Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 33 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 мамырда № 6941 тіркелді

Қолданыстағы

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 56 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5233 тiркелген) мынадай өзгерiстер пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Аталған қаулымен бекiтiлген Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      барлық мәтін бойынша «және мүмкін», «және мүмкін» деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Бір заемшыға тәуекелдің мөлшері (Р) брокердің және (немесе) дилердің заемшыға талаптарының сомасы ретінде:
      1) заемдар, салымдар, дебиторлық берешегі, бағалы қағаздар;
      2) Брокердің және (немесе) дилердің балансынан есептен шығарылған Брокердің және (немесе) дилердің заемшыға қоятын талаптарының;
      3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты міндеттемелер;
      4) осы қаржы құралдары мен ол бойынша кредиттік тәуекелдің рыноктық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленетін своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары түрінде заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын алып тастап есептеледі.
      Бір заемшының тәуекел есебіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қойылатын талаптар және «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе халықаралық рейтингтік агенттіктер ретінде танылған басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің осындай деңгейдегі рейтингі бар банктерге ашылған корреспонденттік шоттар бойынша талаптар кіргізілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 8-18-28-3 және 8-4-тармақтармен толықтырылсын:
      «8-1. Бір заемшыға барынша жоғары тәуекел мөлшерін есептеу үшін «бiр заемшы» деген терминi бойынша Брокердің және (немесе) дилердің осы Ереженің 8-тармағында көрсетілген талап етуі бар немесе талаптар болуы мүмкiн әрбір заңды тұлға деп түсіну керек.
      Екi немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшерi егер заемшылардың әрқайсысының тәуекел мөлшерi Брокердің және (немесе) дилердің меншiктi капиталының 0,05 пайызынан асатын болса, бiр заемшы үшiн жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай жағдайлардың бiрi:
      1) заемшылардың бiрi iрi қатысушы (акционер) (акционерлiк қоғамдағы, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi немесе қосымша жауапкершiлiктi серiктестiктегi; коммандиттiк серiктестiктегi толық жолдас; толық серiктестiкке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы, атасы, әжесі, немересі), ерi (зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы, басқа заемшының бiрiншi басшысы, не басқа заемшымен мәмiле жасауға мүдделі тұлға;
      2) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi (зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы немесе заемшының бiрiнiң бiрiншi басшысы не бiр заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi (зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы немесе басқа заемшының бiрiншi басшысы не бiр заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылған;
      3) iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi (зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы немесе заемшының бiрiнiң бiрiншi басшысы не бiр заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға - iрi қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ерi(зайыбы), ерi (зайыбының) жақын туысы немесе басқа заемшының бiрiншi басшысы не бiр заемшымен мәмiле жасауға мүдделi тұлға болып табылады не iрi қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ерi (зайыбының), ерi (зайыбының) жақын туысының немесе басқа заемшының бiрiншi басшысының не басқа заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлғаның мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылған;
      4) заемшылардың бiрi басқадан бағалы қағаздарды заемшының меншікті капиталынан асатын мөлшерде заемға Брокерден және (немесе) дилерден алған ақшаға сатып алғанын растайтын мәліметтер болған;
      5) заемшылар Брокерден және (немесе) дилерден Брокердің және (немесе) дилердің заемшысы болып табылмайтын сол бiр ғана үшiншi тұлғаға пайдалануға осы заемшылардың жиынтықты меншiктi капиталынан асатын мөлшердегi қарызды бiрлесiп немесе жекелей сатып алғандығын растайтын мәліметтер болған;
      6) заемшылар бiр-бiрiмен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бiрiнiң (Қазақстан Республикасының банктерiн қоспағанда) ортақ не басқа заемшының мiндеттемелерi бойынша оның активтерiнiң он пайызынан асатын сомада субсидиарлық жауапкершiлiгi болған;
      7) бiр заемшының лауазымды тұлғасы Брокердің және (немесе) дилердің басқа заемшыларының қызметіне қаржылық жағынан мүдделі болған;
      8) заемшылар бiр-бiрiмен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгiлерi бар өзге құжат арқылы байланыста болған;
      9) заемшылар:
      мына мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршаллов аралдары (Маршаллов арал Республикасы) аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылған;
      Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аймақтың тiзбесiне енгізген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылған;
      осы тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын iрi қатысушылар, аффилиирленген тұлғалар, жақын туыстар, бiрiншi басшылар не тiркелiп отырған осы заемшылармен мәміле жасауға мүдделі тұлғалар болған;
      10) заемшылар өзара бiр-бiрiмен Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген басқа негіздемелер бойынша байланыста болған кезде есептеледi.
      8-2. Егер мемлекет (уәкiлеттi орган атынан) екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың iрi қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшері жиынтықты түрде алғанда егер басқа iрi қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшері ретінде есептелген жағдай бойынша осы Ереженің 8-1-тармағында белгіленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдің мөлшері бір заемшыға арналған тәуекелдің мөлшері ретінде есептелмейді.
      8-3. Заемшылар тобын тану бойынша осы Ереженің 8-1-тармағының талаптары мемлекеттік акциялар пакетi (қатысу үлесi) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлем жасауға берілген заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      Бiр заемшы ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік ету (ұйымдар бойынша – жанама) нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын екі және одан астам заңды тұлға (оның ішінде банктер) танылмайды.
      8-4. Брокердің және (немесе) дилердің екі және одан да көп еншілес ұйымынан тұратын тобы, егер:
      1) Брокердің және (немесе) дилердің олардың жарғылық капиталында ірі қатысу арқылы байланысты болған;
      2) Брокердің және (немесе) дилердің лауазымды тұлғалар Брокердің және (немесе) дилердің еншілес ұйымдарының лауазымды тұлғалары болып табылған жағдайда заемшылар тобы болып танылмайды.»;
      2-қосымшаның екінші бағанында:
      реттік нөмірі 1-жолда «(ықтимал)» деген сөз алып тасталсын;
      реттік нөмірі 2, 3 және 4-жолдарда «ықтимал (шартты)» деген сөздер «шартты» деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6-жолда «(ықтимал)» деген сөз алып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Банктерді қадағалау департаменті (М.С. Бөбеев):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова