«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұйымдардың стандарттарын әзiрлеу, бекiту, есепке алу, өзгерту, күшiн жою, тiркеу, белгiлеу, басып шығару ережелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2007 жылғы 2 қыркүйектегi № 256 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4949 енгiзiлген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында, 2007 жылғы қыркүйек-қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген Ұйымдардын стандарттарын әзiрлеу, бекiту, есепке алу, өзгерту, күшiн жою, тiркеу, белгiлеу, басып шығару ережесінде:
17-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйым стандарты 30-күнтiзбелiк күнде қаралады. Оң шешiм қабылданғанда 2 жұмыс күннен ұзақ емес күнде тiркеледi. Терiс нәтиже кезiнде қайта қарауға жiберiледi.».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Техникалық реттеу және метрология комитетi
(Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Н.Қ. Әбдібековке жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан Республикасы
Индустрия және
жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешев