Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 маусымда № 7006 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 17 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарына тарайды.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                          А. Бектұров

Қазақстан Республикасының   
Көлік және коммуникация министрінің
2011 жылғы 16 мамырдағы   
№ 279 бұйрығымен бекітілген 

Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго қаласы, 1944 ж.) 11-қосымшада баяндалған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынымдарының және «Әуе қозғалысын ұйымдастыру» Халықаралық азаматтық авиация ұйымы құжатының (Doc 4444 ATM/501) талаптарын ескере отырып, әзірленді.
      2. Осы Нұсқаулықтың талаптары әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚ) кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әзірленді және оны ӘҚҚ қызметтерінің персоналы, сондай-ақ ұшу құрамы мен оларға қатысты бөліктерде ұшуды қамтамасыз ететін басқа да қызметтердің мамандары орындайды.
      3. Аэронавигациялық ұйым ӘҚҚ органдарының (аудандардың, секторлардың) өткізу қабілетін есептеуді осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген Әуе қозғалысына қызмет көрсетудің диспетчерлік пункттерінің (секторларының) өткізу қабілетін анықтау әдістемесіне сәйкес қамтамасыз етеді. Аэронавигациялық ұйым есептеудің нәтижесінде алынған өткізу қабілетінің белгіленген көрсеткіштері шеңберінде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. ӘҚҚ органдарының өткізу қабілетін және әуе қозғалысының көлемдерін реттеу 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау кезеңдерінде жүзеге асырылады.
      4. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) абсолюттік биіктік – теңіздің орташа деңгейінен нүктенің немесе нүкте ретінде қабылданған объектінің деңгейіне дейінгі тік арақашықтық;
      2) авариялық саты – белгісіздік сатысын, үрейлену сатысын немесе зілзала сатысын білдіретін ортақ термин;
      3) авариялық фактор – авиациялық апатқа алып келуі мүмкін жағдай, құбылыс немесе жағдаят;
      4) авиациялық жұмыстар түрінің минимумы – авиациялық жұмыстардың ең аз түрі – авиациялық жұмыстарды орындау рұқсат етілетін көрінудің, бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің және жел жылдамдығының ең аз рұқсат етілген мәні;
      5) авиациялық жұмыстардың ауданы (учаскесі) – оның шегінде авиациялық жұмыстар орындалатын әуе кеңістігінің бөлігі;
      6) автоматты тәуелді бақылау – ақпарат деректерін оған сәйкес әуе кемесі борттық навигациялық жүйелерден және әуе кемесінің тану индексін, төрт өлшемде оның орналасқан жері туралы деректерді, қажет болған кезде қосымша деректерді қоса алғанда, орналасқан орнын айқындау жүйелерінен беру желісі арқылы автоматты түрде беретін бақылау әдісі;
      7) артуы – теңіздің орташа деңгейінен жер бетіндегі немесе онымен байланысты объектідегі нүктеге немесе деңгейге дейінгі тік арақашықтық;
      8) аспаптар арқылы қонуға кіру – навигациялық дәлдеу жабдықтарын пайдалана отырып, аспаптар арқылы қонуға кіру схемасы негізінде орындалатын қонуға кіру және қону. Қонуға кіруді орындаудың екі әдісі бар:
      екі өлшемдік (2D) – тек бүйірінен навигациялық дәлдеу жабдығын пайдалана отырып, аспаптар арқылы орындалатын қонуға кіру;
      үш өлшемдік (3D) – бүйірінен де тігінен де навигациялық дәлдеу жабдығын пайдалана отырып, аспаптар арқылы орындалатын қонуға кіру.
      Ескертпе: бүйірінен және тігінен навигациялық дәлдеу дегеніміз – жер үстіндегі радионавигациялық құралдардың немесе компьютерден берілетін жер үстіндегі, спутниктік, дербес навигациялық құралдардан келетін навигациялық деректердің не болмаса осы құралдар кешенінің көмегімен қамтамасыз етілетін дәлдеу;
      9) аспаптар бойынша ұшудың стандартты бағыты (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура SID (бұдан әрі – SID)) – аспаптар бойынша әуеайлақтан немесе әуеайлақтың белгілі бір ұшып көтерілу-қону жолағынан әуеайлақ ауданынан ұшып шығу нүктесіне дейін ұшу ережелері бойынша белгіленген ұшып шығу бағыты;
      10) аспаптар бойынша ұшып келудің стандартты бағыты (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура STAR (бұдан әрі – STAR) – аспаптар бойынша қонуға кірудің жарияланған схемасы бойынша ұшу әуеайлақ ауданына кіру нүктесінен басталатын Аспаптар арқылы ұшу қағидасы бойынша белгіленген ұшып келу бағыты;
      11) аспаптар бойынша ұшу қағидасы (бұдан әрі – АҰҚ) – ұшуды пилотаждық-навигациялық аспаптар бойынша орындалуын көздейтін қағида, ӘҚҚ органдарының әуе кемелерінің арасындағы эшелондаудың белгіленген арақашықтықтарды бақылауы мен қамтамасыз ету;
      12) аудандық диспетчерлік қызмет көрсету – бақыланатын әуе кеңістігі бақыланатын диспетчерлік қызмет көрсету;
      13) аудандық диспетчерлік пункт (орталық) – оның заңды құзыретінде тұрған ӘҚҚ ауданындағы (аудандарындағы) бақыланатын ұшуға диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін тағайындалған орган;
      14) аэроторап – онда ұшуды ұйымдастыру мен орындау әуе қозғалысына қызмет көрсету және басқару органдарымен арнайы келісуді және үйлестіруді қажет ететін, таяу орналасқан әуеайлақтар;
      15) аэроторап ауданы - арнаулы келісімдер мен үйлестіру қажет ұшуларды ұйымдастыру мен орындау үшін екі және одан көп әуе айлақтар жақын орналасқан белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігінің бөлігі;
      16) ӘҚҚ ауданы (бұдан әрі – ӘҚҚА) – әуе қозғалысына қызмет көрсету шекараларында аудандық диспетчерлік орталықтан диспетчер олардан тыс әуе трассалары мен маршруттары арқылы жүзеге асыратын мөлшердегі әуе кеңістігінің бөлігі;
      17) ӘҚҚ бағыты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналып белгіленген бағыт;
      18) ӘҚҚ-ның бақылау жүйесі – ADS-B, ҚШРЛ, БШРЛ жүйесі немесе әуе кемесін тануға мүмкіндік беретін кез келген басқа да салыстырмалы жерүсті жүйесі түсінігін беретін ортақ термин;
      19) ӘҚҚ қызметі маманының лауазымдық нұсқаулығы – осы ӘҚҚ (ӘҚҚ қызметі маманының) органының ерекшелігін ескере отырып, лауазымға (нақты тұлғаға) қолданылатын үлгі лауазымдық нұсқаулықтың және оның жұмыс жағдайларына негізінде әзірленген құжат;
      20) ӘҚҚ хабарының шебі – осы әуе кемесінің ӘҚҚ осы органынан басқасына хабар беретін әуе кемесінің жермен жүру бағытына немесе ұшу траекториясында белгіленген шеп;
      20-1) ӘҚҚ хабарлауларын жинау пункті – ӘҚҚ-ға және ұшып шығу алдында ұсынылатын ұшу жоспарларына қатысты хабарлауларды алу мақсатында құрылатын ӘҚҚ органы.
      ӘҚҚ-ны жинау пункті аэронавигациялық ақпаратпен қызмет көрсету функцияларын қамтуы мүмкін;
      20-2) әуеайлақтың бақылау нүктесі (бұдан әрі - ӘБН) – әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын шартты нүкте;
      21) әуе жағдайы – әуе кеңістігінің белгілі бір ауданында әуе кемелері мен басқа да объектілердің тік және көлденең жазықтықтардағы бір мезгілде өзара орналасуы;
      22) әуе кемесі командирінің (екінші пилоттың) минимумы – пилотқа (ұшқышқа) осы үлгідегі әуе кемесімен ұшып көтерілу, қону немесе бағыт бойынша ұшуына рұқсат етілетін ұшып көтерілу-қону (көрінушілік) пен бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінде (тігінен көрінушілік) көрінудің ең аз рұқсат етілген мәні;
      23) әуе кемесінің минимумы – осы үлгідегі әуе кемесімен қауіпсіз ұшып көтерілуге және қонуға рұқсат етілетін ұшып көтерілу жолағы (көріну) мен бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінде (тігінен көріну) көрінушіліктің ең аз рұқсат етілген мәні;
      24) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету – әуе кемелерінің маневр жасау алаңындағы кедергілері бар әуе кемелерінің арасында соқтығысуларды болдырмауға арналған ұсынылатын бақыланатын әуе кеңістігінде, сондай-ақ әуе кемесінің әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу үшін қызмет көрсету;
      25) әуе қозғалысының жиілігі – ӘҚҚ (ӘҚҚ секторы, трасса, трасса учаскесі, әуеайлақ ауданы) арқылы бір мезгілде өтетін әуе кемелерінің саны;
      26) әуе қозғалысын ұйымдастыру – әуе кемелерінің қауіпсіз, әрі тиімді ұшуын қамтамасыз етуге бағытталған және әуе кеңістігін ұйымдастыру, әуе қозғалысының ағыстары мен қызмет көрсетуін ұйымдастыру бойынша функцияларды көздейтін іс-шараларының кешені;
      27) әуе қозғалысының тығыздығы – әуе кеңістігі көлемінің бірлігінде (әуе трассасында, берілген эшелонда, ӘҚҚ аймағында (ауданында) немесе секторында) бір мезгілде тұрған әуе кемелерінің саны;
      28) әуеайлақ ауданы (бұдан әрі – АА) – әуеайлақтық ұшуды ұйымдастыру мен орындауға арналған белгіленген көлемдердегі әуе кеңістігінің бөлігі;
      29) әуеайлақтағы атмосфералық қысым (QFE) – ұшу-қону жолағының жұмыс шегі деңгейінде сынап бағанасында миллиметрде (бұдан әрі – сын. бағ.мм.), миллибарда (бұдан әрі – мбар) немесе гектопаскальда (бұдан әрі – гПа) атмосфералық қысымның мағынасы;
      30) әуеайлақтың артуы – қону алаңының ең жоғарғы нүктесінің абсолюттік артуы;
      31) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету - әуеайлақ қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету;
      32) әуеайлақтың минимумы – көру мүмкiндiгiнiң (ұшу-қону жолағындағы көру мүмкіндігінің), бұлттардың төменгi шекарасындағы биiктiктi (тiгiнен алғандағы) көру мүмкiндiгiнiң ең төмен жол берiлетiн мәнi, бұл жағдайда осы әуеайлақта әуе кемесiнiң осы үлгiсiнiң ұшуы мен қонуын орындауына рұқсат етiледi;
      33) әуеден таңдалған қону алаңы – өзінің көлемдері, бетінің жай-күйі және әуе кемесінің (бұдан әрі – ӘК) осы үлгісі мен әуеде ұшуда экипаж оның жай-күйін бақылау және бағалау жолымен таңдаған талаптардың деректері қону алаңына қойылатын талаптарға сәйкес келетін жер (су, мұз) учаскесі;
      34) бағдарларды жоғалту – ұшу тапсырмасын орындау мақсатында ұшудың бағытын анықтау үшін қажетті пилот (экипаж) өзінің тұрған орнын дәл анықтай алмайтын жағдай;
      35) бағыт – әдетте бұрыш градустарымен бейнеленетін әуе кемесінің солтүстік бағыттан (шынайы, магнитті, компастық немесе шартты меридиандар) есептелетін бойлық осі бар бағыт;
      36) балама бағыт - әуе кемесінің пайдаланушылары негізгі бағыт жабық немесе онда шектеулер енгізілген жағдайда таңдайтын бағыт;
      37) бақыланатын әуеайлақ – әуеайлақтық қозғалысқа диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әуеайлақ;
      38) бақыланатын ұшу – диспетчерлік рұқсат болған жағдайда бақыланатын әуе кеңістігінде орындалатын және оларды диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз ететін ұшу;
      38-1) бақыланбайтын әуеайлақ - әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету ұйымдастырылмаған әуеайлақ (уақытша әуеайлақты қоспағанда);
      39) барометрлік биіктік – барометрлік биіктік өлшегіш шәкілінде белгіленген атмосфералық қысымның изобарикалық бетіне қатысты ұшу биіктігі;
      40) бару әуеайлағы – ұшу жоспарында немесе ұшу тапсырмасында жоспарланған қону әуеайлағы ретінде көрсетілген әуеайлақ;
      41) бастапқы радиолокатор – шағылысатын сигналдарды пайдаланылатын радиолокациялық жүйе;
      42) белгісіздік сатысы (INCERFA кодты сөзі) – әуе кемесі мен оның бортындағы адамдарға қауіпсіздікке қатысты сенімсіздіктің болуын сипаттайтын жағдай;
      43) бойлық эшелондау – әуе кемелерінің уақыт немесе жол желілерінің бойлық қашықтығы бойынша белгіленген аралықтағы бір биіктікте бытырауы;
      44) бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі (бұдан әрі – БТШБ) – құрлық (су) мен бұлттардың ең төменгі қабатының төменгі шекарасы арасындағы тік арақашықтық. Бұлттардың төменгі шекарасын айқындау мүмкін болмаған жағдайда тік көріну мәнін қолдану қажет;
      45) бүйірлік эшелондау – әуе кемелерінің олардың жол желілері арасында қашықтық немесе бұрыштық таю бойынша белгіленген аралықтағы бір биіктікте бытырауы;
      46) векторлау (радиолокациялық бағыттау) – радиолокаторлардың деректерін пайдалану негізінде белгілі бір бағамдарды көрсету көмегімен әуе кемесін навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;
      47) глиссада – қонуға кірудің түпкілікті кезеңіне арналған тік бағыттау үшін белгіленген әуе кемесінің төмендеу бейіні;
      48) дабыл қағу сатысы (ALERFA кодты сөзі) – әуе кемесі мен оның бортындағы адамдардың қауіпсіздігі үшін үрей бар жағдай;
      49) диспетчерлік ақпарат – ӘҚҚ органдары әуе кемесінің экипажына беретін метеорологиялық жағдайлар, әуе жағдайы, радиотехникалық жұмыс пен электр-техникалық құралдар және әуежайлардың жай-күйі туралы ақпарат және ұшуды орындауға қажетті басқа мәліметтер;
      50) диспетчерлік нұсқау – ұшуға арналған және орындалуға міндетті тапсырманы орындауға байланысты әуе кемесінің пилотына (экипажына) ӘҚҚ органы берген нұсқау;
      51) диспетчерлік рұқсат – ұшуды орындауға байланысты әуе кемесінің экипажына ӘҚҚ органы беретін және ұшудың тиісті талаптары мен белгіленген қағидаларына негізделген рұқсат;
      52) диспетчерлік ұсыным – әуе кемесінің экипажына ұшуды орындауға қатысты шаралар қабылдау бойынша экипаждың қалауы бойынша пайдаланылатын ұсыным;
      53) ерекше ахуал – қолайсыз факторлардың әсер етуі нәтижесінде ұшу кезінде пайда болатын ахуал немесе ұшу қауіпсіздігін төмендетуге алып келетін олардың шоғыры;
      54) ерекше жағдай – авиациялық техниканың ақаулығы немесе әуе кемесі мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экипаждан стандартты емес әрекеттерді орындауды талап ететін жағдайларға түсуі нәтижесінде пайда болатын ахуал;
      55) есептік келу уақыты:
      аспаптар бойынша ұшу кезінде – аспаптар бойынша қонуға кірудің маневрін орындау болжанатын навигациялық құралдармен белгіленген нүктеге әуе кемесі келуінің есептік уақыты немесе осы әуеайлақпен байланысты навигациялық құралдар болмаған кезде – әуе кемесінің әуеайлақ үстіндегі нүктеге келген уақыты;
      КҰҚ бойынша ұшуды орындау кезінде – әуе кемесінің әуеайлақ үстіндегі нүктеге келген есептік уақыты;
      56) жазық жер – 25 шақырым радиустағы 200 метрге дейінгі бедердің салыстырмалы бөктерлері бар орын;
      57) жақындау аймағы (ауданы) – ұшып көтерілу және қону аймағы мен жергілікті ауданның жергілікті диспетчерлік пункті (бұдан әрі – ЖДП) қоспағанда, әуеайлақ (әуеторабы) ауданының шекараларындағы әуе кеңістігі;
      58) жақындауға диспетчерлік қызметін көрсету – әуе кемелерінің әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына) келуіне және одан ұшып шығуына байланысты ұшуға диспетчерлік қызметін көрсету;
      59) жақындаудың диспетчерлік пункті – одан ӘҚҚ органдары бір немесе бірнеше әуеайлақтарға келетін немесе олардан ұшып кететін әуе кемелерінің бақыланатын ұшуына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін диспетчерлік пункт;
      60) жедел дабылы («ЬЬЬ» – телеграфты, «PAN PAN» – радиотелефонды) – әуе кемесіне және ондағы жолаушылар мен экипажға ықтимал қауіп жағдайларында берілетін халықаралық дабыл;
      61) жергілікті әуе желісі (бұдан әрі – ЖӘЖ) – әуе кемелерінің биіктігі мен ені бойынша шектелген, ұшуды орындауы үшін тағайындалған төменгі әуе кеңістігіндегі дәліз;
      62) жол желісі – әуе кемесінің жер бетіндегі ұшу траекториясының проекциясы, оның кез келген нүктесіндегі бағыты әдетте солтүстік бағыттан (шынайы, магнитті, компастық немесе шартты меридиандар) есептелетін бұрыш градустарында бейнеленеді;
      63) апат дабылы (ұшып бара жатқан кездегі апатты жай-күй туралы хабар) – әуе кемесіне және ондағы жолаушылар мен экипажға тікелей қауіп төнген және дереу көмек қажет болатын жағдайларда берілетін «Апатқа ұшырадым» дегенді білдіретін халықаралық кодты дабыл (СОС – телеграфты, МАҮДАҮ – радиотелефонды);
      64) апат сатысы (DETRESFA кодты сөзі) – әуе кемесі мен оның бортындағы адамдарға елеулі және тікелей қауіп төнген немесе шұғыл көмек талап етілген жағдайда, негізді сенімділіктің болуын сипаттайтын жағдай;
      65) кету (қайту) шебі – тұрған жерінен қосалқы әуеайлаққа кеткен жағдайда, әуе кемесінің бортындағы келу уақытына есептелген отынның көлемі ең аз белгіленгеннен кем болмайтындай есептелген шеп;
      66) көзбен шолып қарағандағы метеорологиялық жағдай – бұлтқа дейiнгi арақашықтық ұзақтығының және белгiленген минимумға сәйкес келетiн немесе одан асып түсетiн бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгiнiң шамаларын бiлдiретiн метеорологиялық жағдай;
      67) көзбен шолып қонуға кіру – АҰҚ бойынша қонуға кіру схемасы жартылай немесе толықтай сақталмаған және қону жерден көрінетін бағдарлар бойынша орындалған жағдайда, АҰҚ бойынша ұшу кезінде қонуға кіру;
      68) көзбен шолып қонуға кіру – көзбен шолып ұшу қағидаларын сақтай отырып, ішінара немесе толық орындалатын кіру;
      69) көзбен шолып ұшу – әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайын және оның тұрған жерiн табиғи көкжиек және жердегi бағдар бойынша ұшқыш оны көзбен шолып анықтайтын кездерде орындалатын ұшу;
      70) көзбен шолып ұшу қағидасы (бұдан әрі – КҰҚ) – пилоттың әуе жағдайына көзбен шолып бақылау жолымен әуе кемелері мен әуедегі басқа материалдық объектілер арасында белгіленген аралықтар кезінде сақталатын қағидат;
      71) көрінушілік – авиациялық мақсаттар үшін көрінушілік мынадай анағұрлым көп шамаларды білдіреді:
      ашық реңде бақылау кезінде жерге жақын орналасқан қолайлы өлшемдердегі қара объектіні ажыратуға және тануға болатын ең үлкен арақашықтық;
      жарық емес реңде жарық күші шамамен 1000 кандел (кд) болатын оттарды ажыратуға және тануға болатын ең үлкен арақашықтық;
      72) крейсерлік эшелон – едәуір ұшу бөлігіне шыдамды эшелон;
      73) күрделі метеорологиялық жағдайлар (бұдан әрі – КМЖ) – метеорологиялық көріну 2000 метр және одан аз және (немесе) олардың жалпы көлемі кезінде 2 октанттан (3-4 баллдан) астам кезде бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі 200 метр және одан төмен болатын жағдайлар;
      74) күту аймағы – әуе кемелерінің әуеайлаққа және/немесе қонуға кіру кезегін күту үшін, әдетте әуеайлақтың (әуеторабының) ауданындағы радионавигациялық нүкте (бұдан әрі – РНН) үстінде белгіленген, белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;
      75) күту пункті – оған таяу диспетчерлік рұқсаттарға сәйкес ұшуды орындайтын әуе кемесі болатын көрнекі немесе өзге де құралдардың көмегімен айқындалған белгілі бір орын;
      76) қауіпсіз биіктік – әуе кемесін жер бетімен (сумен) немесе ондағы кедергілермен соқтығысудан сақтауға кепілдік беретін ең аз рұқсат етілетін ұшу биіктігі;
      77) қауіпті жақындау – қауіпті жақындау – әуе кемелерінің өзара немесе басқа материалдық объектілермен қасақана емес және ұшу тапсырмасында көзделмеген, оның нәтижесінде олардың соқтығысу қаупі туындайтын, белгіленген аралықтың жартысынан аз жақындауы;
      78) қозғалыс туралы ақпарат – әуе кемесінің командирін оның орналасқан жеріне немесе белгіленген ұшу бағытына жақын болуы туралы немесе экипажға қауіпті жақындықты немесе соқтығысуды болдырмауға көмектесетінін ескерту үшін ӘҚҚ органынан шығатын ақпарат;
      79) қону алдындағы түзу сызық – қону бағытына шығу нүктесiнен жерге қону нүктесiне дейiнгi қонуға кірудің қорытынды бөлiгi;
      80) қонуға дәл кіру схемасы (РА) – навигациялық жүйелерді (ILS, MLS, GLS және І санатты SBAS) қолдануға негізделген, А немесе В типті аспаптармен үш өлшемдік (3D) қонуға кіруді орындауға арналған аспаптар арқылы қонуға кіру схемасы;
      81) қонуға кірудің бастапқы учаскесі – қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктелері (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура IAF, бұдан әрі – IAF) мен қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктелерінің (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура IF, бұдан әрі – IF) немесе қонуға кірудің түпкілікті кезеңінің бақылау нүктесі арасындағы аспаптар арқылы қонуға кіру схемасының бір бөлігі;
      81-1) қонуға кірудің аралық учаскесі - аспаптар арқылы қонуға кіру схемасының төмендегілер арасындағы бөлігі:
      қонуға кірудің аралық сатысының бақылау нүктесі мен қонуға кірудің соңғы сатысының бақылау нүктесі арасындағы:
      кері схеманың, «ипподром» схемасының немесе есептеу әдісімен тартылатын жол желісінің соңы мен қонуға кірудің соңғы бақылау нүктесі (немесе нүктесі);
      82) қонуға кірудің болжамды уақыты – ӘҚҚ органының есептеулері бойынша келетін әуе кемесі қонуға кіруі үшін күту пунктінің кідірісінен кейін кететін уақыт;
      83) қонуға кірудің түпкілікті кезеңі – қонуға кірудің түпкілікті кезеңіндегі белгіленген бақылау нүктесінде басталатын аспаптар арқылы қонуға кіру схемасының бір бөлігі, ал стандарттық бұрылудың соңғы учаскесінің соңында – мұндай нүкте болмаған жағдайда, қонуға тіке бұрылу немесе «ипподром» үлгісінің схемасына жақындау жолының желісіне немесе қонуға арналған кіру схемасындағы жолдың соңғы желісіне шығу нүктесіне бұрылу қонуға арналған кірудің жалғасуы мүмкін желіде немесе екінші айналымға кету кезінде аяқталады;
      84) қосалқы әуеайлақ – егер, бару әуеайлағына ұшу немесе оған қону мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда әуе кемесінің баратын әуеайлағы;
      85) қосарлы шолу радиолокаторы – радиолокациялық станция берген радиобелгі екінші станцияның жауап радиобелгісін беруге шақыратын радиолокациялық жүйе;
      86) ҚШРЛ жауап берушісінің коды – ӘҚҚ органы тағайындаған және әуе кемесінің экипажына «А» немесе «С» режиміндегі қабылдау-жауап беруге арналған қондырғы үшін әуе кемесінің экипажына берілетін код;
      87) маневр жасау алаңы – әуе кемелерінің ұшуына, қонуына және жерде жүруіне арналған перрондарды қоспағанда, әуеайлақтың бір бөлігі;
      88) мәжбүрлі қону – жоспарға сәйкес ұшуды орындауға мүмкіндік бермейтін себептер бойынша әуеайлаққа (қону алаңына) немесе әуеайлақтан тыс қону;
      89) міндетті хабарлау пункті (бұдан әрі – МХП) – ұшып өту туралы пилот ӘҚҚ органының диспетчеріне хабарлауға міндетті әуе трассасындағы, маршруттағы, дәліздегі географиялық нүкте (бағдар), РНН;
      90) отынның аэронавигациялық қоры (бұдан әрі – ОАҚ) – қосалқы әуеайлаққа (қону алаңына) барумен, бекітілген бағыттан ауытқумен, қарсы жел жылдамдығының күшеюімен және басқа да жағдайлармен туындаған ұшу жоспары өзгерген жағдайда қажетті ұшу әуеайлағынан (қону алаңынан) бару әуеайлағына (қону алаңына) дейін ұшу үшін есептелген көлемнен тыс отын қоры;
      91) отынның ең аз қоры – бұл терминді әуе кемесінің экипажы (ұшқышы), егер әуе кемесінің бортындағы отынның қоры әуе кемесінің кідіруіне мүмкіндік бермей, бірақ авариялық жағдайды білдірмейтін, ал көзделмеген кідіру орын алған жағдайда, авариялық оқиғаның туындауы мүмкін екендігін көрсетеді;
      92) өтпелі қабат – өту биіктігі мен өту эшелоны арасындағы әуе кеңістігі, көлденең ұшу режиміндегі әуе кемелерінің өтпелі қабатта ұшуына тыйым салынады;
      93) өту биіктігі – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шәкілін берілген эшелонды алу кезінде 760 миллиметр сынап бағанасындағы (1013,25 мбар/гПа) қысым мәніне ауыстыру үшін әуеайлақ ауданында белгіленген салыстырмалы/абсолютті биіктік;
      94) өту эшелоны – өту эшелоны – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шәкілін 760 миллиметр сынап бағанасындағы (1013 гПа) қысымынан әуеайлақ қысымына немесе теңіз деңгейіне келтірілген ең аз қысымға ауыстыру үшін белгіленген эшелон. Өту эшелоны әуеайлақтағы (аэротораптағы) ұшудың төменгі қауіпсіз эшелоны болып табылады;
      95) радиолокациялық бағыттау (векторлау) – әуе кемелерін осы радиолокаторды пайдаланудың негізінде белгілі бір бағыттарды көрсету арқылы навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;
      96) радиолокациялық бақылау – әуе кемелеріне ұшудың номинальдық траекториясынан елеулі ауытқуларына қатысты ақпараттар мен хабарларды беру мақсатында радиолокаторды пайдалану;
      97) радиолокациялық эшелондау – олардың орналасқан орны туралы радиолокациялық көздерден алынған деректердің негізінде жүзеге асырылатын әуе кемелерін эшелондау;
      98) радиохабар – нақты станциясы (немесе станциялары) айтылмайтын аэронавигацияға қатысты ақпарат беру;
      99) рұқсат берудің қолданыс шекарасы – әуе кемесінің экипажына берілетін шын мәніндегі диспетчерлік рұқсатқа дейінгі шеп (пункт, нүкте);
      100) санатталған әуеайлақ – пайдалануға жіберілген және қонуға дәл кіруді және ол үшін белгіленген санаттардың минимумы бойынша кіруді қамтамасыз ететін байланыс құралдарымен және радио-жарықты техникалық құралдармен жабдықталған әуеайлақ;
      101) соқтығысуларды алдын алудың борттық жүйесі (бұдан әрі – САБЖ) – жерүсті жабдығына тәуелсіз жұмыс істейтін және пилотқа (ұшқышқа) қосарлы шолу радиолокаторының (бұдан әрі – ҚШРЛ) қабылдағыш-жауап бергіштермен жабдықталған әуе кемелері жасауы мүмкін шиеленісті жағдайлар туралы ақпаратты беретін ҚШРЛ-дың қабылдаушы-жауап беруші белгілерін пайдалануға негізделген борттық жүйе;
      102) тау әуеайлағы (гидроәуеайлақ) – жер бедерімен қиылысатын және әуеайлақтың (гидроәуеайлақтың) бақылау нүктесінен 25 километр (бұдан әрі – км) радиустан астам және салыстырмалы түрде 500 қатыстық биіктіктері бар жерде орналасқан немесе теңіз деңгейінен 1000 метр және одан астам биікте орналасқан әуеайлақ (гидроәуеайлақ);
      103) таулы жер – қиысқан рельефпен 25 км. радиустағы 500 м. және одан астам салыстырмалы биіктікпен, сондай-ақ теңіз деңгейінен 2000 м. және одан астам биіктікпен жер;
      104) тәртіптік қызмет көрсету – ӘҚҚ байқау жүйелерін қолданусыз әуе қозғалысына қызмет көрсету әдісі;
      105) тәртіптік эшелондау – тәртіптік қызмет көрсету кезінде қолданылатын эшелондау;
      106) төбелі жер – 25 шақырым радиуста 200 метрден 500 метрге дейінгі бедерлі салыстырмалы бөктері бар орын;
      107) трассадан тыс ұшу – әуе трассаларынан (жергілікті әуе желілерінен) тыс және әуеайлақ (аэроторап) ауданынан тыс жасалатын ұшу;
      108) тігінен эшелондау – әуе кемелерінің белгіленген аралықтардағы биіктік бойынша бытырауы;
      109) тік көрінушілік – жерден бастап тігінен қарағанда төменгі жер бетіндегі объектілер көрінетін деңгейге дейінгі барынша көп қашықтық;
      110) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (RVSM) – RVSM қолдана отырып, ұшуға рұқсаты бар әуе кемелерін эшелондау үшін қолданылатын тік эшелондау аралығы;
      111) тікелей қондыруға бұру – қонуға кірудің аралық немесе түпкілікті кезеңінде кететін жол желісінің аяқталуы мен жол желісінің басталуының арасында әуе кемесі орындайтын бұрылу. Жолдың осы желілерінің бағыты қарама-қайшы болып табылмайды;
      112) Ұшу-қону жолағына (бұдан әрі – ҰҚЖ) санкцияланбаған кіру – ҰҚЖ-ны әуе кемесінің, көлік құралының немесе адамның санкцияланбаған иеленуі;
      113) ҰҚЖ-дағы күту орны – ҰҚЖ қорғау ұшу алаңы бетіндегі, кедергілерді шектеу немесе ILS/MLS сындарлы (сезімтал) аймақ бетіндегі белгілі бір орын, онда жермен жүретін әуе кемесі мен көлік құралдары тоқтайды және ӘҚҚ органынан одан әрі нұсқаулар күтеді;
      114) ҰҚЖ табаны – әуе кемелерінің қонуы үшін пайдаланылатын ҰҚЖ учаскесінің басы;
      115) ҰҚЖ табанын арттыру – ҰҚЖ табанының теңіз деңгейінен асып түсуі;
      116) ұшу ақпараты – ұшуды қауіпсіз және тиімді орындау үшін қажетті ақпарат, оның ішінде әуе қозғалысы, метеорологиялық жағдайлар, метеорологиялық әуеайлақтың жай-күйі, бағыт құралдары мен қызмет көрсету туралы ақпарат;
      117) ұшу ақпаратының ауданы – оның шегінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мен авариялық хабар беру қамтамасыз етілетін белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігінің бөлігі;
      118) ұшу алаңы – жермен жүру жолдарда (бұдан әрі – ЖЖ) бір немесе бірнеше ұшу жолақтары, перрондар мен арнаулы мақсатты алаңдар орналасқан әуеайлақтың бір бөлігі;
      119) ұшу бағыты – әуе кемесінің белгіленген негізгі пункттердің жердің (судың) бетіндегі берілген (белгіленген) ұшу траекториясының проекциясы;
      120) ұшу биіктігі – бастау қабылданған деңгейден бастап әуе кемесіне дейінгі тік арақашықтық. Есеп басталған деңгейге қарай биіктіктер әртүрлі болады: шынайы (әуе кемесі тікелей болатын нүкте деңгейінен), салыстырмалы (ҰҚЖ табанының деңгейінен, әуеайлақ деңгейінен, бедердің ең жоғары нүктесінен) және абсолютті (теңіз деңгейінен);
      121) ұшу жолағы – ұшу-қону жолағын және соңғы тежеу жолағын (еркін аймақтар) қамтитын әуеайлақтағы ұшу алаңының белгілі бір учаскесі;
      122) ұшу-қону жолағындағы көрінушілік қашықтығы (RVR ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура (бұдан әрі – RVR) – ұшу-қону жолағындағы осьтік желіде тұрған әуе кемесі пилоты оның шегінде ұшу-қону жолағының бетіндегі таңбалау белгілерін немесе ұшу-қону жолағын шектейтін немесе оның осьтік желісін білдіретін шырақтарды көре алатын қашықтық;
      123) ұшу эшелоны – қысымның 760 миллиметр сынап бағанасындағы (1013 гПа) белгіленген шамасына жатқызылған және қысымның белгіленген аралығы шамасындағы басқа да мұндай беттерден кейіндеп қалатын тұрақты атмосфералық қысым беті;
      Ескерту 1. Стандартты атмосфераға сәйкес градуирленген барометрлік биіктің өлшемі:
      QNH белгілеу кезінде абсолютті биіктікті көрсететін болады;
      QFE белгілеу кезінде QFE тірек нүктесіндегі салыстырмалы биіктікті көрсететін болады;
      760 миллиметр сынап бағанасын/1013,2 гПа қысымын белгілеу кезінде оны оның ұшу эшелондарын көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.
      Ескерту 2. 1-ескертуде пайдаланылған «салыстырмалы биіктік» және «абсолютті биіктік» терминдері аспаптықты, ал геометриялық емес салыстырмалы және абсолютті биіктіктерді білдіреді.
      124) ұшудың әуеайлақ айналымы – ол бойынша (немесе оның бөлігінен) ұшып көтерілуден кейін биікті алу, қонуға кіру үшін төмендеу, қонуды күту, әуеайлақ (қону алаңының) үстінен ұшуды жүзеге асыру орындалатын әуеайлақ ауданында белгіленген бағыт;
      125) ұшып көтерілу – қону жолағы – әуе кемелерін қондыру және ұшыру үшін дайындалған құрғақтағы әуеайлақтың ұшу жолағының белгілі бір тік бұрышты учаскесі;
      126) ұшып көтерілу аралығы – әуе кемесінің ұшу нүктесінен жерден ажырау нүктесінде ұшу-қону жолағының табаны деңгейіне қатысты 10 метр биіктіктегі нүктеге дейінгі көлденеңі бойынша арақашықтық;
      127) ұшып көтерілу және қону аймағы – әуе кемелерінің ұшып көтерілу және қонуға кіру кезінде маневр жасауын қамтамасыз ететін шекаралардағы әуеайлақ деңгейінен белгіленген биіктікке дейінгі (әдетте күту аймағының екінші эшелонын қоса алғанда) әуе кеңістігі;
      128) ұшып өту кедергілерінің абсолюттік/салыстырмалы биіктігі – ұшу-қону жолағының тиісті табанынан асатын немесе ұшып өту кедергілерінің тиісті өлшемдерін сақтауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын әуеайлақтан асатын ең аз абсолютті немесе ең аз салыстырмалы биіктік;
      129) хабарлауларды беру пункті – әуе кемесінің орналасқан орны хабарлануы мүмкін болуына қатысты белгілі бір географиялық бағдар;
      130) халықаралық әуе трассасы – халықаралық ұшу үшін ашық әуе трассасы;
      131) шешім қабылдау – әуе кемесінің командирі қону немесе екінші айналымға кету туралы шешім қабылдайтын белгіленген биіктік;
      132) шешім қабылдау жылдамдығы – сындарлы қозғалтқыш жұмыс істемей қалған жағдайда ұшып көтерілуді қауіпсіз тоқтату да, қауіпсіз жалғастыру да мүмкін болатын ұшақ екпінінің барынша көп жылдамдығы;
      133) шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі (бұдан әрі – ШҚБ) – егер пилот қонуға кіруді жалғастыру үшін бағдарлармен қажетті көрнекі байланысты белгілемеген немесе кеңістіктегі әуе кемесінің жағдайы қонудың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген жағдайда, екінші айналымға кету басталуға тиіс қонуға дәл кіру кезінде белгіленген абсолюттік немесе салыстырмалы биіктік. Абсолюттік ШҚБ теңіздің орташа деңгейінен, ал салыстырмалы ШҚБ ұшу-қону жолағы (бұдан әрі – ҰҚЖ) табанының деңгейінен есептеледі.
      Ескерту. «Бағдарлармен қажетті көрнекі байланыс» термині көрнекі құралдардың бөлігінде немесе әуе кемесінің тұрған жерін пилоттың бағалауы үшін жеткілікті уақыт ішінде қонуға кіретін аймақтың көрінісін және ұшудың номиналдық траекториясына қатысы бойынша оның өзгеру жылдамдығын білдіреді;
      134) шолу радиолокаторы – қашықтық және азимут бойынша әуе кемесінің орналасқан орнын анықтау үшін пайдаланылатын радиолокациялық жабдық;
      135) эшелондау – әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін белгіленген аралықтардағы әуе кеңістігінде әуе кемелерінің тігінен, бойлап немесе бүйірлеп бытырауын білдіретін жалпы термин;
      136) ATIS – әуеайлақ ауданында ақпаратты әуеайлақты автоматты беру қызметінің шартты белгісі;
      137) RVSM-мен ұшуға рұқсат етілген әуе кемесі – навигациялық жабдығы RVSM әуе кеңістігінде ұшу үшін борт жүйелерінің ең аз сипаттамаларына (MASPS) қойылатын техникалық талаптарға сәйкес келетін әуе кемесі.
      138) аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы (IAP) – қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесiнен немесе тиiстi жағдайларда белгiленген ұшып келу бағытының басталған жерiнен қонуды орындау мүмкiн болатын нүктеге дейiн, ал егер қону мүмкін болмаса, күту аймағындағы немесе бағыттағы кедергiлерден ұшып өту өлшемдерi қолданылатын жердегi нүктеге дейiн кедергiлермен соқтығысып қалуды болдырмауды көздейтiн белгiленген талаптарды сақтау арқылы пилотаждық аспаптар бойынша орындалатын алдын ала көзделген маневрлер сериясы;
      139) қонуға дәл емес кіру схемасы (NPA) – А типті аспаптармен екі өлшемдік (2D) қонуға кіруді орындауға арналған тігінен дәлдеуді емес бүйірінен дәлдеуді қолданып, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы.
      Ескертпе: қонуға дәл емес кіру схемалары бойынша ұшу соңғы учаскеде үздіксіз төмендей отырып қонуға кіру әдісін (CDFA) қолдану арқылы орындалуы мүмкін. Борттағы жабдықпен жасалған есептеулер бойынша VNAV консультативтік дәлдеу арқылы CDFA (PANS-OPS (Doc 8168) I томының I бөлігінің 4-бөлімінің 1-тарауындағы 1.8.1-тармақты қараңыз) аспаптар арқылы үш өлшемдік (3D) қонуға кіру болып саналады. Төмендеудің талап етілетін тік жылдамдығының автоматтандырылмаған есебімен орындалатын CDFA аспаптар арқылы екі өлшемдік (2D) қонуға кіру болып саналады;
      140) тігінен дәлдеу арқылы қонуға кіру схемасы (APV) - А типті аспаптар бойынша үш өлшемдік (3D) қонуға кіруді орындауға арналған (PBN) сипаттамаларына негізделген қонуға дәл кіру және навигациялық қону үшін белгіленген талаптарға жауап бермейтін бүйірінен және тігінен дәлдеуді қолдану арқылы аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      5. ӘҚҚ органдары әуе қозғалысына өз аудандарының (аймақтарының) шегінде қызмет көрсету жөніндегі іс-шаралар әзірлеу мен өткізу жауапкершілігін жүзеге асырады.
      6. Әуе қозғалысына оларға белгіленген шекаралардың шегінде қызмет көрсетуді диспетчерлік пункттер жүзеге асырады.
      7. ӘҚҚ қызметтерінің мамандары аэронавигациялық ұйымның басшысы бекіткен, ӘҚҚ қызметі диспетчерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары мен жұмыс технологияларын басшылыққа алады.
      ӘҚҚ жүзеге асыратын диспетчерлердің лауазымдық нұсқаулықтары әрбір диспетчерлік пункт үшін әзірленеді.
      ӘҚҚ қызметі диспетчерлерінің жұмыс технологиялары әрбір диспетчерлік пункт (сектор) үшін әзірленеді.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Әуе қозғалысына және ұшудың орындалуына қызмет көрсету мақсаттары үшін қолданылатын радиоалмасу фразеологиясы мен оны жүргізу қағидасы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде радиоалмасу фразеологиясы қағидаларында белгіленген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 6635 нөмірімен тіркелген).
      9. ӘҚҚ органдары Әлемдік үйлестірілген уақытты (бұдан әрі – UТС) пайдаланады және түн ортасынан бастап тәуліктің уақыты сағаттармен және минуттермен көрсетіледі. Аэронавигацияның мақсаттары үшін григориан күнтізбесі пайдаланылады.
      10. ӘҚҚ органдары уақыт әрбір жұмыс орнынан жақсы көрінетін сағаттармен, минуттармен және секундтармен көрсетілетін сағаттармен жарақтандырылады.
      11. ӘҚҚ органдарындағы сағаттар және уақытты тіркейтін басқа да аспаптар уақытты UТС-ден шамамен ±30 секунд дәлдікпен көрсетуге тиіс. Деректерді тарату желісін қолданған жағдайда, сағаттар және уақытты тіркейтін басқа да аспаптар уақытты UТС-ден шамамен 1 секунд дәлдікпен көрсетуге тиіс.
      Ақпаратты жазу кезінде ағымдағы уақытты тексеру радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің (бұдан әрі – РТЖБП қызметі) жедел журналына жазу арқылы әрбір 4 сағат сайын жүргізіледі, уақытты тіркейтін басқа аспаптардағы ағымдағы уақытты тексеру ӘҚҚ органдарында (ӘҚҚ қызметтерінде) «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11285 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. ӘҚҚ органдары әуе кемелерінің бортына әуе кемесі экипажының сұратуы бойынша дәл уақытты хабарлайды. Уақыт жақындаған минуттың жартысына дейінгі дәлдікпен беріледі.
      13. Аудандық диспетчерлік орталық (пункт) өзі тұратын елді мекеннің немесе қаланың атауын немесе географиялық бағдарын пайдалана отырып, белгіленеді.
      Әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункттері олар жататын әуеайлақтың атауын пайдалана отырып, белгіленеді.

2. Әуе қозғалысын ұйымдастыру

      14. ӘҚҚ ұйымдастыру (бұдан әрі – ӘҚҰм) әуе кеңістігін пайдалану мен әуе қозғалысына қызмет көрсетуді және авиация қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      15. ӘҚҰм әуе қозғалысының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін және мына:
      1) әуе қозғалысының ең жоғары жүктемесіне төзімді қабілеті бар жеткілікті өткізу қабілеті мен икемділігі;
      2) әуе қозғалысы жиілігінің болжамды арттыруын қамтамасыз ету үшін оларды жетілдіру мүмкіндігі;
      3) пайдалану барысында ӘҚҚ персоналын оқыту мүмкіндігі;
      4) ӘҚҚ мамандарының жұмысын бақылау және ӘҚҚ әдістерін стандарттау қабілеті;
      5) әуе кеңістігін пайдалану үшін бақылау мүмкіндігі бар ӘҚҚ-ның жоғары тиімді және қауіпсіз жүйесін жасау бойынша ұйымдастыру-техникалық шешімдер кешенін әзірлеу мен енгізу болып табылады.
      16. ӘҚҰм мыналарды:
      1) әуе қозғалысының жиілігін бақылауды;
      2) әуе кеңістігінің құрылымдары мен жіктелімін әзірлеуді;
      3) ӘҚҚ органдарының құрылымдарын әзірлеуді;
      4) әуе қозғалысын жоспарлау мен үйлестіру жүйесін әзірлеуді;
      5) ӘҚҚ қамтамасыз ететін жүйені әзірлеуді;
      6) әуе қозғалысының ағындарын жоспарлау мен ұйымдастыруды;
      7) аралас диспетчерлік пункттер мен ұшуды қамтамасыз ететін басқа қызмет мамандарының арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруды;
      8) әуе кеңістігін пайдаланғаны үшін бақылау жүйесін құруды;
      9) ӘҚҚ регламенттейтін құжаттар әзірлеуді қамтиды.
      17. ӘҚҚ ұйымдастыру кезінде шешілетін міндеттер:
      1) әуе кеңістігі құрылымдарының элементтері шекараларының талап етілетін көлемдері мен шекараларын белгілеу негіздемесі;
      2) күту аймақтарын ұйымдастыру, пилотаждық, арнаулы және басқа аймақтарды ұйымдастыру;
      3) ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемелері қозғалысының қағидаларын, схемалары мен режимдерін әзірлеу;
      4) ӘҚҚ кезінде ұшуларды радиотехникалық, метеорологиялық және аэронавигациялық қамтамасыз ету;
      5) ұшып келетін, ұшып шығатын және ұшып өтетін әуе кемелерінің ағындарын басқару қағидалары мен рәсімдерін әзірлеу;
      6) диспетчерлік пункттерді (секторларды) және ӘҚҚ беру шептерін ұйымдастыру;
      7) ӘҚҚ қызметтерінің жұмыстарын ұйымдастыру.
      17-1. Аэронавигациялық ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жарты жылдық бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету қауіпсіздігінің мерзімдік талдауын ұсынады. Жүргізілетін талдаудың құрылымы мен бағыттары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының «Әуе қозғалысын ұйымдастыру» аэронавигациялық қызмет көрсету ережелері (DOC PANS-ATM 4444) құжатының ұсынымдарын ескере отырып айқындалады.
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.10.04 № 664 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-1. Объективті бақылау құралдарын пайдалану

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.10.04 № 664 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      17-2. ӘКҚ мамандарының жұмыстарын объективті бақылау құралдарын пайдалану тәртібі.
      17-3. Талдауға «Диспетчер-Экипаж», «Диспетчер-Диспетчер», «Диспетчер-АМСА қадағалаушы» радиоалмасуларын, ӘКҚ органдарымен, кәсіпорындармен, басқа қызметтермен ӘКҚ қызметінің өзара іс-қимыл арналарын, сондай-ақ нұсқаулар мен ӘКҚ қызметінің кезекші ауысым жұмысындағы талдауларын міндетті түрде қамтитын (осы Нұсқаулықтың 6466789697-тармақтарына сәйкес ұйымдастырылатын жазбаша мәліметтер мен хабарлар) объективті бақылау құралдарынан үзінділері жатады.
      17-4. Үзінділер жасаған лауазымды адамдардың тізбесін азаматтық авиация ұйымының басшысы бекітеді.
      17-5. Объективті бақылау құралдарынан үзінділер және оған талдау жасау мынадай жағдайларда орындалады:
      1) жоспарлы:
      ӘКҚ қызметі бастығының бақылауы үшін айына 2 реттен кем емес. Көлемді ӘКҚ қызметінің бастығы белгілейді;
      ӘКҚ ауысым мамандарының (аға диспетчерлер) жұмыстарына ұшу жетекшісі бақылау жасау үшін – (негізгі сағаттардағы әр ауысым бойынша) - айына 2 реттен кем емес. Көлемін ұшуды басқарушы (аға диспетчер) анықтайды;
      күрделі метеорологиялық жағдайларда ӘКҚ қызметінің диспетчерлері мен АМСА қадағалаушылары арасында келіссөздер жүргізуді бақылау үшін - ӘКҚ қызметі басшылары белгілеген мөлшерде және диспетчерлік пункттерде, айына 1 реттен кем емес;
      аралас диспетчерлік пункттермен ӘКҚ қызметі диспетчерлерінің келіссөздер жүргізуін бақылау үшін - ӘКҚ қызметі басшылары белгілеген мөлшерде, айына 1 реттен кем емес.
      2) жоспардан тыс:
      авиациялық оқиғалар кезінде Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасының талаптарына сәйкес;
      «А» литерлі рейсін қамтамасыз ету кезінде;
      әуе қозғалысы кезіндегі инцидент туралы әуе кемесінің экипажынан есеп беру түскен кезде.
      17-6. Аэронавигациялық ұйым ӘКҚ қызметіндегі объективті бақылау құралдарының деректерін ажыратып талдау жүргізу негізінде есеп жасайды.
      Есеп азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын беріледі.

2-2. ӘҚҚ органдарының жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. Нұсқаулық 2-2-тараумен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17-7. ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) міндеттері мен функциялары аэронавигациялық ұйымның басшысы бекітетін ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) туралы ережеде айқындалады. ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) басшылық құрамына қойылатын талаптар міндеттері мен функцияларына сәйкес олардың лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.
      ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) ұйымдастырушылық-штаттық құрылымы ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) туралы ережеде көрсетілген міндеттер мен функцияларға сәйкес келуге тиіс.
      17-8. ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) үшін аэронавигациялық ұйымның ұйымдастырушылық-штаттық құрылымына сәйкес бағыныштылық механизмі айқындалады.
      17-9. ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) бағынатын аэронавигациялық ұйым:
      1) ӘҚҚ органындағы (ӘҚҚ қызметіндегі) құжат айналымы мен ісқағаздарын жүргізу рәсімдерін;
      2) ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) үшін белгіленген міндеттер мен функцияларды орындау үшін ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) ұсынған адам ресурстарының тапшылығы ерекшеліктеріне (қызмет көрсету көлеміне) сәйкес ӘҚҚ мамандарының нормативтік санын анықтау рәсімдерін, сондай-ақ бұл мәселені шешу үшін қажетті шараларды;
      3) ортамерзімді (2 жыл) және ұзақмерзімді (5 жыл) кезеңге жаңа ӘҚҚ мамандарына деген қажеттілікті болжау рәсімдерін, сондай-ақ ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) кадрлық резервіне кіретін ӘҚҚ мамандарының тізілімін жүргізуді;
      4) ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) үшін белгіленген міндеттер мен функцияларды қанағаттандыру және сапалы орындау үшін нұсқаушылар құрамының санына қойылатын талапты белгілейді.
      17-10. Жұмыс кестесі мен ауысымдар саны еңбек жағдайлары мен жұмыс аптасының режимін ескере отырып, аэронавигациялық ұйымның (филиалдың) басшысы бекітетін ішкі еңбек тәртібі қағидасында айқындалады.
      ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) жұмыс кестесін аэронавигациялық ұйымның (филиалдың) құрылымдық бөлімшесінің басшысы бекітеді. Ол ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) персоналының жұмыс істеген уақытының, сондай-ақ бұзу себебін көрсетіп, ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) персоналының жұмыс кестесін бұзу фактілерінің есебін жүргізуді ұйымдастырады.
      17-11. Ауысым жұмысын ұйымдастыру және бақылау бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес ұшу басшыларына (аға диспетчерлерге) немесе олардың орнын ауыстыратын тұлғаларға жүктеледі.
      17-12. Ұшу басшысына (аға диспетчерге немесе жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардың міндеттерін орындау жүктелген тұлғаға) шұғыл жағдайларда әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелер бойынша ұшуды жүргізуді және әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін объектілер мен қызметтердің лауазымды тұлғалары бағынады.
      17-13. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларының 127-тармағына сәйкес ӘҚҚ органында (ӘҚҚ қызметінде) ӘҚҚ диспетчерлерінің өз лауазымдық міндеттерін орындамас бұрын ӘҚҚ диспетчерлерінің медициналық бақылаудан (куәландырудан) өтуі ұйымдастырылады, сондай-ақ өз міндетерін орындау барысындағы алкогольмен, есірткімен, уытқұмарлықпен мас күйі белгілері бар ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) персоналына рұқсат бермеу бойынша бақылау тәртібі әзірленеді.
      17-14. Аэронавигациялық ұйым ӘҚҚ органын (ӘҚҚ қызметін) қолданылатын құралдардың жұмысына қатысты бекітілген құжаттар мен техникалық құжаттамалар жиынтығымен, ӘҚҚ органында (ӘҚҚ қызметінде) аэронавигациялық ақпарат құжаттарымен (аэронавигациялық ақпарат жинақтарымен) қамтамасыз етіп, олардың сақталуына, жүргізілуіне және ӘҚҚ персоналына таныстырылуына жауапты лауазымды тұлғаны тағайындайды.
      17-15. Аэронавигациялық ұйым ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) үшін ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) персоналын аэронавигациялық қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен таныстыру және зерделеу нәтижелерін бекіту тәсілінің сипаттамасы бар бақылау данасын жүргізу жөнінде нұсқаулықтар (рәсімдер) әзірлеп, бекітеді.
      17-16. Аэронавигациялық ұйым ӘҚҚ органдарында (ӘҚҚ қызметтерінде) бағынышты персоналдан әуе қозғалысына қызмет көрсетуді, оларды есепке алу және олар бойынша шешімдер қабылдау тәртібін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау механизмін әзірлейді.
      17-17. Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшу басшысы (аға диспетчер немесе аталған лауазымды тұлғалардың міндеттерін атқару жүктелген тұлға) бекітілген лауазымдық нұсқаулық талаптарына сәйкес:
      өзі басқаратын диспетчерлік ауысымның кезекшілік алдында медициналық бақылаудан (куәландырудан) өтуін бақылайды;
      өзі басқаратын диспетчерлік ауысым үшін кезекшілік алдында нұсқама өткізуді және кезекшілік кезеңіндегі жұмыс нәтижелерін талқылауды ұйымдастырады;
      өзі басқаратын диспетчерлік ауысым жұмысының кезекшілік кезінде сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
      17-18. ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) диспетчері лауазымдық міндеттерін жұмыс орнында ӘҚҚ диспетчерінің қолданыстағы куәлігі болған жағдайда жүзеге асырады. ӘҚҚ органының (ӘҚҚ қызметінің) диспетчеріне куәлігі қолданылу мерзімін ұзарту үшін немесе біліктілік белгілерін алу үшін жіберілген жағдайда лауазымдық міндеттерін жұмыс орнында орындауына куәліктің және ондағы біліктілік белгілерінің мерзімі өтпеген болса рұқсат етіледі.
      17-19. ӘҚҚ органында (ӘҚҚ қызметінде) аэронавигациялық ұйымның басшысы айқындаған рәсімге сәйкес ӘҚҚ органы персоналы куәліктерінің қолданылу мерзімдерін бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға тағайындалады.
      17-20. ӘҚҚ органында (ӘҚҚ қызметінде) оқу орындарында (даярлау орталықтарында) біліктілікті арттыру, даярлықтан өту, жаттығу құрылғысында дайындау кестелері жүргізіледі.
      17-21. ӘҚҚ органында (ӘҚҚ қызметінде) әуе қозғалысына қызмет көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыс жоспарлары (жылдық, тоқсандық), сондай-ақ ӘҚҚ және ұшуды жоспарлау жөніндегі мамандардың даярлығын ұйымдастыру мен кәсіби деңгейін қолдау «Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 8785 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасына сәйкес әзірленген ӘҚҚ персоналын техникалық оқыту жоспарлары жүргізіледі.
      17-22. Ауысымдардың жұмысын ұйымдастыру кезінде ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) ең көп жүктеме түсірілген бағыттардағы (секторлардағы) жұмыс ерекшеліктерін ескереді.
      17-23. Аэронавигациялық ұйым ӘҚҚ органдары (ӘҚҚ қызметтері) үшін әуеайлақтардың аэронавигациялық паспорттарына (әуеайлақ ауданында ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтар) енгізілген әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзекті ақпараттың ӘҚҚ органдары тарапынан бақылау рәсімін бекітеді.

3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету

      18. Әуе қозғалысына қызмет көрсету міндеттері:
      1) әуе кемелерінің арасындағы соқтығысуларды болдырмау;
      2) кедергілері бар маневр жасау алаңында тұрған әуе кемелерінің арасындағы соқтығысуларды болдырмау;
      3) әуе қозғалысының тиімділігі және реттеу;
      4) ұшудың қауіпсіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті консультациялар мен ақпараттар беру;
      5) іздестіру-құтқару қызметтерінің көмегіне мұқтаж әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарға хабарлау және барынша жәрдем көрсету болып табылады.
      19. ӘҚҚ қызметі ондағы персонал әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша міндеттерді орындаған кезінде әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылау үшін құрылады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. ӘҚҚ диспетчерлерінің технологиялық жұмыстарында баяндалған ӘҚҚ кезінде бақылау әдістерін қолдану тәртібі.
      21. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету бақыланатын әуе кеңістігіне ұсынылады және мыналарға бөлінеді:
      1) аудандық диспетчерлік қызмет көрсету;
      2) жақындауға диспетчерлік қызмет көрсету;
      3) әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету.
      22. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді ӘҚҚ органдары қамтамасыз етеді, оларға мыналар жатады:
      1) аудандық диспетчерлік пункт (орталық);
      2) әуеайлақтық диспетчерлік орталық (бұдан әрі – ӘДО) немесе әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункттері (бұдан әрі – ӘАДП).
      23. ӘҚҚ үшін мынадай диспетчерлік пункттер ұйымдастырылады:
      1) брифинг диспетчерлік пункті;
      2) жермен жүру диспетчерлік пункттері (бұдан әрі – ЖДП);
      3) старттық диспетчерлік пункті (бұдан әрі – СДП);
      4) мұнара диспетчерлік пункті (бұдан әрі – МДП);
      5) шеңбер диспетчерлік пункті (бұдан әрі – ШДП);
      6) жақындау диспетчерлік пункті (бұдан әрі – ЖДП);
      7) жергілікті диспетчерлік пункті (бұдан әрі – ЖДП);
      8) аудандық диспетчерлік пункт (орталық) (бұдан әрі – АДП немесе АДО).
      Ұшудың жиілігі аз кезінде әуеайлақ аудандық диспетчерлік пункттерін (ЖДП, ШДП, МДП, СДП, ЖДП) және аудандық диспетчерлік пункттердің секторларын толық және ішінара, уақытша немесе тұрақты бірыңғай диспетчерлік пунктке біріктіруді жүзеге асыру шешіледі.
      23-1. Әуеайлақ (әуе торабы) ауданында әуе қозғалысы қарқынды болғанда және әуе кеңістігі күрделі ұйымдастырылған жағдайда жеке радиобайланыс жиілігін бөле отырып және шығу маршруты туралы ақпаратты, дәліздер, трассалар және межелі әуеайлақ мен қосалқы әуеайлақтар бойынша шектеулер, тыйым салулар туралы жедел ақпаратты; режим туралы ақпаратты; ұшып шығу (межелі, қосалқы немесе ұшу маршруты бойынша) әуеайлағындағы ұшып шығу туралы шешім қабылдау қағидаларына сәйкес келмейтін немесе маршрут бойынша қозғалу қағидаларына әсер ететін метеожағдайлардың өзгеруі туралы ақпаратты, қауіпті ауа райы жағдайы туралы ескертпені, екі жақты шолу радиолокаторының (бұдан әрі - ЕШРЛ) жеке тану кодын (қажет болған жағдайда) және ұшуды қауіпсіз орындаумен байланысты өзге ақпаратты беру бойынша функционалдық міндеттерді жүктей отырып, қосымша ұшып шығуға қызмет көрсету пункті («Деливери») ұйымдастырылуы мүмкін.
      Ескерту. Нұсқаулық 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      24. Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету жауапкершілік белгіленген аймақтар шегінде АДП (ӘДО) диспетчері жүзеге асырады.
      25. Жақындауға диспетчерлік қызмет көрсетуді жауапкершілік белгіленген аймақтар шегінде әуеайлақ ауданының диспетчері қамтамасыз етеді.
      26. Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді жауапкершілік белгіленген аймақтар шегінде ӘДО (ӘАДП) диспетчері қамтамасыз етеді.
      ЖДП, МДП диспетчерлік пункттері өзінің жауапкершілік аймақтарымен әуе кеңістігінің құрылымдарына байланысты ӘДП немесе ӘДО (ӘАДП) құрамына кіруі мүмкін.
      26-1. Жұмыс жүктемесіне қарай диспетчерлік пункттерде (секторларда) тәртіптік бақылау диспетчерлерінің жұмыс орындары қосымша ұйымдастырылуы мүмкін.
      Ескерту. Нұсқаулық 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      27. Ұшу ақпарат орталығы ұшу ақпараты ауданының шегінде ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін құрылады.
      28. Ұшу ақпараты ауданының шегінде (ҰАА) ұшу-ақпараттық қызмет көрсету және авариялық хабардар ету мына:
      1) ӘҚҚ органы бақыланатын әуе кеңістігі мен бақыланатын әуеайлақтар шегінде әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету функциясын жүктесе;
      2) ұшу ақпараты орталығы, егер осындай қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік мұндай функцияларды жүзеге асыруға тиісті құралдары бар әуе қозғалысына қызмет көрсетуші органдарға жүктелмеген жағдайда қамтамасыз етіледі.
      Бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі авариялық хабардар ету әуе кемелерін пайдаланушыларға (иеленушілерге) немесе аэроклубтарға әуе кемелерін пайдаланушылармен жасалған келісім бойынша жүктеледі.

4. ӘҚҚ органдарының жауапкершілік аудандары (аймақтары).
ӘҚҚ органдары арасындағы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді
қабылдау-тапсыру шептері

      29. ӘҚҚ әрбір органына жауапкершілік ауданы (аймағы) белгіленеді. ӘҚҚ-нің бір органында ӘҚҚ (әуе қозғалысын басқару (бұдан әрі – ӘҚБ)) диспетчерлерінің бірнеше жұмыс орындары бар болған жағдайда әрбір диспетчердің жауапкершілік ауданы (аймағы) анықталады. ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының арасындағы жауапкершілікті беру ӘҚҚ (ӘҚБ) белгіленген қабылдау-беру шекараларында жүзеге асырылады.
      30. ӘҚҚ аудандарының (диспетчерлік аймақтарының) және әуеайлақ аудандарының шекаралары радиолокаторлардың қолданылу аймақтарын, «әуе-жер» радиобайланысын қамтамасыз етуді, навигациялық жабдықпен жарақталуын ескере отырып белгіленеді.
      ӘҚҚ аудандарының және әуеайлақтар аудандарының шегіндегі диспетчерлік секторлардың шекарасын аэронавигациялық ұйымның басшысы бекітеді.
      Аэротораптардың шекаралары аэроторапқа кіретін әуеайлақтар аудандарының сыртқы шекаралары бойынша белгіленеді.
      Әуеайлақтар (аэротораптар) аудандарында ұшып көтерілу және қону аймақтары, кіру және шығу дәліздері, күту аймақтары және арнайы мақсаттағы басқа да аймақтар белгіленеді.
      Егер АДО және ӘДО (ӘАДП) жауапкершілік ауданы (аймағы) тиесілілігі бойынша әртүрлі аэронавигациялық ұйымдарға жатқызылған жағдайда, әуе кемелерінің қабылдау-тапсыру шептері тиісті ӘҚҚ органдарының арасындағы үйлестіру рәсімдері туралы келісімге сәйкес белгіленеді.
      Ұшып көтерілу және қону аймақтарының шекаралары ұшуды осы әуеайлақта орындайтын әуе кемелерінің ұшу-техникалық сипаттамаларын ескере отырып белгіленеді және өзінің көлемдері бойынша төмендеу мен қонуға кіру, ұшып шыққаннан кейін биіктікті алу және ұшудың әуеайлақтық шеңбері бойынша ұшу маневрін қауіпсіз орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      31. ӘҚҚ қабылдау-тапсыру шептері мынадай талаптарды ескере отырып белгіленеді:
      1) әуе кемесімен ұшып өткен сәтте «ауа-жер» тұрақты радиобайланысының және радиолокациялық бақылаудың (радиолокациялық эшелондау) болуы;
      2) қабылдау-беру шебінде ӘҚҚ кезіндегі рәсімдер санының ең аз көлеміне берілетін мәлімет.
      32. ӘК ұшқан кездегі ӘҚҚ қабылдау-беру шептері:
      1) ЖДП және СДП арасында – алдын-ала жасалатын сөре;
      2) МДП (СДП) және ШДП арасында – бірінші бұрылу биіктігі немесе әуе кемесі экипажының ұшып көтерілуді орындау туралы баяндау сәті;
      3) ШДП және ЖДП арасында – арақашықтық немесе биіктік бойынша ұшып көтерілу және қону аймағының шекарасы;
      4) ШДП және МДП арасында – әуеайлақтан белгіленген арақашықтыққа арналған шекара (ұшып көтерілу және қону аймағының шекарасы);
      5) МДП және ЖДП арасында – әуеайлақ шегіндегі (жақындау аймағы) төменгі қауіпсіз эшелон;
      6) ЖДП және МДП арасында – әуеайлақ ауданының (жақындау аймағы) шегінде әуеайлақ ауданының арақашықтығы немесе төменгі қауіпсіз эшелон бойынша әуеайлақ ауданының шекарасы;
      7) ЖДП және ӘДО арасында – әуеайлағы ауданының арақашықтығы немесе биіктігі бойынша шекарасы;
      8) ӘДО және МДП арасында – аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған эшелон.
      33. ӘК ұшқан кездегі ӘҚҚ қабылдау-беру шекаралары:
      1) ӘДО және МДП арасында – аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған эшелон;
      2) ӘДО және ЖДП арасында – әуеайлақ ауданының қашықтық немесе биіктік бойынша шекарасы;
      3) МДП және ЖДП арасында – қашықтық бойынша әуеайлақ ауданының шегін немесе әуеайлақ ауданы шегіндегі төменгі қауіпсіз эшелон (жақындау аймағы);
      4) ЖДП және МДП арасында – әуеайлақ ауданы шегіндегі төменгі қауіпсіз эшелон (жақындау аймағы);
      5) ЖДП және ШДП арасында – арақашықтық немесе биіктік бойынша ұшып көтерілу және қону аймағының шекарасы;
      6) МДП және ШДП арасында – әуеайлақтан белгіленген арақашықтыққа арналған шебі (ұшып көтерілу және қону аймағының шекарасы);
      7) ШДП және МДП арасындағы – әрбір әуеайлақта қонуға кіру түрі (аспаптар бойынша ұшу қағидалары – АҰҚ, қонуға көзбен шолып кіру – ҚКК) бойынша нақтыланады:
      АҰҚ бойынша қонуға кіру кезінде:
      ҰҚЖ табанынан қашықтау бойынша;
      магнитті қону бағытынан алынған секторды көрсету бойынша;
      КҰҚ бойынша қонуға кіру кезінде биіктік диапазоны бойынша:
      әуе кемесінің тікелей қону алдындағы түзуде табылу сәтінде;
      8) ШДП және СДП арасында – БПРМ ұшып кеткеннен кейін СДП диспетчерінің әуе кемесін көрнекі табу сәті;
      9) МДП (СДП) және ЖДП арасында – әуе кемесінің ҰҚЖ-ны босату сәті.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      34. МДП диспетчері түнгі уақытта жоқ болған кезде (оның жұмыс регламентіне байланысты) және АҰҚ бойынша ұшуды орындау жөнінде МДП, ӘҚҚ ауданындағы ұшу үшін бөлінген эшелондардағы әуе трассалары арқылы орындауды жүзеге асырады.
      34-1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету әуе кемесі ӘҚҚ органына бекітілген әуе кеңістігіне кірген кезде басталады және әуе кемесі одан шыққан кезде аяқталады.
      Жекелеген жағдайларда әуе қозғалысына қызмет көрсетуді беру шебі әрбір нақты жағдайда уақыты бойынша немесе екі аралас ӘҚҚ органдары арасында келісілген нүктеге жылжуы мүмкін.
      Ескерту. 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

5. ӘҚҚ-ның диспетчерлік пункттері

      35. ӘҚҚ диспетчерлік пункттері азаматтық әуеайлақтарды пайдаланудың жарамдылық нормаларының талаптарына жауап беретін ғимараттарға орналастырылуға тиіс.
      36. ӘҚҚ диспетчерлік пункттері үй-жайларының жұмысшы алаңы, олардың дыбысоқшаулауы, санитарлық-гигиеналық жағдайы, өртке қарсы жабдық және режимдік-күзеттік қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиіс.
      37. Диспетчерлердің жұмыс орны эргономиканы ескере отырып, ұйымдастырылады. ӘҚҚ диспетчерлік пункттерінің жабдығы мен диспетчерлердің жұмыс орындары диспетчерге өзінің технологиялық функцияларын еркін орындауға мүмкіндік беруге және техникалық персоналдың профилактикалық жұмыстар мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беруге тиіс.
      37-1. Әуеайлақтық диспетчерлік орталық (әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті) пен аудандық диспетчерлік орталықтың (аудандық диспетчерлік пункті) диспетчерлік пункттері жабдықтарының бақылау тізбесі осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 37-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

6. ӘҚҚ органдарын байланыс құралдарымен қамтамасыз ету

Параграф 1. Авиациялық жылжымалы қызмет
(«ауа-жер» екіжақты байланысы)

      38. Байланыс үшін ӘҚҚ кезінде "ауа – жер" радиотелефония және/немесе деректерді беру желісі пайдаланылады.
      ӘҚҚ органдары авариялық 121,5 МГц арнаны тұрақты тыңдауды қамтамасыз етеді.
      39. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін «пилот – диспетчер» деген екіжақты радиотелефонды байланыс немесе деректерді беру желісі бойынша байланыс пайдаланылады. Бұл ретте «ауа – жер» екіжақты байланыс арнасы жазба құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      Байланыс арналары арқылы жасалған барлық келіссөздер мен хабарламалардың жазбалары 30 күн бойы сақталады.
      40. «Ауа – жер» екіжақты байланыс құралдарына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету үшін ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ӘҚҚ органының және ұшу ақпараты ауданының шегінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің арасындағы екіжақты байланысты енгізуді көздейді.
      41. «Ауа – жер» екіжақты байланыс құралдарына аудандық диспетчерлік қызмет көрсету үшін аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және ӘҚҚ органы мен диспетчерлік ауданның (дардың) шегінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің арасында екіжақты байланысты енгізуді көздейді. Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын «ауа – жер» екіжақты байланыс құралдары екіжақты байланыс кедергілерінен тікелей, жедел, үздіксіз және еркін қамтамасыз етуге тиіс.
      42. «Ауа – жер» екіжақты байланыс құралдарының жақындауға диспетчерлік қызмет көрсету үшін жақындауға диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін әуе кемелерімен ӘҚҚ-да тұрған ӘҚҚ органының арасындағы екіжақты байланыс кедергілерінен тікелей, жедел, үздіксіз және еркін қамтамасыз етуге тиіс екендігін көздейді.
      43. «Ауа – жер» екіжақты байланыс құралдарына әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету үшін әуеайлақтық диспетчерлік пункт пен оның жауапкершілік аймағында ұшуды орындайтын әуе кемелерінің арасындағы екіжақты байланыс кедергілерінен тікелей, жедел, үздіксіз және еркін қамтамасыз етуге тиіс екендігін көздейді.
      44. ӘҚҚ кезінде пайдаланылатын байланыс жүйелері жоғары сенімділік дәрежесін иеленуі және резервінің болуы тиіс.
      44-1. Белгіленген жауапкершілік аймағында ӘК-мен байланыстың тиімділігін анықтау үшін ӘҚҚ органы (диспетчерлік пункт) ұшу биіктігіне қарай өте жоғары жиілік (бұдан әрі - ӨЖЖ) ауқымындағы авиациялық-әуе электрбайланыс арналарының қолданылу қашықтығы кестелерімен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. Нұсқаулық 44-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Параграф 2. Авиациялық тіркелген қызмет
(«ауа-жер» екіжақты байланысы)

      45. ӘҚҚ жанындағы «ауа-жер» екіжақты байланысы үшін тікелей сөз байланысы және/немесе деректерді беру желісі бойынша байланыс пайдаланылады.
      Байланыс арналары арқылы барлық келіссөздер мен хабарламалардың жазбасы 30 күн бойы сақталады.
      46. Авиациялық тіркелген қызмет мыналарға:
      1) ұшу ақпараты ауданының шегіндегі ӘҚҚ органдарының арасындағы байланысқа;
      2) ӘҚҚ органдарының және басқа қызмет көрсетулердің арасындағы байланысқа;
      3) аудандық ұшу ақпараттарының арасындағы байланысқа;
      4) ӘҚҚ органдары мен ұшу ақпарат орталығы арасындағы байланысқа арналған.
      47. Ұшу ақпаратының орталығын байланыс құралдарымен оның жауапкершілік ауданының шегінде ӘҚҚ қамтамасыз етуші мынадай органдар қамтамасыз етеді:
      1) егер олар бір орында орналаспаса аудандық диспетчерлік орталық;
      2) жақындау диспетчерлік пункттері;
      3) әуеайлақтық диспетчерлік пункттер.
      48. Аудандық диспетчерлік орталықты ұшу ақпараты орталығымен байланыстан басқа байланысу құралдарымен оның жауапкершілік ауданы шегінде ӘҚҚ қамтамасыз етуші мынадай органдар қамтамасыз етеді:
      1) жақындау диспетчерлік пункттері;
      2) әуеайлақтық диспетчерлік пункттер;
      3) олар жеке құрылған жағдайда ӘҚҚ-ға қатысты хабарламаларды жинау пункттері.
      49. Жақындау диспетчерлік пункті ұшу ақпараты орталығымен және аудандық диспетчерлік орталықпен байланыстан басқа тиісті әуеайлақтық диспетчерлік пункттермен және ӘҚҚ-ға қатысты, ол(лар) жеке құрылған жағдайда тиісті хабарламаларды жинау пункттерімен байланысу құралдарымен өзінің жауапкершілік аймағы шегінде қамтамасыз етіледі.
      50. Әуеайлақтық диспетчерлік пункт ұшу ақпараты орталығымен, аудандық диспетчерлік орталықпен және жақындау диспетчерлік пунктімен байланыстан басқа ӘҚҚ-ға қатысты тиісті жеткізілімдерді жинау пунктімен байланысу құралдарымен, ол жеке құрылған жағдайда, қамтамасыз етіледі.
      51. 46-тармақтың 2) тармақшасының талаптарын орындау үшін Ұшу аппараты орталығы мен ӘДО (АДП) олардың тиісті жауапкершілік аудандарының шегінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мынадай органдармен байланысу құралдарымен қамтамасыз етіледі:
      1) ӘҚБ тиісті органдары және әуе шабуылына қарсы қорғаныс (бұдан әрі – ӘШҚҚ) органдары;
      2) осы орталық қызмет көрсететін метеорологиялық орган;
      3) осы орталық қызмет көрсететін авиациялық электрлік байланыс станциялары;
      4) тиісті әуеайлақта орналасқан пайдаланушылар;
      5) іздестіру мен құтқарудың үйлестіруші орталық және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген авиациялық оқиғалар (оқыс оқиғалар) туралы хабарламалар жөнінде схемада көрсетілген басқа да ұйымдар;
      6) осы орталық қызмет көрсететін NОТАМ офисі («Брифинг» тобы).
      52. 46-тармақтың 2) тармақшасының талаптарын орындау үшін жақындау диспетчерлік пункті мен әуеайлақтық диспетчерлік пункті олардың тиісті жауапкершілік аудандарының шегінде қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мынадай органдармен байланысу құралдарымен қамтамасыз етіледі:
      1) тиісті ӘҚБ және ӘШҚ органдары;
      2) апаттық-құтқару қызметтері;
      3) тиісті орган қызмет көрсететін метеорологиялық орган;
      4) тиісті орган қызмет көрсететін авиациялық электрлік байланыс станциялары;
      5) ол жеке құрылған жағдайда, перрондағы қызметті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін (әуеайлақтың өндірістік-диспетчерлік қызмет) орган.
      53. ӘҚҚ-ның тиісті органымен және ӘҚБ, ӘҚҚ органдарының жауапкершілік ауданының шегінде ұстап алу жөнінде операцияларды басқару үшін жауап беретін органмен жедел және сенімді байланыс қамтамасыз етіледі.
      54. 47-50-тармақтарда, 51-тармақтың 1) тармақшасында және 52-тармақтың 1)-3) тармақшаларында көзделген байланыс құралдары мыналарды:
      1) радиолокациялық деректерді немесе шапшаң белгіленетін ADS-B деректерін пайдалана отырып, ӘҚҚ-ге беруге арналған байланыстың көмегімен деректерді беру желісі арқылы жеке немесе байланыспен үйлестіріле пайдаланылатын тікелей сөздік байланыс шұғыл түрде, ал басқа мақсаттарға арналған байланыс 15 секунд шегінде белгіленеді;
      2) жазу жазбасы талап етілген жағдайда, осындай байланысты жүргізу кезінде хабарлардың өту уақыты 5 минуттан аспайтын құралдарды қамтиды.
      55. 54-тармақта көзделмеген жағдайларда байланыс құралдары мыналарды:
      1) деректерді беру желісі арқылы жеке немесе байланыспен үйлестіріле пайдаланылатын тікелей сөздік байланыс 15 секунд шегінде белгіленуге тиістігін;
      2) әріптерді басу байланысы жазбалық жазба талап етілген жағдайда, осындай байланыс жасау кезінде хабарлардың өту уақыты 5 минуттан аспайды.
      56. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуде деректерді электрондық-есептеу машинасына (бұдан әрі – ЭЕМ) автоматты түрде енгізу және (немесе) деректерді осы ЭЕМ-дан шығару талап етілген жағдайда, деректерді автоматты түрде жазу қамтамасыз етіледі.
      57. 52-тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көзделген байланыс құралдары циркуляциялық байланыс үшін бейімделген тікелей сөздік байланыс құралдарын қамтиды.
      58. 52-тармақтың 4) тармақшасында көзделген байланыс құралдары белгіленген 15 секунд шегінде циркуляциялық байланыс үшін бейімделген тікелей сөздік байланысты қамтамасыз ететін құралдарды қамтуға тиіс.
      59. Тікелей сөздік байланыстың барлық құралдары немесе ӘҚҚ органдары мен басқа да органдар арасындағы деректер беру желілері автоматты жазбаны қамтамасыз етеді.
      60. Деректер мен хабарламалардың жазбасы 30 күн бойы сақталады.
      61. Ұшу ақпараты орталығы мен аудандық диспетчерлік орталықтарының барлық аралас ұшу ақпаратының орталықтарымен және аудандық диспетчерлік орталықтармен байланысуға арналған құралдармен қамтамасыз етіледі.
      62. Әуе кемесінің жолдың берілген желісінен ауытқыған жағдайда ұстап алу қажеттігін жою үшін, Қазақстан Республикасының ұшу ақпаратының орталығымен немесе Қазақстан Республикасының аудандық диспетчерлік орталығымен және шекаралас мемлекеттің көршілес диспетчерлік орталығымен немесе шекаралас мемлекеттің аудандық диспетчерлік орталығымен арасындағы байланыс құралдары деректерді берудің желілері арқылы жеке немесе үйлестірілген байланыста пайдаланылатын тікелей сөздік байланысты қамтамасыз ету құралдарын қамтиды. Бұл ретте автоматты жазба байланысының құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      63. ӘҚҚ аралас органдарының арасындағы байланыс кезінде деректерді беру желісі арқылы жасалатын байланыспен, автоматты жазбамен жеке немесе үйлесімді пайдаланылатын тікелей сөз байланысын қамтамасыз етуші құралдар пайдаланылады.
      Бұл байланыс құралдары:
      1) радиолокациялық деректерді, ADS-В немесе ADS-С деректерін пайдалана отырып, басқаруды беру мақсатында шапшаң байланысты;
      2) басқа мақсаттар үшін 15 секунд шегіндегі байланысты белгілейді.
      64. Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің арасындағы автоматты айырбас кезінде автоматты жазбаға арналған құралдармен қамтамасыз етіледі. Деректер мен хабарламалардың жазбасы 30 күн бойы сақталады.

Параграф 3. Бақыланатын әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы
көлік құралдарының қозғалысын басқаруды жүзеге асыру кезіндегі байланыс

      65. Бақыланатын әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы көлік құралдарының қозғалысын басқарушы әуеайлақтық диспетчерлік пункт көзбен шолу сигналдарының жүйесі пайдаланылған жағдайды қоспағанда, екіжақты радиотелефон байланысы құралдарымен қамтамасыз етіледі.
      Маневр жасау алаңындағы жұмыстарды орындайтын көлік құралдарымен радиобайланыс ажыраған жағдайда, байланыс құралдарымен жабдықталған басқа көлік құралдарын қолдану арқылы оны босатуға бұйрық беру үшін шаралар қолданылады немесе көзге көрінетін сигналдар қолданылады.
      65-1. Жабдықталмаған көлік құралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізі қағидаларының 111-тармағына сәйкес байланыс құралдарымен жабдықталған басқа көлік құралына ілесіп келе жатқан, немесе әуеайлақтық диспетчерлік пунктпен келісіліп, алдын ала жасалған жоспар бойынша пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, бақыланатын әуеайлақтардағы маневрлеу алаңында пайдаланылатын барлық көлік құралдары әуеайлақтық диспетчерлік пунктпен екі жақты байланысты қолдауы тиіс.
      Ескерту. 65-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      65-2. Маневрлік алаңында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанда (қауіпсіздіктің жанама жолағын санағанда) ұшуларды жүргізу кезеңінде әуеайлақтық диспетчерлік пункт пен жұмыстарды басқаратын жауапты тұлға (немесе жұмыстарды бақылайтын аэропорт қызметтері) арасында екі жақты радиотелефон байланысы қамтамасыз етіледі.
      Байланыс жүргізу тәртібі әуеайлақтық диспетчерлік пунктімен келісіледі.
      Ескерту. 65-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      66. Маневр жасау алаңындағы көлік құралдарының қозғалысын басқару үшін жеке байланыс арналары бөлінеді. Осындай барлық арналар автоматты жазбамен қамтамасыз етіледі.
      Деректер мен хабарламалардың жазбасы 30 күн бойы сақталады.

7. Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына ақпарат беру

Параграф 1. Ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған
метеорологиялық ақпарат пен басқа да маңызды ақпарат

      67. ӘҚҚ органдары өздерінің тиісті функцияларын (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекет тізілімінде № 11277 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылға 24 наурыздағы № 346 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес орындау үшін қажетті нақты және болжамды метеорологиялық жағдайлар туралы, сондай-ақ жаңартау қызметі туралы соңғы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      68. Әуеайлақ қызметі әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункттерін жұмыс алаңының бетінің жай-күйі туралы, оның ішінде шектеулердің болуы туралы, сондай-ақ олардың басқаруындағы әуеайлақтарға арналған әуеайлақпен кез келген байланысты пайдаланудың жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      69. ӘҚҚ органдары Ұшуды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасына сәйкес ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының пайдалану жай-күйі туралы ағымдағы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      70. Пилотсыз басқарылмайтын аэростаттарды пайдаланушылар тиісті ӘҚҚ органдарын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес пилотсыз басқарылмайтын аэростаттардың ұшуы туралы хабарлайды.
      71. ӘҚҚ органдарын әуеайлақ метеорологиялық органдары, егер бұл ұшуға қызмет көрсететін аудан шегінде ұшу орындалатын әуе кеңістігіне қатысты болса, атмосфераға радиоактивті заттардың немесе уытты химиялық заттардың тасталғаны туралы хабардар етеді.

Параграф 2. Ақпаратты бейнелеу құралдары

      72. Ақпараттар мен деректер диспетчер жауапкершілік ауданының (аймағының) шегінде ағымдағы әуе жағдайы туралы, сондай-ақ оның жауапкершілік аймағына кіретін әуеайлақтардың маневр жасау алаңындағы қозғалыс туралы толық мағлұмат ала алатындай ұсынылады. Ұсынылатын ақпарат осы заманғы табу және шиеленісті жағдайларын шешу, сондай-ақ оңайлату және деректерді тіркеуді ӘҚҚ (ӘҚБ) аралас органдарымен үйлестіру үшін әуе кемесінің қозғалысына қарай жаңартылады.
      73. Әуе кеңістігі конфигурациясының бейнесі негізгі нүктелері мен осы нүктелерге қатысты ақпаратты қамтиды. Ұсынылатын деректер ұшу жоспарларынан алынған ақпаратты және орналасқан жері туралы жеткізілімдерді қамтиды. Бейнеленген ақпарат автоматты түрде шоғырланады және жаңартылады немесе деректерді осыған өкілеттігі бар персонал енгізеді және жаңартады.
      74. Талап етілетін ұшу жоспарлары ұшудың барысы туралы ақпаратты қамтитын таспалық немесе электрондық стриптерді, электрондық бейнелеудің басқа нысандарында пайдалану арқылы немесе әртүрлі әдістерді ұштастыру арқылы ұсынылады.
      75. Ақпараттар мен деректерді ұсыну әдісінде (терінде), сондай-ақ ӘҚБ автоматтандырылған жүйелеріне деректерді қолмен енгізу тәсілдері мен әдістерінде адам факторының аспектілері ескерілген. Жекелеген әуе кемелеріне қатысты ақпаратты қоса алғанда, барлық деректер, дұрыс түсіндірмеудің немесе толық түсінбеудің ықтималдық минимумына жеткізу үшін осылайша ұсынылады.
      76. Ұшу барысы туралы ақпараты бар стриптерді пайдалану кезінде әрбір ұшуға кем дегенде бір стрип қарастырылады.
      77. Автоматты шоғырланған деректер ӘҚҚ диспетчеріне уақтылы ұсынылады. Ұшу туралы ақпараттар мен деректерді ұсыну ӘҚҚ-нің мақсаттары үшін осы деректерді пайдалану қажеттігі болмай қалғанда, одан кейін тоқтатылады.
      78. Таспалы стриптер 30 күн бойы сақталады. Ұшу туралы ақпараты бар электрондық стриптер мен үйлестіру деректері жазылады және 30 күн бойы сақталады.
      78-1. Ақпаратты көрсету жүйелерін пайдалану кезінде ӘҚҚ органының персоналы көрсетілген жүйелерді қолдануға қатысты пайдаланушы нұсқаулығын зерттейді.
      Ескерту. Нұсқаулық 78-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Параграф 3. ӘҚҚ бақылау жүйелері

      79. ӘҚҚ кезінде пайдаланылатын бақылау жүйелері жоғары сенімділік деңгейінде болады. Соған байланысты ӘҚҚ толық және ішінара бұзушылықтары себеп болып табылуы мүмкін жүйелердің істен шығуы немесе олардың сипаттарының нашарлау ықтималдығы бар, оларды резервке жіберуді көздеу қажет.
      80. ӘҚҚ бақылау жүйелерінің барлық қолданыстағы деректерді интеграцияланған нұсқада қабылдау, өңдеу және бейнелеу қабілеттерін қамтамасыз етеді.
      81. ӘҚҚ байқау жүйелерінің ӘҚҚ қамтамасыз ету кезінде пайдаланылатын басқа автоматтандырылған жүйелермен ықпалдасу қабілетін қамтамасыз етеді және әуе жағдайы индикаторында бейнеленетін деректердің дәлдігі мен уақтылығын арттыру, сондай-ақ диспетчерге жұмыс жүктемесін кеміту мақсатында автоматтандырудың тиісті деңгейін және аралас ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының іс-қимылдарын үйлестіру үшін сөздік алмасу қажеттігін көздейді.
      82. ӘҚҚ байқау жүйелері ұшулардың қауіпсіздігін хабарлау мен ескертулерге байланысты, оның ішінде шиеленісті жағдайдың туындауы туралы хабарлауы, қауіпсіздігі ең аз абсолютті биіктікке жету туралы, шиеленісті жағдайды болжауды көрнекі және әуе кемелерінің ҚШРЛ қасақана емес қосарласқан кодтары мен танымдық индекстерін қамтамасыз етеді.
      83. ӘҚҚ бақылау жүйелері, бастапқы шолу радиолокатор (бұдан әрі – БШРЛ), қайталама шолу радиолокаторы (ҚШРЛ) ретінде және радио хабарын тарату режиміндегі автоматты тәуелді бақылау (ағылшын тіліндегі аббревиатура ADS-B, (бұдан әрі – ADS-B)) ӘҚҚ кезінде, оның ішінде әуе кемелерін эшелондауды қамтамасыз ету үшін дербес немесе ұштастырылып, мына жағдайлар кезінде қолданылады:
      1) осы ауданның шегінде радиолокациялық қамтуды қамтамасыз етеді;
      2) ӘҚҚ бақылау жүйелерінің табылу ықтималдығы, дәлдік және жұмысқа қабілеттілік жүйесі (жүйелері) қанағаттанарлық болып табылады;
      3) ADS-B пайдалану жағдайында қатысушы әуе кемелерінен алынатын деректердің қолжетімділігі.
      84. ҚШРЛ жүйелері әуе кемелерін мынадай жағдайларда:
      1) әуе кемесінің бортында ҚШРЛ қабылдау-жауап беру аппаратының болуы;
      2) әуе кемелерінде тану құралдары орналастырылған және сақталған жағдайда эшелондауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
      85. ADS-B мынадай:
      1) ADS-B жарақтандырылған әуе кемелерінде тану құралдары орналастырылған және сақталған;
      2) эшелондау минимумін қамтамасыз ету үшін ADS-B хабарламасындағы деректер тұтастығының көрсеткіші;
      3) ADS-B ақпаратын бермейтін әуе кемелерінің болуына қатысты талаптың жоқтығы;
      4) әуе кемесінің навигациялық жүйелерінің элементтерімен айқындалған, орналасқан жеріне қарамастан әуе кемелерінің орналасқан орнын айқындауға қатысты талап болмаған жағдайларда әуе кемелерін эшелондауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.
      86. Бақылаудың негізінде ӘҚҚ ұсынуы белгіленген жауапкершілік аймақтарымен шектеледі.
      Аэронавигациялық ақпараттар жинақтарында пайдалануда қолданылатын әдістер туралы және (немесе) жабдықтың ӘҚҚ органдарының жұмысына тікелей әсер ететін шектеулер туралы ақпарат жарияланады.
      87. ӘҚҚ бақылаудың негізінде орналасқан жері туралы деректердің сапасы нашарлаған жағдайда шектеледі және ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті төмен деңгейде болады.
      88. Егер қабылдау-жауап беру аспаптарымен жабдықталған БШРЛ және ҚШРЛ ұштастырылған күйде пайдаланылса, онда танылған әуе кемелерін эшелондау үшін БШРЛ істен шыққан жағдайда, ҚШРЛ пайдаланылуы мүмкін.
      88-1. Бақылау жүйелерін қолдана отырып, әуе қозғалысына тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін ӘҚҚ диспетчерлік пунктінде ұшу биіктігіне қарай бақылау жүйелерінің қолданылу қашықтығының кестелері болады.
      Ескерту. Нұсқаулық 88-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Параграф 4. Әуе жағдайының индикаторы

      89. ӘҚҚ диспетчеріне бақылау ақпаратын беруді қамтамасыз ететін әуедегі жағдай индикаторында кем дегенде мыналар көрсетіледі:
      әуе кемесінің орналасқан жері туралы деректер;
      бақылау негізінде ӘҚҚ үшін қажетті картографиялық ақпарат;
      әуе қозғалысына қызмет көрсету барысында ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін тыйым салынған аймақтар, ұшуды шектеу аймақтары және қауіпті аймақтар;
      әуе кемесін сәйкестендіру мен ұшу эшелонына қатысты ақпарат.
      Ескерту. 89-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      90. Әуе жағдайының индикаторы әуе кемелерінің орналасқан жерін көрсетуді қоса алғанда, үздіксіз жаңартылып отыратын бақылау ақпаратын ұсынуды қамтамасыз етеді.
      91. Әуе кемелерінің орналасқан жерін бейнелеу мынадай көріністерде:
      1) әуе кемелерінің орналасқан жерінің жекелеген символдары, мысалы шоғырланатын БШРЛ, ҚШРЛ және ADS-B символдар немесе біріктірілген символдар;
      2) шоғырланған БШРЛ белгілері;
      3) шоғырланған ҚШРЛ жауаптары түрінде ұсынылуы мүмкін.
      92. Бақылау деректері сапасы нашарлаған жағдайда, ӘҚҚ диспетчеріне тиісті (жарықтық және (немесе) дыбыстық) индикацияны пайдалана отырып, ақпарат беріледі.
      93. ҚШРЛ-дың арнаулы кодтары 7500, 7600 және 7700 қоса алғанда, «тану» режимі, авариялық және (немесе) ұшу қауіпсіздігіне байланысты жедел ADS-B режимі, сондай-ақ автоматтандырылған үйлестіруге қатысты ақпарат танудың жеңілдігін қамтамасыз ететін нысанда ұсынылады.
      94. Байқау құралдарынан және (немесе) ұшу деректерін өңдеу жүйелерінен алынған ақпаратты беру үшін әріптік-сандық нысанда көрсетілетін ілеспе формуляр пайдаланылады.
      95. Формулярлар ақпараты кем дегенде әуе кемесінің тану деректерін (әуе кемесінің ҚШРЛ кодын немесе танымдық индексін) және ұшудың биіктігі туралы («А» режимінің ҚШРЛ-дан, ҚШРЛ «С» режимінің ҚШРЛ-дан, «S» режимінің ҚШРЛ-дан және (немесе) ADS-B) алынған ақпарат болған жағдайда, әуе кемесінің тану деректерін қамтуға тиіс.

Параграф 5. Бақылау деректерінің автоматты жазбасы

      96. Әуе кемесіне қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын әуе кемесінің бастапқы және қайталама РЛС немесе басқа жүйелердің (ADS-B, ADS-С) көмегімен алынған осы бақылаулар автоматты түрде жазылады және оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру, іздестіру мен құтқару жүргізу, әуе қозғалысымен басқару жүйелері және бақылау жүйелерін бағалау мен персоналды дайындау кезінде пайдаланылады.
      97. Орындалған автоматты жазбалар 30 күн бойы сақталады. Егер жазбалар оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеруге қатысты болса, олар тексеру уақыты кезеңінің ішінде сақталады.

8. Диспетчерлік рұқсаттар

Параграф 1. Диспетчерлік рұқсаттар беру

      98. Рұқсат әуе кеңістігін тиімді пайдалануды, сондай-ақ әуе кемелерінің қауіпсіз ұшуына әсер ететін жағдайларды ескере отырып, беріледі.
      Қозғалыстың мұндай жағдайларына:
      1) әуедегі және маневр жасау алаңындағы ӘҚҚ-де тұратын әуе кемесі;
      2) жердегі көлік құралдарының кез келген қозғалысы немесе маневр жасау алаңында пайдаланылатын тұрақты орналастырылмаған басқа кедергілер жатады.
      99. Егер диспетчерлік рұқсат әуе кемесінің командирін қанағаттандырмаса, ол сұрау салып, мүмкін болса, өзгертілген диспетчерлік рұқсат алады.
      100. ӘҚҚ органдары берген диспетчерлік рұқсат ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында немесе басқа мақсаттарда қолданылатын қандай да бір қағидаларды бұзуға өкілеттік бермейді.
      101. ӘҚҚ органдары соқтығысуларды болдырмау, сондай-ақ әуе қозғалысын жоспарлау мен үйлестіру мақсатында диспетчерлік рұқсат береді.
      102. Диспетчерлік рұқсат ол берілетін әуе кемесінің экипажында оны орындауға жеткілікті уақыты болуы үшін алдын ала беріледі.

Параграф 2. Ұшу бөлігін ӘҚҚ органы бақылайтын әуе кемелері

      103. Егер ұшу жоспарында ұшудың бастапқы кезеңінде бақыланатыны көрсетілсе, ал кейінгі бөлігі – бақыланбайтын болса, әуе кемесінің экипажына бақыланатын ұшу аяқталатын әуе кеңістігінің шекарасына дейін ұшуға диспетчерлік рұқсат беріледі.
      104. Егер ұшу жоспарында бастапқы кезеңде ұшу бақыланбайтын, ал кейінгі бөлігі – бақыланатын болатыны көрсетілсе, әуе кемесінің экипажына бақыланатын әуе кеңістігіне кіретін есепті уақытқа дейін 5 минут бұрын кімнің жауапкершілік аймағында бақыланатын ұшу басталса, сол ӘҚҚ органынан диспетчерлік рұқсат алуы қажет.
      Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Параграф 3. Аралық қондырулары бар ұшу

      105. Әуе кемесі алғашқы бару әуеайлағы болатын ұшып шығатын әуеайлаққа аралық қондырулары, бастапқы рұқсаттың іс-қимыл шекарасы бар ұшу жоспарын ұсынады, ал ұшудың кейінгі әрбір учаскесі үшін жаңа рұқсаттар беріледі.
      106. Аралық қондырулары бар ұшудың екіншісі және кейінгі әрбір учаскесіне арналған ұшудың жоспары күшіне енеді және егер, ӘҚҚ органы әуе кемесінің ұшып шығатын әуеайлақтан ұшып шыққаны туралы белгіленген кесте бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерінің экипаждарына хабарлама алатынын қоспағанда, тиісті ӘҚҚ органдарының арасындағы үйлестіруді жүзеге асырғаннан кейін аралық қондырулары бар басқа диспетчерлік аудандардағы барлық бағыттарға рұқсат берілуі мүмкін.

Параграф 4. Диспетчерлік рұқсаттардың мазмұны

      107. Диспетчерлік рұқсаттар дәл, қысқа баяндалған деректерді қамтиды және стандартты үлгіде жасалады.
      108. Ұшатын әуе кемелеріне арналған стандартты рұқсаттар мынадай элементтерді:
      1) әуе кемесінің шақыру белгісін (тіркеу нөмірін);
      2) рұқсаттардың қолдану шекарасын, әдетте бару әуеайлағын;
      3) тағайындалған SID (пайдалану кезінде);
      4) тағайындалған ұшу эшелонын (биіктігін);
      5) тағайындалған ҚШРЛ жауап берушінің кодын;
      6) басқа қажетті нұсқаулар немесе SID жазбасына енгізілмеген ақпаратты, мысалы жиіліктің өзгеруіне қатысты нұсқауларды қамтиды.
      Диспетчерлік рұқсаттар, стандартты рұқсаттарды қоспағанда, мынадай элементтерді:
      1) әуе кемесінің шақыру белгісін (тіркеу нөмірін);
      2) рұқсаттардың қолдану шекарасын;
      3) ұшу бағытын;
      4) барлық бағын үшін ұшу эшелоны (биіктігі) немесе оның бір бөлігі және қажет болған кезде, ұшу эшелонының (биіктігінің) өзгеруі. Егер эшелонға (биіктікке) қатысты рұқсат бағыттың бір ғана бөлігін қамтыса, онда ӘҚҚ органдары эшелонға (биіктікке) қатысты рұқсаттың осы бөлігі осы уақытқа дейін әрекет еткен пунктті көрсетеді.
      5) басқа мәселелер бойынша қажетті нұсқаулар мен ақпараттар, мысалы қонуға кіру немесе ұшып шығу кезінде маневр жасауға қатысты байланысы немесе рұқсаттың қолданылу мерзімінің уақытының аяқталуы. Рұқсаттың қолданылу мерзімінің аяқталу уақыты, егер ұшуды орындау басталмаса, осы рұқсат автоматты түрде жойылғаннан кейінгі уақытты білдіреді.

Параграф 5. Ұшып шығатын әуе кемелері мен бағыт үстіндегі әуе кемелері

      109. Ұшып шығуға стандартты рұқсат беру кезінде әуе кемесі ӘҚҚ-де болатын диспетчерлік пункттер арасында алдын ала үйлестіру жүргізіледі.
      110. Бағыт бойынша ұшуды орындауға арналған рұқсат беру кезінде әуе кемесі ӘҚҚ-да болатын аралас диспетчерлік пункттер арасында алдын ала үйлестіру жүргізіледі.
      111. Бастапқы диспетчер берген рұқсатта берілген деректер өзгерген кезде диспетчер әуе кемесінің экипажына өзгерісті хабарлайды.
      112. Егер ұшуды орындауға әсер ететін басқа жағдайлар осыны істеуге мүмкіндік берсе, әуе кемесі экипажының сұратуы бойынша ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертуге рұқсат етіледі.
      113. Рұқсат қолданысының шекарасы әуеайлақтың негізгі нүктесінің немесе бақыланатын әуе кеңістігі шекарасының атауын көрсету жолымен белгіленеді.
      114. ӘҚҚ органдарының арасындағы алдын ала үйлестіру ӘҚҚ органдары қабылдаушы ретінде қызмет көрсетуге әуе кемесін алғанға дейін жүзеге асырады. Рұқсат қолданысының шекарасы ретінде мұндай жағдайда баратын әуеайлақ немесе аралық қондыру әуеайлағы белгіленеді.
      115. Егер әуе кемесіне көршілес бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан аралық қону әуеайлағына дейін ұшуға рұқсат берілсе, жауапкершілік аймағында қону жүзеге асырылған ӘҚҚ органы келесі қону (бару) әуеайлағына дейінгі ұшуға рұқсат береді.
      116. Қажет болған кезде, ұшу бағыты әрбір рұқсатта жан-жақты көрсетіледі. Ұшу бағыты сәйкес келген жағдайда, немесе ұсынылған ұшу жоспарында көрсетілген бағытпен, «ұшу жоспарындағы көрсетілген бағыт бойынша ұшу рұқсат етіледі» деген сөз тіркесі пайдаланылады. SID немесе STAR пайдалану кезінде «ұшып шығу бағыты бойынша ұшуға рұқсат етіледі (белгілеу)» немесе «келу маршруты бойынша ұшуға (белгілеу) рұқсат етіледі» деген сөз тіркесі пайдаланылады.
      117. Әуе кеңістігінің қолданыстағы шектеулерін ескере отырып, ӘҚҚ диспетчерлеріне жұмыс жүктемені және әуе қозғалысының жиілігі, ӘҚҚ (ӘҚБ) аралас органдарымен үйлестіру жағдайы кезінде ұшу бағытын туралауға рұқсат етіледі.
      118. Егер ұшуды орындауға әсер ететін әуе жағдайы немесе басқа жағдайлар сұратылған өзгеріске рұқсат етуге мүмкіндік бермесе «unable to approve» пайдаланылады – «рұқсат ете алмаймын» деген сөз тіркесі және себебі түсіндіріледі. Егер бұл міндеттеме талап еткен жағдайда, баламалы бағыт немесе ұшу эшелоны (биіктігі) ұсынылады.
      119. Егер ұсынылып отырған баламалы бағытты әуе кемесінің экипажы қабылдаса өзгертілген рұқсат бастапқы рұқсатта көрсетілген пунктке (нүктеге) дейін немесе егер, әуе кемесі бастапқы бағытқа шықпаған жағдайда бару пунктіне дейін ұшу бағыты туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
      120. Әуе кемесінің экипажына берілген хабарларды қате түсінуден аулақ болу үшін, экипаж мынадай хабарларды:
      1) үлгі немесе әуе кемесінің командирінен (бұдан әрі – ӘКК) талап етілетін бұрын қабылдаған шешімді немесе ұшу жоспары өзгерісін;
      2) диспетчерлік рұқсаттарды (АТС CLEARANCE, бағыты бойынша ұшу), ұшуға немесе күтуге қатысты нұсқауларды;
      3) таңбаланған ҰҚЖ нөмірінің (бұдан әрі – ҰҚЖ номері) ұшудың немесе қонудың магнитті жол бұрышының (бұдан әрі – МЖБ) мәнін;
      4) қабылданған қысымның мәнін;
      5) ұшып шығуға, жетектеуді немесе жермен жүруді (кері бағыттан кез келген ҰҚЖ бағамымен, кез келген ҰҚЖ қолданылатын), ҰҚЖ қиып өтетін, ЖЖ, ұшып шығуды, қонуға кіруді, қонуды, ұшу эшелонының (биіктігінің) өзгеруіне рұқсат беруді немесе тыйым салуды;
      6) трассалық және бағыттық рұқсаттар;
      7) ҚШРЛ жауап берушінің қабылданған және белгіленген кодтың (режимнің) деректерін;
      8) берілген ұшу бағытының мәнін;
      9) берілген ұшу жылдамдығының мәнін немесе «М» санын, жылдамдықты төмендетуді немесе қосуды;
      10) берілген уақыттың мәнін;
      11) берілген радиобайланыс арнасының жиілігін қайталайды.
      121. Басқа рұқсаттар немесе нұсқаулар, шартты рұқсаттарды қоса алғанда, қайталанады немесе күмәнді болмау үшін осылайша расталады, өйткені олар түсінікті және қолданысқа қабылданған.
      122. Рұқсаттың немесе нұсқаудың дұрыс расталғанына көз жеткізу үшін әуе кемесінің экипажы, диспетчер қайталауды тыңдайды және қайталау кезінде анықталған кез келген алшақтықтарды жоюға арналған іс-қимылды қабылдайды.

9. Жылдамдықты басқаруға қатысты нұсқаулар

Параграф 1. Көлденең жазықтықтағы жылдамдықты
басқаруға қатысты нұсқаулар

      123. Әуе кемелерінің арасындағы белгіленген эшелондау арақашықтығын қамтамасыз ету үшін әуе кемелерінің үдемелі аспаптық жылдамдықтарды реттеу қолданылуы мүмкін.
      Әуе жағдайына сүйене отырып, диспетчер әуе кемесінің экипажынан ағымдағы аспаптық жылдамдықтың мәнін сұратады және басқа әуе кемелері аспаптық жылдамдықтардың қажетті мәнін қояды.
      Үдемелі аспаптық жылдамдықтарды реттеу кезінде әуе кемелерінің біріне ең жоғары мүмкін жылдамдықты ұстауға нұсқау беріледі, ал басқа әуе кемесіне жылдамдықты азайтуға нұсқау беріледі:
      1) таза қанаттың ең аз жылдамдығы (механикаландыру мен шассиді шығармастан);
      2) қонуға кірудің ең аз жылдамдығы (аралық жағдайда шасси мен қанат механизациясын шығара отырып, 1500 метрден төмен биіктікке қолданылады);
      124. Жылдамдықты реттеу күту аймақтарында тұрған әуе кемелеріне қолданылмайды.
      125. Әуе кемесінің экипажы, егер оның салыстырмалы жылдамдық көрсеткішін орындауға шамасы келмейтін болса, бұл туралы диспетчерге хабарлайды. Мұндай жағдайда диспетчер белгіленген эшелондау арақашықтығын қамтамасыз етудің басқа әдістерін қолданады.
      126. 7600 метр және одан жоғары биіктікте жылдамдықты түзету 0,01 Мах есе шамалармен көрінеді, 7600 метр биіктіктен төмен – аспаптық жылдамдық (IAS), сағатына 20 километр еселік (10 тораптар) шамаларымен бейнеленеді.
      127. Диспетчер әуе кемесінің жылдамдығын басқару әдісін қолдануды тоқтатқан кезде бұл туралы хабардар етеді.
      128. Жылдамдықты реттеу жөніндегі диспетчерге ұсыным:
      1) әуе кемесінің экипажынан жылдамдықты талап етілетін шамаға дейін кеміту мүмкіндігі, жылдамдықты арттыруға немесе кемітуге берілетін жалпы пәрменнің тиімділігі аз болып табылады, өйткені әуе кемесінің экипажына жылдамдықты қажетінше өзгерту дәрежесі туралы ұғымға мүмкіндік бермейді;
      2) әуе кемесінің әуеайлақ ауданына кірген кезде жылдамдықтың өзгеруі сағатына (270 торап) 500 еселік километрге дейін (indicated air speed – IAS) кеміте отырып, бірте-бірте жасалады;
      Үлкен тік жылдамдықты кемітумен бір мезгілде орындалуы қиын үдемелі жылдамдықты кеміту және әуе кемелерінің кейбір үлгілерінің үдемелі жылдамдықты кеміту мүмкіндігі шектеулі екендігін ескеру қажет.
      3) Биіктігі 4550 метрден төмен турбореактивті механизациясы мен шассиі жиналған әуе кемесінің тиісінше ең аз жылдамдықпен сағатына 410 километрге (220 торапқа) IAS дейін және механизациясы шығып тұрған кезде биіктігі 1500 метрден төмен сағатына 350 километрге (190 торапқа) дейінгі жылдамдықты пайдалана алады.
      129. Үдемелі аспаптық жылдамдықты (IAS) сұрату оны ұстауға берілген нұсқау болып табылмайды. Ағымдағы үдемелі аспаптық жылдамдықты сақтау қажеттігі кезінде диспетчер әуе кемесінің экипажына тиісті нұсқау береді.
      130. Қонуға кірудің аралық және түпкілікті кезеңдерінде әуе кемелерінің сағатына ±40 километрден (20 тораптан) аспайтын IAS жылдамдықты елеусіз төмендетуді пайдаланғаны жөн.
      131. Жылдамдықты реттеу барлық жағдайларда ҰҚЖ-дан 7 километрге қашықтағанға дейін аяқталуға тиіс.

Параграф 2. Тік жазықтықтағы жылдамдықты басқаруға қатысты нұсқаулар

      132. Әуе кемелерінің арасындағы эшелондаудың белгіленген арақашықтықтарын қамтамасыз ету үшін әуе кемелерінің тік жылдамдықтарын реттеу қолданылуы мүмкін.
      133. Тік жылдамдықты реттеу кезінде диспетчер әуе кемесінің тік жылдамдығын сұратады, одан кейін осы әуе кемесінің экипажына осы жылдамдықты ұстауға нұсқау береді немесе оған жаңа мән береді. Әлеуетті шиеленісті жағдайды туындататын басқа (басқадай) әуе кемесіне қолданыстағы тік арақашықтықты сақтауға немесе арттыруға мүмкіндік беретін тік жылдамдық беріледі.
      134. Тік жылдамдықты сұрату оны ұстауға берілген нұсқау болып табылмайды. Ағымдағы тік жылдамдықты сақтау қажет болған кезде диспетчер әуе кемесінің экипажына тиісті нұсқаулар береді.
      135. Әуе кемесінің экипажы, егер ол салыстырмалы тік жылдамдық  нұсқауларын орындай алмайтын жағдайда болса, онда бұл туралы диспетчерге хабарланады. Мұндай жағдайда диспетчер эшелондаудың белгіленген арақашықтығын қамтамасыз етудің басқа әдістерін қолданады.
      136. Әуе кемесіне жылдамдықты жинақтауды ұлғайту немесе белгілі бір эшелонның баратын немесе қиып өтуін қамту немесе жылдамдықты жинақтау немесе төмендету үшін нұсқау берілуі мүмкін.
      137. Диспетчермен тік жылдамдықпен қолдану әдісімен басқаруы тоқтатылған кезде әуе кемелері бұл туралы хабарландырылады.
      138. Тік жылдамдықты қолдану кезінде ӘҚҚ органының диспетчері (қажет болған жағдайда) берілген жылдамдықты жинақтаудың немесе төмендетудің әуе кемесінің экипажы ұшудың қандай эшелонына (биіктігіне) дейін ұстай алатыны туралы сұратады. Бұл ретте ӘҚҚ органының диспетчері эшелондаудың белгіленген арақашықтығын қамтамасыз етудің басқа әдістерін қолдануын уақтылығы мүмкіндігін көздейді.

10. АҰҚ бойынша ұшудан КҰҚ бойынша ұшуға өту

      139. АҰҚ бойынша ұшудан КҰҚ бойынша ұшуға өтуді ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен келісім бойынша әуе кемесінің экипаждары жүзеге асырады.
      140. Әуе кемесінің экипажы АҰҚ бойынша ұшудан КҰҚ бойынша ұшуға өтуге рұқсат сұраған кезде диспетчер әуе және метеорологиялық жағдайды талдай отырып, оған мұндай рұқсатты береді.
      141. Егер ӘҚҚ органының КҰҚ бойынша ұшу шарттарына сәйкес келмейтін метеорологиялық жағдайлар туралы ақпараты болса, ол бұл туралы әуе кемесінің экипажына хабарлайды.

11. Іздегі турбуленттілік санаты

      142. Іздегі турбуленттілік санаттары бойынша және ұшып көтерілу массасына сәйкес әуе кемелері мыналарға:
      1) «ауыр» (Н) – 136 000 килограмм немесе одан астам массадағы әуе кемелерінің барлық үлгілеріне;
      2) «орташа» (М) – кемінде 136 000 килограмм, бірақ 7000 килограммнан аспайтын массадағы әуе кемелерінің үлгілеріне;
      3) «жеңіл» (L) – 7000 килограмм немесе одан кем массадағы әуе кемелерінің үлгілеріне бөлінеді.
      143. «Ауыр» санатқа жататын әуе кемелеріне қатысты осындай әуе кемелерінің және ӘҚҚ органдарының арасында бастапқы радиотелефон байланысын орнату әуе кемесінің шақыруына «heavy» - «ауыр» сөзі қосылады.

12. Биіктік өлшегіштерді орнату

Параграф 1. Әуе кемесінің тік жазықтықтағы орны туралы деректер

      144. Әуе кемесі ұшуының барометриялық биіктігін есептеу мына:
      1) өту биіктігінде және одан төмен әуеайлақ маңында ұшу шегінде әуеайлақ ауданында – атмосфералық қысымның мәні бойынша ҰҚЖ жұмыс табанының деңгейінде немесе теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ҰҚЖ-ның жұмыс табаны деңгейіндегі атмосфералық қысым мәні бойынша;
      2) төменгі эшелонның төмен биіктікте ұшу бағыты бойынша – бағыттағы (бағыт учаскесі) теңіздің орта деңгейіне келтірілген ең төмен атмосфералық қысым бойынша;
      3) өту және жоғары эшелонда – стандартты 760 миллиметр сынап бағанасы (1013,25 мбар/гПа) атмосфералық қысым бойынша ұшу кезінде жүргізіледі.
      145. Ұшып көтерілгеннен кейін барометрлік биіктік өлшегіш шәкілін әуе кемесі экипажының ауыстыруы:
      1) стандартты атмосфералық қысым мәнінде – өту биіктігін қиып өту кезінде;
      2) ең аз атмосфералық қысым мәнінде, төменгі эшелоннан төмен биіктікте ұшуды орындау кезінде теңіздік орташа деңгейіне келтірілген ұшу бағыты бойынша – белгіленген шепте немесе ӘҚҚ органының нұсқауы бойынша жүргізіледі.
      146. Ұшу кезіндегі эшелонның (биіктіктің) ұстанымдылығы:
      1) стандартты атмосфералық қысым арқылы – биіктіктің өтуінен бастап, эшелонға (биіктікке) көтерілгенде және ұшу эшелонынан бастап әуе кемесінің төмендеуіндегі өту эшелонына дейін;
      2) әуеайлақтың стандартты атмосфералық қысымы арқылы немесе орташа теңіз деңгейіне келтірілген минималды атмосфералық қысым – әуеайлақ ауданында (аэротүйін)
      147. Биіктікке өту әуеайлақ ауданында КТА-дан 50 километрден аспайтын, 100-ге еселенген мәніне дейін ұлғаю жағына қарай дөңгелектелген радиусте белгіленеді. Өту биіктігінің өту қабатын азайту үшін өту эшелоны мүмкін болып белгіленеді, бұл ретте өту эшелоны мен өту биіктігі арасындағы айырма кемінде 300 метр болуы тиіс. Әуе кемелерінің өту қабатындағы өту биіктігінен өту эшелонына дейін көлденең режиммен ұшуына тыйым салынған.
      148. Бағыт бойынша әуе кемесінің төменгі эшелоннан төмен ұшуы кезінде және эшелонды иелену қажеттігі бойынша теңіздің орта деңгейіне келтірілген ең аз қысымы бар қысымның барометрлік биіктік өлшегішінің шәкілін ауыстыру эшелонды иелену үшін стандартты атмосфералық қысым биіктігін алу басында жүзеге асырылады.
      149. Төменгі ұшу эшелонынан төмен бағыт бойынша ұшу биіктігіне дейін әуе кемесінің төмендеуі кезінде барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілін стандартты атмосфералық қысымнан теңіздің орта деңгейіне келтірілген ең аз қысымға ауыстыру өту биіктігін қиып өту кезінде жүргізіледі. Әуеайлақ ауданында өту эшелонының автоматты ақпарат беру хабарламалары болмаған жағдайда өту эшелоны мен теңіздің орта деңгейіне келтірілген ең аз қысым мәнін әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ органынан алады.
      Өту эшелоны төменгі (қауіпсіз) эшелонынан төмен белгіленеді.
      150. Әуеайлаққа қону кезінде барометрлік биіктік өлшегіш шәкілін ауыстыру мынадай:
      1) стандартты 760 миллиметр сынап бағанасы (1013,25 мбар/гПа) атмосфералық қысымнан өту эшелонын қиып өту кезінде теңіздік орташа деңгейіне келтірілген ҰКҚ жұмыс табаны деңгейіне;
      2) төменгі эшелоннан төмен биіктікте әуеайлаққа жақындау кезінде теңіздің орташа деңгейіне келтірілген бағыт бойынша ең аз атмосфералық қысымнан ҰКҚ жұмыс табаны деңгейіне – белгіленген шепте немесе ӘҚҚ органының нұсқауы бойынша жүргізіледі.
      151. Ұшып көтерілу-қону жолақтарының деңгейіндегі атмосфералық қысым кезінде таулы әуеайлақтардағы аз шекті мән белгіленген барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілінде мыналар:
      1) ұшып көтерілер алдында теңіздің орташа деңгейіне келтірілген әуеайлақтың қысым мәнін белгілеу қажет. Бұл жағдайда биіктік өлшегіш көрсеткіші берілген биіктікті алу жүргізуге қатысты «шартты нөл» үшін қабылданады;
      2) қонар алдында ӘҚҚ органы ӘК экипажына әуеайлақтың абсолютті биіктігін және теңіздің орташа деңгейіне келтірілген биіктік өлшегішке ұшу экипажы орнататын әуеайлақтың атмосфералық қысымының мәнін хабарлайды және биіктік өлшегіш ұшудың абсолютті биіктігін, ал жерге қонар сәтте – теңіздің орта деңгейіндегі әуеайлақтың биіктігі көрсететін ескере отырып, қонуға кіруді жүргізеді.

Параграф 2. Биіктік өлшегішті орнату туралы ақпарат ұсыну

      152. Өту эшелоны әуе кемесінің экипажына қонуға кіру үшін төмендеу кезінде хабарланады және сөз байланысы, ATIS радио хабар таратушы хабарларының көмегімен немесе деректерді беру желісі арқылы берілуі мүмкін.
      153. Қонуға енер кезде және ATIS радио хабар таратушы хабарлары болмаған немесе деректерді беру желісі жоқ кезде өту эшелоны диспетчерлік рұқсатпен қосылады.
      154. Өту эшелонынан төмендеуге рұқсат, ұшудың әуеайлақтық шеңберіне кіруге арналған рұқсат беру кезінде, сондай-ақ ұшатын әуе кемелеріне берілетін рұқсаттарда, ҰКҚ жұмыс табанының деңгейіндегі (QFE) немесе әуе кемесі осы ақпаратты бұрын алып қойған жағдайларды қоспағанда, теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ҰКҚ жұмыс табанының деңгейіндегі (QNH) қысым туралы деректер қосылады.

13. Орналасқан жері туралы жеткізу

      155. ӘҚҚ қажеттілігіне қарай әуе трассаларында орналастырылған, ұшып өтетін әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ органына хабарлайтын ЖӘЖ және бағыттар белгіленетін міндетті түрде хабарлау пункттері белгіленеді.
      156. Міндетті түрдегі хабарламалар пункттері, қажет болған жағдайда радиотехникалық құралдармен таңбаланады және мыналарда:
      1) әуе трассалары учаскелерінің, ӘҚҚ маршруттарының түйіспе (қиылысатын) нүктелерінде;
      2) ұшу эшелондарының (биіктіктерінің) және бағыттарының бұрылыс пункттерінің өзгерген нүктелерінде;
      3) ӘҚҚ қабылдау-беру шептерінде;
      4) мемлекеттік шекаралардың қиылысу нүктелерінде;
      5) таулы жерлерге тән бағдарлар үстінде;
      6) үлкен қашықтықтағы (300-500 километр) әуе трассаларының учаскелерінде белгіленеді.
      157. МХП белгілеу кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алу қажет:
      1) қажетті МХП саны барынша азайтылады;
      2) таңбаланған әрбір нүкте міндетті түрде хабарлау пункті бола бермейді;
      3) төменгі әуе кеңістігіндегі міндетті түрде хабарлау пункті жоғарғы әуе кеңістігі үшін міндетті түрде хабарлау пункті болмауы мүмкін.

14. Эшелондаудың әдістері мен минимумдары

Параграф 1. Тік эшелондау аралықтары

      158. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тік эшелондау осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында белгіленген эшелондарды бөлу схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
      159. Тік эшелондаудың қысқартылған минимумы 8850 метр (FL290) мен 12500 метрді (FL410) қоса алғандағы эшелондар аралығындағы ауқымда қолданылады және RVSM қолданылатын әуе кеңістігі болып табылады.
      RVSM-і бар әуе кеңістігіне кіруге диспетчерлік рұқсат RVSM-і бар әуе кеңістігіне жіберілген азаматтық авиацияның әуе кемелеріне және мемлекеттік авиацияның әуе кемелеріне беріледі.
      Әуе кемесі экипажынан жабдықтың жұмыс істемеуіне орай ұшудың берілген эшелонын (CFL) ұстаудың мүмкін еместігі туралы баяндау алған кезде ӘҚҚ органы бұл әуе кемесін RVSM-і бар әуе кеңістігінен шығару бойынша шаралар қабылдайды.
      Әуе кемесі экипажынан ауа-райы жағдайынан ұшудың берілген эшелонын (CFL) ұстаудың мүмкін еместігі туралы баяндау алған кезде ӘҚҚ органының диспетчері мынадай іс-қимылдар қабылдайды:
      1) ұшу эшелонының және/немесе ауданның белгілі бір ауқымында RVSM-ді қолдануды уақытша тоқтату қажеттігін айқындау үшін әуе кемесі экипажының (пилотының) ниетін сұрайды;
      2) әуе жағдайын бағалайды және бұл әуе кемесі мен басқа әуе кемелерінің арасында 600 метрде (2000 фут) бүйірлік, бойлық немесе ұлғайтылған тік эшелондауды қамтамасыз ете отырып, әуе кемесінің ұшуды орындау мүмкіндігін бағалайды;
      3) ұшуды орындаудың 2) тармақшада көрсетілген жағдайларын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесінің экипажына RVSM-і бар әуе кемесінен тыс ұшуды орындауға диспетчерлік рұқсат береді;
      4) ұшуды орындаудың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде бұл әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеліп, оған қатысты эшелондаудың белгілі бір аралықтарын қамтамасыз етуге арналған қажетті іс-қимылдар қабылданады.
      160. Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері RVSM-і бар әуе кеңістігінде ұшуды жүргізу кезінде әуе кеңістігін ұйымдастырудың мынадай әдістері қолданылады:
      1) әуе кеңістігін пайдалануды шектеу;
      2) ұшу эшелондарының тиісті ауқымын ұстау;
      3) әуе кемелері ұшуының арнайы бағыттарын енгізу;
      4) 600 метр (2000 фут) тік эшелондаудың минимумын пайдалана отырып, әуе кемелері ұшуының арнайы бағыттарын енгізу.
      ӘҚҚ органының диспетчері метеоақпарат пен ӘК экипаждарының күшті турбуленттіліктің бар екендігі туралы хабарламаларын пайдалана отырып, ұшу басшысымен келісім бойынша уақыттың белгілі бір кезеңінде және ұшудың белгілі бір эшелондарында және/немесе аймақтарында тік эшелондау минимумін ұлғайту қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
      Егер эшелондаудың ұлғайтылған минимумін қолдану қажет болатын жағдайларда диспетчер, ӘҚҚ аралас органдарының арасындағы өзара іс-қимыл рәсімдері туралы келісімге сәйкес төтенше жағдайларда эшелондауды бөлу схемасы айқындалған жағдайларды қоспағанда, көрші ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарымен ӘҚҚ-ге беру кезінде қолданылатын ұшу эшелондарын келіседі.
      161. АҰҚ бойынша ұшу кезінде тік эшелондаудың мынадай ең аз аралықтары қолданылады:
      1) FL290 (8850 метр) – 300 метр (1000 фут) төмен ұшу эшелондарында;
      2) FL290 (8850 метр) және FL410 (12500 метр) ұшу эшелондарының арасында:
      300 метр (1000 фут) – RVSM-і бар ұшуға жіберілген ӘК арасында;
      600 метр (2000 фут):
      RVSМ-і бар ұшуға жіберілген мемлекеттік ӘК арасында,
      RVSM-і бар әуе кеңістігінде ұшуға жіберілмеген басқа ӘК;
      RVSM-і бар әуе кеңістігінде топтар құрамында және басқа ӘК-мен ұшуды орындайтын барлық мемлекеттік ӘК арасында;
      RVSM-і бар ұшуға жіберілмеген ӘК мен басқа ӘК арасында RVSМ-і бар әуе кеңістігінен/кеңістігіне өту әуе кеңістігінде;
      екі әуе кемесі де RVSM әуе кеңістігінде ұшуды орындаса, ұшуды жұмыс істемейтін радиобайланыспен орындайтын ӘК мен кез келген басқа ӘК арасында;
      3) FL 410 (12500 метр) – 600 метр (2000 фут) жоғары ұшу эшелондарында.
      162. Ұшу эшелондарын (биіктігін) тағайындауды ӘҚҚ органдары:
      1) өту (қауіпсіз эшелоннан төмен) және жоғары эшелонда – осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес ұшу эшелондарының нөмірлерінде (әуе кемесі экипажының сұрауы бойынша ұшудың тиісті эшелоны метрмен тағайындалады);
      2) өту эшелонынан төмен (қауіпсіз эшелоннан төмен) – метрмен жүзеге асырылады.
      163. Төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде төменгі эшелондардың арасында тік арақашықтық және ұшу биіктігі 300 метрден кем болмауға тиіс.
      Төменгі эшелоннан төмен әуе кемелерінің КҰҚ бойынша ұшулары сағатына 300 километрден аспайтын жылдамдықпен ұшу биіктігі 150 метрден арқылы эшелондалады.
      164. Шеңбер бойынша ұшудың биіктігі мен күту аймағындағы төменгі эшелон арасында тік арақашықтық кем дегенде 300 метр болуға тиіс.
      165. Әуеайлақ ауданындағы әуе кемелерінің арасындағы тік арақашықтық кем дегенде 300 метр болып белгіленеді. А санатындағы ұшақтар мен КҰҚ бойынша ұшуды орындайтын төменгі эшелоннан төмен тікұшақтар үшін В, С, Д, Е санаттардағы әуе кемелерінің ұшу маршруттарымен қиып өтетін жерлерде радиолокациялық бақылауда және олардың арасындағы бойлық арақашықтығы кем дегенде 5 километр тік арақашықтық кемінде 150 метр болып белгіленеді.
      166. Әуе кемелерінің КҰҚ және АҰҚ бойынша ұшуы үшін бір мезгілде сол бір эшелонды (биіктікті) тағайындауға рұқсат етілмейді.
      167. Ұшудың жалпы бағытының өзгеруіне орай маршруттың бұрылу пунктінде эшелонды айырбастау кезінде жаңа эшелонды пайдалану көрсетілген пункттен ұшып өткенге дейін 20 километр бұрын ӘҚҚ органдарының рұқсаты бойынша, осы Нұсқаулықта белгіленген аралықтарды сақтай отырып, орындалуға тиіс.
      168. Егер трасса (маршрут) учаскелеріндегі берілген шынайы жол бұрыштарының көпшілігі бір жартылай шеңбердің шегінде, ал жекелеген учаскелер – басқа шектерде тұрса, онда барлық әуе трассалары (маршруттары) үшін ұшудың қауіпсіз шаралары сақталған жағдайда, бірыңғай эшелондар белгіленуі мүмкін.
      169. Әуеайлақ (әуеторап) ауданында және күту аймақтарында тік эшелондау ұшудың берілген жол бұрыштарына қарамастан белгіленген аралықтарға сәйкес жүргізіледі.

Параграф 2. КҰҚ бойынша ұшу кезінде бойлық эшелондаудың ең аз аралықтары

      170. КҰҚ бойынша ұшу кезінде әуе кемелерінің арасындағы бойлық эшелондаудың ең аз аралығы бір маршрут арқылы жүретін бір эшелонда (биіктікте) 2 километрді құрайды.
      171. КҰҚ бойынша ұшу кезінде бойлық эшелондаудың ең аз аралығы Басқа әуе кемесі иеленген ұшу эшелонын қиып өту, сондай-ақ ұшу бағытын бір эшелонда (биіктікте) қиып өту сәтінде:
      1) ұшудың сағатына 300 километр жылдамдықтағы әуе кемелері үшін 2 километр және одан аз;
      2) ұшудың сағатына 301-550 километр жылдамдықтағы әуе кемелері үшін 5 километр.
      КҰҚ мен АҰҚ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерінің арасында бойлық эшелондау аралығы АҰҚ бойынша ұшуға арналып белгіленгеннен кем болмауы тиіс.

Параграф 3. Радиолокациялық бақылауы бар АҰҚ бойынша ұшу
кезінде бойлық эшелондаудың ең аз аралықтары

      172. Бір эшелонда (биіктікте) бір бағыт арқылы жүретін әуе кемелерінің арасында радиолокациялық бақылауы бар АҰҚ бойынша ұшу кезінде бойлық эшелондаудың ең аз аралықтары:
      1) әуе трассаларында, ЖӘЖ және белгіленген бағыттар бойынша – 30 километрді;
      2) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде (бұдан әрі – ӘҚБ АЖ) әуе трассаларында, ЖӘЖ және белгіленген маршруттар бойынша – 20 километрді;
      3) жақындау аймағына – 20 километрді;
      4) ӘҚБ АЖ пайдалану кезінде жақындау аймағына – 12 километрді;
      5) ұшып көтерілу-қону аймағында:
      136 тонна және одан көп көтерілу массасы бар әуе кемелерінен кейін ұшатын барлық әуе кемелері үшін – 12 километрді;
      орта әуе кемелерінен кейін ұшатын жеңіл әуе кемелері үшін – 10 километрді;
      барлық қауіпті жағдайларда – 5 километрді құрайды.
      173. Радиолокациялық бақылауы бар АҰҚ бойынша ұшу кезінде бойлық эшелондаудың ең аз аралықтары басқа әуе кемесі иеленген жанама эшелонды (биіктік) қиып өткен кезде – қиып өту сәтінде 30 километрді (10 километрлік бүйірлік аралықты сақтай отырып) құрайды.
      174. Радиолокациялық бақылауы бар АҰҚ бойынша ұшу кезінде бойлық эшелондаудың ең аз аралықтары басқа әуе кемесі иеленген жанама эшелонды (биіктік) қиып өткен кезде – қиып өту сәтінде 20 километрді, ал ӘҚБ-нің әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін пайдалануы кезінде жақындау аймағында – 12 километрді құрайды.
      175. Радиолокациялық бақылауы бар АҰҚ бойынша ұшу кезінде бойлық эшелондаудың ең аз аралығын қиып өтетін бағыттар бойынша (кем дегенде 70 градусқа қиып өтетін бұрыштар кезінде) жүретін әуе кемелерінің арасында бір эшелонда (биіктікте) қиып өткен сәтте – 40 километрді құрайды.

Параграф 4. Радиолокациялық бақылау жоқ кезінде АҰҚ бойынша
бойлық эшелондаудың ең аз уақытша аралықтары

      176. Радиолокациялық бақылау жоқ болған кезде АҰҚ бойынша бойлық эшелондаудың ең аз уақытша аралықтары бір бағытпен бір эшелонда (биіктікте) жүретін әуе кемелерінің арасында:
      әуе трассалары, ЖӘЖ, белгіленген маршруттар бойынша және жақындау аймағында – 10 минут;
      ұшып көтерілу және қону аймағындағы қонуға кіру схемасы бойынша маневрді орындау кезінде – 3 минут.
      177. Радиолокациялық бақылау жоқ болған кезде АҰҚ бойынша бойлық эшелондаудың ең аз уақытша аралықтары, радиолокациялық бақылау жоқ болған кезде басқа әуе кемесі иеленген жанама немесе қарсы эшелонды (биіктікті) қиып өткен кезде – қиып өткен сәтте 20 минутты құрайды.
      178. Радиолокациялық бақылау жоқ болған кезде АҰҚ бойынша бойлық эшелондаудың ең аз уақытша аралықтары, радиолокациялық бақылау жоқ болған кезде жүретін қиып өтетін бағыттар бойынша (кем дегенде 70 градусқа қиып өтетін бұрыштар кезінде) жүретін әуе кемелерінің арасында бір эшелонда (биіктікте) қиып өткен сәтте – 15 минутты құрайды.
      179. Әуеайлақ ауданында радиолокациялық бақылау жоқ болған жағдайда АҰҚ бойынша ұшу кезінде бір әуе кемесінен аспайтын әуе кемесі бір биіктікте тұрады.

Параграф 5. Бүйірлік эшелондаудың ең аз аралықтары

      180. КҰҚ бойынша бір биіктікте ұшу кезінде бүйірлік эшелондаудың ең аз аралықтары:
      1) ЖӘЖ бойынша ұшу кезінде ажыратылған бағыттар үшін төменгі эшелоннан төмен – 5 километр;
      2) алда ұшып келе жатқан кеменің оң жағынан басып озу кезінде (әуеайлақтық шеңбер бойынша – сырт жағынан) – 500 метр.
      181. Радиолокациялық бақылау кезінде АҰҚ бойынша ұшу үшін бүйірлік эшелондаудың ең аз қашықтықтары:
      1) қатарлас әуе трассалары осьтері арасында – 50 километр;
      2) жанама әуе кемесі иеленген эшелонды (биіктікті) қиып өткен кезде – қиып өту сәтінде 10 километр;
      3) қарама-қарсы әуе кемесі иеленген эшелонды (биіктікті) қиып өткен кезде – қиып өту сәтінде 10 километр (30-километрлік бойлық аралықты сақтай отырып);
      4) әуе кемесі бір бірімен қосарласқан жағдайда, қарама-қарсы әуе кемесі иеленген эшелонды (биіктікті) қиып өткен кезде – қиып өту сәтіне 12 километр.
      182. Радиолокациялық бақылау жоқ болған кезде АҰҚ бойынша ұшу жағдайында бүйірлік эшелондауға рұқсат етілмейді.

Параграф 6. Іздегі турбуленттік кезінде бүйірлік
эшелондаудың ең аз уақытша аралықтары

      183. ӘҚҚ органынан ұшып келетін, қонуға көзбен шолып кіруді орындайтын әуе кемелеріне қатысты, әуе кемесінің экипажы көрініс алаңында алдыңғы әуе кемесінің бар екендігі туралы және қонуға кіру үшін рұқсат алғандығын хабарлаған жағдайда, іздегі турбуленттік кезінде эшелондауды қолдану талап етілмейді.
      184. ӘҚҚ органы 183-тармақта көрсетілген әуе кемелеріне қатысты, сондай-ақ кез келген басқа қажетті жағдайларда іздегі турбуленттік мүмкіндіктер туралы ескертулер береді. Әуе кемесінің командирі іздегі турбуленттілікті ескере отырып, аса ауыр санатқа жататын алдыңғы әуе кемесіне қатысты эшелондау аралығының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Егер, эшелондау арақашықтығын ұлғайту қажет деп есептелсе, әуе кемесінің экипажы бұл туралы ӘҚҚ органын хабардар етеді.
      Бір ҰҚЖ-дан және қосарласқан ҰҚЖ-дан ұшу кезінде әуе кемелерінің ұшып шығуы мен қонуының арасындағы ең аз уақытша аралық, осьтерінің арасындағы алшақтық кем дегенде 1 минутта 760 метрді құрайды.
      185. Бір ҰҚЖ-ға қонған кезде ең аз уақытша аралық:
      1) орташа және ауыр әуе кемелерінің артындағы жеңіл әуе кемелері үшін – 3 минут;
      2) ауыр әуе кемелерінің артындағы орташа және ауыр әуе кемелері үшін – 2 минут;
      3) қалған барлық басқа жағдайларда – кемінде 1 минут белгіленеді.
      186. Бір ҰҚЖ-дан ұшып көтерілген кезде ең аз уақытша аралық:
      1) орташа және ауыр әуе кемелерінің артындағы жеңіл әуе кемелері үшін – 3 минут;
      2) ауыр ұшақтардың артындағы ауыр, сондай-ақ ауыр ұшақтардың артынан ұшатын орташа әуе кемелері үшін – 2 минут;
      3) қалған барлық басқа жағдайларда – кемінде 1 минут белгіленеді.
      187. 3 минутке тең эшелондау минимумы, «ауыр» әуе кемесінің соңынан ұшып көтерілетін «жеңіл» немесе «орташа» әуе кемелеріне немесе «орташа» әуе кемесінің соңынан ұшатын «жеңіл» әуе кемелеріне қатысты, егер ұшып көтерілу мынадай жағдайларда:
      1) сол бір ҰҚЖ-ның орта бөлігінен;
      2) бірі екіншісінен кем дегенде 760 метр қашықтықта орналасқан сол бір ҰҚЖ-ның қосарлас орта бөлігінен орындалса, қолданылады.
      188. ҰҚЖ жылжымалы табаны кезінде:
      «Жеңіл» немесе «орташа» әуе кемелері мен «ауыр» әуе кемесінің, сондай-ақ «жеңіл» әуе кемесі мен «орташа» әуе кемесінің арасында жылжымалы табаны бар ҰҚЖ-ны пайдалану кезінде 2 минутке тең мынадай:
      1) «ауыр» әуе кемесі ұшып келгеннен кейін «жеңіл» немесе «орташа» әуе кемелерінің ұшып шыққан және «орташа» әуе кемесі ұшып келгеннен кейін «жеңіл» әуе кемесінің ұшып шыққан;
      2) егер олардың есептік ұшу траекториясы қиылысатыны күтілетін жағдайларда, «жеңіл» немесе «орташа» әуе кемелерінің ұшып келуі «ауыр» әуе кемесі ұшып келгеннен кейін және «жеңіл» әуе кемесінің ұшып келуі «орташа» әуе кемелерінің ұшып келуінен кейін орындалған жағдайда эшелондау минимумы қолданылады.

15. Әуеайлақтар ауданында эшелондау

Параграф 1. Әуедегі және жер үстіндегі қозғалыстар туралы ақпарат.
Ұшып шығатын әуе кемелеріне арналған қағидалар

      189. Ұшып шығатын немесе келіп қонатын әуе кемесі үшін соқтығысу қаупін тудыруы мүмкін пайдаланылатын ҰҚЖ маңындағы немесе соған жақын көлік құралдарының немесе адамдардың қозғалысы немесе ұшып көтерілу және қону аймағындағы әуе қозғалысы туралы ақпаратты ӘҚҚ органының диспетчері ұшатын немесе келіп қонатын әуе кемелеріне береді.
      190. Әуе кемелерін эшелондауды қамтамасыз ету үшін әуе кемесінің ұшып шығуына берілген диспетчерлік рұқсаттарда:
      1) ұшу бағыты және ұшып көтерілгеннен кейінгі бұрылыс;
      2) ұшып шығу жолының рұқсат етілген желісіне шыққанға дейін жүру қажетті жолдың бағыты немесе желісі;
      3) берілген эшелонға (биіктікке) дейін жылдамдық алуды жалғастыруға рұқсат алғанға дейін ұсталуы тиіс эшелон (биіктік);
      4) уақыт, пункт және/немесе тік жылдамдық көрсетіледі.
      191. Аспаптар (SID) бойынша стандартты ұшу бағыты белгіленген әуеайлақтарда, әуе кемелерінде тиісті SID ұстайтын рұқсатты берген жөн.
      192. Егер (SID) аспаптары бойынша ұшу бағытының стандартымен ұшатын әуе кемесіне (SID) көрсетілген эшелоннан (биіктіктен) жоғары тұрған эшелонды (биіктікті) алуға рұқсат берілсе, егер мұндай шектеулердің күшін ӘҚҚ органы жоймаса, әуе кемесі жарияланған SID тік бейіні бойынша ұшады.
      193. Әуе кемесінің әрбір үлгісін ұшуға пайдалану бойынша нұсқамада белгілегеннен аспайтын желдің жанама жылдамдығын құрайтын әуе кемесінің ұшып көтерілуіне рұқсат етіледі. Желдің жанама құрайтын жылдамдығымен ұшу мүмкіндігі туралы түпкілікті шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды.

Параграф 2. Ұшып шығатын әуе кемелеріне арналған ақпарат

      194. ATIS құралдарымен жарақтанған әуеайлақтарда, әуе кемесінің экипажы бастапқы байланысты белгілеген кезде, диспетчер әуе кемесінің  экипажынан ATIS ақпаратын тыңдағаны туралы баяндау алады. Ұшып шығу әуеайлағындағы өзгерістер (бару орны, қор немесе ұшу бағыты бойынша) метеорологиялық жағдайды (SIGMET, дауылды ескерту) туралы ақпарат алғаннан кейін диспетчер осы мәліметтерді байланыста отырған әуе кемесінің экипаждарына береді.
      ATIS жоқ болған кезде диспетчер ұшатын әуе кемесінің экипажына мыналарды:
      1) пайдаланылған ҰҚЖ (ұшып көтерілу МЖБ, ҰҚЖ номері), ҰҚЖ бетінің жай-күйі туралы деректер және егер ол берілген болса, ілінісу коэффициенті (тежеу тиімділігі);
      2) жер бетіндегі, оның екпінін ескере отырып, желдің бағыты мен жылдамдығын;
      3) QFE (ӘК экипажының сұратуы бойынша – QNH) қысымын;
      4) көрінушілік (күрделі метеожағдайларда), не болмаса ҰҚЖ-дағы (RVR) көріну қашықтығының мәнін;
      5) дәл уақытты (ӘК экипажының сұратуы бойынша) хабарлайды.
      195. Ұшудың (бару орны, қор немесе ұшу бағыты бойынша) РТШХ және байланыс құралдарының жай-күйі, әуеайлақтың және онымен байланысты радио мен жарық беретін техникалық құралдардың, әуеайлақ жұмысының жаңа регламенті туралы мәліметтер жай-күйінің өзгертуі туралы әуеайлақтағы өзгерістер туралы ақпарат алған кезде, диспетчер байланыста отырған әуе кемелерінің экипаждарына бұл мәліметтерді береді.

Параграф 3. Ұшып келген әуе кемелеріне арналған қағида

      196. ATIS құралдарымен жарақтанған әуеайлақтарда, әуе кемесінің экипажы бастапқы байланысты белгілеген кезде, диспетчер әуе кемесінің экипажынан ATIS ақпаратын тыңдағаны туралы баяндау алады. Ұшып шығу әуеайлағындағы өзгерістер (бару орны, қор немесе ұшудың бағыты бойынша) метеорологиялық жағдай (SIGMET, дауылды ескерту) туралы ақпарат алғаннан кейін диспетчер бұл мәліметтерді байланыста отырған әуе кемесінің экипаждарына береді.
      Өту эшелоны ATIS жоқ болған кезде қонуға кіру үшін диспетчерлік рұқсатқа қосылады.
      197. Әуеайлақ ауданындағы ұшулар осы әуеайлақ үшін белгіленген (STAR) аспаптар бойынша келудің стандартты бағыттары, қонуға кіру схемалары немесе диспетчер қойған траекториялар бойынша орындалады. АҰҚ бойынша ұшу кезінде таулы әуеайлақтарға төменгі қауіпсіз эшелоннан төмендеу және белгіленген схема арқылы қонуға кіру радиолокациялық бақылау шебінің ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарда (бұдан әрі – ҰЖН) немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында (бұдан әрі – ӘАНП) белгіленген ұшудан кейін орындауға рұқсат етіледі, навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысындағы экипаж бен диспетчердің әуе кемесінің орналасқан жерін білуі белгіленген.
      198. Радиолокациялық бақылаудың жоқ болған кезде, бірақ навигациялық жабдықтың тұрақты жұмысында әуе кемесінің экипажына АҰҚ арқылы қонуға кірудің жарияланған схемаларына қатаң сәйкес қонуға кіруге рұқсат етіледі.
      199. РЛК болған кезде және навигациялық жабдықтың тұрақсыз жұмысында әуе кемесінің экипажына қызмет көрсететін диспетчер жүзеге асыратын радиолокациялық векторлауды және әуеайлақтың векторлау картасын пайдалана отырып, қонуға кіруді орындауға рұқсат беріледі.
      200. Радиолокациялық бақылау болмаған кезде және навигациялық жабдықтың тұрақсыз жұмысында төменгі қауіпсіз эшелоннан төмендеуге жол берілмейді. Мұндай жағдайда әуе кемесі қосалқы әуеайлаққа барады.
      201. Егер келген әуе кемесі күту аймағына жіберілсе, ӘҚҚ қызмет көрсету қызметінің диспетчері бұл туралы кідірудің себептерін көрсете отырып, әуе кемесінің экипажына хабарлайды және бұл туралы мүдделі абоненттерге ақпарат береді.
      202. ӘҚҚ органының шешімі бойынша, ӘҚҚ-ға қажет ақпаратты алу мақсатында, ұшып келе жатқан әуе кемесінің экипажына бақылау пунктінен ұшып өтіп, стандартты бұрылуды бастағаны немесе қону бағытына бұрылғаны туралы баяндау немесе басқа ақпарат беру туралы нұсқау беріледі.
      Әуе кемелерін жүргізу үшін (әуе кемесі белгілі бағыттан ауытқыған кезде тану, кідіру немесе әуе кемесі экипажының сұратуы бойынша) ӘҚҚ қызметінің диспетчері (радиолокациялық векторлау) бару бағытын сұрата алады.
      203. Аспаптар (STAR) бойынша келудің стандартты бағыттарын пайдалану кезінде келген әуе кемелеріне тиісті STAR ұстауға рұқсат беріледі. Әуе кемесінің экипажына қонуға кіру схемасы және пайдаланылған ҰҚЖ туралы хабарланады.
      204. Әуе кемесінің әрбір үлгісінің ұшу пайдалану бойынша белгілеген нұсқамасынан аспайтын желдің жанама құрамдас жылдамдығымен әуе кемесін қондыруға рұқсат етіледі. Желдің жанама құрамдас жылдамдығымен ұшуды жүргізу мүмкіндігі туралы түпкілікті шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды.

Параграф 4. Келетін әуе кемелеріне арналған стандартты диспетчерлік рұқсаттар

      205. STAR пайдалану кезінде ӘДО диспетчері ЖДП (МДП) диспетчерімен әуеайлақ ауданына кіру жағдайын келіседі және әуе кемесінің экипажына стандартты диспетчерлік рұқсат беріледі.
      206. Келіп қонған әуе кемелері үшін стандартты рұқсаттар мынадай элементтерді:
      1) әуе кемесінің танымдық индексін;
      2) тағайындалған STAR белгісін;
      3) егер бұл ақпарат STAR сипаттамасында болмаса, пайдаланылатын ҰҚЖ-ны;
      4) егер бұл ақпарат STAR сипаттамасында болмаса, бастапқы эшелонды;
      5) басқа да қажетті нұсқауларды немесе STAR сипаттамасына қосылмаған ақпаратты қамтиды.

Параграф 5. Көзбен шолып қонуға кіру

      207. «Көзбен шолып маневр жасау» (шеңбер бойынша ұшу) термині АҰҚ бойынша қонуға кіру аяқталғаннан кейін орындалатын көзбен шолып ұшу кезеңін сипаттау үшін қолданылады.
      208. Шеңбер бойынша қонуға кіру – дегеніміз төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігінде (MDA/H) тұрып, ҰҚЖ немесе жердегі бағдарлар көрінгеннен кейін ұшуда жасалатын маневр.
      209. Көзбен шолып қонуға кіруді күндіз және ымыртта барлық санаттағы әуе кемесімен орындауға болады.
      210. Көзбен шолып қонуға кіруге мына жағдайларда рұқсат етіледі:
      әуеайлақтың радиотехникалық құралдармен жабдықталуына қарамастан, әуеайлақтардың өткізу қабілетін арттыру және әуе кеңістігін тиімді пайдалану мақсатында, бақыланатын және бақыланбайтын әуеайлақтарда;
      ұшу кезінде ерекше жағдайлар туындаған кезде, тезірек қонуды қамтамасыз ету мақсатында;
      ұшқыш құрамды көзбен шолып қонуға кіруге жаттықтыру мақсатында.
      211. Ымыртта көзбен шолып қонуға кіруге жарық-техникалық құралдармен жабдықталған әуеайлақтарда (қону алаңдарында) орындауға рұқсат етіледі.
      212. Көзбен шолып қонуға кіру әуе кемесінің экипажы көзбен шолып қонуға кіруге рұқсат сұрағаннан кейін, жердегі бағдарлар мен ҰҚЖ дұрыс көрінген жағдайда, аспаптар бойынша ұшу схемасының кез келген нүктесінен басталады.
      213. Бақыланатын әуеайлақта көзбен шолып қонуға кіру ӘДО (ӘАДП) диспетчерінің рұқсатымен орындалады.
      214. Өткізу қабілетін арттыру және әуе кеңістігін тиімді пайдалану мақсатында, ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің экипажынан көзбен шолып қонуға кіре алу/алмайтындығын сұрайды.
      215. Бақыланатын әуеайлақта көзбен шолып қонуға кіру үшін аэронавигациялық ұйым аэронавигациялық ақпарат құжаттарында әуе кемесінің әрбір санаты үшін мыналарды белгілеп, жариялайды:
      1) көзбен шолып маневр жасау аймағындағы кедергілерден ұшып өтудің абсолюттік/салыстырмалы биіктігін (ОСА/Н);
      2) төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігін (MDA/H);
      3) көзбен шолып қонуға кіру үшін көру мүмкіндігінің ең аз мәндерін.
      216. ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің экипажы жердегі бағдарлар мен ҰҚЖ көрінгенін баяндағаннан кейін, төмендегі талаптар сақталған жағдайда, көзбен шолып қонуға кіруге рұқсат береді:
      1) бұлттың төменгі шекарасының биіктігі АҰҚ бойынша қонуға кіруді бастау жері үшін белгіленген ұшу биіктігіне (эшелонына) сәйкес келген немесе асып түскен жағдайда;
      2) метеорологиялық көру мүмкіндігі әуе кемесінің осы санатына белгіленген көру мүмкіндігінен төмен болмаған жағдайда.
      217. ӘДО (ӘАДП) диспетчері көзбен шолып қонуға кіріп бара жатқан әуе кемесімен АҰҚ бойынша ұшып бара жатқан әуе кемелері арасында АҰҚ бойынша ұшу үшін белгіленген эшелондау арақашықтығын қамтамасыз етеді.
      218. ӘДО (ӘАДП) диспетчері соңында ұшып келе жатқан әуе кемесінің экипажы алдында ұшып бара жатқан әуе кемесінің көрінгені туралы баяндамас бұрын бірінен кейін бірі ұшып бара жатқан әуе кемелерімен көзбен шолып қонуға кіріп бара жатқан әуе кемесі арасында АҰҚ бойынша ұшу үшін белгіленген эшелондау арақашықтығын қамтамасыз етеді және көзбен шолып қонуға кіруге рұқсат береді.
      219. Әуе кемесінің экипажы көзбен шолып қонуға кіруге рұқсат алғаннан кейін алдында ұшып бара жатқан әуе кемесіне қатысты тиісті эшелондау арақашықтығын ұстайды.
      220. Егер ізіндегі турбуленттілік ескеріліп, екі әуе кемесі де ауыр әуе кемесі санатына жататын болса немесе алда ұшып бара жатқан әуе кемесі ізіндегі турбуленттілік ескеріліп, артында ұшып келе жатқан әуе кемесіне қарағанда аса ауыр әуе кемесі санатына жататын болса, ӘҚҚ органының диспетчері артта ұшып келе жатқан әуе кемесінің экипажына ізінде турбуленттілік пайда болу мүмкін екенін хабарлайды.
      221. ҰҚЖ мен жердегі бағдарлар көзбен шолып қонуға кірудің кез келген нүктесінде көрінбей қалған жағдайда, әуе кемесінің экпиажы төмендеуді тоқтатып, АҰҚ бойынша ұшуға белгіленген ең төменгі қауіпсіз биіктікке (төменгі қауіпсіз эшелонға) көтеріледі және:
      бақыланатын әуеайлақта – бұл туралы екінші айналымға кету тәртібі туралы нұсқау беретін және АҰҚ бойынша қонуға кіру схемасын тағайындайтын ӘҚҚ органының диспетчеріне баяндайды;
      бақыланбайтын әуеайлақта – екінші айналымға кету схемасы мен осы әуеайлақ үшін белгіленген АҰҚ бойынша қонуға кіру схемасына жайлап ауыса бастап, ҰҚЖ-ға қарай ұшады.
      222. Төменгі қауіпсіз эшелоннан төмен АҰҚ бойынша ұшу кезінде АҰҚ бойынша ұшу үшін белгіленген метеожағдайлар болған жағдайда бақыланатын және бақыланбайтын әуеайлақтарға және қону алаңдарына көзбен шолып қонуға кіруге рұқсат етіледі.
      223. Бақыланатын әуеайлақ ауданында төменгі эшелоннан төмен АҰҚ бойынша ұшу кезінде әуе кемесінің экипажы бақыланатын әуе кеңістігіне кірмес бұрын тиісті ӘҚҚ органынан бақыланатын әуе кеңістігіне кіруге рұқсат сұрап, оған қажет ақпаратты хабарлайды (рейс нөмірін (литерін), шақыру белгісін, кіру орны мен уақытын, ұшу биіктігін, ұшып келудің есепті уақытын және т.б.)
      224. АҰҚ бойынша ұшуға рұқсаты жоқ әуе кемесінің экипажы шеңбер бойынша ұшудың ең төменгі биіктігін алып, екінші айналымға кетеді, тиісті метеожағдайлар болған жағдайда, қонуға қайта кіріп көреді.
      225. ӘДО (ӘАДП) диспетчері көзбен шолып қонуға кіру кезінде:
      1) әуедегі жағдайға және метеожағдайларға талдау жасау негізінде, көзбен шолып қонуға кіру мүмкіндігін анықтайды;
      2) радиолокациялық бақылау болған жағдайда, экипаждың көзбен шолып қонуға кіргенге дейін төмендеу схемасы мен аспаптар бойынша қону схемасын ұстанғанын бақылайды;
      3) радиолокациялық бақылау болған жағдайда, әуе кемесі экипажының аспаптар бойынша екінші айналымға кету схемасын ұстанғанын бақылайды.

Параграф 6. Аспаптар бойынша қонуға кіру

      226. ДПД диспетчері ұшып келетін әуе кемесінің экипажына аспаптар бойынша қонудың схемасын тағайындайды. Әуе кемесінің экипажы қонуға кірудің басқа схемасын сұрата алады, егер мүмкіндік болып жатса, ДПД диспетчері қонуға кірудің жаңа схемасын тағайындайды.
      227. Әуе кемесінің экипажы аспаптар бойынша қонуға кірудің тәртібімен таныс емес екендігін баяндаған кезде ӘҚҚ органы оған қонуға кірудің схемасын ұстау бойынша қажетті көмек көрсетеді және оның сұратуы бойынша навигациялық құралдың (дардың) жиілігін, сондай-ақ екінші айналымға кетудің тәртібін береді.

Параграф 7. Күту аймағында ұшу

      228. Қонуға кіру кезектілігін реттеу үшін әуеайлақ ауданында арнайы бөлінген РНН үстінде белгіленген немесе жерде тиісті бағдарлары бар күту аймағы қолданылуы мүмкін.
      229. Әуе кемесі күту аймағына бағыт алғанда ӘҚҚ органы әуе кемесінің экипажына күту аймағының бақылау нүктесіне дейін ұшуға рұқсат беріп, күту аймағындағы ұшуға қатысты және қонуға кірудің болжамды уақытына қатысты нұсқаулар береді.
      230. Күту аймағында ұшуды орындау кезінде әуе кемелері арасында тік эшелондаудың тиісті минимумдері қамтамасыз етіледі.
      231. Күту аймағына кіру және онда ұшу аэронавигациялық ақпарат жинақтарында жарияланған схемаға немесе ӘҚҚ органынан алынған нұсқауларға сәйкес орындалады.
      232. Күту аймағындағы ұшу эшелондары әуе кемелеріне күту аймағынан шығуға және қонуға кіруді орындауға рұқсат беруге жеңіл болсын деген есеппен белгіленген басымдықтарды сақтай отырып тағайындалады. Күту аймағына алғашқы болып жіберілген әуе кемесінің экипажына күту аймағының төменгі эшелоны, ал қалған әуе кемелеріне күту аймағына кіру кезектілігіне қарай ұшудың кейінгі эшелондары тағайындалады.
      233. Егер ұзақ уақыт күтеді деп болжанса, турбореактивті әуе кемелеріне олардың қонуға бет алу кезектерін сақтай отырып, күту аймағындағы әлдеқайда биік эшелондар тағайындалады. Осы әуе кемелері күту аймағынан шыққан кезде немесе әуе кемесі күту аймағынан кезектен тыс шыққан жағдайда ӘҚҚ органы векторлау жолымен қауіпсіз төмендеуді қамтамасыз етеді.
      234. Ұшу қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, органның шешімі бойынша әуе кемесінің экипажына кедергілердің үстінен қажетті биіктікті сақтай отырып, өзінің ұшып келе жатқан нүктесінің немесе басқа нүктенің үстінен ұшу жөнінде нұсқау беріледі.
      Күту аймағының төменгі эшелоны (өту биіктігі) ұшу биіктігінің үстінен кемінде 300 метрге асыра отырып, айналым бойынша белгіленеді. Төменгі эшелонның биіктігі (өту эшелоны) әуеайлақтағы нақты температура мен қысым бойынша анықталып, ең жақын эшелонның шамасына дейін ұлғайту жағына қарай дөңгелектенеді.
      Атмосфералық қысым 4 миллиметр сынап бағанасына (5,3 мбар) және одан да жоғары шамаға немесе ауа температурасы 10оС-қа өзгерген жағдайда күту аймағының төменгі эшелонының биіктігін ӘҚҚ органы қайта есептейді.

Параграф 8. Қонуға кіру кезектілігі

      235. Қонуға бет алу кезектілігі әуе кемелерінің кідіруін барынша азайтып, мүмкіндігінше әуе кемелерінің көбірек ұшып келуін қамтамасыз ететіндей есеппен белгіленеді. Бірінші кезекте:
      1) шұғыл (немесе авариялық) қонуды орындайтын әуе кемесіне;
      2) санитарлық авиацияның әуе кемелеріне немесе борттарында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқастарды немесе ауыр жараланғандарды әкеле жатқан әуе кемелеріне;
      3) іздестіру-құтқару операцияларына қатысып отырған әуе кемелеріне;
      4) қалыптасып жатқан әуе жағдайына, жергілікті жағдайларға байланысты, сондай-ақ әуе кемелерін және (немесе) әуеайлақты пайдалануға қатысты рәсімдерге орай басқа да әуе кемелеріне ең алдымен қону құқығы беріледі.
      236. Ұшып келе жатқан әуе кемелерінің қонуға кіру кезектілігін реттеу мақсатында ӘҚҚ органы әуе кемелері арасындағы қажетті аралықты қамтамасыз етеді.
      237. Бірінің артынан бірі қонуға кіруді орындайтын әуе кемелері арасындағы уақыт немесе бойлық аралықты анықтау кезінде осы әуе кемелерінің салыстырмалы жылдамдықтары, нақты нүктеден ҰҚЖ-ға дейінгі қашықтық, жүріп өткен жолының турбуленттілігін ескере отырып, эшелондауды қолданудың қажеттілігі, ҰҚЖ-ның қанша уақыт босамайтындығы, іс жүзіндегі метеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ ҰҚЖ-ның қанша уақыт босамайтындығына ықпал ететін басқа да жағдайлар ескеріледі. Аэронавигациялық ақпарат құжаттарында және ҰЖН-да (ӘАНП) қонуға кіретін әуе кемелері арасындағы бойлық қашықтықтың кез келген ұлғаюын талап ететін жағдайлар, сондай-ақ осындай кезде қолдануға тиісті минимумдар көрсетіледі.

Параграф 9. Қонуға кірудің болжамды уақыты

      238. Ұшып келе жатқан әуе кемесінің келуі 10 минутқа және одан көп уақытқа кешіктірілген жағдайда, оның қонуға енетін болжамды уақыты ұшу эшелонынан төмендей бастағанға дейін анықталып, әуе кемесінің экипажына беріледі.
      Егер бұрынғы берілген уақыттан 5 минутқа және одан көп уақытқа айырмашылық болса, қонуға кірудің қайта қаралған болжамды уақыты әуе кемесінің экипажына беріледі.
      239. Күту аймағында 30 минут және одан көп уақыт бойы ұшуды орындау қажет болған барлық жағдайларда қонуға кірудің болжамды уақыты әуе кемесінің бортына беріледі.

Параграф 10. Ұшып келетін әуе кемелеріне ақпарат беру

      240. ATIS-пен жабдықталған әуежайларда, ұшып келетін әуе кемесімен бастапқы байланыс орнатылған жағдайда ЖДП диспетчері әуе кемесінің экипажынан ATIS ақпаратын тыңдап отырғаны туралы баяндау алады. Баратын әуеайлақтағы метеорологиялық жағдайдың өзгергені туралы ақпарат алған жағдайда диспетчер бұл мәліметтерді байланыста отырған әуе кемелерінің экипаждарына хабарлайды.
      Әуе кемесі экипажының ATIS ақпаратын алғаны туралы баяндауы оның ATIS-да айтылған қонуға кіру жүйесімен келісетінін білдіреді, бұлай болмаған жағдайда ол кірудің басқа үлгісін сұратады.
      241. ATIS болмаған жағдайда, диспетчер ұшып келетін әуе кемесінің экипажына мыналарды:
      1) қонуға кіру жүйесі мен пайдаланатын ҰҚЖ-ны;
      2) желдің екпінін ескере отырып, оның бағыты мен жылдамдығын;
      3) көріну қашықтығын (күрделі метеорологиялық жағдайда), не ҰҚЖ-да көріну қашықтығының шамасын (RVR);
      4) қауіпті метеорологиялық құбылыстарды (орын алған жағдайда);
      5) 1500 метрден төмен орналасқан бұлттарды, будақ жаңбырлы бұлттардың бар-жоғын;
      6) ауа температурасын;
      7) шық нүктесінің температурасын (ӘК экипажының сұратуы бойынша);
      8) ауысу эшелонын;
      9) QFE қысымын (ӘК экипажының сұратуы бойынша – QNH);
      10) қону алдындағы түзуге қатысты айрықша метеорологиялық құбылыстар туралы ақпаратты;
      11) «тренд» үлгісінде қонуға қатысты ауа райы болжамын;
      12) ҰҚЖ-ның жай-күйін хабарлайды.
      Баратын әуеайлақта РТОХ пен байланыс құралдары жай-күйінің өзгергені, әуеайлақтың, сондай-ақ онымен байланысты радио және жарық беру техникалық құралдарының жай-күйінің өзгергені туралы ақпаратты, әуеайлақ жұмысының жаңа регламенті туралы мәліметтерді алған жағдайда, диспетчер бұл мәліметтерді байланыста отырған әуе кемелерінің экипаждарына хабарлайды.
      242. Аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасын немесе қонатын ҰҚЖ-ны бұрынғы мәлімделгеннен басқаша өзгерту қажет болған жағдайда, ӘҚҚ органы бұл туралы әуе кемесінің экипажын хабардар етеді.
      243. ӘҚҚ органы әуе кемесінің экипажына ATIS бойынша берілген ақпараттан айырмашылығы бар жедел немесе метеорологиялық мәліметтер береді.

16. Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетудің тәртібі

Параграф 1. Әуеайлақтық диспетчерлік пункттердің функциялары

      244. ӘДО (ӘАДП) диспетчерлері әуеайлақтағы немесе әуеайлақ ауданындағы әуе қозғалысының қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін:
      1) әуеайлақ шеңберін қоса алғанда, диспетчерлік пункттің белгіленген жауапкершілік аймағында ұшуды орындайтын әуе кемелерінің;
      2) маневр жасау алаңы бойынша қозғалып келе жатқан әуе кемелерінің;
      3) қонуға келе жатқан және ұшып көтерілген әуе кемелерінің;
      4) маневр жасау алаңы бойынша қозғалып келе жатқан әуе кемелері мен көлік құралдарының;
      5) маневр жасау алаңы бойынша қозғалып келе жатқан әуе кемелерінің бір-бірімен және осы алаңдағы кедергілермен соқтығысып қалуын болдырмау мақсатында ӘҚҚ-дағы әуе кемелеріне ақпарат ұсынады және рұқсат береді.
      245. ӘДО (ӘАДП) диспетчерлері әуеайлақ маңындағы және маневр жасау алаңындағы ӘҚҚ-ны қамтамасыз етеді, сондай-ақ әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы көлік құралдары мен адамдардың қозғалысын басқарады.
      Жер үстіндегі қозғалысты бақылау көзбен шолып қадағалау арқылы және қадағалау жүйелерін (олар болған жағдайда) пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
      246. Әуеайлақтық диспетчерлік орталықтың (әуеайлақ ауданындағы диспетчерлік пункттердің) құрамына кіретін диспетчерлік пункттердің санын әуеайлақ маңындағы әуе қозғалысының қарқындылығын ескере отырып, аэронавигациялық ұйым айқындайды.
      247. ӘДО (ӘАДП) диспетчерлері әуеайлақтың авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтерін мынадай жағдайларда:
      1) апатқа ұшыраған әуе кемесі жерге қонады деген хабарды алғанда;
      2) авиациялық оқиғалар орын алғанда;
      3) әуе кемесін эвакуациялауды талап ететін оқыс оқиғалар туындағанда;
      4) әуе кемесінің экипажы сұратқан жағдайда;
      5) ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет деп санағанда хабардар етеді.
      248. Авариялық-құтқару командасын (бұдан әрі – АҚК) әуежайда жиналу үшін ӘДО (ӘАДП) диспетчерлері хабарландырудың мынадай сигналдарын қолданады:
      1) күтпеген жерден авиациялық оқиға орын алғанда немесе апатқа ұшыраған әуе кемесінің аталған әуежайға қонуына 30 минуттан аз уақыт қалған кезде «Дабыл» сигналы беріледі. Бұл сигнал бойынша АҚК-ның барлық жасақтары өздерінің жарақтарымен авиациялық оқиғаның орнына немесе хабарландыру кезінде көрсетілген квадратқа келеді.
      2) апатқа ұшыраған әуе кемесінің аталған әуежайға қонуына 30 минут және одан да көп уақыт қалған кезде «Дайындық» сигналы беріледі.
      249. Егер ұшу қауіпсіздігі орындылығы, ҰҚЖ-ның конфигурациясы, қонуға кірудің метеорологиялық жағдайлары мен қолданыстағы рәсімдері немесе әуе қозғалысының жағдайы тұрғысынан басқа бағытқа басымдық берілмеген болса, ӘДО (ӘАДП) диспетчерлері әуе кемесінің желге қарсы қонуын немесе әуеге көтерілуін ескере отырып, ҰҚЖ-ның жұмыс бағытын тағайындайды. ҰҚЖ-ның жұмыс бағытын таңдау кезінде ӘДО (ӘАДП) диспетчерлері жерге жақын желдің жылдамдығымен және бағытымен қатар, басқа да факторларды (қозғалыстың әуеайлақ шеңберін, ҰҚЖ-ның ұзындығын, сондай-ақ қонуға бет алу немесе қону құралдарын қоса алғанда) ескереді.

2-параграф. Шектеулі көрінушілік жағдайларында жүзеге
асырылатын операциялар

      Ескерту. 2-параграф жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      250. Шектеулі көрінушілік жағдайларындағы жүзеге асырылатын операциялар тұтас маневрлеу алаңы немесе оның бір бөлігі диспетчерлік пункттен көзбен шолып бақыланбайтын жағдайда, 550 метрден кем RVR кезінде қолданылады.
      251. ӘДО (ӘАДП) диспетчеріне әуе кемелері мен көлік құралдарының қозғалысын көзбен шолып бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін шектеулі көрінушілік жағдайында маневрлеу алаңында мыныдай тәртіп қолданылады:
      1) рульдеу жолдарының қиылысында РЖ-да тұрған әуе кемесі немесе көлік құралы ескерту сызығының оттарымен, «тоқта» сызығы оттарымен немесе РЖ қиылысқан жерлерінің таңбаларымен белгіленген шекарада күтіп тұрады;
      2) рульдеу жолдарында әрбір нақты әуеайлақ үшін әуе кемелерінің және көлік құралдарының эшелондау рәсімдермен белгіленген бойлық интервал ұсталады. Бұл арақашықтықты қолданған жағдайда жерүсті қозғалысын бақылау және басқару құралдарының сипаттамалары, әуеайлақтың жоспарының күрделілігі, және осы әуеайлақты пайдаланатын әуе кемелерінің сипаттамалары ескеріледі.
      252. ІІ/ІІІ санаттар бойынша қонуға кіруді орындау кезінде жерүсті қозғалысын басқару үшін әуеайлақ (әуежай) пайдаланушысы ӘҚҚ қызметімен бірлесіп шектеулі көрініс жағдайындағы операциялар жөніндегі нұсқаулықты бекітеді.
      253. Шектеулі көрінушілік жағдайындағы операциялар бойынша нұсқаулықта мыналарды көрсетіледі:
      1) шектеулі көрінушілік жағдайындағы операциялар қолданылатын RVR мәні (міндері);
      2) ІІ/ІІІ санаттар бойынша ұшуды қамтамасыз ету үшін ILS/MLS жабдығына қойылатын ең төменгі талаптар;
      3) осы бұйрықтың 322-1-тармағына сәйкес қалыпты жұмыс істеу мәніне бақыланатын жерүсті аэронавигациялық оттарды қоса алғанда, ІІ/ІІІ санаттар бойынша ұшуды қамтамасыз ету үшін қажетті басқа қызметтер мен құралдар;
      4) ILS/MLS жабдығының сипаттамалары ІІ/ІІІ санаттар деңгейінен де төмен төмендейтін критерийлер мен жағдайлар;
      5) жабдықтың кез келген істен шығуы немесе оның сипаттамаларының нашарлауы туралы тиісті ұшу экипаждарына, жақындау диспетчерлік органына және кез келген тиісті ұйымға шұғыл түрде хабарлауға қатысты талап;
      6) маневрлеу алаңындағы қозғалысты басқарудың арнайы процедуралары, оның ішінде:
      ҰҚЖ-да күту орындарын тиісінше пайдалану;
      радиомаяк құралдарының сезімтал және шекті аймақтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін ұшып келген және ұшып шыққан әуе кемелері арасындағы ең аз қашықтық;
      әуе кемелері мен көлік құралдарының ҰҚЖ-ы босатуын тексеру тәртібі;
      әуе кемелері мен көлік құралдарының эшелондау процедуралары (қолданылған жағдайда);
      7) бірінен кейін бірі қонуға кіруді орындайтын әуе кемелері арасында қолданылатын интервал;
      8) шектеулі көрінушілік жағдайында операцияларды тоқтату қажеттігі болған жағдайда қабылданатын іс-қимылдар;
      9) шектеулі көріну жағдайларында операцияларды орындау кезінде қажетті басқа тиісті жағдайлар немесе талаптар.
      254. Шектеулі көрінушілік жағдайларындағы рәсімге ұшу басшысы (ауысым аға диспетчері), ал жоқ болған жағдайда – ӘДО (ӘАДП) диспетчері бастама білдіреді.
      ӘДО (ӘАДП) диспетчері шектес диспетчерлік пункттерге II/III санаттары бойынша қонуға дәл кіруді және көру мүмкіндігі шектеулі жағдайлардағы операцияларды орындаумен байланысты рәсімдер қолданысының басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
      LVP рәсімдерінің іс-қимылдарының басталғаны ATIS арнасы арқылы беріледі немесе ол туралы ӘҚҚ органының диспетчері хабарлайды.
      255. Шектеулі көрінушілік рәсімдерін қолданысқа енгізу алдында ӘДО (ӘАДП) сол уақытта маневрлеу алаңында болған көлік құралдары мен тұлғаларды есепке алуды бастайды және осы алаңдағы қауіпсіздік қызметін қамтамасыз етуге көмек көрсету үшін осы рәсімдердің тұтас қолданылу кезеңі барысында осы есепке алуды жалғастырады және әуеайлақ қызметтерінің көлік құралдарының перрондар мен маневрлеу алаңдары бойынша қозғалысын шектейді.
      Шектеулі көрінушілік рәсімдерін қолданысқа енгізу кезінде маневрлеу алаңында сол сәтте болған көлік құралдары мен тұлғаларды есепке алу тәртібін аэронавигациялық ұйым белгілейді.
      256. ҰҚЖ-да және РМЖ аймақтарында кедергілердің бар-жоғын бақылауды ӘҚҚ органы ұшу алаңын шолу локаторын (бар болған жағдайда) пайдаланумен, әуе кемелері экипаждарының немесе әуеайлақ қызметі маманының баяндаулары бойынша жүзеге асырады.
      257. ІІ/ІІ санаттар бойынша қонуға дәл кіруді орындау кезінде курстық және глиссадалық радиомяактардың сигналдары қонуға кірудің соңғы кезеңінде кедергілерден қорғаумен қамтамасыз етіледі.
      258. ӘҚҚ органы әуе кемесінің пилотын (экипажын) радио және жарық-техникалық жабдықтары жай-күйінің өзгергені туралы хабардар етеді.
      259. ӘҚҚ органы әуе кемесінің пилотына (экипажына) ҰҚЖ-да көріну ұзақтығының мәндерін хабарлайды:
      І санат бойынша қонуға дәл кіру және қондыру құралдарымен жабдықталмаған немесе қонуға кіру және аспаптар бойынша қондыру құралдарымен жабдықталған ҰҚЖ-ға қону аймағында;
      ІІ санат бойынша қонуға кіруді және аспаптар бойынша қонуды орындауға арналған ҰҚЖ-ға қону аймағында және ортасында;
      ІІІ санат бойынша қонуға кіруді және аспаптар бойынша қонуды орындауға арналған ҰҚЖ-ға қону аймағында, ҰҚЖ ортасында және ең арғы шетінде.
      260. Шектеулі көрінушілік жағдайында тек жарық белгілерімен белгіленген РМЖ шекті аймағын босағаннан кейін ғана рульдеу жолындағы ҰҚЖ-ның босағаны туралы баяндалады.
      ҰҚЖ босағаннан кейін рульдеу сүйемелдеу машинасынан кейін жүзеге асырылады. Әуе кемесін тұраққа қарай бұру қарсы алушының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
      Ұшып көтерілуге бұрылатын әуе кемелерін тұрақ орындарынан алдын ала сөреге дейін сүйемелдеу машиналары жетектейді. Алдын ала сөреде әуе кемелері РМЖ-ның шекті аймағын белгілейтін жарық белгісінің алдында тоқтауға тиіс.
      РЖ осьтік оттары бар болған жағдайда ӘК сүйемелдеу машинасынсыз РЖ осьтік оттары бойынша рульдеуге жол беріледі.

Параграф 3. Әуеайлақтардағы адамдар мен көлік құралдарының
қозғалысын басқару тәртібі

      261. Тіркеп сүйрейтін әуе кемелерін қоса алғанда, әуеайлақтың маневр жасау алаңында адамдардың немесе көлік құралдарының қозғалысын, оларға немесе қонуды, жермен жүруді немесе ұшуды орындайтын әуе кемелеріне қауіп төндірмес үшін ӘДО (ӘАДП) диспетчері басқарады. Барлық жағдайларда ӘДО (ӘАДП) диспетчерінің рұқсатынсыз адамдардың және көлік құралдарының маневр жасау алаңында болуына тыйым салынады.
      262. Апатқа ұшыраған әуе кемесіне көмек көрсетуге бара жатқан және жер үсті қозғалысының барлық басқа түрлерінен артықшылыққа ие болып табылатын авариялық-құтқару көлік құралдарын қоспағанда, барлық көлік құралдары және адамдар жермен жүруді жүргізетін әуе кемелеріне жол беруге тиіс. Мұндай жағдайда барлық жер үсті қозғалысы авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғанға дейін тоқтатылады.
      263. Әуе кемесі жерге қонуды немесе әуеге ұшып көтерілуді орындау кезінде көлік құралдары РМЖ-тың шекті аймағынан тыс белгіленген жерлерде күтіп тұрады.
      264. Маневр жасау алаңында жұмыс орындап жатқан көлік құралдары ұшқын сөндіргіштермен, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, тіркеуге алу құралдарымен, ӘҚҚ органымен екіжақты байланысты қамтамасыз ететін радио құралдармен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуліктің кез келген уақытында қосылып тұрған габариттік және жалтылдақ шырақтармен жабдықталады. «Экипаж-диспетчер» арасындағы радиоалмасуды тыңдап отыру үшін жұмыстар басшысының машинасы қосымша радиостанциямен жарақталады. Радио құралдарымен жарақталмаған көлік құралдары маневр жасау алаңындағы жұмыстарға тартылған жағдайда, аталған көлік құралдарының қозғалысын және жұмысын жұмыстар басшысы сүйемелдейді.
      265. ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемелерін қабылдап, шығару кезінде маневр жасау алаңында жөндеу және басқа да жұмыстарды орындауға сұрау алған жағдайда:
      1) аталған көлік құралдарында және жетекшінің автомобилінде орнатылған әрі ақаусыз радиоқұралдар болған кезде және олардың габариттік әрі жалтылдақ шырақтары қосылып, олармен орнықты екіжақты байланыс болған жағдайда, ұшу басшысының немесе аға диспетчердің рұқсатымен жұмыстарды орындауға рұқсат береді;
      2) ұшу басшысына (аға диспетчерге) жұмыстардың басталғаны, ондағы үзілістер мен олардың аяқталғаны туралы хабарлайды;
      3) әрбір 15 минут сайын жұмыс жетекшісімен арадағы радио байланыстың бар-жоғы мен орнықтылығын қадағалап отырады;
      4) ұшу басшысына (аға диспетчерге) маневр жасау алаңындағы жұмыс жетекшісімен арадағы радио байланыстың жоғалғанын және техникалық құралдардың жарық-сигнал жабдықтарының жұмысындағы кемшіліктерді баяндайды;
      5) әуе кемесінің жерге қонуының есептік (нақтыланған) уақытына дейін 5 минут бұрын және одан кешіктірмей, сондай-ақ әуе кемесі ұшып көтерілер алдында техникалық және басқа да құралдардан ұшу жолағын босатуға бұйрық береді және осы бұйрықтың орындалуын қадағалайды.
      265-1. Ұшу жолағындағы жұмыстардың басшысымен байланыс тоқтатылған (бұзылған) жағдайда, ҰҚЖ оттарымен жыпылықтау ҰҚЖ-ны дереу босату қажеттілігі туралы дабыл болып табылады.
      Ескерту. 265-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 4. ҰҚЖ-ға рұқсатсыз шығу немесе ҰҚЖ-дағы кедергілер

      266. Егер ӘДО (ӘАДП) диспетчері ұшуға немесе қонуға рұқсат бергеннен кейін ҰҚЖ-да көліктің не адамның рұқсатсыз жүргені немесе ұшып көтеріліп немесе қонып келе жатқан әуе кемесінің қауіпсіздігіне қауіп тудыратын қандай да бір кедергінің ұшу жолағында бар екендігі анықталса, мынадай әрекеттер орындалады:
      1) ұшуға бет алған әуе кемесіне ұшып көтерілуге тыйым салынады және тыйым салынудың не себепті орын алғаны көрсетіліп, кедергінің орналасқан жері туралы ақпарат беріледі;
      2) қонуға енетін әуе кемесіне екінші айналымға кету туралы нұсқау беріліп, оның себебі көрсетіледі және қажет болған жағдайда кедергінің орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.
      267. ӘҚҚ органы ҰҚЖ-да кедергінің болуымен немесе ҰҚЖ-ға заңсыз кірумен байланысты кез келген оқиға туралы есеп (міндетті хабарлама) жасайды және оны деректерді тарату жүйесі (міндетті және ерікті хабарламалар жүйесі) арқылы аэронавигациялық ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесінің атына жібереді.
      Ескерту. 267-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 5. Маневр жасау алаңында орналасу орнына қатысты белгісіздік

      268. 269-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, маневр жасау алаңындағы өзінің орналасқан орнына қатысты күмәнданған әуе кемесінің экипажы әуе кемесін тоқтатып, бұл жөнінде өзімен байланыста отырған ӘДО (ӘАДП) диспетчерін хабардар етеді.
      269. Егер әуе кемесінің экипажы маневр жасау алаңындағы өзінің орналасқан орнына қатысты күмәнданған жағдайда, бірақ әуе кемесі ҰҚЖ-да тұр деген сенімде болса, онда әуе кемесінің экипажы:
      1) бұл жөнінде өзімен байланыста отырған ӘДО (ӘАДП) диспетчерін хабардар етеді;
      2) егер жақын маңайдан қолайлы ЖЖ орналасқан жерін анықтауға мүмкіндігі болса, ҰҚЖ-ны босатады және ӘДО (ӘАДП) диспетчерінен өзге нұсқау келмесе, әуе кемесін тоқтатады.
      270. Маневр жасау алаңындағы өзінің орналасқан орнына қатысты күмәнданған көлік құралының жүргізушісі:
      1) бұл жөнінде ӘДО (ӘАДП) диспетчерін хабардар етеді;
      2) егер ӘДО (ӘАДП) диспетчерінен өзге нұсқау келмесе, қону аймағынан, ЖЖ немесе маневр жасау алаңының басқа бөлігінен қауіпсіз қашықтыққа барып, көлік құралын тоқтатады.
      271. Егер ӘДО (ӘАДП) диспетчеріне әуе кемесі немесе көлік құралы маневр жасау алаңында бағыт-бағдарын анықтай алмай отырғаны немесе өзінің орналасқан орнына қатысты күмәнданғаны белгілі болған жағдайда, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әуе кемесіне немесе көлік құралына өзінің орналасқан орнын анықтауға көмек көрсету бойынша іс-қимылдар орындалады.

Параграф 6. Әуе кемесінің штаттан тыс конфигурациясы мен жай-күйі

      272. Егер ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің штаттан тыс конфигурациясы немесе жай-күйі (шассидің шықпай қалуы немесе жарым-жартылай шығуы, әуе кемесінің қандай да бір бөлігінен шыққан түтіннің ерекше эмиссиясы) туралы хабар алған жағдайда, ол бұл жөнінде әуе кемесінің экипажын хабардар етеді.
      273. Ұшып көтерілген әуе кемесінің экипажынан әуе кемесінің зақымданғаны туралы мәлімет алынған жағдайда, ҰҚЖ тексеріледі және әуе кемесінің экипажына ҰҚЖ-да әуе кемесінің қандай да бір бөлшектерінің немесе құстар мен жануарлар бөліктерінің бар-жоғы хабарланады.

Параграф 7. Әуеайлақтағы жағдай туралы маңызды ақпарат

      274. Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті және жұмыс алаңына немесе онымен байланысты кез келген құралдар мен жабдықтарға қатысты ақпарат әуеайлақтағы жағдай туралы маңызды ақпарат болып табылады.
      275. Әуеайлақтағы жағдай туралы маңызды ақпарат мыналарды:
      1) жұмыс алаңында не болмаса оған жақын жерде жүріп жатқан құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын;
      2) таңбаланған немесе таңбаланбағанына қарамастан, ҰҚЖ-ның, ЖЖ немесе перронның бетінде тегіс емес немесе бұзылған учаскелерді;
      3) ҰҚЖ-да, ЖЖ немесе перронда қардың, лай-батпақтың немесе мұздың бар-жоғын;
      4) ҰҚЖ-да, ЖЖ немесе перронда судың бар-жоғын;
      5) ҰҚЖ, ЖЖ немесе перрон маңында омбы қардың немесе борасынның бар-жоғын;
      6) тұрақта тұрған әуе кемелерінің немесе жерде жүрген не болмаса әуеде ұшқан құстардың бар-жоғын қоса алғанда, басқа да уақытша қатерлердің;
      7) әуеайлақтың жарық-сигнал жүйесінің істен шығуы немесе орнықты жұмыс істемеуі туралы мәліметтерді;
      8) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін кез келген ақпаратты қамтиды.
      276. ӘДО (ӘАДП) диспетчері перрондарға қатысты ақпаратпен қамтамасыз етіледі, оған бұл ақпаратты әуежайдың өндірістік-диспетчерлік немесе әуеайлақтық қызметі ұсынады.
      277. Әуе кемесі экипажының бұл жөнінде ақпарат алғаны белгілі болған жағдайларды қоспағанда, әрбір әуе кемесінің экипажына әуеайлақтағы жағдай туралы маңызды ақпарат беріледі.
      278. Егер ӘДО (ӘАДП) диспетчері маневр жасау алаңында әуе кемелерінің пайдалануына қатер төндіретін, бұрын ол туралы айтылмаған жағдайларды байқаған болса немесе осы жөнінде ақпарат алған жағдайда, маневр жасау алаңының осы бөлігінде операциялар тоқтатылып, бұл туралы әуежайдың өндірістік-диспетчерлік немесе әуеайлақтық қызметіне хабарлайды.

Параграф 8. Маневр жасау алаңындағы әуе кемелерінің қозғалысы

      279. Жермен жүруге рұқсат берер алдында ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің тұрақ орнын айқындап алады.
      Жермен жүруге рұқсат беру әуе кемесінің басқа әуе кемелерімен немесе объектілермен соқтығысып қалуға және байқаусызда ҰҚЖ-ға шығып кетуіне жол бермейтін көрсетілген бағыт бойынша әуе кемесінің жермен жүруі үшін қажетті ақпарат пен нұсқауларды қамтиды.
      280. Егер әуе кемесінің жермен жүру бағыты ҰҚЖ-мен қиылысатын болса, жермен жүруге берілетін рұқсат ҰҚЖ-ны қиып өтуге рұқсат алуды немесе ҰҚЖ алдында күтіп тұру туралы нұсқауды қамтиды.
      281. Әуеайлақта пайдалануға жататын жермен жүрудің стандартты бағыттары аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланып тұрады. Жермен жүрудің стандартты бағыттары тиісті белгілермен таңбалануы тиіс, олар жермен жүру рұқсаттарында көрсетіледі.
      282. Әуеайлақта жермен жүрудің стандартты бағыттары болмаған жағдайда, жермен жүру бағыты жермен жүру жолы мен ҰҚЖ-ның белгілерін пайдалана отырып, көрсетілуі тиіс.
      283. Басқа әуе кемелерінің кідіруіне әкелмейді әрі оларға қауіп тудырмайды деген шартпен әуе кемесінің экипажына ҰҚЖ бойынша жермен жүруге ӘДО (ӘАДП) диспетчері рұқсат береді.
      284. Егер ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің ҰҚЖ-ны босатқанын көзбен шолып немесе қадағалау жүйесінің көмегімен анықтай алмаса, ол әуе кемесінің экипажынан ҰҚЖ-ның босатылғанын баяндауды талап етеді. Экипаж ҰҚЖ-ның босатылғанын баяндаған болса, онда бұл әуе кемесінің РМЖ-тың шекті аймағынан тыс жерде екендігін білдіреді.
      285. Егер тікұшаққа орын ауыстыру қажет болса, оған әуе арқылы баяу жүруге рұқсат етілген.
      286. Тікұшақтың әуеде қалқып тұруы немесе оны әуе бойынша баяу жүруі оның бұрамасынан соққан ауаның жеңіл әуе кемелеріне зиянды әсерінің болмауын ескере отырып, жүргізілуі тиіс.

Параграф 9. Әуеайлақ шеңбері бойынша әуе қозғалысына қызмет көрсету

      287. Әуеайлақ шеңбері бойынша әуе кемелерінің ӘҚҚ эшелондаудың белгіленген минимумдарын сақтай отырып, жүзеге асырылады.
      288. Эшелондаудың белгіленген минимумдары:
      топтық ұшуды орындап жатқан;
      әскери, оқу-жаттығу немесе тосқауыл мақсатындағы ұшуды орындап жатқан мемлекеттік авиацияның әуе кемелеріне қатысты қолданылмайды.
      289. ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемелерінің экипаждарын әуе жағдайы (қажет болғанда) мен метеорологиялық жағдайлар (ATIS болмағанда) туралы хабардар етеді, белгіленген схемалар немесе берілген траекториялар бойынша ұшуға рұқсат береді, олардың сақталуын бақылайды, әуе кемелері арасындағы белгіленген аралықтардың кем болмауын қамтамасыз етеді. Әуе кемелері арасындағы аралықтарды реттеу мақсатында ӘДО (ӘАДП) диспетчері аталған әуе кемесіне ғана рұқсат берілген үдемелі немесе тік жылдамдықтар режимін бере алады.
      290. ӘДО (ӘАДП) диспетчері қосалқы (топырақты) ҰҚЖ-ның жай-күйі мен жұмысқа дайындығын білуі және қажет болған кезде олардың қонуға немесе қосалқы әуеайлаққа кетуге шешім қабылдауы үшін бұл туралы әуе кемесінің экипажына хабарлауы тиіс.
      291. ӘДО (ӘАДП) диспетчері қонуға енетін кемемен әуе байланысын орнатқан кезде оны таниды (радиолокациялық бақылау болған жағдайда), қонуға кіру талаптарын хабарлайды, төмендеу және қонуға кіру схемасында белгіленгеннің сақталуын бақылайды, белгіленген эшелондау аралықтарын сақтай отырып, қонуға кіру үшін төмендеуін қамтамасыз теді.
      292. Бұлттардың төменгі шекарасының тиісті биіктігінде 200 метр және одан төмен, ҰҚЖ-дағы көрінушілік 2000 метр және одан аз нақты ауа райы кезінде ӘДО (ӘАДП) диспетчері әр әуе кемесі қонуға кіруі кезінде:
      1) метеобақылаушыдан бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі және ҰҚЖ-дағы көрінушілік туралы толық мәліметтерді сұрайды;
      2) әуе кемесінің экипажына қону алдындағы тіке (тіке келген кезде глиссадаға кіру нүктесінен) бұрылыс басталғанға дейін метеобақылаушыдан алған ауа-райы туралы анықталған мәліметті жібереді.
      293. ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің таңдап алған жүйесі бойынша қонуға кіруді қамтамасыз етеді және қонуға рұқсат береді.
      294. Қону жүйесінің бұзылғандығы және ақаулығы туралы ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің экипажына хабарлайды және оған қамтамасыз ететін басқа құралдарды пайдалану бойынша ұсыныстар береді.
      295. Әуе кемесінің қонуға кіру кезінде санатталған минимум бойынша тікелей қону алдында, сондай-ақ РМЖ сындарлы аймағында басқа әуе кемелер (бөгеттер) болмауы керек.
      296. Минуттық режиміндегі Кешенді радиотехникалық автоматты метеорологиялық станция (бұдан әрі – КРАМС) жұмысы кезінде (әуе кемесінің ІІ, ІІІ санатталған минимум бойынша кіруі), ӘДО (ӘАДП) диспетчері бұлттардың төменгі шекарасы биіктігінің көрсеткішін (көлденең көрініс) және КРАМС индикация блогынан ҰҚЖ-ға көрінісінің алшақтығын төмендетеді және олар өзгерген жағдайда ӘК экипажына хабарлайды.

Параграф 10. Ұшатын әуе кемелерінің әуе қозғалысына қызмет көрсету

      297. ӘДО (ӘАДП) диспетчері сүйреуге алуға, ұшудың белгіленген уақытын ескере отырып, әуе кемесі экипажының ұшуға шешім қабылдауы туралы «Брифинг» диспетчерінен ақпарат алғаннан кейін әуе кемесінің сұрауы бойынша алдын-ала сөреде қозғалтқыштарды қосуға және әуе кемесін жүргізуге рұқсат береді, ҰҚЖ (ұшып көтерілу МЖБ) жұмыс бағытын, бағыты мен жүргізу шарттарын көрсетеді. АТIS бар болса ҰҚЖ (ұшып көтерілу МЖБ) көрсетілмейді.
      Атқарушылық сөресінің орнын алуға рұқсат әуе кемелерінің ұшуға дайын болу тәртібімен беріледі. Ұшудың кезектілігіне қатысты ескеру қажетті факторлар:
      1) әуе кемелерінің түрлері және олардың ұшу-техникалық сипаттамасы;
      2) ұшудан кейінгі жүру маршруты;
      3) эшелондаудың бекітілген минимумы;
      4) іздегі турбуленттілік кезінде эшоландаудың бекітілген минимумын қолдану;
      5) ұшуға басымдықтың болуы.
      298. Мынадай әуе кемелерінің ұшу кезінде артықшылықтары болады:
      1) мемлекеттердің мүдделерін қорғау бойынша тапсырмаларды орындаушы;
      2) іздеу-құтқару, апаттық-құтқару жұмыстарын орындаушы;
      3) жедел медициналық қызмет көрсету бойынша тапсырмалар;
      4) қалыптасып отырған әуе жағдайына, әуе кемесін немесе әуеайлақты пайдаланумен байланысты жергілікті жағдайларға және рәсімдерге қарай басқа да әуе кемелері.
      Ескерту. 298-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      299. Қосалқы (топырақты) ҰҚЖ бар әуеайлақтың жұмысы кезінде ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің экипажына орналасқан жері туралы хабарлайды, маршруты мен жүргізу тәртібін көрсетеді.
      300. Әуе кемесінің санатталған минимум бойынша қонуға кіруі кезеңінде ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемелерінің және басқа да жылжымалы техникалық құралдарының болмауын, қозғалыстың сындарлы аймақтарында РМЖ қолданысымен қонуын қамтамасыз етеді.
      301. Егер оның және қонуға енетін әуе кемесінің арасында қауіпсіз аралық қамтамасыз етілсе ұшатын әуе кемесіне атқарушылық сөреге жермен жүргізуге және ұшып көтерілуге рұқсат беріледі.
      302. Егер бұл әуеайлақтың ҰЖҚ-да көзделсе ҰҚЖ басынан ұшуға рұқсат етіледі.
      303. Бір уақытта екі әуе кемесіне атқарушылық сөреге тұруына рұқсат беруге тыйым салынады.
      304. Егер әуеайлақ ҰЖҚ-да (ӘАНП) көзделсе, ҰҚЖ-ның жұмыс бағытының кері бағамымен әуе кемесінің шығарылуына рұқсат етіледі.
      305. Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайды қоспағанда, әуе кемесінің екпіні басталған сәттен және 200 метр биіктікке көтерілгенге дейін ӘДО (ӘАДП) диспетчеріне әуе кемесінің экипажын шақыруға болмайды. Егер 200 метрден төмен биіктікте ұшса, онда радиобайланыс қажетті биіктікке көтерілгеннен кейін орнатылады.
      306. Диспетчердің ұшуға рұқсаты берілмейді егер:
      1) ҰҚЖ бос болмаған жағдайда;
      2) ҰҚЖ-ның жай-күйі әуе кемесінің экипажына беймәлім болса;
      3) басқа әуе кемесі ұшып көтерілсе немесе екінші айналымға кетсе, немесе оның орны эшелондаудың белгілеген үзілісі қамтамасыз етілмесе;
      4) ұшу алаңында кедергілер болса;
      5) әуе кемесінің экипажы ұшу қауіпсіздігіне төнген жағдайлар туралы (құстардың жиналуы, қауіпті метеожағдайлар, қатты нөсер жаңбыр жағдайында, жер бетіндегі қатты желдің бағыты мен жылдамдығының метеорологиялық көрінісі 600 метрден аз болса, ауа райы әуеайлақ минимумынан төмен) хабардар болмаса ұшып көтерілуге рұқсат беруге тыйым салынады.
      307. Әуе кемесі атқарушы сөреде тұрса және ұшуға рұқсат алғаннан кейін екпіндеуді бастамаған жағдайда, ал басқа әуе кемесі қону алдында тікелей 4 километр және одан аз қашықтықта болса, онда ӘДО (ӘАДП) диспетчері ұшуға рұқсат бермейді, ал қонуға кіретін әуе кемесі екінші айналымға кетеді.
      308. ҰҚЖ-дағы кедергілердің болмауы:
      1) көзбен шолып қарауымен (көру мүмкіндігі шегінде);
      2) ұшу алаңын шолу локаторының индикаторы бойынша байқаумен (болған жағдайда);
      3) ҰҚЖ босатылуы туралы әуе кемелері экипаждарының баяндауы бойынша;
      4) көрінбейтін учаскелерде, қиын метеожағдайларда және түнде ҰҚЖ тексерген кездегі әуеайлақ қызметі мамандарының баяндауы бойынша анықталады.
      309. Әуеайлақтағы ауа райының минимумнан төмен кезінде және (немесе) басқа қауіпті құбылыстар мен ауа-райының қолайсыздық жағдайы туындағанда, ӘДО (ӘАДП) диспетчері бұл туралы әуе кемесінің экипажына хабарлайды. Ұшуды жүргізу туралы түпкілікті шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды. Егер әуе кемесінің командирі ұшып көтерілу туралы деген шешім қабылдаса, диспетчер оған ұшуға рұқсат береді, ол мынаны:
      1) ҰҚЖ бос екенін;
      2) ҰҚЖ жай-күйі ӘК экипажына белгілі екенін;
      3) ұшатын әуе кемесі үшін эшелондау арақашықтығы қамтамасыз етілгендігін;
      4) ұшу жолағында кедергілер жоқ екенін;
      5) ӘК экипажында ұшу қауіпсіздігіне төнетін құбылыстар туралы (құстардың жиналуы, қауіпті метеоқұбылыстар, метрологиялық көрінушілік күшті нөсер жауын-шашын жағдайында кем дегенде 600 метрден аз, қатты желдің бағыты мен жылдамдығы), нақты ауа райының әуежай минимумынан төмендігі;
      6) ӘК экипажы шеңбер биіктігін алуға немесе диспетчерлік шешімде көрсетілген эшелонды алуға рұқсат етілетінін білдіреді.
      Ұшуға берілген диспетчерлік рұқсат әуе кемесінің командирін оны жасауға мәжбүрлеу болып табылмайды және әуе кемесінің командирі минимумнан төмен метеожағдайлар кезінде ұшуды жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, оның шығуына ӘДО (әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті) жауап бермейді. Мұндай жағдайда қабылданған шешім үшін және әуе кемесі ұшуының шығуына жауапкершілік әуе кемесінің командиріне жүктеледі.
      ҰҚЖ-ды иелену уақытын азайту мақсатында әуе кемесіне атқарушы сөреде қамтуға және бірден ұшып кетуге рұқсат беруге болады. Осындай рұқсат алғаннан кейін әуе кемесі ҰҚЖ-ға қарай жермен жүріп, ұшып кетеді.

Параграф 11. Келетін әуе кемелеріне әуе қозғалысы қызметін көрсету

      310. ӘДО (ӘАДП) диспетчері берген қонуға арналған рұқсат әуе кемесі экипажының әуе кемесінің шешім қабылдаған биіктікті ұшып өткенге дейін қонуға дайындығы туралы баяндауынан кейін, бірақ ҰҚЖ табанынан кем дегенде 1000 метр қашықта беріледі.
      ӘК қонуға берген рұқсат:
      1) ҰҚЖ жай-күйінің ӘК экипажына белгілі екенін;
      2) төмендеу жолындағы әуе кеңістігі мен ұшу жолағы бос екенін білдіреді;
      3) ӘК экипажы ұшу қауіпсіздігіне төнген жағдайлар (құстардың жиналуы, қауіпті метеожағдайлар, қатты нөсер жаңбыр жағдайында метеорологиялық көрініс 1000 метрден аз, жер бетіндегі қатты желдің екпінін ескере отырып, оның бағыты мен жылдамдығының) ауа-райы әуеайлақ минимумынан төмендігі туралы ақпараты бар екенін білдіреді.
      311. ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің экипажына қонуға тыйым салып және екінші айналымға кету туралы бұйрық береді, егер:
      1) әуе кеңістігінде әуе кемесінің жолындағы ұшудың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кедергілер болса;
      2) тікелей қонар алдында әуе кемелерінің арасында белгіленген эшелондау арақашықтығы бұзылса;
      3) ұшу жолағы бос емес болса;
      4) атқарушы сөреде тұрған әуе кемесі екпін алуды басталмай ұшуға рұқсат алғаннан кейін, ал қонуға енген әуе кемесі 4 километр қашықтықта тікелей қону алдында тұрса әуе кемесінің экипажына қонуға тыйым салады және екінші шеңберге кету туралы нұсқау береді.
      311-1. ҰҚЖ-да кедергілердің жоқ болуы:
      1) көзбен шолып қараумен (көрінушілік шегінде);
      2) ұшу алаңын шолу локаторының индикаторы бойынша бақылаумен (бар болған кезде);
      3) әуе кемелері экипаждарының ҰҚЖ-ны босату туралы хабарлаулары бойынша;
      4) көрінбейтін учаскелерде, күрделі метеожағдайларда және түнде ҰҚЖ-ны тексеру кезінде әуеайлақ қызметі мамандарының хабарлаулары бойынша анықталады.
      Ескерту. 311-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      312. ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемесінің экипажына мыналар туралы мәлімет береді:
      1) ҰҚЖ-дағы 2000 метрден және одан аз барлық көріну өзгерістері (көрінушілік) және 200 метрден және одан аз бұлттардың төменгі шекараларының биіктігі (тік көрінушілік);
      2) тікелей қонар алдындағы қауіпті метеоқұбылыстар;
      3) көрінушіліктің 1000 метрден аз метеорологиялық қашықтықта күшті нөсерлі жауын-шашындар;
      4) ҰҚЖ-дағы көріну (көрінушілік) және әуеайлақтың белгіленген минимумынан аз бұлттардың төменгі шекарасы (тік көрінушілік);
      5) жердегі бұрқасынды ескере отырып, желдің бағыты мен жылдамдығы туралы хабарлайды.
      313. Әуеайлақтың минимумынан төмен ауа-райы кезінде және (немесе) басқа да қауіпті құбылыстар мен ауа жағдайлары кезінде ӘДО (ӘАДП) диспетчері бұл туралы әуе кемесінің экипажына хабарлайды. Қонуды жүргізу туралы түпкілікті шешімді әуе кемесінің командирі қабылдайды. Егер әуе кемесінің командирі қонуды жүргізу туралы шешім қабылдаса, ӘДО (ӘАДП) диспетчері оған қонуға рұқсат береді, ол мынаны:
      1) төмендеу жолындағы әуе кеңістігі және ұшу жолағы бос екендігін;
      2) тікелей қонар алдында әуе кемелерінің арасында белгіленген эшелондау аралығын бұзуға төнген қауіптің жоқтығын;
      3) ҰҚЖ-ның жай-күйі ӘК-ге белгілі екендігін білдіреді.
      Қонуға берілген диспетчерлік рұқсат әуе кемесінің командирін оны жасауға мәжбүрлеу болып табылмайды, әуе кемесінің командирі минимумынан төмен метеожағдай кезінде ұшуды жүргізу туралы түпкілікті шешім қабылдайды.
      314. «ҰҚЖ бос емес» деген жарық таблосын пайдалану:
      «ҰҚЖ бос емес» деген жарық таблосын ұшу жолағының бос еместігі туралы қосымша ақпарат ретінде ӘДО (ӘАДП) диспетчері мына жағдайда:
      1) ұшу жолағында кедергілер болған кезде;
      2) ұшу жолағында жұмыстар жүргізу үшін рұқсат алғаннан кейін;
      3) ҰҚЖ қиып өтуге рұқсат беру кезінде;
      4) техникалық және басқа себептер бойынша әуеайлақты жабу кезінде қосады.
      «ҰҚЖ бос емес» деген жарық таблосы:
      1) ұшу жолағындағы жұмыстар аяқталғаннан кейін;
      2) ҰҚЖ қиып өткеннен кейін;
      3) әуеайлақ ашылғаннан кейін өшіріледі.
      315. ҰҚЖ бос болмау уақытын азайту мақсатында қонуды орындайтын әуе кемесіне:
      1) әуе кемелерінің «ауыр» санатын қоспағанда, ҰҚЖ-ға қону аймағынан тыс қонуды орындауға;
      2) ҰҚЖ-ны көрсетілген ЖЖ арқылы босатуға;
      3) ҰҚЖ босатуды жылдамдатуға диспетчерлік рұқсат беріледі.
      316. Қонуға кіруді орындайтын әуе кемесіне қону маневрін және (немесе) қонғаннан кейінгі жүруді орындауға нұсқау беру кезінде әуе кемесінің үлгісі, ҰҚЖ босату үшін, ҰҚЖ ұзындығы, ЖЖ орналасқан жері, ҰҚЖ және ЖЖ ілінісу коэффициенті (тежеу тиімділігі), сондай-ақ метеорологиялық жағдай ескеріледі.
      317. Егер талап етілген нұсқау орындалмаған жағдайда әуе кемесінің командирі бұл туралы ӘДО (ӘАДП) диспетчеріне хабарлайды.
      318. Көру мүмкіндігі шектеулі болған жағдайда, ӘДО (ӘАДП) диспетчері ҰҚЖ-ның босағаны туралы баяндау жөнінде әуе кемесінің экипажына нұсқау береді.

Параграф 12. Жердегі аэронавигациялық шырақтар

      319. Әуеайлақтың жарық-сигналдық жабдығы:
      1) түнгі ұшу кезінде – күн ұясына кіргеннен 15 минут бұрын немесе әуе кемелері келуінің есептік уақытында, ұшып шыққан кезде – экипаждың әуе кемесін жіберуге (сүйреуге) рұқсат сұратуынан кейін;
      2) күндізгі жағдайларда – 2000 метр және одан аз көрінушілік кезінде;
      3) басқа жағдайларда – ұшу басшысының нұсқауы бойынша немесе әуе кемесі экипажының (ұшқышының) талап етуі бойынша қосылады.
      320. Жарық сигналының жабдығы:
      1) күн шығысымен;
      2) күндізгі жағдайларда – 2000 метр және одан көп көрінушілік кезінде;
      3) түнгі ұшу кезінде – ұшып шығатын әуе кемесі әуеайлақ ауданынан шыққаннан кейін немесе келген әуе кемесін тұраққа бұрғаннан кейін;
      4) басқа жағдайларда – әуе кемелерінің қонуы (ұшып кетуі) болмаған кезде ұшу басшысының (аға диспетчердің) нұсқауы бойынша сөнеді.
      321. Ауыспалы жиілігі бар жарықтармен жабдықталған әуеайлақтарда көрінушілік және жарық беру жағдайы ескерілген жиілікті реттей алатын осы шырақтар жарығының күшін ӘҚҚ органдарының реттей алуы үшін басым жағдайларға сәйкес бұл шырақтардың жарық күшін оны басшылыққа алатын ӘДО (ӘАДП) диспетчерлері ескеретін реттеу кестесі болуға тиіс. Әуе кемесі экипажының сұратуы бойынша, бұл мүмкін болған жағдайда, жиілікті қосымша реттеу жүргізіледі.
      322. Глиссаданың көрнекі индикациясының от жүйелері жабдықталған ҰҚЖ тәуліктің күндізгі уақытта және қараңғы уақытта, автономдық қосу мүмкіндігі кезінде көріну жағдайына қарамастан қосылады.
      322-1. Әуеайлақтың жарықсигналды жабдығының жұмысқа қабілеттілігін істен шығуларды (егер бар болса) автоматты индикациялау (бақылау) жүйесі арқылы ӘДО (ӘАДП) диспетчері анықтайды.
      Әуеайлақтың жарықсигналды жабдығының жұмысқа қабілеттілігін істен шығуларды автоматты индикациялау (бақылау) жүйесі жоқ болған жағдайда немесе осындай жүйені қолдау мақсатында ӘДО (ӘАДП) диспетчері көріну шегіндегі жарықсигналды жабдық оттарын көзбен шолып бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ әуе кемелерінің экипаждарынан келіп түскен ақпаратты немесе әуежай қызметтерінің мамандары жүргізген жарықсигналды жабдықты тексеру қорытындыларын пайдаланады.
      Ескерту. 322-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      322-2. Қандай да бір оттың (оттардың) іске жарамсыз болуы туралы ақпаратты алғаннан кейін ӘДО (ӘАДП) диспетчері әуе кемелерінің немесе көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды және әуеайлақ пайдаланушысы тағайындаған жауапты тұлғаға осы ақаулықты жою қажеттігі туралы хабарлайды.
      Ескерту. 322-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

17. Бақылау негізінде ӘҚҚ-ға қызмет көрсету

Параграф 1. Бақылау негізінде ӘҚҚ-ға қызмет көрсету ұсыну

      323. Ұшудың қауіпсіздігіне байланысты хабарлау мен ескертуді (шиеленісті жағдайдың туындауы туралы хабарлау, қауіпі аз абсолютті биіктікке жеткені туралы ескерту) қоса алғанда, ӘҚҚ бақылау жүйелерінен түскен ақпаратты ӘҚҚ органы өткізу қабілетін және тиімділікті, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін арттыру үшін пайдаланады.
      324. ӘҚҚ-да бақылау негізінде тұрған әуе кемелерінің саны өткізу қабілетінің мәндерін астам болмауы тиіс емес, онда мыналар:
      1) диспетчерлік пунктке (секторға) сәйкес келетін әуе кеңістігінің құрылымдары;
      2) диспетчерлік пунктке (секторға) сәйкес келетін функционалдық міндеттер;
      3) диспетчерге арналған жұмыс жүктемесін бағалау;
      4) техникалық дәрежелер, борттық және жердегі байланыс жүйелері (негізгі және резервтегі), навигация және бақылау ескеріледі.
      325. Әуе кемелерінің ӘЖИ-дегі орналасқан жерін айқындау кезінде диспетчер танудың мынадай әдістерін кешенді түрде пайдаланады:
      1) пеленгация – АРП индикаторындағы әуе кемесі пеленгасының және ӘЖИ-дегі белгілеу азимутының мәндерін салыстыру;
      2) байлау – белгілі нүктенің координатын (ӘК экипажының ұшып өту туралы баяндауы кезінде) танылып отырған ӘЖИ-дегі белгілеу координаттарымен салыстыру;
      3) маневр – әуе кемесінен ӘЖИ-ге (маневрдің) белгілеуді ауыстыру бағытының диспетчер берген (маневрмен) бағытымен сәйкес келуі;
      4) қайталама шолу радиолокация құралдарын пайдалану (бұдан әрі – ҚШРЛ құралдары) – ӘК экипажы беретін және ӘЖИ-де көрсетілген ақпараттың әуе кемесін сүйемелдеу формулярына сәйкестігін салыстыру.

Параграф 2. ҚШРЛ қабылдау-жауап бергішін және
ADS-B хабар берушілерді қолдану

      326. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ кезінде ҚШРЛ кодтарын әуе кемелеріне бөлу осы Нұсқаулықтың 3 Қосымшасында белгіленген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысына қызмет көрсету барысында қайталама шолу радиолокациясының кодтарын қолдану әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
      327. ADS-B жабдығымен жарақтанған әуе кемесінің хабар беруі үшін мынадай жағдайларда апатты режимді және (немесе) жедел режимді пайдалана алады:
      1) авариялық жағдай;
      2) байланыстың жұмыс істемеуі;
      3) заңсыз араласу актілері;
      4) отынның ең аз қалуы;
      5) ӘК жолаушылармен немесе экипажбен болған медициналық проблема.
      328. ADS-B жабдығымен жарақтанған әуе кемесі және әуе кемесін тану құрылғылары бар әуе кемесі, «Әуе қозғалысын ұйымдастыру» азаматтық авиацияның Халықаралық ұйымының құжатында (DOC 4444 ATM/501) көзделген ұшу жоспарының 7-тармағына сәйкес әуе кемелерінің танымдық индекстерін немесе әуе кемелерінің тіркеу белгілерін береді.
      329. ADS-B жабдығымен жарақтанған әуе кемесінің бортынан берілген тану индексінің күту индексінен айырмашылығы кезінде пилотқа әуе кемесінің дұрыс тану индексін растауға, қажет болған жағдайда қайталап жүргізуге нұсқау беріледі.
      330. Егер әуе кемесінің экипажы әуе кемесінің тану индексін орнатудың дұрыстығын растағаннан кейін ADS-B тану құрылғысындағы сәйкессіздік бұрынғыдай сақталса, диспетчер мынадай шараларды қабылдайды:
      1) сақталып қалған сәйкессіздік туралы ұшқышқа хабарлайды;
      2) әуе жағдайының индикаторында әуе кемесінің тану индексін көрсететін сүйемелдеу формулярына мүмкіндігіне қарай өзгеріс енгізеді;
      3) аралас диспетчерлік пунктке (басқа мүдделі органға) әуе кемесінің бортынан берілген танымдық индекстегі қателік туралы хабарлайды.

Параграф 3. Барометрлік биіктік туралы деректерді пайдалануға
негізделген ұшу биіктігі туралы ақпарат

      331. RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде ұшу үшін әуе кемелері ұшудың барометрлік биіктігі туралы деректерді хабарлайтын қабылдау-жауап беру құралдарымен жарақталады.
      Әуе жағдайының индикаторында көрсетілген ұшудың берілген эшелонынан (биіктігінен) рұқсат етілген ауытқу көлденең ұшу режимінде анықталады және:
      410 ұшу эшелонынан және одан төмен әуе кеңістігінде ұшу кезінде ±60 метрді (±200 фут);
      410 ұшу эшелонынан жоғары ұшу кеңістігінде ±90 метрді (±300 фут) құрайды.
      Жасалған келісімге сәйкес ӘКҚ органы RVSM қолданылатын әуе кеңістігінде рұқсат етілген ауытқулардан асып кету туралы мәліметтерді өңірлік мониторингтік агенттікке жібереді.
      Ескерту. 331-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      332. Егер рұқсат берілген ауытқулар ұшудың биіктігі туралы көрсетілген ақпарат шегінен шыққан жағдайда, диспетчер әуе кемесінің экипажына (ұшқышқа) қысымды белгілеудің дұрыстығын тексеруге және әуе кемесінің ұшу эшелонын (биіктігін) растауға нұсқау береді.
      333. Әуе кемесінің экипажынан (ұшқышынан) қысымды белгілеудің дұрыстығы және көрсетілген ақпараттың сәйкессіздігі туралы растау алған кезде мынадай іс-қимылдар қолданылады:
      1) әуе кемесінің экипажына (ұшқышына), егер бұл орналасқан жері немесе тану туралы ақпараттың жоғалып кетуіне алып келмесе «С» немесе ADS-B режиміндегі биіктік туралы деректер беруді тоқтату нұсқауы беріледі. Аралас диспетчерлік пункттері немесе осы әуе кемесіне қатысы бар ӘҚҚ (ӘҚБ) органы қолданылған іс-қимылдар туралы хабардар етіледі;
      2) әуе кемесінің экипажы (ұшқышы) әуе кемесінің орналасқан жері немесе тану туралы ақпараттың жоғалып кетуіне алып келмеуі үшін «С» режиміндегі немесе ADS-B биіктік туралы деректер беруді жалғастыру нұсқауы беріледі. Аралас диспетчерлік пункттер немесе осы әуе кемесіне қатысы бар ӘҚҚ (ӘҚБ) органы қолданылған іс-қимылдар туралы хабардар етіледі.
      334. Эшелонды әуе кемесінің қамту өлшемі анықталған кезде 410 және одан төмен эшелонынан әуе кеңістігінде ±60 метр (±200 фут), 410 ұшу эшелонынан жоғары әуе кеңістігінде ±90 метр (±300 фут) болып табылады.
      Ескерту. 334-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      335. Егер барометрлік биіктік туралы, ұшу биіктігі туралы деректердің негізінде алынған ақпараттың әуе кемесінің берілген эшелонға қатысты осы Нұсқаулықтың 334-тармағында көрсетілген тиісті рұқсат беру шектерінде тұрғандығын куәландырады, ол ұсталатын берілген эшелон ретінде қарастырылады.
      336. Эшелонды босатуға рұқсат алған әуе кемесі осы маневрді орындауға кіріскен және олардың бұрын пайдаланған эшелонды босатқан ретінде қарастырылады, егер барометрлік биіктік туралы, оның ұшу биіктігі туралы деректердің негізінде алынған ақпарат бұрын берілген эшелонға қатысы бойынша 90 метрден (300 футтан) асатын күту бағытындағы осы әуе кемесін ауыстыру туралы куәландырады.
      337. Биіктікті жинақтайтын немесе төмендейтін әуе кемесі эшелонды қиып өткен ретінде қарастырылады, ал барометрлік биіктік туралы, оның ұшу биіктігі туралы деректердің негізінде алынған ақпарат бұрын берілген эшелонға қатысы бойынша 90 метрден (300 футтан) асатын күту бағытындағы осы әуе кемесін ауыстыру туралы куәландырады.
      338. Егер әуе кемесінің берілген эшелонға қатысты осы Нұсқаулықтың 334-тармағында көрсетілген тиісті рұқсат беру шектерінде тұрғандығын куәландыратын барометрлік биіктігі жөнінде деректер негізделген ұшу биіктігі туралы ақпаратты алынғаннан кейін ӘЖИ-дің бейнеленген үш рет жаңарту немесе қандай шаманың үлкендігіне қарай 15 секунд өтсе әуе кемесі рұқсатта көрсетілген эшелонды иеленген ретінде қарастырылады.
      339. Егер диспетчердің индикаторындағы ұшу биіктігі туралы деректер мен ӘҚҚ мақсатында пайдаланылатын деректердің арасындағы алшақтықтар болған жағдайда ғана көрсетілген жоғары мәннен асып кеткен жағдайда диспетчердің араласуы қажет болады.
      340. ӘҚҚ органының диспетчерінде төмендегілерге қатысты толық ақпарат болуы тиіс:
      1) жауапкершілік ауданы (аймағы) шегінде ұшу биіктігінің белгіленген ең төменгі абсолюттік (салыстырмалы) биіктігі;
      2) ұшудың төменгі қауіпсіз эшелоны (немесе эшелондары);
      3) радиолокациялық векторлау схемалары үшін белгіленген ең төменгі абсолюттік (салыстырмалы) биіктік.

Параграф 4. Бақылау негізінде ӘҚҚ-ны үзу немесе тоқтау

      341. Бақылау негізінде ӘҚҚ қамтамасыз ететін әуе кемесіне, егер қызмет көрсету үзілсе немесе тоқтатылса, хабарлануға тиіс.
      342. Танылған әуе кемесінің ӘҚҚ ӘҚҚ-ның ӘҚҚ (ӘҚБ) аралас органына немесе ӘҚҚ хабарының алдында эшелондау рәсімін қамтамасыз ететін диспетчерлік пунктке (секторге) берілген жағдайда осы әуе кемесінің және эшелондаудың уақытша аралығы белгіленген басқа да әуе кемелерінің арасындағы рәсім қамтамасыз етілетін болады.

Параграф 5. Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету
кезінде бақылау жүйелерін қолдану

      343. Бақылау жүйелері аудандық диспетчерлік қызмет көрсетуді, келу диспетчерлік қызмет көрсетуді және әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.
      Ескерту. 343-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      344. Бақылау жүйелерімен қамтамасыз етілген, әуе жағдайының индикаторында бейнеленген ақпарат әуе қозғалысында диспетчерлік қызмет көрсету кезінде мынадай функцияларды жүзеге асыру үшін:
      1) әуе кеңістігін тиімді пайдалану үшін, бақылау негізінде ӘҚҚ қамтамасыз ету, кідіртулерді қысқарту, тікелей бағыттар мен аса оңтайлы ұшу бейіндерін ұсыну, сондай-ақ ұшулардың қауіпсіздігін арттыру үшін;
      2) ұшулардың тиімділігі мен реттілігін қамтамасыз ету мақсатында ұшып шығатын әуе кемелерін векторлауды қамтамасыз ету және ұшудың берілген эшелонға дейінгі биіктігін жинақтауды жылдамдату;
      3) мүмкін болатын шиеленісті оқиғаларын шешу мақсатында әуе кемелерін векторлауды қамтамасыз ету;
      4) ұшулардың тиімділігі мен реттілігін қамтамасыз ету мақсатында ұшып шығатын әуе кемелерін векторлауды қамтамасыз ету;
      5) әуе кемелерінің экипаждарына ұшақты жүргізуге жәрдемдесу үшін векторлауды қамтамасыз ету;
      6) әуе кемесінің бортындағы байланыс істен шыққан кезде қозғалыс ағынын эшелондау мен реттеудің белгіленген арақашықтығын қамтамасыз ету;
      7) әуе кемелерінің ұшу траекториялары үшін бақылауды қамтамасыз ету;
      8) диспетчерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында рәсімдік бақылау мақсатында пайдаланылды.
      345. Бақылау жүйелерін пайдалану кезінде эшелондауды қолдану:
      Эшелондаудың белгіленген аралықтарын сақтау үшін байқау жүйесін пайдаланатын ӘҚҚ органы әуе кемелерінің салыстырмалы бағыттарын, олардың жылдамдығын, байқау жүйесінің техникалық шектеулілігін, диспетчердің жұмыс жүктемесі мен байланыс арналарының жүктелушілігін ескереді.
      346. Эшелондаудың уақытша аралықтары қолданылатын ӘҚҚ танылған әуе кемесімен диспетчерлік пунктке (секторға) немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органына берілетін жауапкершілік ауданында (аймағында) уақытша аралықтар қолданылатын болады, хабарлаушы диспетчер эшелондаудың әуе кемелерінің арасында белгіленген ең аз уақытша аралықтарды қамтамасыз етеді, олар жауапкершілік ауданының (аймағының) шекарасына немесе бәрінен бұрын, олар байқау құралдарының іс-қимыл аймағының шегінен тыс шығады.
      347. ӘҚҚ органың диспетчері, егер әуе кемелерінің арасында белгіленген тік эшелондау аралығы қамтамасыз етілмесе, әуе кемесінің шеткі жағына жанасуына немесе әуе кемелерінің орналасқан жері бейнеленуіне жол бермеуге тиіс.
      348. Бақылаудың негізінде ӘҚҚ ұсынатын әуе кемелерінің қонуға кіру және ұшып шығу кезеңдерінде іздегі турбуленттікке байланысты эшелондаудың минимумы қолданылады.
      349. ӘҚҚ-ны беру:
      Бақылаудың негізінде ӘҚҚ ұсыну кезінде ӘҚҚ-ны қабылдау-беруді белгіленген шептерде аралас диспетчер пунктіне (секторына) немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органына беруді жүзеге асыру қажет.
      ҚШРЛ және (немесе) ADS-B-ны пайдалану және (немесе) әуе кемелерінің әуе жағдайы индикаторында ілеспе формулярларға сәйкес тұрақты көрінісі кезінде аралас диспетчер пунктіне (секторына) немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органына беруді мына жағдайда алдын ала үйлестірусіз жүзеге асырылады:
      1) ӘҚҚ хабарына дейін қабылдайтын диспетчерге хабарлауға жатқызылған әуе кемесінің ұшу жоспары туралы ақпаратты, ҚШРЛ жауап берушісінің берілген немесе әуе кемесінің танымдық дискреттік кодын қоса алғанда, «S» және ADS-B режимдері пайдаланылған жағдайда, жаңарту ұсынылады;
      2) диспетчер қабылдайтын ADS-B іс-қимыл аймағы немесе радиолокаторы әуе жағдайының индикаторында қабылдау – беру шебіне дейін тиісті әуе кемесін көруіне және тануына ӘҚҚ оған мүмкіндік береді;
      3) диспетчерге аралас диспетчерлік пунктпен (сектормен) тұрақты тікелей екіжақты сөздік байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге немесе ӘҚҚ (УВД) органы байланыс орнатуға мүмкіндік беретін құралдармен қамтамасыз етуі;
      4) диспетчерлердің (ӘҚҚ органдарының арасында ӘҚҚ хабарын беру кезінде) ӘҚҚ және ӘҚБ аралас органдарының арасындағы арнаулы келісімдерде жұмыс технологияларының OLDI рәсімдері сипатталады;
      5) жұмыс технологияларында немесе келісімдерде ӘҚҚ хабарының осы түрін қолданудың беруші диспетчердің алдын ала хабарламасынан кейін қабылдайтын диспетчер кез келген уақытта тоқтатылуға мүмкін екендігі көрсетіледі;
      6) беруші диспетчер қабылдайтын диспетчерге ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертуге, ӘҚҚ хабарының алдында берілетін әуе кемесінің жылдамдығына немесе бағытына қатысты нұсқаулар туралы хабарлайды.
      350. Бастапқы радиолокаторды және ҚШРЛ және (немесе) ADS-B пайдалану кезінде, іздегі турбуленттілікке байланысты эшелондаудың минимумы қолданылмайды, ӘҚҚ аралас диспетчерлік пунктке (секторға) немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органына беру мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
      1) қабылдаушы диспетчер әуе кемесін таныды;
      2) егер диспетчерлер жақын тұрмаса, байланысты лезде белгілеуге мүмкіндік беретін тұрақты тікелей екіжақты сөздік байланыс құралдарымен қамтамасыз етіледі;
      3) ӘҚҚ тұратын басқа әуе кемелерімен эшелондаудың аралықтары эшелондаудың белгіленген аралықтарына сәйкес келеді;
      4) беруші диспетчер қабылдайтын диспетчерге ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертуге, ӘҚҚ хабарының алдында берілетін әуе кемесінің жылдамдығына немесе бағытына қатысты нұсқаулар туралы хабарлайды.
      5) беруші диспетчер қабылдайтын диспетчерге ӘҚҚ-ға арналған әуе кемесін қабылдағаны туралы растағанға дейін әуе кемесімен радио байланысын бақылау негізінде ұстайды. Бұдан кейін ӘК экипажына аралас диспетчерлік пунктінің (секторының) диспетчерімен немесе оның жұмысының жиілігін хабарлай отырып, ӘҚҚ (ӘҚБ) органымен байланысқа өту туралы нұсқау беріледі.

Параграф 6. Авариялық жағдайлар, қауіпті ахуалдар мен жабдықтың істен шығуы

      351. Әуе кемесі авариялық жағдайда болған кезде, ӘҚҚ органының диспетчері жағдайға қарай оған қажетті көмек көрсетеді.
      352. Апатты жағдайда тұрған әуе кемесінің ұшу барысында әуе кемесі ӘҚҚ байқау жүйесінің іс-қимыл жасау шегінен шыққанға дейін ерекше бақылауды және радиолокациялық бақылауды (мүмкін болғанынша) жүзеге асырылады және осы әуе кемесіне көмек көрсете алатын ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына әуе кемесінің орналасқан жері туралы ақпарат беріледі. ӘҚҚ-мен алдын ала келіскеннен кейін шектес диспетчерлік пунктке хабарлауға болады.
      353. Бортында апатты жағдай туындаған әуе кемесінің экипажы «А» режимінің қабылдау-жауап берушісіне 7700 коды және/немесе тиісті апатты ADS-B режимі орнатылады.
      354. Соқтығысу қауіптілігі туралы ақпарат:
      Бақыланатын ұшуды орындайтын, танылған, траектория арқылы жүзетін осы әуе кемесінің және соқтығысу қаупін туындататын белгісіз әуе кемесінің арасындағы шиеленіс оқиғасының туындауына алып келетін әуе кемесінің жағдайында, ӘҚҚ органының диспетчері бақыланатын ұшуды орындайтын әуе кемесінің экипажына:
      1) белгісіз әуе кемесі туралы хабарлайды және соқтығысуды болдырмау жөнінде іс-қимылдар қолданады;
      2) шиеленіс оқиғасының аяқталуы туралы хабарлайды.
      355. Траектория арқылы жүретін шиеленісті оқиғасының туындауына алып келетін әуе кемелері туралы ақпарат мынадай нысанда беріледі:
      1) шиеленіс оқиғасының туындатын, сағаттық циферблат жағдайы бойынша есептелген әуе кемелерінің салыстырмалы пеленгі;
      2) шиеленісті оқиғаны туындатушы әуе кемесіне дейінгі километрмен есептелген қашықтық;
      3) шиеленісті оқиғаны туындатушы әуе кемесінің ауысу бағыты;
      4) әуе кемесінің эшелоны мен үлгісі, шиеленісті оқиғаны туындатушы (осы ақпараттың болуы кезінде) салыстырмалы жылдамдық.
      356. Борттағы немесе жердегі "ауа-жер" радиобайланысының істен шығуынан радиобайланысты жоғалтқан жағдайда, ӘҚҚ органдарының диспетчерлері жұмыс технологияларына сәйкес іс-әрекет жасайды.
      Егер бес минуттың ішінде, қолда бар радиобайланыс арналарын пайдалану кезінде олардың әрқайсысы бойынша олардан бірнеше мәрте шақыруға әуе кемесінің экипажы немесе ӘҚҚ органының диспетчері жауап бермесе радиобайланыс жоғалған болып есептеледі.
      357. Радиобайланысты жоғалтқан жағдайда, әуе кемесінің экипажы "Зілзала" сигналын қосады, сондай-ақ ҚШРЛ жауап берушісінің «7600» кодын орнатады және қолда бар барлық құралдарды пайдалана отырып, байланысты қалпына келтіруге, ӘҚҚ органымен тікелей немесе басқа әуе кемелері арқылы, не ӘҚҚ органдарының басқа пункттері арқылы шаралар қабылдайды. Мұндай жағдайларда, қабылданған шешім, орналасқан жері, ұшу биіктігі туралы ақпарат беру үшін (оны қабылдау туралы растауды күтпей-ақ) апаттық жиілікті қолдануға болады, сондай-ақ радиобайланыстың арналары арқылы және ДПРМ (БПРМ) жиіліктегі нұсқаулар мен ӘҚҚ органы диспетчерінің тыңдап, 121,5 МГц апатты жиілікті пайдалана алады.
      358. Егер радиобайланысты қалпына келтіру мүмкіндігі болмаса, әуе кемесінің экипажы тапсырманы орындауды тоқтатады және ұшып шыққан әуеайлаққа немесе қосалқы әуеайлаққа барып қонады. Егер ұшып шыққан әуеайлаққа қону мүмкін болмаса (метеожағдайлар немесе егер әуе кемесінің массасы қонғандағыдан асып кетсе және отынды төгу үшін жағдайлар жоқ болса), онда екінші айналымға кеткеннен кейін әуе кемесінің командирі ұшу жоспарында көрсетілген эшелондағы немесе ӘҚҚ органы диспетчерінің соңғы берген эшелонындағы ұшып бару әуеайлағына қарай ұшады.
      359. Егер ұшу жолының кері бағытында орналасқан ұшып шыққан әуеайлаққа немесе қосалқы әуеайлаққа қайта оралу туралы шешім қабылданса, ұшуды жақын арадағы (берілген) эшелонның төменгі пунктінде, бірақ ұшудың қауіпсіз биіктігінен төмен болуға тиіс, не байланыссыз ұшулар үшін бөлінген эшелондарда FL140 (4250 метр), FL150 (4550 метр) немесе FL240 (7300 метр), FL250 (7600 метр) орындалуы қажет.
      360. Радиобайланыстың жердегі құралдары істен шыққан жағдайда, ӘҚҚ органының диспетчері жұмыс технологияларына сәйкес резервтік құралдар мен арналарды пайдалана отырып, шаралар қабылдайды немесе ӘҚҚ аралас диспетчерлік пунктіне хабар береді.
      361. ӘҚҚ органының диспетчері ҚШРЛ жауап берушісінің «7500» кодын ИВО-да көрсету кезінде қабылдау-жауап берушіні «тану» режиміне енгізуге, ҚШРЛ жауап берушінің кодын немесе жүру бағытын өзгертуге әуе кемесінің экипажына нұсқау беру жолымен жоғалту сипатын айқындайды. Борттық радиоқабылдағыштың жөнделгенін, бұдан әрі ӘҚҚ осы әуе кемесімен кодтың өзгерісін немесе пәрмен хабарын жүзеге асыратынын айқындай отырып, қабылдау-жауап берушіні «тану» режиміне енгізуге  берілген шешімдерді қабылдауды растау үшін «тану» режиміне енгізуді жүзеге асырады. «S» режимінің шығуын қабылдау-жауап берулерімен жабдықталған әуе кемелері үшін, «S» режимінің іс-қимыл аймақтарында басқа рәсімдер қолданылады.
      362. Әуе кемесі экипажының радиобайланыстың екіжақты істен шығуын анықтау кезінде, барлық қолда бар жиіліктерде әуе кемесінің (қолда бар радионавигациялық құралдардың немесе қонуға кіру құралдарының сөздік байланыс жиілігін қоса алғанда) тыңдай алатын қажетті ақпараттар мен «блиндом» нұсқауларын беруді жүзеге асырады.
      363. Ұшуды радиобайланыссыз орындайтын жауапкершілік ауданындағы (аймағындағы) ӘҚҚ органының диспетчері ұшу маршруты бойынша аралас диспетчерлік пункттерге бұл туралы хабарлайды.
      364. Ұшып бару әуеайлағына қону мүмкін болмаған жағдайда, әуе кемесі төменгі қауіпсіз эшелоннын немесе арнайы белгіленген ұшу эшелондарын FL140 (4250 метр), FL150 (4550 метр) немесе FL240 (7300 метр), FL250 (7600 метр) ала отырып, қосалқы әуеайлаққа қарай ұшады.
      365. Әуе кемесінің экипажы әуеайлақтағы навигациялық құралдардан ұшып өткеннен кейін қосалқы әуеайлаққа қонуға кіру үшін төмендей бастайды.
      366. Егер, есептелген келіп қону уақытынан кейін 30 минуттан соң, әуе кемесі қонбаса және радиолокатордың экранында байқалмаса, әуе кемесінің экипажы (ұшқышы) радиобайланыстың арналары арқылы шақыруға жауап бермесе, ӘҚҚ органының диспетчері бұдан әрі жұмыс технологиясына сәйкес іс-әрекет ете отырып, әуеайлақ ауданындағы әдеттегі әуе қозғалысын жаңартады.
      Борттық және жердегі құралдар бар кезінде байланыссыз келе жатқан әуе кемесінің нақты ұшу эшелонын айқындағаннан кейін ҚШРЛ барлық әуе кеңістігінің бос еместігін белгіленген эшелондау арақашықтығын қамтамасыз ете отырып, әуе кемелерінің қозғалысына жол беріледі.
      367. Радиобайланысты жоғалтқан кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ әуе кемесінің экипажынан «Апатқа ұшырадым» дабылын алған жағдайда, ӘҚҚ органының диспетчері өз ауданының (аймағының) жауапкершілік шегінде радиоүнсіздік режимін енгізеді.
      368. ӘҚҚ бақылау жүйелерінің істен шығуы кезінде:
      1) ӘҚҚ бақылау жүйесі толық істен шыққан жағдайда, "ауа–жер" радиобайланысын сақтау кезінде диспетчер барлық әуе кемелерінің орналасқан жерін сұратады, радиолокациялық бақылаусыз эшелондаудың белгіленген аралықтарын әуе кемелерінің арасында қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-қимылдарды қолданады, қажет болса, өзінің ауданына (аймағына) кіретін әуе кемелерінің жауапкершілігін шектейді;
      2) егер белгіленген аралық тік эшелондауды қамтамасыз етуді ұсына алмаса, ӘҚҚ органының диспетчеріне қолданылатын сатылы эшелондау минимумының жартысына тең аралықтарды уақытша пайдалануға рұқсат етеді.
      369. ӘҚҚ органының диспетчерінен ӘҚҚ бақылау жүйесінің істен шыққандығы туралы хабар алғаннан кейін әуе кемесінің экипажы ұшудың берілген эшелонына, жылдамдығы мен бағытын ұстап, әуе жағдайының көтеріңкі тексерушілігін көзбен шолумен де, борттық радиолокациялық құралдардың көмегімен де, бағыттағы бақылау нүктелерін ұшып өткен кезде, өзінің тұрған жерін хабарлаумен сақтай отырып, ұшуды жалғастырады.
      370. Әуе кемесінің орналасқан жері туралы деректер көзінің сипаттамасы нашарлаған жағдайда, тиісті ӘҚҚ органы радиолокациялық бақылаусыз белгіленген эшелондау аралықтарын қамтамасыз етеді.
      371. Жердегі радио жабдығы толық істен шыққан жағдайда және ӘҚҚ бақылау негізінде қамтамасыз етуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде ӘҚҚ органының диспетчері басқа да радиобайланыс арналарының көмегімен мынадай шараларды қолданады:
      1) бұл туралы аралас диспетчерлік пункттерді немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын хабардар етеді;
      2) әуе жағдайы туралы ақпаратты аралас диспетчерлік пункттерге немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарға хабарлайды;
      3) әуе кемелерінің белгіленген эшелондау арақашықтықтарын қамтамасыз ету және оны ұстау жөніндегі, осы диспетчерлік пункттерге немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына байланысқа шыққан жағдайда рәсімдермен келіседі;
      4) бақыланатын ұшуларды орындайтын аралас диспетчерлік пункттерге немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына әуе кемелерінің өзінің жауапкершілікті ауданына (аймағына) істен шыққан радио жабдығының жұмыс қабілетін қалпына келтіргенге дейін кіруін шектейді және кіруіне тыйым салады.

Параграф 7. Әуеайлақ ауданында диспетчерлік қызмет көрсету
кезінде бақылау жүйелерін қолдану

      372. Диспетчерлік келу кезінде қолданылатын бақылау жүйелері қызмет ұсынатын функцияларға және деңгейге сәйкес келуге тиіс.
      373. Әуе жағдайының индикаторында ұсынылған орналасқан жерін белгілеу жақындау диспетчерлік қызмет көрсету кезінде мынадай функцияларды орындау үшін пайдалануға болады:
      1) ұшып келетін әуе кемелерінің қонуға кірудің түпкілікті учаскесінің құралдарына шығуы үшін векторлауды қамтамасыз ету;
      2) ұшып келетін әуе кемелерінің көзбен шолып қонуға кіру рұқсат етілген нүктеге дейін векторлауды қамтамасыз ету;
      3) қонуға кіруді орындайтын басқа әуе кемелерінің ұшу траекториясы үшін бақылауды қамтамасыз ету;
      4) мыналардың арасындағы эшелондауды қамтамасыз ету:
      ұшып шығатын әуе кемелерінің;
      келетін әуе кемелерінің;
      ұшып шығатын әуе кемелерінің және оның соңынан келетін әуе кемелерінің арасындағы эшелондауды қамтамасыз ету.
      374. ЖДП диспетчерін ШДП (МДП) диспетчері әуе кемелерінің келу кезектілігі туралы хабардар етеді, сондай-ақ әуе кемелерінің экипаждарына белгіленген эшелондау аралықтарын қамтамасыз ету үшін берілген кез келген нұсқаулар мен шектеулер туралы хабардар етеді.
      375. Қонуға кіруді қамтамасыз ету мақсатында векторлау басталғанға дейін әуе кемесінің экипажына қонуға кіру үлгісі, сондай-ақ ҰҚЖ-ның жұмыс бағыты хабарланады.
      376. Аспаптар арқылы қонуға кіру үшін векторлау кезінде ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесінің қонуға кірудің түпкілікті учаскесіне шыққанға дейін әуе кемесінің экипажы оның орналасқан жері туралы хабарлайды.
      377. ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесінің экипажына орналасқан жері туралы ақпарат берген кезде міндетті жеткізу пунктін (бақылау бағдары) немесе салыстырмалы орналасқан жеріне берілетін навигациялық құралды атайды.
      378. Әуе кемесін қонуға кірудің түпкілікті кезеңін қамтамасыз ету құралына шығару үшін векторлау мынадай іс-әрекеттерді қамтиды:
      1) диспетчер әуе кемесін таниды және бұл туралы әуе кемесінің экипажына хабарлайды;
      2) диспетчер әуе кемесінің экипажына қонуға кіру үлгісін, сондай-ақ қону МЖБ (ҰҚЖ-ның таңбаланған нөмірін) хабарлайды;
      3) диспетчер әуе кемесінің экипажын векторлаудың басталуы мен мақсаты туралы хабардар етеді;
      4) диспетчер әуе кемесінің қонуға кірудің түпкілікті учаскесінің  желісіне 45о немесе одан аз бұрышпен (оңтайлы мәні – 30о) шығару үшін әуе кемесі тікелей қонар алдындағы минимум ретінде (FAF, FAP) әуе кемесінің деңгейлес ұшу бағытының желісіне арналған әуе кемесінің орнықтылығы үшін глиссадаға 4 километр шығу нүктесіне дейін шығуы үшін бағыттар немесе бағыттардың серияларын береді. Ілесіп жүру бағыттарының мәні үш таңбалы сандармен көрсетіледі.
      5) диспетчер әуе кемесінің экипажына оның орналасқан жері туралы, қонуға кірудің түпкілікті учаскесіне ол шыққанға дейін ең аз дегенде бір рет хабарлайды;
      6) қонуға кірудің түпкілікті кезеңінің желісіне шығару бағытын бір мезгілде тағайындап, қонуға кіруді орындауға рұқсатты және РМЖ бағыттық маякты (VOR немесе ОСП (NDB қондырғыларын) «ұстап алу» пәрменін береді;
      7) қонуға кіруді орындауға рұқсат ала отырып, әуе кемесінің экипажы навигацияны өздігінен жаңартады, қонуға кірудің жарияланған схемасына сәйкес осы қондыру жүйелерін пайдалана отырып, диспетчердің араласуынсыз қонуға кіру бағытына арналған бұрылысты орындайды.
      379. ӘҚҚ-нің, бірінен кейін бірі еріп жүретін әуе кемелерінің диспетчеріне хабар беруі аралас диспетчерлік пункттің белгіленген ӘҚҚ қабылдау-беру шебінде, ол қонуға рұқсат бере алатындай немесе әуе кемесінің экипажына басқа нұсқау бере алуы үшін жүргізіледі.
      380. ӘҚҚ органының диспетчері көзбен шолып қонуға кіруді орындау үшін әуе кемесін векторлауды жүзеге асырады, бұл жағдайда метеорологиялық жағдайлар көзбен шолып кірудің белгіленген минимумына сәйкес келуі қажет.
      381. Жердегі қозғалысты басқарудың радиолокаторын (бұдан әрі – SMR) пайдалану шарттарына және нақты әуеайлақтың талаптарына (көрініс шарттарына, қозғалыстың тығыздығына және әуеайлақтың схемасына) сәйкес жүзеге асырылады.
      382. SMR жүйелері және маневр жасау алаңындағы көлік құралдарының барлық әуе кемелерінің қозғалыс индикаторында табылуына және бейнеленуіне мүмкіндік береді.
      383. Әуе кемелерінің және маневр жасау алаңындағы көлік құралдарының SMR орналасқан орны белгі нысанында көрсетіледі. Сүйемелдеу формуляторын пайдалану кезінде әуе кемелері мен көлік құралдарының танымдық индекстерін қолмен және автоматты түрде енгізу мүмкіндігі көзделеді.
      384. SMR көзбен шолып маневр жасау алаңындағы қозғалысты байқауға қосымша ретінде, сондай-ақ көзбен шолып қаралмайтын учаскелердегі қозғалысты байқау үшін пайдаланылады.
      385. SMR индикаторындағы бейнеленген ақпарат:
      1) маневр жасау алаңындағы әуе кемелері мен көлік құралдарының қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету;
      2) ҰҚЖ қонар немесе ұшар алдында бос болуын анықтау;
      3) маневр жасау алаңына жақын қозғалыс туралы ақпарат алу;
      4) маневр жасау алаңындағы әуе кемелері мен көлік құралдарының орналасқан жерін анықтау;
      5) әуе кемелерінің экипаждарына әуе кемелерін салыстырмалы араластыру туралы ақпарат беру;
      6) авариялық-құтқару көлік құралдарына көмек көрсету және ұсынымдар беру үшін қажет.
      386. SMR пайдалану кезінде әуе кемелерін тану орналасқан жерінің индикаторында бейнеленетін салыстыру жолымен жүзеге асырылады:
      1) диспетчер көзбен шолып байқайтын әуе кемесінің орналасқан жері;
      2) әуе кемесінің экипажы хабарлаған әуе кемесінің орналасқан жері.

Параграф 8. Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету кезінде
бақылау жүйелерін қолдану

      387. Ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді ұсыну кезінде бақылау жүйелерін қолдану әуе кемесінің командирін оның міндеттерінен, оның ішінде ұшу жоспарын қандай да бір ұсынылған өзгеріс бойынша міндеттерінен босатпайды.
      388. Әуе жағдайының индикаторында бейнеленген ақпарат, танылған әуе кемелеріне ұсыну үшін:
      1) траектория арқылы жүретін, басқа танылған әуе кемелерімен шиеленісті оқиғаларының туындауына алып келуі бойынша ілесіп жүретін, байқалатын әуе кемелері туралы ақпарат, сондай-ақ соқтығысуларды болдырмау жөніндегі іс-қимылдарға қатысты ұсыныстар немесе ұсынымдар;
      2) қауіпті метеоқұбылыстардың орналасқан жері туралы ақпарат және ауа райының қолайсыз жағдайлары бар аудандарды айналып шығу жөнінде әуе кемелерінің экипаждарына берілетін ұсынымдар;
      3) әуе кемесінің экипажына, ұшақты айдау жөніндегі оның функцияларын орындауға қажетті ақпарат пайдаланылуы мүмкін.

18. Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету және авариялық хабарлау

Параграф 1. Қолдану

      389. Әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету ұшуларды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін қажетті консультациялар мен ақпарат беруге арналған.
      390. Егер мұндай аудандарда қызмет көрсету үшін жауапкершілік ӘҚҚ органдарына жүктелмеген болса, ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін және ұшу ақпаратының ауданы шегінде авариялық хабарлау үшін ұшу ақпаратының орталығы бола алады.
      391. Ұшу-ақпараттық қызметін көрсетумен бұл ақпарат ұшуға әсер ететін және әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілетін немесе орналасқан орны әуе қозғалысына қызмет көрсету органына белгілі барлық әуе кемесі қамтамасыз етіледі.
      Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету кезінде ұшу жоспарының кез келген болжамды өзгерісіне қатысты түпкілікті шешімде қабылдау әуе кемесінің командиріне жүктеледі.
      392. ӘҚҚ органдары бір мезгілде ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді және әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз еткен жағдайда, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді ұсыну барлық жағдайларда ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді ұсынуға қатысты бірінші кезектегі негізде, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді ұсынуды талап етеді.
      393. Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мынадай тиісті ақпарат ұсынуды қамтиды:
      1) метеорологиялық орган беретін әуеайлақ ауданы бойынша және ұшу бағыттары мен аудандары бойынша ескерту;
      2) жанартау қызметіне, болған жанартау атылуына, жанартау атылуларға, сондай-ақ жанартау күлінің бұлттарына қатысты;
      3) радиоактивті заттарды немесе уытты химиялық заттарды атмосфераға тастауға қатысты;
      4) навигациялық құралдарды пайдаланудың жай-күйін өзгерту туралы;
      5) әуеайлақтардың және олармен байланысты құралдардың, әуеайлақтағы, олар қармен, мұзбен немесе судың едәуір қабатымен жабылған болса, жұмыс алаңдарының жай-күйі туралы ақпаратты қоса алғанда, жай-күйінің өзгерісі туралы;
      6) пилотсыз басқарылмайтын аэростаттар туралы;
      7) ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін ақпарат.
      394. ӘҚҚ органдары әуе кемелерінің бортынан арнаулы хабарларды басқа тиісті әуе кемелеріне, олармен байланысты метеорологиялық органға және басқа да ӘҚҚ-нің тиісті органдарына береді.
      395. Осы Нұсқаулықтың 393-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа, КҰҚ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелеріне ұсынылатын ұшу-ақпараттық қызмет көрсету КҰҚ бойынша ұшу мүмкін емес қозғалысқа және ұшу бағытындағы ауа-райы жағдайларына қатысты қолда бар ақпаратты ұсынуды қамтиды.

Параграф 2. Әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру қызметі (ATIS)

      396. Ақпаратты әуеайлақ ауданында автоматты түрде берудің (ATIS) радиохабарын тарату қызметі жүктемені азайту талап етілетін екіжақты байланыс ӘҚҚ-нің "ауа - жер" ОВЧ-арнасында қамтамасыз етіледі. ATIS арқылы радиохабар тарату нұсқалары:
      1) ұшып келетін әуе кемелері үшін бір радиохабар беру;
      2) ұшып шығатын әуе кемелері үшін бір радиохабар беру;
      3) келетін және ұшатын әуе кемелері үшін бір радиохабар беру;
      4) келетін және ұшатын әуе кемелері үшін радиохабар таратудың ұзақтығы тым үлкен болатын ұшып келетін және ұшатын әуе кемелері үшін тиісінше екі радиохабар беру.
      397. ATIS радиохабарын беру үшін ОВЧ-диапазонының дискреттік жиілігі пайдаланылады. Егер дискреттік жиілікті пайдалануға болмайтын жағдайда, хабарды әуеайлақ ауданында барынша икемді навигациялық құрал (құралдар) арқылы сөздік арнада (ларда), оның жеткілікті іс-қимыл аймағы бар болса және қабылдау сигналының қажетті сапасын қамтамасыз етсе және осы навигациялық құралдың белгісі осы хабармен кезектесетін болса, осылайша соңғысы толығып қалмаса жүргізуге болады.
      398. ATIS радиохабарын беру ILS сөздік арнасы арқылы жүргізілмейді.
      399. ATIS радиохабарын берудің ескерілуі:
      1) бір әуеайлаққа қатысты радиохабары ақпаратын;
      2) радиохабарын беруді үзіліссіз және қайталап жүргізуді;
      3) едәуір өзгерістер болған кезде радиохабарын беру ақпаратын жаңарту;
      4) ATIS хабарларын ӘҚҚ органдарының таратуы;
      5) радиохабарын берудің ағымдағы хабарында қамтылатын ақпаратты ӘҚҚ-нің қонуға кіруге, қонуға және ұшып көтерілуге қатысты ақпаратпен, осы хабарды осы органның (органдардың) дайындаған жағдайда, әуе кемесін қамтамасыз ететін тиісті органының (органдарының) назарына жеткізу;
      6) ATIS хабары ICAO фонетикалық алфавиттік қаріпі түріндегі индекспен белгіленген. ATIS кейінгі хабарларына индекстер алфавиттік тәртіппен беріледі;
      7) диспетчерлік қызметті қамтамасыз ететін ӘҚҚ органымен байланыс орнатқаннан кейін радиохабарларын беру ақпаратын қабылдауды әуе кемелерінің растауы;
      8) ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемелерін биіктік өлшегішті орнату туралы ағымдағы деректермен қамтамасыз ету көзделеді.
      400. ATIS радиохабарларын беру бірнеше тілде тарату кезінде әрбір тілге дискреттік арна пайдаланылады.
      401. Тез өзгеретін метеорологиялық жағдайларда ATIS радиохабарларын беруді метеорологиялық мәліметке қосу орынсыз, ATIS хабарларында ауа-райы туралы тиісті ақпарат көрсетіледі, тиісті ӘҚҚ органымен бастапқы байланыс орнату кезінде берілетін болады.
      402. ATIS ағымдағы радиохабарларын беруді алғаны туралы әуе кемесі экипажының баяндауы кезінде ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесінің экипажына биіктік өлшегішті орнату туралы деректерді береді.
      403. Егер әуе кемесінің экипажы ATIS ескірген радиохабарларын беруді қабылдау туралы баяндаса, ӘҚҚ органының диспетчері жаңа ақпаратты тыңдауға нұсқау береді.
      404. ATIS радиохабарларын беру ұзақтығы 30 секундтан аспауға тиіс.
      404-1. Аэронавигациялық ұйым VOLMET радиохабарын таратуды Метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларының 536-тармағына сәйкес қамтамасыз етеді.
      Ескерту. Нұсқаулық 404-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Параграф 3. Келіп қонатын және ұшып кететін әуе кемелері үшін
ATIS радиохабарларын беру

      405. Келіп қонатын және ұшып кететін әуе кемелері үшін ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарын беру көрсетілген тәртіппен ақпараттың мынандай элементтерін қамтиды:
      1) әуеайлақтың атауы;
      2) әріптік индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) қонуға ұсынылған кіру түрі;
      5) ҰҚЖ пайдаланылатын (дар);
      6) ҰҚЖ бетінің жай-күйі және тежегіштің тиімділігі (ілінісу коэффициенті);
      7) күту аймағындағы кідіру (қажет болған кезде);
      8) өту эшелоны;
      9) басқа маңызды операциялық ақпарат;
      10) егер жерге жақын желдің ҰҚЖ пайдаланатын тиісті учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесінің нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететін болса, жерге жақын желдің (магниттік меридианға қатысты мөлшердегі), соның ішінде кейбір өзгерістердің бағыты мен жылдамдығы;
      11) көру мүмкіндігі мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы (егер көру мүмкіндігі немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      12) ағымдағы ауа райы;
      13) 1500 метр бұлттылығы (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолютті биіктіктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгірттенсе – тікелей көрінімділік, онда осындай деректер бар болса;
      14) ауа температурасы;
      15) шық нүктесінің температурасы;
      16) биіктік өлшегішті орнатуға арналған деректер;
      17) желдің аусуын қоса қонуға кіру аймақтарындағы ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы кез келген қолда бар ақпарат және ұшуды жүргізуге әсер ететін ауа райының жуық арадағы құбылыстары туралы ақпарат;
      18) «тренд» үлгісіндегі қонуға болжам;
      19) ATIS ерекше нұсқаулары.
      Ескерту. 405-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.10.04 № 664 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      406. Тек ұшып келетін кемелер үшін ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарларын беру ақпараттың көрсетілген тәртіптегі мынадай элементтерін қамтиды:
      1) әуеайлақ атауы;
      2) әріптік индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) қонуға болжамды кіру түрі;
      5) пайдаланылатын ҰҚЖ;
      6) ҰҚЖ бетінің жай-күйі және тежегіштің тиімділігі (ілінісу коэффициенті);
      7) күту аймағындағы кідіру (қажет болған кезде);
      8) өту эшелоны;
      9) басқа маңызды операциялық ақпарат;
      10) егер жерге жақын желдің ҰҚЖ пайдаланатын тиісті учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесінің нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететін болса, жерге жақын желдің (магниттік меридианға қатысты мөлшердегі) соның ішінде кейбір өзгерістердің бағыты мен жылдамдығы;
      11) көру мүмкіндігі мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы (егер көру мүмкіндігі немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      12) ағымдағы ауа райы;
      13) 1500 метр бұлттылығы (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолютті биіктіктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгірттенсе – тікелей көрінімділік, онда осындай деректер бар болады;
      14) ауа температурасы;
      15) шық нүктесінің температурасы;
      16) биіктік өлшегішті орнатуға арналған деректер;
      17) қонуға кіру аймақтарындағы кез келген ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы және ұшуды жүргізуге әсер ететін ауа райының жуық арадағы құбылыстары туралы ақпарат;
      18) «тренд» үлгісіндегі қонуға болжам;
      19) ATIS ерекше нұсқаулары.
      Ескерту. 406-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.10.04 № 664 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      407. Тек ұшып кететін әуе кемелері үшін ақпаратты қамтитын ATIS радиохабарларын беру ақпараттың көрсетілген тәртіптегі мынадай элементтерін қамтиды:
      1) әуеайлақ атауы;
      2) әріптік индекс;
      3) бақылау уақыты;
      4) пайдаланылатын ҰҚЖ;
      5) ҰҚЖ бетінің жай-күйі және тежегіштің тиімділігі (ілінісу коэффициенті);
      6) басқа маңызды шұғыл ақпарат;
      7) егер жерге жақын желдің ҰҚЖ пайдаланатын тиісті учаскеде орнатылған құрылғысы бар болса және ақпаратқа қатысты ҰҚЖ мен оның учаскесінің нұсқауларын осы ақпаратты пайдаланушылар талап ететін болса, жерге жақын желдің (магниттік меридианға қатысты мөлшердегі) соның ішінде кейбір өзгерістердің бағыты мен жылдамдығы;
      8) көру мүмкіндігі мен ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы (егер көру мүмкіндігі немесе ҰҚЖ-дағы көру мүмкіндігінің қашықтығы 2000 метрден кем аралықты құрайтын болса);
      9) ағымдағы ауа-райы;
      10) бұлттылығы 1500 метр (5000 фут) немесе қай мағынасының жоғарылығына қатысты секторындағы ең жоғары минималды абсолютті биіктіктен төмен; шоғырлы-жауынды бұлт; егер аспан күңгірттенсе – тікелей көрінімділік, онда осындай деректер бар болса;
      11) ауа температурасы;
      12) шық нүктесінің температурасы;
      13) биіктік өлшегішті орнатуға арналған деректер;
      14) ұшу және қону аймақтарындағы кез келген ерекше метеорологиялық құбылыстар туралы, желдің жылжуы ескерілген қолда бар ақпарат;
      15) «тренд» үлгісіндегі қонуға болжам;
      16) ATIS ерекше нұсқаулары.
      Ескерту. 407-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.10.04 № 664 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      407-1. Аэронавигациялық ұйым ATIS-ті қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін қызметтердің өзара әрекеттесуі бойынша рәсімдерді әзірлейді.
      Ескерту. Нұсқаулық 407-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19. Авариялық хабарлау

Параграф 1. Қолдану

      408. Авариялық хабардар етумен:
      1) диспетчерлік қызмет көрсету ұсынылатын барлық әуе кемелері;
      2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабы 1-тармағының және 61-бабының 4-тармағының ережелерін есептеу ұшу жоспарын ұсынған немесе олардың орналасу орны ӘҚҚ органдарына өзге көздерден белгілі болған басқа әуе кемелері;
      3) заңсыз араласу объектісі болып табылатын әуе кемесі, белгілі болуына немесе болжалуына қатысты қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 408-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      409. ӘҚҚ органдарына мұндай ақпаратты іздестірудің және құтқарудың тиісті үйлестіру орталығына беру үшін олардың жауапкершілік ауданының (аймағының) шегінде ұшуды орындайтын әуе кемесінің шегінде ұшуды орындайтын әуе кемесінің апатты жағдайына қатысты ақпарат ұсынылады.
      410. ӘҚҚ органдары ұшу жоспары бақыланбайтын әуе кеңістігінде жабылатын ережелерді қоспағанда, ұшу жоспарын ұсынуға, толтыруға, орындауға және жабуға қатысты ережелерді әуе кемесі экипажының сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 410-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 20.01.2015 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      411. ӘҚҚ-да тұрған әуе кемесінде апатты жағдай туындаған кезде ӘДО диспетчерінде (ӘАДП) ол бұл туралы әуеайлақтың апатты-құтқару командасын және тиісті іздестіру және құтқару үйлестіру орталығын кезектілік ретімен хабардар етеді.
      Ескерту. 411-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      412. Егер ӘҚҚ органы бақыланатын әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын әуе кемелерінің экипаждары радиобайланысының кезекті сеанс уақытын белгілемесе, ұшу жоспарға сай өткізіліп жатқандығын көрсету үшін радиобайланыстың соңғы уақытынан кейін 20 және 40 минут аралығында ӘҚҚ органымен радиобайланысты тексереді. Хабарлау әуе кемесінің танымдық (шақыру) индексін және «ұшу қалыпты жағдайда өтуде» деген сөзді немесе QRU (ЩРУ) сигналын қамтиды.
      Ескерту. 412-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      412-1. «Ұшу қалыпты жағдайда өтуде» деген сөздерді қамтитын хабарлама тиісті диспетчерлік пунктке хабарламаны тарату үшін әуе кемесі ұшуды орындайтын жауапкершілік ауданындағы тиісті диспетчерлік пунктінің (авиациялық электрбайланыс станциясы), соның ішінде аралас диспетчерлік пункттің жұмыс жиілігінде немесе басқа жиілікте беріледі.
      Ескерту. Нұсқуалық 412-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Параграф 2. ӘҚҚ-нің іздестіру мен құтқару және аралас
органдарының үйлестіру орталықтарына хабарлау

      413. Алып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      414. Осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген жағдайларда ӘҚҚ органдары іздестіру және құтқару органдарын үйлестіру орталықтарына хабар береді.
      Ескерту. 414-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      415. Іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығына берілген ақпараттың мынадай мазмұны бар:
      1) авариялық жағдай сатысы (белгісіздік сатысы - INCERFA, дабыл сатысы - ALERFA немесе апат сатысы - DETRESFA);
      2) хабарлама берген органның атауы;
      3) оқиғаның сипаты;
      4) ұнғу жоспарына қатысты қажетті ақпарат;
      5) әуе кемесінің экипажы байланыста соңғы рет болған орган, уақыт және пайдаланылған құрал;
      6) соңғы орналасқан жері туралы ақпарат және оны анықтау тәсілдері;
      7) әуе кемесінің түсі мен ерекшеленетін таңбасы (ақпарат бар болған кезде);
      8) қауіпті жүктердің бар болуы (ақпарат болған жағдайда);
      9) хабарламаны және басқа қажетті мәліметтерді беретін, орган қолданатын іс-қимылдар.
      Егер осы тармақта аталған кез келген ақпарат іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығына хабарлама беру сәтінде болмаса, егер апат сатысы болады деген негізделген сенімділік бар болса, ӘҚҚ органы оны апат сатысына дейін алуға тырысады.
      Ескерту. 415-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      416. Авариялық жағдай сатысы туралы хабарламадан басқа іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы кез келген қосымша маңызды ақпаратпен, әсіресе сатылар бойынша авариялық жағдайдың өзгерісі туралы ақпаратпен немесе апатты жағдайды болдырмау туралы ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 416-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      417. Егер авариялық хабарлау бірнеше РХА немесе диспетчерлік аудандар (аймақтар) арқылы талап етілетін немесе осы әуе кемесінің орналасқан жеріне қатысты күдігі бар болса мұндай хабарлауды үйлестіру ӘҚҚ органына жүктеледі:
      1) әуе кемесінің "ауа – жер" байланысына соңғы шығу кезінде ұшуды орындаған жауапкершілік ауданы (аймағы);
      2) екі РХА шекарасында немесе әуе кемесінің "ауа – жер" байланысына соңғы шығу сәтінде ұшуды орындаған диспетчерлік аудандарда (аймақтарда);
      3) жауапкершілігінде аталған әуе кеме қонатын әуеайлақ (пункт) орналасқан ауданда (аймақта):
      егер әуе кемесі екіжақты радиобайланыс жабдықтарымен жабдықталмаса;
      әуе кемесінің экипажынан орналасқан жері туралы хабарлама беру талап етілмеген.
      418. Апаттық хабарлама беруге жауапты ӘҚҚ органы:
      1) іздеу және құтқару үйлестіру орталығын хабарлаудан басқа, апаттық деңгейдің енгені немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) араласқан органдары деңгейі туралы ақпарат береді;
      2) қолда бар құралдарды пайдалана отырып, ӘҚҚ (ӘҚБ) аралас органдарынан апаттық жағдайда тұр деп болжамдаған әуе кемесі туралы ақпарат алуға көмек сұрайды;
      3) әр апаттық кезеңде жинақталған ақпаратты жинайды және нақтылаулар жүргізілгеннен кейін оны іздеу және құтқару үйлестіру орталығына береді;
      4) әуе кемесіндегі жағдайдың қалпына келуі немесе осы әуе кеменің жауапты ауданнан (аймақтан) шыққаны туралы ақпарат алған кезде апаттық жағдайдың өзгергенін хабарлайды.
      419. Ұзақ мерзімді іздеу-құтқару операцияларын жүргізген кезде іздеу-құтқару операциялары жасалған ауданда іздеу-құтқару операцияларын жүзеге асыратын әуе кемелерінің ұшуы үшін әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер енгізуге рұқсат етіледі.
      420. ӘҚҚ органдары қажет болған кезде авариялық жағдайдағы әуе кемесімен байланыс орнату және байланысты қолдау үшін және осы әуе кемесі туралы мәліметке сұрау салу үшін байланыстың барлық құралдарын пайдаланады.
      421. Егер әуе кемесі белгісіздік немесе апаттық деңгейде болса ӘҚҚ органы пайдаланушымен байланыс болған жағдайда бұл туралы хабарлайды.

Параграф 3. Ұшуды авариялық жағдайда тұрған әуе кемесіне жақын
орындайтын әуе кемелеріне ақпарат беру

      422. Егер ӘҚҚ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп белгілесе, осы Нұсқаулықтың 423-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ол авариялық жағдай сипаты туралы жақында орналасқан әуе кемелерінің экипаждарына хабарлайды.
      Ескерту. 422-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      423. Егер ӘҚҚ органында әуе кемесі заңсыз қол сұғу объектісі деген ақпарат болса, егер де бұл туралы әуе кемесінің экипажы хабарламаса және мұндай жағдай тығырыққа әкеп соғады деп болжауға негіздеме болса, «ауа – жер» байланыс арналары бойынша берілетін хабарламаларда авариялық жағдай сипаты берілмейді.

19-1. Әуе қозғалысына қызмет көрсету процесінде үйлестіру

      Ескерту. Нұсқаулық 19-1-тараумен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      423-1. Шектес мемлекеттердің іргелес диспетчерлік қызмет көрсету органдары арасында ӘҚҚ үйлестіру және тапсыру өзара әрекеттесу рәсімдері туралы келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 423-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      423-2. ӘҚҚ органдары тілдік байланысты пайдаланумен үйлестіру қажеттілігін барынша азайту үшін ӘҚҚ үйлестіру мен тапсыру қағидаларын белгілейді және қолданады.
      Осындай үйлестіру қағидалары мына элементтерді қамтиды:
      1) жауапкершілік аудандары мен ортақ мүдделерді, әуе кеңістігінің құрылымын және әуе кеңістігінің сыныпталуын (сыныптарын) анықтау;
      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін жауапкершілікті табыстаудың кез келген түрі;
      3) ұшу жоспарларымен және диспетчерлік деректермен алмасу, оның ішінде автоматтандырылған және/немесе тілдік байланыс құралдарының көмегімен берілетін үйлестіру туралы хабарламаларды пайдалану;
      4) байланыс құралдары;
      5) растау сауалдарына қатысты талаптар мен қағидалар;
      6) негізгі үйлестіру нүктелері мен ӘҚҚ-ны, байланысты тарату жүзеге асырылатын эшелондар;
      7) әуе кемесін ӘҚҚ-ға тапсыру мен қабылдаудың ӘҚҚ-ны тапсыру сәтіндегі белгіленген ұшу биіктіктері/эшелондары, эшелондау минимумдары немесе арақашықтықтары тәрізді шарттары;
      8) ӘҚҚ бақылау жүйелерін пайдалану кезіндегі үйлестіру;
      9) күтпеген жағдайлар орын алғанда қолданылатын қағидалар;
      10) ӘҚҚ үйлестіру мен тапсыруға қатысты кез келген басқа ережелер немесе ақпарат.
      423-3. Ұшу кезінде ерекше жағдайлар орын алғанда және/немесе әуе кемесі ерекше жағдайларда ұшқан кезде үйлестіруге қатысты хабарламаға әуе кемесі ұшыраған жағдайлар туралы ақпарат кіреді.
      423-4. Бір аэронавигациялық ұйым құрамында диспетчерлік пункттер (секторлар) арасындағы үйлестіру ӘҚҚ қызметінің диспетчерлерінің жұмыс технологияларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 423-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20. Әуе қозғалысын пайдаланушы мен қызмет көрсету органдарының
арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру

      424. ӘҚҚ органдары өздерінің міндеттерін орындаған кезде әуе кемесінің қозғалысы туралы берілген ақпараттар бөлігінде пайдаланушының қажеттіліктерін ескереді және осы Нұсқаулықта белгіленген жағдайларда осындай ақпарат береді.
      425. Пайдаланушының сұрауы бойынша оған немесе өзі тағайындаған өкілге және мүмкіндік болған жағдайда ӘҚҚ органдары алатын және басшылықты осы пайдаланушы қамтамасыз ететін ұшуды орындауға қатысты хабарлама (оның ішінде орналасқан жері туралы мәлімет) беріледі.

21. ӘҚҚ және ӘҚБ органдарының арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру

      426. Әуе кемелерінің ұшуына қатысты ӘҚҚ және ӘҚБ органдарының арасындағы әрекеттерді үйлестіру әуе кеңістігін пайдалануды алдын ала, тәулікке, ағымдағы уақытқа жоспарлау кезінде, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде жүзеге асырылады.
      427. ӘҚҚ органдары мен ӘҚБ органдары арасында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне және кедергісіз ұшуды жүргізуге қатысты ақпараттармен алмасу жүргізіледі.
      428. Әуе кемесінің ұшудың белгіленген бағыттан ауытқушылығы кезінде ӘҚҚ (ӘҚБ) органдары мынадай шаралар қолданады:
      1) қолдағы құралдарды пайдалана отырып, әуе кемесінің экипажымен байланыс орнатады, оның орналасқан орнын хабарлайды және әуе кемесін белгіленген ұшу бағытына алып шығу үшін шаралар қолданады;
      2) ауытқу нәтижесінде әуе кемесі кірген немесе кіруі мүмкін жауапты ауданда ӘҚҚ және ӘҚБ-ның аралас органдарына хабарлайды.
      429. Егер ӘҚҚ органы бағдардан ауытқып кеткен немесе танылмаған әуе кемесі заңсыз қол сұғу объектісі болуы мүмкін деген ақпарат алса, бұл туралы азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті орган хабарлау схемасына сәйкес ӘҚБ органына хабарлайды.     

21-1. ӘҚҰ органы мен аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметінің арасын үйлестіру

      Ескерту. 21-1-тараумен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      429-1. Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі ӘҚҚ органдарына әуе қозғалысының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпарат құжаттарын ұсынады. Бұл құжаттарға мыналар жатады:
      1) Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағы (AIP);
      2) Қазақстан Республикасының әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерінің тізбесі;
      3) электрбайланыс құралдары арқылы таратылатын және кез келген аэронавигациялық жабдықтың қолданысқа енгізілуі, жай-күйі немесе қызмет көрсету мен қағидаларының өзгеруі туралы ақпаратты қамтитын хабарлама; ұшуды орындаумен байланысты персонал үшін маңызды болып табылатын дер кезіндегі ескерту (бұдан әрі - NOTAM).
      ӘҚҚ органдарына, сұрау салу бойынша, егер аэронавигациялық ақпарат қызметінде бар болса, іргелес мемлекеттердің аэронавигациялық ақпарат құжаттары беріледі.
      ӘҚҚ органы (ӘҚҚ қызметі) ӘҚҚ персоналын аэронавигациялық ақпаратты басқару бөлімінен алынатын аэронавигациялық ақпарат құжаттарындағы соңғы өзгерістермен таныстыру бойынша рәсімдерді әзірлейді.
      Ескерту. 429-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      429-2 Аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметінің органдарын ең соңғы ұшар алдындағы ақпараттарды беруге және әуе кеңістігін пайдаланушылардың аэронавигациялық ақпараттарға қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін мәліметтермен қамтамасыз ету үшін ӘҚҰ органдары аэронавигациялық жағдайдың барлық өзгерістері туралы мыналарға қатысты аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметінің органына:
      1) шекарадағы алдын ала жоспарланған (пайдалану тексеруін қоса алғанда) орнатуларды, өзгертулерді, айтарлықтай өзгерістерді (тігінен және көлденеңінен);
      әуе қозғалысына қызмет көрсететін жауапкершілік (аймақтарына) аудандарына;
      ұшып шығу мен қону аймақтарына;
      ӘҚҰ бағыттарына;
      ұшу ақпараттарының (ӘҰ бақыламайтын) аудандарына;
      жергілікті диспетчерлік пункттің аудандарына;
      жергілікті әуе желілеріне;
      2) орналасқан жері, жиілігі, дабылдарды, идентификаторларды, белгілі ауытқуларды, бақылаушы және байланыс құралдарына, радионавигациялық құралдарға техникалық қызмет көрсету кезеңдеріне;
      3) күту аймағындағы ұшу, қонуға бет алу, ұшып келу және ұшып кету, схемаларын, шуылдың төмендегендігі және басқа ұшуларды анықтауға тиісті рәсімдерде;
      4) өту эшелоны, абсолютті биіктіктен және абсолютті кіші биіктіктен өту секторында;
      5) әуеайлақтағы жер үстінде (шек қойылған көріну жағдайындағы рәсімдерді қоса алғанда) пайдалану рәсімдеріне;
      6) ӘҚҰ органдарының жұмыс сағатына;
      7) әуе қозғалысына қызмет көрсету бағыттарының схемалары мен желі құрылғыларына;
      8) ұшуды жүргізу үшін маңызды деп есептелетін басқа да әр түрлі ақпараттарды, қолданатын ұйғарымдар мен ережелерді дереу хабарлайды.
      429-3. Аэронавигациялық жүйеге өзгерістер енгізбестен бұрын ӘҚҰ қызметі жариялауға арналған тиісті материалдарды дайындау, рәсімдеу және шығару үшін аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметіне қажетті уақытты есепке алуға тиіс.
      Егер енгізілетін өзгерістер аэронавигациялық карта мен (немесе) автоматтандырылған жүйелерге енгізуге жататын болса, олар «Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10605 нөмірімен тіркелген) бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпараттармен қамтамасыз ету қағидаларында белгіленген мерзімде аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметіне ұсынылады.
      Ескерту. 429-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

21-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі мен байланыс және радиотехникалық жабдықтарды пайдалану қызметі арасындағы үйлесімділік

      Ескерту. 21-2-тараумен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      429-4. Байланыс пен ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмысындағы (оларды қосу мен ажыратуды қоса алғанда) барлық өзгерістерді РТЖБП қызметінің персоналы ұшу басшысына (ӘҚҰ диспетчеріне) баяндайды.
      429-5. Байланыс және радиотехникалық жабдықты пайдалану қызметі ӘҚҚ органын (ӘҚҚ қызметін) мына талаптарға сәйкес қонуға кіруді қамтамасыз ететін ақпаратпен немесе істен шығуды (радиотехникалық құралдардың жұмысындағы ақаулықтарды) көрсететін құралдармен қамтамасыз етеді:
      1) жақындау диспетчерлік пункті мен шеңбер диспетчерлік пункті үшін:
      белгіленген STAR-ды қолдау үшін қолданылатын радиотехникалық құралдарға қатысты 2 минут ішінде;
      қонуға кірудің бастапқы, аралық учаскесінде, аспап бойынша қонуға кірудің соңғы кезеңінде ұшуды қамтамасыз ету үшін қолданылатын (оның ішінде ҰҚЖ-да орнатылған) радиотехникалық құралдарға қатысты шұғыл түрде;
      белгіленген SID бойынша ұшып көтерілу және биіктікті алуды қамтамасыз ету үшін қолданылатын (оның ішінде ҰҚЖ-да орнатылған) радиотехникалық құралдарға қатысты шұғыл түрде;
      2) әуеайлақтық диспетчерлік пункт үшін («Мұнара» диспетчерлік пункті):
      қонуға кірудің соңғы кезеңін қамтамасыз ету үшін қолданылатын (оның ішінде ҰҚЖ-да орнатылған) радиотехникалық құралдарға қатысты шұғыл түрде;
      белгіленген SID бойынша ұшып көтерілу және биіктікті алуды қамтамасыз ету үшін қолданылатын (оның ішінде ҰҚЖ-да орнатылған) радиотехникалық құралдарға қатысты шұғыл түрде.
      ӘҚҚ органын (ӘҚҚ қызметін) ұшуды қамтамасыз ететін радиотехникалық жабдық және байланыс құралдарына қатысты істен шығулар немесе олардың жұмысқа жарамсыз күйі туралы ақпаратпен немесе көрсету құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі аэронавигациялық ұйым (филиал) басшысының бұйрығымен бекітілетін радиотехникалық жабдық және байланыс құралдарын (бұдан әрі – РТЖ және байланыс құралдары) резервтеу жөніндегі нұсқаулықтарда жазылады.
      Ескерту. 429-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      429-6. ӘҚҚ органында (ӘҚҚ қызметінде) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарымен жұмыс істеу бойынша ескертулер журналы жүргізіледі (еркін нысанда).
      Ескерту. Нұсқаулық 429-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 17.03.2014 № 197 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

22. Байланыс жұмыс істемеген авариялық жағдайларда және
күтпеген жағдайларда әрекет ету тәртібі

Параграф 1. Авариялық жағдайда әрекет ету тәртібі

      430. Авариялық жағдай туындағаны туралы хабар алған кезде ӘҚҚ органы мынадай іс-қимылдар жасайды:
      1) егер әуе кемесінің экипажы нақты қай жерде екенін және ұшу биіктігін хабарламаған болса, немесе мұндай ақпарат белгісіз болса, әуе кемесін тану шараларын қолданады, оқиғаның сипатын, әуе кемесі экипажының ниетін, әуе кемесінің орналасқан орны мен ұшу эшелонын нақтылайды;
      2) әуе кемесі экипажының сұрауы бойынша қажетті көмек көрсетеді;
      3) әуе кемесі экипажының сұрауы бойынша оған көмек көрсетуге мүмкіндігі бар басқа ӘҚҚ органын немесе қызметін шақырады;
      4) әуе кемесі экипажынан борттағы адамдар саны, қалған жанармай көлемі, қауіпті жүктердің бар-жоғы туралы ақпарат сұрайды;
      5) хабарлау схемасына сәйкес мүдделі органдарға хабарлайды.
      431. Авариялық жағдайдағы әуе кемесіне, заңсыз араласу әрекеті болғанын қоса алғанда, басқа әуе кемелерімен салыстырғанда басымдық беріледі.
      432. ҚШРЛ қабылдау-жауап беру құралымен жабдықталған әуе кемесінің экипажы әуе кемесінің заңсыз араласу объектісі болып табылатынын білдіру үшін «7500» кодын, ал қауіпті және тікелей қатерге ұшырағанын және оған шұғыл көмек қажет екенін білдіру үшін «7700» кодын белгілеуге тиіс. Ал ADS-B және ADS-С құрылғыларын қоса алғанда, басқа бақылау жүйелерінің құрылғыларымен жабдықталған әуе кемелері қолдарында бар құралдардың көмегімен апатты дабылдарды және/немесе шұғыл дабылдарды бере алады.
      433. «А» режиміндегі «7500» кодының тұрақсыз автоматы индикациясы жағдайында, ӘҚҚ органының диспетчері ҚШРЛ декодерін алдымен «А» режиміндегі «7500» кодына, кейіннен – «7700» кодына ауыстырып қосады.
      434. Әуе кемесі заңсыз араласу әрекетіне ұшырағаны немесе әуе кемесі бортында жарылу қаупі туындағаны туралы ескерту түскені жайлы ақпарат алғаннан кейін ӘҚҚ органдары әуе кемесі экипажының сұраныстарын қамтамасыз етеді, ұшу маршрутына және экипаж қонуы мүмкін әуеайлаққа қатысты аэронавигациялақ құралдар, қызмет көрсету ережелері мен түрлері туралы барлық ақпараттарды береді, сондай-ақ, ұшудың барлық кезеңдерін кедергісіз орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық мүмкіндіктерді жасайды.
      435. ӘҚҚ органдары қосымша мына әрекеттерді қолданады:
      1) әуе кемесі экипажының жауабын күтпестен, ұшуды қауіпсіз орындауға қатысты ақпараттарды беруді жалғастыра береді;
      2) қолда бар барлық құралдарды пайдалана отырып, ұшуды бақылайды, сондай-ақ, әуе қозғалысына қызмет етуді шектес ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына беруді үйлестіреді;
      3) тиісті ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарын, ұшуға қатысы бар шектес ұшу ақпарат аудандарындағы органдарды қоса алғанда, тиісінше хабарландырады. Бұл кезде, әрбір ӘҚҚ органын оның жауап беретін ауданына әуе кемесінің кіруі мүмкін екендігі туралы тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, ұшу барысына ықпал ететін барлық факторлар ескеріліп, жанармай қоры, маршруттың және белгіленген пункттің өзгеру мүмкіндігі хабарлануы қажет;
      4) мыналарға хабар беріледі:
      пайдаланушы немесе тағайындалған өкіліне (мүмкіндік болған жағдайда);
      хабарлау схемасына сәйкес тиісті іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығына.
      5) заңсыз араласу әрекеттеріне қатысты ақпаратты тағайындалған уәкілетті органға жібереді.
      436. Әуе кемесінің бортында бомба немесе басқа жарылғыш құрылғы орналастырылғанына байланысты қауіп туғаны туралы ақпарат алған жағдайда ӘҚҚ органы мынадай қосымша әрекеттерді қолданады:
      1) тікелей радиобайланыс болған жағдайда әуе кемесінің экипажына қауіп төнгені туралы және қатерге қатысты жағдайлар туралы хабарлайды;
      2) тікелей радиобайланыс болмаған жағдайда әуе кемесінің экипажына басқа ӘҚҚ органдары немесе басқа қолда бар арналар арқылы хабарлайды.
      437. ӘҚҚ органы әуе кемесі экипажының ниетін нақтылайды және ол туралы осы ұшуға қатысы бар ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына хабарлайды.
      438. Осы әуе кемесіне қатысты басқа әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне, сондай-ақ, жердегі қызметкерлер мен құрылғыларға қатер туғызуға жол бермейтін барлық шаралар қолданылады.
      439. Ұшып жүрген әуе кемесінің экипажына белгіленген пунктке дейін ұшуға жаңадан рұқсат беріледі. Әуе кемесі экипажының сыртқы атмосфера қысымен әуе кемесі бортындағы атмосфера қысымын теңестіру (азайту) үшін орындалатын әуе кемесін биікке көтерілу немесе төмендеу үшін рұқсат сұраған жағдайда, ӘҚҚ органы оған сондай рұқсат береді.
      440. Жерде тұрған әуе кемесіне арнайы осы мақсаттар үшін белгіленген, басқа әуе кемелері мен құрылғыларынан барынша алысқа орналастырылған тұраққа (жерге) барып тұруға бұйрық беріледі, қажет болған жағдайда ұшу-қону жолағын босату талап етіледі. Егер жолаушылар мен әуе кемесі экипажын құтқару жүргізіліп жатқан жағдайда, басқа әуе кемелері, көлік құралдары мен жердегі қызметкерлер қауіп төнген әуе кемесінен алшақ қауіпсіз жерде болулары қажет.
      441. Жарылғыш құрылғыға қатысты ӘҚҚ органдары әуе кемесінің экипажына қандай да бір нұсқаулар немесе ұсыныстар бермейді.
      442. Заңсыз араласу объектісі екені белгілі болған әлде мүмкін болып табылатын немесе басқа себептермен оқшаулауға тура келген әуе кемесі экипажына арнайы осы мақсаттар үшін белгіленген, басқа әуе кемелері мен құрылғыларынан барынша алысқа орналастырылған тұраққа (жерге) барып тұруға бұйрық беріледі. Мұндай тұрақ бос болмаған немесе белгіленбеген жағдайда әуеайлақ әкімшілігімен алдын-ала келісім бойынша әуе кемесі экипажына орналасуға рұқсат беріледі. Осылайша жермен жүру маршруты әуеайлақтағы адамдардың, басқа әуе кемелері мен құрылғыларының қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез-келген жағдайды болдырмауды ойластыра отырып, таңдалуы қажет.

Параграф 2. Апатты төмендеу

      443. Белгіленген эшелонда ұшу қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда әуе кемесінің командирі ӘҚҚ органына шұғыл хабарлай отырып, өз еркімен эшелонды (биіктікті) өзгертуге құқығы бар.
      Мұндай жағдайда әуе кемесінің командирі тәртіп бойынша ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертпестен, әуе кемесін маршрут осінен 30о (градусқа) оңға бұрып, 20 километрден кейін таңдалып алынған ұшу эшелонына (биіктігіне) бір мезгілде биіктігіне өзгерте отырып, оны бұрынғы курсына қайта шығарады. Әуе кемесінің командирі бұл маневрді жасағаны туралы ӘҚҚ органын хабардар етеді.
      Шұғыл түрде төмендеуді талап ететін жағдайларда, әуе кемесінің командирі ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулықтағы шектеулер шегінде бұрылу басталған сәттен бастап төмендете бастайды. Жаңа ұшу эшелонына  биіктігіне) төмендеген соң әуе кемесінің командирі ӘҚҚ органдарымен келісе отырып, әуе кемесін әуе трассасына немесе жергілікті әуе желісіне шығарады.
      444. ӘҚҚ органы эшелондар қиылысуы мүмкін апатты төмендеу орындалғаны туралы хабар алысымен, әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мүмкін болған шараларының барлығын жүзеге асырады. ӘҚҚ органдары апатты жағдайда төмендеуді орындаған әуе кемесімен келіспеушілік туындаған басқа әуе кемелеріне бұл туралы ақпарат жібереді.
      445. Апатты жағдайда төмендеудің орындалғаны туралы ақпаратты жібергеннен кейін ӘҚҚ органы барлық әуе кемелеріне апатты төмендеу кезінде және одан кейін орындалуға тиісті әрекеттер туралы тапсырмалар береді. Бұдан басқа, тиісті ӘҚҚ органы өзге де ынталы ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына бұл туралы хабарлайды.

Параграф 3. Жерүсті радиоқұрылғысының істен шығуы

      446. ӘҚҚ мақсаттары үшін қолданылатын жерүсті радиоқұрылғылар істен шыққан жағдайда, ӘҚҚ органының диспетчері мынадай шаралар қолданады:
      1) 121,5 МГц апатты жиіліктегі радиобайланысты орнатуға тырысады;
      2) радиоқұрылғының істен шыққаны туралы шектес диспетчерлік пункттерге немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына хабарлайды;
      3) әуедегі жағдай туралы ақпараттарды шектес диспетчерлік пункттерге немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына хабарлайды;
      4) осы диспетчерлік пункттермен немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарымен байланыс орнатқан жағдайда әуе кемелерінің белгіленген эшелондау аралығын қамтамасыз ету және сақтау жөніндегі әдісдерді келіседі;
      5) істен шыққаны радиоқұрылғыны жөндегенге дейін шектес диспетчерлік пункттерге немесе ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарына бақылауда ұшуды орындап жүрген әуе кемелерінің мұның жауап беретін ауданына (аумағына) кіруін шектейді немесе тыйым салады.
      447. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жердегі радиоқұрылғының толық істен шығу салдарын азайту үшін Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімдер № 11285 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланыс радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі нұсқаулық әзірленеді.
      Ескерту. 447-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 4. Жиілікті бұғаттау

      448. Борт қабылдағышы радиобайланыс жиілігін абайсызда бұғаттап қойған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:
      1) жиілік бұғатталған әуе кемесін анықтау шараларын қолдану;
      2) егер әуе кемесі анықталған болса, "әуе – әуе" байланысы үшін әуе кемелері экипаждарының пайдалануына арналған кез-келген ОВЧ-жиілікте, 121,5 МГц апатты жиілікте немесе кез-келген басқа байланыс құралдарының көмегімен әуе кемесімен байланыс орнатуға тырысу қажет, ал егер әуе кемесі жерде тұрған болса, тікелей қарым-қатынас орнату қажет;
      3) егер әуе кемесімен байланыс орнатылған болса, ұшу экипажына тиісті диспетчерлік жиілікте байқаусызда берілген хабарламаны тоқтату үшін шұғыл шаралар қолдануға тапсырма беріледі;
      4) егер жиілікті бұғаттаудан шығару мүмкін болмаса, әуе қозғалысын ұйымдастыру мақсатында резервті жиілік қолданылады.

Параграф 5. ӘҚҚ жиіліктерін рұқсатсыз пайдалану

      449. Бөгде тұлғалардың жиілікті рұқсатсыз пайдалануы кезінде ӘҚҚ органы мынадай әрекеттер жасайды:
      1) беріліп жатқан жалған немесе адастыруы мүмкін тапсырмалардың немесе шешімдердің күшін жояды;
      2) байланыстағы әуе кемелері экипаждарын жиілік бойынша жалған немесе адастыруы мүмкін тапсырмалардың немесе шешімдердің беріліп жатқаны туралы хабардар етеді;
      3) байланыстағы әуе кемелері экипаждарына орындамас бұрын беріліп жатқан тапсырмалар мен шешімдерді тексеру туралы тапсырма береді;
      4) қажет болған жағдайда байланыстағы әуе кемелері экипаждарына басқа жиілікке ауысу туралы тапсырма береді;
      5) байланыстағы әуе кемелері экипаждарын жиілік бойынша жалған немесе адастыруы мүмкін тапсырмалардың немесе шешімдердің берілуінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
      450. Жиілік бойынша жалған немесе адастыруы мүмкін тапсырмалардың немесе шешімдердің беріліп жатқанын байқаған жағдайда ӘҚҚ қызметі радиотехникалық жабдықтар мен байланысты пайдалану қызметін хабар тарату құралды табу және хабар беруді тоқтату үшін шаралар қолдану туралы хабардар етеді.

Параграф 6. Авариялық эшелондау

      451. Егер авариялық жағдайда көлденең эшелондаудың белгіленген аралығын сақтау мүмкін болмаса, авариялық эшелондау қолданылуы мүмкін. Ол әуе кеңістігіндегі әуе кемелерінің арасындағы тік эшелондаудың минимумы 300 метр (1000 фут) өлшемі қолданылатын кезде тік эшелондаудың қолданыстағы минимумының жартысына сәйкес келеді (150 метр (500 фут)) және тік эшелондаудың минимумы 600 метр (2000 фут) қолданылатын кезде, әуе кеңістігіндегі әуе кемелерінің арасы 300 метр (1000 фут) болады.
      452. Авариялық эшелондау қолданылған жағдайда әуе кемелерінің экипаждары оның қолданылғаны және қолданылған минимум туралы хабардар етіледі. Бұдан басқа, барлық тиісті әуе кемелерінің экипаждарына негізгі қозғалыс туралы ақпарат беріледі.

Параграф 7. Шиеленісті жағдай туралы қысқа мерзімді ескертулер беру

      453. Шиеленісті жағдай туралы қысқа мерзімді ескертулер беру (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы – STCA, (бұдан әрі – STCA)) әуе қозғалысын автоматты басқару жүйесіне орналастырылған қызмет болып табылады. STCA қызметінің мақсаты ӘҚҚ органының диспетчеріне эшелондаудың белгіленген минимумдерін бұзуы мүмкін немесе нақты бұзғаны туралы дер кезінде ескерту беру арқылы әуе кемелерінің соқтығысуына жол бермеуге көмек көрсету болып табылады.
      STCA қызметін пайдалану кезінде барометрлік биіктік туралы хабарлама беру мүмкіндігі бар әуе кемелерінің нақты қай жерде екендігі туралы ағымдағы және болжамды деректер әуе кемелерінің арасындағы орналасу қашықтығын анықтау мақсатымен бақыланып отырады. Егер қандайда бір уақыт кезеңі ішінде әуе кемелері арасындағы аралықты белгіленген эшелондау аралығынан да аз мөлшерге қысқарту болжанған жағдайда, әуе кемелері ұшып келе жатқан жауапкершілік ауданындағы ӘҚҚ органының диспетчеріне дыбыстық және (немесе) көрнекі ескерту береді.
      454. STCA қызметін қолданған жағдайда ӘҚҚ органы әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі жабдықтарын жеткізіп берушімен бірлесіп STCA қызметін қолдануға қатысты нұсқаулықтар әзірлейді. Мұндай Нұсқаулықтарды аэронавигациялық ұйымның (оның бөлімшесінің) басшысы бекітеді.
      455. STCA функциясын қолдануға қатысты нұсқаулықтарда мыналар ескертіледі:
      1) STCA беру құқығы бар әуе кемелерінің түрлері;
      2) STCA қызметі іске асырылатын әуе кеңістігінің секторлары мен аудандары;
      3) STCA-ның диспетчерге байқалу әдісі;
      4) ескерту берудің өлшемдері, сондай-ақ оның мерзімі;
      5) STCA әуе кемелері жолдарының жекелеген жолақтарында рұқсат етілмейтін жағдайлар;
      6) STCA қызметі рұқсат етілмеген ұшуларға қатысты қолданылатын тәртіптемелер.
      456. Бақылаудағы ұшуларға қатысты STCA берілген жағдайда ӘҚҚ органының диспетчері белгіленген эшелондау аралығының бұзылуына жол бермеу үшін тиісті әрекет жасайды.
      Негізсіз ескертулер назарға алынбайды.
      457. STCA берілгеннен кейін эшелондау минимумы бұзылған жағдайда ӘҚҚ органы инцидент туралы есеп (міндетті хабарлама) жасайды және оны деректерді тарату жүйесі арқылы аэронавигациялық ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесінің атына жібереді.
      Ескерту. 457-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      458. ӘҚҚ қызметі берілген барлық STCA бойынша 30 күн бойы электронды жазбалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Параграф 8. Борттық соқтығысуды ескерту жүйесімен жабдықталған
әуе кемелеріне қатысты қолданылатын қағидалар

      459. Егер әуе кемесінің экипажы соқтығысу қаупін (ағылшын тіліндегі аббревиатурасы – RA, (бұдан әрі – RA)) шешу жөніндегі БСЕЖ ұсынысын алғаны туралы хабарлаған жағдайда, әуе кемесінің экипажы шиеленісті жағдайдың шешілгені туралы хабарламайынша, ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесінің ұшу траекториясын өзгерту жөнінде ешқандай әрекет жасамайды.
      460. Әуе кемесінің экипажы RA-ны орындауға байланысты әрекет жасаған бойда немесе RA туралы хабарлаған кезде, ӘҚҚ органының диспетчерінен RA-ға сәйкес басталған, тікелей маневр жасауға қатысы бар басқа әуе кемелері мен аталған әуе кемесі арасындағы эшелондаудың белгіленген аралығын қамтамасыз етуге байланысты жауапкершілік алынады.
      ӘҚҚ органының диспетчері эшелондаудың белгіленген аралықтарын қамтамасыз етуді мынадай жағдайда қайта жаңалайды:
      1) әуе кемесі экипажынан маневрдің аяқталғаны және ұшудың диспетчер бастапқыда берген рұқсатқа сәйкес орындалып жатқаны туралы хабар алған жағдайда;
      2) ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесінің экипажынан баяндауды алғанын растайды және әуе кемесінің экипажы растайтын диспетчерлік рұқсат береді.
      461. БСЕЖ дабыл қаққан жағдайда ӘҚҚ органдары мен әуе кемелері экипаждарының қолданатын фразеологиясы ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 15 қазандағы № 454 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 6635 нөмірімен тіркелген) бекітілген Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезіндегі радиоалмасу фразеологиясының қағидаларында бар.

Параграф 9. Ең төменгі қауіпсіз абсолютті биіктік туралы ескерту беру

      462. Ең төменгі қауіпсіз абсолютті биіктік туралы ескерту беру ӘҚБ-ның радиолокациялық деректерді өңдеу жүйесінің қызметі болып табылады. Ең төменгі қауіпсіз абсолютті биіктік туралы ескерту (ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатурасы – MSAW, (бұдан әрі – MSAW)) қызметінің мақсаты ӘҚҚ органының диспетчеріне ең төменгі қауіпсіз абсолютті (салыстырмалы) биіктіктің бұзылу мүмкіндігі туралы дер кезінде ескерту беру арқылы әуе кемелерінің жерге келіп соғылуына байланысты апаттарды болдырмауға көмектесу.
      463. MSAW қызметін қолдану кезінде әуе кемелері ауысып отыратын эшелондар белгіленген ең төменгі қауіпсіз абсолютті биіктіктермен теңестіріледі. Әуе кемесінің эшелоны қолданылып отырған ең төменгі қауіпсіз абсолютті биіктіктен төмен екендігі немесе болуы мүмкін деп болжанған жағдайда диспетчерге дыбыстық немесе көрнекі ескерту берілетін болады.
      464. MSAW қызметін қолдану кезінде ӘҚҚ органы әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі жабдықтарын жеткізіп берушімен бірлесіп MSAW қызметін қолдануға қатысты нұсқаулықтар әзірлейді. Мұндай Нұсқаулықтарды аэронавигациялық ұйымның (оның бөлімшесінің) басшысы бекітеді.
      465. MSAW қызметін қолдануға қатысты нұсқаулықтарда мыналар ескертіледі:
      1) MSAW беру құқығы бар әуе кемелерінің түрлері;
      2) MSAW-дың ең төменгі қауіпсіз абсолютті биіктігі белгіленген және оның шегінде MSAW қызметі іске асырылатын әуе кеңістігінің секторлары мен аудандары;
      3) MSAW-дың ең төменгі қауіпсіз абсолютті (салыстырмалы) биіктігі белгіленген шама;
      4) MSAW-дың байқалу әдісі;
      5) MSAW берудің өлшемдері, сондай-ақ ескерту мерзімі;
      6) MSAW қызметі әуе кемелері жолдарының жекелеген жолақтарында рұқсат етілмеуі мүмкін жағдайдағы шарттары, сондай-ақ, MSAW қызметі рұқсат етілмеген ұшуларға қатысты қолданылатын тәртіптемелер.
      466. Бақылаудағы ұшуларға қатысты MSAW берілген жағдайда мынадай әрекеттер жасалады:
      1) егер әуе кемесі векторлаумен қамтамасыз етілген болса, әуе кемесінің экипажына ұшудың белгіленген қауіпсіз эшелонына (биіктігіне) дереу ауысу туралы тапсырма беріледі, қажет болған жағдайда жаңа бағыт тағайындалады.
      2) басқа жағдайларда ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесінің экипажын ең төменгі қауіпсіз абсолютті (салыстырмалы) биіктікке қатысты ескерту алынғаны туралы хабарландырады және әуе кемесінің биіктік өлшегішіндегі қысым мен белгіленген ұшу эшелонының (биіктігінің) дұрыстығын тексеру туралы тапсырма береді.
      467. MSAW бергеннен кейін, егер ең төменгі қауіпсіз абсолютті биіктік байқаусызда тиісті ақаусыз әуе кемесінің жерге соғылуына әкеп соқтыратындай бұзылған болса, ӘҚҚ органы инцидент туралы есеп (міндетті хабарлама) жасайды және оны деректерді тарату жүйесі арқылы аэронавигациялық ұйымның тиісті құрылымдық бөлімшесінің атына жібереді.
      Ескерту. 467-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 10. Әуе кемесінің радиотелефонды шақыру сигналын өзгерту

      468. ӘҚҚ органы екі немесе одан да көп әуе кемелерінің радиотелефонды шақыру сигналдары өзара ұқсас болып, шатастыруы мүмкін деп санаса, қауіпсіздікті сақтау мақсатында әуе кемесінің экипажына радиотелефонды шақыру сигналын өзгертуге тапсырма бере алады.
      469. Радиотелефонды шақыру сигналының өзгеруі уақытша, ұқсастығына байланысты шатасуы мүмкін әуе кеңістігінің шегінде ғана қолданылады.
      470. ӘҚҚ органының диспетчері әуе кемесін, шақыру сигналын өзгертуге нұсқау бергенге дейін, оның келе жатқан орны мен (немесе) ұшу эшелонын көрсете отырып, анықтайды.
      471. Радиотелефонды шақыру сигналын өзгерткен ӘҚҚ органы әуе кемесінің экипажына ұшу жоспарында көрсетілген радиотелефонды шақыру сигналына ауысу туралы тапсырманы оның және шектес ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының жауап беретін ауданына (аймағына) кіргенге дейін береді. Мұнда екі өзара шектес ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының алдын-ала үйлестіруі орындалған жағдай ескерілмейді.

10-1-параграф. КҰҚ бойынша ұшу және қолайсыз метеорологиялық
жағдайларда КҰҚ бойынша ұшу кезінде бағдарды жоғалту.

      Ескерту. 10-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      471-1. КҰҚ бойынша ұшуды орындайтын және өзінің орналасқан жеріне сенімсіз, немесе бағдарын жоғалтқан, немесе қолайсыз метеорологиялық жағдайға ұшыраған әуе кемесін авариялық жағдайда деп санау керек.
      ӘҚҚ органы көмек көрсету үшін жағдайға қарай әуе кемесінің экипажынан мынадай ақпаратты сұратады:
      1) әуе кемісінің ұшу жағдайы;
      2) орналасқан жері (егер ол белгілі болса) және эшелон;
      3) ұшып шығу және бару әуеайлақтары;
      4) борттағы адамдар саны;
      5) отын қалдығы;
      6) әуе кемесінің жылдамдығы және қажет болса, соңғы белгілі орналасқан жерінен басталатын бағыты;
      7) борттағы қолданыстағы навигациялық жабдық және қандай да бір навигациялық сигналдар қабылдана ма;
      8) ТОБЖ коды (қолданылса);
      9) ADS-B мүмкіндіктері (бар болған жағдайда).»;
      471-2. Әуе кемесімен байланыс тұрақсыз немесе бұзылған жағдайда, әуе кемесіне егер метеорологиялық жағдайлар мен басқа да жағдайлар мүмкіндік берсе ӘҚҚ диспетчері әуе кеменің экипажына ең биік эшелонға дейін биіктікке көтерілуді ұсыну қажет. Сонымен бірге қолайсыз метеорологиялық жағдайлар нәтижесінде бағдарын жоғалту мүмкіндігі ескеріледі.
      471-3. Пилотқа әуе кемесінің орналасқан жерін анықтау үшін навигациялық көмек көрсету ӘҚҚ-ның бақылау жүйесін, пеленгаторды, навигациялық құралдарды қолдану арқылы немесе оны басқа әуе кемелерінің тану құралдары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
      471-4. ӘҚҚ органы көзбен шолу метеорологиялық жағдайлары бар жақын орналасқан әуеайлақтар туралы ақпаратты пилотқа хабарлайды.
      471-5. Егер пилот КҰҚ бойынша ұшуды орындай алмаса, онда ӘҚҚ диспетчері пилотқа әуе кемесінің орналасқан немесе орналасты деп болжанған аймақтағы ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктікті хабарлайды.
      471-6. Әуе кемесінің орналасқан жері анықталғаннан кейін, бару әуеайлағына (қосалқы) немесе трассаға шығу үшін маршруттар және ұшу жағдайлары экипажға беріледі.

Параграф 11. Әуе қозғалысы кезіндегі болған оқыс оқиға туралы есеп

      472. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты инциденттерге, оның ішінде әуе кемелерінің жақындауы сияқты жағдайларға (AIRPROX) және әуе кемесіне қауіп төндіретін және қолданылатын рәсімдердің дұрыс емес қолдануына немесе қолданбауына, сондай-ақ жерүсті құралдарының істен шығуына және инцидент қызмет көрсету аймағында болған ӘҚҚ органына есеп беріледі.
      Ескерту. 472-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      473. Әуе қозғалысы кезіндегі болған оқыс оқиға туралы есептің үлгілік нысаны оны толтыру туралы нұсқаулық тапсырмаларымен бірге Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының «Әуе қозғалысын ұйымдастыру» (Doc 4444 ATM/501) құжатында берілген.
      473-1. Егер инцидент болған әуе кемесі Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан бару пунктіне бағыт алса, инцидент болған қызмет көрсету аймағындағы ӘҚҚ органы әуе кемесінің экипажынан инцидент туралы есепті алу қажеттігі туралы бару әуеайлағының ӘҚҚ органына хабарлайды.
      Инцидент туралы хабарламада мынадай ақпарат қамтылады:
      1) инцидент түрі;
      2) тиісті әуе кемесінің тану индексі;
      3) инцидент кезіндегі уақыт пен орналасқан жері;
      4) инцидент туралы қысқаша мәліметтер.
      Қазақстан Республикасы аумағынан тыс орналасқан бару әуеайлағынан халықаралық рейсті орындау кезінде инцидент туралы есепті аэронавигациялық ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арқылы сұратады.
      Ескерту. 473-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.11.2015 № 1081 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған
қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша              

Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлік пункттерінің
(секторларының өткізу қабілетін анықтау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әдістеме Халықаралық азаматтық авиация ұйымының «Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жоспарлау жөніндегі нұсқаулық» Doc 9426-AN/924 құжатында айтылған әуе қозғалысына қызмет көрсетуді жоспарлау және ӘҚҚ бар аэронавигациялық жүйесін пайдалану жөніндегі ұсынымдарды және ӘҚҚ жөніндегі диспетчерлік пункттердің (секторлардың) өткізу қабілетінің қолданыстағы нормативтерін қолдану іс-тәжірибесін ескере отырып әзірленді.
      Бастапқы сатыда ескеруге мүмкін емес әуе қозғалысына қызмет көрсету күрделілігіне елеулі әсер ететін әуе қозғалысының және уақытша факторлардың стохастикалық табиғатына байланысты күт жүктемелер кезеңінде әуе қозғалысының нақты үдемелігі осы әдістеме бойынша есептелген өткізу қабілетінің нормативтерінен асуы мүмкін.
      2. Осы Әдістеменің мақсаты мен тағайындалуы математикалық есептеулерге және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері бойынша негізделген белгілі бір ӘҚҚ аудандарының өткізу қабілетін анықтауға және ӘҚҚ диспетчерлерінің жұмыс орындарының жүктелімінде.
      3. Уақыт бірлігіне қызмет көрсетілетін (1 сағат, сағатына өткізу қабілетінің мәні тәуліктің немесе жылдық мәндерге түрленеді) әуе қозғалысының ағыны өткізу қабілетінің шамасы болып табылады.
      4. Осы Әдістеме арқылы шешілетін міндеттер:
      1) ӘҚҚ диспетчерлік пункттерінің (секторларының) жүктемелігін анықтау;
      2) әуе қозғалысының ағындарын жоспарлау мен дамыту;
      3) ӘҚҚ АЖ пайдаланатын техникалық мүмкіндіктерге қарай әуе кеңістігі құрылымының дамуын, персоналдың санын, оның жинақталуын, сондай-ақ ӘҚҚ пайдаланылатын рәсімдерін болжамдау;
      4) жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін диспетчердің үздіксіз жұмысының уақытша нормативтерін, үзілістердің саны мен уақытын анықтау.
      5. Осы Әдістеменің барлық есептеулері орташа статистикалық мәндерге негізделеді.
      6. ӘҚҚ ауданының (секторының) өткізу қабілеті мынадай факторларға байланысты:
      1) ӘҚ қозғалысының біржақты және екіжақты бағыты бар әуе трассалары (бағыттары, дәліздері) бойынша ұшақ ағынын ретке келтіру;
      2) ӘҚҚ ауданының (секторының) әуе кеңістігінің құрылымы;
      3) осы ӘҚҚ ауданында (секторда) әуе кемесінің болуының орташа өлшемді уақыты;
      4) қосымша факторлар.
      ӨҚН (өткізу қабілетінің нормативін) есептеу кезінде ескерілетін факторлардың толық тізбесі 1-кестеде көрсетілген.
      7. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) әуе қозғалысының үдемелігі (бұдан әрі – ӘҚҮ) – уақыт бірлігі (сағат) үшін диспетчерлік пункт (сектор) арқылы өтетін әуе кемелерінің саны;
      2) диспетчерлік пункттің (сектордың) өткізу қабілеті – уақыт бірлігі (сағат) үшін осы диспетчерлік пункт (сектор) қызмет көрсететін әуе кемелерінің үлкен саны;
      3) ӘҚҚ диспетчерінің жүктелімі – ӘҚҚ жөніндегі функцияларды орындау кезінде диспетчердің жұмыспен қамтылу деңгейі;
      4) өткізу қабілетінің нормативі (бұдан әрі - ӨҚН) жүктелім көрсеткішінің шамасы рұқсат етілген мәннен аспайтын уақыт бірлігі (сағат) үшін осы диспетчерлік пункттің (сектордың) ӘҚҚ диспетчері қызмет көрсетуі мүмкін әуе кемелерінің саны;
      5) диспетчерлік пункттің (сектордың) өткізу қабілетінің үлгі нормативі (бұдан әрі – ӨҚНүлгі) – қосымша факторларды есепке алмағанда уақыт бірлігіне тиісті диспетчерлік пункт (сектор) қызмет көрсететін әуе кемелері санының орташа статистикалық мәні;
      6) диспетчердің жүктелім көрсеткіші – ӘҚҚ жөніндегі рәсімдерді орындауға диспетчер өткізетін уақыттың жүктелімді бағалау орындалатын уақыт ара қашықтығына уақыттың қатысы (k3 = f(ӘҚҮ/ӨҚН) шамасымен анықталады);
      7) ӘҚҚ диспетчерінің жүктелімінің шекті мәні – диспетчердің өз функцияларын орындауын қамтамасыз ететін жүктелім көрсеткішінің белгіленген шамасы;
      8) жоғары жүктелім шарттары – әуе қозғалысының үдемелігі шекті-рұқсат етілетін нормаларға жететін шарттары.
      8. Белгілі бір жұмыс орнында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді орындайтын ӘҚҚ диспетчерінің жүктелім деңгейі оның жүктелім көрсеткішінің мәнімен сипатталады (k3).
      Жүктелім көрсеткіші ӘҚҚ байланысты барлық рәсімдерді орындауға диспетчер жұмсайтын жиынтық уақыттың бағалау жүргізілетін уақыт арақашықтығына қатынасын білдіреді.
      Жүктелім көрсеткішінің шамасы (k3) 1-суретте келтірілген қисық тәуелділікпен анықталады k3=f(ИВД/НПС).
      Кесте ӘҚҚ диспетчерлерінің жүктелімінің тәжірибелік зерттеулері, олардың функционалдық жүктелімінің деңгейі және адамның психофизиологиялық мүмкіндіктері деңгейінде алынған болатын.
      9. Әуе қозғалысының үдемелігі (ӘҚҮ) ӘҚҚ ауданына (секторына) кіретін әуе кемелері санының орташа статистикалық мәнімен анықталады.
      10. ӘҚҚ диспетчерлік пункттері жұмыс орындарының өткізу қабілетінің нормативтері (ӨҚН) ӘҚҚ диспетчерінің жүктелімінің қабылданған деңгейіне сәйкес келетін әуе қозғалысының үдемелік (ӘҚҮ) мәнін анықтайды.

2. Есептеулерді орындау тәртібі

      11. АДО секторлары үшін өткізу қабілетінің үлгі нормативі мынадай формуламен анықталады:
      ӨҚНүлгі(АДО) = 27,16 + РТ*0,053 – Nkp*0,42 – Tорт.өлш. * 0,09,
      мұнда:
      РТ – сектордағы әуе қозғалысының жалпы ағынынан ажыратылған бағыттар бойынша жүретін ӘК пайызы;
      Nkp – ӘК ағындарының қиылысуының күрделі нүктелерінің саны. Егер көрсеткіш әуе ахуалының анықсыздығы болса, нүкте күрделі болып есептеледі

      
    Ni
    Nt – есепті уақыт ішінде осы нүкте арқылы өтетін ӘК жалпы санына шаққанда і трассасы бойынша қиылысу нүктесіне енген сандардың ара қатынасы,
      Tорт.өлш – ӘК секторда болуының орташа өлшемді уақыты.

      m1, m2, mi – үлгілері бойынша ӘК ұшуларының салыстырмалы саны (%),
      tm1, tm2, tmi – ӘКҚ ауданында 1, 2, і үлгідегі ӘК орташа болған уақыты.
      12. «Көзқарас» ӨПД үшін өткізу қабілетінің үлгі нормативі мынадай формуламен анықталады:
      ӨҚНүлгі (ДӨП) = 30,5 + РТ*0,053 – М,
      мұнда:
      РТ – ӘҚҚ ауданындағы әуе қозғалысының жалпы ағынынан ажыратылған бағыттар бойынша жүретін ӘК пайызы;
      Nkp – ӘК ағындарының қиылысуының күрделі нүктелерінің саны;
      М (мин)– ӘК ауданда болуының орташа өлшемді уақыты, мұнда
      Tорт.өлш < 10 М = Tорт.өлш.,
      Tорт.өлш > 10 М = 10.
      13. «Круга», «Старта» және «Руления» ДП өткізу қабілетінің үлгі нормативі үшін ӘӨП (әуе айлақтың) өткізу қабілетінің мәні қабылданады.
      ӘӨП (әуе айлақтың) өткізу қабілетінің мәні > 21, ӨҚНүлгі(ДӨБ) = 21.
      14. ӨҚН қосымша факторларының тобын және коэффициентін (ki) және мәнінің түпкі есептеуін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      ӨҚН=ӨҚНүлгі*Пki (ӘК\сағ)
      Пki 1 және 2 алып тастағанда (негізгі факторлар), нақты диспетчерлік пункті үшін 1-кестеге сәйкес ескерілетін барлық қосымша факторлардың коэффициенттері (кi), мәндерін жүргізуді білдіреді.
      Пki = k3 * k4 * k5 *...* kn
      АДО жұмыс орындары (секторлары) үшін

      Пki = k3 * k4 * k5 * k6 * k9 * k10 * k11,
      мұнда ki нөмірлері 1-кестенің тармақтарына сәйкес келеді.
      «Көзқарас» ДӨП жұмыс орындары (секторлары) үшін

      Пki = k3 * k6 * k7 * k8 * k9 * k10 * k11,
      мұнда ki нөмірлері 1-кестенің тармақтарына сәйкес келеді.
      «Круг», «Старт» және «Руление» ДП жұмыс орындары (секторлары) үшін

      Пki = k3 * k6 * k7 * k8 * k9 * k11,
      мұнда ki нөмірлері 1-кестенің тармақтарына сәйкес келеді.
      Фактордың әрекет етуі әуе қозғалысының бір бөлігіне қызмет көрсетуге қолданылатын болса, онда мәні

      мұнда:
      m0 – қызмет етуге і фактордың әрекет етуі қолданылмайтын ӘК пайызы;
      mi – қызмет етуге і фактордың әрекет етуі қолданылатын ӘК пайызы;
      ti – ол бойынша есеп жүргізілетін і факторы үшін белгіленген ӘҚҚ бойынша рәсімдерді орындауға жұмсалатын уақыт өзгерісінің коэффициенті
      ti = 100% - «ӨҚН өзгеруі,%»/100%,
      мұнда «ӨҚН өзгеруі,%» мәні 1-кестенің аттас бағанынан алынады.
      15. Әуе қозғалысының үдемелігі қатынасының шартты мәнін k3=f(ИВД/НПС) кестесі бойынша өткізу қабілетінің нормативіне (ӘҚИ/ӨҚН) ара қатынасын салыстыру жолымен жүктелім көрсеткішін анықтау (k3)

3. Қорытынды ережелер

      16. Жүктелім көрсеткішінің нормативтік мәні (k3) 0,55, тең деп қабылданады, шекті жол берілетін – 0,7. k3 > 0,7 кезінде ӘҚҚ диспетчеріне қосымша регламентті үзіліс беріледі.
      17. Осы Әдістемені пайдалану кезінде алынған есептеулерді растау жаттығу орталықтарында тиісті жүктемемен әуе ахуалын модельдеу жолымен жүргізіледі, сынақтар нәтижелері бойынша негіздемелік акт жасалады.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету     
диспетчерлік пункттерінің (секторларының)
өткізу қабілетін анықтау әдістемесіне 
1-қосымша                

ӨҚН есептеу кезінде ескерілетін факторлар

Фактор

Нақтылаушы сипаттамалар

ӨҚН өзгеруі, %

Өзгеру коэффициенті, ki

1

ӘҚҚ ауданында ӘК болуының орташа өлшемді уақыты

Үлгі нормативтерінің мәндерін анықтау кезінде ескеріледі

-

-

2

Әуе кеңістігінің құрылымы

3

Жұмыс орнын техникалық жарақтандыру

Жоспарлы және радиолокациялық ақпаратты өңдеу мен талдау мүмкіндігі бар көп функционалды ӘҚБ АЖ

+20

1,2

ӘҚБ автоматтандыру құралдарының кешені

+15

1,15

ПРЛ және ВРЛ көрсету құралдары

0

1

ПРЛ көрсету құралдары

-20

0,8

4

Ауыспалы бейіні бар ұшулар (ҚШРЛ үшін ғана)

Барлық ӘК қызмет көрсетуге қолданылады

-25

0,75

ӘК бір бөлігіне қызмет көрсетуге қолданылады



  100% 
m0+ri*mi

5

Мемлекеттік шекараның болуы

Барлық ӘК қызмет көрсетуге қолданылады

-10

0,9

ӘК бір бөлігіне қызмет көрсетуге қолданылады



  100% 
m0+ri*mi

6

ӘҚҚ аралас пункттерімен тікелей байланыстың болуы

Барлық аралас ДП тікелей байланыс бар

0

1

Тікелей байланыс бар, бірақ барлық аралас ДП емес



  100% 
m0+ri*mi

Аралас ДП тікелей байланыс толығымен жоқ

-10

0,9

7

Әуе айлақ ауданында жергілікті жердің рельефі

Таулы жерлердегі ұшулар (таулы әуе айлақтарда)

-20

0,8

Негіздеме бойынша – 50-ге дейін

0,5

8

Әуе айлақ ауданында ATIS қызметінің болуы


+5

1,05

9

Радиобайланысты ағылшын тілінде жүргізу

Барлық ӘК қызмет көрсетуге қолданылады

-5

0,95

ӘК бір бөлігіне қызмет көрсетуге қолданылады



  100% 
m0+ri*mi

10

Эшелондау жүйесінің ауысуы Футтар – метрлер (метрлер - футтар)

Барлық ӘК қызмет көрсетуге қолданылады

-15

0,85

ӘК бір бөлігіне қызмет көрсетуге қолданылады



  100% 
m0+ri*mi

11

Сектор (аудан) пультінде бір уақытта жұмыс істейтін диспетчерлер саны

1-диспетчер

0

1

2-диспетчер

+35

1,35

Әуе қозғалысына қызмет көрсету     
диспетчерлік пункттерінің (секторларының)
өткізу қабілетін анықтау әдістемесіне  
2-қосымша                

Жүктелім көрсеткішінің шамасы

       Әуе қозғалысын ұйымдастыру  
және оған қызмет көрсету жөніндегі
нұсқаулыққа 1-1-қосымша    

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Әуеайлақтық диспетчерлік орталық (әуеайлақ ауданының
диспетчерлік пункті) пен аудандық диспетчерлік орталықтың
(аудандық диспетчерлік пункті) диспетчерлік пункттері
жабдықтарының бақылау тізбесі

Жабдық түрі

Брифинг ДП

РДП

СДП

МДП

ШДП

ЖДП

ЖДП

АДП

1

Диспетчердiң пультi

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Негiзгi және резервтiк радиостанцияларды басқару органдары

-

+

+

+

+

+

+

+

3

Авариялық арна радиостанциясын басқару органдары

-

-

-

+

+

+

+

+

4

Радиолокациялық ақпараттарды бейнелеу аспабы

-

-

-

+

+

+

+

+

5

ҰАШ РЛС (ЖҚБАЖ) ақпаратын бейнелеу аппаратурасы

-

+2

+2

+2

-

-

-

-

6

АРП индикаторы (ақпараттарды бейнелеу)

-

-

-

+

+

+

+

+

7

Әуеайлақiшi радиобайланысы радиостанциясын басқару органы

-

+

+

+

-

-

-

-

8

Дыбысүдеткiш және телефон байланысы аппаратурасы

+

+

+

+

+

+

+

+

9

АЖРМП (ЖРС немесе VOR) арқылы команда беру арнасын басқару органы

-

-

-

+

+

+1

-

-

10

Жарық-сигналдық жабдықты қашықтан басқару аппаратурасы

Ұшып-көтерiлу және қонудың жарық-сигналдық құралдарын басқару органдары

-

-

-

+

-

-

-

-

ҰҚЖ-дан шығып кету және ҰҚЖ-ға шығу жарық-сигналдық құралдарын басқару органдары

-

-

+2

+2

-

-

-

-

Әуеайлақ бетімен бұру-жылжу жарық сигналдық құралдарын басқару органдары

-

+3

-

-

-

-

-

-

11

Қону жүйелерінің жай-күйі туралы автоматтандырылған сигнал беру

Дыбыстық және жарықтық

РМЖ

-

-

-

+

+1

-

-

-

ҚЖЖ

-

-

-

+

+1

-

-

-

Ұшып шығу және қону кезінде ЖСЖ-ы

-

-

-

+

-

-

-

-

Жарықтық

ҰҚЖ-дан шығып кету және ҰҚЖ-ға шығу ЖСЖ-ы

-

-

+

+

-

-

-

-

Аэродром бетімен бұру-жылжу ЖСЖ-ы

-

+

-

-

-

-

-

-

12

«ҰҚЖ бос емес» жарықтық сигнал беруін басқару пульті

-

-

+

+

-

-

-

-

13

«ҰҚЖ бос емес» жарықтық сигнал беруінің индикаторы

-

-

+

+

-

-

-

-

14

Метеоақпараттарды5 бейнелеу құралы

+1

+1

+4

+4

+4

+4

+4

+4

15

Бас гарнитура (телефон тұтқасы)

-

+

+

+

+

+

+

+

16

Микрофон (телефон тұтқасы)

-

+

+

+

+

+

+

+

17

Динамиктер (телефон тұтқасы)

+

+

+

+

+

+

+

+

18

Магнитофон (радиобайланыстар мен телефон байланысын жазуға арналған)

+

+

+

+

+

+

+

+

19

Электрмен қоректену көздері

+

+

+

+

+

+

+

+

20

Резервтегі электрмен қоректену көздері

+

+

+

+

+

+

+

+

21

Авариялық жарық беруді қоса алғанда жарықтандыру

+

+

+

+

+

+

+

+

22

Сағаттар

+

+

+

+

+

+

+

+

23

Көрсету тақтасы (НОТАМ және т.б.)

+

-

-

-

-

-

-

-

24

Әуеайлақ ауданындағы ақпараттарды тарату қызметінің хабарларды жазуға арналған магнитофоны (ATIS)

+

+

+

+

+

+

-

-

25

Өртке қарсы дабыл беру және өрт сөндіру жүйесі

+

+

+

+

+

+

+

+

26

Столдар/консолдар/сөрелер

+

+

+

+

+

+

+

+

27

Кресло/орындық

+

+

+

+

+

+

+

+

28

Дүрбі

-

+

+

+

-

-

-

-

29

Жалюзилер

+

+

+

+

+

+

+

+

      1Ұсынылатын жабдық.
      2III санат бойынша қонуға дәлме-дәл кiру ҰҚЖ-ы бар әуеайлақтарында орнатылады.
      3Басқарылатын бұру-жылжу құралдары жоқ болғанда бүйiрлiк бұру-жылжу оттарын және басқарылмайтын жарықтық көрсеткiштердi қону және ұшып-көтерiлу оттарының тобымен қоса басқаруға рұқсат етіледі.
      4Жабдық, I, II, III санаттар бойынша қонуға дәлме-дәл кiру ҰҚЖ-ы және А, Б, В класты құрал-аспаптар бойынша қонуға кiруi бар әуеайлақтарда орнатылуы тиiс. Жабдық Г, Д және Е класты құрал-аспаптары бойынша қонуға кiру ҰҚЖ-ы бар әуеайлақтар үшiн ұсынылады.
      5ӘҚБ диспетчерлiк пункттерiн бiр үй-жайда (залда) орналастырған жағдайда, диспетчердiң тиiстi жұмыс орнынан метеоақпаратты алу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлсе осы диспетчерлiк пункттер үшiн метеоақпаратты бейнелеудiң бiрыңғай құралын орнатуға рұқсат етіледі.
      Ескертпе: Бiр диспетчер бiрнеше функцияларды қоса атқарған кезде, осы тiзiмге сәйкес жабдық бiр жұмыс орнында шоғырландырылады.

Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған
қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша          

Ұшу эшелондарын бөлу схемасы

Шынайы жол бұрышы 180-нен 359 град дейін

Шынайы жол бұрышы 0-ден 179 град дейін

ППП бойынша ұшулар

ПВП бойынша ұшулар

ППП бойынша ұшулар

ПВП бойынша ұшулар

ұшу эшелоны


ұшу эшелоны


ұшу эшелоны


ұшу эшелоны


метрлер

футтар

метрлер

футтар

метрлер

футтар

метрлер

футтар

40

1200

4000

40

1200

4000

30

900

3000

30

900

3000

60

1850

6000

60

1850

6000

50

1500

5000

50

1500

5000

80

2450

8000

80

2450

8000

70

2150

7000

70

2150

7000

100

3050

10000

100

3050

10000

90

2750

9000

90

2750

9000

120

3650

12000

120

3650

12000

110

3350

11000

110

3350

11000

140

4250

14000

140

4250

14000

130

3950

13000

130

3950

13000

160

4900

16000

160

4900

16000

150

4550

15000

150

4550

15000

180

5500

18000

180

5500

18000

170

5200

17000

170

5200

17000

200

6100

20000

200

6100

20000

190

5800

19000

190

5800

19000

220

6700

22000




210

6400

21000




240

7300

24000




230

7000

23000




260

7900

26000




250

7600

25000




280

8550

28000




270

8250

27000




300

9150

30000




290

8850

29000




320

9750

32000




310

9450

31000




340

10350

34000




330

10050

33000




360

10950

36000




350

10650

35000




380

11600

38000




370

11300

37000




400

12200

40000




390

11900

39000




430

13100

43000




410

12500

41000




470

14350

47000




450

13700

45000




Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған
қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша           

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына
қызмет көрсету кезінде қайталама шолу радиолокациясының
кодтарын қолдану әдістемесі

      1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде қайталама көріністік радиолокациясының кодтарын қолдану әдістемесі (әрі қарай - Әдістеме) қайталама шолулар радиолокациясы (ҚШРЛ) жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) қайталама шолу радиолокациясын жеке тану кодтарын қолдану жөніндегі талаптарына, тарату жоспарына және ИКАО Еуропа өңірінде қабылданған осы кодтардың тағайындалу қағидаттарына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Әдістеменің мақсаты әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде әуе кемелерін тану үшін ҚШРЛ кодтарын ұтымды пайдалану болып табылады. ҚШРЛ кодтарын тағайындау кезінде ӘҚҚ органдары іс-әрекеттерінің келісімділігі аймақта бірдей кодтары бар екі және одан көп әуе кемелерінің болуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады (код қақтығыстары) және тапсырылған кодтардың сақталу уақытын арттыруға және ұшқыш пен диспетчерге жүктемені азайтуға әкеп соқтырады.
      3. ORCAM (Originating Region Code Allocation Method) әдісінің негізгі мақсаты ҚШРЛ кодтарының қайталанбау және сақталу қағидаттарын іске асыру жолымен барынша аз қателер санымен және үзіліспен тұрақты негізде ұшуда әуе кемелерін жеке тану кодтарын қолдану болып табылады.
      4. Қайталанбау әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің жұмыс істеуіне қарай бір ғана әуе кемесі кез келген нақты ауданда кез келген уақыт аралығында осы кодқа жауап беруі тиіс дегенді білдіреді. Бұл шара кодтың нақты әуе кемесіне қатесіз қатыстылығын қамтамасыз етеді.
      5. Кодтарды сақтау ұшуды орындау уақытында нақты әуе кемесіне тағайындалған код сол әуе кемесінде ұзағырақ сақталады (оның бүкіл ұзақтығы ішінде басымдылық беріледі) деп ұйғарылады.

2. ҚШРЛ жүйесі

      6. ҚШРЛ жүйесі мыналарды қамтиды: жердегі қайталама шолу радиолокаторы; ақпаратты көрсету және өңдеу аппаратурасы; борттағы қабылдап алу-жауап беру құралы.
      Әуе кемелерінің жауап берушілері жердегі ҚШРЛ станциясының сұрау салуы бойынша ұшу ақпаратын жеткізеді: әуе кемесінің борт нөмірі немесе жеке тану коды, ұшу биіктігі, отын қоры туралы мәліметтер және қызметтік ақпарат, оған әуе кемесінің бортындағы апатты ахуал туралы, борт аппаратурасының істен шығуынан радиобайланыстың жоғалуы туралы немесе экипаждың іс-қимылына заңсыз араласу туралы мәліметтер жатады.
      7. ҚШРЛ жүйесінде екі стандарт пайдаланылады: «ӘҚБ» стандарты (әуе қозғалысын басқару) және сұрау салу және жауап беру белгілерінің өлшемдерімен және ақпарат құрамымен ерекшеленетін халықаралық стандарт – «RBS» (Radar Beacon System).
      8. «ӘҚБ» стандарты бойынша әуе кемесінің борттық нөмірінің сұрау салу және жауап беру және ағымдағы ақпарат импульстері қалыптастырылады (Н бар, отын қалдығы). Сұрау салу және жауап беру белгілері үшін 700-850 МГц диапазонындағы жиіліктер пайдаланылады.
      9. «RBS» стандарты 1030 МГц жиілігінде жердегі станциядан сұрау салу, 1090 МГц жиілігінде борттағы қабылдап алу-жауап беру құралдарынан жауап белгілерін қабылдауды қамтамасыз етеді және төрт режимді көздейді:
      1) А-режимі – қамтамасыз етуші:
      жалғыз әуе кемелерін тану үшін 4096 кодтың біреуі;
      орналасқан орнын (SPI-Special Position Identification Pulse) анықтау үшін қабылдап алу-жауап беру құралында арнайы қондырғыны пайдалану есебінен сұрау салу бойынша шолу индикаторында әуе кемесінің жауап беру белгісін тану;
      радиобайланыс істен шыққан немесе апатты ахуал не заңсыз араласу актісі қалыптасқан (әуе кемесін ұстап алу) әуе кемелерін дереу тану;
      2) С режимі – егер барометр биіктігі туралы деректерді кодтауды  тиісті қондырғысы қабылдап алу-жауап беру құралымен жанасса, барометр биіктігі туралы ақпаратты қамтамасыз етеді;
      3) S режимі – деректерді беру желісімен жұмыс істеу үшін мүмкіндігі бар жекелеген қабылдап алу-жауап беру құралына арналған сұрау салуларды қамтамасыз етеді. S режимінде жауап ұшу жоспарында көрсетілген әуе кемесінің тану индексін немесе әуе кемесінің тіркеу белгілерін, сондай-ақ биіктік туралы ақпаратты немесе жердегі станция қандай ақпарат сұратты және әуе кемесінің жарақтандырылуына қарай басқа да деректерді қамтуы мүмкін;
      4) Аралас режим - онда А және С режимінде жалпы шақыру сұрау салулары S режиміндегі жердегі станцияға А немесе С режимдеріндегі А/С режиміндегі қабылдап алу-жауап беру құралымен сұрау салуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл ретте S режиміндегі қабылдап алу-жауап беру құралдары жауап бермейді. А/С/S режиміндегі жалпы шақыруға сұрау салу S режиміндегі борттағы қабылдап алу-жауап беру құралдары S режимі өздерінің дискретті мекен-жайларын көрсете отырып, S режимінде жауап беретіндігіне әкеп соқтырады, ал А/С режиміндегі қабылдап алу-жауап беру құралдары сұрау салуға сәйкес А немесе С режимдерінде жауап береді.
      10. ҚШРЛ жүйелері мынадай режимдерде жұмыс істей алады: «ӘҚБ»; «RBS» «ӘҚБ+RBS».

3. ҚШРЛ кодтарының жүйесі

      11. Әуе кемесін тану жүйесінің ҚШРЛ коды:
      1) «ӘҚБ» режимінде - әдетте әуе кемесінің тіркеу (борттық) нөміріне сәйкес келетін, бес белгілі сан, ұшуда ауыспайды, мемлекет шегінде немесе осы мемлекеттер шегінде бірлескен ұшуларды қамтамасыз ету кезінде мемлекеттер арасында келісім бойынша ұшуларды қамтамасыз еткен кезде пайдаланылады;
      2) «RBS» А режимінде – ӘҚБ диспетчерінің көрсетуі бойынша әуе кемесінің экипажы жедел белгілейтін төрт белгілі сан, онда сандар 0 – 7 диапазонында болады.
      12. «RBS» режимінде жауап берушілермен жабдықталған әуе кемелерінің жалпы саны мүмкін сәйкес келмейтін сандардан едәуір асып түседі. ӘҚБ қызметтерінің міндеті бір басқару ауданында бірдей тану кодтары бар (қақтығыс кодтары) екі және одан көп әуе кемелерінің болуына жол бермеуге негізделген.
      13. Кодтардың түрлі сериялары мен олардың бөліктері код қақтығыстарының ықтималдығын азайту мақсатында мемлекеттер мен жекелеген аудандар арасында бөлінген.
      Кодтар сериясы (Code Series) кодтың алғашқы екі санымен анықталады. Әрбір серия 64 төрт санды кодтан тұратын (Four-Digit Code) кодтар блогын (Code Block) құрайды. ӘҚҚ органдары арасында бөлу қолайлылығы үшін кодтар блогы 8 төрт санды кодтар бойынша 8 топқа бөлінген (Octal Block).
      14. Өңірлерде қолдану үшін кодтардың тұрақты сериялары екі негізгі үлгіге бөлінеді: транзиттік кодтар (Transit codes) – бір қолдану ауданының шегінде немесе бірнеше мемлекеттер шекараларында пайдаланылатын және жергілікті кодтар (Local codes) – бір мемлекет немесе ӘҚҚ белгілі бір ауданы ішінде пайдалану үшін.
      15. Дискретті код (Discrete Code) – төрт белгілі код, онда соңғы екі сан нөлге тең емес.
      00 сериялы дискрет кодтары, әдетте екі топтан жергілікті мақсаттарда әдетте ӘҚҚ бір ауданы ішінде пайдалану үшін арналған.
      16. Арнайы мақсаттар үшін белгілі бір серияларда Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде қайталама шолу радиолокациясының кодтарын қолдану әдістемесінің 1-қосымшасына сәйкес мынадай кодтар бөліп берілген:
      17. ӘҚҚ органынан қандай да бір нұсқаулар болмаған кезде әуе кемесінің экипажы 2000 кодын орната отырып, қабылдап алу-жауап беру құралын А режимінде пайдаланады. Әуе кемесі ҚШРЛ қолдану аймағынан шыққан кезде А2000 коды ӘҚҚ органының нұсқауы бойынша орнатылуы мүмкін.
      18. Егер ұшудағы әуе кемесі заңсыз араласу объектісі болса, экипаж мүмкіндігіне қарай егер ахуал А7700 кодын пайдалануға мүмкіндік бермесе, ӘҚҚ органын борттағы ахуал туралы хабардар ету үшін А режиміндегі қабылдап алу-жауап беру құралында 7500 кодын орнатады.
      19. Борттағы радиобайланыс құралдары істен шыққан кезде әуе кемесінің экипажы А7600 кодын орнатады.
      20. Әуе кемесінің бортында апатты ахуал туындаған кезде экипаж егер ӘҚҚ органынан басқа кодты пайдалануға нұсқау түспесе, А режиміндегі қабылдап алу-жауап беру құралында 7700 кодын орнатады. Кез келген жағдайда егер әуе кемесінің командирі қалыптасқан ахуалда А7700 кодын пайдалану орынды деп есептесе, оған осы кодты дербес орнатуға құқық берілген.

4. ҚШРЛ кодтарын пайдалану ережесі

      21. ҚШРЛ дискретті кодын Кодтарды бөлу жоспарына сәйкес оған берілген кодтар арасынан ӘҚҚ органы тағайындайды.
      22. ӘҚҚ диспетчері әуе кемесіне өзіне бөліп берілгендерден кезекті кодты тағайындауы және еркін кодтардың есебін жүргізуі тиіс. Пайдаланылған кодтар олардың босатылу ретіне қарай әуе кемелеріне беріледі.
      23. ҚШРЛ кодтарын қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін ӘҚҚ диспетчерлері мен ұшқыштар белгіленген радиобайланыс фразеологиясын ұстануы және қабылдап алу-жауап беру құралындарында кодтарды дұрыс орнатуды қамтамасыз етуі тиіс.
      24. Әуе кемесіне ҚШРЛ кодын бергеннен кейін оларды ҚШРЛ станциясының шолу аймақтары шегінде басқа мақсаттар үшін пайдалануды осы әуе кемесі радиолокациялық станцияның қолданылу аймағынан шыққан сәтке немесе әуе айлаққа қонған сәтке дейін алып тастаған жөн.
      25. Әуе кемесінің экипажы борттағы қабылдап алу-жауап беру құралында ҚШРЛ тапсырылған кодын орнатқан, ал РЛС индикаторының экранында тапсырылғаннан ерекшеленетін код байқалса, экипажға тапсырылған кодты қайта орнатуға және қондырғының дұрыстығын растау тапсырылады.
      26. Егер осы Әдістеменің 25-тармағына сәйкес қабылданған шаралар күтілген нәтиже әкелмесе, әуе кемесінің экипажына А режимінде борттағы қабылдап алу-жауап беру құралының жұмысын тоқтатуға тапсырма беріледі, бірақ бұл С режимінде оның жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді деген шарт қойылады. Қабылдап алу-жауап беру құралының жұмысын шектеу туралы ақпарат ұшу бағыты бойынша ӘҚҚ органдарына үлестіру кезінде беріледі.
      27. ҚШРЛ кодын әуе кемесіне осы әуе кемесінің ӘҚҚ-н бірінші жүзеге асырушы әдетте ұшу кезінде тағайындайды. Код ұшуға диспетчерлік рұқсат немесе қозғалтқыштарды іске қосуға (жүргізуге) рұқсат беру кезінде тапсырылады.
      28. Әуе кемесін ӘҚҚ-ға қабылдайтын органы мынадай жағдайларда оған ҚШРЛ кодын тағайындайды (өзгертеді):
      1) егер код берілмесе (әуе кемесінің экипажы А2000 кодын дербес берсе);
      2) әуе кемесі қолдану ауданына кірген кезде;
      Түрлі қолдану аудандарына кіретін аралас мемлекеттер арасындағы келісімдерде көзделген жағдайларда қолдану аудандарының шекараларында транзиттік кодтар ауыстырылмайды.
      3) әуе кемесі бақыланатын әуе кеңістігіне кірген кезде (әуе трассасына немесе ҚШРЛ әрекет ету аймағына кіргенде, код берілмеген әуеайлақтан және т.с.с. код берілмеген жерден шыққан кезде);
      4) осындай тану коды бар әуе кемесінің аймағына кірген кезде (код қақтығысы).
      29. Аудандық диспетчер орталығының (АДО) диспетчері әуе кемесінің оның жауапкершілік аймағына кіргені туралы ақпарат алған кезде аймақтағы басқа әуе кемелерінің кодтарымен оның ҚШРЛ кодын салыстырады. Олар сәйкес келген кезде ӘҚҚ-да болған әуе кемесіне жаңа код береді, ол туралы осы әуе кемесінің ұшу бағытындағы ӘҚҚ органын хабардар етеді.
      30. Диспетчер ұшып келу туралы ақпарат алған кезде ұшып келетін әуе кемесінің ҚШРЛ кодын ұшып кететін әуе кемелерінің кодтарымен салыстырады. Олар сәйкес келген кезде басқарудағы әуе кемесіне жаңа код тағайындайды, бұл туралы осы әуе кемесінің ұшу бағытындағы ӘҚҚ хабардар етеді.
      31. Пайдалану үшін ҚШРЛ бос кодтары болмаған жағдайда олар аралас ӘҚҚ органынан сұралуы мүмкін. Бұл жағдайда қарызға алынған кодтарды тағайындау код үлгісін және ұшу бағытын (тағайындалған әуе айлақты) ескере отырып осы ӘҚҚ органдары арасында алдын ала келісім бойынша ғана жүзеге асырылады.
      32. Транзиттік кодтар Қазақстан Республикасының және осы қолдану ауданына кіретін мемлекеттердің шекараларын қия отырып, қолдану ауданының шекаралары шегінде пайдаланылады.
      33. ИКАО Еуропа өңірінің ҚШРЛ кодтарын бөлу тізбесіне сәйкес 05, 06, 11 және 34 кодтарының сериялары PA EUR-H қолдану ауданында пайдалану үшін транзиттік кодтар ретінде бөлінген (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) және Қазақстан Республикасының ӘҚҚ органдары тағайындайды.
      Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан ӘҚҚ органдары басқаруға қабылдау кезінде код қақтығысы болмаған кезде Қазақстан аумағында әуе кемелеріне берілген жоғарыда көрсетілген сериялы кодтарды сақтайды.
      34. Қазақстан Республикасының ӘҚҚ органдары да жауапкершілік аймағында PA EUR-H барлық мемлекеттері транзиттік кодтар ретінде пайдаланатын 02 (Қырғызстан тағайындаған), 17 (Түркіменстан тағайындаған), 20 (Өзбекстан немесе Түрікменстан тағайындаған), 25 (Тәжікстан тағайындаған) сериялы ҚШРЛ кодтарын сақтайды.
      35. Халықаралық ұшуды орындайтын әуе кемесі ұшып көтерілген кезде осы әуе кемесінің қозғалысын басқаруды бірінші болып жүзеге асыратын халықаралық әуежайдың ӘҚҚ органы осы мақсаттарда оған берілгендер арасынан транзиттік код тағайындайды.
      Ұшу пунктінде тағайындау үшін Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларының ӘҚҚ органдары арасында транзиттік кодтарды бөлу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде қайталама шолу радиолокациясының кодтарын қолдану әдістемесінің 2-қосымшасында көрсетілген.
      36. Әуе кемесі PA EUR-H қолдану ауданына кірмейтін мемлекеттер (Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан) тарапынан Қазақстан әуе кеңістігіне кірген кезде ӘҚҚ-ға бірінші қабылдаған аудандық диспетчерлік орталығының (АДО) диспетчері оған берілгендер арасынан осы әуе кемесіне ҚШРЛ транзиттік кодын тағайындайды (өзгертеді).
      Қазақстан Республикасының аудандық диспетчерлік орталықтары арасында транзиттік кодтарды бөлу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде қайталама шолу радиолокациясының кодтарын қолдану әдістемесінің 3-қосымшасында көрсетілген.
      37. Әуе кемесі Қазақстан Республикасының аумағына қона отырып ұшқан жағдайда және ұшу қолдану ауданы шекарасына жақын орналасқан ауданмен шектелсе, мемлекеттік шекараны қиып өткеннен кейін басқа қолдану ауданының коды код қақтығысы болмаған кезде әуеайлақта қонғанға дейін сақталуы мүмкін.
      38. Жергілікті кодтар мемлекет шекараларының шегінде пайдаланылады және ӘҚҚ аудандарының ішкі шекараларына қиылысқан кезде сақталады. Мемлекеттер арасындағы келісім бойынша жергілікті кодтар олардың жалпы шекараларын қия отырып пайдаланылуы мүмкін, ол ӘҚҚ орталықтары арасында өзара іс-қимыл рәсімдері туралы келісімде көрсетілуі тиіс.
      39. ИКАО Еуропа өңірінің ҚШРЛ кодтарын бөлу тізбесіне сәйкес кодтардың 35, 37, 45 және 72 сериялары мемлекет ішінде ұшуларға қызмет көрсету кезінде жергілікті мақсаттарда Қазақстан Республикасының ӘҚҚ органдарының пайдалануы үшін бөліп берілген.
      40. Жергілікті кодтарды бөлудің негізгі қағидаты ұшу пунктінде олардың тағайындалуына негізделген.
      Ұшу пунктінде тағайындау үшін Қазақстан Республикасы әуе айлақтарын ӘҚҚ органдары арасында жергілікті кодтарды бөлу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде қайталама шолу радиолокациясының кодтарын қолдану әдістемесінің 4-қосымшасында көрсетілген.
      41. Осы Әдістеменің 28-тармағының 3-тармақшасында көзделген жағдайларда аудандық диспетчерлік орталықтарының ӘҚҚ органдары ҚШРЛ кодтарын тағайындайды (өзгертеді). Жергілікті диспетчерлік пункт (ЖДП) аймағында ҚШРЛ кодтарын пайдалану қажет болған жағдайда, оларды пайдалану өзінің АДО (АӘҚҚ сектор) диспетчерімен келісім бойынша жүзеге асырылады.
      Аудандық диспетчерлік орталықтар арасында жергілікті кодтарды бөлу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде қайталама шолу радиолокациясының кодтарын қолдану әдістемесінің 5-қосымшасында көрсетілген.
      42. Жергілікті мақсаттар үшін егер бұл оларды транзиттік мақсаттарда пайдалануға кедергі келтірмейтін жағдайда транзиттік кодтарды пайдалануға жол беріледі.
      43. 00 кодтық сериясын Қазақстан Республикасының ӘҚҚ органдары авиациялық жұмыстар аудандарында әуе трассалары, жергілікті әуе желілері бойынша, авиациялық жұмыстар аудандарында ұшуларды, бір АПИ шегінде (ӘҚҚ ауданы) мемлекеттік авиация ұшуларын қамтамасыз ету кезінде жергілікті мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін.
      ӘҚҚ органдары арасында 00 сериялы кодтар тобын бөлу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде қайталама шолу радиолокациясының кодтарын қолдану әдістемесінің 6-қосымшасында көрсетілген.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде
қайталама шолу радиолокациясының   
кодтарын қолдану әдістемесіне    
1-қосымша                 

Сериясы Коды Тағайындалуы

00

0000

Кез келген мемлекет жергілікті мақсаттарда пайдаланады.

10

1000

S режимін пайдалану кезінде орнатылады.

20

2000

7000, 7500, 7600 немесе 7700 кодтары қолданылатын жағдайлардан басқа, ӘҚҚ органы тарапынан қандай-да бір нұсқаулар болмаған кезде әуе кемесінің экипажы дербес белгілейді.

70

7000

ӘҚҚ органдарынан басқа нұсқаулар түспесе, мемлекет белгілеген әуе кеңістігінде диспетчерлік қызмет көрсетусіз ұшуларды орындау кезінде қабылдап алу-жауап беру құралымен жабдықталған әуе кемесінің экипажы белгілейді.

75

7500

Заңсыз араласы актісі болған жағдайда пайдаланылады.

76

7600

Радиобайланыс істен шыққан жағдайда пайдаланылады.

77

7700

Әуе кемесінің бортында апатты ахуал болған жағдайда пайдаланылады.

7776, 7777

ҚШРЛ ұшқыштық және жердегі жауап бергішін бақылау үшін пайдаланылады, мұнда 7777 – жердегі жабдық үшін ғана.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде
қайталама шолу радиолокациясының    
кодтарын қолдану әдістемесіне    
2-қосымша               

06 сериясы (0601 – 0677 кодтары); 34 сериясы (3401 – 3477 кодтары)

р/р №

Ұшу әуе айлағы

Кодтары

р/р №

Ұшу әуе айлағы

Кодтары

1

Астана

0601-0627

9

Шымкент

3430-3437

2

Қарағанды

0630-0637

10

Ақтөбе

3440-3447

3

Павлодар

0640-0647

11

Атырау

3450-3457

4

Өскемен

0650-0657

12

Ақтау

3460-3467

5

Қостанай

0660-0667

13

Орал

3470-3473

6

Жезқазған

0670-0673

14

Қызылорда

3474, 3475

7

Семей

0674-0677

15

Тараз

3476, 3477

8

Алматы

3401-3427

-

-

-

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде 
қайталама шолу радиолокациясының  
кодтарын қолдану әдістемесіне    
3-қосымша             

05 сериясы (0501 – 0577 кодтары); 11 сериясы (1101 – 1177 кодтары)

р/р №

АДО

Сектор

Кодтары

р/р №

АДО

Сектор

Кодтары

1

Алматы

А3А

0501-0537

7

Ақтөбе

А1В

1101-1117

2

Астана

А2С

0540-0557

8

Ақтөбе

А4В

1120-1137

3

Астана

А3С

0560-0567

9

Ақтөбе

А2В

1140-1147

4

Астана

А5С

0570-0577

10

Ақтау

А5В

1150-1177

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде 
қайталама шолу радиолокациясының   
кодтарын қолдану әдістемесіне    
4-қосымша               

35 сериясы (3501 – 3577 кодтары); 72 сериясы (7201 – 7277 кодтары)

р/р №

Ұшу әуе айлағы

Кодтары

р/р №

Ұшу әуе айлағы

Кодтары

1

Алматы

3501-3517

10

Қарағанды

7220-7227

2

Балқаш

3520-3523

11

Қостанай

7230-7237

3

Тараз

3524-3527

12

Павлодар

7240-7247

4

Шымкент

3530-3537

13

Өскемен

7250-7253

5

Ақтөбе

3540-3547

14

Семей

7254-7257

6

Ақтау

3550-3557

15

Петропавл

7260-7263

7

Атырау

3560-3567

16

Көкшетау

7264-7267

8

Орал

3570-3577

17

Қызылорда

7270-7273

9

Астана

7201-7217

18

Жезқазған

7274-7277

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде 
қайталама шолу радиолокациясының    
кодтарын қолдану әдістемесіне     
5-қосымша                

7 сериясы (3701 – 3777 кодтары); 45 сериясы (4501 – 4577 кодтары)

р/р №

АДО

Сектор

Кодтары

р/р №

АДО

Сектор

Кодтары

1

Алматы

А1А

3701-3707

9

Астана

А1С

4501-4507

2

Алматы

А2А

3710-3717

10

Астана

А2С

4510-4517

3

Алматы

А3А

3720-3727

11

Астана

А3С

4520-4527

4

Алматы

А5А

3730-3737

12

Астана

А4С

4530-4537

5

Ақтөбе

А1В

3740-3747

13

Астана

А5С

4540-4547

6

Ақтөбе

А2В

3750-3757

14

Қызылорда

-

4550-4557

7

Ақтөбе

А3В

3760-3767

15

Шымкент

-

4560-4567

8

Ақтөбе

А4В

3770-3777

16

Ақтау

А5В

4570-4577

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде
әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде 
қайталама шолу радиолокациясының    
кодтарын қолдану әдістемесіне     
6-қосымша              

р/р №

ӘҚҚ ауданы

Кодтық топ

Ұшу әуе айлағы

Кодтары

1

Астана

0, 1

Астана
Павлодар
Көкшетау
Петропавл

0001-0003
0004-0007
0010-0013
0014-0017

2, 3

Қостанай
Арқалық

0020-0027
0030-0037

4, 5

Жезқазған
Қарағанды

0040-0047
0050-0057

6, 7

Семей
Өскемен
Аягөз
Екібастұз

0060-0063
0064-0067
0070-0073
0074-0077

2

Алматы

2, 3

Алматы
Талдықорған

0020-0027
0030-0037

0, 1

Балқаш
Тараз

0001-0007
0010-0017

3

Ақтөбе

0, 1

Ақтөбе
Орал

0001-0007
0010-0017

2, 3

Ақтау
Атырау

0020-0027
0030-0037

6, 7

Қызылорда
Арал

0060-0067
0070-0077

4

Шымкент

4, 5

Шымкент

0040-0047
0050-0057

Әуе қозғалысын ұйымдастыру және
оған қызмет көрсету жөніндегі 
нұсқаулыққа 4-қосымша     

Авариялық сатыларды енгізу және іздестіру және құтқарудың
үйлестіру орталығына хабарлау

      Ескерту. Нұсқаулық 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 12.11.2013 № 887 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Авариялық


Енгізілетін авариялық сатылар

Белгісіздік сатысы (хабарлама - ALR INCERFA)

Дабыл (хабарлама -  ALR ALERF

Апат сатысы (хабарлама - ALR DETRESFA)

Алынатын ақпарат

Ұшу кезінде радиобайланыстың жоғалуы

ӘҚҚ бақылау жүйесін пайдалану кезінде екіжақты радиобайланыстың жоғалғандығы анықталды.

әуе кемесінің радиолокация ық белгісі бар болған жағдайда радиобайланыстың жоғалғандығы (РЦФ хабарлама жібергендігі) анықталғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі

белгіленген рұқсат етілген ұшу  бағытынан ауытқушылығы кезінде радиобайланыс болмаған енгізіледі

мәжбүрлі қонуды орындау кезінде және радиобайланыс болмаған кезде енгізіледі

ӘҚҚ бақылау жүйесін пайдаланбаған кезде екіжақты радиобайланыстың жоғалғандығы анықталды.

енгізілмейді

радиобайланыстың жоғалғандығы (РЦФ хабарлама жібергендігі) анықталғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі


Әуе кемесі экипажының байланысқа шықпауы

Егер бақыланатын әуе кеңістігіне кіруге рұқсат алған әуе кемесі сұратылған уақытта байланысқа шықпаса және оның орналасқан жері белгісіз болса.

кірудің сұратылған (рұқсат етілген) уақытынан кейін 5 минут өткен соң енгізіледі

белгісіздік сатысы  енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі

Егер әуе кемесінің экипажынан бақыланатын әуе кеңістігіне шығуы туралы мәлімет түспесе немесе оның орналасқан жері белгісіз болса

шығудың есептік уақытынан кейін 5 минуттан соң енгізіледі

белгісіздік сатысы  енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі

Әуе кемесі белгісінің жоғалуы

Егер әуе кемесінің радиолокациялық белгісі жоғалса, радио байланыс болмаса, ал әуе кемесінің орналасқан жері белгісіз болса

енгізілмейді

осы уақыт ішінде әуе кемесімен радиобайланыс орнатудың сәті түспесе, әуе кемесінің радиолокациялық белгісі жоғалғаннан кейін 5 минуттан соң енгізіледі

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң енгізіледі

Әуе кемесінің әуе айлаққа, тікұшақ айлағына немесе қону алаңына келмеуі

Бақыланбайтын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлаққа (қону алаңына) әуе кемесі келмеуі туралы ақпарат түскен кезде

енгізілмейді

ақпарат кейін 5 соң енгізіледі

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі

Бақыланатын әуе кеңістігінде орналасқан бақыланбайтын әуеайлақта (қону жолағында) қонуды орындайтын әуе кемесінің экипажы қонуды орындағандығы туралы ӘҚҚ органына хабарламады, радиобайланыс жоқ және орналасқан жері белгісіз

енгізілмейді

келудің уақыты 20 минуттан соң

дабыл сатысы  енгізілгеннен кейін 10 минуттан соң енгізіледі

Әуе кемесінің экипажы бақыланатын әуеайлакка (қону алаңына) қонуға рұқсат алды және қонбады, әуе кемесінің орналасқан жері белгісіз, ал осы әуе кемесімен радиобайланыс жоқ

енгізілмейді

әуежайдың (әуеайлақтың) авариялық-құтқару командасына қосымша хабар берумен рұқсат бергеннен кейін 5 минуттан соң

АЖ туралы сенімді ақпаратты алған кезде немесе дабыл сатысы енгізілгеннен кейін 15 минуттан соң енгізіледі

Әуе кемесінің бортындағы өрт, жүмыс істемеуі, бүзылуы

Егер экипаж мэжбүрлі қону туралы мэлімет бермесе, жедел дабылы (PAN PAN - ПАН ПАН), зілзала дабылы (MAYDAY немесе Апатқа үшырадым, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің коды) немесе эуе кемесінің пайдалану жай-күйі нашарлағандығын көрсететін ақпарат алынды

енгізілмейді

ақпаратты кейін 5 ішінде

іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған кезде енгізіледі

Жедел дабылы (PAN PAN - ПАН ПАН), зілзала дабылы (MAYDAY немесе Апатқа үшырадым, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің коды) жэне/немесе эуе кемесінің жай-күйінің нашарлығы жақын арадағы әуеайлаққа мэжбүрлі қонуды орындагандығынан көрсетілетін ақпарат алынды

енгізілмейді

ақпаратты кейін 5 ішінде

іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған кезде енгізіледі

Әуе айлақтан тыс мәжбүрлі қону

Ақпарат алынды немесе эуе кемесі мэжбүрлі қонуды орындағалы жатканы немесе орындағаны жэне іздестіру-құтқару операциясы орындау қажет етілетін негізді сенімділіктің бар болуы

енгізілмейді

енгізілмейді

ақпаратты  алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі

Заңсыз араласы актілері

Әуе кемесі заңсыз араласу объектісі болғандығы белгілі немесе болжамдалады (Әуе кемесінің экипажынан баяндау алынды, ҚШРЛ 7700 жауап берушісінің кодын көрсету, басқа сенімді көздерден мәліметтерің келуі)

енгізілмейді

ақпаратты алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі

мәжбүрлі қонуды орындаған және іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған жағдайда енгізіледі

Әуе кемесінің бортындағы жарылғыш құрылғы

Әуе кемесінің бортындағы жарылғыш құрылғы туралы ақпарат алынды

енгізілмейді

ақпарат кейін 5 ішінде

мәжбүрлі қонуды орындаған және іздестіру-құтқару операциясын жүргізу қажет болған жағдайда енгізіледі

Отынның ең аз қалуы

Әуе кемесінің бортындағы жанармай қоры ұшудың қауіпсіз аяқталуына кепілдік бермейтіндігі туралы әуе кемесі экипажынан хабарлама келді немесе басқа да көздерден белгілі болды

енгізілмейді

енгізілмейді

ақпаратты алғаннан кейін 5 минут ішінде енгізіледі