"Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 18 мамырдығы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 мамырда № 6962 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 187 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 30.06.2014 жылғы № 187 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 156-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6395 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптарында (бұдан әрі – Талаптар):
      2-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Инвестицияларды алушы – қаражатты жарғылық капиталды ұлғайту немесе қалыптастыру үшін түпкілікті алушы болып табылатын, Инвестициялар есебінен іс-шараларды іске асыратын заңды тұлға;»;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) қатысушылар – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларды алуға және бөлуге қатысатын ұйымдар;»;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) маркетингтік орта – Инвестицияларды алушының қызметі жүзеге асырылатын және нысаналы клиенттермен табысты ынтымақтастықтың қатынасын белгілеу және қолдау мүмкіндіктеріне ықпал ететін белсенді субъектілердің және шарттардың жиынтығы;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) нәтижелілік - тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ тиімділік пен сапа көрсеткіштері болған жағдайда есептермен расталған дәйектемелердің болуы;»;
      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
      3-2) негізділік – әрбір құрамдауыш бөлінісінде іс-шараларды іске асыруға арналған қаржыландыру көлемінің, сондай-ақ іс-шараларды балама көздерден қаржыландырудың мүмкін еместігінің құжатпен және есептермен расталған дәйектемелерінің болуы»;
      мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
      3-3) орындылық – ел (өңір) экономикасы мен саланың даму қажеттіліктерінің талдауын, сондай-ақ маркетингтің талдауды негізге ала отырып, ҚЭН-де көзделген іс-шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің негіздемесі;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) іс-шара – аяқталған сипатқа ие және құрылуы кезінде Субъектінің жарғылық капиталын ұлғайтуға немесе жарғылық капиталын қалыптастыруға бастама жасайтын бюджеттік бағдарлама әкімшісінің (бұдан әрі – Әкімші) стратегиялық жоспарының жобасында көзделген міндеттерді орындауға бағытталған, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестициялар шеңберінде орындалатын өзара байланысты іс-қимылдар кешені;»;
      9) тармақшадағы «Субъект» деген сөз алынып тасталсын;
      2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Субъектінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу арқылы бюджеттік инвестициялар ҚЭН-інің мазмұны, әзірлеу тәртібі және мерзімі
1-параграф. Субъектінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу арқылы бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-ін әзірлеуге қойылатын жалпы талаптар

      3. ҚЭН Инвестициялар сомасының негіздемесін, орындылығын және нәтижелерін бағауды қамтитын құжатты білдіреді.
      ҚЭН-ді әзірлеуді Әкімшінің стратегиялық жоспарының жобасын әзірлеу кезеңінде Әкімші жүзеге асырады.
      ҚЭН Әкімшінің стратегиялық жоспарының жобасында айқындалатын мақсатқа қол жеткізу үшін іске асыруға жоспарланатын әрбір жекелеген міндетті шешуге бағытталған іс-шараларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді.
      4. ҚЭН-да Инвестицияларды алушының жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған Инвестициялардың орындылығын, негізділігін және нәтижелілігін ашатын ақпарат қамтылады.
      5. ҚЭН-ді, сондай-ақ қосымша материалдарды, оның ішінде теріске шығаруды, қосымша дәйектемелерді не осы Талаптардың 32-тармағында айтылған ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Әкімшілер бірінші басшының не оны алмастыратын адамның не жауапты хатшының қолы қойылған титулдық бланкіде жеке ілеспе хатпен береді.
      Ілеспе хатта ҚЭН атауы, мәлімделетін сома және Инвестицияларды жүзеге асыру жылы, қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
      ҚЭН-ге, сондай-ақ қосымша материалдарға, оның ішінде теріске шығаруға, қосымша дәйектемелерге не ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратқа Әкімшінің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не жауапты хатшы қол қояды.
      ҚЭН-ге, сондай-ақ қосымша материалдарға, оның ішінде теріске шығаруға, қосымша дәйектемелерге не ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы ақпаратқа Әкімшінің ҚЭН әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір бетіне дәйектеп қол қояды.
      6. Инвестицияларға экономикалық сараптама жүргізу үшін Әкімшіден ҚЭН келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ҚЭН-ді:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғаларға тапсырады.
      7. ҚЭН Инвестициялардың орындылық, негізділік, нәтижелілік өлшемдеріне сәйкестігін ашады.
      8. ҚЭН мынадай құрылымға сәйкес келеді:
      1) Инвестициялар паспорты;
      2) «Ретроспектива» бөлімі;
      3) «Институционалдық» бөлімі;
      4) «Негізділік» бөлімі;
      5) «Инвестициялардың орындылығы» бөлімі
      6) «Нәтиже» бөлімі;
      7) қосымшалар.
      9. Инвестициялар паспорты осы Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
      10. «Ретроспектива» бөлімінде Инвестициялар бұрын осыларға сәйкес жүзеге асырылған нормативтік құқықтық актілер, бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ талаптар мен міндеттемелер туралы ақпарат көрсетіледі.
      «Ретроспектива» бөлімі мынадай құрылымға сәйкес болады:
      1) Инвестициялар бұрын осыларға сәйкес жүзеге асырылған «Бюджеттік бағдарламалар» параграфы және ол осы Талаптардың
2-қосымшасына сәйкес нысанда Әкімшінің стратегиялық жоспарының әрбір міндеті бойынша жеке ұсынылады. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеген жағдайда «Ретроспектива» бөлімі жоспарланған нәтижелерге қол жеткізбеу себептері ашылып көрсетілетін «Себептер» параграфымен толықтырылады;
      2) «Талаптар» параграфы, онда:
      ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына көрсетілген қаржылық қызметтер бойынша борышкерлерді қоса алғанда, сатып алушыларға, өзге де борышкерлерге қойылатын қолда бар талаптардың сапасы;
      ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қалыптастырылған күмәнді талаптар және оларды талап ету жөніндегі жүргізілген жұмыстар бойынша резервтер;
      ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізетін жылдың алдындағы жылғы есептен шығарылған үмітсіз талаптардың сомасы туралы ақпарат келтіріледі;
      3) «Міндеттемелер» параграфы, онда:
      ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолда бар міндеттемелер сомасы және егер осындай қайта құрылымдау орын алса, оларды, оның ішінде әрбір кредитор бөлінісінде қаржылық міндеттемелер бойынша борышты қайта құрылымдау туралы ақпаратты көрсете отырып, өтеу мерзімі туралы;
      егер осындай қамтамасыз ету қолданыстағы шарттарға сәйкес талап етілсе, ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолда бар міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде берілген мүлік туралы;
      ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолда бар міндеттемелерді тиісті шарттарда белгіленген мерзімде орындау мүмкіндігі туралы ақпарат келтіріледі.
      11. «Институционалдық» бөлімінде Субъект және қатысушылар туралы ақпарат келтіріледі.
      «Институционалдық» бөлімі мынадай құрылымға сәйкес келеді:
      «Субъект және Инвестицияларды алушы туралы ақпарат» тарауы;
      «Қатысушылар» тарауы.
      12. «Субъект және Инвестицияларды алушы туралы ақпарат» тарауында осыларға сәйкес Субъект және Инвестицияларды алушы құрылған немесе құрылатын құжаттар мен Субъект пен Инвестицияларды алушының стратегиялық құжаттары туралы ақпарат келтіріледі.
      «Субъект және Инвестицияларды алушы туралы ақпарат» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
      1) «Құру құжаттары» параграфы, онда осыларға сәйкес негізгі қызмет түрлері көрсетілген Субъект және Инвестицияларды алушы құрылған немесе құрылатын құжаттар келтіріледі;
      2) «Стратегиялық құжаттар» параграфы, онда Субъект пен Инвестицияларды алушының стратегиялық құжаттарының атауы:
      оларды қашан және кім бекіткені (мақұлдағаны);
      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары және осыларға сәйкес Субъект пен Инвестицияларды алушының стратегиялық құжаттары әзірленген тармақшаларға, тармақтарға (баптарға), параграфтарға, тарауларға, бөлімдерге сілтемелер көрсетіле отырып келтіріледі.
      13. «Қатысушылар» тарауында қатысушылар мен ақша ағындарының сомасы мен бағыттары көрсетілген іс-шараларды іске асырудың қаржылық схемасы туралы ақпарат келтіріледі.
      14. «Негізділік» бөлімінде әрбір құрамдауыш бөлінісінде іс-шараларды іске асыруға арналған Инвестициялар мөлшерінің есептермен расталған негіздемесі келтіріледі.
      «Негізділік» бөлімі мынадай құрылымға сәйкес келеді:
      «Инвестициялар көлемі» тарауы;
      «Балама қаржыландыру көздері» тарауы.
      15. «Инвестициялар көлемі» тарауында Инвестициялар көлемінің құжатпен және есептермен расталған негіздемесі келтіріледі. «Инвестициялар көлемі» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
      1) «Өнімдер» параграфы, онда Инвестициялар есебінен сатып алынатын өнімдердің саны мен сапасының негіздемесі келтіріледі;
      2) «Жеткізушілер» параграфы, онда:
      Инвестициялар есебінен сатып алуға жоспарланатын өнімдерді жеткізушілер туралы ақпарат;
      іскерлік беделі, жеткізілетін өнімдердің сапасы және (немесе) бірегейлігі тұрғысынан жеткізушілерді талдау;
      өнімдерді жеткізу шарттары, сапа кепілдігі және сервистік қызмет көрсету келтіріледі, бірақ осы келтірілген тізбемен шектелмейді;
      3) «Бағалар негіздемесі» параграфы, онда Инвестициялар есебінен сатып алынатын өнімдердің бағаларын талдау келтіріледі. Инвестициялар есебінен сатып алынатын өнімдердің бағасы осы Талаптардың 26-1-тармағының 3) тармақшасында келтірілген құжаттармен бекітіледі.
      Осы Талаптардың 26-1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда Әкімші ақпарат көзін көрсете отырып, сатып алуға жоспарланып отырған өнімдердің қазіргі нарықтық бағасы туралы ақпаратты қоса береді.
      Бағаларды талдау:
      «Жеткізушілер» параграфында көрсетілген жеткізушілерден ағымдағы бағаларды шолу;
      соңғы екі жылдағы бағалардың серпіні туралы ақпарат және өзгерістерге әкелуі мүмкін ағымдағы бағалар мен оқиғалардың ықтимал өзгеруі;
      бағалардың ықтимал жеңілдігі, жеңілдік беру шарттары (сатып алу көлемі, ақы төлеу шарттары) келтіріледі.
      4) «Айналым қаражатын толтыру» параграфы, онда:
      қаржылық өнімдер бөлінісінде клиенттердің болжамды саны, қаржылық қызметтер көрсетудің орташа сомасы көрсетілген қаржылық қызметтер көрсету;
      пруденциалдық нормативтерді сақтау;
      Инвестицияларды алушының ағымдағы шығыстарын қаржыландыру үшін ақшаға қажеттілік ашып көрсетіледі, бірақ осы келтірілген тізбемен шектелмейді;
      5) «Бюджеттік инвестициялар көлемі» параграфы, онда жоспарланатын Бюджеттік инвестициялардың мөлшері расталған есептер келтіріледі.
      16. «Балама қаржыландыру көздері» тарауында іс-шараларды меншікті қаражат, қарыз қаражаты, оның ішінде бюджеттік кредит есебінен қаржыландыру мүмкіндігіне талдау жасалады. «Балама қаржыландыру көздері» тарауы мынадай параграфтарды қамтиды:
      1) «Меншікті қаражат» параграфы, онда іс-шараларды меншікті қаражат есебінен қаржыландыру мүмкіндігіне, іс-шараларды қаржыландыруға байланысты ақша ағынының қазіргі ауқымда ағымдағы қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне әсеріне талдау жасалады;
      2) «Қарыз алу» параграфы, онда қарыз капиталын тарту мүмкіндігіне талдау жасалады. Талдау:
      экономиканың осы секторында кредит беруді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктерді және қаржы ұйымдарын шолуды;
      тікелей кредит беруді, қаржы лизингін, факторингті, облигациялық қарызды қоса алғанда, кредит беру құралдарын шолуды;
      сыйақы ставкасын, кредит беру мерзімін, міндеттемелерді өтеу шарттарын, оның ішінде жеңілдік кезеңдін беру мүмкіндігін, ковенанттарды қамтамасыз ету мен сақтауға қойылатын талаптарды қоса алғанда, кредиттік ресурстарды алу шарттарын шолуды;
      бюджеттік кредит беру мүмкіндігін қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді;
      3) «Қорытындылар» параграфы, онда іс-шараларды қаржыландырудың таңдалған көздері қысқаша нысанда келтіріледі.
      17. «Инвестициялардың орындылығы» бөлімінде маркетингтік талдау ескеріле отырып, елдің, өңірдің немесе саланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдауды негізге ала отырып, іс-шараларды іске асыру орындылығының есептермен, статистикалық және басқа да деректермен расталған негіздемесі келтіріледі.
      «Инвестициялардың орындылығы» бөлімі мынадай құрылымға сәйкес келеді:
      «Елдің (өңірдің) әлеуметтік-экономикалық жағдайын, саланың ахуалын талдау» тарауы;
      «Маркетинг» тарауы;
      «Қорытындылар» тарауы.
      18. Елдің (өңірдің, саланың) әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау» тарауы макроэкономикалық ортаны (елді, өңірді, саланы) талдауды және оның сипаттамасын қамтиды, онда негізгі макроэкономикалық (өңірлік, салалық) көрсеткіштерді және кемінде соңғы үш жылдағы даму серпінін көрсете отырып, іс-шараларды іске асыру көзделеді.
      19. «Маркетинг» тарауында іс-шаралар іске асырылатын маркетингтік ортаны талдау келтіріледі. «Маркетинг» тарауы мынадай параграфтарды қамтуы тиіс:
      1) «Өткізілетін өнімдер» параграфы, онда:
      өткізілетін, оның ішінде Инвестициялар есебінен өндірілетін өнімдердің: өткізілетін өнімдер тізбесінің;
      сапасының: сапа стандарттарына (техникалық регламенттерге) сәйкестігі, бәсекелестер алдындағы артықшылығы (кемшілігі); қажетті сапа сертификаттарын алу жөніндегі жүргізілетін жұмыс;
      ақпарат көзін көрсете отырып, соңғы үш жылда Инвестициялар есебінен өндірілетін өнімнің (немесе оның бәсекелес өнімінің) сатылу серпінінің сипаттамасы келтіріледі, бірақ осы келтірілген тізбемен шектелмейді. Бұрын әлемде өндірілмеген өнім өндірілген жағдайда оны алмастыратын жақын тауардың сатылу серпіні келтіріледі.
      3) «Нарық» параграфы, онда ақпарат көзін көрсете отырып, Инвестицияларды алушы жұмыс істейтін нарықты, сондай-ақ Инвестициялар есебінен өндірілетін өнімді өткізу жоспарланып отырған нарықты талдау келтіріледі:
      есептерді негіздеп, деректерді таңдауды айқындай отырып, нарықтың сыйымдылығы;
      ұйымның нарықтағы үлесі;
      нарықтың өсу (қысқару) әлеуеті және нарықтың сыйымдылығы өзгерген жағдайда ұйымның өнім үлесі;
      4) «Бәсекелестер» параграфы, онда бәсекелестердің сипаттамасы, нарықтағы бәсекелестердің үлесі келтіріледі. Осы параграфта «нарық» ұғымының параметрлері «Нарық» параграфында пайдаланылатын параметрлерге сәйкес келуі тиіс;
      5) «Тұтынушылар» параграфы, мұнда төмендегі тізбелер келтіріледі:
      олардың төлем қабілеттілігін қоса алғанда, тұтынушылардың сипаттамасы. Егер мемлекеттік мекемелер және (немесе) Субъектілер тұтынушылар болып табылса, олардың іске асырудағы үлесін көрсете отырып, олардың ұйымдарының толық тізбесін көрсету қажет;
      сұраныс сипаты (біркелкі немесе маусымдық);
      әлеуетті сатып алушылар;
      жаңа сатып алушыларды тарту жөніндегі жоспарланып отырған іс-шаралар (жарнама, баға саясаты, сатудан кейінгі қызмет көрсету);
      6) «Бағалау (тарифтік) саясаты» параграфы, мұнда төмендегі тізбелер келтіріледі:
      негізгі өнімдердің бағасы (тарифтері);
      бағалар (тарифтер) негіздемесі;
      бағаларды (тарифтерді) өзгерту бойынша нарықтық үрдістер; орта нарықтық бағалардың (тарифтердің) өзгеруіне бағалардың (тарифтердің) сезімділігі, шетелдік валюта бағамының нарықтық өзгеруі;
      ақпарат көзін көрсете отырып, соңғы 3 жылдағы Инвестициялар есебінен шығарылатын өнім бағасының серпіні (немесе оның бәсекелес өнімі). Бұрын әлемде шығарылмаған өнімді шығарған жағдайда таяу арадағы алмастырушы тауар бағасының серпіні келтіріледі;
      баға (тарифтік) саясатының бәсекелестермен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері (саудалық және көтерме жеңілдіктер, тұтынушылар бойынша саралау).
      Егер Инвестициялар Алушының қызметі франшиза туралы шарт немесе лицензиялық шарт негізінде жүзеге асырылса, франшиза немесе лицензия сатушысының құқықтары және Инвестициялар Алушының бағасына және бағалау саясатына арналған зияткерлік меншігіне ықпал ету дәрежесі туралы ақпарат келтіріледі.
      Бағалардың (тарифтердің) негіздемесі мына ұстанымда келтіріледі:
      заңнамалық: бағаларды (тарифтерді) уәкілетті мемлекеттік органдардың бекітуі (белгілеуі) немесе келісуі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары;
      кірістілігі: шығыстардың өтемділігі, орта немесе ең жоғарғы кірістілігін алу;
      нарықтағы конъюнктуралар: жаңа өнімнің жылжуы; қолданыстағы сату көлемдерін сақтау; дәстүрлі нарықтан бәсекелестерді ығыстыру; бос сегментті толтыру;
      өнімнің құндылығы: жаңалығы, сапасы, сатудан кейінгі кепілдіктер;
      сату көлемiнен: бөлшек, шағын көтерме жеткiзiлiмдер, iрi көтерме жеткiзiлiмдер;
      тұтынушылар: жеке немесе заңды тұлғалар, дәстүрлі немесе жаңа;
      7) «Жарнама» параграфында:
      сауда жәрмеңкелері мен көрмелерге қатысуы;
      жарнаманы орналастыру (сыртқы жарнама, теледидар, радио, баспа бұқаралық ақпарат құралдары, жарнамалық буклеттер);
      арнайы жарнамалық акцияларға қатысу туралы ақпарат беріледі.
      20. «Тұжырым» параграфында қысқа түрде маркетингтік ортаны талдауды ескере отырып, ел, өңір немесе сала экономикасының жай-күйіне байланысты іс-шараларды іске асыру орындылығы жөніндегі тұжырымдар беріледі.
      21. «Нәтиже» бөлімінде есептермен расталған тура және соңғы нәтижелерді алу мүмкіндігінің негіздемесі, сондай-ақ Инвестициялардың сапасы мен тиімділігінің көрсеткіші болған жағдайда, сондай-ақ Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарланған нәтижелері беріледі.
      «Нәтиже» бөлімі мына құрылымға сәйкес келеді:
      «Өндіріс және сату» тарауы;
      «Ресурстар» тарауы;
      «Қаржы» тарауы;
      «Тәуекелдер» тарауы;
      «Қорытындылар» тарауы.
      22. «Өндіріс және сату» тарауында өнімді өндіру және сату жоспары келтіріледі. «Өндіріс және сату» тарауында мына параграфтар бар:
      1) «Лицензиялар және патенттер» параграфы, мұнда төмендегі тізбелер келтіріледі, алайда шек қойылмайды, мыналар туралы ақпарат беріледі:
      қызметтің белгіленген түрлерін іске асыруға арналған лицензияның болуы, лицензияның берілген күні мен нөмірі, кім бергені туралы;
      кешенді кәсіпкерлік лицензияның болуы, кешенді кәсіпкерлік лицензияның шартын жасасу мәні мен күні, қолданылу мерзімі, кешенді лицензиар туралы;
      лицензияны алу қажеттілігі, лицензияны алуға арналған шығыстар;
      патенттердің және алдын ала патенттердің болуы, қашан және кім бергені, қолданыс мерзімі туралы.
      2) «Өндіріс жоспары» параграфында төмендегі негіздемелер келтіріледі:
      нарық жағдайына қарай отырып өндірістік бағдарламаның (өнім шегінде), жасалған келісімшарттардың, тұтынушылармен алдын ала келісімдердің;
      бекітілген нормаларды ескере отырып, өндіріс жоспарын орындауға арналған шығындардың негіздемесі;
      3) «Іске асыру жоспары» параграфында төмендегілер келтіріледі:
      нарықтағы ахуалды ескере отырып, іске асыру бағдарламасының (өнім шегінде), жасалған шарттардың, тұтынушылармен алдын ала келісімдердің негіздемелері;
      сатумен байланысты проблемалар: тұтынушының қашықтатылуы; бәсекелестердің агрессияшыл саясаты; тұтынушымен белгіленген арнайы рәсімдердің болуы; құзыретті органдардан рұқсат алуы;
      сатып алудан кейінгі кепілдіктер: сатып алудан кейінгі кепілдіктердің тізбесі; кепілдіктер мерзімі; кепілдікті қызмет көрсетуді жүзеге асыру (өз күшімен немесе тартылатын ұйымдар арқылы); өнім кепілдігін орындау шарттары (тұтынушыларға ақшаны қайтару немесе ауыстыру); сатып алудан кейінгі кепілдіктерге арналған шығындар;
      іске асыру жоспарын орындауға арналған шығындар негіздемесі.
      23. «Ресурстар» тарауында өндіріс жоспары мен іске асыру жоспарын орындау үшін қажетті ресурстардың барлық түрлеріне сұраныстың негіздемелері келтіріледі. «Ресурстар» тарауында мына параграфтар болуы керек:
      1) «Нормалар» параграфында шикізат пен материалдар, жылу және электр энергиясы, еңбек, ақша шығындарының нормалары келтірілген, соның ішінде қашан және кіммен бекітілгені туралы ақпарат келтіріледі.
      2) «Лимиттер» параграфында әкімшілік шығындары бойынша лимиттер көлемі туралы ақпарат келтіріледі: лимиттер көлемі, соның ішінде қашан және кіммен бекітілгені туралы ақпарат келтіріледі;
      3) «Персонал» параграфында мыналар туралы ақпарат келтіріледі, алайда төмендегі тізбемен шектелмейді:
      Инвестициялармен байланысты персоналдың штат санын ұлғайту (қысқарту) бойынша жоспарлар;
      персоналдың біліктілік деңгейін жоғарылату (қайта даярлау) бойынша жоспарланған іс-шаралар және оның біліктілік деңгейін (қайта дайындауын) жоғарылатумен байланысты шығындар;
      4) «Негізгі құралдар» параграфында мыналар туралы ақпарат (Инвестициялары ескере отырып) келтіріледі:
      негізгі құралдардың құрылымы (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, көлік, компьютерлер және ақпаратты өңдеуге арналған жабдық және негізгі құралдар), соның ішінде меншігіндегі, қаржылық жалға алуда (лизингте), операциялық жалдағы негізгі құралдар туралы ақпаратты ашу;
      қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдар санының, өнімділігінің және техникалық жағдайының сәйкестігі туралы;
      5) «Қорлар» параграфында мыналар туралы ақпарат келтіріледі:
      қорлардың негізгі түрлеріне сұраныс (өлшемнің заттай бірлігінде);
      қорлардың негізгі түрлеріне арналған бағалар;
      қорларды сатып алуға жоспарланған шығындар;
      6) «Коммуналдық қызметтер» параграфында мыналар туралы ақпарат келтіріледі:
      жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтау және кәрізге сұраныс;
      жылу және электр энергиясының, сумен жабдықтау және кәріз бағасы;
      жылу және электр энергиясын, сумен жабдықтау және кәрізді сатып алуға арналған жоспарланатын шығыстар;
      7) «Өнім берушілер» параграфында мыналар туралы ақпарат келтіріледі:
      қорлардың, жылу және электр энергиясының, жұмыстардың, қызметтердiң негiзгi түрлерiн жеткiзушiлер; жеткiзу шарттары;
      жабдықтаудың балама көздерi;
      8) «Ақша» параграфында мыналар туралы ақпарат келтіріледі:
      борышкерлердiң сипаттамасы; берешектi талап ету бойынша өткiзiлетiн iс-шаралар;
      кредиторлар; берешектi өтеу бойынша жүргiзiлетiн iс-шаралар;
      ақшалай емес операциялар: мәмiлелер көлемдерi және қарсы агенттер;
      ақшаға мұқтаждық, кассалық ажырау, ақшаны тарту бойынша іс-шаралар;
      уақытша бос ақшаларды пайдалану жөнiндегi жоспарлар: салымға орналастыру, қаржы активтерiн сатып алу, кредиттер беру (уақытша қаржылық көмек көрсету), сомалар, табыстылығы, орналастыру мерзiмдерi.
      Ақшаны тартумен байланысты іс-шаралар бойынша ақпаратты ашу кезінде алынған көздерді көрсетіледі, оның ішінде:
      акцияларды орналастыру (қатысу үлесі) – шығару және орналастыру көлемі, орналастырудың жоспарланған бағасы;
      облигациялар шығару – шығару көлемі, шығарудағы облигациялар саны, оларды шығарудың, орналастырудың, қолданудың, сыйақы төлеудің, өтеудің рәсімі мен тәртібі және басқа да елеулі ақпарат;
      қарыздарды тарту – қарыз берушілер, қарыз көлемі, тарту мерзімі, сыйақы төлеу пайызы, сыйақы төлеу шарттары, қарыздың негізгі сомасын өтеу шарттары.
      24. «Қаржы» тарауында кірістер, шығыстар бойынша жоспарлар, салық жөніндегі және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы ақпарат, дивидендтер туралы ақпарат келтіріледі. «Қаржы» тарауында мынадай параграфтар бар:
      1) «Кірістер» параграфында мына негіздемелер келтіріледі:
      өнiмдердi сатудан жоспарланатын кiрiстер негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу немесе азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбір өнiм бойынша жүзеге асырылады);
      қаржыландыру бойынша жоспарланатын кiрiстер;
      дивидендтер бойынша кiрiстер (ақпарат әрбір ұйым бойынша жеке берiледi, үлескерлiк құнды қағаздар Субъекті мен Инвестициялар Алушының меншiгiне жатады);
      активтердің шығуынан алынатын жоспарланатын кірістер;
      мемлекеттiк бюджеттен жоспарланатын субсидиялар;
      операциялық жалға алудан жоспарланатын кiрiстер негiздемесi;
      үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар бойынша жоспарланатын кiрiстер;
      өзге де жоспарланатын кiрiстер негiздемесi.
      Мемлекеттік тапсырысты орындау шегінде, не мемлекеттік мекемелердің өнімдерін сатудан алынатын кірістер туралы ақпарат жеке ашылады.
      2) «Шығыстар» параграфында мынадай негіздемелер келтіріледі:
      сатылатын өнiмнiң өзiндiк құнының негiздемесi, оның iшiнде оның өсу немесе азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әр өнiм бойынша жүзеге асырылады);
      сатылған өнiм бойынша жоспарланған шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу немесе азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбір кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);
      жоспарланатын әкiмшiлiк шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу және азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбір кiшi топ бойынша жүзеге асырылады);
      маркетинг пен жарнама бойынша жоспарланатын шығыстар негiздемесi, оның iшiнде олардың өсу немесе азаю негiздемесi (ақпаратты ашу әрбір кіші топ бойынша жүзеге асырылады);
      сыйақылар бойынша жоспарланатын шығыстар;
      активтердi iстен шығаруға байланысты шығыстар;
      операциялық жалдауға байланысты шығыстар;
      үлестiк қатысу әдiсiмен ескерiлетiн инвестициялар жөнiндегi шығыстар;
      қызметтiң тоқтатылуына байланысты жоспарланатын шығыстар;
      басқа жоспарланатын шығыстар негiздемесi;
      3) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер» параграфында салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң әр түрi бойынша жоспарланатын төлемдер негiздемесi, соның ішінде салық салу базасының негіздемесі келтіріледі;
      4) «Дивидендтер» параграфында акцияға дивидендтердi жоспарлы есептеу (қатысу үлесi), дивидендтердi есептеудiң жалпы сомасы, оның iшiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiне (қатысу үлесi), бюджетке аудару үшiн мемлекеттiк кәсiпорын жоспарлайтын таза кiрiс сомасы келтіріледі.
      25. «Тәуекелдер» тарауында іс-шараларды орындауға және тұтастай алғанда Инвестициялар Алушының қызметіне байланысты тәуекелдерді бағалау (жағымсыз оқиғаның болу мүмкіндігін анықтау) және өлшеу (жағымсыз оқиғаның болуынан келетін зиян), сондай-ақ осы тәуекелдердің басталу ықтималдығын және оларды іске асырудан болатын ықтимал залалды азайту жолдары келтірілген. «Тәуекелдер» тарауында мына параграфтар бар:
      1) «Операциялық тәуекелдер» параграфында мыналар талданады, алайда төменде келтірілген тізбемен шектелмейді:
      персонал: Инвестициялар Алушының негізгі менеджерлері мен мамандарын жоғалту, қызметкерлерінің жетімсіз біліктілігі, қызметкерлердің алаяқтығы;
      өндіріс: техникалық істен шығу қаупі, жабдықтардың сынуы, технологиялық процестің бұзылуы;
      бизнес-процестер: ұйымдастырушылық құрылымдардың Инвестициялар Алушының міндеттері мен қызметінің көлеміне тепе-теңдігі, субъект бизнес-процестерінің тиімсіздігі, Инвестициялар Алушының бизнес-процестерінің келіспеушілігі;
      2) «Қаржылық тәуекел» параграфында мыналар талданады, алайда төменде келтірілген тізбемен шектелмейді:
      төлем қабілетін жоғалту: Инвестициялар Алушының міндеттерін уақтылы орындау үшін ақшаның болмауы немесе жеткіліксіздігі, соның ішінде олардың басталуына қарай, қаржылық;
      өтімділігінің жоғалуы: активтерді, олардың құнының елеулі төмендеуінсіз, жедел жүзеге асырудың жетіспеушілігі немесе мүмкін еместігі;
      3) «Нарықтық тәуекелдер» параграфында мыналар талданады, алайда төменде келтірілген тізбемен шектелмейді:
      пайыздық тәуекел: тартылған ресурстар бойынша пайыздық шығындардың ұлғаюы;
      инфляциялық тәуекел: инфляциялық процестер нәтижесінде активтер мен кірістердің құнсыздануы;
      валюталық тәуекел: шетел валютасының ұлттық валютаға қатысы бойынша ауыстырудың нарықтық курсының өзгеруі;
      4) «Кредиттік тәуекел» параграфында тұтынушылардың (борышкерлердің) төлем қабілетін жоғалту мүмкіндігі және шарттардың талабына сәйкес өз міндеттерін орындау мүмкін еместігі талданады;
      5) «Маркетингтік тәуекелдер» параграфында мыналар талданады, алайда төменде келтірілген тізбемен шектелмейді:
      саланың даму серпінінің нашарлауы;
      өнім сапасына тұтынушылар талабының жоғарылауы;
      өнім сұранысының қысқаруы;
      бәсекелестер ұстанымының күшеюі;
      өнімге арналған нарықтық бағаның төмендеуі;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер.
      26. «Қорытындылар» тарауында Инвестициялардың саланың, мемлекет экономикасының дамуына да ықпалы ашылады. «Қорытындылар» тарауында мына параграфтар болуы тиіс.
      1) «Тікелей нәтижелер» параграфында Инвестициялардың жоспарланған тікелей нәтижелерінің есептермен расталған негіздемелері келтіріледі;
      2) «Соңғы нәтижелер» параграфында Инвестициялардың жоспарланған соңғы нәтижелерінің есептермен расталған негіздемесі келтіріледі.
      Егер тиімділік пен сапа көрсеткіштері жоспарланатын болса, «Қорытындылар» тарауы тиісті көрсеткіштердің есептерімен расталған негіздеме келтірілген «Тиімділік» және «Сапа» параграфтарымен толықтырылады.
      26-1. Қосымшалар төменде берілген құжаттармен жиынтықталады:
      1) «Ретроспектива» бөліміне:
      осы Талаптардың 3-6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, қатысушылардың ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға енгізудің алдындағы соңғы үш жыл ішіндегі қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар;
      осы Талаптардың 7, 8-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, қатысушылардың ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы жылдың 31 желтоқсанына құрастырылған сауда және қаржылық талаптарының мағынасын ашулар;
      осы Талаптардың 9, 10-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, қатысушылардың ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы жылдың 31 желтоқсанына құрастырылған сауда және қаржылық міндеттемелерінің мағынасын ашулар.
      Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет заңнамасына сәйкес қаржылық есептіліктің аудиті міндетті болып табылатын қатысушылар үшін соңғы үш жылда құрастырылған қаржылық есептілік пен аудиторлық есептер ұсынылады.
      2) «Институционалдық» бөліміне:
      соған сәйкес қатысушылар құрылған немесе құрылып жатқан құжаттардың көшірмесі;
      қатысушылардың стратегиялық даму құжаттарының көшірмелері олардың бекітілуін растайтын құжаттарды қоса бере отырып;
      3) «Негізділік» бөліміне:
      осы Талаптардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Сатып алынатын (құрылатын) активтердің құны мен сипаттамасы»;
      осы Талаптардың 15-тармағының 3) тармақшасында келтірілген ақпаратты растайтын ақпаратты қамтитын кемінде екі баламалы өнім берушіден түскен прайс-парақтардың, баға және коммерциялық ұсыныстардың, бағалау актілері мен басқа да құжаттардың көшірмелері.
      Жаңа объектілерді құру немесе бар объектілерді қайта жаңғыртуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру барысында жерге (қажет болған жағдайда жер телімдері иелері және жер пайдаланушылардың залалдарының, пайдаланылатын жерлерді алу түрлеріне байланысты ауылшаруашылық және орманшаруашылық өндірісті жоғалту шығындарының есептері қоса беріледі), техникалық жағдайларға құқық ұсыну жөніндегі мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасы, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасының қорытындысы, жерге орналастыру жобасы, сондай-ақ техника-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама ұсынылады.
      Ақпараттық жүйені құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асырған кезде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның қорытындысы, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздеме ұсынылады.
      Инновациялық және (немесе) ғарыштық қызметті болжайтын іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған Инвестицияларды іске асырған кезде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы ұсынылады.
      4) «Нәтиже» бөліміне:
      «Инвестициялар нәтижелері» осы Талаптардың 12-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Негізгі көрсеткіштер» осы Талаптардың 13-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Кірістер жоспары» осы Талаптардың 14-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Шығыстар жоспары» осы Талаптардың 15-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Ақшаның түсу жоспары» осы Талаптардың 16-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Ақшаның шығу жоспары» осы Талаптардың 17-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Әкімшілік шығыстар жоспары» осы Талаптардың 18-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Іске асыру жөніндегі шығыстар жоспары» осы Талаптардың 19-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар жоспары» осы Талаптардың 20-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Маркетинг пен жарнамаға арналған шығыстар жоспары» осы Талаптардың 21-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Өндіріс бағдарламасы» осы Талаптардың 22-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Іске асыру бағдарламасы» осы Талаптардың 23-қосымшасына сәйкес нысанда;
      «Негізгі өндіріс бойынша шығындар жоспары» осы Талаптардың 24-қосымшасына сәйкес нұсқада;
      «Қосалқы өндіріс бойынша жұмсалған шығындар жоспары» осы Талаптардың 25-қосымшасына сәйкес нұсқада;
      «Үстеме шығыстар жоспары» осы Талаптардың 26-қосымшасына сәйкес нұсқада.
      5) «Орындылық» бөліміне:
      Субъектіні құруға арналған монополияға қарсы органның алдын ала келісімінің көшірмесі «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес;
      26-2. Қажет болған жағдайда бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген тиісті заңды тұлғалар жүргізілген сараптамаларда және/немесе тәуелсіз сараптамада, сондай-ақ ұсынылған құжаттамада қамтылмаған немесе толығынан қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты талап етуге және (немесе) қосымша сараптамалар жүргізуге құқылы.
      Қосымша ақпаратқа мыналар жатады:
      осы Талаптардың 3-6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, қатысушылардың ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға енгізудің алдындағы айдың соңғы күніне қаржылық есептілігі, сондай-ақ қаржылық есептілікке түсіндірме жазбалар;
      осы Талаптардың 7, 8-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы айдың соңғы күніне құрастырылған қатысушылардың сауда және қаржылық талаптарының мағынасын ашулар;
      осы Талаптардың 9, 10-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚЭН-ді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органға енгізудің алдындағы айдың соңғы күніне құрастырылған қатысушылардың сауда және қаржылық міндеттемелерінің мағынасын ашулар.
      Қосымша сараптамаларға мыналар жатады:
      банкілік сараптама;
      экологиялық сараптама;
      мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
      санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
      іс-шаралардың ерекшеліктеріне сәйкес уәкілетті органдардың басқа да қорытындылары.
      26-3. Қажетті ақпаратты және/немесе қосымша сараптаманы және/немесе тәуелісіз сараптаманы ұсыну бойынша сұраныстар Әкімшіге, сұраныстың көшірмесі ҚЭН түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.
      26-4. Әкімшілер қажетті ақпаратты сұраныс түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты береді немесе ақпарат беру үшін қосымша мерзімдердің, бірақ отыз күнтізбелік күннен көп емес, қажеттілігі турлы хабарлайды.
      Сұраныс жіберілген күннен бастап қажетті ақпарат берілгенге дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатылады.

2-параграф. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-нің мазмұнына қойылатын Талаптардың ерекшелігі

      26-5. Егер Инвестициялар Субъектінің еншілес, тәуелді және/немесе аффилирленген ұйымдары болып табылатын Инвестицияларды алушының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін жоспарланған жағдайда «Ретроспектива» бөлімі Инвестицияларды алушыдан басқа, барлық қатысушылардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақпарат берілетін «Талаптар» және «Міндеттемелер» параграфтарынан тұрады.
      26-6. Егер Инвестициялар Субъектінің еншілес, тәуелді және/немесе аффилирленген ұйымдары болып табылатын Инвестицияларды Алушының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін жоспарланған жағдайда «Инстиуционалдық» бөлімі Инвестицияларды Алушының барлық құрылтайшыларына қатысты, сенімгерлік басқару туралы (болған жағдайда), Инвестицияларды алушының акциялар пакетін (қатысу үлестерін) басқаруға уәкілетті органдар мен ұйымдар туралы ақпаратты қамтиды. Бұл ретте, Инвестицияларды алушы туралы ақпарат көрсетілмейді.
      26-7. Егер Инвестициялар Қазақстан Республикасының акционерлер туралы заңнамасында белгіленген жарғылық капиталының мөлшері ең аз акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы не болмаса жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе жарғылық капиталы жиырма бес мың еселік айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі шаруашылық ету құқығындағы ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға жұмсалған жағдайда мыналар ҚЭН-нің міндетті құрылымдық элементтері болып табылады:
      Инвестициялар төлқұжаты;
      «Ретроспектива» бөлімі, егер Инвестициялар Субъектінің еншілес, тәуелді және/немесе аффилирленген ұйымдары болып табылатын Инвестицияларды Алушының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін жоспарланған жағдайда;
      «Институционалдық» бөлімі, егер Инвестициялар Субъектінің еншілес, тәуелді және/немесе аффилирленген ұйымдары болып табылатын Инвестицияларды Алушының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін жоспарланған жағдайда;
      «Негіздеме» бөлімінде «Бюджеттік инвестициялар көлемі» параграфы ғана ұсынылады;
      «Негіздеме» бөлімінің «Баламалы қаржыландыру көздері» тарауы, егер Инвестицияларды алушы Субъектінің еншілес және/немесе аффилирленген ұйымдары болып табылса;
      «Орындылық» бөлімі. «Маркетиг» тарауын қоспағанда «Орындылық» бөлімі, егер Инвестициялар негізгі табыс көзі мемлекеттік тапсырысты немесе мемлекет тапсырмасын орындау болып табылатын ұйымды құруға бағытталса;
      «Нәтиже» бөлімі. Егер Инвестициялар негізгі табыс көзі мемлекеттік тапсырысты немесе мемлекет тапсырмасын орындау болып табылатын ұйымды құруға бағытталса, «Нәтиже» бөлімі «Тікелей нәтижелер» және «Түпкілікті нәтижелер» параграфтарын ғана қамтиды;
      «Сатып алынатын (құрылатын) активтер құны мен сипаттамасы» қосымшасын қоспағанда 26-1-тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген ҚЭН-ге қосымшалар. Егер Инвестициялар негізгі табыс көзі мемлекеттік тапсырысты немесе мемлекет тапсырмасын орындау болып табылатын ұйымды құруға бағытталса, осы Талаптарға 13-26-қосымшалар ұсынылмайды;
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес монополияға қарсы органның Субъектіні құруға арналған алдын ала келісімінің көшірмесі.
      26-8. Қазақстан Республикасының акционерлер туралы заңнамасында белгіленген жарғылық капиталының мөлшері ең аз акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы не болмаса жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе жарғылық капиталы жиырма бес мың еселік айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі шаруашылық ету құқығындағы ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру арқылы іске асырылуы жоспарланған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасы, оның ішінде:
      экономикалық сараптаманың бірінші кезеңі бес жұмыс күнінен аспауы тиіс;
      экономикалық сараптаманың екінші кезеңі жиырма жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      26-9. Егер ҚЭН Қазақстан Республикасының акционерлер туралы заңнамасында белгіленген жарғылық капиталының мөлшері ең аз акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы не болмаса жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе жарғылық капиталы жиырма бес мың еселік айлық есептік көрсеткіші мөлшеріндегі шаруашылық ету құқығындағы ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға не болмаса негізгі табыс көзі мемлекеттік тапсырысты немесе мемлекет тапсырмасын орындау болып табылатын ұйымдарды құруға бағытталса ҚЭН осы Талаптардың 1-параграфында белгіленген жалпы тәртіпте әзірленеді.

3-параграф. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асырылуы жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың ҚЭН-нің мазмұнына қойылатын талаптардың ерекшеліктері

      26-10. Егер Инвестицияны Алушы қаржы ұйымы болған жағдайда «Инвестициялар көлемі» тарауының міндетті құрылымдық элементтері тек «Айналым қаражаттарын толықтыру» және «Бюджеттік инвестициялар көлемі» параграфтары болып табылады
      Егер Инвестициялар пруденциялық нормативтердің сақталуын қаржыландыруды көздейтін болса, онда «Маркетинг» тарауы тек «Өткізілетін өнімдер» параграфынан тұрады.
      26-11. ҚЭН-де толық инвестициялық кезеңді ескере отырып, жобаның орындылығы, негізділігі және нәтижелілігі келтіріледі. Егер жобаның инвестициялық кезеңі 1 жылдан көп мерзімді құрайтын болса, осы Талаптарға 1, 11, 12-қосымшалардың нысандары бойынша қосымшалар іс-шараларды Инвестициялар есебінен қаржыландыру жоспарланатын әрбір жыл үшін жеке толтырылады.
      Егер жоба бірнеше көздерден қаржыландыруды көздейтін болса, ҚЭН-де Инвестициялар сомаларының негіздемесін бөліп көрсете отырып, жалпы жобаның негіздемесі, орындылығы және нәтижелілігі ашылады.
      3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Инвестициялардың экономикалық сараптамасын өткізу кезеңдері және Инвестициялардың экономикалық сараптамасының қорытындысын дайындау мерзімдері

      27. Инвестициялардың экономикалық сараптамасы Инвестициялардың осы Талаптардың 7-тармағында айқындалған өлшемдерге сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.
      28. Инвестициялардың экономикалық сараптамасының нәтижелері Инвестициялардың экономикалық сараптамасының қорытындысы (бұдан әрі - Қорытынды) түрінде ресімделеді.
      29. Қорытынды ҚЭН ұсынылғаннан кейін қырық бес жұмыс күні ішінде дайындалады:
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлғаға;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдар белгілеген заңды тұлғаға.
      30. Инвестицияларды экономикалық сараптау екі кезеңнен тұрады.
      31. Бірінші кезеңде:
      1) осы Талаптардың 8-тармағында көрсетілген құрылымға сәйкестігіне;
      2) Инвестициялар Паспортының сәйкестігіне;
      3) осы Талаптардың 10-26-тармақтарында көрсетілген бөлімдердің, тараулардың және параграфтардың болуына;
      4) осы 26-1-тармағында көрсетілген құжаттардың болуы. Егер Инвестициялар жарғылық капиталды қалыптастыруға көзделетін жағдайда, сараптама осы талаптардың 2-тарауының 2-параграфында көрсетілген құжаттардың болуын жүргізіледі. Егер Инвестициялар қаржы ұйымының жарғылық капиталын ұлғайтуға көзделетін жағдайда, сараптама осы талаптардың 2-тарауы 3-параграфында көрсетілген құжаттардың болуына жүргізіледі.
      Егер осы Талаптардың 8-тармағында көрсетілген құрылымға сәйкес еместігі және (немесе) осы Талаптардың 10-26 тармақтарында көрсетілген бөлімдердің, тараулардың және параграфтардың болмауы және (немесе) осы Талаптардың 2 және 3-параграфтарында, 26-1-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға, Инвестициялар республикалық бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда (жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлға, Инвестициялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда), төрт жұмыс күні ішінде ҚЭН-нің Талаптарға сәйкес еместігінің негіздемесі келтірілген Инвестицияларды экономикалық сараптаудың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша түсіндірме жазбасы бар ілеспе хат дайындайды.
      Түсіндірме жазбасы бар ілеспе хат ол дайындалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмей Әкімшіге жіберіледі, бұл ретте, олардың сканерленген көшірмесі электрондық пошта арқылы Инвестициялар Паспортында көрсетілген Әкімші мен Субъект (немесе Инвестициялар Алушының) өкілдерінің электрондық пошталарының мекенжайына жіберіледі.
      Инвестицияларды экономикалық сараптаудың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша түсіндірме жазбаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Талаптардың 41-тармағында келтірілген.
      Әкімшілер сканерленген хаттар мен түсіндірме жазбаның көшірмелерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты ұсынады немесе ақпарат ұсыну үшін қосымша мерзімнің, бірақ отыз жұмыс күнінен көп емес, қажеттілігі туралы хабарлайды. Мерзімін ұзарту туралы хабарламаны Әкімші жазбаша түрде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және:
      Инвестициялар Республикалық бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға;
      Инвестициялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға жібереді.
      Хабарламаға құзіретіне ҚЭН дайындау кіретін Әкімшінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды. Хабарламаға айы-күні қойылады және оның шығыс нөмірі болады.
      Егер Әкімші қосымша ақпарат ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттілігі туралы хабарлама жіберсе, экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатылады.
      Қосымша материалдар ұсынған кезде олардың толық тізбесі көрсетіледі, оның ішінде, осы Талаптардың 8-тармағында көрсетілген құрылымға сәйкес ҚЭН ұсынылған жағдайда бұрын ұсынылған ҚЭН-нің қайтарып алыну туралы көрсетіледі.
      ҚЭН-нің түпнұсқалары, қосымша ұсынылған бөлімдері, тараулары, параграфтары мен құжаттары қағаз форматында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға немесе жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаға Инвестициялардың экономикалық сараптамасын өткізу үшін электрондық форматта осы Талаптардың 5-тармағының талаптарын сақтай отырып, жіберіледі.
      Белгіленген мерзімде қосымша материалдардың ұсынылмауы ҚЭН-ді Қорытындыны жасамай-ақ кері қайтару үшін негіз болып табылады. ҚЭН мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға сканерленген көшірмелерді ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хатпен кері қайтарылады.
      Құрылымға сәйкес еместігі және (немесе) бөлімдерінің, тарауларының және параграфтарының болмауы және (немесе) осы Талаптардың 8-26-1-тармақтарында көзделген құжаттардың болмауы қайта анықталған жағдайда, ҚЭН қосымша материалдардың сканерленген көшірмелері алынған күнінен бастап төрт жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға, түсіндірме жазбасы қоса беріле отырып, хатпен қаралмай кері қайтарылады. Инвестицияларды экономикалық сараптаудың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша түсіндірме жазбаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Талаптардың 41-тармағында келтірілген.
      32. Екінші кезеңде Инвестициялардың өлшемдерге сәйкестігіне сараптама жүргізіледі.
      Инвестициялардың бір немесе бірнеше өлшемдерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, Қорытынды және ілеспе хат дайындалады.
      Қорытынды мен оған түсіндірме жазба олар дайындалған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Әкімшіге жіберіледі, бұл ретте, олардың сканерленген көшірмелері электрондық пошта арқылы Инвестициялар Паспортында көрсетілген Әкімші мен Субъект (немесе Инвестициялар Алушының) өкілдерінің электрондық пошталарының мекенжайына жіберіледі.
      Қорытындыға түсіндірме жазбаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Талаптардың 42-43-тармақтарында келтірілген.
      Әкімші ілеспе хат пен Қорытындының сканерленген көшірмесін алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Қорытындыға ілеспе хатта көрсетілген экономикалық сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлға өкілінің электронды поштасының мекенжайына қосымша материалдарды, қосымша материалдар ұсыну туралы хабарламалардың сканерленген көшірмелерін жібереді немесе пысықталған ҚЭН ұсыну үшін қосымша мерзімнің, бірақ алпыс күнтізбелік күннен көп емес, қажеттілігі туралы хабарлайды.
      Мерзімін ұзарту туралы хабарламаны Әкімші жазбаша түрде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және:
      Инвестициялар Республикалық бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға;
      Инвестициялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен болған жағдайда жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаға жібереді.
      Егер Әкімші қосымша ақпарат ұсынғанға дейін пысықталған ҚЭН ұсыну үшін қосымша мерзімнің қажеттілігі туралы хабарлама жіберсе, экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатылады.
      Хабарламада ұсынылған қосымша материалдардың толық тізбесі көрсетіледі.
      Хабарламаға құзіретіне ҚЭН дайындау кіретін Әкімшінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қоюы тиіс. Хабарламаға айы-күні қойылады және оның шығыс нөмірі болады.
      Қосымша материалдардың түпнұсқалары олар электрондық форматта ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз форматында жіберіледі. Теріске шығару немесе қосымша дәлелдерді ұсыну жөніндегі талаптар осы Талаптардың 5-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келеді.
      ҚЭН-ді, тарауларын, бөлімдерін және параграфтарын жаңа редакцияда енгізген, сондай-ақ ҚЭН-нің мынадай параметрлерін: инвестициялар паспортындағы деректерін, инвестициялар нәтижелерін, қаржы схемасын, шығыстар мен кірістер сомаларын, нарық тығыздығын, сұраныс көлемін, өндіріс жоспары мен іске асыру жоспарының көрсеткіштерін өзгертетін ақпарат енгізілген жағдайда сараптама өткізу мерзімі Әкімшінің қағаз форматындағы ҚЭН-ге өзгерістер енгізу туралы хатын алған күннен бастап 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      Қосымша материалдардың белгіленген мерзімде ұсынылмауы қолда бар ақпараттың негізінде Қорытынды дайындау үшін негіз болып табылады. ҚЭН және түсіндірме жазбасымен Қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және уәкілетті органға сканерленген көшірмелерді ұсынудың белгіленген мерзімдері өткен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Қорытындыға түсіндірме жазбаның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Талаптардың 42-43-тармақтарында келтірілген.»;
      40-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Инвестицияларды экономикалық сараптаудың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша және Қорытындыға түсіндірме жазбаның құрылымы мен мазмұны»;

      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Инвестицияларды экономикалық сараптаудың бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша түсіндірме жазба, сондай-ақ ҚЭН қаралмай қайтарылған кезде, мынадай құрылымға сәйкес келеді:
      «Инвестициялар Паспорты», онда Инвестициялар паспортында болуы тиіс деректердің анықталған сәйкессіздігі және (немесе) жетіспеушілігі туралы ақпарат келтіріледі;
      «ҚЭН», онда осы Талаптардың 10-26-тармақтарында көрсетілген бөлімдердің және (немесе) тараулардың және (немесе) параграфтардың болмауы туралы ақпарат келтіріледі;
      «Құжаттама», онда осы Талаптардың 26-1-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы туралы ақпарат келтіріледі;
      «Қаржылық есептілік», онда анықталған қателер, сондай-ақ осы Талаптардың 26-1-тармағының 1) тармақшасында тізбектелген құжаттарда экономикалық мазмұны бойынша біртекті көрсеткіштердің сәйкессіздігі туралы ақпарат келтіріледі.»;
      42-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Субъектінің қаржы шығындары мен кірістерін бағалау.»;
      43-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) Субъектінің қаржы шығындары мен кірістерін бағалау.»;
      44-тармақ мындай редакцияда жазылсын:
      «44. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Инвестицияларды және олардың ҚЭН жүзеге асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын Қазақстан Республикасының заңнамаларына, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және олар бойынша осы Талаптарға 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық қорытынды дайындайды.
      Республикалық бюджет қаражаты есебінен Инвестициялардың экономикалық қорытындысы Қорытынды алынған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаның экономикалық сараптамасы негізінде дайындалады.
      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Инвестициялардың экономикалық қорытындысы Қорытынды алынған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдар айқындаған заңды тұлғаның экономикалық сараптамасы негізінде дайындалады.»;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның экономикалық қорытындысы және экономикалық сараптама қорытындысы негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің Инвестицияларды және олардың ҚЭН жүзеге асыру туралы ұсыныстарын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.»;
      Талаптарға 1-қосымша осы бұйрыққа Қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Б.К. Тортаев) және Заң департаменті (С.М. Қаппасов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрықтың әрекеті ол күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға таралмайды.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің  
2011 жылғы 18 мамырдағы
№ 137 бұйрығына қосымша

Қаржылық-экономикалық негіздеменің
мазмұнына, әзірлеу тәртібі мен 
мерзіміне қойылатын талаптарды,
сондай-ақ мемлекеттің заңды  
тұлғалардың жарғылық капиталына
қатысуы арқылы іске асырылуы  
жоспарланатын бюджеттік    
инвестицияларды іріктеу Тәртібіне
№ 1-қосымша        

Нысан

Бюджеттік инвестициялардың паспорты

ҚЭН атауы







ҚЭН бойынша Инвестициялар сомасы, мың теңге







Бюджеттік бағдарлама

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі







Нөмірі







Атауы







Шығыстардың жалпы сомасы, мың теңге







Сипаты







Стратегиялық бағыты

нөмірі







атауы







Мақсаты

нөмірі







атауы







Міндеті

нөмірі


Жоспарланған іс-шаралар

1


атауы


...


Міндеттерді іске асыруға арналған ақша, мың, теңге


N


Іс-шараларды іске асырудың кезеңі және құны, мың теңге

Инвестицияларды іске асыру жылы

№ п/п

Іс-шаралар

Құны, барлығы

оның ішінде, тоқсан бойынша:

І

ІІ

ІІІ

ІV


1








...








N








Әкімшінің өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (болған жағдайда)


Мемлекеттік органның атауы


Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефоны


Факс


Электрондық пошта


Субъектінің (Инвестициялар Алушының) өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (болған жағдайда)


Мемлекеттік органның атауы


Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефоны


Факс


Электрондық пошта