Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 203 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 16 маусымда № 7014 тіркелді

Қолданыстағы

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 aқпандағы Заңының 4-бабының 16) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.
      2. Ғылым комитеті (Б.А. Қасымбеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын, аяқталған тақырыптар мен іргелі және қолданбалы зерттеулердің бағдарламаларын, қорғалған кандидаттық және докторлық диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 100 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2007 жылғы 28 наурыздағы № 4593 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің  
2011 жылғы 19 мамырдағы  
№ 203 бұйрығымен бекітілген

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми
дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды
мемлекеттік тіркеу
ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер

      1. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 aқпандағы Заңына сәйкес әзірленген және Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Мемлекеттік тіркеуді «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – МҰҒТСО) жүзеге асырады.
      3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін қорғалған диссертацияларды Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу негізінде МҰҒТСО философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертациялар туралы ақпараттық материалдардың мемлекеттік қорын қалыптастырады және жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық материалдарға қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

2. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми
дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды
мемлекеттік тiркеу

      4. Диссертациялық кеңес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғалғаннан кейiн жеті күнтізбелік күннің iшiнде МҰҒТСО-ға мемлекеттік тіркеуге мынадай құжаттарды жолдайды:
      жұмыс iстейтiн диссертациялық кеңестің төрағасы немесе ғылыми хатшысы қол қойған ұйымның бланкісінде жазылған ілеспе хат;
      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларды мемлекеттік тіркеу ережесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Диссертацияның есептiк карточкасының екі данасы.
      Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес Диссертацияның есептiк карточкасында Ғылым салаларының, ғылыми атақтар мен дәрежелердiң және олардың қысқартуларының тізбесіне сәйкес ғылым салаларының, ғылыми атақтар мен дәрежелердiң қысқартулары қолданылады;
      диссертацияның түптелмеген түріндегі қағаз және электрондық тасымалдағыштағы бiр данасы қолданылады.
      5. МҰҒТСО жоғарыда аталған құжаттарды алғаннан кейiн философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін алу үшін қорғалған диссертацияларға мемлекеттiк тiркеу нөмірiн береді және жеті күнтізбелік күн ішінде диссертациялық кеңеске диссертацияның мемлекеттiк тiркеуден өткендiгiн растайтын хабарлама жiбередi.
      Диссертациялық кеңестiң МҰҒТСО-ға ұсынған құжаттары керi қайтаруға жатпайды.
      6. Ғылым саласындағы уәкілетті орган МҰҒТСО-ға ай сайын философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелер берілген тұлғалар туралы мәлімет ұсынады.

Философия докторы (PhD), бейіні  
бойынша доктор ғылыми дәрежелерді алу
үшін қорғалған диссертацияларды  
мемлекеттік тіркеу ережесіне    
1-Қосымша           

Форма

Диссертацияның есептік карточкасы

5013 ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ
ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ                         Қайда: 050096, Алматы
                                           Бөгенбай батыр көшесі, 221
06 PhD   07 Профиль бойынша доктор         ҚР ҰҒТА орталығы
                                           т. 3780566
5418 Шығыс №, күні _____________ 5436 Инвентарлық №  _____________
                       |               |                         |                |
                       |               |                         |                |
                       -----------------                         ------------------

6147 Ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты / туған жылы


7434 Қорғаған  6444 Ғылыми маман-  6480 Білім бойынша  7425 Дәрежеге  5715 Диссертация
     күні           дығының шифры       мамандығының №      іздену         тілі
_____________  __________________  __________________  _____________  ________________
|              |                   |                   |              |


Ғылыми жетекшісі

Ресми оппоненттері

Тегі, аты, әкесінің аты

6156

6165



Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

6255

6264



Ғылыми мамандығының шифры

6453

6462



Ұйымның қысқаша атауы

2286

2295



Қаласы

2700

2664



Елі

2808

2809



Телефоны

2907

2961



              _____                    _____  5481 Жарияланымдар _____  5112
5742 Беттер  |_____| 5472 Патенттер   |_____|  7344 Енгізу      |_____| Таратылу
     саны     _____  5787 Қолданылған  _____|  35 енгізілген            жағдайы
5751 Қосым-  |_____|  деректер        |_____|  53 енгізілмеген          55 ақысыз
     шалар                                  |                           беру
                                            |                           64 шығындардың
                                            |                           орнын
                                            |                           толтыртып
                                            |                           беру
4417 Жұмысты мемлекеттік тіркеу №                          7020 Бағдарламаның шифры
__________________________________                        ____________________________
|                                 |                       |                           |
2088 Ізденуші жұмыс істейтін ұйым туралы мәліметтер
   2484 КҰЖЖ коды      2781 Қаласы       2810 Елі      2988 Телефоны    3087 е-mail
__________________    ________________    __________   ______________    ____________
|                |    |              |    |        |   |            |    |           |
2385 Ұйымның қысқаша атауы              1350 Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы
________________________________________   ___________________________________________
|_______________________________________| |___________________________________________|
2187 Ұйымның атауы  __________________________________________________________________
                   |__________________________________________________________________|
2682 Ұйымның мекен-жайы  _____________________________________________________________
                   |                                                |
2100 Жұмыс орындалған ұйым туралы мәлімет
      2457 КҰЖЖ коды      2754 Қаласы       2808 Елі      2934 Телефоны    3034 е-mail
__________________    ________________    __________   ______________    ____________
|             |  |            |  |       |  |          |  |         |
2358 Ұйымның қысқаша атауы              1300 Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы
________________________________________   ___________________________________________
|_______________________________________| |___________________________________________|
2151 Ұйымның атауы  __________________________________________________________________
                   |__________________________________________________________________|
2655 Ұйымның мекен-жайы  _____________________________________________________________
                   |                                                |
2034 Диссертациялық кеңесте қорғау жүргізілген ұйым туралы мәліметтер
      2430 КҰЖЖ коды      2736 Қаласы       2811 Елі      2935 Телефоны    3033 е-mail
__________________    ________________    __________   ______________    ____________
|             |  |            |  |       |  |          |  |         |
2331 Ұйымның қысқаша атауы              1332 Министрліктің (ведомствоның) қысқаша атауы
________________________________________   ___________________________________________
|_______________________________________| |___________________________________________|
2304 Ұйымның атауы  __________________________________________________________________
                   |__________________________________________________________________|
2637 Ұйымның мекен-жайы  _____________________________________________________________
                        |_____________________________________________________________|
                                        7452 Кеңестің шифры  7461 Кеңестің телефоны
7407 Диссертациялық кеңес туралы      ____________________   ________________________
мәліметтер                           |____________________| |________________________|

      9045 Диссертацияның атауы


      9117 Реферат

(Зерттеудің нысаны және жұмыстың мақсаты. Зерттеудің әдiстерi. Теориялық және практикалық нәтижелерi. Енгiзiлу дәрежесi және тиiмдiлiгi. Қолданылу саласы).

7326 Іске асырылуға ұсынылатын өнім

                                                     14 Базалар, мәліметтер банкілері

02 Техникалық құжаттама     08 Материалдар           15 Карталар
03 Әдістемелік құжаттама    09 Қосылыстар            16 Стандарттар, нормативтер
04 Бағдарламалық құжаттама  10 Препараттар           45 Техника үлгісі
05 Технология               11 А.-ш. дақылдарының    46 Автоматтандырылған жүйе
                            сұрыптары
06 Әдістер, тәсілдер        12 А.-ш. жануарларының   72 Сериялық өнім
                            тұқымдары
07 Модель                   13 Коллекциялар          73 Басқа (көрсетіңіз)

5634 ӘОК индекстері



Тегі, аты, әкесінің аты

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Қолы

Мөр орны

Диссертациялық кеңестің төрағасы

6174

6273



5616 Тақырыптық айдарлар коды (ҒТАМР)











5641

Түйінді сөздер

7435 Күні

01


02


03


04


05


06


Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәреже
алу үшін қорғалған диссертацияның Есептік карточкасын толтыру тәртібі

      Диссертацияның есептік карточкасы кандидаттық және докторлық диссертация туралы машинаға бейімделген ақпараттық құжат болып табылады.
      Диссертацияның есептік карточкасын басатын компьютерлiк құрылғы көмегiмен бланкi үлгiсiнiң өлшемдерiн және жолдардың орналасуын міндетті түрде сақтай отырып, А4 форматты қатты ақ қағаздың екi жағына орындауға болады.
      Диссертацияның есептік карточкасын ғылыми дәрежеге iзденушi толтырады, және диссертацияны қорғау өткiзiлген жерде диссертациялық кеңестiң төрағасы бекiтедi.
      Диссертацияның есептік карточкасы сандық белгiлер қойылған арнайы блоктарға бөлiнген. Әрбiр блокта деректеменің коды, сондай-ақ деректеменің мәнін жазатын жолы орналасқан деректемелік аймақ көрсетілген. Деректеме мағынасындағы жолдың коды (бұдан әрi - жолдың коды) қара түспен қоршалады, мәтiн реквизит жолына басылады. Әріптері анық, қарама-қарсы, шрифтің мөлшері 12-ден кем болмауы тиіс. Рефераттың мәтiнi бiр жоларалық интервалмен басылады.
      Диссертацияның есептік карточкасының барлық жолдары (арнайы көрсетiлген жолдарды қоспағанда) толтырылуы қажет.
      Диссертацияның есептік карточкасын толтыру кезiнде мынадай мәлiметтер енгiзiледi.
      5013 - Диссертацияның есеп карточкасы - деректеме жолында тиiстi код қоршалады:
      06 – философия докторы (PhD) есеп карточкасын ресiмдегенде;
      07 – бейіні бойынша докторлық диссертацияның есеп карточкасын рәсiмдегенде.
      5418 - Шығыс №, күнi - диссертациялық кеңесте немесе кеңес жұмыс iстейтiн ұйымда тiркелген хаттың шығыс нөмірі және оның астына диссертациялық құжаттардың «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын» АҚ-на жiберiлген күні көрсетiледi.
      5436 - Инвентарлық № - «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ толтырады. Деректеме жолында қорға қабылданған диссертациялық құжаттардың инвентарлық нөмірі көрсетiледi.
      6147 - Iзденушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және туған жылы - iзденушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты аталған тәртiппен көрсетiледi. Iзденушiнiң тегiн оның аты мен әкесiнiң атынан тiк сызық қою арқылы бөлу қажет. Iзденушiнiң туған жылы сан бойынша мынадай тәртiппен берiледi: жылы, айы, күнi. Мысалы: 82.01.23 (1982 жылғы 23 қаңтар).
      7434 - Қорғалған күні - диссертациялық кеңесте диссертацияның қорғалған күні көрсетіледі. Күні санмен мынадай тәртiппен берiледi: жылы, айы, күнi. Мысалы: 99.03.13 (1999 жылғы 13 наурыз).
      6444 - Ғылыми мамандықтың шифры - қолданыстағы Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатураларына сәйкес диссертация орындалған ғылыми мамандықтың шифры көрсетiледi.
      6480 - Бiлiмi бойынша мамандығының № - диссертация қорғалған сәтте қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының жоғары бiлiм мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес алған бiлiмi бойынша берiлген мамандықтың нөмірі көрсетiледi.
      7425 – Дәрежеге iздену - ғылыми дәреженiң және ғылыми дәреже берiлген ғылым саласының қысқаша атауы көрсетiледi.
      5715 - Диссертация тiлi - ұсынылып отырған диссертация қай тiлде орындалғандығы көрсетiледi.
      Ғылыми жетекші - деректемелер жолында ғылыми жетекші (ғылыми кеңесші) және ол қызмет атқаратын ұйым туралы мәліметтер көрсетіледі;
      6156 - Тегi, аты, әкесінің аты;
      6255 - Қосымшаға сәйкес ғылыми дәрежесiнiң және ғылыми атағының қысқартылған атаулары;
      6453 - «Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатураларына» сәйкес ғылыми мамандықтың шифры;
      2286, 2700, 2808, 2907 - Ұйымның қысқартылған атауы, ол орналасқан қаланың атауы, елi, телефон нөмірі көрсетiледi;
      2808 - ұйым Қазақстан Республикасында орналаспаған жағдайда толтырылады.
      Ресми оппоненттер - ресми оппоненттер және олар жұмыс iстейтiн ұйымдар туралы мәлiметтер көрсетiледi. 6165, 6264, 6462, 2295, 2664, 2809, 2961 деректеме жолдары - 6156, 6255, 6453, 2286, 2700, 2808, 2907 деректеме жолдарындай толтырылады.
      5742 - Беттердiң жалпы саны - диссертацияның барлық томдарындағы беттердiң жалпы саны араб сандарымен көрсетiледi.
      5751 - Қосымшалар, 5472 - Патенттер, 5787 - Қолданылған деректер, 5481 - Жарияланымдар - диссертацияға берiлген қосымшалардың; диссертацияны орындау барысында алынған патенттердiң, диссертацияны дайындау барысында пайдаланылған деректердің, қорғалған диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдардың (монографиялар, оқулықтар, мақалалар, препринттер, шолулар, баяндама тезистерi, патенттер, депозиттiк қолжазбалар) жалпы саны араб сандарымен берiледi.
      7344 - Енгiзілуі - көрсетілген кодтардың бiреуi қоршалады.
      5112 - Таратылу шарты - диссертация орындалған (немесе iзденушi бекiтiлген) ұйымның басшысы диссертацияны қандай жағдайда болмасын таратуды анықтағанда, көрсетiлген жағдайларға сәйкес төмендегi кодтардың бiреуi: 55 код - ақысыз беру немесе 64 код - қаржы шығындарының орнын толтыру арқылы берiлетiнiн көрсететiн кодтар қоршалады. Егер диссертация берiлуге жатпайтын болса, онда 73 код қоршалады.
      4417 - Жұмысты мемлекеттiк тiркеу № - нәтижелерi диссертацияда пайдаланылған «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын» АҚ-нда тiркелген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нөмірлері көрсетiледi.
      7020 - Бағдарламаның шифры - деректеме жолы егер диссертация ғылыми-зерттеу бағдарламалары бойынша жүргізілген жұмыстар шеңберiнде орындалған болса толтырылады. Бұл ретте тапсырмалары мен кезеңдерiнің нақтылауынсыз бағдарламаның шифры ғана көрсетiледi.
      2088 - Iзденушi жұмыс iстейтiн ұйым туралы мәлiмет, 2484, 2781, 2810, 2988, 3087, 2385, 1350, 2187, 2682 - кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші (КҰЖЖ) бойынша ұйымның коды, қаласы, елі, телефоны, электрондық мекен-жайы, ұйымның қысқартылған атауы (оған берілген аты мен мемлекеттік марапаттардың көрсетілуінсіз), бағыныстылығы бойынша министрлiктiң (ведомствоның) қысқартылған атауы және мекен-жайы көрсетiледi.
      2100 - Жұмыс орындалған ұйым туралы мәліметтер, 2457, 2754, 2808, 2934, 3034, 2358, 1300, 2151, 2655 - Iзденушi жұмыс iстейтiн ұйым туралы мәлiмет тиісінше 2088 деректеме жолдарына ұқсас толтырылады.
      2034 – Диссертациялық кеңесiнде қорғау жүргiзiлген ұйым туралы мәлiметтер - 2430, 2736, 2811, 2935, 3033, 2331, 1332, 2304, 2637 деректемелер жолдары тиiсiнше 2088 – Iзденушi жұмыс iстейтiн ұйым туралы мәлiметтер деректемесінің жолдарына ұқсас толтырылады.
      7407 - Диссертациялық кеңес туралы мәлiметтер - 7452, 7461 деректемелер жолдарында диссертация қорғалған диссертациялық кеңестiң шифры және кеңестiң ғалым хатшысының телефоны көрсетiледi.
      9045 - Диссертацияның атауы - диссертацияның толық атауы көрсетіледі.
      9117 - Реферат - диссертация нәтижелерiнiң негізгі мазмұнын қысқаша түрде көрсетеді (Зерттеудің нысаны және жұмыстың мақсаты. Зерттеудің әдiстерi. Теориялық және практикалық нәтижелерi. Енгiзiлу дәрежесi және тиiмдiлiгi. Қолданылу саласы).
      7326 - Іске асырылуға ұсынылатын өнiм - қорғалған диссертация бойынша қолда бар тауар өнiміне сәйкес жіктеуіштердің бiр немесе бiрнеше кодтары қоршалады. Мысалы, таратуға және өндiрiске өнiм шығару үшiн пайдалануға дайын констукторлық және технологиялық құжаттар жиынтығы; жұмыс барысында қолдануға немесе пайдалануға дайын өнiмнiң (бұйымдардың, материалдардың, препараттардың) тәжiрибелiк үлгiлерi.
      5634 - Әмбебап ондық жіктеуішінің индекстерi - әмбебап ондық жіктеуіш кестелерi бойынша индекстер көрсетiледi.
      6174, 6273 - реквизит жолдарында диссертациялық кеңестiң төрағасы туралы мәлiметтер: тегi, аты, әкесінің аты; ғылыми дәрежесi; ғылыми атағы көрсетіледі.
      Диссертациялық кеңес төрағасының қолы кеңесiнде қорғау өткiзiлген ұйымның мөрiмен бекiтiледi.
      5616 - Ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық топтамасы бойынша тақырыптық айдарлар кодтары.
      5641 - Түйінді сөздерді, 7435 - Күнi – «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ толтырады.

Философия докторы (PhD), бейіні  
бойынша доктор ғылыми дәрежелерді алу
үшін қорғалған диссертацияларды  
мемлекеттік тіркеу ережесіне    
2-Қосымша           

Ғылым салаларының, ғылыми атақтар мен дәрежелердiң
және олардың қысқартуларының тізбесі

Физика-математика

ф.-м.ғ.

Химия

х.ғ.

Биология

б.ғ.

Геология-минералогия

г.-м.ғ.

Техника

тех.ғ.

Ауыл шаруашылығы

а.-ш.ғ.

Тарих

тар.ғ.

Экономика

э.ғ.

Философия

филос.ғ.

Филология

филол.ғ.

География

г.ғ.

Заң

заң ғ.

Педагогика

пед.ғ.

Медицина

мед.ғ.

Фармацевтика

фарм.ғ.

Мал дәрiгерлiгі

м.д.ғ.

Өнертану

өн.

Архитектура

арх.

Психологические

психол.ғ

Әскери

әск.ғ.

Социология

соц.ғ.

Саяси

саяси ғ.

Кандидат

к.

Доктор

д.

Философия докторы (PhD)

PhD

Профиль бойынша доктор

проф.д.

Академик

ак.

Корреспондент-мүше

корр.-м.

Профессор

проф.

Доцент

доц.

Аға ғылыми қызметкер

а.ғ.қ.