүретін итергіш локомотивпен бірге жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі

Тура сол

Поезды итергіш локомотивпен бірге артынша оның кері қайтуымен аралықтың бір бөлігіне жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі. Кері бағытта қозғалуға құқығы болуы үшін итерушінің машинисіне бұздыған кілт беріледі

Тура сол

Поезды аралыққа артынша оның кері қайтуымен жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі. Кері бағытта қозғалуға құқығы болу үшін бұздыған кілт беріледі, ол поезды станциядан жөнелтудің алдында жұмыс жетекшісіне артынша оны поезд аралықтан қайтқан кезде машиниске беруіне арнап тапсырады

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша), сондай-ақ поезд диспетчерінің поезды оның кері қайтуымен жөнелтуге рұқсаты

Бұздыған-кілт болмаған немесе ол ақауланған жағдайда поездарды немесе итергіш локомотивтерді артынша кері қайтуымен телефондық байланыс құралдарына ауысқаннан кейін ғана жөнелтуге болады

Поезды автобұғаттау ақауланған жағдайда жөнелту

Жол жазбасы

Поезд диспетчерінің автобұғаттауды жабу және телефондық байланысқа ауысу туралы бұйрығы және іргелес станцияның поезды қабылдауға келісімі туралы телефонограммасы

Б. Автоматтық бұғаттау – қос жолды учаске (поездың дұрыс жол бойынша жөнелтілуі)

Поездарды дербес шығу бағдаршамдары бар жолдардан жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша)

Поездарды жөнелту жолының маршруттық нұсқағыштарымен жабдықталған топтық бағдаршамдар бойынша жөнелту

Шығу бағдаршамының маршруттық нұсқағышында жөнелту жолы нөмірінің цифрасымен (жасыл түсті) рұқсат етуді көрсетуі

Тура сол

Поездарды жөнелту жолындағы топтық бағдаршамның рұқсат етуді көрсетуін қайталағыштар болған жағдайда маршруттық нұсқағыштарсыз топтық бағдаршамдар бойынша жөнелту

Қайталағыш бағдаршамның жасыл шамы (топтық бағдаршамның рұқсат етуді көрсетуімен қатар жанады)

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша)

Поездарды жөнелту жолындағы маршруттық нұсқағыштар ақауланған кезде топтық бағдаршамдар бойынша немесе топтық бағдаршамдардың қайталағыштары ақауланған кезде маршруттық нұсқағыштарсыз топтық бағдаршамдар бойынша жөнелту

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген поезды тиісті жолдан жөнелту туралы бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның II –тармағын толтырумен рұқсаты (рұқсаттың екі түрі де машиниске топтық бағдаршам рұқсат етуді көрсетіп тұрған кезде берілуі мүмкін)

Тура сол

Поезды шығу бағдаршамы жоқ жолдан жөнелту

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген поезды тиісті жолдан жөнелту туралы бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның I–тармағы толтырумен

--/--/--/--

Басы шығу бағдаршамын қалқалап тұрған поезды жөнелту және аталмыш бағдаршамды рұқсат етуге ашу мүмкін болмаса

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген поезды тиісті жолдан жөнелту туралы бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның I –тармағын толтырумен рұқсаты, бағдаршамның басының арғы жағындағы рұқсат ету көрсетуі (ол болған жағдайда және машинистке көрінетін болса)

--/--/--/--

Поезды ашық тұрған шығу бағдаршамы бойынша, машинистке оның көрсетулері көрінбей тұрған кезде жөнелту

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның II – тармағын толтырумен рұқсаты

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша)

Поезды бүкіл аралық бойынша жүретін итергіш локомотивпен бірге жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі

Тура сол

Поезды итергіш локомотивпен бірге артынша оның кері қайтуымен аралықтың бір бөлігіне жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі. Кері бағытта қозғалуға құқығы болу үшін итерушінің машинисіне бұздыған кілт беріледі

--/--/--/--

Поезды аралыққа артынша оның кері қайтуымен жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі. Кері бағытта қозғалуға құқығы болу үшін бұздыған кілт беріледі, ол поезды станциядан жөнелтудің алдында жұмыс жетекшісіне артынша оны поезд аралықтан қайтқан кезде машиниске беруіне арнап тапсырады

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша), сондай-ақ поезд диспетчерінің поезды оның кері қайтуымен жөнелтуге рұқсаты

Бұздыған-кілт болмаған немесе ол ақауланған жағдайда поездарды немесе итергіш локомотивтерді артынша кері қайтуымен телефондық байланыс құралдарына ауысқаннан кейін ғана жөнелтуге болады

Поезды шығу бағдаршамы ақауланған кезде жөнелту

Станция кезекшісінің машиниске радиобайланысы бойынша берілген бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның I –тармағын толтырумен рұқсаты немесе шығу бағдаршамындағы шақыру сигналы

Бір немесе одан да көп бұғат-телімнің бос болуы (бақылау аспаптарының көрсетулері бойынша)

Поезды автобұғаттау ақауланған жағдайда жөнелту

Жол жазбасы

Алғашқы поезд үшін – поезд диспетчерінің автобұғаттауды жабу және телефондық байланысқа ауысу туралы бұйрығы.
Келесі поездар үшін – іргелес станцияның алдында жөнелтілген поездың келіп жеткені туралы поездық телефонограммасы

В. Жартылай автоматты бұғаттау - бір жолды учаске

Поездарды дербес шығу бағдаршамдары бар жолдардан жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі

Іргелес станциядан келісудің бұғаттау сигналының болуы немесе бұғат жүйенің тиісті қозғалыс бағытына ауыстырып қосылуы

Кідіртілген немесе сол бағыттағы өзге поезды шығу бағдаршамы жабылғаннан (соның ішінде өз бетінше жабылғаннан) кейін жөнелту

I – тармағы толтырылған жасыл түсті бланкідегі рұқсат-қағаз

Тура сол

Шығу бағдаршамын қайталап ашуға мүмкіндік беретін құрылғылармен жабдықталған станцияларда поезды дәл сол бағытта поезд диспетчерінің келісімі бойынша жөнелту ісі қайталап ашылған шығу бағдаршамы бойынша орындалады

Басы рұқсат етуді көрсетіп тұрған шығу бағдаршамының артында орналасқан поезды жөнелту

Станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның II – тармағын толтырумен рұқсаты

Іргелес станциядан келісудің бұғаттау сигналының болуы немесе бұғат - жүйенің тиісті қозғалыс бағытына ауыстырып қосылуы

Жолдары мен стрелкалары электрлік оқшауландырумен жабдықталған станцияларда егер шығу бағдаршамы оқшауланған телімнің бос болмауы себебінен ашылмай жатса, бағдаршамды ашуға арнап «Жөнелту маршруттарындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің бостығын бақылауды ажырату» батырмасы қолданылуы мүмкін (аталмыш батырма болатын станцияларда)

Басы тыйым салуды көрсетіп тұрған бағдаршамның артында тұрған поезды жөнелту

Жол жазбасы

Поезд диспетчерінің автобұғаттауды жабу және телефондық байланысқа ауысу туралы бұйрығы және іргелес станцияның поезды қабылдауға келісімі туралы поездық телефонограммасы

Қарсы бағыттағы поезды шығу бағдаршамы жабылғаннан кейінгі жөнелту

Жол жазбасы

Тура сол

Поезды жөнелту жолының маршруттық нұсқағышымен жабдықталған топтық бағдаршам бойынша жөнелту

Шығу бағдаршамының маршруттық нұсқағышында жөнелту жолы нөмірінің цифрасымен (жасыл түсті) рұқсат етуді көрсетуі

Іргелес станциядан келісудің бұғаттау сигналының болуы немесе бұғат - жүйені тиісті қозғалыс бағытына ауыстырып қосу

Поезды топтық бағдаршамдағы жөнелту жолын маршруттық нұсқағышы ақауланған кездегі топтық бағдаршам бойынша жөнелту

Шығу бағдаршамының рұқсат етуді көрсетуі және станция кезекшісінің радиобайланысы бойынша берілген поезды жөнелту туралы бұйрығы немесе жасыл түсті бланкідегі оның II – тармағын толтырумен рұқсаты

Тура сол

Шығу бағдаршамын ашу мүмкін болмаған кездегі поезды жөнелту

Жол жазбасы

Поезд диспетчерінің автобұғаттауды жабу және телефондық байланысқа ауысу туралы бұйрығы және іргелес станцияның поезды қабылдауға келісімі туралы поездық телефонограммасы

Егер бос аралықтағы шығу бағдаршамы оқшауланған стрелкалық телімнің жалған түрде бос болмауы себебінен ашылмаса, онда поезд диспетчерінің келісуімен оны «Жөнелту маршруттарындағы стрелкалық оқшауланған телімдердің бостығын бақылауды қосу» батырмасын (мұндай батырма болатын станцияларда) алдын-ала басқаннан кейін ғана ашуға болады.

Аралықтан қайтып келе жатқан поезды кері қарай жөнелту

Шығу бағдаршамы жабық тұрған кезде бұздыған кілт

Іргелес станциядан келісудің бұғаттау сигналын беруі немесе бұғат жүйені тиісті қозғалыс бағытына ауыстырып қосу, сондай-ақ поезд диспетчерінің поезды артынша оның кері қайтуымен жөнелтуге рұқсаты

Қазақстан Республикасының темір жол 
көлігіндегі поездар қозғалысы және 
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 5-қосымша       

Нысан

Жөнелуге рұқсат беру туралы телефонограмма

      «... жолдағы №.... поездың машинисі. Сізге топтық бағдаршам ашық. Жөнелуге рұқсат етемін. ДСП...».

Қазақстан Республикасының темір жол 
көлігіндегі поездар қозғалысы және 
маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша              

Нысан

ДУ - 54 бланкі

№______РҰҚСАТ ҚАҒАЗДЫҢ №______РҰҚСАТ ҚАҒАЗ
ТҮБІРШЕК (КОРЕШОК)

Станция (мөрқалып)                    Станция (мөрқалып)
20…ж. « » 20 …ж. « »

Рұқсат - қағаз                 №………поезына ……..жолынан жолы
………….тармағын........          бойынша шығу
толтырумен                     (маршруттық) бағдаршамының
№……поезына берілді.            тыйым салуды көрсетуі кезінде және
                               сағатына 20 км-ден
Станция кезекші                аспайтын жылдамдықпен және одан әрі қозғалысына кедергі кездесе    қалған жағдайда дереу түрде тауға
                               дайын түрде жөнелуге;
                               алғашқы өтпелі (шығу) бағдаршамына
                               дейін, ал ары қарай автобұғаттаудың
                               сигналдары бойынша қозғалуға рұқсат
                               етемін.
                               Осы рұқсат - қағаз станцияның тек қана
                               шығу (маршруттық) бағдаршамының тыйым
                               салу көрсетуінен өту құқығын береді.
                               II
                               № ____поезына_________ жолынан ашық
                               тұрған топтық шығу (маршруттық)
                               бағдаршамы бойынша жөнеліп, ары қарай
                               автобұғаттау сигналдары бойынша жүруге
                               рұқсат етемін.

                               Станция кезекшісі (керек емесін сызып
                               тастау)

Қазақстан Республикасының темір жол 
көлігіндегі поездар қозғалысы және 
маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша              

Нысан

Жөнелуге рұқсат беру туралы телефонограмма

      «... жолдағы №.... поездың машинисі. Сізге шығу (маршруттық) бағдаршам жабық. Жөнелуге рұқсат етемін. ДСП...».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 8-қосымша      

Нысан

ДУ-50 бланкі

ЖОЛ                                                       ЖОЛ ЖАЗБАСЫ
ЖАЗБАСЫНЫҢ ТҮБІРШЕГІ

20___ж. «___» _________                    Станция (мөрқалып)
______сағ______ мин                        20...ж. «___»________

№------ поезына                            №____поезына (поездың
(поездың итергішіне)                       итергішіне) ____
берілді.                                   жолынан ___ жолы арқылы
                                           жөнеліп,___ ст. кері
                                           қайтуымен ___станциясының
                                           кіру сигналына дейін (___
                                           км-не дейін) жүруіне
                                           рұқсат етемін.
                                           Бұғаттау жарамсыз.

Станция кезекшісі                          Станция кезекшісі
                                           (керек емесін сызып
                                           тастау) (ақ түсті)

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 9-қосымша      

Нысан

Жөнелуге рұқсат беру туралы бұйрық

      «Бұйрық №... Күні........ Уақыты........ (сағаты, минуты).
№.... поезға..... жолдан.... бас жол бойынша литер..... шығу (маршруттық) бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде жөнелуге және бірінші литер...... өтпелі (шығу, маршруттық) бағдаршамына дейін жүруге, ал әрі қарай автобұғаттау сигналдарымен басшылыққа алуға рұқсат етемін.
ДСП......»;

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 10-қосымша      

Нысан

Жөнелуге рұқсат беру туралы телефонограмма

      «№.... поезды..... станциясынан.... бас жол бойынша литер..... шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде жөнелуге рұқсат етемін. Аралық (аралықтың бас жолы) қарсы поездардан бос. ДНЦ......».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 11-қосымша      

Нысан

Поездар қозғалысының бағытын ауыстыруға рұқсат туралы
телефонограмма

      «Қозғалыс бағытын.... аралықта (.... аралықтың..... жолы бойынша) тақтан жұпқа қосалқы режим тұтқаларының (бастырмаларының) көмегімен ауыстыруға рұқсат етемін. Аралық (аралықтың... жол) поездардан бос. ДНЦ....».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 12-қосымша      

Нысан

Поездың жөнелуі және жүруі туралы телефонограмма

      «....... аралықта автобұғаттау жұмыс істемейді. №.... поезға.... станциясынан жөнелуге және... станциясының кіру бағдаршамына дейін жүруге, ал одан әрі оның көрсеткіштерін басшылыққа алуға рұқсат етемін. ДНЦ....».
      Бұл жағдайларда диспетчердің бұғаттауды жабу туралы бұйрығы онда станция бойынша кезекші бар станцияға ғана беріледі. Бұл станциядан автобұғаттау жабылған соң поездарды жөнелту жол жазбалары бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте поезды дара жолды аралыққа немесе екі жақты автобұғаттауы бар қос жолды аралықтың дұрыс емес жолына жөнелту жағдайларында жол жазбасы станция бойынша кезекшінің диспетчердің мына нысандағы тіркелетін бұйрығын алған соң ғана берілуі мүмкін:
      «..... аралығы (..... аралығының бас жолы) поездардан бос. №.... поезды жөнелтуге рұқсат етемін. ДНЦ....».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 13-қосымша      

Нысан

Поездардың жөнелтілуі және келуі туралы телефонограмма

      «....... станциялар аралығындағы автобұғаттау жұмыс істемейді. Сіздерден соңғы болып №...... поезд келді. Сіздерге соңғы болып №.... поезд жөнелтілді. Телефондық байланысқа көшуді сұраймын. ДСП.....».
      Көрші станция бойынша кезекші де аралықтың бостығына көз жеткізіп, жауап береді:
      «Сіздерден соңғы болып №...... поезд келді. Сіздерге соңғы болып №.... поезд жөнелтілді. Телефондық байланысты орнатамын. ДСП.....».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 14-қосымша      

Нысан

Телефон байланысы бойынша поездардың қозғалысы туралы
телефонограмма

      «....... аралығындағы....... жол бойынша автобұғаттау жұмыс істемейді. Осы жол бойынша поездар қозғалысын телефондық байланыс бойынша белгілеймін. ДСП.....».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 15-қосымша      

Нысан

Телефонограмма
Автобұғаттаудың ақаулығын қалпына келтіру
туралы телефонограмма

      1) Дара жолды аралықтарда:
      «.... станциялар арасындағы автобұғаттаудың ақаулығы жойылды. Сіздерден соңғы болып №...... поезд келді. Сіздерге соңғы болып №.... поезд жөнелтілді. Поездар қозғалысын автобұғаттау бойынша қалпына келтіруді сұраймын. ДСП.....».
      Көрші станция бойынша кезекші де аралықтың бостығын тексеріп, жауап береді:
      «Сіздерден соңғы болып №...... поезд келді. Сіздерге соңғы болып №.... поезд жөнелтілді. Поездар қозғалысын автобұғаттау бойынша қалпына келтіремін. ДСП.....».
      2) Қос жолды аралықтарда
      «......жолы бойынша........аралығындағы автобұғаттаудың ақаулылығы жойылды. Поездардың автоматтық бұғаттау бойынша қозғалуын қалпына келтіремін. ДСП».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 16-қосымша      

Нысан

Жөнелуге рұқсат беру туралы телефонограмма

      «..... жолдағы №.... поездың машинисі...... топтық сигналы Сізге ашық. Локомотивтік сигнал беру ақаусыз болса жөнелуге рұқсат етемін. ДСП..... Бұйрық №..... Уақыты... (сағаты, мин)»;

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 17-қосымша      

Нысан

Жөнелуге және жүруге рұқсат беру туралы телефонограмма

      «№.... поезға...... жолдан..... бас жолы бойынша шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде жөнелуге және аралықтан шыққанға дейін 20 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен жүруге, ал әрі қарай локомотивтік бағдаршамның сигналдарын басшылыққа алуға рұқсат етемін. ДСП…… Бұйрық №..... Уақыты... (сағаты, мин)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 18-қосымша      

Нысан

Жөнелуге және көмек көрсетуге рұқсат беру туралы телефонограмма

      №... поездың машинисіне станцияға келумен (қайта оралумен)... станциясының... жолынан... аралыққа.... жол бойынша....км-ге дейін №... поезға көмек көрсету үшін жүруге рұқсат етемін... ДНЦ.

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 19-қосымша      

Нысан

Поезды кіргізуге рұқсат беру туралы телефонограмма

      «№... поезды... станцияға..... жолға кіру бағдаршамының тыйым салушы көрсеткіші кезінде кіргізуге рұқсат етемін. ДНЦ.....».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 20-қосымша      

Нысан

Поезды жөнелтуге рұқсат беру туралы телефонограмма

      «№.... поезға.... станциясынан..... жолдан шығу бағдаршамының тыйым салушы бағдаршамы кезінде жөнелуге рұқсат етемін. ДНЦ...... ».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 21-қосымша      

Нысан

Бұғаттау сигналын қосуға рұқсат беру туралы телефонограмма

      «.... станциясы бойынша кезекшіге.... станцияға №.... поездың келуі туралы бұғаттау сигналын қосалқы бастырманың (басқыштық тірегіш тұйықтағышын жасанды іске қосудың) көмегімен беруге рұқсат етемін. ДНЦ.....».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 22-қосымша      

Нысан

ДУ - 52 бланкі

№ ______РҰҚСАТ-ҚАҒАЗДЫҢ            № ______РҰҚСАТ-ҚАҒАЗ
          ТҮБІРШЕГІ

Станция (мөрқалып)                 Станция ( мөрқалып)
20...ж. «__»                       20...ж. «___»

Рұқсат-қағаз ___ тармағын          № ____ поезына (итергішіне)
толтырумен                         _____ жолынан _____ жолы бойынша
№ _________ поезына беріледі.      шығу (өтпелі, маршруттық) сигналы
                                   жабық тұрған кезде жөнелуге және
                                   _____ станциясының бұғат постының
                                   кіру (өтпелі, шығу) сигналына
________________ кезекшісі         дейін ____ км-не дейін кері қарай
                                   қайтумен жүруге рұқсат етемін.

                                             II

                                   № ____ поезына _____ жолынан
                                   ашық тұрған топтық шығу
                                   (топтық, маршруттық) сигналы
                                   бойынша жолынан жүруге
                                   (жөнелуге) рұқсат етемін.

                                   _________ кезекшісі
                                   (керек емесін сызып тастау)
                                   (жасыл түсті)

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 23-қосымша      

Нысан

Поезды жөнелтуге және жүруге рұқсат беру туралы бұйрық

      «бұйрық №...., уақыты (сағ... мин...). №.... поезға..... жолдан..... бас жол бойынша жөнелуге және...... станциясына (бұғатпостыға) дейін жүруге рұқсат етемін. Аралық бос. ДСП......».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 24-қосымша      

Нысан

Поезды жөнелту туралы телефонограмма

      «№...... поезды жөнелте аламын ба».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 25-қосымша      

Нысан

Поезды күту туралы телефонограмма

      «№.......поезды күтемін».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 26-қосымша      

Нысан

Поездан жезлды жөнелту туралы телефонограмма

      «№...... поездан жезлды жөнелту келісілген. ДСП........».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 27-қосымша      

Нысан

Поездың кідіртілуі туралы телефонограмма

      «№....... поезд кідіртілді».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 28-қосымша      

Нысан

Жезл жүйесінің жарамсыз кезінде поезды қабылдау және
жөнелту туралы телефонограмма

      «Жезл жүйесі жарамсыз. Сіздерден ең соңғы болып №.....поезд келді. Сіздерге ең соңғы болып №.....поезд жөнелтілді. Жезл..... дана. ДСП телефон байланысына шығуыңызды сұраймын (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 29-қосымша      

Нысан

Поездың келуі және жөнелуі туралы телефонограмма

      __________________ «Сіздерден ең соңғы болып №.....поезд келді. Сіздерге ең соңғы болып №.....поезд жөнелтілді. Жезл..... дана. Аралық бос. ДСП телефон байланысына шығамын (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 30-қосымша      

Нысан

Электр жезл жүйесі әрекетінің қалпына келтірілуі
туралы телефонограмма

      «Электр жезл жүйесінің әрекеті..... сағат..... минутта қалпына келтірілді. Сіздерден ең соңғы болып №.....поезд келді. Сіздерге ең соңғы болып №.....поезд жөнелтілді. ДСП жезл бойынша қозғалысқа көшемін (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 31-қосымша      

Нысан

Поездың келуі және жөнелуі туралы телефонограмма

      «Сіздерден ең соңғы болып №.....поезд келді. Сіздерге ең соңғы болып №.....поезд жөнелтілді. Аралық бос. ДСП жезл бойынша қозғалысқа көшемін (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 32-қосымша      

Нысан

Кезекшілікті қабылдау және тапсыру туралы телефонограмма

      «Күні, айы, сағаты, минуты»
      Кезекшілікті станция кезекшісі (ДСП) қабылдап алдым... (қолы).
      Оператор... (қолы).
      Кезекшілікті станция кезекшісі (ДСП) тапсырдым.
      Оператор... (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 33-қосымша      

Нысан

Телефон арқылы поезд қозғалысын қалпына келтіру
туралы телефонограмма

      «Күні, айы, сағаты, минуты»
      №... диспетчерлік бұйрығы
      бойынша... аралықта..... телефон арқылы жол бойында поезд
      қозғалысы белгіленді.
      Телефон бойынша кезекшілікті қабылдадым:
      ДСП.....................................................(қолы).
      Оператор...................(қолы).

      Күні, айы, сағаты, минуты»
      №... диспетчерлік бұйрығы
      бойынша...... жолы бойынша...... аралығында поездардың...
      (байланыс құралдары көрсетіледі) қозғалысы қалпына келтірілді.
      Телефондық байланыс бойынша кезекшілікті өткіздім:
      Станция кезекшісі (ДСП)... (қолы).
      Оператор......... (қолы).

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 34-қосымша      

Нысан

Дара жолды телімдерде поездарды қабылдау және жөнелту
туралы телефонограмма

      «... станциясы.....станциясынан», мысалы: «Матай Берекеден»

      ЖӨНЕЛТУ СТАНЦИЯСЫ                        ҚАБЫЛДАУ СТАНЦИЯСЫ
      1-нысан                                  2-нысан
      «№__поезын                               №__поезын күтудемін.
      жөнелтуіме бола ма.                      ДСП (қолы)»
      ДСП (қолы)»    

      3-нысан                                  4-нысан
      «№ __ поезы                              №__поезы
      __ сағ.__ мин.                           __ сағ. __ мин./
      жөнелтілді.                              келді.
      ДСП (қолы)».                             ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 35-қосымша      

Нысан

Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма

      5-нысан.                                 6-нысан
      «№ __ поезын км дейін                    «№__поезын__км дейін
      және кері қарай                          сізге кері қайтуымен
      жөнелтуіме бола ма.                      жөнелтуге болады.
      ДСП (қолы)»                              ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 36-қосымша      

Нысан

Поездың аралықтан кері қайтуы кезіндегі телефонограмма

      7-нысан
      «№ __ поезы __ сағ __мин. __ қайтты.
      ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 37-қосымша      

Нысан

Итергіш локомотиві бар поездар қозғалысының
телефонограммасы

      8-нысан.                              9-нысан
      «Итергіші бар №__                     «___км-нен Сіздерге қарай
      поезын__км-нен                        қайтатын итергіші бар
      кері қарай жөнелтуіме бола ма.        № __ поезын тосудамын
      ДСП (қолы)».                          ДСП (қолы)»

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 38-қосымша      

Нысан

Итергіштің кері қайтуы туралы телефонограмма

      10-нысаны.
      «№ __ поезының итергіші __ сағ __ мин. қайтты
      ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 39-қосымша      

Нысан

Поездың жүруі туралы телефонограмма

      11-нысаны.
      «№ __ поезы сағ мин. өтті.

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 40-қосымша      

Нысан

Поезды жөнелтуге рұқсат сұрау туралы
телефонограмма

      12-нысан.
      «№ __ поезын __ км постысына жөнелтуіме бола ма?
      ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 41-қосымша      

Нысан

Поезды жөнелтуге рұқсат беру туралы телефонограмма

      13-нысан.
      «№ __ поезын ___ км постысына жөнелтуге болады.
      ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 42-қосымша      

Нысан

Поезды жөнелтуге рұқсат алу туралы
телефонограмма

      14-нысан.
      «№__поезын __ станциясына жөнелтуіме бола ма.
      ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 43-қосымша      

Нысан

Поезды жөнелтуге рұқсат беру туралы
телефонограмма

      15-нысан.
      «№ __ поезын __ станциясына жөнелтуіңізге болады.
      ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 44-қосымша      

Нысан

Поезды теріс жолмен жөнелту туралы
телефонограмма

      16-нысан.
      «№ __ поезын __ теріс жолы арқылы жөнелтуіме бола ма.
      ДСП (қолы)».

      17-нысан.
      «№ __ поезын __ теріс жолы арқылы күтудемін.
      ДСП (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 45-қосымша      

Нысан

ДУ-56 бланкі

№____ РҰҚСАТ – ҚАҒАЗЫНЫҢ                  №____РҰҚСАТ - ҚАҒАЗЫ
ТҮБІРШІГІ

Станция ( мөрқалып)                       Станция (мөрқалып)
«____»_________20 ____ж.                  «____»________20_____ж.
№ ____ поезына берілді                    №____поезына станциядан/
                                          постысынан жөнелуге және __
Станция/ посты кезекшісі                  станциясының/постысының
                                          кіру сигналына дейін жабық
                                          тұрған шығу (өту) сигналы
                                          кезінде жүріп өтуіне рұқсат
                                          етемін. Барлық сигнал беру
                                          мен байланыс құралдарының
                                          жұмысы тоқтады.

                                             ЕСКЕРТПЕ

Бұрын жөнелтілген поездың
іргелес станцияға жеткені
туралы мәліметтер бар (жоқ).

Станция/посты кезекшісі
(керек емесін сызып тастау)

қиғашынан екі қызыл жолағы
бар ақ түсті)            

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 46-қосымша      

Нысан

ДУ-55 бланкі

№ ________                            № ___ ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУДЫҢ
ТҮБІРШІГІ
Станция (мөрқалып)                    Станция ( мөрқалып)
«____» ________ 20 ___ ж.             «____» --------------20 __ ж.

Барлық сигнал беру мен байланыс       Барлық сигнал беру мен байланыс
құралдарының жұмысы тоқтаған          құралдарының жұмысы тоқтаған
кездегі дара жолды                    кездегі дара жолды аралықтардағы                         аралықтардағы
поездардың қозғалысы жөнінде          поездардың қозғалысы жөнінде

Станция кезекшісіне                   Станция кезекшісіне
______________________________        _______________________________
______________________________        _______________________________
______________________________        _______________________________

Станция кезекшісі                     Станция кезекшісі
                                      (ақ түсті)

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 47-қосымша      

Нысан

Поездардың әрі қарай қозғалысы туралы
телефонограмма

      А-нысаны. «Сіздерге ....сағ...мин № ...поезын жөнелттім. Ол келіп жеткеннен кейін Сізден поезды күтемін. Станция кезекшісі (ДСП)..».
      Б-нысаны. « Сіздерге ...сағ...мин №....,поезын жөнелттім, соңынан ....сағ..... мин №.... тағы бір поезын жөнелтемін. (ДСП)...».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 48-қосымша      

Нысан

Поезды күту туралы телефонограмма

      В нысаны. «Сіздерден поезды күтудемін. ДСП...».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 49-қосымша      

Нысан

Телефонограмма
Поездардың жазбаша хабарландыру кезіндегі қозғалуы туралы

      «Күні......, ...сағ...мин......аралығында барлық сигнал беру және байланыс құралдары қызметінің тоқтағанымен байланысты поездардың жазбаша хабарландыру кезінде қозғалуы белгіленді.
      (ДСП)......(станцияның атауы мен қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 50-қосымша      

Нысан

Сигнал және байланыс құралын қалыпқа келтіргеннен
кейінгі поездардың қозғалысы туралы телефонограмма

      «Станция ДСП....(аралықты шектеуші.... сағ......мин. поездар қозғалысы аралық жол....бойынша белгіленеді (сигналмен байланыс құралы көрсетіледі)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 51-қосымша      

Нысан

Сигнал және байланыс құралын қалыпқа келтіргеннен
кейінгі поездардың қозғалысы туралы телефонограмма

      «.....станциялары арасындағы аралықта поездардың қозғалысы....(мынадай) байланыс бойынша белгіленеді.
      Сіздерден соңғы болып №...поезы келіп жетті. Сіздерге №....поезы жөнелтілді. ДСП .....».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 52-қосымша      

Нысан

Поездың келуі және жөнелтілуі туралы
телефонограмма

      «Сіздерден соңғы болып №....поезы келіп жетті. Сіздерге №... поезы жөнелтілді, аралық бос. ДСП.............».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 53-қосымша      

Нысан

ДУ-64 бланкі

№__ Рұқсат қағаздың түбіршігі        №__Рұқсат қағазы
Станция (мөрқалып)                   Станция (мөрқалып)
20___ж. «____» ____________          20____ж. «___» __________
№___ поезына №____локомотивы-        №___ поезына №____локомотивы-
мен бірге____аралығына               мен бірге____аралығына
_______ жолы бойынша ______ км-не    ____ жолы бойынша _____ км-не
дейін_____ үшін жөнелуге             дейін _____ үшін жөнелуге
рұқсат етемін.                       рұқсат етемін.

Осы рұқсат–қағазы радиобайланыс      Осы рұқсат–қағазы радиобайланыс
арқылы станция кезекшісінің          арқылы станция кезекшісінің
нұсқауын алғаннан кейін              нұсқауын алғаннан кейін
станцияның тыйым салуды көрсетіп     станцияның тыйым салуды көрсетіп
тұрған шығу сигналынан өтуге         тұрған шығу сигналынан өтуге
және аралық бойынша                  және аралық бойынша
автобұғаттаудың                      автобұғаттаудың өту
өту бағдаршамдарының                 бағдаршамдарының
көрсетулеріне байланыссыз            көрсетулеріне байланыссыз
жүріп өту құқығын береді.            жүріп өту құқығын береді.

Станция кезекшісі                    Станция кезекшісі
_____________________________        _______________________________
        (қолы)                               (қолы)
(қиғаш қызыл жолағы бар ақ түсті)    (қиғаш қызыл жолағы бар ақ
                                                түсті)

Ескерту. Рұқсат-қағазында поезд жабық аралыққа қандай мақсатпен жөнелтілетіні айтылуы тиіс, мысалы, «аралықтан №....поезының құрамын........станциясына шығару үшін», аралықта тоқтап тұрып қалған №.....поезын итеру үшін және итеруден кейін кері қарай.......... станциясына қайтару үшін, «Жол жөндеу жұмыстарын орындау мен жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша аралықтан қайтуы үшін».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 54-қосымша      

Нысан

Барлық поездардың қозғалысы үшін аралықты жабу туралы
телефонограмма

      «........аралығы (немесе аралықтың жолы) барлық поездардың қозғалысы үшін жабық. №....поезын кіру сигналына дейін (немесе «Станция шекарасы сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге рұқсат етіледі).
      ДСП...(станцияның атауы мен қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 55-қосымша      

Нысан

Поезды кіру сигналына дейін шегіндіру туралы
телефонограмма

      «№....поезының машинисіне поезды кіру сигналына дейін («Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейін) шегіндіруге рұқсат етемін.
      ДСП..... (станцияның атауы мен қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 56-қосымша      

Нысан

Поезды шегіндіруге рұқсат беру туралы
телефонограмма

      «және...... жолына кіру бағдаршамының тыйым салу көрсетуі кезінде жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын»
      «және...... жолына жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 57-қосымша      

Нысан

Жеке локомотивке көмек көрсетудің телефонограммасы

      «№....поезы локомотивінің машинисіне. Алдыңызды тоқтап тұрған №....поезына көмек көрсетіңіз.
      Поезд диспетчері (ДНЦ)..........».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 58-қосымша      

Нысан

Жеке локомотивке көмек көрсетудің телефонограммасы

      «№......поездың машинисіне. Поездың құрамын бекітіңіз, одан ағытылыңыз және алдыңызда тоқтап тұрып қалған №...поезына көмек көрсетіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ)...............».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 59-қосымша      

Нысан

Құрамның бөліктерін жалғау үшін көмек көрсету
туралы телефонограмма

      «№....поезы локомотивының машинисіне. Алдыңызда тоқтап тұрған №....поезынан ағытылып кеткен соңғы вагондармен қосылыңыз және осы вагондарды құрамның басты бөлігімен жалғауға көмек көрсетіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ).......».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 60-қосымша      

Нысан

Поезды жеңілірек бейініне шегіндіру туралы
телефонограмма

      «№..... поезының машинисіне құрамды жеңілірек пішінге шегіндіруге рұқсат етемін, жолдың.......станциясының кіру сигналына дейінгі («Станция шекарасы» сигналдық белгісіне дейінгі) телімі поездардан бос....аралығы қозғалыс үшін жабық. ДНЦ...........».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 61-қосымша      

Нысан

Құрамды біріктіру туралы телефонограмма

      «№.... мен № .....поездарының машинистері поездарды біріктіріп қосарланған құраммен...... станциясына дейін жүріңіздер. ДНЦ....».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 62-қосымша      

Нысан

Алынып-салынбалы үлгідегі дрезиналардың қозғалыс
тәртібі туралы негізгі ережелер

      1. Алынып-салынбалы дрезиналардың қозғалысы жабық аралықта поездық диспетчердің бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұл ретте автоматты (жартылай автоматты) бұғаттаудың жұмысы тоқтатылады және байланыстың телефондық тәсілі орнатылады. Тоннельдері немесе үлкен көпірлері, сондай-ақ жолының жолдың тегістігі мен бейінінің жағдайлары күрделі аралықтарда дрезиналардың қозғалыс тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді.
      Дрезиналардың қозғалысы поездардың кесте бойынша жүруін бұзуды тудырмауы тиіс.
      Өтпе бойынша кезекшілерді дрезиналар аралыққа жөнелтілген жағдайда олардың қозғалысы туралы хабардар ету тәртібін Ұлттық темір жол компаниясымен белгіленеді.
      2. Дрезинаның аралықты иеленіп жүруіне Ұлттық темір жол компаниясы филиалының «Магистральдық желі дирекциясының» Жол Департаментінің жауапты қызметкерінің (жол бригадирінен төмен емес) немесе Департаменттің басқа салалары қызметкерлерінің (түйіспе желісі ауданының электр механигі немесе шебері) өтінімі бойынша дрезина иелігінде болатын поездық диспетчер рұқсат етеді. Дрезинаның жүргізушісіне аралықты иелену құқығына диагоналі бойынша қызыл жолағы бар ақ түсті рұқсат беріледі.
      3. Тәуліктің қараңғы уақытында, сондай-ақ тұман, қар жауу, боран және -5оС-дан төмен температура, нөсер жаңбыр кезінде дрезинаның аралыққа шығуына тыйым салынады.
      4. Дрезиналардың қозғалыс кезінде Сигнал беру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сигналдары болуы тиіс.
      Дрезинаны жолға сигналсыз қоюға тыйым салынады.
      5. Диспетчерлік орталықтандыруы бар учаскелер бойынша дрезиналардың қозғалысын «Ұлттық темір жол компаниясы белгілейді.
      6. Дрезинаға ілесуші адамдардың саны: ТД-5 дрезинасы үшін – 4 адамнан, ИД және СМ-4 дрезиналары үшін - 2 адамнан кем болмауы тиіс.
      Дрезинаға ілесушілердің үлкені лауазымы бойынша жол бригадирінен, түйіспе желісі ауданының электр механигі немесе шеберінен төмен емес қызметкер болуы мүмкін, ал олар болмаған кезде дрезинаның жүргізушісі үлкені болып табылады.
      Жолдан шығарылған дрезина құрылыстың жақындау габариті бұзылмайтындай орнатылуы тиіс.
      7. Егер станциядан жөнелтілетін дрезина қандай да бір жұмыстарды орындау үшін аралықта тоқтауы тиіс болса, станция бойынша кезекші аралықты иелену құқығына арналған рұқсаттан басқа осы Нұсқаулықтың 275-тармағына сәйкес ескерту береді. Аралықты ескертудегі уақыттан артық иеленуге тыйым салынады.
      8. Дрезинаның жүргізушісі Техникалық пайдалану қағидасын, Сигнал беру жөніндегі нұсқаулықты, осы Нұсқаулықты жол жұмыстарын жүргізу кезінде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, техникалық қауіпсіздік қағидасын білуге сыналады және дрезинаны басқаруға арналған құқықты әрдайым өзімен алып жүруі тиіс.
      Жүргізушінің дрезинаны басқаруды басқару құқығы жоқ адамдарға беруіне беруіне тыйым салынады.
      9. Дрезинаға ілесуші аға қызметкер дрезина қозғалысының және ондағы адамдардың қауіпсіздігі үшін жауапты болып табылады. Онда өзімен поездар қозғалысының кестесі болуы және станциядан аралыққа жөнелтер алдында сағатын станция бойынша кезекшінің сағатымен салыстырып тексеруге, сондай-ақ жол жүрер алдында дрезинаның толық ақаусыздығына көз жеткізуі, сигналдардың бар екендігін және жанар маймен қамтамасыз етілуін тексеруі тиіс.
      Дрезинаға ілесуші аға қызметкердің станция шектерінде станция бойынша кезекшінің рұқсатынсыз дрезинамен бірге орын ауыстыруға, сондай-ақ поездық диспетчердің бұйрығынсыз немесе тиісті рұқсатсыз аралыққа шығуға құқығы жоқ.
      Станцияға кіру кезінде аға қызметкер ерекше қырағылық танытуы тиіс.
      10. Дрезинаның жүргізушісі өтпелер, әсіресе кезекші қызметкерлер қызмет көрсетпейтіндерден және жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелер бойынша өту кезінде ерекше сақтық сақтауы тиіс.
      11. Аралықтан станцияға келуі бойынша дрезинаға ілесуші аға қызметкер жеке немесе телефон бойынша бұл туралы станция бойынша кезекшіге хабарлайды, сонан соң оның нұсқаулықтарын басшылыққа алады.
      Станция бойынша кезекші ДУ-2, 3 нысанындағы поездар мен локомотив қозғалысы журналында дрезинаның келу уақытын белгілейді және бұл туралы станция бойынша кезекшіге және поездық диспетчерге кейіннен аралықты ашу және поездар қозғалысын байланыстың негізгі құралдары бойынша ашу үшін хабарлайды.
      Егер дрезина қозғалысының соңғы пункті аралықта орналасса, онда оны жолдан алған және габарит қашықтығына орналастырған соң жауапты басшы жұмыстардың аяқталғаны туралы поездық диспетчерге немесе аралықты шектеуші станциялардың біреуі бойынша кезекшіге хабарлама береді, соның негізінде поездардың қозғалысын қалпына келтіру жүзеге асырылады.
      12. Дрезинаның негізгі жүрісі болып алдыңғы (фарасымен алдыға) жүріс табылады. Артпен жүруге станциядағы маневрлер кезінде ерекше ретінде рұқсат етіледі.
      13. ТД-5 дрезиналарының аралықтағы қозғалыс жылдамдығы 50 км/сағаттан, станциялық жолдар бойынша - 25 км/сағаттан, ал бағыттамалар бойынша - 15 км/сағаттан аспауы тиіс. Көріну нашар кезде дрезиналардың қозғалыс жылдамдығы 25 км/сағаттан аспауы, жарық (фара және артқы қызыл сигналдық шам) қосылуы тиіс.
      14. Дрезинаның тіркемемен және тіркемелердің өзара ілінісуіне тек үлгілік аспаптармен жол беріледі және дрезиналардың құрылғысы, күту және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс. Дрезиналардың қозғалысы кезінде өздігінен ағытылу мүмкіндігі жойылуы тиіс.
      Дрезиналарды платформалармен және вагондармен іліністіруге тыйым салынады.
      15. Қозғалыс кезінде: дрезинада немесе тіркемеде тұруға, ернеулерінде отыруға, тіркемеден тіркемеге өтуге, дрезинадан немесе тіркемеден түсуге және толық тоқтағанға дейін оларға отыруға, қозғалыс кезінде, сондай-ақ дрезинаға жанар май құю кезіндегі аялдамаларда темекі тартуға тыйым салынады.
      16. Бір мезгілде жүруге арналған адамдар саны: ТД-5 дрезинасында - 6 адамнан, жүк тиелмеген тіркемеде - 10 адамнан, жүк тиелген тіркемеде тек 1 адамнан аспауы тиіс. Жүктерді тікелей дрезинада тасымалдауға жол берілмейді.
      17. Тіркемесі бар дрезинамен жұмысшыларды немесе жүктерді тасымалдау үшін шығу кезінде оның жұмысына жалпы басшылықта лауазымы бойынша жол бригадирінен, түйіспе желісі ауданының электр механигінен немесе шеберінен төмен емес қызметкер жүзеге асыруы тиіс.
      Тіркемелерде жұмысшылар топтарын тасымалдау кезінде әрбір тіркемеде жауапты тұлға – тәжірибелі жұмысшы (топтың үлкені) бөлінуі тиіс, ол осы тіркемеде болуы және онда тасымалданатын адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігін қадағалауы тиіс.
      Тіркемелерде тежеушілер болмаған кезде дрезинаның тіркемелермен жүруіне тыйым салынады. Жүкті тиеген соң тежегіш тұтқасының еркін қозғалысына көз жеткізу қажет. Тежегіш тұтқасын тасымалданатын жүктермен жабуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 63-қосымша      

Нысан

Шаруашылық поезын жөнелту туралы телефонограмма

      «Аралыққа № ... қарсы бағыттағы шаруашылық поезы жөнелтілді. Ерекше абайлық танытыңыздар».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 64-қосымша      

Нысан

Аралықты шектейтін станцияға шаруашылық поездарын
жөнелту туралы телефонограмма

      «Аралықты жабуға байланысты..... (.... аралық жолдары) жұмысты жүргізу үшін... жол бойымен осы аралықта... станциясынан №... поезының артынан шаруашылық поездарын жөнелтуге рұқсат етемін ДНЦ (қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 65-қосымша      

Нысан

Поезд машинисіне ескерту туралы телефонограмма

      «Сіздің алдыңызда... сағат... минутта №... поезд жөнелтілді, оның келгені туралы хабарлама алынған жоқ».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 66-қосымша      

Нысан

Поездар машинистерін ескерту туралы телефонограмма

      «Аралықта (станцияда).... дан.... жол бойынша жол жоңғысы (қар тазалағыш) жұмыс істеуде. Аралықтан жүру кезінде ерекше қырағылық сақтаңыз: көрінуі нашар жерлердің алдында хабарлағыш ұзақ ысқырықтар беріңіз».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 67-қосымша      

Нысан

Локомотивті бір ғана машинист күтімге алу туралы
телефонограмма

      «....станциясынан жөнелтілетін № ...поезын бір машинист жүргізеді. Қауіпсіз жүріп өтуін қамтамасыз етіңіз. Поезд диспетчері (ДНЦ).......».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 68-қосымша      

Нысан

Кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде
поезды қабылдау туралы телефонограмма

      «№....бұйрық уақыты: ....сағ....мин.
       №.......поезының машинисі. Мен,......станциясының кезекшісі, сізге........жолына кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын. ДСП.......(тегі)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 69-қосымша      

Нысан

Теріс жол арқылы және кіру бағдаршамы болмаған кезде
поездың жүруі туралы телефонограмма

      «№..........бұйрық уақыты:.....сағ...мин.
      №.......поезының машинисі. Мен,....станциясының кезекшісі, сізге теріс жол арқылы.......жолына жүруге рұқсат етемін. Қабылдау маршруты дайын. ДСП.......... (тегі)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 70-қосымша      

Нысан

Кіру бағдаршамының тыйым салуды көрсетуі кезінде
поезды қабылдауға рұқсат беру туралы телефонограмма

      «№...поезының машинисіне станцияның.......жолына жүруге рұқсат етіледі. Қабылдау маршруты дайын. ДСП.....(қолы)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 71-қосымша      

Нысан

Аралықты (жолды) жабу туралы телефонограмма

      «Осындай жүмыстарды жүргізу үшін аралықтың.....жолы....сағ..... мин бастап, жабық аралыққа жұмыстарды басқарушының........(лауазымы мен тегі көрсетіледі) өтінімі бойынша жөнелтілетін № №........шаруашылық поездарын есепке алмағанда қозғалыс үшін жабылады».

      «....км-де тоқтап тұрып қалған №......поезына көмек көрсету үшін аралықтың.....жолы...сағ.....мин бастап тұрып қалған поезды...... станциясына шығару үшін» немесе «тоқтап тұрып қалған поезды итеру үшін және артынша станцияға қайтуы үшін.......станциясынан жөнелтілетін қосалқы локомотивты есепке алмағанда» барлық поездар үшін жабылады».

      «.......км-де қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін аралықтың........жолы........сағ....... мин бастап қалпына келтіруші поездарды есепке алмағанда барлық поездар үшін жабылады».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 72-қосымша      

Нысан

Поездардың қозғалысын телефондық байланыс бойынша
орнату туралы телефонограмма

      «....сағ…..мин бастап......аралықтың...... жолы бойынша бұғаттаудың әрекеті жабылады және поездардың қозғалысы телефондық байланыс бойынша бір жолды қозғалыс қағидаларына сәйкес орнатылады».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 73-қосымша      

Нысан

Аралықты шектейтін станцияларға аралықтың ашылғаны
туралы телефонограмма

      «...күнгі......№ бұйрықтың күші жойылады. Поездардың ......аралығының...жолы бойынша....сағ....мин қозғалысы....бойынша (сигнал беру мен байланыс құралдары көрсетіледі) қалпына келтіріледі».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 74-қосымша      

Нысан

Қос жолды аралықта теріс жол арқылы поезды жөнелту
туралы телефонограмма

      «....сағ....мин бастап .......(жұп немесе тақ көрсетіледі) поездардың........аралықтың......жолы бойынша қозғалысы тоқтатылады. №......поезын......станциясынан.......теріс жолы бойынша телефондық байланыс арқылы бір жолды қозғалыс қағидаларына сәйкес жөнелтіңіз».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 75-қосымша      

Нысан

Теріс жол арқылы поезды жөнелту туралы
телефонограмма

      «№...поезын станциядан теріс жол арқылы жіберіңіз».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 76-қосымша      

Нысан

Теріс жол арқылы поездың жүріп өткені туралы
телефонограмма

      «№.....поезы теріс жол арқылы ....сағ....мин жүріп өтті. Пост ДСП».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 77-қосымша      

Нысан

Аралықта поездар қозғалысын қалпына келтіру
туралы телефонограмма

      «....күнгі №......бұйрықтың күші жойылады.....сағ...мин бастап..........аралығының.....жолы бойынша......(жұп немесе тақ па, сонысы көрсетіледі) поездарының........бойынша (сигнал беру мен байланыс құралдары көрсетіледі) қозғалысы қалпына келтіріледі».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 78-қосымша      

Нысан

Поездардың қозғалысын телефондық байланыс құралдары
бойынша қалпына келтіру туралы телефонограмма

      «....сағ....мин бастап.......аралығындағы (немесе аралықтың........жолындағы) (қайсыбір байланыс құралдарының) ақауланғанына байланысты поездардың қозғалысы телефондық байланыс құралдары бойынша........(бір жолды немесе қос жолды) қозғалыс қағидалары бойынша белгіленеді».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 79-қосымша      

Нысан

Аралықта поездар қозғалысын қалпына келтіру туралы
телефонограмма

      «№...бұйрығының күші жойылды. .....сағ....мин бастап поездардың...... аралықтағы (аралықтың..... жолы бойынша) ..... (сигнал беру және байланыс құралдары көрсетіледі) қозғалысы қалпына келтіріледі».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 80-қосымша      

Нысан

Тәулік бойы жұмыс істемейтін бөлек пунктілердің
немесе қосымша постарды ашу және жабу туралы
телефонограмма

       «......км постының қызметі.......сағ.... мин бастап ашық (жабық)».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 81-қосымша      

Ерекше сақтықты талап ететін жүктері бар вагондарды
және арнайы жылжымалы құрамды поездарға қою

      1. Ерекше сақтықты талап ететін жүктері бар вагондарды (цистерналарды) поездарға қою кезінде кейбір жағдайларда локомотивтерден, адамдары бар вагондардан және өзара панамалаулары болуы тиіс. Ерекше сақтықты талап ететін жүктерді тасымалдау жағдайлары туралы мәліметтер, мұндай жүктердің тізбесі және белгіленген панамалау нормалары Жүктерді тасымалдау қағидасында келтіріледі.
      Мұндай жүктердің негізгі қасиеттерін сипаттаушы деректерді, сондай-ақ панамалаудың қажетті нормаларын жүк жөнелтуші тасымалдау құжаттарында көрсетеді.
      2. Поездың құрамында жүруге жарамсыз, жүріс бөліктері ақаусыз жекелеген вагондар жөндеу пункттеріне вагон деполары немесе жуу-булау станциялары белгіленген жөнелту құжаттарын жасағаннан кейін тек жекелеген локомотивтермен жіберілуі тиіс.
      3. Жолтабаны 1520 мм темір жолдарда габаритсіз және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықпен белгіленген бүйірлік және төменгі габаритсіздігі 4, 5 және 6-дәрежелі жүктері бар вагондардың поездың басынан және соңынан кемінде бір габаритті жүгі бар немесе бос вагоннан паналамасы болуы тиіс.
      Бүйірлік және төменгі габаритсіз (1-3-дәрежелі габаритсіз жүктерден басқа) жүктері бар вагондарды ұзын құрамды поездарға қоюға тыйым салынады.
      Бақылау рамасы бар вагон басына қойылады немесе жоғарғы аймақта бақылау рамасының көрінуін жақсарту үшін локомотивтен бір бос платформамен бөлінеді.
      Габариттен тысқарылары бар вагон поездың құрамында бақылау рамасы бар вагоннан кемінде 20 вагоннан жақын емеске қойылады.
      4.Бақылау рамасы бар габаритсіз (габариттен тысқары) жүкті арнайы поезда тек локомотивпен тасымалдау кезінде бұл жүк бар вагон бақылау рамасы бар вагоннан 5 вагоннан жақын емес орналасуы тиіс. Мұндай жүгі бар вагонның поездың соңынан кемінде бір габаритті жүгі бар немесе бос вагоннан паналамасы болуы тиіс.
      Поездардың құрамдарына жүк көтергіштігі 240 тоннаны қоса алғанға дейінгі жүк көтергіштігі бар жүк тиелген транспортерлерді қосуға рұқсат етіледі.
      5. Жүк көтергіштігі жоғары транспортерлердің жүк тиелген де, бос жағдайда да жүру тәртібі осы транспортерлерді пайдаланудың техникалық шарттарымен немесе Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесі дирекциясының жекелеген нұсқауларымен белгіленеді.
      Осьтерінің саны 12 және одан артық жүк тиелген транспортерлерді (бір немесе екі аралық платформасы бар жүк көтергіштігі 120 тонна тіркемелі үлгідегі транспортерлерден басқа) поезға қою кезінде онымен қатар әрбір жағынан кемінде екі кез келген үлгідегі жүгі 40 тоннадан артық емес немесе бос төрт осьті вагоннан паналама қойылуы тиіс. Бір поезда мұндай бірнеше транспортер жүрген кезде олардың арасына кемінде үш осындай вагоннан паналама қойылады.
      6. Жүк көтергіштігі 120 тонна төрт осьті және тіркемелі үлгідегі бос және жүк тиелген транспортерлер поездарға паналамасыз қойылады.
      8 және одан артық осьтері бар бос транспортерлер, сондай-ақ жүк көтергіштігі 120 тонна бүркемелі үлгідегі (үлгі кодтары 3960 және 3961) және 240 тонна (үлгі коды 3974) жүк тиелген транспортерлер осы транспортерлерді пайдаланудың техникалық шарттарымен орнатылады. 8 және одан артық осьтері бар бос транспортерлерді олар салмағы 3 мың тоннадан артық поездарға поезд құрамының соңғы төрттен бір бөлігіне қоюға рұқсат етіледі. Поездың салмағы одан кем болғанда аталған транспортерлерді поездың кез келген бөлігіне қоюға болады.
      7. Хоппер-мөлшерлегіштердің жалпы қолданыстағы темір жолдар бойынша жүруіне тек тұйықталған маршруттар бойынша әрбір маршрутта қызмет көрсетуші персонал үшін бір турлық вагонмен жол беріледі.
      Әрбір маршруттағы хоппер – мөлшерлегіштердің саны технологиялық талаптар мен олардан жүк түсіру шарттарына қарай анықталады. Басқа темір жолдардан балластық материалдарды шығару, сондай-ақ оларды қысқы қоймалау базаларына кіргізу негізінен қосарланған маршруттар бойынша жүргізілуі тиіс.
      8. Поездар қозғалысының кестесінде белгіленген поездың ұзындығы мен салмағы жөніндегі нормадан төмен құрамда жүретін бос және жүк тиелген хоппер – мөлшерлегіш маршруттарды думкарлардан басқа (6ВС-60, 7ВС60 және ВС-66 үлгілерінен басқа) аралық станцияларда ағытуды талап етпейтін және маршруттар қозғалыстарының жылдамдықтарын шектемейтін кез келген жылжымалы құраммен толықтыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте ЦНИИ-2 және ЦНИИ-3 хоппер – мөлшерлегіштерінен тұратын маршруттар үшін жүк тиелген құрамның жиынтық салмағы 2600 тоннадан артық болмауы тиіс. Мұндай жүк поездарының жүру жылдамдығы поездағы хоппер - мөлшерлегіштердің қозғалыс жылдамдықтарынан артық болмауы тиіс.
      9. Хоппер – мөлшерлегіштерден тұратын маршруттың жүк тиелген немесе бос жағдайда жүру учаскесі бойынша белгіленген жол берілетін қозғалыс жылдамдықтарымен жүруге дайындығы туралы хоппер – мөлшерлегіш маршруттың машинисі тасымалдау құжаттарында маршрут жүруге дайын, хоппер – мөлшерлегіштердің барлық түсіру – мөлшерлеу құрылғылары тексерілген, қаралған, толық көліктік жағдайға келтірілген деп жазба жасауға міндетті. Жүк тиелген жағдайда жүрген кезде мұндай жазба жүкқағазда, ал бос жағдайда жүрген кезде – тасымалдау тізімдемесінде жасалады.
      Вагондық бөліктерді қарап тексеру мен қажетті жөндеуді техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкерлері әдеттегі тәртіппен жүргізеді.
      10. Хоппер-мөлшерлегіштер жүк поездарында ілесусіз тек оларды тіркелген жеріне, жөндеуге және жөндеуден, реттеумен өткізу қажеттігі кезінде бос жағдайда шығарушы зауыттардың, вагон деполарының, жөндеу зауыттарының жол шаруашылығы бөлімшелерінің өтінімдері бойынша тасымалдауды ақаулы вагондардың қолда бар мен жөндеуін есепке алу бойынша станциялық есептілікті жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқауларға сәйкес ресімдеумен жөнелтілуі мүмкін.
      Хоппер – мөлшерлегіштерді жөнелткенге дейін жөнелтуші оларды толық көліктік жағдайға келтіруі, ал жүруге дайындығы мен жол берілетін қозғалыс жылдамдықтары туралы жөнелту станциясында тасымалдау құжаттарында тиісті жазба жасауы тиіс.
      Ақаулығы бойынша вертушкадан ағытылған жүк тиелген хоппер – мөлшерлегіш жөндеуге жөнелтілгенге дейін жүгі түсірілуі және содан кейін толық көліктік жағдайға келтірілуі тиіс. Станция бастығы хоппер –мөлшерлегіштерді жөнелтуге арналған өтінімдер, жөнелту және тасымалдау құжаттары болған кезде ғана жөнелтеді.
      11. Қазақстан Республикасының темір жолдары бойынша басқа уәкілетті органдармен мен ведомстволардың кәсіпорындары мен ұйымдарына және жекелеген дербес шаруашылықтарға тиесілі думпкарлардың жол жүруі рұқсаттар бойынша бұрын әзірленген және қолданыстағы нұсқаулықтардың және Қазақстанның темір жолдарының шектерінде Ұлттық теміржол компаниясы; ТМД темір жолдарына шығумен – Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің дирекциясы белгілейтін шарттар негізінде жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасының темір жолдары бойынша жол жүруге арналған рұқсатты берер алдында думпкарларды ВЧД, УРБВ және ДС құрамындағы комиссия қарап тексереді, ол олардың думпкарлардың жол жүруіне арналған өтінімде көзделген жағдайларда пайдалануға жарамдылығын тексереді. Қарап тексеру нәтижелері туралы вагондардың техникалық жағдайын және олардың Қазақстан Республикасының темір жолдарында, ТМД елдерінің темір жолдарында айналымға дайындығын көрсететін акт жасалады.
      12. Қазақстан Республикасының темір жолдарының жолдарында айналым: 6ВС-60, 7ВС-60 және ВС-66 думпкарларының жүк поездары үшін белгіленген жылдамдықтармен, толық құрамды маршруттармен және бос және жүк тиелген жағдайында да құрастыру жоспарына сәйкес кез келген жылжымалы құраммен толықтырумен ірілендірілген топтармен; басқа барлық үлгідегі думпкарлардың тиісті думпкарлар үлгілері үшін белгіленген жылдымдықтармен; 2600 тоннадан артық емес жеке маршруттық салмақпен, бос жағдайда белгіленген ұзындыққа дейін кез келген жылжымалы құраммен, ал жүк тиелген жағдайда – көрсетілген салмаққа дейін толықтырумен жүргізіледі.
      Думпкарлық маршруттарды аралық станцияларды ағытуды талап етпейтін және думпкарлық маршруттар жылдамдығын шектемейтін жылжымалы құраммен ғана толықтыруға рұқсат етіледі.
      Думпкарлардан және барлық үлгідегі думпкарлардың ірілендірілген топтарынан тұратын маршруттарды меншік иесінің кәсіпорындары мен ұйымдары тағайындайтын, думпкарлардың құрылғысы мен пайдалануын білетін машинист пен машинистің көмекшісі сүйемелдейді.
      13. Жөндеуге, жұмыс орнына бағытталған немесе жөндеуден қайтып келе жатқан думпкарларды поездарда тек бос жағдайында, жүк поездары үшін белгіленген жылдамдықтармен (ВС-100 және 2ВС-105 думпкарлары үшін 80 км/сағаттан артық емес жылдамдықпен) жүргізіледі, бұл ретте 6ВС-60 және 7ВС-60 думпкарлары поездың кез келген бөлігіне, ал барлық қалғандары – жүк поезының артында соңғы болып қойылады.
      Қазақстан Республикасының теміржол жолдарында болған вагон – думпкарларға техникалық қызмет көрсету Қазақстан Республикасы паркінің вагондарымен қатар жүргізіледі.
      Жүк тиелген думпкарларды техникалық және коммерциялық ақаулықтары бойынша маршруттан ағытуды Жүктерді маршруттармен және вагондар топтарымен тасымалдау қағидасына сәйкес бір жүкқағазымен ресімдейді. Қайта жөнелту құжаттарында негізгі тасымалдау құжаттарында бар ерекше белгілерді көрсетеді, бұл ретте міндетті түрде ВУ-23 нысанды хабарлама жасалады.
      14. Ауыр үлгідегі жол машиналары (жол төсегіш, қиыршықтас тазалағыш, қар жинағыш және басқалар), темір жолмен жүретін крандар және арнайы жылжымалы құрамның басқа бірліктері (жылжымалы электр қондырғылар; шұңқыр қазуға, түйіспе желісі бағандарының астына қадалық фундаменттерді түсіруге арналған машиналар және) станциялардан жұмысшы емес жағдайда (жүк поездарында немесе жеке локомотивтермен) жүру үшін осы агрегаттарға ие шаруашылық бірліктерінің өтінімдері бойынша ғана жөнелтіледі.
      Оларды жұмысшы емес жағдайда жүруге дайындауды жүк жөнелтушілер тиісті агрегаттар үшін әзірленетін техникалық шарттарда (нұсқаулықтарда) көзделген талаптарға сәйкес немесе агрегаттың паспорттық деректеріне сәйкес жүргізеді. Агрегаттың көліктік жағдайға келтірілгені туралы жөнелтуші тасымалдау құжаттарында белгі қоюы тиіс.
      Агрегаттың жұмысшы емес жағдайда жүру үшін дайындығын Ұлттық теміржол компаниясы тағайындайтын комиссия тексереді.
      15. Агрегатты жүк поездарының құрамына қою техникалық шарттарда (нұсқаулықтарда) көзделген қағидаларға немесе тиісті агрегатты пайдалану тәртібін анықтайтын агрегаттың паспорттық деректеріне сәйкес жүргізіледі.
      Егер агрегат техникалық шарттарға (нұсқаулықтарға) немесе паспорттық деректеріне сәйкес жүк поездары үшін қозғалыс кестесінде белгіленген жылдамдықтан кеммен өткізілуі тиіс болса, онда агрегатты көліктік жағдайға келтіргені туралы белгіде жөнелтуші бұл жылдамдықты көрсетуі тиіс.
      16. Локомотивтер жұмыс істемейтін жағдайда деполар бастықтарының немесе зауыт әкімшілігінің өтінімдері бойынша локомотивтердің техникалық жағдайын тексерген соң жөнелтіледі, ол белгіленген нысан бойынша жасалатын актімен ресімделеді. Өтініммен бірге жөнелту станциясының бастығына көрсетілетін актіде локомотивтің жүруінің рұқсат етілетін жылдамдығы көрсетіледі. Актінің екінші данасы локомотивтің жолсерігіне тапсырылады.
      Жұмыс істемейтін жағдайда жөнелтілетін электровоздар мен тепловоздар жүк поезында жетекші локомотивтен кейін бір секциялының екеуінен артық емес немесе бір үш секциялы (екі секциялы), ал Қазақстан Республикасының темір жолдары шектерінде Ұлттық теміржол компаниясы белгілейтін санда қойылады.
      17. Уәкілетті органның нұсқауы бойынша локомотивтердің елеулі санын жөнелту кезінде локомотивтерді 3-тен 10-ға дейінгі екі секциялы, 7 үш секциялы немесе 20 бір секциялы локомотивтерді (жетекші локомотивті санамағанда) топтастырумен бір метрге 8,1 тоннадан артық емес жүктемемен жөнелтуге рұқсат етіледі, бұл ретте топтама локомотивтерінің бірі жетекші локомотив болуы мүмкін.
      Жөнелту туралы нұсқама: Қазақстан темір жолдарының шектерінде Ұлттық теміржол компаниясы; Орта Азия темір жолдарына шығумен – осы жолдардың бастықтарымен келісу бойынша, ал Ресейдің темір жолдарына – Ресей Федерациясы «Ресей темір жолдары» Акционерлік қоғамымен келісу бойынша беріледі.
      Жүк поездарында дизель-поездарды жөнелту кезінде соңғылары жүк поезының соңына қойылады.
      18. Суық жағдайда жөнелтілетін тендерлері бар паровоздар жетекші локомотивтің соңынан бірден артық емес санымен, ал Қазақстанның темір жолдары шектерінде Ұлттық темір жол компаниясы белгілейтін санмен қойылады. Қосарланған тартым кезінде суық паровозды поездың басына қоюға жолдың үстіңгі құрылысы мен жасанды құрылыстарға байланысты Ұлттық теміржол компаниясы рұқсат етіледі. Төрт және алты осьті паровоздарды тендерімен алға жөнелтуге рұқсат етіледі, үш осьті паровоздар поезға тек құбырымен алға қойылады.
      19. Арнайы құрамалардың орын ауыстыруы олардың бастықтарының өтінімдері бойынша: Қазақстан темір жолдарының шектерінде Ұлттық теміржол компаниясы бұйрығы бойынша, ал ТМД және Балтық елдерінің темір жолдарына шығумен – Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің Дирекциясымен жүргізіледі.
      Арнайы құраманың сипаты мен жылжымалы құрамның түріне қарай қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орын ауыстыру шарттары көрсетіледі.
      20. Метрополитендердің вагондары метрополитен вагондарынан құрастырылған топтамалармен (12 вагонға дейін) және темір жолдардың жүк паркінен екі бос вагон паналатқышымен жіберіледі. Паналатқыш вагондар топтаманың екі шетіне әрбір шетіне бір бірден тіркеледі. Бұл вагондар метрополитен вагондарымен тіркелетін жағынан үлгі автотіркеме бастиектерінің орнына өтпелі ілінісулермен жабдықталады.
      Метрополитен вагондарына ілесіп жүру үшін жөнелтуші жолсеріктер тағайындайды, олардың жүруі үшін жазғы уақытта метрополитен вагондарының біреуі, ал қысқы уақытта – вагон-жылынғыш пайдаланылады, ол үшін паналатқыш вагондардың біреуі пайдаланылады.
      Жол жүруге жарамдылығын анықтау үшін жөнелтілетін метрополитен вагондарын жөнелтуші тағайындайтын комиссия қарап тексереді. Комиссия құрамына жөнелту станциясының техникалық қызмет көрсету пунктінің өкілі енгізіледі. Комиссия үш данада жөнелтілетін вагондардың техникалық жағдайын тексерудің ТУ-25 нысанды актісін жасайды, оның бірінші данасы вагондарды жөнелтуші депода немесе зауытта қалады, екіншісі жолсеріктер тобының басшысына тапсырылады және үшіншісі вагондарды жөнелтуге арналған станцияның өтінімі үшін пайдаланылады.
      21. Дайындалған топтаманы тасымалдау жеке локомотивпен жүргізіледі. Метрополитен вагондарын поездар құрамына қоюға, сондай-ақ оларды сұрыптау дөңестері арқылы өткізуге жол берілмейді.
      Метрополитен вагондарын темір жол бойынша өткізу ісі түзу және радиусы 300 метрден асатын қисықтарда жүк поездарына арналған, алайда  75 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен жүргізіледі. Радиусы 300 м және одан кем болып келетін қисықтар бойынша қозғалыс жылдамдығы: радиусы 60 м қисықтарда – 15 км/сағат, радису 100 метр қисықтарда – 30 км/сағаттан, радиусы 300 метр қисықтарда – 60 км/сағаттан аспауы тиіс.
      Метрополитен вагондарының топтамаларының жүру маршруттарын Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің Дирекциясы белгілейді және хабарлайды.

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 82-қосымша      

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ БЕКІТУДІҢ НОРМАЛАРЫ МЕН
НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Вагондарды станциялық жолдарда осы Нұсқаулықтың 11 – тармағында баяндалған талаптарға сәйкес бекіту кезінде келесі минималдық нормаларды басшылық ретінде алу керек.
      2. Көлденең жолдарда және еңістігі 0, 0005-ке дейін жететін жолдарда вагондардың (құрамның, вагондар тобының немесе жалғыз вагонды) кез келген санын екі жағынан бекіту үшін бір тежегіш табандықтан;
      3. Еңістігі 0,0005-тен асатын жолдарда бекіту нормалары мынадай есептеу формулалары бойынша анықталады:
      1) жеке вагондарды, сондай-ақ салмағы бойынша (брутто) бір текті болып келетін жылжымалы құрамнан тұратын топтарды бекіту кезінде: жүк тиелген немесе өздерінің түріне байланыссыз бос вагондарды, моторвагондық жылжымалы құрамды қоса алғанда, жолаушылар паркінің вагондарын; топтағы барлық вагондарға жүк тиелген немесе барлығы бос болған жағдайда рефрижераторлық вагондарды (соның ішінде машиналық бөлімшесі бар бос секция); әрекеттен тыс жағдайдағы локомотивтердің тіркесі;
      2) аралас (салмағы бойынша әр текті болып келетін) құрамдарды немесе жүк тиелген немесе бос вагондардан немесе тежегіш табандықтар оське түсіретін жүктемесі кем дегенде 15 т (брутто) вагондардың астына, ал ондай вагондар болмаған жағдайда – осіне ең төмен, алайда бекітілетін топ үшін ең жоғары жүктемемен төселген деген шартпен салмағы әртүрлі жүк тиелген вагондардан тұратын топтарды бекіту кезінде.
      4. 3 - тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген шарттар орындалған жағдайда (1) формула қолданылады.

      (1)
      мұндағы, К – тежегіш табандықтардың қажетті саны;
      n – құрамдағы (топтағы) осьтердің саны;
      і – жол еңістігінің немесе жол бөлігінің мыңдаған орташа шамасы;
      (1,5 і +1) - әрбір 200 оське қатысты тежегіш табандықтардың саны.
      5. Аралас құрамдарды немесе салмағы бойынша әр текті болып келетін вагондардан құралған топтарды бекіту кезінде, егер тежегіш табандықтар бос вагондардың астына, топта ең ауыр вагондар болып табылмайтын, оське түсіретін жүктемесі 15 т-дан кем болатын вагондардың астына, немесе оське түсіретін жүктемесі белгісіз болып келетін вагондардың астына төселсе, (2) формула қолданылады:

      (2)

мұндағы, (4 i+1) - әрбір 200 оське қатысты тежегіш табандықтардың саны.
      6. Жоғарыда берілген формулалар бойынша есептелген бекіту нормалары станцияның техникалық-өкімдік актісінде көрсетіледі.
      Тежегіш табандықтардың қажетті саны Уәкілетті органмен бекіткен бекітудің нормаларын есептеудің автоматтандырылған жүйесін қолданумен белгіленуі мүмкін.
      7. Осьтерінің саны екі жүзден кем немесе одан артық болып келетін вагондар тобын бекіткен кезде табандықтардың саны бекітілетін топ осьтерінің нақты санының 200 оське қатысына пропорционалды түрде есептеледі.
      Бөлшектік мағынаға ие болған жағдайда табандықтардың саны жоғары тұтас санға дейін дөңгелектенеді.
      Мысалдар:
      1) 0,00025 еңістікте вагондар тобының 80 осін бекіту және бос вагондардың (немесе оське түсіретін жүктемесі белгісіз болып келетін вагондардың) астына тежегіш табандықтарды төсеу үшін

тежегіш табандық қажет етіледі;
      вагондардың сол тобын және тежегіш табандықтарды оське түсіретін жүктемесі кем дегенде 15 т болып келетін вагондардың астына (немесе топта ондай вагондар болмаса – сол топтың ішіндегі оське түсіретін жүктемесі ең жоғары болып келетін вагондардың астына):

тежегіш табандық;
      2) 0,0015 еңістігінде көмір маршрутының немесе бос вагондардан тұратын құрамның 240 осін бекіту үшін

тежегіш табандық қажет етіледі;
      тежегіш табандықтардың соңғы саны бос маршруттарға арнап соған ұқсас түрде есептеледі;
      3) 0,003 еңістігіне жолаушы поезының 72 осін (18 вагонын) бекіту үшін

тежегіш табандық қажет етіледі.

      8. Рельстерінің беті тым көп мөлшерде майланған станциялық жолдарда (сұйық жүктерді тиеуге, цистерналарды тазарту мен шаюға арналған және тағы басқа жолдар) осы Қосымшаның 1 - тармағында көрсетілген бекіту нормалары 1,5 есе артады.
      9. Пішіні сынған түрде болып келетін жолдарда жолдардың толық ұзындығы шектерінде орналасқан поезд құрамдарын немесе вагон топтарын бекітудің нормалары бүкіл жолға арнап еңістіктің орташа шамасы бойынша есептеледі. Егер вагондар жолдың жекелеген бөліктерінде қалдырылса, оларды тежегіш табандықтармен бекіту ісі аталмыш бөлік еңістігінің нақты шамасына сәйкес келетін нормалар бойынша орындалуы тиіс.
      10. Жүгін түсіруге арнап берілген вагондар тобын бекіткен кезде тежегіш табандықтар жүгі ең соңғы кезекте түсірілетін вагондардың астына төселуі тиіс, немесе оларға арналған бекітудің нормативі осы Қосымшаның 5 тармағына сәйкес есептелуі тиіс.
      11. Тежегіш табандықтар жарамды күйде болып, құрамның әр түрлі осьтерінің астына табандықтың сырғымасының мұрны доңғалақтың құрсауына тиіп тұратындай етіп төселуі тиіс. Тежегіш табандықтар үнемі салынып жүрген жерлерде құм салынған жәшіктер болуы тиіс, құм, мұз, қырау қатқан кезде және тағы басқалар қолданылады. Егер бекіту екі және одан да көп табандықтармен орындалса, олардың барлығын бір вагондық осьтің астына төсеуге болмайды.
      Вагондарды бекітуге арнап мұз басқан немесе майланған сырғағы бар тежегіш табандықтарды пайдалануға тыйым салынады.
      12. Еңістері бар жолдарда табандықтар еңістік жағынан төселеді, 0,0005 пен 0,001 аралығындағы шамаларды құрайтын еңістіктерде вагондар қосымша түрде тағы бір тежегіш табандықпен еңіске қарсы жағынан да бекітіледі.
      13. Егер де тежегіш табандық бекітілетін топтың ығысуы мүмкін болатын жағындағы шеткі вагонның астына орнатылмаса, қосымша түрде аталмыш вагонмен сол топтың өзге вагондарының тіркесуінің сенімділігі тексерілуі тиіс.
      14. Бағыты вагондардың ығысуы мүмкін бағытпен сәйкес келетін күшті жел (15 м/с) тұрған кезде осы Нұсқаулықтың 1-тармағына сәйкес есептелген бекіту нормасы (бекітілетін вагондардың әрбір 200 осіне арналған) доңғалақтардың астына қосымша үш тежегіш табандықты, ал өте күшті жел соққан кезде – жеті тежегіш табандық төсеумен арта түседі.
      15. Моторвагондық поездарды, әрекетсіз жағдайда тұрған локомотивтерді, ал ерекше жағдайларда - өзге жылжымалы құрамды бекіткен кезде тежегіш табандықтардың саны жеткіліксіз болған жағдайда жылжымалы құрамның қол тежегіштері келесідегідей есеппен қолданылуы мүмкін: тежегіш осьтердің 5-уі 1 тежегіш табандықтың орнын басады.
      Көлденең жолдарда немесе еңістігі 0,0005 және одан төмен жолдарда жылжымалы құрамның екі жағындағы тежегіш табандықтардың орнына оның тіркескен тобының кез келген бөлігіндегі бір вагонның (локомотивтың) қол тежегішін әрекетке келтіруге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 83-қосымша      

Нысан

Маневрлік құрамның станция шекарасынан тыс шығуына
өтінім және рұқсат беру туралы телефонограмма

      «Станция шекарасынан тыс шығумен маневрлерді орындауыма бола ма?»;
      «Станция шекарасынан тыс шығумен маневрлерді орындауға рұқсат етемін».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 84-қосымша      

Нысан

Маневрлік құрамның маневрінің аяқталуы туралы
телефонограмма

      «Маневрлік құрамның станцияның шекарасынан шығуымен маневрлері аяқталды».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 85-қосымша      

Нысан

ДУ - 61 бланкі

ЕСКЕРТПЕ ТҮБІРТЕГІ

№ ________ поезына ескертпе

________________ 20_____ ж. алдым
машинист (машинистің көмекшісі) ___________________________
_________________ станциясы (мөрқалып) «____» __________ 20_____ ж.

№ ________________ поезына ЕСКЕРТПЕ

Ескертпенің күшіне енетін орны (км, станция)

Ескертпенің күшін сақтау уақыты (сағ)

Жылдамдықтары кеткенде (км/сағ)

Қызыл сигналдың жанында тоқтау, ал ол жоқ болса мынадан аспайтын жылдамдықпен (км/сағ) қозғалу

Поездың жүріп өтуінің басқа ерекше шарттары

1

2

3

4

5

15

Күш. жойғ.

25



28

8-16

15



123

8-14


25


172-175

8-16



Шағын вагон жұмыс істейді

Береке




Дәрігерді түсіру үшін тоқтау

186

10-12


Белгіл.


Станция кезекшісі ____________________
(қиғаш сары жолағы бар ақ түсті бланк)

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 86-қосымша      

Нысан

Бір жолды және қос жолды аралықтарда поездар
қозғалысы туралы телефонограмма

      «№....... поезын және соның ізінше... минуттан кейін №.... поезын жөнелтуіме бола ма».
      «№....... поезын және оның ізінше... минуттан кейін №.... поезын күтудемін».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 87-қосымша      

Нысан

Поездардың кері қайтуы және жөнелуі туралы
телефонограмма

      «№....... поезын және соның ізінше... минуттан кейін №..... поезын оның артынша қайтуымен.... км дейін жөнелтуіме бола ма».
      «№....... поезын күтудемін және оның ізінше... минуттан кейін №..... поезын оның артынша қайтуымен.... км дейін жөнелтуге болады».

Қазақстан Республикасының темір жол
көлігіндегі поездар қозғалысы және
маневрлік жұмыс жөніндегі    
нұсқаулыққа 88-қосымша      

1-КЛАСТЫҚ ҚАУІПТІ ЖҮКТЕР (ЖАРЫЛҒЫШ МАТЕРИАЛДАР)
ТИЕЛГЕН ВАГОНДАРҒА АРНАЛҒАН ПОЕЗДАРДА ЖӘНЕ
МАНЕВРЛЕР КЕЗІНДЕ ҚАЛҚАЛАУДЫҢ ЕҢ ТӨМЕН НОРМАЛАРЫ

Қалқалау қажет болатын жағдайлар

А-сұлбасы бойынша қалқалау вагондарының саны

Ә-сұлбасы бойынша қалқалау вагондарының саны

Жетекші локомотивтен: жарылғыш материалдар тиелген барлық жабық мамандандырылған вагондарды (тартымы мен отынның түріне байланыссыз)

3

3

жарылғыш материалдар тиелген платформалар мен жартылай вагондар құрғақ отынмен жүретін паровоздан; локомотивтердің өзге түрлерінен

5
3

5
3

Поездың соңынан соңғы вагонды ескерумен, соның ішінде итеру кезінде

3

3

Эшелонның жеке құрамы тиелген вагондардан

3

3

Жолсеріктері, жүктерге ілесіп жүруге арнап арнайы бөлінген қызметкерлері, қарауылдар, күзет наряды бар жылжымалы құрамнан (вагондардан, әрекетсіз қалпындағы локомотивтерден, крандар мен темір жол жүрісіндегі өзге механизмдерден)

3

1

Қауіпті жүктері бар вагондардан (2, 3, 4, 5 - кластық және 6. 1- ішкі кластық қауіпті жүктері бар вагондарды санамағанда)

3

3

2, 3, 4, 5- кластық және 1. 6- ішкі кластық қауіпті жүктері бар вагондардан

Тыйым салынады

3

Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған бос цистерналардан

1

1

Шартты нөмірлері: 115, 119, 121, 126, 128, 130, 134, 137, 1414, 143, 148, 154, 155, 156, 167, 168, 176, 179, 182, 199 ЖМ тиелген вагондардан

3

3

Басқа жарылғыш материалдар тиелген вагондардан

3

0

Шеткі арқалығының шектерінен шығарумен тиелген ағаш материалдары, құрыш және темірбетонды арқалықтар, рельстер, құбырлар мен соған ұқсас жүктері бар платформалар мен үсті ашық вагондардан және тасымалдағыштардан

1

1

Маневрлер кезінде құрғақ отынмен жүретін паровоздан, тепловоздан (паровоздан) және жарылғыш материалдар тиелген вагондарды кірме жолдарға беру (әкету) кезінде

1

1