«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі А.И. Бөрібаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет министрі
_____________ М. Құл-Мұхаммед
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және
сауда министрі
____________ Ж. Айтжанова
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрінің
2011 жылғы 29 наурыздағы
№ 52 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму сауда
министрінің 2011 жылғы
1 сәуірдегі № 81 бірлескен
бұйрығымен бекітілді
Нысан
Жеке кәсіпкерлік саласындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін
қорғау және пайдалануға арналған тексеру парағы
Ескерту. Тексеру парағы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 05.12.2013 № 286 және ҚР Өңірлік даму министрінің 05.12.2013 № 359/нқ бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні) ___________________________________________________________
Субъектінің атауы ___________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)___
Субъектінің орналасқан жерiнiң мекенжайы ____________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді |
Қойылатын талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Тарих және мәдениет ескерткіштің меншік иесінің (пайдаланушының) міндеттемелері тіркелген тиісті қорғау міндеттемесінің болуы |
||
2 |
Меншік иесінің (пайдаланушының) тарих және мәдениет ескерткіші туралы негізгі деректер жазылған және ескерткіштің мемлекет қорғауында екендігін көрсететін қорғау тақтайшасының болуы |
||
3 |
Ғылыми және нақты мәліметтерді қамтитын әрбір тарих және мәдениет ескерткішінің паспорты болуы |
||
4 |
Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалануға беру туралы мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының шешімінің болуы |
||
5 |
Ескерткіштерді бұзылудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тарих және мәдениет объектісінде қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының болуы |
||
6 |
Тарих және мәдениет ескерткішінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе олардың шекара сызықтары бойынша жыртылған жермен немесе қоршаулармен, не бұталар отырғызу арқылы белгілердің болуы |
||
7 |
Тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетін жоюға болатын өзгеруден, бұрмалаудан, тағылық актілерінен, зақым келуден, өңін айналдырудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан, зақымдаудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, ескеркіштің өзін немесе оның бөлшектерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуден қорғауды қамтамасыз ету |
||
8 |
Қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекарасында (құрылыс салуды, жерді пайдалану, ауыл шаруашылық немесе өзге де қызмет түрлерін реттеу) жұмыстарды жүргізудің ережесін сақтау: |
||
9 |
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына қауіп төндіретін жобалау, іздестіру, құрылыс, мелиорация, жол жөндеу, өндірістік, сондай-ақ, басқа да жұмыс түрлерін жүргізуге жол бермеу шараларын қабылдау |
||
10 |
Тарих және мәдениет ескерткіштерде ғылыми–қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді уәкілетті мемлекеттік органмен келісуінің болуы |
||
11 |
Жеке және заңды тұлғалардың тарих және мәдениет ескерткішінде тиісті лицензия негізінде ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу |
қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда «+» белгiсi қойылады;
қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда «-» белгiсi қойылады;
тексеру объектiсiнде тiзбеден талаптар болмаған жағдайда «0» белгiсi қойылады.
Тексеру жүргiзген ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
Тексеру қорытындылары бойынша тексерiлген объектi ___________________
(объектiнiң атауы)
Объектiлер санатына ауыстырылады («+» белгiсiмен белгiлеу):
жоғары тәуекел дәрежесi |
орташа тәуекел дәрежесi |
болмашы тәуекел дәрежесi |
Тексерудің аяқталу мерзімі ________________
Жеке кәсіпкерлік субъектісінің басшысы, жеке кәсіпкер тексеру нәтижесiмен танысты (келiсемiн/келiспеймiн)
________________________________________________ __________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) қолы
«__» ___________________ 20 ___ жыл.
Органның лауазымдық тұлғалары:
____________________ _____ ______________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)
____________________ _____ ______________________________________
(лауазымы) (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)