«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1428 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығын орындау үшін және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесінде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қолма-қол ақша белгілерін – тиындарды ақша айналымынан алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (бұдан әрі – Қазақстан Президентінің Жарлығы) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Ереже қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу, қолма-қол тиындарды қабылдау және теңгеге айырбастау тәртібін белгілейді. Осы Ереженің нормалары Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелері мен филиалдары, екінші деңгейдегі банктер және Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктер) үшін орындауға міндетті.»;
3-тарау алып тасталсын;
12-тармақ алып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 180 бұйрығымен.
12-тармақ алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко